«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары


№ исх: 33 от: 12. 01. 2012
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы «12» 01
№ 33 қаулысымен
бекітілген
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
- «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) - аурудың клиникалық белгілерінсіз инфекциялық (паразиттік) аурулар қоздырғыштарының адам немесе жануар организмінде сақталуымен және қоршаған ортаға бөлінуімен сипатталатын инфекциялық үдерістің нысаны;
2) бактериофагтар - бактериялық жасушаны зақымдауға және оны ерітуге бейім бактерия вирустары;
3) іш сүзегі - аш ішектің лимфа жүйесі зақымданып, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы уланудың қайталануы кездесетін, қоздырғыш ауыз және нәжіс қуысы арқылы жұғатын, су, тағам және тұрмыстық жолдармен таралатын, споралық таралумен қатар ұзақ уақытқа бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыруға бейім сальмонелла бактериясының (Salmonella Typhi) түрінен болатын бактериялы инфекциялық ауру;
4) ауруханаішілік инфекция - науқастың ауруханаға түсуі немесе онда емдік көмекке жүгінуі нәтижесінде оны зақымдайтын кез келген инфекциялық ауру немесе медициналық ұйымда болған кезінде немесе одан шығарылғаннан кейін инкубациялық кезеңде аурудың пайда болу мерзіміне қарамастан, медициналық ұйым қызметкерінің осы мекемедегі жұмысы салдарынан болатын инфекциялық ауру;
5) декреттелген контингент - айналасындағылар үшін инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруға барынша қауіп төндіретін, халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;
6) дизентерия - көбінесе тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын шигелла (Shigella) текті микробынан туындайтын инфекциялық ауру. Клиникалық ауру интоксикация және түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады;
7) дисбактериоз - ішек жұмысының ауытқуынан, фермент шығару қабілетінің бұзылуынан, антибиотиктерді ұзақ қабылдау нәтижесінде созылмалы аурулардың нәтижесінде туындайтын ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы;
8) иерсиниоз - интоксикация белгілерімен және асқазан-ішек жолдары, бауыр, буындар, кейде басқа ағзалардың зақымдануымен сипатталатын антропоноздар тобындағы жіті инфекциялық ауру;
9) инкубациялық кезең - инфекция қоздырғыштары организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;
10) қарқынды кезең - аурудың клиникалық белгілерін жоюға және туберкулез микробактериясының (бұдан әрі - ТМБ) популяциясына барынша әсер етуге бағытталған терапияның бастапқы кезеңі;
11) байланыс - туберкулезбен ауыратын науқас пен әңгімелесу үшін жеткілікті жақын аралықта немесе жабық кеңістікте болатын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас;
12) байланыста болған адам - сыртқы ортада ТМБ бөлетін науқаспен байланыста болатын және (немесе) болған адам;
13) сырқаттанушылықты бақылау деңгейі - алдыңғы бес жыл ішіндегі сырқаттанушылықтың орташа шамасына қарай әрбір уақыт аралығына және нақты елді мекенге тән сырқаттанушылықтың шекті деңгейі. Жалпы алғанда аумақ үшін және халықтың жекелеген тобы (жас ерекшелік, кәсіби) үшін есептеледі. Талданатын көрсеткіштердің жоғары бақылау деңгейіне жақындауы немесе одан артуы эпидемиологиялық қолайсыздықты білдіреді;
14) қақырықтың микроскоппен қарағанда белгілі болған (бактерия бөлуші) оң нәтижелі өкпе туберкулезі - емдеу жүргізуге дейін қақырық жағындысын микроскоп арқылы қараған кездегі ТМБ-ның тіпті бір рет анықталу кезінде болуы;
15) микроскопиялық зерттеу - ТМБ-ны бактериоскопиялық анықтау әдісі;
16) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеп-қарау - халықтың жекелеген топтары арасында, белгілі бір аумақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты және эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде (жұқтыру тәуекелі факторларын, берілу жолдарын және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу үшін) вирустық гепатиттер туралы алынған ақпараттар негізінде адамдарды зерттеп-қарау;
17) жіті вирустық гепатит (А, Е, В, С, Д) - бұл ерекше маркерлері бар болғанда ұзақтығы алты айдан аз бауырдың жіті қабынуы;
18) жіті ішек инфекциялары - асқазан-ішек жолының бұзылуымен сипатталатын патогендік және шартты-патогендік бактериялардан, вирустардан болатын инфекциялық аурулар;
19) бас тарту - туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастың медициналық құжаттамада белгіленген, дәрігер тағайындаған емдеуден бас тартуы;
20) вирустық гепатит ошағы - науқас адамнан вирус сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, вирустық гепатитпен ауыратын науқастың болатын орны;
21) туберкулез инфекциясының ошағы - бактерия бөлетін науқастың тұрғылықты (жеке үй, пәтер, жатақханадағы бөлме), оқу, жұмыс, демалыс орны;
22) қылаулар - аш ішектің лимфа жүйесі зақымданып, шырышты қабатында жара пайда болатын, қоздырғыш қанмен араласатын, жалпы уланудың қайталануы кездесетін, қоздырғыш ауыз және нәжіс қуысы арқылы жұғатын, әсіресе су және тағам жолдарымен таралатын, ұзақ уақытқа бактерия тасымалдаушы болуға бейім сальмонелла бактериясынан (Salmonella paratyphi) туындайтын бактериялы жіті инфекциялық ауру. Патогенезі және клиникалық белгілері бойынша іш сүзегіне ұқсас келеді, тез басталу және ұзақ жүретін, катаральды құбылыс кезеңімен сипатталады;
23) парентералдық механизм - инфекцияның қан құю кезінде, тері жамылғылары мен шырышты қабықшалардың бүтіндігінің бұзылуымен қоса жүретін инъекциялар және басқа да манипуляциялар кезінде, сондай-ақ анадан балаға босану жолдары арқылы өту кезінде берілуі;
24) жалғастыру кезеңі - әлі де сақталған микобактерия популяциясына әсер ететін және туберкулез үдерісінің қабыну өзгерістерінің одан әрі азаюын, сондай-ақ науқастың организмінің функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін терапияның жалғасу кезеңі;
25) Манту сынамасы - ерекше диагностикалық тест, халықаралық екі туберкулин бірлігімен теріішілік туберкулин Манту сынамасы (бұдан әрі - 2 ТБ-мен Манту) ;
26) реконвалесцент - аурудан айығу сатысындағы науқас адам;
27) ремиссия - ауру көріністерінің уақытша әлсізденуімен немесе жоғалуымен сипатталатын аурудың өту кезеңі;
28) ретроспективті эпидемиологиялық талдау - эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалы жоспарлауды негіздеу мақсатында уақыттың алдағы ұзақ аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың динамикасын және құрылымын, деңгейін талдау;
29) ротавирустық инфекция - асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен сипатталатын жіті вирустық ауру;
30) сальмонеллез - сальмонелла (Salmonella) тобына жататын қоздырғыштардың нәжіс-ауыз қуысы арқылы берілетін полиэтиологиялық жіті инфекциялық аурулардың тобы, олар белгілері білінбейтін бастап, ауыр септикалық түрлеріне дейін болатын клиникалық пайда болуының көптүрлілігімен сипатталады. Көбінесе жіті гастроэнтерит түрінде өтеді;
31) санация - организмді сауықтыру бойынша мақсатты емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізу;
32) субөнімдер - мал сою және ет қақтау кезінде алынатын тамақ азық-түлігінің өндірістік атауы (кесек еттен басқа бауыр, тіл, бүйрек, ми және тағы басқалар) ;
33) тауар көршілестігі - шикізаттар мен дайын өнімдерді бірге сақтауды және өткізуді болдырмайтын, тауардың сапасында көрсетілетін, олардың ластануын және бөгде иістердің енуін болдырмайтын жағдай;
34) туберкулез - патологиялық үдеріс өкпе ұлпасы және басқа ағзалар мен тіндер қатысқан (өкпе қап туберкулезі, лимфалық түйіндер, ішперделік қуыс, зәр шығару жүйесі, тері, буын және сүйек, ми немесе жұлын ми қабықшасы) кездегі ауру;
35) - 2 ТБ-мен Манту сынамасы бойынша ерекше диагностикалық зерттеу;
36) көптеген дәріге көнбейтін туберкулез - бұл штамдары изониазид пен рифампицинге төзімді ТМБ-дан болған туберкулез;
37) кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез - бұл штамдары изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы үш инъекциялық препараттардың біреуіне көнбейтін ТМБ-дан болған туберкулез;
38) емделуден жалтару - өз бетімен кету, дәрігер белгілеген емдеу режимін бұзу, сондай-ақ медициналық құжатта белгіленген туберкулезге қарсы препараттарды үш және одан да көп аптаны құрайтын уақыт бойы қабылдамау;
39) фаготип - типтік бактериофактар құрамына бірдей сезімталдықты сипаттайтын бактериялық штамдар жиынтығы;
40) флюоорографиялық, рентгенологиялық тексеру - флюорографиялық немесе рентгенологиялық аппараттармен диагностикалық зерттеу;
41) энтералдық механизм - инфекцияның асқазан-ішек жолы арқылы берілуі. Вирус организмге ластанған сумен, тамақ өнімдерімен, лас қолдар арқылы енеді;
42) anti-HCV - С вирустық гепатитіне антидене;
43) HBsAg - инфекцияның жіті немесе созылмалы түрін көрсететін беткейлік антиген.
2. Жіті ішек жұқпалы ауруларының алдын алу
бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Жіті ішек инфекциялық ауруларын эпидемиологиялық қадағалау мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтиды:
1) профилактикалық іс-шаралардың тізбесін, көлемін және жүргізу мерзімін негіздеу, ұзақ мерзімге арналған бағдарламалық-нысаналы жоспарлау мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жыл сайын жүргізіетін жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты ретроспективті эпидемиологиялық талдау. Жіті ішек диареялық инфекциялардың құрылымын нозологиялық түрлер бойынша зерделеу, «тәуекел топтарын» анықтау үшін халықтың кейбір жас ерекшелік, әлеуметтік, кәсіптік топтарында және жекелеген ұжымдарда аурудың деңгейін бағалау қажет;
2) басталған аурудың өршуін уақтылы анықтау, оның себептерін анықтау және эпидемияға қарсы жедел іс-шараларды жүргізу үшін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жыл сайын жүргізетін жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты жедел эпидемиологиялық талдау.
Ағымдық сырқаттанушылықты апталар, айлар бойынша, өсу қорытындысымен салыстыру, осы аумаққа тән аурудың бақылау деңгейімен салыстыру жүргізіледі.
4. Ауруханаішілік ауруларды болдырмау мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары медициналық ұйымдарда, балалар үйлерінде, нәрестелер үйлерінде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізеді.
5. Ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды және күдіктілерді анықтауды меншік нысанына қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері амбулаториялық қабылдау, үйге бару, медициналық қарау, ауруханаға жатқызу және басқа да медициналық ұйымдарға бару кезінде жүргізеді. Диагноз аурудың клиникалық пайда болуы, зертханалық зерттеулер деректері, эпидемиологиялық анамнезі негізінде қойылады.
6. Халықтың мына санаттарына ішек тобына бір реттік зертханалық зерттеу жүргізіледі:
- медициналық ұйымдарға қаралған кезде жіті ішек инфекцияларына күдікті науқастар;
- стационарға түсу кезінде психиатриялық стационарлардың пациенттері;
- мектеп-интернаттарға, балалар үйлері мен нәрестелер үйлеріне алуға ресімдеу кезінде балалар;
- қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлеріне алуға ресімдеу кезінде жасы ұлғайған адамдар;
- ішек инфекциясымен ауырып жазылған реконвалесценттер.
7. Қоздырғышты сәйкестендіру және ошақтың көлемдерін белгілеу мақсатында инфекциялық ауру қоздырғышының берілу жолдары мен болжанатын факторларын есепке ала отырып, тізбесін дәрігер-эпидемиолог айқындайтын зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
3. Эпидемиологиялық тексеруді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
8. Мына ошақтарда эпидемиологиялық тексерулер жүргізіледі:
1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, сумен жабдықтау объектілерінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ азық-түліктерді өндіру мен сақтау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жіті ішек инфекцияларымен ауырған кезде;
2) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға баратын балалар ауырған кезде;
3) психикалық-неврологиялық стационарлардың, балалар үйлерінің, нәрестелер үйлерінің, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің қызметкерлері ауырған кезде;
4) бір аурудың дамуының жасырын кезеңінде бір инфекция ошағында үш және одан да көп адамның сырқаттану жағдайы тіркелген кезде.
9. Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлері артқан кезде пәтерлік ошақтарды тексерудің қажеттілігін эпидемиологиялық жағдайды, алдын ала жасалынған талдау материалдарын ескере отырып, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері айқындайды.
10. Ошақтарды эпидемиологиялық тексеру кезінде зертханалық тексеру үшін тамақ өнімдерінің, судың, жуындылардың сынамаларын жинау жүргізіледі.
4. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын
науқастарды емдеуге жатқызуға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
11. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық айғақтары бойынша жүргізіледі.
12. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызудың клиникалық айғақтары:
1) екі айлыққа дейінгі балалардағы аурудың барлық түрлері;
2) баланың жасына қарамастан қатты сусыздандыратын ауру түрлері;
3) қосымша патологиялы созылмалы аурудың түрлері;
4) әртүрлі деңгейдегі қатты сусыздандыратын созылмалы іш өту;
5) дизентерияның созылмалы түрлері (асқынған жағдайда) .
13. Жіті ішек инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызудың эпидемиологиялық айғақтары:
1) науқастың тұрғылықты жері бойынша қажетті эпидемияға қарсы режимді сақтау мүмкіндігі болмағанда (әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жатақхана, казармалар, коммуналдық пәтерлер) ;
2) медициналық ұйымдардағы, мектеп-интернаттардағы, балалар үйлеріндегі, нәрестелер үйлеріндегі, санаторийлердегі, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлеріндегі, жазғы сауықтыру мекемелеріндегі, демалыс үйлеріндегі ауру жағдайлары.
14. Дизентерия және басқа да жіті диареялық инфекциялардан жазылған реконвалесценттерді ауруханадан шығару толық клиникалық сауыққаннан кейін жүргізіледі.
Дизентерия және басқа жіті диареялық инфекциялардан жазылған реконвалесценттерді бір реттік бактериологиялық тексеру амбулаториялық жағдайда емханадан шыққанынан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде, бірақ антибиотик терапиясын аяқтағаннан кейін 2 күннен соң жүргізіледі.
5. Жіті ішек инфекцияларымен ауырып жазылған адамдарды
диспансерлеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
15. Жіті дизентериядан сауыққаннан кейін диспансерлік бақылауға мыналар жатады:
1) қоғамдық тамақтану, азық-түлік саудасы, тамақ өнеркәсібі объектілерінің қызметкерлері;
2) балалар үйлерінің, нәрестелер үйлерінің, мектеп-интернаттардың балалары;
3) психикалық-неврологиялық диспансерлердің, балалар үйлерінің, нәрестелер үйлерінің, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің қызметкерлері.
16. Диспансерлік бақылау бір айдың ішінде жүргізіледі, оның соңында бір реттік бактериологиялық тексеру жүргізу міндетті.
17. Дәрігерге бару жиілігі клиникалық айғағы бойынша айқындалады.
18. Диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігер (немесе отбасы дәрігері) немесе инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері жүзеге асырады.
19. Ауру қайталанған жағдайда немесе зертханалық тексерудің қорытындысы оң болғанда, ауырып жазылған адамның барлық санаты қайта емдеуден өтеді. Емдеу аяқталғаннан кейін осы адамдар үш ай бойы, ай сайын зертханалық тексеруден өтеді. Бактерия тасымалдаушылықпен ауыратын адамдар үш айдан астам жалғастырады, дизентерияның созылмалы түрімен ауыратын науқастар ретінде емделеді.
20. Декреттелген контингенттің ішінен адамдарға мамандығы бойынша жұмысқа рұқсат етуді сауыққаны туралы анықтаманы ұсынған сәттен бастап жұмыс беруші жүргізеді. Сауыққаны туралы анықтаманы клиникалық және бактериологиялық тексеру нәтижелерімен расталып, толық сауыққаннан кейін ғана емдеуші дәрігер береді.
21. Дизентерияның созылмалы түрімен ауыратын адамдар бір жыл бойы диспансерлік бақылауда тұрады. Бұл адамдарға бактериологиялық тексеруді және дәрігерлік қарауды дәрігер-инфекционист ай сайын жүргізеді.
6. Сальмонеллездің алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
22. Халықтың мына санаты сальмонеллезге міндетті бактериологиялық тексерілуге жатады:
1) стационарға келіп түсетін екі жасқа дейінгі балалар;
2) стационарға емдеуге жатқызылған науқас баланы күтетін ересектер;
3) емдеуге жатқызылған кезде немесе емдеуге жатқызғанға дейін оның алдында үш апта бойына ішек функциясының бұзылуы болған босанатын әйелдер, босанған әйелдер;
4) диагнозына қарамастан, стационарда болу кезінде ішек функциясының бұзылуы пайда болған барлық науқастар;
5) сальмонеллездің ошағында инфекцияның көзі болып есептелетін декреттелген контингенттің ішінен тексерілуі қажет адамдар.
23. Декреттелген контингентке жататын адамдар немесе екі жасқа дейінгі балалар науқастанған жағдайда, сальмонеллез ошақтарына міндетті түрде эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.
24. Сальмонеллезбен ауыратын науқастарды емге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
25. Реконвалесценттерді ауруханадан шығару клиникалық толық емделгеннен және нәжістің бір реттік теріс бактериологиялық зерттеуінен кейін жүргізіледі. Зерттеуді емдеу аяқталғаннан кейін үш күннен ерте жүргізбейді.
26. Диспансерлік бақылауға ауырып жазылғаннан кейін тек декреттелген контингент қана алынады.
27. Сальмонеллезбен ауырып жазылған адамдарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері немесе учаскелік (отбасылық) дәрігер жүзеге асырады.
Декреттелген контингенттің ішінен адамдарға мамандығы бойынша жұмысқа рұқсат етуді сауыққаны туралы анықтаманы ұсынған сәттен бастап жұмыс беруші жүргізеді.
28. Декреттелген контингенттің ішінен реконвалесценттерге мамандығы бойынша жұмысқа рұқсат етуді сауыққаны туралы анықтаманы ұсынған сәттен бастап жұмыс беруші жүргізеді.
Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонелла бөлуді жалғастыратын реконвалесценттерді, сондай-ақ декреттелген контингенттердің ішінен анықталған бактерия тасымалдаушыларды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары негізгі жұмысынан күнтізбелік он бес күнге шеттетеді. Жұмыс беруші оларды эпидемиологиялық қауіп туғызбайтын басқа жұмысқа ауыстырады.
Осы кезеңде нәжісті үш рет тексеру жүргізіледі. Оң нәтиже қайталанған жағдайда, жұмыстан шеттетудің және тексерудің осы тәртібі тағы да он бес күн ішінде қайталанады.
Бактерия тасымалдаушылық үш айдан астам уақыт бойы анықталса, бұл адамдар сальмонелланың созылмалы бактерия тасымалдаушысы ретінде мамандығы бойынша жұмысынан кемінде он екі ай мерзімге шеттетіледі.
Осы мерзім аяқталған соң, нәжіс пен өтке арасы бір-екі күннен үш реттік тексеру жүргізіледі. Теріс нәтижелер алынған кезде бұл адамдар негізгі жұмысына жіберіледі. Бір рет оң нәтиже алынған кезде бұл адамдар созылмалы бактерия тасымалдаушысы ретінде қарастырылады, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары оларды эпидемиологиялық қауіп туғызуы мүмкін жұмыстарынан шеттетеді.
29. Емдеу аяқталған соң сальмонелла бөлуді жалғастыратын балаларды емдеуші дәрігер он бес күн бойына мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымына барудан шеттетіледі, осы кезеңде нәжіске арасы бір-екі күн аралығымен үш реттік тексеру жүргізіледі. Оң нәтиже қайталанған жағдайда, шеттетудің және тексерудің осы тәртібі тағы да он бес күн ішінде қайталанады.
7. Іш сүзегі мен қылаудың алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
30. Халықтың іш сүзегі және қылау ауруларымен сырқаттанушылығын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтиды:
1) елді мекендердің, әсіресе халықтың тифопаратифоздық инфекциялармен сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз елді мекендердің санитариялық жағдайы туралы ақпаратты талдау;
2) халық арасында тәуекел топтарды айқындау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
3) науқастардан және бактерия тасымалдаушылардан бөлінетін өсінділердің фаготиптерін айқындау;
4) бактерия тасымалдаушыларды, әсіресе тамақ кәсіпорындарының қызметкерлері мен басқа да декреттелген контингенттер арасын айқындау мен санациялау мақсатында іш сүзегімен және қылаумен ауырып жазылған адамдарды есепке алу және диспансерлік бақылау;
5) профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жоспарлау.
31. Сүзек, қылау инфекцияларының профилактикалық іс-шаралары қоздырғыштардың су, тамақ арқылы берілуін ескертетін санитариялық-гигиеналық іс-шараларды өткізуге бағытталады. Мына объектілердің санитариялық-техникалық жағдайына:
1) сумен жабдықтау жүйелеріне, орталықтандырылған, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздеріне, басты су шығару құрылыстарына, су көздерін санитариялық қорғау аймақтарына;
2) тамақ өнімдерін шығару өнеркәсіптеріне, азық-түлік саудасына, қоғамдық тамақтануға;
3) кәріз жүйелеріне мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі.
32. Дәрігерлік қараудан соң декреттелген контингенттің ішіндегі адамдар жұмысқа қабылданар алдында қан сарысуын тікелей гемагглютинация әсеріне қою жолымен серологиялық тексеруге және бір реттік бактериялогиялық зерттеуге жатқызылды. Бұл адамдар серологиялық және бактериялогиялық тексерудің қорытындысы теріс болып, басқа қарсы айғақтар болмаса жұмысқа жіберіледі.
Тіке гемагглютинацияның әсері оң нәтиже берген жағдайда 1-2 күн сайын дәретін бес рет бактериологиялық тексеру қосымша жүргізіледі. Бұл тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда өтке бір реттік бактериялық зерттеу жүргізіледі. Дәреті мен өтін бактериялогиялық тексерудің нәтижесі теріс болған адамдар жұмысқа жіберіледі.
Бактериологиялық және серологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған адамдар бактериятасымалдаушы ретінде қарастырылады. Оларға емдеу жүргізу, есепке алу жүргізіледі, медициналық бақылау орнатылады. Осындай жағдайда, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары бұл адамдарды эпидемиялық қауіп төндіруі мүмкін жұмыстан шеттетеді.
33. Тамақтандыру, сумен қамтамасыз ету саласының және басқа да декреттелген контингенттің қызметкерлері осы инфекциялар бойынша эпидемиялық сау болған кезде іш сүзегі мен қылаудың қоздырғышын тасымалдаушылыққа жоспарлы профилактикалық зертханалық зерттеулерден өтпейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz