Археологиялық зерттеулер



I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Археологиялық зерттеулердің бастауы
2. Археология ғылымындағы дамудың алтыншы кезеңі (1991ж)
3. Ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер мен мәдениеттердің дамуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен. Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен колданылған шаралар маңызды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде 1707 жылы Тобыл боярының ұлы С.Ремезов жазған «Сібірдің сызба кітабы» жарық көрді. Онда географиялық деректермен катар, қазақ даласының археологиялык ескерткіштері туралы мәліметтер де келтірілген. Келесі археологиялық қызықты мәліметтер 1733 жылы Сібірге академик Г.Ф. Миллердің басқаруымен жасалған бірінші академиялық экспедицияның есептерінде айтылған. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л. Делаклоер, И. Фишер, геодезистер А. Красильников, А. Иванов, М.Ушаков жұмыс істеген еді. 1768—1774 жылдары Еділ бойының Оралдың, Сібір мен Қазақстанның тарихын, географиясын және олардағы халықтардың этнографиясын зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған екінші академиялық экспедиция Қазақстанда археологиялық зерттеу ісін жалғастырды. Экспедицияға сол кездегі аса көрнекті ғалымдар П.С. Паллас, И.П. Фальк, И.Г. Георги, П.И. Рычков, X. Барданес қатысты. XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейде Орталық және Шығыс Қазақстанның табиғи байлықтарына қызығушылық күшейе түсті. Геологтарды ежелгі кен орындары, мыс пен қалайы өңдеген жерлердің үйінділері, тас қашаған орындар, үңгірлер, жартас суреттері, көне суландыру жүйелері қызықтырған еді. Орталық Қазақстанның ескерткіштерін сипаттап берген, мұнда түрлі дәуірге жататын археологиялық ескерткіштерді кездестірген тау-кен ісінің инженері И.П. Шангин жазбалары да қызығушылық тудырады. ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай, негізінен, Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан бойынша едәуір материал жинақталды.
1. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 752 бет
2. Жұмақаев Б.Д., Қазақстан тарихы, «Эвро» баспасы,2014
3. М. Байдолда «Арман ПВ», 2005ж, 28-232бет
4. Ч. Мусин, Қазақстан тарихы, үшінші басылым, Алматы 2005ж
5. Г.В.Кан, Н.У. Шаяхметов, Қазақстан тарихы,Алматыкітап,2009ж
6. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Археологиялық зерттеулердің бастауы
2. Археология ғылымындағы дамудың алтыншы кезеңі (1991ж)
3. Ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер мен мәдениеттердің дамуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

I.Кіріспе
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен. Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен колданылған шаралар маңызды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде 1707 жылы Тобыл боярының ұлы С.Ремезов жазған Сібірдің сызба кітабы жарық көрді. Онда географиялық деректермен катар, қазақ даласының археологиялык ескерткіштері туралы мәліметтер де келтірілген. Келесі археологиялық қызықты мәліметтер 1733 жылы Сібірге академик Г.Ф. Миллердің басқаруымен жасалған бірінші академиялық экспедицияның есептерінде айтылған. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л. Делаклоер, И. Фишер, геодезистер А. Красильников, А. Иванов, М.Ушаков жұмыс істеген еді. 1768 -- 1774 жылдары Еділ бойының Оралдың, Сібір мен Қазақстанның тарихын, географиясын және олардағы халықтардың этнографиясын зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған екінші академиялық экспедиция Қазақстанда археологиялық зерттеу ісін жалғастырды. Экспедицияға сол кездегі аса көрнекті ғалымдар П.С. Паллас, И.П. Фальк, И.Г. Георги, П.И. Рычков, X. Барданес қатысты. XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейде Орталық және Шығыс Қазақстанның табиғи байлықтарына қызығушылық күшейе түсті. Геологтарды ежелгі кен орындары, мыс пен қалайы өңдеген жерлердің үйінділері, тас қашаған орындар, үңгірлер, жартас суреттері, көне суландыру жүйелері қызықтырған еді. Орталық Қазақстанның ескерткіштерін сипаттап берген, мұнда түрлі дәуірге жататын археологиялық ескерткіштерді кездестірген тау-кен ісінің инженері И.П. Шангин жазбалары да қызығушылық тудырады. ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай, негізінен, Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан бойынша едәуір материал жинақталды.

II.1. Археологиялық зерттеулердің бастауы
Кең-байтақ Қазақстан даласында 4970-ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте тұр. Орта ғасырлар кезеңінде тарихшылар мен географтар, саяхатшылар, ғалымдар ескі қоныстар мен қалалардың орны туралы мәліметтер қалдырған. 1707 жылы жарық көрген С.Ремезовтің Сібір картасында қазақ даласындағы археологиялық ескерткіштер туралы жазылған. 1733 жылы Г.Ф.Миллер бастаған бірінші академиялық экспедиция қазақ жерінде жұмыс істеді. 1774 жылғы жарық көрген П.И.Рычковтың Орынбор топографиясы атты еңбегінде ертедегі кеніштердің орны туралы мәліметтер бар. Бұл кездегі зерттеулер ғылыми негізде жүргізілмей, тек қана кездейсоқ табылған жәдігерлерді жинаумен айналысты. Ресейдегі археологиялық зерттеулердің кеңеюі Қазақстандағы көне ескерткіштерді ғылыми түрде зерттеуді қажет етті. Атақты қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов өз қолжазбаларында ортағасырлық Талғар, Шеңгелді қалалары туралы кескіндеме қалдырған. Орыс шығыстанушысы В.Радлов Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді бірінші рет тарихи кезеңдерге бөлді. Оның еңбектері Қазақстан археологиясының дамуында үлкен қадам болды. 1867 жылы ресейлік Археологиялық комиссияның шешімімен орыс шығыстанушысы П.Лерх Түркістан өлкесін зерттеуге кірісті. Сауран, Сығанақ, Тараз қалаларының жоспарын картаға түсіріп, Жаңакент қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Ол ортағасырлық қалаларды зерттеудің ғылыми негізін қалады. 1862 жылдан бастап В.Радлов Шығыс Қазақстан жерінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстандағы археологияның дамуына 1893-1894 жылдардағы белгілі ғалым В.Бартольдтың Орта Азияға барған ғылыми сапары негіз болды. Оның ғылыми еңбегі әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. 1895 жылы академик В.Бартольд Ташкент қаласында алғашқы археологтар үйірмесін ашты. Осы үйірме мүшелері В.Кларе мен А.Черкасов 1904 жылы Отырар қаласында қазба жұмыстарын жүргізді. 1920 жылы Түркістан мәдени ескерткіштерді қорғау және мұражайлар комитеті ашылды. Комитеттің негізгі міндеті тарих ғылымының үлкен бір саласы - археологияны дамытуды қолға алу болды. Сайран, Тараз қалаларында археологиялық зерттеулер жүргізіліп, М.Массоның Түркістан туралы алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді.

II.2. Археология ғылымындағы дамудың алтыншы кезеңі (1991ж)

Археология ғылымындағы дамудың алтыншы кезеңін Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастауға болады. Бұл кездері ғылымға бір топ зерттеушілер келді. Олар М.К.Хабдуллина, К.М.Қарабаспақова, В.В.Варфоломеев, И.А.Кукушкин, Ж.Е.Смаилов, А.З.Бейсенов, М.С.Қасенов, Д.А.Талеев, М.Қожа, А.М.Досымбаева, З.Ш.Шарденова, Г.А.Терновая, Т.Мәмиев еді. Кеңес Одағының ыдырауы, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер қоғамда түрлі қарама-қайшылықтар тудырды. Бұрынғы идеологиялық шектеулердің алынып тасталуы, формациялық ұстанымнан бас тарту тарих методологиясына да әсерін тигізді. Сөйтіп, жаңа кезең бұрынғы идеологиялық ұстанымдарды қайта қарастыруымен сипатталынады, бір шетінен қоғамда этноцентристік сипаттағы тарихи мифтер де кеңінен белең ала бастаған еді. Археологияда да бұл жайттардың кейбірі орын алды, бірақ 1991 жылы бәрі өзгере қалды деу аңқаулық болар еді, өйткені академиялық дәлдіктің арқасында мәдени мұраны зерттеудегі археологиялық бағыт бұрынғысындай қала берді, ал ғылыми әдебиет төңірегіндегі тарихты қайта жазу керек деген сөз археологиялық ізденістерді шарпи қойған жоқ. Жаңа кезеңдегі аса ірі оқиғалардың бірі 1991 жылы Археология институтының ашылуы болып саналады. Көрнекті ғалым, археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, филолог, академик Ә.Х.Марғұлан есімі берілген бұл Археология институты Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 28-тамыздағы №496 Қаулысымен және Қазақ КСР ҒА Төралқасының 1991 жылғы 6-қыркүйектегі №73 Қаулысымен Қазақ КСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты Археологиялық зерттеу орталығының негізінде құрылған еді. Айта кететін бір жайт, мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуiрі ескерткіштері
Оңтүстік Қазақстанда XIX ғ. аяғында жүргізілген археологиялық және этнографиялық зерттеулер
Саурандағы археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуі және зерттеулер барысынданда аршылған нысандар
XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
Орталық Азия ұғымының тарихи және географиялық негіздері
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Сарматтар мәдениетінің кезеңделу проблемасы
Археология ғылымына түсінік
Жанкент қалашығындағы археологиялық зерттеулер
Пәндер