Суррогат ана түсінігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Суррогат ана түсінігі.

2. Қазақстанда суррогат ана мәселесінің қарастылуы

3. Баланы асырап алу.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ата-бабамыз мирас етіп кеткен рухани, мәдени құндылықтарымызды айтып мақтанғанда бізден жақсы жоқ сияқты. Иә, ол дүниелер теңдесі жоқ байлық. Алайда сол мол мұраны ұраға тығып қойып, жаһанданып жатқан жайымыз бар. Өркениетке ұмтылған да дұрыс әрине. Бірақ ұрынып қалып та жүрмеміз кейде. Шатысы көп батыстың өзі бас тартып жатқан дүниелерді үйреніп қана қоймай, біз оны заңмен қолдап отырмыз.

Айта кетейік, «жатырды жалға» алу мен берудің тәртібі ҚР «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 9-шы, яғни «Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану» тарауының әрқайсысы бірнеше бөлімнен тұратын 54, 55, 56, 57, 58, 59 баптарында көрсетілген. Аз ба, көп пе? Әрине, суррогат ана сияқты шетін істе еш қателік жіберуге әсте болмайды. Заң күшті болуы тиіс. Десек те, осынша маңыз беру арқылы осы сурроттықты сәнге айналдырып алмаймыз ба? Ал бұл жақсы ма, жаман ба?

Суррогаттық Германия, Франция, Испания, Польша, Португалия, Турция, Япония Қытай және АҚШ-тық кейбір штаттарында үзілді-кесілді тыйым салынған. Ал суррогаттық бар көп елдерде бұл тек бала зәру отбасына перзент сыйлағысы келгендердің қайырымдылық әрекеті ретінде ғана қолданылады, яғни мұндайды альтруизм деп атайды. Атап айтсақ, Дания, Бельгия, Нидерланды, Ұлыбритания және Венгрия елдерінің тәжірибесінде бұрыннан бар. Ал ақша табу үшін бала туып беруге тыйым салынған. Ал енді қараңыздар, «жатырды жалға» беру мен алудың бизнесі дамып келе жатқан елдер мыналар: АҚШ-тың Калифорния, Арканзас штаттары, Ресей, Украина, Белорусь, Оңтүстік Африка, Грузия. Бұл тізімде Қазақстанда да бар.

Біздің елде бұл бизнес жылдан жылға жанданып келеді. Әйелдер қызметін тіпті ашық ұсынады қазір. Деректерге жүгінсек, бір жылда шамамен 200-дей отбасы суррогат ананың көмегі арқылы сәби сүйген.

Ресей демекші, алдағы уақытта бұл елде де суррогаттыққа тыйым салынбақ. Осындай ұсыныс жасаған Думаның отбасы істері жөніндегі комитеттің бастығы Елена Мизулина «суррогаттыққа тыйым салу керек» дейді. Ақшаға донор болу деген сөз - бала сатумен бірдей» дей келе, Филипп Киркорв пен Алла Пугачеваның осындай дәстүрлі емес жолмен өніп-өскендерін қатты сынға алған депутат «суррогаттықты тек дүниеге бала әкелуге мүлде мүмкіндіктері жоқтарға ғана рұқсат беру керек» дейді. Оның ойынша, суррогаттықты атағы мен ақшасы барлар ермекке айналдырып барады, ал ақшасы жоқтар құлға. Оның ұсынысы қоғамда қолдау тауып, Ресейдің бұған тыйым салатын күн алыс емес.


II. 1
. Суррогат ана түсінігі.

1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған «Неке және отбасы туралы» Қа­зақстан Республикасының заңы бойынша суррогат ана де­геніміз - суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойын­ша бойға бала бiтiру, оны көтеру және туу. Ал суррогат ана шарты деп - балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бiтiрудiң жасанды әдiсiн немесе эмб­рион имплантациясын қолдануға ке­лiсiмiн берген әйелдiң ара­сындағы келiсiмді айтады. Ал 2004 жылдың 16 шілдесінде қа­былданған «Адамның ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi туралы» Қазақстан Республикасы­ның заңында «суррогат ана» ұғымы заң жүзiнде бекiтiлгені белгілі. Осы заң бойынша елімізде адамды клондауға тыйым салынса, ал ерлi-зайыптыларға суррогат ана қызметiне жүгіну құқы берiлген болатын. Түйгеніміз, бізде заңды түрде суррогат ана болуға болады және оның арнайы келісім-шарты бар.

Бала көрудің бұл әдісінде қандай сорақылық бар деуіңіз мүмкін. Әсіресе, (ресми мә­ліметке сәйкес) Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 16 пайызы нәрестелі болу бақытына жете алмай жүргенін ескерсек, пер­зент сүюдің оңтайлы жолы осы дерсіз. Бірақ бір гәптің шеті шығып қалған сияқты. Мәселе балада емес, анада болып отыр. Анығын айтқанда, бұл суррогат ананың пейіл, ниетінде және осы қызметті жарнамалап жүрген делдалдарда болып отыр. Мәсе­лен, жатырын жалға бергендердiң ара­сында әлi тұрмыс құрмаған 20 жастағы қыздар да бар. Бұларға не жорық? Бұдан басқа кәсіп жоқ емес қой. Нарық заманы келге­лі, басқа басқа, дәл әйел затына жұмыстар тұнып тұрған жоқ па. Әркімнің өз құқығы бар десек те, біреудің мұқтаждығын біреу пайда табу пиғылына бұрып жатса, ондай әрекеттен ұтпасымыз анық.

Бүгiнде бұл iс қып-қызыл бизнес көзiне айналып барады. Біреулер суррогат анаға жүгіну бала көрудің соңғы мүмкіндігі деп қараса, енді біреулер үшін жақсы қаржы табудың тиімді көзі болып отыр. Соңғы кездері отандық экономиканың көлеңкелі бө­лігінде «суррогат ана» қыз­метіне делдал болып ақша табу үрдісі байқалады. Бұл балаға зәрулердің арманын іске асыруға көмектесу деп жұқартып айтайық десек, талай жайттарды көрген соң пікірімізді өзгертуге тура келді. Бұл бизнес түрі бұрындары тасада қалып келсе, енді, міне, өзін жаңа қырынан айқара ашқан түрі бар. Неге десеңіз, елімізде ақылы инкубатор қызметін атқаруға кезекке тұрған әйелдер саны жылдан-жылға көбейіп барады. Қазір «бөтен құрсақ» қызметіне тек жылдар бойы генетикалық сәби көре алмай келе жатқан отбасылар ғана емес, сондай-ақ тұла бойын бұзғысы келмейтін нәзік­жандылар да бой ұра бастаған.

Суррогат ана қызметіне көбіне аналық жатыры операция кезінде алынған не болмаса бала туу өміріне қауіпті болған әйелдер жүгінеді. Бұл бір еріккеннің ермегі емес . Расында да, медициналық себептермен өздері бала көтере алмайтын жағдайларда отбасылар амалдың жоқтығынан суррогат ана қызметіне жүгінеді. Бұл жерде екі жол бар. Біріншісі, бала көре алмай отырған отбасының өз жақын туысқаны суррогат ана қызметін ақысыз атқарып беруі. Екіншісі, арнайы түрде ақылы негізде бөтен әйелмен өзара келісімшартқа отыру арқылы суррогат ана қызметіне жүгіну. Көбіне суррогат ана болуға ауылдан жұмыс іздеп келген әйелдер сұранады. Тұрақты жұмысы жоқ, әлеуметтік жағдайы төмен әйелдер ақылы инкубатор қызметін атқаруға белбайлап жатады.

II. 2. Қазақстанда суррогат ана мәселесінің қарастылуы

Бүгінде дүниежүзі «суррогат ана» атап кеткен ғылымдағы бұл жаңалық жұртымызға келгелі көп болмаса да, табыс табудың бір көзіне айналып бара жатқаны жасырын емес. Абай хакімнің «Әркімді заман сүйремек, заманды қай жан билемек, заманға жаман күйлемек, замана оны илемек» дегені осы жағдаятқа тап келеді. Суррогаттықты көпшілік «құрсақ ана» я «жатырды жалға беру» деп те жүр. Сонымен, бұл сәби сүюдің ең соңғы мүмкіндігі ме? Не болмаса ақшаның иісі «аңқыған» бизнес пе? Таяқтың екі ұшы болатыны секілді мұнда біршама күрделі мәселе бар.

Құлаққа түрпідей тигенімен, кейін келе-келе бойың үйреніп алады екен. Алғаш рет бұдан бірнеше жыл бұрын жарнама, хабарландыру газетінен «Суррогаттық ана қажет» дегенді оқығанбыз. Ақпараттық технология қарқын алған сәтте сайттар да өріп шыға бастады. «Суррогат ана бола-мын», «Суррогат ана керек», «Ішімдегі балам пәленбай апталық. Бағып-қағуға шама келмейді. Аламын деушілерге беремін» деген хабарлан-дырудан осы күні көз сүрінеді, құлақ тұнады.

Шын-өтірігін кім білген, «кейбір елдер бұл іске қос қолдап қарсылық танытыпты» дейді бейресми деректер. Олардың қатарында Австрия, Норвегия, Швеция, Франция және Американың бірқатар штаттарында, Италия, Швейцария, Германия сияқты Еуропа елдерінде тыйым салынып-ты. Бір білгендері бар шығар. Ал Италия, Франция, Германия елдерінде бұл тыйымды бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салынып, тіпті түрмеге жабу да көзделген деседі. Әрине, елдегі ерлі-зайыптылардың 16 пайызы бала сүйе алмайтындығы туралы статистиканы ескерсек, онда тұрған өрес-келдік жоқ. Бірақ дамыған елдердің өздері өре түрегелген бұл істе қарапайым қазақ біле бермейтін бір қитұрқысы бары анық. Соның бірі - шетелде шешесі қызының, қарындасы ағасының баласын туып беруге дейін баратындығы емес пе екен?

Жылтырақ көрсе жабыса кететін біздің халықтың еліктегіштігі, суррогаттық та осындай оқиғаға апармасына сенім зор ма? Бір басылымдар елімізде арнайы медициналық орталықтарға барып, «менің бала тууға уақытым жоқ. Баламды біреу тауып берсін» деушілердің де барын жазғаны бар.

Мамандар бұл іске сауаттылықпен қарауды ұсынады. Суррогат анаға жүгінуге батыстың әйел қауымының көпшілігі фигурасын бұзып, тоғыз ай әуре-сарсаңға түспес үшін мәжбүр деген ақпар да бар. Бізде болса, ақша тапқысы келген келіншектермен қатар, жас қыздар да жүр. Оған еріншек дәулетті келіншектер қосылып жатыр. Заңдастырылды, жөн. Бірақ бұл іс біржола көлеңкелі бизнес есебінен шығарылды деп кесіп айту қиын. Бұл - таяқтың бір ұшы.

«Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?» дейді қазақ. Бұл да - дәл сондай жағдай. Танып-білмейтін айдаладағы ерлі- зайыптының ұрығын тоғыз ай, тоғыз күн жүрегінің түбінде көтеріп, туып беруге келісудің көксегені - ақша. Мұның ақша табудың, кәдімгі кәсіпкерліктің бір түріне айналып бара жатқаны туралы талай жазылып та, айтылып та жүр. Бара-бара қалталы елдің ермегіне айналатындығы хақында да аз сөз болған жоқ. Батысқа қарап бой түзейміз деп, ойымызды, санамызды күзеп алған жоқпыз ба? Мәселе - осында. Бұл - таяқтың екінші ұшы.

Қазақстанда суррогат ананың қызметі орта есеппен шамамен 10 мың доллар тұрады. Бұл Репродуктивті медицина институтының директоры Тамара Жүсібалиева мәлімдеді.

Т. Жүсібалиева мұның нақты цифр емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар суррогат аналардың көмегіне жүгінген кезде медицина қызметкерлері бұл мәселенің заңдық және қаржылық жағына араласпайды. «Мүмкін оңтүстік аймақтың шағын қалаларында суррогат аналар бір қой үшін бала туып беруі мүмкін, алайда ірі қалаларда мұндай қызметтің бағасы әлдеқайда жоғары екенін түсінуіміз қажет», -деп қалжыңдады Т. Жүсібалиева. Оның айтуынша, Репродуктивті медицина институты жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, суррогат аналардың 40%-ы альтруист саналады және олар бала көтергені үшін ақша алмайды. Негізінен бұлар - ерлі-зайыптылардың туысқандары мен жақындары. «Сонымен қатар «коммерциялық» аналар да бар, олардың 90%-ы күйеуінен ажырасып, баласымен қалған жұмыссыз әйелдер», -деді Т. Жүсібалиева.

Естеріңізге салып өтсек, бүгін Алматыда Қазақстандағы репродуктивті медицинаның жай-күйі тақырыбында баспасөз конференция өтті. Сарапшылардың берген мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанда 200 мыңға жуық отбасы бала сүйе алмай отыр. 16 жыл ішінде репродуктивті технологияларды қолдану нәтижесінде елімізде шамамен 8000 сәби дүниеге келді.

II. 3. Баланы асырап алу.

Бала асырап алу - адам өміріндегі күрделі әрі жауапты қадам. Бөтен бала үшін шынайы ата-ана болу оңай емес. Әдетте, бұл процесс бала асырап алу, қамқорлық пен патронаттық бойынша қажетті ақпарат жинаудан, заңнамамен танысудан, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың барлық ықтимал нысандары бойынша түсініктемелерден басталады. Көптеген аспектілер бойынша оларға тиімді ресурс - балалар деректерінің Интернет-банкі көмектесе алады.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы, Баланың құқықтары туралы 1989 жылғы 20 қарашадағы конвенция, Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы конвенция, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрi - Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 Қаулысымен бекітілген Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385 Қаулысымен бекітілген Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 Қаулысымен бекітілген Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 387 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 388 Қаулысымен бекітілген Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суррогат ана шарты
РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Суррогат ана
Суррогат ана.Баланы асырап алу
Сурогаттық аналық
Суррогат ана - яғни ананың орынбасары
Неке және отбасы құқығы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
ҚР Азаматтық құқығы. ҚР Отбасы құқығы. ҚР Қылмыстық құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz