Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. Оқу құралы
АЛҒЫ СӨЗ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУ.ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
ІІ ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН МЕҢГЕРУ БАРЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ІІІ ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .. 85

«Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» оқу құралы Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектептердің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған. Өйткені кейінгі жылдары елімізде шағын жинақты мектептердің көбейіп келе жатқаны айқын байқалуда (бұл туралы нақты мәлімет жұмыста берілді). Осыған орай шағын жинақты бастауыш мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсат етілді.
«Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» оқу құралының мазмұны мен құрылысы шағын жинақты бастауыш мектептің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш сыныптар мұғалімдерін кәсіби білім деңгейлерін көтеруге бағытталған.
«Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» оқу құралы төмендегідей тараулардан тұрады:
- шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері;
- шағын жинақты бастауыш мектеп оқшыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру;
- шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар.
Бірінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайына талдау жасалып, ШЖМ-те оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне және ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама сипаттама берілді, ШЖБМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу, ШЖБМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау және диагностикалау жолдары қарастырылды.
Екінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру барысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, сабақ кестесін құру технологиясы мен сабақ жоспарларының үлгісі, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру жолдары баяндалды.
Үшінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектепте пәндердә оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар ұсынылды. Мұнда математикадан оқушылардың білімдерін бағалау межесі, бір пәндік және әр пәндік сабақ кестелері мен ШЖБМ-тегі қазақ тілі және математикадан сабақ жоспарларының үлгілері, сыныптан тыс жұмысқа арналған тапсырмалар, тест және бақылау жұмысының тапсырмалары берілді.
Құрметті ұстаздар! Осы оқу құралы туралы өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер, Сіздерге алдын ала алғысымызды білдіреміз.

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: – Алматы, 1999.
2. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. – Алматы, РОНД, 2002.
3. ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттары. – Алматы, 1998.
4. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. ІІ – бөлім. – А., Республикалық баспа кабинеті, 1996.
5. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, Фолиант, 2007.
6. Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. – Алматы, «Атамұра», 2005.
7. Н.Б.Истомина. Методика обучения математике в начальных классах. – М., 2000.
8. В.С.Кукушин. Современные педагогические технологии. Начальная школа. – Ростов-на-Дону: изд-тво «Феликс», 2003.
9. Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы (ред. басқарған Ғ.Бегалиев). – А., 1950.
10. Сайпин М. Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту. – Алматы, «Мектеп», 1984.
11. Начальная однокомплектная школа (математика, трудовое обучение, изобразительное искусство, музыка, физкультура). – М., «Просвещение», 1980.
12. Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. – М., АПН РСФСР, 1956.
13. Однокомплектная школа /под ред. Т.И.Шамовой, И.В.Прокопофич / . - М.,1977.
14. Савченко А.Я. Организация учебнего процесса в малокомплектной школе. - М., 1970.
15. Организация и методы работы учителя с несколькими классами. – М., Учпедгиз, 1953.
16. В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ. – М., Учпедгиз, 1957.
17. Стрезикозин В.П.Урок в сельской малокомплектной школе. – М., 1972.
18. Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе. – М., 1969.
19. Самостоятельная работа учащихся на уроках в малокомплектной школе / под ред. М.А.Мельникова и А.М.Пышкало/ - М., Педагогика, 1974.
20. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру (мұғалімге арналған әдістемелік құрал). – А., «Мектеп», 1974
21. Оспанов Т.Қ. және т.б. «Математика - 1», «Математика – 2», «Математика – 3», «Математика – 4» оқулықтары. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000, 2001-2004.
22. Оспанов Т.Қ. және т.б. Математиканы оқыту әдістемесі. 1,2,3 және 4 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000.
23. Математикадан дидактикалық материалдар.1,2-сыныптар. (Құрманалина Ш.Х.. Қосанов Б.М. және т.б.) – Алматы: «Атамұра», 1997, 1998.
24. Фролов П.Т., Соловецкий И.С. Особенности педагогического процесса в малокомплектной школе (Сборник). – М., «Просвещение», 1991.
25. Мосеева О.И. Формирование самоконтроля у шестилетних детей при обучении математике в МКНШ. Автореферат ..... к.п.н. – М., 1988.
26. Сламбекова Н.М. Шағын комплектілі бастауыш мектепте жазбаша шығармашылыққа негізделген тіл дамыту әдістемесі. П.ғ.к. ...... диссертация. – Алматы, 2001.
27. Муканова С.Д., Сламбекова Н.М. Проект «Модель малокомплектной школы Республики Казахстан».- журнал «Открытая школа», № 11,12, 2003.
28. Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектеп жұмысын ұйымдастыру. – Алматы, 2001.
29. Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері. – Алматы, 2001.
30. Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.
31. Астамбаева Ж.Қ. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы. – Алматы, 2008.
32. Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.

Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова,
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен
технологиясы
ШЖМ-тің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған
Оқу құралы
Алматы, 20!0
Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі
педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет.
Оқу құралы Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектептердің бастауыш
сынып мұғалімдеріне арналған.
Құралда шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру тарихына шолу жасалып, шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-
тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері, ондағы сабақтардың
ерекшеліктері мен оқушылардың сабақта іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері,
сондай-ақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің өз бетімен білімдерін
жетілдіруге бағытталған теориялық және практикалық материалдар берілген.
Оқу құралын жазу барысында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (жалпы бастауыш білім),
оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, зерттеу еңбектері қолданылды.
Б
Алғы сөз

технологиясы оқу құралы Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектептердің
бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған. Өйткені кейінгі жылдары елімізде
шағын жинақты мектептердің көбейіп келе жатқаны айқын байқалуда (бұл туралы
нақты мәлімет жұмыста берілді). Осыған орай шағын жинақты бастауыш
мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсат етілді.

технологиясы оқу құралының мазмұны мен құрылысы шағын жинақты бастауыш
мектептің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш сыныптар
мұғалімдерін кәсіби білім деңгейлерін көтеруге бағытталған.

технологиясы оқу құралы төмендегідей тараулардан тұрады:
- шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың
педагогикалық негіздері;
- шағын жинақты бастауыш мектеп оқшыларының білім, білік және
дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру;
- шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту барысында
қолданылатын қосымша материалдар.
Бірінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі
жайына талдау жасалып, ШЖМ-те оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
ерекшеліктеріне және ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту
құралдарына сипаттама сипаттама берілді, ШЖБМ оқушыларының білімдерін
бағалау және есепке алу, ШЖБМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау және
диагностикалау жолдары қарастырылды.
Екінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білім,
білік және дағдыларды меңгеру барысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды,
сабақ кестесін құру технологиясы мен сабақ жоспарларының үлгісі,
оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру жолдары баяндалды.
Үшінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектепте пәндердә оқыту
барысында қолданылатын қосымша материалдар ұсынылды. Мұнда математикадан
оқушылардың білімдерін бағалау межесі, бір пәндік және әр пәндік сабақ
кестелері мен ШЖБМ-тегі қазақ тілі және математикадан сабақ жоспарларының
үлгілері, сыныптан тыс жұмысқа арналған тапсырмалар, тест және бақылау
жұмысының тапсырмалары берілді.
Құрметті ұстаздар! Осы оқу құралы туралы өз пікірлеріңізді
білдірсеңіздер, Сіздерге алдын ала алғысымызды білдіреміз.
І ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайы
Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта
мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі
мектептердің атқаратын ролі орасан зор.
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес.
Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский,
Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл
құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен
байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір
сүруде.
Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның
әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне
байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде
Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.
2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014
– бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2004
жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін
мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде
орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның
ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың
оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты
бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе
жатқанын байқатады.
Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі
жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында қазақтардың
тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен
бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн − деп, дәлелдеген. Ол 1986
жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде
(Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ
ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер
жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің
көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың
саны – 727, ондағы оқушы саны –22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты
мектептердің саны екі есе өсті.
ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ
мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі
мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл
шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық (1-
кластық, 2-кластық – оқу мерзімі – 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу
мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада – старшындық және
бөлімшелік училищелер ашылды.
ХХғ. бас кезінде Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер
туралы (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және
Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ училищелеріне
айналдырылды.
ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кәсіптік
бөлімше және 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды.
Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы
ескертпелер 1906 жылғы Россияның шығысында тұратын бұратана халықтар үшін
ашылған бастауыш училищелер туралы ережелерде берілген. Ережеде оқу
жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар да берілген
(арифметика бойынша да қосымшалар бар). Бірдей ортақ типтік бағдарламалар
болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай мектеп директорлары бағдарламаларды
не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына қарай үнемі өзгертіп отырды.
Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар,
кейінірек башқұрт, латыш, украин, өзбек, татар, чуваш халықтарына арналған
кітаптар пайдаланылды.
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие
жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік
стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен
әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты
бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов,
Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау
(Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); Қазақ
тілі, Ана тілі, Математика, Айналамен таныстыру пәндерін оқытудың
мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева,
Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін
дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);.
осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері
(З.Әділғазинов) қарастырылады.
Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене
араласқандардың бірі – Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы Қазақстан мектебі
журналында Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау
керек ?, 1965 жылы Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету
туралы, 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған Аз комплектілі
мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы мақалалары басылды. Ғалым
алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше
нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар
оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен
шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі
болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір
сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе
оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да
бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта
бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты
сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді.
Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе,
шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары
туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.
1870 жылғы 26 наурызда жарияланған Россияда тұратын басқа ұлттарға
білім беру шаралары туралы заң мен Басқа ұлттарға арналған бастауыш
училищелер туралы ереже (1906, 1907, 1913) Қазақстан мен Орта Азиядағы
ұлттық бастауыш мектептерде бастауыш оқуды ана тілінде оқытуға рұқсат
берді. ХІХ ғ. 70-жылынан бастап орыс-қазақ мектептеріндегі бастауыш оқу
қазақ тілінде жүргізілетін болды.
Орыс-қазақ мектептерінде арифметиканы оқыту бір орынға қарайтын оқу
мекемелері басшыларының пікірі бойынша ауызша және жазбаша санауға,
арифметикалық амалдарды орындауға үйрету міндеттерін шешуге тиіс болды.
Арифметика ғылым ретінде қажет деген пікірге ерекше көңіл бөлінді.
ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. бас кезінде Ресейдің бастауыш
мектептерінде оқытылатын арифметика бойынша 200-ден астам әр түрлі
оқулықтар, оқу құралдары, есеп жинақтары басылды. Қазан төңкерісіне дейінгі
Қазақстанда аса кең тараған К.П.Арженниковтың, В.А.Евтушевскийдің,
Г.М.Вишневскийдің, А.И.Гольденбергтің, К.П.Бурениннің, А.Ф.Малиннің,
Н.И.Паульсонның, С.И.Шохор-Троцкийдің кітаптары еді. Бұдан басқа орыс-қазақ
училищелеріндегі ұлт мектептеріне арналған Н.А.Бобровниковтың,
С.М.Граменицкийдің, Т.Г.Лубенцтің, И.С.Михеевтің т.б. кітаптары
пайдаланылды.
Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда Республикадағы
шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту
шаралары жайында қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР
Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі,
табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин
атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы
тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. ШКМ-
тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру атты зерттеу жұмыстарын
жүргізді.
Шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі де кез-
келген ғылым саласы сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі - әдіскер,
психолог, педагог сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
жүзеге асса, екіншісі – кейбір мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелерін
оқып үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге асады.
Шағын жинақты бастауыш мектептерде де математика пәні қалыпты
мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының көмегімен оқытылады.
Қазақстанда қазақ бастауыш мектептері төл оқулықтармен қамтамасыз ету
мәселесі әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауыш қазақ халқының ұлы
ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатыны, бір жарым ғасырға жуық уақыт
бойы күн тәртібінен түспеген мәселелердің бірі.
Ы.Алтынсарин орыс - қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын
таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде
қолданылып жүрген оқу-құралдардың ең жақсыларын енгізуге тырысты-дейді
Б.М.Қосанов.
ХХ-ғасырдың басында М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ
оқымыстылары бұл істі жаңа сатыға көтереді. Басқа салалардың мамандары бола
тұра, олар мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз етудің зор маңызын түсініп,
осы іске бел шеше кірісті. Соның нәтижесінде Қазан төңкерісіне дейін-ақ
математика пәндерінен төл оқулықтар қазақ балаларының қолына түсе бастады.
1920-1930 жылдары математика пәнінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар
дайындауға М.Дулатұлы, С.Қожанұлы, К.Жәленұлы, Қ.Сәтбаев т.б атсалысты.
Сөйтіп, сол заман тұрғысынан қарағанда, қандай да деңгейде болмасын білім
дәрежесі көтеріліп, жүйеленіп бір ізге түсе бастады.
1930 жылы жеткіншек ұрпақтың санасын өз қажетінше қалыптастыруға
бағытталған Мәскеу шенеуніктерінің қаулылары Қазақстандағы қауырт дамып
келе жатқан бұл істі пышақ кескендей тыйды. Яғни, математика құралдары тек
қана орталыққа дайындалып, жергілікті жерлерде олардың аудармаларын ғана
пайдалануды міндеттеді. Мұндай әрекетке ғалым-педагогтар тарапынан қарсылық
болды.
1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту әдістемесін
зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі – Б.Құлмағанбетова. Ол
мақалаларында мұғалімге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулар беруді мақсат
ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен орындалатын жұмыстардың
түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын көрсетуге баса мән береді.
1974 жылы Б.Құлмағанбетованың Аз комплектілі мектепте сабақты
ұйымдастыру деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мынандай мәселелер
қарастырылды: 1) аз комплектілі мектептердің қазіргі жайы; 2) аз
комплектілі мектептерде жұмыс түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі
мектептерде сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері; 4) аз комплектілі
мектептерде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Автор алдымен шағын жинақты
бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне шолу жасай
келіп, әрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты материалдарды,
көрнекі құралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жұптасқан
сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін
уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы
нәтижелі болады деген қорытынды жасайды.
1980 жылы Ш.Әуелбаевтың Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен
жоспарлау үлгілері атты еңбегі жарыққа шықты. Автордың бұл еңбегі шағын
жинақты бастауыш сынып мұғалімдері үшін қиындық келтіріп отырған қазақ тілі
сабақтарының мазмұнын анықтау мәселесін шешуге байланысты жасалған алғашқы
әрекет болып есептеледі. Өйткені бағдарламада үлкен тақырыптарға арналған
сағат сандары ғана көрсетіледі де, әрбір жеке сабақтың мазмұнын белгілеу
үлкен қиындық туғызады. Сондықтан бұл құралда қазақ тілі сабағының мазмұны
мен көлемі анықталып, оның толық жоспарлау үлгілері берілген.
1981 жылы басылып шыққан А.Асқарбаева мен Г.М.Храпченковтың Шағын
комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері деп аталатын
еңбегінің маңызы аса зор болды. Бұл құралдағы көңіл аударарлық мәселе –
шағын жинақты бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарын бір пәндік жүйемен
жоспарлағанда қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмұны жағынан жақын, бір-
біріне ұқсас материалдарды іріктеп алып, жұптастырып, бір мезгілде
өткізудің тиімді болатындығы. Осы тұста шағын жинақты мектептегі оқыту
мәселесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар да пайда бола бастады. Атап
айтқанда: Қ.Аймағамбетованың Аз комплектілі бастауыш мектептерде
табиғаттануды оқыту, М.Сайпиннің Шағын комплектілі мектептерде
математиканы оқыту (1984), О.Сатқановтың Еңбекке үйрету методикасының
кейбір ерекшеліктері (1990) атты еңбектері. Аталған еңбектерде шағын
жинақты мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жеке пәнді оқыту әдіс-
тәсілдері, ұтымды жұмыс түрлері, сабақ жоспарлары тәрізді негізгі мәселелер
қамтылған. Олар, негізінен, бір пәннің бір мезгілде өткізілуін қолдап,
соған сай бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау үлгісін көрсеткен.
1970-1980 жылдары жоғарыда аты аталған ғалымдар мен кейбір мектеп
мұғалімдерінің қатысуымен Мектеп баспасынан бірнеше көрнекі құралдар да
жарық көрді. Мысалы: Ана тілінен тіл дамытуға арналған сюжетті картиналар
(1976), Аз комплектілі мектептер үшін грамматикалық таблицалар (1979),
Ана тілінен үлестірмелі картиналар (1981).
Бұл еңбектерден шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие ісі жалпылама
сөз болмай, негізгі жұмыс түрлері көбірек қамтылып, нақты нұсқаулар беріле
бастағанын байқаймыз.
Бірақ, тек қана 1980 жылдары Самарқан Егізбаев, Төлеген Оспановтардың
батыл қадамдарының арқасында бастауыш мектепте математикадан республика
ерекшеліктеріне лайықталған оқулық пен әдістемелік құрал мәселесі Мәскеу
ғалым-педагогтармен келісілді. Соның нәтижесінде 1986 жылы қазақ баласының
табиғатына жақындау математика пәнінен оқулықтар шыға бастады. Бірақ бұл
мәселе шешімін Мәскеу ғалымдарының кереғарлығына байланысты аяғына дейін
жеткізуге мүмкіндік болмады. Дегенмен, жарты қадам болса да бұл мәселе алға
жылжыды.
Еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресі мен оған ие болуы ұрпақ
тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай, қайта
қарауға мүмкіндік берді.
Соның арқасында және мемлекетіміздің білім саясатын анықтайтын
азаматтардың жігерлі қимылының негізінде Республика мектептері 1992-1993
оқу жылынан бастап төл оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге көше
бастады. 1996-жылғы 26-маусымдағы № 1173-қаулысына сәйкес республика
мектептерін жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік топтамалармен
қамтамасыз ету мақсатты бағдарламасы қабылданды. Осының негізінде 1997-1998
оқу жылынан бастап, барлық тілдегі бастауыш мектептер толығымен жаңа буын
оқулықтарымен қамтамасыз етілді.
Бұл құралдар ҚР бастауыш білімнің мемлекет стандартының негізінде
дайындалған бағдарламаға сәйкес жазылған, қазіргі кезде негізгі құрал болып
саналады.
Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де
379319 оқушы дәріс алады, 51796 мұғалім қызмет атқарады. Министрліктің 1997
жылғы ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқау хатында
ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны −
40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын
жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж
қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса,
бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп
аталады.
Тәуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын
жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-
4229-ға жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ тіліндегі мектептер.
Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың
ерекшелігі
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие
процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан
тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама
беріледі: шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу
сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы
білім беретін мектеп. ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ
жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі
мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру,
соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын
жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай
мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып
комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-
комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к
условиям обучения школьников в различных видах современных
общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3
сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының
аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-
комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді
жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.
ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі
туралы Ережелерде: (-2000 ж. №32 (6)) Жалпы білім беретін мектептерде
оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары
негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері
арқылы реттеледі,- делінген.
ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама
мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.
ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс
істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс
ұйымдастыруды қажет етеді.
• өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып
отыруы тиіс;
• сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен
атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла
жүргізілуі;
• осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін
туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің
басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа
байланысты.
Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ
жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер
ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы
оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ
әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да,
мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40
сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне
қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.
- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім
дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың
психологиясын жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады,
сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу,
тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі
жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын,
көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім
деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап,
орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз
бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де
көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны
барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.
ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның
қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар
іріктеуге аз уақыт жұмсалады.
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-
4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік,
дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен
қолдануға тырысады.
ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері,
кері жақтары да бар:
- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық
белсенділігінің артуына жол болмайды;
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс
жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын
ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп
отырады;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан
жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс
ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі
жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып
орындауына кері әсер етеді;
- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір
мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан
кенде, кейін қалады;
ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі
көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен
бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі
жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ
-нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын
болса;
- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері
бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты
түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын
дұрыс қолданатын болса.
ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан,
республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық
үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз
бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына
сипаттама
Оқыту құралдары – оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің бір
компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері,
принциптері сияқты).
Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В.Е.Гмурман,
Ф.Ф.Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П.Р.Атутов, И.С.Якиманская),
сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді
қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г.С.Костюк, А.Р.Лурия,
М.Н.Скаткин) сөз деп түсінеміз. Оқыту құралдары – бұл ақпарат алу
тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.
Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде
қарастыруға болады, ал әрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды
толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде
жаңа мәліметтер береді
Оқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай-
материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.
Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-
математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық
т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай
(баяндау моделі, аналогия моделі) болады.
Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту
құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т.б.
жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына
бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары,
әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға
болады.
Оқыту үдерісінің екі жақты үдеріс екенін ескере отырып, А.П.Усова
педагог пен баланың әрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің
өзіндік нұсқасын ұсынады. Осыған орай, ол дидактикалық құралдарды екі топқа
бөледі. Құралдардың бірінші тобы педагогтың іс-әрекетін қамтамасыз етеді
және ересек адамның оқытуды негізінен сөздің көмегімен жүзеге асыратынын
сипаттайды. Оқытудың екінші тобында оқытуға әсере ететін құралдар етіліп,
дидактикалық материалдар мен дидактикалық ойында ерекшеленеді, олар өз
кезегінде білім беру міндеттерін, яғни көрнекілік пен баланың ондағы
практикалық әрекетін ескере отырып құрылады.
Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау
ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата
білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың
мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық
материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық,
республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда
жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды
экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) Халық ағарту павильонына көрмеге
жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен,
Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-
тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы Аз комплектілі қазақ мектебі
деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті және
таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері
Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-
ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық
ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.
А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов,
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту
құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық
әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.
Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына
енетін мына құралдар жатады:
1. Бағдарлама (1-4 сыныптар);
2. Оқулықтар (1-4 сыныптар);
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар)
4. Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар);
5. Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал
(1-4 сыныптар);
6. №1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып);
7. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2
сыныптар)
8. Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды
орындау технологиясы (1-4 сыныптар);
ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына
арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.
Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп
жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай,
сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз бетімен жұмысын
басқаруға септігін тигізуі керек.
Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке арналған оқу құралдарын
дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне
сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің
оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең
алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-
комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау
материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық
диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге
үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.
1964 жылы В.П.Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік
ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға
арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі үлгілері жасала бастады. 1970
жылдан Г.Ф.Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін
оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты
жалғастырды.
Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше
құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны – стенка-шкаф
шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын
сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі
бар.
Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда.
Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық
материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта
оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік
нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша
тақырыптық жоспарлар.
Бұлармен қоса, арнайы ШЖМ-ке арналған құрал-жабдықтар бар:
1. Қарапайым лингофондық құрылыс, бір сынып оқушыларымен мұғалім жұмыс
істеп жатқанда, екінші сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын
ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
2. Шахтылы (шахтный) экран, жарықта қолдануға болатын экран, яғни оларды
қолдану кезінде бөлмені қараңғылау қажет емес.
3. Әр түрлі перфокарталар, планшеттер, блок-сигналдар; олар оқушылардың
білімдерін тиянақтау, бекіту, тексеру, есепке алу кезінде, сондай-ақ
оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады.
Практика көрсеткендей, қалыпты мектептерде қолданылатын оқыту, көрнекі
құралдарды, жабдықтарды ШЖБМ ерекшеліктеріне сәйкестендіре қолдануға
болады. Мысалы, сынып тақтасы, қалталы полотно (өз бетімен жұмысты
ұйымдастыруға болады), карточкалар (мұнда фланелограф не магниттік тақтаға
көлемі мен мазмұны әр түрлі тапсырмалар беріледі), тәжірибелер жасау және
ірі көрнекі құралдарды пайдалану үшін астына қойылатын (подставка) заттар.
Сабақта үнемі пайдалану үшін суреттер, кестелер, плакаттар алдын-ала
ілініп, беті жабылады.
Көптеген мұғалімдер диафильм және эпифильмдермен жұмыс істеу кезінде
отырған оқушылардың бойына қарай сынып бөлмесін шымылдықпен бөлуді
пайдаланып жүр.
ШЖБМ-те қалыпты мектептерге арналған оқу құралдарын қолданатындықтан,
аталмыш мектептердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, типтік оқыту
құралдарын толықтырып, сәйкестендіріп, мүмкін болса, күнтізбелік жоспарды
сынып-комплектінің ыңғайына қарай қайтадан жасауға, өңдеуге болады.
ШЖБМ мұғаліміне баспадан шыққан не қолмен плакатқа түсірілген жазба
көрнекі құралдары қажет. Оқушылар кестемен жұмыс жүргізу кезінде оларға
арналған ескертулер, нұсқаулар жазылған көрнекі-көрсету кестелері, дәптер-
блокноттар, анықтама материалдар, оқушының өз бетімен қорытындылауына
үйрету мақсатында берілетін баспаға түсірілген ережелер жан-жақты
қолданылады. Ал ол кестелерде тек орындауға арналған жаттығулар ған емес,
нақты тапсырма мен оны орындау үлгісі де берілуі тиіс.
ШЖБМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу. ШЖБМ-те пәндерді
оқыту нәтижелерін бақылау және диагностикалау
Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін
бағалау және есепке алу. Олар оқу үдерісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру
басшылығына байланысты. Бағалау деп оқушы жұмысындағы дербестікті,
тапсырманы дұрыс орындау нәтижені, білімнің, біліктің және дағдының сапасын
анықтауды айтады. Ал есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде
оқушылар мен оқытушының жұмысын жинақтап қорыту.
Үлгерімді бағалаудың білімділік және тәрбиелік маңызы бар. Білім беру
мағынасы - оқушылар объекті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы
қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді.Тәрбиелік мағынасы - объективті
бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастыратын құрал.
Білімді, білікті және дағдыны тексеру мен бағалау танымдық іс-әрекет
кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу
жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және оқытудың кері байланысын есепке
алу. Оқушылардың білімін бағалау үшін мынандай жағдайларды ескеру қажет:
- оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;
- баға әділетті болуы қажет;
- әрбір баға –бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік
құрал;
- бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;
- оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде
іске асыру керек.
Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білімін тексеру мен
бағалау - өте күрделі мәселе. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін арнайы
тексеруге уақыт қалдырмаса да болады, бірақ үй тапсырмасын тексеруді алдын-
ала қоңырауда көмекші-лаборанттың көмегімен іске асыруға болады. Сонымен
бірге, оқушылар жұмысының барысын өзі бағалай және дұрыс бағалай білуге
үйрету абзал. Өз жұмысын бағалай білген оқушы өз сыныптастарының, өзінен
кіші сынып оқушыларының еңбегін тексеріп, бағалауға үйренеді. Оқушы өз
жұмысын мұғалімге тапсырмас бұрын тексеріп, өзгенің жұмысын тексеріп,
бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстырады. Сонымен бірге, берілген өзіндік
жұмысты да міндетті түрде тексеру қажет. Ол жұмысты тексеру кезінде тек
қана оның қорытындысы тексерілмей, сол қорытындыны шығару үшін қалай
жоспарлағаны, қандай тәсілдер қолданып орындағаны, өзінің қалай тексеріп
отырғандығын – осының бәрін ескеріп, бағалаған жөн.
ШЖБМ мұғалімдері оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауда өз
тәжірибелерінде әр түрлі әдістерді және құралдарды қолданады. Көпшілік
жағдайда тапсырмалар әр оқушыға жеке-дара түрде беріледі де, мұғалім
тапсырма орындала салып, өз қолындағы жауаптармен іле-шала тексереді.
Сондай-ақ тапсырма жауаптары перфокарта түрінде дайындалып, оқушының жауабы
соның ішіне салынады. Кейбір мұғалімдер оқушылардың білімдерін бағалау үшін
алдын-ала дайындалған геометриялық фигураларды, суреттерді (ұшақ – 5,
жеңіл машина – 4, ат –3, тасбақа – 2 суреттері), жетондарды
пайдаланады.
ШЖБМ оқушыларының білім, білік және дағдылар деңгейін бағалау кезінде
тест әдісін қолданудығ да ролі өте зор. Тест әдісін қолданғанда оқушының
жасын ескеріп, оларды жаңалыққа үйрету, ізденіске талпындыру, жинақылыққа,
шапшаңдыққа, өзін-өзі тексеруге, қатесіне көзін жеткізуге, уақытты үнемдеу,
салыстыру және тексеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктер мол. Тесттің
тақырыптық, тараулық, тоқсандық, жарты жылдық, бір жылдық, қорытынды
түрлері болады.
Тақырыптық тест белгілі бір тақырыпты меңгергеннен кейін жүргізіледі.
Бұл тесте баланы ойландырып, оның іздену қабілетін дамытатын, аз уақыт
жұмсап, нәтижелі қорытынды шығаратынын, логикалық ойлау қабілетін
дамытатын, есептеу нәтижелерін салыстыру процестеріне арналған және арнайы
жетілдіруге іріктеп алынған тапсырмалар болуы мүмкін.
Педагогика ғылымында тестік тапсырмаларды зерттеумен айналысқан
ғалымдар В.И.Огорелков, В.С.Аванесов, т.б тестің бірнеше түрлері бар
екендігі тағайындаған. Ал кейбір әдіскерлер және практик мұғалімдер
мектептің бастауыш буынында қолдануға болатын тесттің төмендегідей түрлерін
ұсынады.
Біріншісі - білімді қарапайым түрде еске түсіруді жүзеге асыруға
арналған “ашық” немесе “конструктивті” тест. Мұнда жауап беруші тестің
талабына сай тапсырманы әрі қарай не сөзбен, не санмен, не болмаса
графикпен жалғастырады: Мысалы: математикадан тест тапсырмаларын
келтірейік.
А) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ------------------------
ә) Үшбұрыштың периметрін табу үшін ---------------------------
б) Нөлді бірге бөлсем, ---- шығады.
в) Куб тәріздес фигураның көлемін табу үшін -----.
Тесттің бұл түрін құрастыруда оқушының беретін жауабы сөйлемнің
соңында келетіндей нақты әрі қысқа болуы тиіс.
Тесттің келесі түрі - тапсырмаға сәйкес келетін жауапты таңдап алу,
яғни “сәйкестендіру” тесті. Мұнда тапсырмалар бір бағанға, жауаптар екінші
бағанға жазылады да, жауап беруші тапсырма - жауап түрінде жұптап, тізіп
жазады. М: а) тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданының өлшем
бірліктерін таңдап ал да, оларды жазып көрсет:
1.Ұзындығы А м
2.Ені Б см
3.Ауданы В м
Жауабы: 1-Б, 2-В, 3-А
Тесттің кең тараған түрінің бірі-қарама-қарсы жауаптар (дұрыс-қате,
ақиқат-жалған, жоқ-иә) көрсетіліп берілетін тест нұсқасы. Мұнда қарама
–қарсы жауаптардың дұрысын көрсету қажет болады.
М: а) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығын еніне көбейту
қажет.
Жауабы: 1)дұрыс 2) қате
ә) көбейткіштердің орны ауысқаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
1) жоқ 2) иә
б) 48-дің 8-ге бөліндісі 9-ға тең.
1) дұрыс 2) қате т.б
Тестің тәжірибеде жиі қолданылатын түрі ретінде нақты тапсырма бойынша
бірнеше жауаптар (ішінде біреуі дұрыс, бірнеше) берілетін тесті айтуға
болады. М:
а) Көлемнің өлшем бірлігі:
А) см В) кг С) сағ Д) см3 Е) см2
Жауабы: Д
ә) Мектеп бағында 4 алмұрт ағашы және одан 2-еуі артық алма ағашы бар.
Алма ағашы нешеу?
А) 4 В) 5 С) 6 Д) 7 Е) 8
Жауабы: С
Мектеп тәжірибесінде, көбінесе тестің аралас түрі қолданылады, яғни
берілген тестің барлық түрінде орта есеппен 4-5 тапсырмадан құрастырылып
беру көзделеді.
ІІ ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ, БІЛІК
ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН МЕҢГЕРУ БАРЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ШЖБМ-дегі математика сабағы, оның түрлері және олардың ерекшеліктері
Сабақ - оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ
туралы айтқан кезде оның мынандай негізгі белгілерін атап кетуіміз керек:
- оқу-тәрбие үдерісінің белгілі бір шектелген уақыт (35 не 45 минут)
ішінде өтуі;
- сынып деп аталатын жас шамалары бірдей балалардың тұрақты құрамынан
тұруы;
- қатаң бекітілген сабақ кестесінің болуы;
- өтілетін материалдардың барлық балаларға бірдей болуы;
- әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, ұжымдық-үлестірімділік, жеке-дара
формаларымен іске асырылуы.
Әрбір сабақтың мақсаты, міндеттері, түрі, қолданылатын көрнекі
құралдары, әдіс-тәсілдері анықталуы тиіс және сабақтың кезеңдері
көрсетіледі.
Оқытудың міндеттеріне сәйкес сабақтың да төрт түрлі міндеттері бар: -
білімділік;
- дамытушылық;
- тәрбиелік;
- практикалық.
Педагогика ғылымында сабақтың түрлері өте көп, олардың ішіндегі жиі
қолданылатындары - сабақтың дидактикалық мақсатына қарай жіктелетін
түрлері. Атап айтсақ: -аралас сабақ;
- мұғалімнің жаңа білімді хабарлау сабағы;
- оқылған материалды бекіту сабағы;
- оқылған материалды қайталау, жүйелеу, жалпылау сабағы;
- тексеру және оқушылардың білімдерін есепке алу сабағы.
Математика сабағы көбінесе аралас сабақ болып келеді. Әрбір сабақтың
түріне қарай оның кезеңдері де әр түрлі болуы тиіс. Дегенмен қазіргі
кездегі сабақ мұғалімнің түсіндірмесінен, дәптермен және оқулықпен,
дидактикалық материалдармен жұмыстан тұрады.
Сабақта қолданылатын әдіс түрлері - сөздік, практикалық және
көрнекілік әдістер. Бұлардың да түрлері әрбір сабақта, тіптен әрбір сыныпта
әр түрлі болуы мүмкін.
ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген
жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ
түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.
Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана
математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір
салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай
көшіруге септігін тигізеді.
Әр пәндік сабақтар дегеніміз математика сабағын басқа бастауыш сынып
пәндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді
екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі,
еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен
мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй,
дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде
бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен
математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады,
өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту
көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы
көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты.
Ал екінші топқа жататын ана тілі, табиғаттану пәндері жөнінде іс
басқаша. Бұл пәндерді оқыту балалардың сабақта өзбетінше жұмыс істеуін
керек етпейді емес, қайта бұл пәндер бойынша оқушылардың білімін оқулық
бойынша пысықтауды өте-мөте керек етеді. Бастауыш мектеп жасындағы
балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін,
көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей
жұмыс істеуді талап етеді.
Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да
болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру,
диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.
Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда
мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір
тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға
болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз
ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір
пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады.
Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы
артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер,
диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б. құралдарын қарауға болады.
Жоғарыда келтірілген сабақтың қай түрін қолданғанда, математикалық
білім жоғары деңгейде игеріледі? сұрағы туады. Л.Канцева, Т.К.Оспанов және
т.б. ғалымдар бір пәндік сабақ кестесін түзу тиімді деп есептеп, оны былай
дәлелдейді:
1. Біріктірілген барлық сыныптардағы бірдей сабақтар пәндік
алаңдаушылықты туғызбайды.
2. Мұғалім үшін де “үлкен” сабақтың логикалық жүйесін дұрыс құрып,
“кіші” сабақтардың барысын жете қадағалауға мүмкіндік туады.
3. Бір пәндік оқу жүйесі іс жүзінде бір тақырыптық сабақ жүргізуге
мүмкіндік береді.
Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақтың жабдықталуына ерекше көңіл
бөлінуі тиіс. Қатар оқытылатын сыныптарда әр түрлі құралдарды қолдану жан-
жақты ойластырылған болуы тиіс. Себебі, бір сыныпқа арналған құрал екінші
сыныпқа кедергі жасауы мүмкін. ШКБМ-де соңғы кездері сабақта оқу-тәрбие
жұмысын жетілдіру барысында техникалық оқыту құралдары кенінен қолданылуда.
Бір тақырыптық, бір пәндік сабақтар кезінде бұл құралдарды пайдалану өте
тиімді.(мысалы; диафильм, кинофильм, сюжетті суреттер). Бір диафильм
бойынша әр сыныпқа тапсырма беріп, жас ерекшеліктеріне қарай талдау
жұмыстарын жүргізуге болады. Сонымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz