Оқушыларға А.Құнанбаевтың қара сөздері, өлеңдері арқылы патриоттық тәрбие беру /педагогикалық кеңес/



Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты.
«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.
Абай халықтың болашақ жаңа қауымына , жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды , нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер- білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей , жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені патриотизм қашанда , қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін , маңызын жоғалтпайтын ұғым. Бізде көп жылдардан бері тәрбие сағаттарын осы Қазақ елінің ғұламасы , данасы Абай атамыздың қара сөздері арқылы оқушыларға дәріптеп келеміз. Мен өзімнің тәрбие сағатымда А.Құнанбаевтың орыс шығармаларынан аудармаларын, өлеңдерін, қара сөздерін өткізе келе мынандай жайтқа куә болғандаймын.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
М.П.Русаков атындағы №2 мектеп – интернаты

Оқушыларға А.Құнанбаевтың қара сөздері, өлеңдері
арқылы патриоттық тәрбие беру

педагогикалық кеңес

Тәрбиеші: Тлеубекова Қ.О.

Балқаш қаласы
2012-2013 оқу жылы
Оқушыларға Абайдың
қара сөздері, өлеңдері
арқылы патриоттық
тәрбие беру
Мақсаты:
1. Өз тілінің тарихын, халқының өткен өмірі мен бүгінгісін, халқымыздың ұлы
ойшылдарының өлеңдері мен қарасөздерін оқыта отырып, сөз мағынасын, сөз
астарын дұрыс түсіне білуге үйрету.
2. Қара сөз арқылы оқушылардың ойлау, сезіну, қорытынды шығара білу
қабілеттерін дамыту.
3. Мәнерлеп оқыту арқылы адамгершілікке, эстетикаға, еңбексүйгіштікке,
патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Міндеттері:
1. Жас ұрпақты Қазақстан мемлекетінің ұлттық тілін, мәдениетін, салт-
дәстүрін білуі.
2. Мектепішілік және қалалық іс шараларға қатысып, оқушының өзін-өзі
жетілдіруі.
3. Оқушылардың жеке қабілетінің анықталуы.
4. Қара сөз арқылы тіл байлықтарын арттырып, көркем-әдеби тілмен сөйлеуге
дағдылануы.
5. Тәрбие сағаттары арқылы оқушының жауапкершілігі мен ізденімпаздығының
жоғары болуы.
6. Оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі тәрбиешінің алдына қойған
мақсатының орындалуы.

Бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік идеологияның
темірқазығы болуы тиіс
Н. НАЗАРБАЕВ
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы.
Алтынсарин, А. Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Абай өз
қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары
Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген
қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына,
мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына
деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты.
Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз
да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер
болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты
мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас
едік деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің
тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын
берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.
Абай халықтың болашақ   жаңа қауымына , жасөспірімдерге арнап талай
өлеңдер жазды , нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер- білімге шақырды. Абай өз
өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей , жастарға үлгі – өнеге көрсету
үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық
үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Ыбырай атамыз да бар
үмітін жас ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас
ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені
патриотизм қашанда , қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін , маңызын
жоғалтпайтын ұғым. Бізде көп жылдардан бері тәрбие сағаттарын осы Қазақ
елінің ғұламасы , данасы Абай атамыздың қара сөздері арқылы оқушыларға
дәріптеп келеміз. Мен өзімнің тәрбие сағатымда А.Құнанбаевтың орыс
шығармаларынан аудармаларын, өлеңдерін, қара сөздерін өткізе келе мынандай
жайтқа куә болғандаймын. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен
әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл
ұстаз тәрізді-деп аса көрнекті ғалым М.Әуезов айтқандай қара сөздерінде
Жер дауы-
Әкімдер сиқы-
Дінге көзқарас-
Теріс мінездер-
Мораль-
Этика-
Бала тәрбиелеу\жастарды өнер – білімге шақыру-
Еңбек ете білуге шақыруы-айқын сезіліп тұрады.

Абайдың өлеңдері де, қара сөздері де нақыл сөздерге
(афоризмдерге) мейлінше бай келеді. Олардың кейбіреулері халық мақалына
айналып кетті. Мысалы, Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей, Жетім
қозы тас бауыр, түңілер де отығар деген сияқты сөздері ауыздан-ауызға
тарап, халық мұрасына айналды. Бұл оның нақыл сөздерінің ел тілегімен
қабысқандығын, түрі жағынан көркем, жатық, мазмұны жағынан терең, мағыналы
екендігін дәлелдейді.
Ақынның нақыл сөздерінің де түйіні өлеңінде болсын, қара
сөздерінде болсын еңбекке, ғылымға, өнерге, адамгершілікке, әділдікке үндеу
идеясымен ұштасып жатады.
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Немесе:
Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық, - деп, ақын оқушыларын ерінбей еңбек етіп, сол
еңбек арқылы өмірден керегіңді ізде, адам баласының күн көрісі үшін де,
адам болып жұрт қатарына қосылуы үшін де, еліне қызмет ету үшін де ең
бірінші керек нәрсе еңбек деген қорытынды шығарады.
Қазақтың ескі феодалдық қоғамының кертартпа көзқарасы Ауру қалса да, әдет
қалмайды, Сүйекке сіңген мінезді жөндеуге болмайды дейтін. Педагогика
ғылымы, жер жүзінің ірі-ірі педагогтері мінез-құлықты түзеуге болатындығын
да, түзеудің керектігін де ғылым жолымен дәлелдеп берді. Әдетті де тәрбие
арқылы қалдыруға болатындығын көрсетті. Бұл мәселені кеңінен толғап, терең
түсінген және сол жөніндегі прогрестік идеяға үндеген адамның бірі - Абай.
Абайдың: Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп
болмайды деген адамның тілін кесер едім, - деген сөзі мінез-құлықты
жөндеуге тәрбие жұмысының үлкен мәні барлығын қолдаушы адам болғандығын
айқындайды.
Абай орыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Қазақ ағартушыларының оқу – тәрбие туралы ой – пікірлері
Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану
Бастауыш мектеп оқушыларын әдебиеттік оқу сабақтарында Абай шығармалырын оқыту арқылы тәрбиелеу
Қазақ этпопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы
Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары
Абай Құнанбаевтың қара сөздері
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларын анықтау
Пәндер