Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін қазақ тілі сабағында пайдалану


Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен қара сөздері этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.
Ұлы ақынның шығармашылығын бүгінгі жастарға таныту – маңызды да жауапты мәселе. Орыс аудиториясында қазақ тіліне оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін Абай өлеңдерін, қара сөздерін жиі пайдаланамын. Әрине А. Құнанбаевтың бүкіл шығармашылығын танытып шығу мүмкін емес. Дегенмен, негізгі деген мәселелерді қамтуға болады. Ақынның өмірбаянын негізге ала отырып, құрмалас сөйлемнің түрлеріне бірнеше мысалдарды пайдаландым:

а) Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.
ә) Әжесі Зере Абайға ертегілерді, аңыз әңгімелерді айтып, жақсы тәрбиелеп отырған.
б) Абай өмірінің бастауы асқар таудай әкесі Құнанбай болды және ағар бұлақ анасы Ұлжан болды.
Осы тәріздес сөйлемдерге оқушылар синтаксистік талдау жасай отырып, ата, бала, немере арасындағы тәрбие байланысын,сыйластық сияқты ақын бойындағы өнеге құдіретін танытамын. Әжесі Зере ел тарихын айтып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретті. Ақылды, ұстамды, ақындық қасиеті бар дана әйел Ұлжан баласын ел – жұртын сүюге, әділдікке үйреткен. «Отбасы», «Менің туған - туысқандарым» атты сабақтарда ақынның өмірінен осындай өнегелі тәрбие беретін жақтарын пайдаланамын.
Сабақтың білімдік мақсатына сай ақынның өлеңдері, қара сөздерінен үзінділер таңдап алып, оған фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау түрлерін жасатып отырамын. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқушыға мәнерлеп оқытып алып, өлеңнің мазмұнын ашу мақсатында сұрақтар қойдым:
а) Өлеңде ақын жастарға қандай өсиет айтады?
ә) Жастарға қандай бес асылды ұсынады?
б) Ақын адамның қандай бес дұшпаны бар екенін айтады?
в) Ақын білім – ғылымның кілті неде дейді?
Оқушылар қойылған сұрақтар төңірегінде жауап береді. Ал мен өз ойымды:
- Бұл өлең ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті үлгісінде жазылған. Абай әрбір жігерлі жастың арманы ғылымды игеру болу керектігін, адамның ең қымбат кезеңінің – жастық шақтың оқуға, ғылымға жұмсалуын талап етеді деп айтып, қорытынды жасадым.
Содан кейін бес асыл істі ажыратуды, бес нәрседен: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашапақ қылықтарынан сақтануларын міндет етіп қойдым да, білім – ғылымның кілті – еңбектене білуде деген қорытынды бердім.
Абай атап көрсеткен жағымсыз қасиеттер арамызда кездесе ме? – деген сұраққа оқушылар өз пікірлерін айтты. Осыдан кейін оқушыларға ойын – күлкі, бос жүрісті кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден деп айта келіп, біліммен ғана мыңға басшылық жасап, ел басқаруға да мүмкін екенін әңгімеледім.
1. Абай тағылымы. Әдеби сын мақалалары мен зерттеулер жинағы. Алматы, Жазушы, 1986.
2. Абай. Жыл мезгілдері: Күз. Қыс. Өлеңдер. Алма-ата: Балауса,1992.
3. Дүйсебаев С., Жұмажанова Т., Мамырова Ә. Қазақ әдебиеті. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерге арналған оқулық. А., Білім. 2006.
4. Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой-пікірлер// Ақиқат ,1994. №4. 70-73 бет.
5. Сүйіншәлиев Х. «Абайдың қара сөздері». Алматы. 1956.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 4 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ӨЛЕҢДЕРІН, ҚАРА СӨЗДЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА
ПАЙДАЛАНУ

А.А. БАҚТЫГЕРЕЕВА
Қостанай құрылыс колледжі , Баймагамбетов көшесі,1, тел.: 22-05 -23,
e-mail: str_col @mail.ru

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе.
Асыл сөзді көздесең, жаттап
тоқы көңілге...

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін
салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен
қара сөздері этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой
пікірлерге толы.
Ұлы ақынның шығармашылығын бүгінгі жастарға таныту – маңызды да
жауапты мәселе. Орыс аудиториясында қазақ тіліне оқушылардың қызығушылығын,
белсенділігін арттыру үшін Абай өлеңдерін, қара сөздерін жиі пайдаланамын.
Әрине А. Құнанбаевтың бүкіл шығармашылығын танытып шығу мүмкін емес.
Дегенмен, негізгі деген мәселелерді қамтуға болады. Ақынның өмірбаянын
негізге ала отырып, құрмалас сөйлемнің түрлеріне бірнеше мысалдарды
пайдаландым:

а) Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды,
мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.
ә) Әжесі Зере Абайға ертегілерді, аңыз әңгімелерді айтып, жақсы
тәрбиелеп отырған.
б) Абай өмірінің бастауы асқар таудай әкесі Құнанбай болды және
ағар бұлақ анасы Ұлжан болды.
Осы тәріздес сөйлемдерге оқушылар синтаксистік талдау жасай отырып,
ата, бала, немере арасындағы тәрбие байланысын,сыйластық сияқты ақын
бойындағы өнеге құдіретін танытамын. Әжесі Зере ел тарихын айтып, жақсы мен
жаманды айыра білуге үйретті. Ақылды, ұстамды, ақындық қасиеті бар дана
әйел Ұлжан баласын ел – жұртын сүюге, әділдікке үйреткен. Отбасы, Менің
туған - туысқандарым атты сабақтарда ақынның өмірінен осындай өнегелі
тәрбие беретін жақтарын пайдаланамын.
Сабақтың білімдік мақсатына сай ақынның өлеңдері, қара сөздерінен
үзінділер таңдап алып, оған фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау
түрлерін жасатып отырамын. Ғылым таппай мақтанба өлеңін оқушыға мәнерлеп
оқытып алып, өлеңнің мазмұнын ашу мақсатында сұрақтар қойдым:
а) Өлеңде ақын жастарға қандай өсиет айтады?

ә) Жастарға қандай бес асылды ұсынады?
б) Ақын адамның қандай бес дұшпаны бар екенін айтады?
в) Ақын білім – ғылымның кілті неде дейді?
Оқушылар қойылған сұрақтар төңірегінде жауап береді. Ал мен өз
ойымды:
- Бұл өлең ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті үлгісінде
жазылған. Абай әрбір жігерлі жастың арманы ғылымды игеру болу керектігін,
адамның ең қымбат кезеңінің – жастық шақтың оқуға, ғылымға жұмсалуын талап
етеді деп айтып, қорытынды жасадым.
Содан кейін бес асыл істі ажыратуды, бес нәрседен: өсек, өтірік,
мақтаншақ, еріншек, мал шашапақ қылықтарынан сақтануларын міндет етіп
қойдым да, білім – ғылымның кілті – еңбектене білуде деген қорытынды
бердім.
Абай атап көрсеткен жағымсыз қасиеттер арамызда кездесе ме? –
деген сұраққа оқушылар өз пікірлерін айтты. Осыдан кейін оқушыларға ойын –
күлкі, бос жүрісті кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден
деп айта келіп, біліммен ғана мыңға басшылық жасап, ел басқаруға да мүмкін
екенін әңгімеледім.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім жолында
ізденіске жетелейтін – жарыс сабақтары. Сабақтың мұндай түрлері оқушының
білімі мен іскерлік қабілетін көрсетуіне және де бір тақырып аясын кеңейте
отырып, халқымыздың тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін насихаттауға
мүмкіндік береді.
Жыл мезгілдері блогын қорытындылау мақсатымен Абайдың табиғат
лирикасы деген тақырыпта екі топтың арасында сабақты сайыс түрінде
өткіздім.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, өлеңді
талдау машығын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.
Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, сөз өнері, әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс,
түсіндіру.
Көрнекілігі: ақынның портреті, табиғат көріністері, үнтаспа.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы, мақсатын
түсіндіру.
II. Топ жетекшілерімен, топтың атымен танысу.
III. Сайыстың кезеңдері.
1кезең – Поэзия.
Күз тобына: а) Өлеңді жатқа оқу.
ә) Өлеңде күздің қандай белгілері
суреттелді?
б) Өлеңде ауыл тұрмысы қалай
бейнеленген?
Қыс тобына: а) Өлеңді жатқа оқу.
ә) Ақын қысты қандай бейнеде
суреттеген?
б) Қыстағы адамдардың тіршілігі
қалай бейнеленген?
2кезең – Грамматика.
Тапсырма: Өлеңнен алынған үзінділердегі тұрлаулы мүшелерді табу.
А) Салбырыңқы тартыпты ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану жайлы
Абай Құнанбаевтың ғұмырнамасы
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағлымы
Қазақ тілі сабағын Абай шығармашылығымен байланыстыру
Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы
Абай Құнанбаевтың педагогикаға қосқан үлесі
Абай Құнанбаевтың өмірбаяны, ақындық жолы
Абай құнанбаевтың өлеңдері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь