Азамат соғысы



1. Дүние жүзіндегі азамат соғыстары
2. Қазақстандағы азаматтық соғыс
Тарихта белгілі бір ел шеңберінде халықтың демократиялық бостандықтар жолындағы ұйымдасқан күресінің не болмаса көпұлтты елдерде ұлттық езгіге қарсы қарулы көтерілістерінің азаматтық соғысына ұласқаны белгілі. Мысалы: Англияда “Алқызыл және ақ раушан” (1455 — 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүсітік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 — 1865 жылдары), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871 жылы), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 — 1939 жылдары) арасындағы азамат соғыстары болып өтті. 1918 — 1920 жылдары Кеңестік Ресейде орын алған азаматтық соғыс Қазақстанды да қамтиды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азаматтық соғыс жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, Жапония сияқты мемлекеттер үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктікұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса, оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Азамат соғысы
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Азаматтық соғыс -- мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.[1]
Мазмұны
[жасыру]
* 1 Дүние жүзіндегі азамат соғыстары
* 2 Қазақстандағы азаматтық соғыс
* 3 Дереккөздер
* 4 Қосымша мәліметтер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дүние жүзіндегі азамат соғыстары[өңдеу]

Қытайдағы азамат соғысы.
Тарихта белгілі бір ел шеңберінде халықтың демократиялық бостандықтар жолындағы ұйымдасқан күресінің не болмаса көпұлтты елдерде ұлттық езгіге қарсы қарулы көтерілістерінің азаматтық соғысына ұласқаны белгілі. Мысалы: Англияда "Алқызыл және ақ раушан" (1455 -- 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүсітік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 -- 1865 жылдары), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871 жылы), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 -- 1939 жылдары) арасындағы азамат соғыстары болып өтті. 1918 -- 1920 жылдары Кеңестік Ресейде орын алған азаматтық соғыс Қазақстанды да қамтиды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азаматтық соғыс жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, Жапония сияқты мемлекеттер үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктікұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар "қызылдар" деп аталса, оларға қарсы тұрғандар "ақтар" деп аталды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстандағы азаматтық соғыс[өңдеу]
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азаматтық соғыстың алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен -- Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азаматтық соғыстың Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Оралжәне Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азаматтық соғыстың тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, "ақтар" басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына "қызылдар" жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал "ақтар" жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында "ақтарға" қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістанмайданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.[2] [3]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дереккөздер[өңдеу]
1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Айбын. Энциклопедия. Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9
3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ "Қазақстан": Ұлттық энцклопедияБас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қосымша мәліметтер[өңдеу]
* [1] -- Революция және Азамат соғысы (1917-1920 ж.ж.)

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Мақаланы безендіру нұсқаулығына сәйкес көркемдеңіз.

1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. -Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.)
1. 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
2. Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер.
3. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші - экономикалық , екінші - саяси дағдарыс.
Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.
Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.
Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары - жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.
Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов Қазақ жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді
Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар Қазақ газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған Бүкілқазақтық съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқ- санда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі - ұлт Кеңесі құрылды. Алаш партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі.
Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы Азамат соғысы
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
Азамат соғысы. Жетісу қазақ әскерлерінің Әскери кеңесі
Азамат соғысы – халық қасіреті (1918-1920 жж.)
Қазақстан азамат соғысы қарсаңында
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Солтүстік Америкадағы азамат соғысы және халықаралық реакция
Қазақстандағы азамат соғысы және қазақ зиялыларының ұстанымы.
1917 жылғы ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ. ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ. ӨЛКЕДЕГІ АЗАМАТ СОҒЫСЫ
Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан туралы
Пәндер