Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық психологиялық негіздері. 5
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмауда олардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алудың педагогикалық негіздері. 5
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың алғы шарттары. 17
ІІ . тарау. Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту барысында кемшіліктерді түзету. 28
1.1. Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту 28
1.2. Бастауыш сынып математика сабағында үлгермеушілікті болдырмау жолдары. 38
Қорытынды. 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 44

Қазіргі таңда еліміздегі оқу тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар біліммен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қай заманда да мектеп қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Еліміздің қоғамның эканомикалық, саяси – мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизацияға көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының бүгіңгі таңдағы жетпес міндеті.
Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып – біліп, дамытып, адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Бастауыш сыныпта оқушылар өз өмірін дұрыс ұйымдастырып, оқушылар өзара мұғалімдермен, ата-аналармен шынайы да, сыпайы ізгілікті қарым қатынас орнатуға, кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады.
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында: “… бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктермен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көз қарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала” – деп қарау міндеті анықталған. Бұл міндет осы уақытқа дейін оқытудың көздейтін негізгі мақсаты – балаларға білім беру екендігі қазіргі кезде бір жақты, жеткіліксіз деп есептеледі. Себебі, мектеп оқушыларға білім беру мен қағаттанып сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді. Демек, білімді тиісті жағдайда қолдану оқытудың көздейтін негізгі мақсаты болып саналады.

1. Ж.Б.Қоянбаев
Р.М.Қоянбаева “Педагогика” Алматы - 2002 ж.
2. Л.Ш.Рувинский, В.А. Кон-Коли, Д.М.Гришин “Мамандыққа кіріспе” Алматы 1990.
3. “Қазақстан мектебі” N:6-2002ж.
“Үлгермеушілікті болдырмау жолдары” Маханбетова Эльмира.
4. “Бастауыш мектеп” N4-2001ж.
5. “Қазақстан мектебі” N2-2003ж.
6. Болдыреев. “Сынып жетекші” Алматы 1980.
7. Оспанов. “Математика оқыту әдістемесі”.
8. Лисенкова, Волков, Луготский “Педагогикалық ізденіс”.
9. Савин. “Педагогика”.
10. Мусин “Педагогика тарихы”.
11. 1-4 сынып математика оқулығы.
12. “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейіңгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы”. 2004ж.
13. “Мемлекеттік білім беру стандарты”.
14. Давыдов, Т.В. Драгунова, Л.Б.Шчельсон, И.С.Кон, А.В.Мудрик, В.С.Мухина “Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы”.
15. “Қазақстан мектебі”. 4-2003ж.
16. Тұрғынбаева “Дамыта оқыту технологиясы”.
17. “Бастауыш мектеп” 4-2004ж.
18. “Бастауыш мектеп” 6-2004ж.
19. “Бастауыш білім” 6-2003ж.
20. “Бастауыш білім” 4-5-2003ж.
21. Жарықбаев “Жалпы психология”
22. Ильина “Педагогика”.
23. “Тәрбие құралы” 4-2003ж.

Тақырыбы. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
Жоспар
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың
педагогикалық психологиялық негіздері. 5
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмауда
олардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алудың педагогикалық
негіздері. 5
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың
алғы шарттары. 17
ІІ – тарау. Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды
меңгерту барысында кемшіліктерді түзету. 28
1.1. Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту 28
1.2. Бастауыш сынып математика сабағында үлгермеушілікті болдырмау
жолдары. 38
Қорытынды. 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 44
Кіріспе:
Қазіргі таңда еліміздегі оқу тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан
жаңартулар біліммен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда
тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты
мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты
мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік
қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен
тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қай заманда да мектеп қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени
салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай
емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін
ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер,
баптап өсірер тәрбие керек. Еліміздің қоғамның эканомикалық, саяси – мәдени
дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизацияға көтерілетін, парасатты,
денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының
бүгіңгі таңдағы жетпес міндеті.
Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы
таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып –
біліп, дамытып, адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру
керек.
Бастауыш сыныпта оқушылар өз өмірін дұрыс ұйымдастырып, оқушылар
өзара мұғалімдермен, ата-аналармен шынайы да, сыпайы ізгілікті қарым
қатынас орнатуға, кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе
отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады.
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында:
“... бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктермен дағдылардың
иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көз қарасы
тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын
қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала” – деп қарау міндеті
анықталған. Бұл міндет осы уақытқа дейін оқытудың көздейтін негізгі мақсаты
– балаларға білім беру екендігі қазіргі кезде бір жақты, жеткіліксіз деп
есептеледі. Себебі, мектеп оқушыларға білім беру мен қағаттанып сол білімді
нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді.
Демек, білімді тиісті жағдайда қолдану оқытудың көздейтін негізгі мақсаты
болып саналады.
Білім мазмұнына деген мұндай жаңаша көз қарас ең алдымен білім, білік
дағдыларды меңгерудің негізгі ретінде оқушы дамуы мен тәжірибесін
қамтамасыз ету міндеттерін шешуді көздейді.
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы егемендігін алып,
тәуелсіз мемлекет болуына орай өткенімізді саралап, болашағымыз ды дамытуға
кеңінен жол ашылды. Тәуелсіз мемлекеттің алдында тұрған ең басты міндет,
еліміздің әлеуметтік, экономикасын, мәдениетін көтеру.
Бүгіңгі тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан –
жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан
ұрпақ тәрбиелеп өсіру – отбасының, бала – бақшасының, орта және жоғары
білім беру ошақтары мен барша халықтың міндеті. Бұл процестің стратегиялық
негіздері Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың халықтың
жолдауындағы “Қазақстан - 2030” стратегиясында Қазақстан Республикасының
“Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты мақсаты, ұлттық
мәдениетіміз бен халық педагогикасының негіздерінде, әр бір жеке тұлғаның
қалыптасуына қажетті жағдай жасау” – деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының
орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында
алыңған терең білімінің кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай
білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс
адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру.
“Білім тұжырымдамасының” 4.3 – бөлімінде І саты – бастауыш білім
беру, 1-4 сыныптар оқудың ұзақтығы 4 жыл. Оқу алты жастан басталады. Бұл
жас баланың ақыл – ойының дамуымен әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше
қолайлы кезең болып табылады. Білім мазмұны шетел тілі мен информатика
негіздерін ерте үйрену арқылы байытылатын болады. Бастауыш мектептің
негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету,
оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжда
қалыптастыруға және оқу қызметін білуге оқу, жазу, санаудың берік
дағдыларын үйренуге тілдік қарым - қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін
- өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез құлқының мәдениетіне, жеке
гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен
кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база
жасайды.
Орта білім беретін мектептердегі негізгі проблемлардың бірі –
оқушылардың сабақ үлгермеушілігі болып табылады.
“Білім тұжырымдама” сында айтылғандай орта білім беретін мектептердің
негізгі міндеті жаңа қоғамға жан жақта білімді, дүніетанымы кең, ұлттық
сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан бала тәрбиелеу, бұл міндет –
мұғалім бойына жіктеледі.
Орта білім беретін мектептердің негізгі міндеттерінің бірі
үлгермеушіліктің алдын алу және оны болдырмауға әрекет жасау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш мектеп математика пәнінде оқушылардың
үгермеушілігін болдырмау.
Зерттеудің пәні: 3-сыныптағы математика пәні.
Зерттеудің мақсаты: кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу
үлгермеушілігін болдырмаудың жолдарын қарастыру, алдын алу шараларын
ұйымдастырудың жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш мектеп оқушыларының сабаққа үлгермеушілігін анықтау
барысында зерттеліп жазылған педагогикалық - психологиялық
еңбектерге теориялық тұрғыдан талдау жасау.
2. Озат педагогикалық тәжірибелердегі оқушылардың үлгермеушілігін
болдырмау, туралы тәжірибелік еңбектерді зерттеу, салыстыру арқылы
тиімділігін анықтау.
3. Оқушылардың үлгермеушіліктерін болдырмауды қолданылатын әдіс –
тәсілдерді анықтап беру.
Зерттеудің әдістері: оқушылардың іс-әрекетін бақылау дидактикалық,
теориялық және оқу әдістемелік құралдарды оқып талдау, талдау-жинақтау
әдістері.
Жоспар:
І – тарау.
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың
педагогикалық психологиялық негіздері.
1-§. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмауда

негіздері.
2-§. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың алғы
шарттары.
ІІ – тарау.
Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуды ұйымдастырудың
әдістемелік негіздері.
1-§. Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту
барысында кемшіліктерді түзету.
2-§. Бастауыш сынып математика сабағында үлгермеушілікті болдырмау
жолдары.
3-§. Сабақ жоспары.
І – тарау. 1-§.
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмауда

Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес
оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге
табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып оларды
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгіңгі күннің басты талабы. Осы
талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-
тәсілдерін іздестіру мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы
ерекше.
“Білім негізі – бастауыш та” деп бекер айтпаған. Ол үшін дайындығы
мықты тәжірибесі мол бастауыш білім маманы қажет. Мектеп-үздіксі білім
беретін мекеме. Олай болса бар күш-жігерді бастауыш білім беруге салған
ләзім.
“Адам-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені
көп болған адам білімді болады” деген Абай атамыздың сөзін ұмытпай әр кез
жадымызда сақтағанымыз дұрыс. Бастауышта жақсы білім алған оқушы одан әрі
білімді еш бір қиындықсыз меңгере алады. Бастауышта алыңған білім
білімдердің негізгісі болып табылады.
Білім алу процессінде оқушылар дұрыс еркін, тез әрі түсінікті оқуға,
өз айларын ауызша, жазбаша дұрыс қорытуға, мазмұндауға, төрт амал көлемінде
элементарлық математика бойынша есептер шығаруға баулынады, оларға табиғат
жөнінде кей бір түсініктер беріледі.
Білім бері саласында оқыту прцессінің мәні өте зор, өйткені осы
кездегі қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылымы-практикалық
деңгейіне байланысты.
Оқыту прцесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір
жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған
орай, оқыту процесінде мұғалімдермен балалар ынтымақтаытығы, олардың
шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен
объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады.
Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді
меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім
деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы
ұйымдастыруға болмайды.
Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді, ақыл-
ой қабилеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін
ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған
сұрақтардың жауаптарын табады.
Оқушылардың білімді, шеберлік пен дағдыларды игеру процесіне білімді
қабылдау, ұғыну, бекіту және оларды практикада қолдану енеді. Бұл бұындар
сабақта сан алуан үйлесуі мен көрініп, оның сан қылы құрылысын анықтай
алады.
Сабақта білімді игеру процесінің негізгі бұындарының әр алуын
комбинациясын оқу материалының сипатына, сабақтың дидактикалық мақсаты,
оқушылардың жас және дербес ерекшіліктеріне, сондай-ақ коллектив ретіндегі
сол сыныптың ерекшелігіне байланысты.
Сабақтың құрылуына оқушылардың жас ерекшіліктері олардың дербес
сабақтарға дайындық дәрежесі шешуші ықпал етеді. Оқушы әліде болса, ұзақ
уақыт бойына өзінің назарын де болса, ұзақ уақыт бойына, өзінің назарын іс-
әрекеттің белгілі бір түріне шоғырлауды үйренбеген оқытудың алғашқы
кездерінде мұғалімге сабақ түрін жиі өзгертіп отыруға тура келеді.
Оқушылардың, жасына, оқу шеберлігіне және дағдыларының жинақталуына қарай
мұғалімнің басшылығымен істелгін жұмыстар мен сабақтағы оқушылардың дербес
істерінің ара-қатынасы да өзгереді. Мұғалімге коллектив ретінде, сыныптың
ерекшеліктерімен, оның ұйымшылдығымен санасуға тура келеді.
Мәселен, бастауыш мектепте сабақ өткізуде сан алуан ойын жаттығулары
едәуір орын алатындығы мәлім. Бірақ, егер мұғалім ойынды ірктеп алғанда
сыныптың ерекшеліктерін ескермес, онда ойын оқушылардың жұмыс қабілетін
ширықтырып, қалпына келтірудің орнына оқу тәртібін бұзуға әкеп соғуы
мүмкін. Мұның бәрі сабақтардың бір типті бола алмайтындығына көз жеткізеді.
Оқушылар мектепте білім ала отырып, тәрбиеленеді де. Тәрбие оқудан
ажыратылмайды. Мектеп беделі ең алдымен сабақтарда көтеріледі. Оқу сабағы,
грамматика, математика сабағы - ұдайы тәрбиелеу. Тәрбие сәттері сабақ
үстіндегі мұғалімнің сұрақтары, оқушының жауаптары, мұғалімнің іс-әрекеті,
оқушының іс-әрекеті сияқты дағдылы жұмыстары мен ұштасып жатады.
“Мен барлық ұстаздарға былай ғыбрат етемін: балалардағы білімге деген
талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбекқор
адамның мақтаныш сезімі осы оттың тұтанар бірден бір көзі”. В. А.
Сухамлинский.
Егер барлық балалар алдарына қойған міндеттерді орындаса, егер бір
біріне өзара көмектесіп сергек рақаттана жұмыс істесе, егер өткерілген оқу
күніне риза болып, үйлеріне тараса және ертеңгі күнді асыға күтетін болса,
онда оқуға деген ынта арта түседі. Ал мұның өзі – мұғалім еңбегімен
оқушылар үлгерімі нәтижелерінің көрсеткіштерінің бірі. Біздерге,
мұғалімдерге В. А. Сухамлинскийдің: “Еңбектегі табыс-бұл табысқа жеткен
адамның мақтанышы өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды” –
деген сөздерін ұдайы есте ұстауымыз керек.
Оқудағы үлгерім жолындағы күресу-балаларды оқи білуге үйрету, әр
қайсысының өз мүмкіндігіне сенуіне көмектесуі, ұйымшылдыққа, дербестікке,
жауапкершгілікке, еңбек тәртібіне тәрбиелеу.
Сабақты түсіндіре басқару, үлгі-тірек жұмысы сабақта өтілгендердің
бәрін балалардың сезініп ой елегінен өткізуіне, өз іс-әрекеттерін,
түсіндіріп, негіздеп отыруына көмектеседі.
Сабақтың құрылуына оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың дербес
сабақтарға дайындық дәрежесі шешуі ықпал етеді. Оқушы әлде болса, ұзақ
уақыт бойына, өзінің назарын іс-ірекеттің белгілі бір түріне шоғырлауды
үйренбеген оқытудың алғашқы кездерінде мұғалімге сабақ түрін жиі өзгертіп
отыруға тура келеді.
Оқыту процессінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке
алу – бұл оқыту процессінің негізгі заңдылығының біреі болып табылады.
Оқыту және тәрбие беру ісінде осы заңдылықты мұғалім әр уақытта
басшылыққа алады. Жас ерекшеліктері төмеңгі жағдайда есепке алынады.
а) оқу жоспарларын
ә) оқу бағдарламаларын
б) оқулықтар және оқу құралдарын т.б. ларды жасағанда.
Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері,
сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері жасалылнады. Осылардың негізінде
мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзіне асырылады. Оқу және тәрбие
жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті
шарттардың бірі.
1965 жылы Симпозиумда қабылдаңған бойынша туған баладан бастап жас
өспірімділік шаққа дейін 7 сатыға бөледі.
1. Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін)
2. Нәрестелік шақ (1-2 айдан 1 жылға дейін)
3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)
4. Мектепке дейіңгі балалық шақ (4-жастан 7 жасқа дейін)
5. Бастауыш мектеп шағы (7-жастан 11-12 жасқа дейін)
6. Жеткіншек шағы (7-жастан 11-12 жасқа дейін)
7. Жас өспірімдік шақ (14 жастан 17 жасқа дейін)
Мектепте балаларды 6 жастан бастап қабылдауға байланысты 4, 5, 6 және
7 сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары
осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи
негізі-жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір
ерекшеліктер байқалады. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні
өте зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу, үйеммен, ұжым және қоғамға
пайдалы еңбектің 7-12 жастағы балалар ұзақ уақтылық дене еңбегіне, күш
түсетін жұмыстарға әлі қабилетсіз болады. Сондықтан бұл жағдайдың ойын,
дене еңбектерінің барысында еске алғаны жөн.
Тәрбие процессінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады.
Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық,
түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмасын орындаудан қашушылық
т.б. Балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу тәрбиешілердің, ата-
аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты. Бұл жастағы
балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай
ерекшеліктерін еске алған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді;
жөнсіз кіналаудан жеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген қателерін
тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік
іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарында
өте ықыласты болады т.б.
Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері,
мұғалімдер айырықша бақылайды, зерттейді, тиімді етіп іске асырудың
әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата-аналарға дер кезінде көмек
көрсетеді.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін
педагогика біршама ертеде-ақ көрсеткен еді. Өткен заманның Я. А. Коменский,
Ж. Ж. Руссо сияқты ұлы педагогтары тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның
қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға шақырған болатын.
Қазіргі педагогикамен психология балалар мен жеткіншектердің
дамуындағы биологиялық фактордың маңызын асырып көрсетеді. Баланың дамуын
үнемі қозғалыс процесі ретінде қарай отырып, педагогика бұл қозғалыстан сан
жағынан жинақталу және сапа жағынан елеулі өзгерістер болу кезеңдері болып
көрсетеді. Мәселеге былайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының
бір қатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары жас мөлшерінің әр түрлі кезеңдерінде адам организмінің
даму ерекшеліктерін зерттеу жөнінде зор жұмыс жүргізілді. Осының негізінде
бірінен соң бірі қайталанып отыратын кезеңдерге бөлу қабалданды.
Белгілі бір жастық кезеңге тән анатомия – физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды.
Жас ерекшеліктері деген ұғым қайсы бір дәрежеде шартты ұғым, іс
жүзінде баланың даму ерекшеліктері жас ерекшеліктеріне ғана байланысты
болмайды, бұл ерекшеліктер өзін қоршаған ортамен белсенді қарым - қатынасқа
түсу процесінде қалыптасады. Сондықтан, педагогикамен психология балалардың
жас ерекшеліктеріндегі ширақтықтылықты, өзгерімпаздықты, солардың
тәрбиеленушінің іс-әрекеті және өзін қоршаған адамдармен жасайын өз ара
қарым-қатынастары жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
Жеке даралық ерекшеліктер жас ерекшеліктермен тығыз байланыста болады
– бұлар белгілі бір адамға тән болып келетін және оны басқа адамдардан
ажыратып көрсететін жеке адамның мінездің, ынта-ықыластың, ақыл-ой
қызметінің бағытты болуындағы елеулі әрі тұрақты ерекшеліктер.
Әр бір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде
байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері,
жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер
жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлқының,
темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. Дербес қабілеттердің
дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер
адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптады.
Әр бір адамның өзіне тән қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін
дамытуды жан-жақты және үйлесінді тәрбиелеу дейді.
Мұғалім күнделікті оқу-тәрбие жұмысының процесінде оқушылардың дара
ерекшеліктерін бақылап есепке алып отырады. Осындай нақты зерттеу жұмысының
нәтижесінде мұғалім балаларда кездесетін әр түрлі жағымды және жағымсыз
дара ерекшеліктерді байқайды. Оларға кейбір баланың оқу-материалын тез ұғуы
немесе баяу ұғуы берілген тапсырманы мезгілінде бұлжытпай орындауы немесе
түрлі сылтауларды айтып бас тартуы, іс-әрекеттерінің барысындағы
белсенділік немесе енжарлық, бір баланың байсалды, ұстамды болуы,
екіншісінің жеңілтек, қызба болуы баланың ұжымшыл болуы немесе ұжымнан өзін
оқшау ұстауы т.б. Осы сияқты әр түрлі дара айрымашылықтарды мұғалім тәрбие
жұмысын жоспарлауда еске алады, оларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар
жасап, нақты шаралар белгілейді.
Әр жастағы, оның ішінде төмеңгі мектеп жасындағы баланың психологиялық
ерекшеліктері бірден қалыптаспайды, керісінше бұл ерекшеліктер баланың
бұдан бұрыңғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына
көшуге даярлап отырады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі төмеңгі класс
оқушысының ерекшеліктерін зерттеп отырып, сол ерекшеліктерді мектепке
дейіңгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды, және
өз тәрбиеленушілерінің бұдан былайғы даму перспективаларын көрмей тұра
алмайды.
Оқушылардың түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін, олардың барлық
ықтимал мүмкіндіктерін іске қосу керек. Осыған орай, тәрбиеші мына
жағдайларды ескеруі қажет: кейбір баланың өз мүддесін ғана ойлауын
болдырмау, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыра білуге үйрету; баланы әр
түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу; баланы
өмірді даму күйінде көре білуге үйрету, т.б.
Қазіргі таңдағы білім беру және тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы
бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейіңгі кезеңін қамтиды.
Балалар мектепке алты жастан баратын. Ал бастауыш оқу ұзақтығы біздің
елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша
хронологиялық шектері болады.
Жеті жастан он жасқа дейіңгі кезеңге не ғұрлым тән негізгі белгі
мынада: бұл жаста мектеп жасына дейіңгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл
бала өз бойында мектеп жасына дейіңгі балалық шақтық белгілерін оқушының
ерекшеліктері мен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез
құлқында, саласында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар
жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму
мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды.
Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш
мектеп жасында қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың
ерекше назары қазір бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерін
анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу
және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушыларының физиологиялық ерекшеліктері – оқушылардың
бұлшық еттерімен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы
бұлшықет кіруі артады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз – он екі жасқа
қарай аяқталады. Егер осы жайда ескерсек, онда бастауыш сынып оқушысы
неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны
түсінікті болады. Оның білегі тез толадыда, ол өте тез және тым ұзақ жаза
алмайды. Бастауыш сынып балаларына, әсіресе 1-2 сынып оқушыларына жазбаша
тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Балаларды ұшырасатын графикалық
жағынан нашар орындалған тапсырманы көшіріп алу тілегі көбінесе нәтижені
жақсартпайды.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның
өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп
басымдылық рөлін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс-
әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық
және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.
Психологиялық құрылымдың қалыптасуымен дамуының жалпы заңдылықтарын
да, бала дамуының (жоғарыда) бөлініп көрсетілген түрлерінің әрқайсысына тән
ерекшеліктерді де ажыратып қарастыруға болады.
Баланың жеке басының белсенділігі – психикалық даму шарты. Осындай
жалпы заңдылықтардың бірі мынада: балада жаңа психолгиялық құрылымдардың
пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты. Жаңа
құрылым, тіпті ол оқыту үстінде, мысалы, тәсіл түсінде сырттан берілсе де
іс-әрекетке
еңгізілуі, осы іс-әрекетті өзгеріске түсірумен байланыстырылуы
тиіс.
Белгілі бір материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек,
баланың даму дәрежесіне қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді.
Игеру процесінде бала бағыттылық, сана және іс-әрекет ерекшеліктері
бар жеке адам ретінде көрінеді. Баланың жеке басының негізі жақтарының
дамуы игеру механизмдерінің өзгерістерін туғызады, бұлар оқыту әдістерінде
көрінуге тиіс. Мысалы, белглі бір жастағы балаларға пән жетекші бағыттылық
ерекшеліктері ескеріліп отырылуы тиіс. Мектепке дейіңгі шақта көптеген аса
маңызды жаңа құрылымдардың ойын әрекеті негізінде пайда болатыны белгілі.
Сондықтан бұл арада сабақтар көбіне дидактикалық ойын түрінде өтеді; мұнда
баланың жаңа білімдермен тәсілдерге ие болуы үстіндегі белсенділігі
неғұрлым көбірек дәрежеде көрінеді.
Бастауыш мектеп жасында жаңаны игеру оқу әрекетінің маңыздылығымен,
сондай-ақ танымдық ынталарының артуымен тығыз байланысты. Баланың оқу
әрекетін қалыптастырғанда ол оқуға, өзін қадағалау (өз білімін, өз
іскерлігін) өз жетістіктерін бағалай білуге бағдарын қамтитындай етіп
ұйымдастыру маңызды. Оқу процесінде бала үшін жаңаны танып білу мәнді,
қызықты болуы тиіс. Кейінірек оқу әрекетінің өзі неғұрлым тезірек
мативтермен (мысалы, қоғамдық, өзінің жеке басын жетілдіре түсуге
бағыттылығы т.б.) жандана бастайды.
Балаларды оқыту процесінде дамудың жалпы заңдылықтарынан басқа, бала
психикасы дамуының әр жағына тән нақтылы педагогикадық шарттырды да
ескерудің маңыздылығын дәлелденіп отыр.
Жасына, немесе жас шамаына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа
жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа
байланысты болады. Айтылып жүрген көз қарастардың біреуі даму сатыларының
өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп салды. Жас
жөніндегі мұндай ұғым психикалық дамуды табиғи биологиялық процес деп
түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көз қарас – жас даму білім мен
дағдылардың жай жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Тарихи даму процесіндк балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар,
оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады. Және бұлардың барлығы
дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Әр бір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып
табылады. Және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік
құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С.
Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың
белгілі, бір шама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы
циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік
көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрыңғы
кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі
қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл -
әрі балаға оңың өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі
айналасыдағылар мен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін біліммен
іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән
ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының
түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық
құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі
т.б.) ерекшеліктеріде енеді.
Жас шағы ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тәкелей
әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бірі бұрын дамыған
қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға
объективтің түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы
жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-
қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне қосудың қажеттілігімен
ерекшеліктеріне сабақтас келеді.
Сонымен, жас шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар
мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен оның айналасындағылермен қарым
- қатынас ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы
дамуының деңгейінен, біліммен ойлауның даму дәрежесімен, белгілі бір
физиологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы мен сипатталады.
Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынастар жасаудың даму деңгейі
бөлімдердің, тәсілдірдің, қабилеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс
анықтайды. Д. Б. Элькониннің көрсеткеніндей даму процесінің осы екі түрліше
жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды
ішкі негізін құрайды. Мысалы, баланың ерте сәбилік шағындағы сыртқы
болмыспен басланысы оның үлкендерге қарым-қатынасы арқалы денекерленеді.
Нақ осындай қарым-қатынастар жүйесі негізінде бала белгілі бір дағдыларды
игереді, онда қарапайым дәрежедегі ұғымдар қалыптасады. Үлкендермен қарым-
қатынас жасау тәсілдері байиды, тілі жетіледі т.с.с. Осының бәрі баланың
дербес іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің кеңеюіне, демек,
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз
болады. Ал соңғысы өз кезегінде психикалық дамудың онан арғы барысының
жағдайларын өзгертеді. (мысалы, бала енді болмысты өзінің тікелей іс-
әрекеті арқылы да танитын болады).
Баланың бұрыңғы даму жетістіктері мен тіршілік жағдайларын өзгерту
жиынтығы оның айналасыдағылармен өзара қарым-қатынасының мазмұны мен
тәсілдерін, үлкендердің оған деген қарым-қатынас формаларын өзгертуге әкеп
соқтыратын осыған ұқсас жағдай (мүлдем басқа дәрежеде болғанымен)
жеткіншектік шақта пайда болады. Дамудың дағдарыс кезеңдері деп аталатын
кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым-қатынастар ескерілмей, қалыптасқан
және айналасындағылармен өзара қарым-қатынас жасаудың алдыңғы кезеңіне тән
тәсілдермен осы кезең барысында дами бастаған балалар мүмкіндіктері
арасындағы үйлесінділік бұзылған жағдайда пайда болады.
І – тарау. 2-§.
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың алғы
шарттары.
Мектеп оқушыларының сабақ үлгермеушілігі және соған байланысты бір
сыныпта екінші жылға қалушылық күрделі проблема. Бұл проблемамен педагогика
ғылымының әр түрлі саласымен айналысатын және аталған мәселеге әртүрлі көз
қарастаға мамандар айналысады. Бірақ автордың бәрі де үлгермеушілік
проблемасын негізгі екі аспект бойынша
1. Мұғалімнің сабақ беру бойынша саласы және
2. Оқытқан кезде баланың дұрыс дамуы деген бағытта жете зерттеуде.
Кейде типті сыныптағы оқу жұмысын мұғалім дұрыс ұйымдастырғанда бір
неше нашар оқитын және үлгірмейтін оқушылар болады. Бұл құбылыс мейлінше
сан алуан себептердін туады. Кейде ұзаққа созылған сырқаттан болады. Сондай-
ақ мұғалім оқушылардың ерекшелігін ескермеуінен және онымен өзінің жұмысын
онша дұрыс құрмағандығынан болуы ықтымал. Кейбір оқушылар белгілі бір
пәннің қиындығын әрдайым дұрыс бағалай бермейді, сондықтан да қалып қояды,
басқаларда бір пәнмен әуестеніп кетеді, бұдан қалған пәнге нұқсан келеді.
Көп жағдайларда оқушалардың үлгермеушілігі ата-аналар тарапынан оқуы мен
мінез-құлқы бақылаудың жоқтығы нан болады. Отбасы бүкіл ғасырлай бойы адам
баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын
әлеуметтік орта. Әр бір бала өзінің алғашқы тәрбиесін отбасынан яғни ата-
анадан алады. “Ұяда нені көрсе - ұшқанда соны ілер” дегендей бала
тәрбиесінде ата-ананың алатын ролі ерекше. Отбасы белгілі дәстүрлердің,
жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір
жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір
жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала
тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланыста болуды өте жақсы түсінеді.
Өйткені, бала тәрбиесінің үйелменде, мектепте нәтижелі болуы осындай
ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасыдағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін
ұйымдастыруы. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар,
оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Ата-аналар балаларын белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға,
ұйықтауға, тұруға үйретулері, яғни ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.
Отбасы тәрбиесінде ата-ананың мінез - құлқы шешуші фактордың бірі А.
С. Макаренко балалар тәрбиесі жайлы лекцияларында: “Сіз өз балаларыңыздың
тәрбиесін бастамастан бұрын, өзіңіздік жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз...
Сіздің жеке мінез - құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата –аналардың өздеріне
талап қоюы, өз үйелменің қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап
отыруы-тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі”-деді.
Отбасында болатын маскүнемдік, ұрыс-керіс неке бұзушылық сияқты теріс
әрекеттердің болуы тікелей әкемен анаға байланысты. Осындай өрескел
қалыптардың негізінде ата-ана бір-біріне дөрекілік өкпе сөздер айтады,
бірін-бірі кемсітіп абыройларын төгеді, өз қадірін түсіреді. Сөйтіп, олар
өзін-өзі бақылауды тохтадады. Кейде олардың ұрыс-керісі төбелеске әкеліп
соқтырады. Бұл жағдай балалардың жанын тебірентеді, өз үйінен жеркенеді,
ата-аналар үшін олардың сенімі болмайды.
Маскүнемдікке жиі салынатын ата-аналардың нашар қылықтары да өз
балаларына әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай азғын ата-аналар туралы ұлы
педагог А. С. Макаренко “..егер сіз дөреке немесе маскүнем болсаңыз, ал
бәрінен жаманы, егер сіз шешесін балағаттасаңыз, онда сізге тәрбие туралы
ойлаудың қажетіде жоқ”-деп жазған.
“Егер әке немесе ана ішкілікке салынса, үйелмендегі мектеп жасына
дейіңгі және кіші мектеп жасындағы балалар жүйке ауруынан (невроз), қояншық
ұстамадан (эпилепция) азап шегеді, олардың ақыл-ойы нашар дамиды” – деп
дәрігерлер қорытынды жасайды.
Сонымен, ерле зайыптылардың бір-біріне жасайтын опасыздығы, бала
өміріне, оңың келешегіне қалай болса солай жауапсыздықпен қарауы еш бір
адамгершілік нормаға симайды.
Кейбір отбасында бала бір қалыпты өсіп жетіле бермейді. Біздің
байқауымызша оның себебі әке мен ананың қамқорсыздығынан,
қадағалаусыздығынан, мейрімсіздігінен туады. Осының нәтижесінде жеткіншек
шақтағы яғни өтпелі жастығы балалардың даму кезеңдерінде кенеттен кейбір
өзгерістер болады. Бұл кезеңде олар ерекше назар аударуды қажет етеді.
Өйткені балалар әлеуметтік өмірдегі түрлі құбылыстарға жеткілікті түсіне
бермейді.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар баланың өміріне тікелей әсер етеді.
Оқушының сабаққа деген көз қарасын өзгертеді. Оқушалардың сабақ
үлгермеушілігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Нашар оқу, үлгермеушілік және екінші жылға қалу оқушыға өте жаман әсер
етеді. Ол өз күшіне деген сенімнен айралады, оқуды жиі тастап кетеді.
Үлгірмеушілікпен екінші жылға қалып қоюшылық мемлекетке үлкен материалдық
нұқсан келтіреді. Сондықтан нашар оқу мен үлгермеушілікті жою мұғалімнің
аса маңызды борышы.
Ы. Алтинсарин “Халқ мектебі үшін ең керектісі – білімді мұғалім. Егер
оқушының сабаққа қызығуы жоқ болса, онда ол жерде мұғалімнің шеберлігі
қажет”-деген болатын.
Мұғалім баланың екінші анасы. әрбір сабақтың қызықты, тартымды болуы –
мұғалімнің шеберлігіне және білімділігіне байланысты.
Сухамлинский “Баланың баланың жүрегі неге айналатыны-үлпіреген гүлге
не қатып қалған қабаққа айналатыны (педагогика) мұғалімге байланысты”.
Мектеп табалдырығын аттаған және адам заттың камелетке жеткенге
дейіңгі тәрбиелеуші ықпалында болытын адамға берілетін білімдер, адам,
азамат туралы, оның асыл моральдық биігіне негіз болып қалаңған идеялардың
ұлылығы мен ізгілігі туралы білім бірінші қойылу керек. Әліппені үйренбей
тұрып оқу қаншалық мүмкін болмаса, мұғалім тұлғасының ролін терең түсінбей
тұрып оқу тәрбие процесінің деңгейін білу мүмкін емес.
Жаңа қоғамдағы қазақ ұлттық мектебінде әр шәкірттің білім алуымен
бірге психологиялық моральдық бейнесін қалыптастырып дамыта білетін ұстаз
тұлғасы оның идеялық сенімі, рухани байлығы, адамгершілігі, биік боғанда
ғана қоғам болашағы қалыптасады.
Мұғалім міндеті оқушыны ізденіске құлшындыру, алған ұғымдарын тұрмыс
қажеттілігінде тұтына алатындай дербес тұлға тәрбиелеу. Ол үшін мұғалім
сынып ұжымындағы әрбір оқушының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу, тұлғалық
даму жағдайын бақылау (білімі, іскерлігі, дағдысы) бағдарламасын жасап
зерттеу керек. Мұғалім әр оқушының өзіне тән тұлғалық психологиялық
ерекшеліктерімен танысуы, әр оқушыны себъект ретінде қабылдап жұмыс
жасауына ықпал етуі тиіс. Мұғалім жеке тұлғаны зерттеу әдістемелер блогын
құрып (сауалнама, тест, ойын т.б.) зерттеу нәтижелерін талдауы арқылы оның
әлеуметтік психологиялық даму деңгейіне ықпал етуі және жеке тұлғаның
қалыптасуына жұмыс тануы міндетті.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту
тұжырымдамасындағы, орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын
дүніе жағдайларында алыңған терең білімнің кәсібі дағдылардың негізінде
еркін бағдарлай білуге өзін өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз
бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жаупты шешімдер қабылдауға қабилетті
жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін атқару мұғалімнің педагогикалық,
психологиялық шеберлігі мен біліктілігін, білімділігі мен әдіскер
шығармашылығының болуын талап етеді.
Ұстаздықтың басқа мамандық иелерінен айрымашылығы айналадағы
адамдармен жан жақты қарым-қатынас жасап барлық күш құатын, білімін
жұмсайды. Дегенмен әр оқушының және басқалардың ерікшеліктеріне сәйкес
қарым-қатынас жасаудың өзіндік мән жайы бар.
Әрбір мұғалім өз сабақтарын түрліше өткізедіде бала бір сабақта
белсенді отырса бір сабақта ықыласы болмайды. Және осындай жағдайда оқушы
мен мұғалім арасында реніш пайда болады. Баланың басқа әрекетпен айналысып
сабаққа немқұрайлы қарауының, сабақтарда әр түрлі мінез көрсетуінің өзіндік
себептері бар.
Ұстаз үстемдік көрсетіп білік етіп шектен тыс қаталдық жасамай әжепті
түрде педагогикалық сабырлықпен қатаң талап қою, оқушыны дер кезінде
қадағалау керек.
Ұстаздың қойған талабы қадағаланбаса оқушы салақтыққа, теріс әдеппен
дағдыға бейімделіп кетеді. Жұмыстың бәрі аяқсыз қалады. Мұғалім
ұстамждылығы, шеберлігі болмаса тәрбиесінде үлкен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz