Студент білімін бағалау бойынша тест программасын құру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
Политехникалық факультет
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
Қорғауға жіберілсін «___» ж.
Жетекші
«Объектілі-бағытталған бағдарламалау (Delphi тілі) » пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: « Студент білімін бағалау бойынша тест программасын құру »
Жобаны орындаған : ИС-21 топ студенті:Тенизбаев С. Ж
Мамандығы: 5В070300Ақпараттық жүйелер
Курстық жоба қорғалды (бағасы)
Жетекші:аға оқытушы Муталова Ж. С
Орал 2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Негізгі бөлім . . . 5
1. 1 Delphi тарихы . . . 5
1. 2 Delphi ортасымен танысу . . . 6
1. 3 Delphi-дің терезелер жүйесі . . . 7
1. 4Қасиеттер және оқиғалар . . . 14
2. Жоба құрылымы . . . 18
2. 1Алгоритмдік блок-схема түрінде жазу . . . 18
2. 2 Блок-схема құрылымы . . . 20
2. 3 Жоба программасын жазу . . . 21
Қортынды . . . 25
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі . . . 26
Қосымша А . . . 27
Кіріспе
Осы курыстық жобаның басты мақсаты Delphi тілінде жазылған жеңіл тест құрастыру және кез - келген қолданушы компьютерініңаз қуаттылығыны қарамастан еркін пайдалану мүмкіндіктерін пайдалану болып табылады.
Қазіргі таңда программалауға деген қызығушылық өсіп келеді. Бұл күнделікті өмірде ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты. Егер адам компьютермен жұмыс жасайтын болса, ерте ме, кеш пе программалауды үйренуге қызығушылығы оянады немесе мәжбүр болады. Осы себептерге байланысты есептеу техникаларына деген сұраныс арта түсті.
80-жылдардың ортасында программалауда жаңа бағыт орын алды, оны объектілі-бағытталған программалау (ОБП) деп атады. Программалаудың бұл бағытында да құрылымдық программалаудың принциптері маңыздылығын жойған жоқ. Оған мәліметтер мен программалаудың құрылымдылығы, модульдығы т. б. айтуға болады. ОБП негізінде объект ұғымы жатыр, бұл ұғымда мәліметтер мен олармен мүмкін амалдарды түсіну керек. Сөйтіп объектіде оның қасиеттері мен қимыл-тәртібі топтастырылған. Объектілердің құрылымы ұқсас, тек қана қасиеттердің мәнімен ажыратылуы мүмкін. Мұндай жағдайда, программалауда объектінің бір құрылымына негізделген жаңа типтер жасалады, оны класс деп атайды. Ал осы кластың құрылымына дәл объектіні кластың экземпляры деп атайды. Объектілік, оқиғалық және құрылымдық программалаулардың технологиялары қазіргі заманда RAD-жүйелеріне біріктірілген, ондай жүйелердің құрамында көрнекі құрауыштар ретінде көптеген дайын кластар бар, олар программаға тышқанның бір түртуімен қосылады. Программист тек қана қолданба терезесінің сыртқы түрін және негізгі оқиғалардың өңделуін анықтауы қажет (яғни, түймешелерді, меню пункттерін, тышқан түймешесін басқанда қандай операторлар орындалатынын) . Барлық қажетті алғашқы кодтарды программалау орталары өздері генерациялайды. Осындай орталарға Visual Basic, Visual C++, Delphi жатады.
Осы мүмкіндіктерді іске асыра отырып, төменгі жылдамдықтағы компьютерлер үшін «Студент білімін бағалау бойынша тест программасын кұру» тесттінің бағдарламасын құру мақсат етіп қойылады.
Бұл курыстық жобаны жеңіл «Студент білімін бағалау бойынша тест программасын кұру» тест программасы құрылады және толығымен зеріттеледі. Осы мақсатқа қол жеткізіу үшін келесі міндеттер орындалады.
-Delphi 7 компоненттерін колдану.
-Компоненттерді зеріттеу.
Курыстық жобаны орындау барысында алгоритмдер мен функцияларды дұрыс орналастыру басты жұмыстың бірі блып табылады.
Курыстық жоба кі бөлімнен тұрады: негізгі және проктикалық. Негізгі бөлімде Delphi тарихы, программаны жазу кезінде қолданылған компоненттер, және олардың сипаттамасы, мүмкіндіктері көрсетілген.
Проктикалық бөлімінде құрылған программа толығымен сипатталып жазылған. Тест просесін көрсететін әрбір процедура реті көрсетілген.
Ақпарат қоғам өмір сүруінің барлық кезеңінде де адамдардың тіршілігі мен қызметінің негізгі факторы болып табылады. Қазіргі уақытта қoғам дамуымен бірге ақпараттар көлемі де күрт өсуде. Мұндай ақпараттар легін тиімді басқарудың бірде бір жoлы - oларды автoматтандыру. Басқару әдістері мен фoрмаларын тереңдету, әртүрлі техникалардың көмегімен ақпаратты беру, өңдеу әдістері мен заңдарын білумен айналысатын ақпараттық технoлoгия дамуы негізіндегі ғылыми - техникалық прогресс жетістіктері негізінде бoлды.
Әртүрлі салада ақпараттық - техникалық басқару ұйымдастыруға кететін уақытты біршама қысқартты және қаржыны арзандатты деп қабылдауға бoлады. Ақпараттық прoцесс жаңа техника мен жұмыс жағдайында жұмыс күшінің сапасын көтеруде қажетті бoлып табылады.
Таңдалған тақырып қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі жақсы ақпараттық қамту мекеменің жетістігі мен бәсекелестігінің кепілі.
1Негізгі бөлім
1. 1Delphi тарихы
Delphi тілінің тарихы Н. Вирт 70-жылдары жоғары деңгейлі Pascal тілін тапқаннан кейін басталды. Бұл тіл бағдарламалауды оқып үйренуде ең жақсы тіл болып табылады. Осыдан кейін 1983 жылы Borland компаниясын ұйымдастырған А. Хейлсберг басқа бағдарламалаушылармен бірге Turbo Pascal компиляторын құрастырды және ол Delphi тілінің дамуында келесі қадамдардың бірі болды.
Содан кейін бағдарламалауға объектілі-бағытталған тұрғыда қолданылған Object Pascal пайда болды. Windows, Windows 3. 10 бірінші версиясы пайда болған кезде, бағдарламашылар Delphi 1-ді жасаған болатын. Бұл Object Pascal тіліне негізделген бағдарламаны визуалды өңдеуге арналған объектілі-бағытталған орта болып табылды, яғни Delphi-дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын интегралдық құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып - үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір орында тұрмай ары қарай дамиды, сондықтан Borland фирмасы тағы бір жаңалық ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object Pascal тілі келеді, ол объектілі - бағытталған бағдарламалау концепциясына сүйенеді.
Windows 95 шыққан кезде Delphi 2, содан кейін Delphi 3, 4, 5 пайда болды. Delphi-дің негізі болып табылатын Object Pascal бағдарламалау тілдері көптеген өзгерістерге ұшырады, содан соң Borland компаниясының Delphi 6 пайда болысымен атын Object Pascal-дан Delphi-ға ауыстырғанын ресми түрде хабарлады. Сондықтан Delphi - бұл бағдарламаны өңдеудің визуалды ортасы деп айтылуы да дұрыс. Сонымен қатар, Delphi бағдарламалау тілдерінің ең жақсысы деп есептейтіндерде дұрыс пікірде.
Аталған оқулық Win32, яғни Windows операциялық жүйесінің 32-разрядты версиясы үшін бағдарламалау тілдерінің ең қарапайым версиясы Delphi 7-ні оқып үйренуге арналады. Қазіргі кезде Delphi-дің жаңа версиялары пайда болды, бірақ олар . NET технологиясына бағытталған.
Delphi көмегімен құрылған бағдарламалық қамтамасыздандыру нарығы Delphi 7-де жазылған бағдарламалық өнімдерді құрайды. Delphi-дің негізін бағдарламалау тілі ғана емес, RAD (Rapid Application Development) - бағдарламаны тез өңдеу ортасы құрайды.
Визуалды бағдарламалау және визуалды компоненттердің қоры негізінде Delphi өзіне басты жұмыстарды қабылдай отырып, бағдарламаны тез әрі тиімді етіп құруға мүмкіндік береді. Әрине Windows үшін кәсіби бағдарламаларын тез жасау мүмкіндігі Delphi - бағдарламашыларын қоғамдағы қызметтің барлық салаларында талап етеді.
Delphi және Object Pascal көп жылғы эволюцияның нәтижесі болғандықтан бүгінгі таңда олар жаңа компьютерлік технологияның өнімі болып табылады. Жеке тұрғыдан алғанда оны былай айтуға болады, Delphi-дің көмегімен бағдарламаның әртүрлі типін, атап айтқанда, консольді қосымшалардан бастап мәліметтер базасы мен Internet-те жұмыс істейтін бағдарлама құруға болады.
1. 2Delphi ортасымен танысу
Delphi ортасы - програмалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады.
Delphi - Windows операциялық жүйесінде жұмыс жасауға бағытталған бағдарлама құру ортасы. Delphi - дегі бағдарлама қазіргі көркемдік жобалау технологиясының негізінде құрылады, ал олар өз кезегінде объектілі болып келеді.
Delphi-дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын біратты интегралдық құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып - үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына байланысты. Delphi бағдарлама құратын және жаңа бағдарламаны даярлайтын бағдарлама құру әдістерінен, сондай-ақ құрауыштар кітапханасынан тұрады (сурет 1) .
Сурет 1. Delphi 7.
Delphi бағдарламасы - бұл өзара байланысқан бірнеше файлдар. Кез - келген бағдарлама жоба файлы (мұндай файл . dpr кеңейткішінен тұрады) және бір немесе бірнеше модульден тұрады (. pas кеңейткіші бар файлдар) . Жоба файлы бағдарламаның жинақтаушы бөлігі болып табылады, ол өте үлкен емес және Delphi бағдарламалау жүйесінде автоматты түрде қалыптасады.
Класс: Берілгендер мен оларға әрекет жасайтын арнайы тип. Ол өріс, әдіс және қасиеттерден тұрады. Кластың данасы болып объект табылады.
Объект:Белгілі тапсырманы орындауға арналған, екілік бағдарламалық кодтың автономды бөлігі болып саналады. Объектінің барлық құрауыштары объект болып табылады, бірақ керісінше емес.
Құрауыш: Delphi - дің стандартты класы, Delphi ортасында көрнекілік бағдарламаны іске асыруға арналған. Құрауыш болып меню, батырмалар, стандартты диалогтар (мысалы, қаріпті таңдау, файлды сақтау), енгізу болады.
Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым бір терезелерді қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорлармен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшклігі: NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Жалпы қазіргі уақытта Delphi, Mathcad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар мен қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқулықтар мен оқу әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphi ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В. И. Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше.
1. 3 Delphi-дің терезелер жүйесі
Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері - ObjectPascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++ for Windows.
ОБП тілінде программаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру) . Олар әсіресе Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi ортасы - көптерезелік жүйе. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор немесе Exsel кестелік процессорортасының «қатаңдығына» үйренген қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL - Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т. б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде:
- Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
- Кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows- тың барлық талаптарын қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрдеыңғайланады. ӨйткеніWindows- тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;
- Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма, компоненттердің динамикалы біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;
- Кез келген типтегі жергілікті және жойылғанмәліметтер базасымен жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;
- Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығару;
- Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;
- Windows- тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін Windows-тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды бағдарламаларын құру.
Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда прогаммалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
1-сурет. Delphi ортасы.
Сурет 2. Delphi ортасы.
1. Delphi 5-тің негізгі терезесі.
2. Объект инспекторы терезесі (Object Inspecteor) .
3. Форма (Form1) .
4. Модуль терезесі (программалық код терезесі) .
5. Негізгі мәзір.
6. Компоненттер палитрасы
7Аспаптар панелі.
Delphi-ді Windows арқылы іске қосу командасы:
Іске қосу - Программалар - Borland Delphi 5 - Delphi 5.
Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді (суретті-2) [2] .
Delphi -дің негізгі терезесі құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген (сурет-2) . Негізгі мәзір пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған. Ортада программа құруға арналған төртінші терезе - модуль терезесі (программалық код терезесі) де іске қосылады. Бұл модуль терезесі форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Негізгі терезе мен компоненттер жинағы. Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады. Бұл терезде Delphi-дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады.
Компоненттер жинағы немесе палитрасы - Delphi-дің негізгі байлығы болып табылады (сурет 3) .
Ол негізгі терезенің жоғарғы жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады. Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функциональды элементті айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз.
Сурет 3. Компоненттер жинағы немесе палитрасы.
Бұл түймелер - пиктографикалық түймелер деп аталады. Пиктографикалық түймелер бас мәзірдің маңызды опцияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пиктографикалық түймелер келесі командаларды жүзеге асырады:
- (File/Open опциясы) ;
- Файлды ашады (File/OpenFile) ;
- Жобаны дискіде сақтайды(File/Save Project) ;
- Жаңа файлды жобаға қосады (File/SaveFile) ;
- Жобадан файлды алып тастайды (File/AddFile) ;
- Ағымдағы жобаға байланысты модульдер тізімінен модуль таңдайды (View/Units) ;
- Бағдарламаның код терезесі және форма терезесі арасындағы белсенділігін алмастырады (View/Toggle Form/Unit) ;
- Ағымдағы жобоға байланысты формалар тізімінен форма таңдайды (View/Forms) ;
- Жаңа бас форма құрады және оны жобаға қосады (File/New Form) ;
- Бағдарламаны орындайды (Run/Run) ;
- Шақырылатын бағдарламаша жұмысын қадағалауды және бағдарламаның қадамдық із салуын жүзеге асырады (Run/TraceInto) және тағы басқалар.
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Проект құру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан түрлі компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткіліті.
Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі қасиеттері бар. Қасиет (Сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері - форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т. б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Программа құру форманы не онда орнатылған компоненттің кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Объект инспекторы (Object Inspecteor) терезесіне енгізілген қасиеттер тізімін шығару үшін объектіні таңдап алу керек. Инспектор терезесінің жоғары қатарына таңдалған объект (нысан) атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 1-суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар) . Терезе ашылғанда екі бағанаға енгізілген жазулардан оның Properties бөлімі ашылулы тұрады (1-суретті қара) . Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар - олардың мәндері.
Сурет 4. Формаларды құрастырушының терезесі (Form 1) .
Сурет 4форманы екі рет шерткен кезде программмалық код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы көрсетілген. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector) .
Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиғалар атауының алдына On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі. Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
- OnClick - тышқан батырмасын бір рет басу;
- OnDblClick - тышқан батырмасын екі рет басу;
- OnKeyDown - пернені басу;
- OnCreate - форманы екі рет шерту; т. б.
- Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проект файлы (негігі модуль) және unit1, pas атауы берілген модуль. Олар жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, ол енгізілетін терезені программалық код терезесі деп атайды. Формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 пернесін басу жеткілікті.
Сурет 5. Программа кодының терезесі (Unit 1. Pas)
Сурет 5форманы екі рет шерткен кезде программмалық код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы көрсетілген. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector) .
Программа (немесе Модуль) кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы - Object Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан тұрады. Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады. Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы Unit, Unit 1 және implementation қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы - {SR*DFM} және END қатарлар аралығы бойыншаорындалады.
Сурет 6. Программа кодының терезесі (Unit 1. Pas) .
Модульдің жалпы құрылымы. Әрбір модуль жалпы жағдайда келесі құрылымда болады:
Unit <модуль аты>
Interface // модульдің ашық интерфейсі
{констант модульдер тізімі, тұрақтылар, айнымалылар,
функциялар, процедураларды хабарлау}
implementation // модульді реализациялау
{констант модульдер тізімі, тұрақтылар, айнымалылар, функциялар, процедураларды хабарлау}
initialization {міндетті емес}
<модульге бірінші жүгінгенде 1 рет қана орындалатын
oператорлар>
finalization {міндетті емес}
Модуль мәтіні 2 бөліктен тұрады: interface және implementation.
Interface:
-uses:
пайдаланылатын процедуралар, функциялар және кластар
қамтитын модуль сипатталады. Олардың тізімі қосылған
компоненттердің формаларына байланысты автоматтытүрде құрылады.
- type:типтерді сипаттау, автоматты түрде форманың кластарысипатталады.
- var: жалпы айнымалыларды сипаттайды.
-const: тұрақтыларды сипаттайды. Бұл автоматты түрде құрылмайды, оны қосу ешқандай қиындық тудырмайды.
Implementation:
Uses: “$R” - көмегімен ресурс файлдары қосылады. Автоматты түрде аты модуль файлының атымен бірдей файлы құрылады. Бұл файлда форма жөнінде ақпараттар сақталады. Процедуралар мен функцияларды іске асыру сипатталады. Автоматты түрде оқиғаларды өңдеу құрылады.
1. 4 Қасиеттер және оқиғалар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz