Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жауаптылығы


КІРІСПЕ3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА СЫБАЙЛАС ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ4
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА СЫБАЙЛАС ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ШЕКТЕН ШЫҒУЫ7
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА СЫБАЙЛАС ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАНАСУШЫЛЫҒЫ8
ҚОРЫТЫНДЫ10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ11
КІРІСПЕЕкi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бiрлесе қатысуы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады. (27 бап ҚК)
Егер белгілі бір қылмысты бір адамнан көп адамдар жасаса оның қауіп-қатері салыстырмалы түрде жоғары болады. Бірнеше адамның қылмыс жасауы үшін бірігуі, олардың ойлаған қылмысының іске асуын жеңілдетеді, және де қоғамға, мемлекетке немесе бір тұлғаның мүдделеріне ауыр зақым келтіреді, қылмыстың іздерін жасыру үшун және оны жүзеге асыру үшін әбден жетілдірілген тәсілдерді қолдануға мүмкіншілік береді. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көпшілік бөлігі біреудің мүлігін аса ірі мөлшерде ұрлау, тұрақты қарулы топты (банданы) құру, сол сияқты осындай топқа (бандаға) басшылық ету сияқты қылмыстарға құқық бұзушылардың сыбайлас қатысуы кездейсоқ емес.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауапкершіліктің негізі бір немесе біріккен адамдардың тобы қылмыс жасаса, нақты бір адамның іс-әрекетінде қылмыстық нышандар құрамының болуы. Оны біз заңда қылмыс деп анықтайтын белгілердің жиынтығын айтамыз. Демек, құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу қылмыстық жауапкершіліктің негізін бұзмайды да, өзгертпейді де. Қылмыстық жауапкершіліке және жазаға іс-әрекетінде қылмыстық нышандар құрамының болуы дәлелденген адам ғана тартыла алады.
Сонымен қатар құқықтық тәртіпті қылмыстық қастандықтан қорғайда қорғауда, сыбайластық институты арнайы қызметтік рөлді ойнайды:
А) болған іс-әрекет үшін жауапкершілік қатарын орнатады,
Б) біріккен қылжыс жасаған үшін жауапкершілікке тартылатын адамдардың тобын анықтайды,
В) сыбайлас қылмыс жасағандар жазасынның дараландыру белгілерін көрсетеді. Қылмыстық іс-әрекеттің ерекше түрін жасай отырып, сыбайлас қылмысқа қатысу объективті және субъективті белгілерінің қатарымен сипатталады.
Ең біріншіден сыбайлас қылмыс белгісінің бар болуы үшін, жасалған қылмыста екі немесе одан да көп жауапқа қабілетті, қылмыстық іс-әрекет үшін жауапкершілікке тартылатын жасқа толған адамның болуы керек. Бұл сыбайлас қылмысқа қатысушы ретінде өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын немесе кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар шыға алмайды.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА СЫБАЙЛАС ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫҰйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушi орындаушымен бірге қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылар деп танылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықты тiкелей жасаған не оны жасауға басқа адамдармен (бірге орындаушылармен) бiрлесіп тiкелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты іс-әрекеттi абайсызда жасаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты құрған не оған басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiрген адам айдап салушы деп танылады.
Кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, осы іс-әрекетті жасайтын қару немесе құралдар беруімен не оны жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ орындаушыны, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де құралдарын, осы іс-әрекеттің iзiн не құқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды иемденуге немесе өткiзуге күні бұрын уәде берген адам көмектесушi деп танылады. (28 бап ҚК)
Сыбайлас қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы олардың әрқайсысының қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қатысу сипатымен және дәрежесiмен айқындалады.
Бірге орындаушылар өздерiнiң бiрлесiп жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн Қылмыстық Кодекстiң 28-бабына сiлтеме жасамай, осы Кодекстiң белгілі бiр бабы бойынша жауап бередi.
Ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушiнiң жауаптылығы, олар бiр мезгiлде бірге орындаушылар болып табылған жағдайларды қоспағанда, жасалған іс-әрекет үшiн жаза көзделетiн бап бойынша, Қылмыстық Кодекстiң 28-бабына сiлтеме жасала отырып туындайды.
Орындаушы өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейiн жеткiзбеген жағдайда, қалған сыбайлас қатысушылар қылмысқа дайындалуға немесе қылмысқа оқталуға сыбайласып қатысқаны үшiн жауаптылықта болады. Өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша басқа адамдарды қылмыс жасауға көндiре алмаған адам да осы іс-әрекетті жасауға дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.
Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында арнайы көрсетілген, қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектiсi болып табылмайтын, осы бапта көзделген іс-әрекетті жасауға қатысқан адам осы қылмыстық құқық бұзушылық үшiн оны ұйымдастырушы, оған айдап салушы не көмектесуші ретiнде қылмыстық жауаптылықта болады. (29 бап ҚК)
Қылмыстық құқық ғылымында баршаға мәлім, сыбайлас қылмысқа қатысу қылмыстық жауапкершілікке ерекше негіздер жасамайтыны белгілі. Сыбайлас қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауапкершілігінің негізі, қылмысты бір адам жасаған кездегідей, оның жасаған іс-әрекетінде, осы қылмысты жасауға арандатушылық құрамының, белгілі бір қылмыс жасалғанда сыбайластық құрамының және т. б. болуы.
Біріккен қылмыстық іс-әрекет кезінде әрбір сыбайлас қылмысқа қатысушы біріккен қылмыстың жасалуына белгілі бір үлесін қосады. Сондықтан сыбайлас қылмысқа қатысушылар ол қылмысты жасауға итермелеген объективті немесе субъективті ерекшеліктеріне қарамай, олардың барлығы бір қылмыс үшін жауапқа тартылады.
Егер қылмыс орындаушыға қатысты емес белгілі бір себептермен соңына дейін аяқталмаса, қалған сыбайлас қылмысқа қатысушылар қылмысқа дайындық үшін немесе қылмысқа қастық ету үшін жауапқа тартылады. Және де қылмысқа даындық үшін қылмыстық жауапкершілікке, оған қатысты емес белгілі бір себептермен басқа адамдарды қылмысқа тарта алмаған адам да тартылады.
Қылмыс жасауға сыбайлас қатысқаннан басқа тағы бір ажырамас объективті дәлел ретінде екі немесе одан көп адамдарның қылмыс жасағанда өз қызметінің келісушілікті ұсынады. Қылмысқа бірлесіп қатысу, әрбір қатысушының іс-әрекеттері, қылмыстың әрекеттер басқа қатысушылардың орындауға алғышарт болып табылады және бір жағымсыз нəтижеге жетуге айтарлықтай ықпал фактісі көрінеді. Жеке тұлғалардың қылмысқа қатысу сипаты әр түрлі болуы мүмкін.
Осылай, қатысушылардың бірі тікелей әрекеттердi жасаған, Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде жазылған - орындаушы, келесі қылмысты жасауға итермелеген - арандатушы, ұшінші - бірнеше тұлғалардың ұйымдасқан қылмыстық қызметті ұйымдастырған - ұйымдастырушы, төртінші - кеңес, басшылық, қаражат ұсынумен қылмыс жасауға ықпал жасаған еткен - сыбайлас.
Сыбайлас қылмысқа қатысушылардың бірлескен іс-шараларының сыртқы өрнегі, бір зиянды нәтиже мен әрбір сыбайлас қылмысқа қатысушының іс-әрекентіні арасындағы себеп-салдарлық буын болып табылады.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқықтың жалпы қабылданған теориясы, бір зиянды нәтиже мен әрбір сыбайлас қылмысқа қатысушының іс-әрекентіні арасындағы себеп-салдарлық буын - осы нәтиже үшін жауапкершілікке қажетті шарты.
Ұйымдастырушылар, айдап салушы және сыбайластың іс-әрекеттері, орындаушыға қандай да бір көмек көрсетіп, қылмыс орындалға дейін ғана орын алуы керек.
Қылмыс, жалпы жағдайы бойынша, заңмен қорғалатын объектіні бұзу нақты тоқтатылғаннан кейін бітті деп саналады. Алайда, кейбір жағдайларда, қылмыстық құқық, бұл ережеден ауытқып, қылмыстың аяқталған кезін алдын ала қылмысқа дайындық кезеңімен байланыстырады. Мысалы, қарақшылық шабуыл кезінде - қастандық кезеңімен, ал бандиттік кезінде - алдын ала қылмысқа дайындық кезеңімен байланыстырады.
Мұндай жағдайларда сыбайлас қылмысқа қатысушы тұжырымдамасын әзірлеу кезінде нәтиженің құқықтық емес, озбырлықтың нақты фактілік түрде аяқталған жерінде құрған дұрыс. Осылай тонаудың сыбайласы болып, шабуыл үшін қарақшыға қажетті қару жеткізетін адам ғана емес, шабуыл кейін қарақшыға көмектескен немесе кепілге алу кезінде көмектескен адам да саналады.
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА СЫБАЙЛАС ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ШЕКТЕН ШЫҒУЫСыбайлас қатысушының шектен шығуы деп адамның басқа да сыбайлас қатысушылардың пиғылында болмаған қылмыстық құқық бұзушылық жасауы танылады. Оның шектен шыққаны үшiн басқа сыбайлас қатысушылар қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. (30 бап ҚК)
Сыбайлас қатысушының шектен шығуы кезінде, орындаушының басқа сыбайлас қылмысқа қатысушылардың ойларынан басқа іс-әрекет жасағаны үлкен практикалық маңызға ие.
Сыбайлас қатысушының шектен шығуын сандық және сапалық деп бөлуге болады. Сандық сыбайлас қатысушының шектен шығуы кезінде орындаушы сыбайлас қылмысқа қатысушылармен шартталған, біркелкі қылмыс жасайды. Мысалы арандатушы орындаушыны тонауға иетермелейді, ал ол ұрлық жасайды. Бұл кезде арандатушы тонау жасағысы келгені үшін жауапқа тартылады, ал орындаушы ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылады.
Сапалық сыбайлас қатысушының шектен шығуы кезінде орындаушы сыбайлас қылмысқа қатысушылармен шартталған қылмыстан, басқа қылмысты жасайды. Бұл сыбайлас қатысушының шектен шығуы кезінде орындаушы, сыбайлас қылмысқа қатысушылар ниетінен басқа, өзінің ниеттерін көзедйді. Осының себебінен сыбайлас қылмысқа қатысу ережелері бұл жерде қолданылмайды. Орындаушы жасалған қылмысы үшін жауапқа тартылады. Ал қалғандары сыбайлас қылмысқа қатысулары үшін емес, қылмысқа дайындалғаны үшін жауапқа тартылады. Бұл жағдайда Қылмыстық кодекстің 24 бабы қолданылады.
Тікелей пиғылмен жасалған, қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа сыбайлас қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл ретте қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа дайындалу деп танылады.
Сонымен, қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың шектен шығуы жайлы қорытындылай кетсек, қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың шектен шығуы дегеніміз, қылмысқа басқа сыбайлас қатысушылардың ойын қамтымайтын қылмысты жасау болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың шектен шығуы орындаушымен қатар басқа да қылмысқа сыбайлас қатысушылардың әр-түрлі рөлдер ойнауында да, қылмысты бірлесіп орындауда да болуы мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың шектен шығуы үшін басқа қылмысқа сыбайлас қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА СЫБАЙЛАС ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАНАСУШЫЛЫҒЫ
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жанасушылығы дегеніміз, басқа бір адамның қылмысымен байланысты саналы іс-әрекет, бірақ ол оны іске асырудағы сыбайластық емес. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жанасушылығы түрлеріне алдынала уәде бермей қылмыскерді жасыру, қылмыс жасалғаны туралы хабарламау немесе қылмысқа жол беруді жатқызамыз.
Қылмыстық Кодекске сай қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жанасушылығы формалары қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Ерекше жағдай ретінде Қылмыстық Кодексте Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру туралы 433 бап қарастырылады. Уәкілетті лауазымды адамның анық дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызбен немесе хабарламамен жүгінген адамға қатысты алдау, азғыру, қорқыту немесе өзге де құқыққа сыйымсыз әрекеттер арқылы не аталған адамның өтінішін кез келген өзге тәсілмен жою немесе жасыру арқылы қылмыстық теріс қылықты немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты тіркеуден қасақана жасыруы - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бірақ егер белгілі бер адам өзінің туысын немесе жолдасын алдынала уәде бермей қылмыскерді жасырса, онда ол қылмыстық жауапталыққа тартылмайды.
Объективті жағынан қарағанда алдынала уәде бермей қылмыскерді жасыру адамның активті іс-әрекетімен сипатталады. Ол осымен қылмыс жасалғаны туралы хабарламау немесе қылмысқа жол берумен ерекшелінеді.
Қылмыскерді жасыру болып оған билік органдарынан тығылу үшін баспана беру, оның сырт келбетін өзгертуге көмектесу (оның киімін ауыстыруға көмектесу, жасанды шаш беру және т. б. ), оған керекті құжаттар беру, оған керекті көлікті бері және т. б. табылады.
Кейде қылмыс жасалған аспаптар мен құралдарды жасыру болып оларды тығу, көзін жою немесе өзгерті болып табылады. Адам қылмыс жасалған аспаптар мен құралдарды жасырған кезде ол Қылмыстық Кодесктің ерекше жағдайына қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қылмыс туралы хабарламау атты Қылмыстық Кодексте 434 бап бар. Дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау -алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, сондай-ақ дiни қызметшiлер тәубе үстінде өздерiне сенiп сырын ашқан адамдардың жасаған қылмыстары туралы хабарламағаны үшiн осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz