Мемлекеттік басқарудағы көпшілік пен жекенің арақатынастары


МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ КӨПШІЛІК ПЕН ЖЕКЕНІҢ АРАҚАТЫНАСТАРЫ
Мемлекеттік басқару жеке адам өмірінде туғаннан бастан оның өліміне дейін өте үлкен рөліге ие. Бірақ біз кейде оның рөлін байқамай қаламыз.
Мемлекеттің тұлғаға әсер етуінің бірнеше түрлері бар. Мемлекеттің басқару заң бойынша адамның іс-әрекетін басқара алады. Мысалы сот басшышы әкімшілік жазаға тартады, жұмыс директоры өз қол астындағы адамды қызмет басындағы іссапарға жібереді, миллиция қызметшісі қылмыс жасаған адамды жазалайды. Мемлекет ұжымға өзгерістер әкеліп, сол ұжымдағы әрбір адамның өміріне өзгерістер әкеледі.
Мемлекет жеке адаммен қарым-қатынас ортану үшін, ең бірінші кезекте азамматтық институтын бекітеді. Белгілі бір мемлекеттің азаматтары көптеген құқықтарға ие, және мемлекет алдында білгілі бір міндеткерліңтер орындауға мәжбүр болады. Өзінің мемкелетінің азаматына, басқа мемлкетіттің азаматына қолдана алмайтын шаралар қолдана алады.
Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу - мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі - мемлекет, ал объектісі - қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет (өйткені мемлекет үғымына әр түрлі анықтама беруге болады) : субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті қарастырамыз ба? деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.
Жалпы, «кім басқаруға тиіс» деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды тандаулы тұлғалар - көсемдер мен лидерлер басқару керек деп есептейді.
Саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі және лауа¬зымды қызмет субъектілерінің сипатталған айырмашылықтары салыстырмалы. Мемлекеттік билік пен басқару жүйесінде олардың рөлдері жекелеген аспектілерде ұштасып жатады және сәйкес келеді деп айтуға болады. Мемлекеттік басқару органдары өздерінің функцияларын халық жиындарының, әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамдастықтың атынан іс-әрекет жасайтын саясат субъектілерінің мүдделерін баламалы түрде білдірген жағдайда табысты атқара алады. Мемлекеттік аппарат қызметтерін халық жиындары қалай қабылдап жатқанын үнемі бақылап отырғанда, басқарылатындардың талап-тілектері мен үміттері басқарушылардың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда ғана тиімді жұмыс істей алады. Олар саясат субъектілерінің қолдауына сүйенсе, олардың тәжірибелері мен ой-пікірлерін қабылдап және қолданса, қалың көпшіліктің ұтымды ұсыныстарын басқару шешімдерін дайындағанда ескерсе жоспарланған нәтижелерге қол жеткізеді. Өз кезегінде кез қелген лауазымды тұлғаның бір-жағынан, мемлекеттік орган анықтап берген өкілеттік шеңберінде ғана әрекет етуі, екінші жағынан мемлекет пен қоғам мүдделеріне қызмет етуі өзінің функциясын жүзеге асыруының кепілі болып табылады. Осы талаптарды ұштастыра отырып іс жүзінде орындау әркімнің қолынан келе бермейтін жағдай.
Кейбір теоретиктердің пайымдауынша әміршілдік-әкімшілік жүйеде мемлекет халықтан талап етті, бақылады, концлагерлер мен абақтыларға отырғызды, тыйым салды және тағы басқа да қалың көпшілікке қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасады. Тоталитарлық жүйеде мемлекет әрқашанда қоғамнан басым болды, ал қоғам өз кезегінде мемлекетке мүлтіксіз бағынды. Осының нәтижесінде халық мемлекетті адамдардан оқшау тұратын және тәуелсіз болатын билік жүргізу машинасы деп түсінді.
Қазіргі заманғы саяси ой мен тәжірибенің дамуы әлеуметтік субъектілердің экономикалық және мәдени функцияларына мемлекеттің реттеушілік және басқарушылық әсерін ұлғайту туралы ойларын білдіреді. Бұл өз кезегінде нарық зандары толық және тиімді қолданылатындай мемлекет араласуының оңтайлы шегін анықтауды білдіреді.
Мемлекеттік басқару субъектілері ұжымдық немесе жеке болсын өзінің анықтамасына сәйкес келетін қасиеттерді бойына жинақтаған кезде ғана ол басқару субъектісі болып табылады. Бұл қасиеттерді келесі топтарға жіктеуге болады :дамыған саяси және құқықтық сана мен дара сана; мемлекеттік басқару және қазіргі заманғы менеджменттің теориясы мен практикасын білу; ұйымдастырушылық қабілет; әлеуметтік өмірге белсене араласу мен басқару ісін жүзеге асыра алатын тәжірибенің болуы. Осы аталғандардың бәрі кәсіптік қасиеттер болып табылады. Мемлекеттік басқару субъектісі үшін басқару процесінің бағыты мен мазмұнын, сондай-ақ оның қоғам үшін саяси және басқа салдарларын анықтайтын ұлттық-мемлекеттік мүдделер мен мақсаттарды түсіне білу үлкен мәнге ие. Субъектілердің басқару ісіндегі қызметтері ұтымды болуы үшін ол құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі, заңмен белгіленген нормаларға сәйкес болуы керек. Бұл шенеуніктердің өздеріне талап қоя білуін - заңға жаңа көзқарас қалыптастыруын білдіреді. Мемлекеттік басқарудың ғылыми негізделуі мемлекеттік қызметкерлердің оның теориясы мен практикасын білуі мен өз білімдерін қызмет барысында колдана алуына байланысты. Эмпирикалық тәжірибе мен қисынды ой басқарудың тек дәстүрлі түріне ғана негіз болса да, ұтымды басқаруға негіз бола алмайды. Мемлекеттік басқарудың тиімді субъектісі деп басқарушыларға тек биліктің күшімен емес, өзінің беделімен, белсенділігімен, мемлекеттік орган шешетін мақсаттар мен міндеттердің маңыздылығы және тартымдылығымен әсер ететін үжымдық және жеке жетекшіні айтамыз. Егер басқарушылық іс-әрекеттің мақсаттары мен бағдарламалары басқарылатындарға түсініксіз болса, олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінен туындамаса, онда оны ұтымды басқару деп айту қиын. Жоғарыда аталған мемлекеттік басқару субъектілеріне тән қасиеттердің қалыптасуы және іскерлік белсенділігі ынталандыруларға байл¬анысты. Осыған орай М. Вебер мемлекеттік аппаратты іс-әрекет етуге ынталандыратын материалдық мүдде мен әлеуметтік құрмет деп айтқан. Алайда, басқарушылардың қызмет аткаруына түрткі болатын негізгі себептер мұнымен шектелмейді. Оған жеке муддемен қоғамдық мүдделердің қабысуы, халықтың белсенділік танытуының көптеген саяси-әлеуметтік себептері кіреді.
Мемлекеттің саясатының негізінде биліктің тиімді іске асуы үшін оның фундаменті рөлін құқық атқарады. Құқықты көпшілік және жеке деп екі түрге бөледі. Көпшілік құқық мемлкеттік органдардың іс-әрекеттерін және мемлекет мен азамат арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. Жеке құқық азаматтардың өз арасындағы нормаларды, қарым-қатынастарды қарап отырады.
Көпшілік құқық саласында әрқашан бірінші орында мемлекет тұрады, себебі оның нормалары ең бірінші кезекте қоғам мен мемлекеттің мүдделерін көздейді.
Жеке құқықтық қарым-қатынастарда мемлекеттің араласуына шектеу қойылады. Бұл салады азаматтар өз еркімен және жеке бастауымен қарым-қатынасқа түседі. Жеке құқық негізінен азаматтардың жеке мүдделерін қорғауға бағытталған.
Жеке құқықтық қарым-қатынастар саласы азаматтық, отбасылық, жер құқығы сияқты құқық салаларымен жанамаланады. Ал өз кезегінде көпшілік құқық қарым-қатынастар қылмыстық, қаржылық, қылмыстық іс жүргізу сияқты құқық салаларында пайда болады.
Бірақ шын өмірде бұл екі құқық арасында абсюлютті шекара жоқ. Жеке құқықтық элементтер көпшілік құқықта кездеседе, және бұл жағдай керісінше де болуы мүмкін. Мысалы жекеқұқықтық отбасы нормаларына қатысты жағдайларда, неке айыру, алименттер төлеу сияқты көпшілік құқықтың элементтері пайда болады.
Көпшілік билігі - ол ерекше құбылыс. Құбылыс ретінде ол басқа ықпал етудің түрлерінен, мысалы ораторлық таланттан өте ерекшелінеді.
Көпшілік билік ұжымның пайдасы үшін іс-әрекет етеді. Іс жүзінде бірақ ол әрқашан олай болмайды: ұжымның ішіндегі экономикалық, саяси, идеологиялық жағынан үстем ететін топтар өз мақсаттарында пайдаланады.
Ахуал ретінде де көпшілік билігі, көпшілік емес ұжымдарда қолданылатын жеке корпоративті биліктен ерекшелінеді. Қоғамның ортақ қызуғышылықтары мен мақсаттары қоғамдық «ортақ жұмыстарды» тудырады. Көпшілік ұжымдардың арқасында пайда болған ұйымдар мен лауазымды тұлғалар, оның ортақ мақсаттары мен мүддерлерін қорғауы қажет.
Билік құбылыс ретінде кез-келген ұжымға тиесілі. Бірақ ол активті қатынас болу үшін, ол белгілі бір объектіге қолдануы керек. Көпшілік билікті қолнану көпшілік басқару арқылы жүзеге асады. Ұжымның өзі басқару функциясын өткізгенде, ұжымның ішінде басқару пайда болады (мысалы референдум) .
Көпшілік басқару жүйесінде ерекше институттар қолданылуы мүмкін. Мұсылмандық фундаментализм мемлекеттерінде (Иран, Сауд Арабиясы, Катар, Оман және т. б. ) өте үлкен рөлді ислам діні ойнайды (Құран негізгі заң болып табылады, және ол конституциядан жоғары тұрады) . Африканң көптеген елдерінде, Латын америкасының кейбір өңірлерінде басқарудың маңызды құралы рөлін тайпалық институт атқарады (көсемдір, ақсақалдар, және т. б. ) .
Көпшілік басқарудың түрлеріне тоқтап кетсек. Ұжымдардың әр түрлі түрлерге бөлунуі, көпшілік биліктің де түрлерге бөлінуіне әкеледі. Біріншісі ол халықаралық көпшілік басқару. Ол дүниежүзілік қауымдастық құрған органдармен жүзеге асады (БҰҰ бөлімшелері, Қауіпсіздік кеңесі және Бас Ассамблея) немесе аймақтық халықаралық қауымдастықтармен. Сонымен, халықаралық көпшілік басқару глобальді және аймақтық болып бөлінеді.
Екіншіден ол көпшілік мемлекеттік басқару. Ол белгілі бір мемлкеттің ішінде жүзеге асады (қазіргі кезде әлемде 200 астам мемлекет бар) . Көпшілік басқару дүниежүзілік қауымдастық мойындамаған мемлкеттерде де жүзеге асуы мүмкін (мысалы, Абхазия, Карабах, Сахар Араб республикасы және т. б. ) . Оларда мойындалмаған мемлкеттірдің территориясында билік ететін өзінің президенттері, парламенттері, атқарушы органдары мен лауазымды тұлғалары бар. Ұқсас жағдай колонизаторлардан азаттық жолындағы соғыс кезінде пайда болған мемлекеттерде (Ангола, Гвинея, Мозамбик және т. б. )
Мемлекет - ол қоғамның бір бөлігі. Бірақ ол қағамнан алшақ тұрып, оның даму жолын реттеп отырады. Оның қоғамға қатуысты реттеушілік рөлі шектеулі. XVIII ғасырдың ағартушылары мен энциклопедистері мемлекет араласа алмайтын салаларды айтып кеткен. Ол адамның жеке құқықтары мен азаматтық қоғам.
Көпшілік басқарудың қажеттілігіне тоқталып кетсем. Көпшілік ұжымда басқарудың пайда болуының ең негізгі себептерінің бірі - ол ұжымға керек ортақ мақсаттарды табы және ұжымды құртатын қақтығыстарды болдырмау. Бұл міндеттерді орындау үшін белгілі бір жеке адамдар тобы қолданылады.
Қазіргі кезде қоғамдық өмір қиындатылған, мемлкеттің ортақ жұмыстарының, муниципальді білім беру мен көпшілік ұжым саласы кеңейтілген. Көпшілік басқаруға бұрыс мүлде араласпаған, жеке іс болып саналған салаларға жиі араласуға тура келеді (кейбір отбасы мәселелері, тұлғаның рухани өмірі) . Мемлкеттік апарат ол мемлкетте тұрып жатқан адардардың санына қайрай пропорционалды түрде өсіп отырады.
Көпшілік ұжымда қоғамға қытасы жоқ қақтығыстар да болып отырады. Бірақ қазіргі кездегі қоғамда халықтық барлық топтарында өмірдің жақсаруы байқалады (дамыған және даму үстінде келе жатқан мемлкеттерде Ф. Энгельс өзінің еңбегінде ХІХ ғасырдың ортасындағы Англиядағы жұмысшы табының арасындағы сипаттап кеткен кедейшілік кездеспейді), алайда әлеуметтік теңсіздік әлі де бар, және ол кей жерлерде тереңдеп барады. Кейбір өндірістік магнаттардың қаржылық жағдайы ондаған миллиард долларға дейін жетеді.
Қоғамда қаражат жағдайынан басқа да әлеуметтік топтар арасында көптеген ерекшеліктер кездеседі, мысалы еңбек, мамандық, жастық, жыныстық және де таға басқа ерекшеліктерге байланысты. Олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру қажет. Кейбір қоғамдық ұйымдар, әр-түрлі институттар, қоғамдық мағынаға ие болған индивидтар іс-әректтері регламенттеуді қажет етеді.
Осы барлық процестер мен қарым-қатынастарды реттеу үшін көпшілік ұжымдарда басқару және басқарумен айналысатын адамдар тобы қажет.
Көпшілік басқаруды ерекше мамандық ретінде бөліп шығару, арнайы органдарды құру, мемлекеттік және муниципалді қызмет сияқты, оларға басқару үшін ерекше өкілеттіліктің берілуі, олардың көпшілік ұжымнан шеттелуіне әкеледі. Кез келген ұжымға реттеуші органдар, ұжым сайлаған лауазымды тұлғалар қажет, олр ұжымның атынан іс-әрекет етеді және қоғадық маңызы ба қақтығыстарды реттейді. Жаңа техникалық құралдар қодану арқылы басқарушы органдар халыққа жақыңырақ болып барады.
Енді көпшілік басқарудың мүмкіншіліктеріне тоқталып кетсем. Көпшілік басқару органдары олай қайдай мықты күшке ие болмасын, барлық мәселелерді шеше алмайды, әрқашан жаңа күрделі сұрақтар туып отырады. Олар мысалы әлеуметтік теңсіздікті жоя, жастық және жыныстық ерекшеліктерді құрта алмайды. Көпшілік басқарудың мүмкіндіктері шектеулі. Көпшілік басқару арқылы тек кейбір ортақ мәселелерді шешуге болды, ал мысалы жердің климатын өзгерті сияқты глобальді мәселелерді ешқашан шеше алмайды. Белгілі бір ерекшеліктер әрқашан өмір сүреді, әлсіз қоғам дами алмайды. Көпшілік басқару органдары қақтығыстарды толығамен жоя алмайды, олар тек ол қақтығыстарды барлығын жойып кететіндей дәрежеге жеткізбеуге тырысады.
Бірақ сонымен қатар көпшілік биліктің мүмкіншіліктері, әсіресе территориалды ұжымның шкерасында өті жоғары. Заңмен бекітілген уәкілетті орган меншік иесінің меншігін «қоғамның мұқитажы» үшін тартып ала алады, кейін оны қайтарып береді. Мысалы еуропа елдерінде аграрлы реформа кезінде көпшілік басқару органдары, көптеген адамдар тобын меншігінен айырды, кейін оның өтемақысын төлеп.
Енді көпшілік басқарудың шектеріне тоқталып кетсем. Көпшілік ұжымдарда қоғамдық қатыстарды реттеудің өз шектері бар. Көпшілік пікір бойынша мемлекет азаматтық құқық саласына араласпауы, оның ішіндегі қарым-қатыснастарды реттемеуі керек. Бірақ азамттық коғам деген не деген сұраққа қалыптасқан жауып әлі де жоқ. Кейді бұл салаға қоғамның ұйымдардың жүйесін, адамның жеке өмірін, рухани өмірді және тағы басқаларды жатқызады.
Мемлекеттік билік іс жүзінде адам өмірінің барлық салаларында араласады, кейді міндетті идеологияны орнатады, ал кейде адамдардың қарым қатынастарының сырлас жақтарын да реттейді (әсіресе мұсылман мемлкеттерінде) .
Көпшілік реттеу және де адамның табиғи құқықтары қол сұқпайы тиіс. Оларға біз аданың тұғанынан бастап ие болған жеке құқықтары: өмір сүру құқығы, бостандық, жеке меншік, жеке өміріне қол сұғылмаушылық және тағы да басқа. Алайда табиғи құқықтар бұрыннан бері конституцияның беттері енгізіліп позитивті құқықтар болып кеткен. Мысалы өлім жазасы көптеген мемкелеттерде қолданады.
Енді мен мемлекет басқарушы жүйе ретінде деген мәселеге тоқталып кеткім келеді. Ел, қоғам және мемлкет деген үш деген термінді алсақ. Бұл үш термин әр-түрлі үш салада қолданылады. Ел - географиялық, қоғам - әлеуметтік, мемлекет - саяси. Мемлекет - қоғамның даму сатыларының бірінде пайда болады. Қазірге әлемде бар мемлкеттір бір-бірімен өзінің көлемі, халқының саны, экономилық потенциалы, әлеумметік жағдайы бойынша ерекшелінеді. Басқа да ерекшеліктер де бар, бірақ барлық мемлкеттер қоғамға қатысты реттеушілік функцияны орындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz