Мемлекетті басқарудың мақсаттарын іске асырудағы әлеуметтік механизм



КІРІСПЕ 3
1 МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ МАҚСАТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕХАНИЗМ
2 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫСЫ 6
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҮДЕРІСІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 7
ҚОРЫТЫНДЫ 11
Пайдаланылған әдебиет 12
Мемлекеттер типі жағынан екіге бөлінеді:
1.Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
2. Индустриалдық мемлекет.
Құлиеленушілік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүгізуші тап – құл иелері, ал өндіргіш күш ретіндекөрінген тап – құлдар болды.
Феодалдық мемлекеттердің мысалдарына VI-XII ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында өмір сүрген Түрік, Батыс Түрік қағанаттарын, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттерін, өзге аумақтардан Киев Русін, Батыс Еуропадағы Ұлы Карл құрған мемлекеттерді алуға болады.
Алғашқы индустриалдық мемлекеттер санатында XVI ғасырдан бастап буржуазия билікке қол жеткізген Нидерландыны, XVII ғасырдағы революциядан кейінгі Англияны, XVIII ғасырда мемлекеттік құрылымның жаңаша дамуы жолына .
Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп, ел болғалы 20-жыл уақыт өтсе де, үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты, Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі тең мүше болуымен көрінеді.
Өзінің табиғи болмысына байланысты мемлекеттік басқару, әлеуметтік басқарудың бір бөлігі бола тұра, қоғамдық институт болып саналады. Ол адаммен және оның іс-әрекетімен имманентті түрде байланыста болады. Қоғамның дамуына тән заңдылықтарға тәуелді болады. Мемлекеттік басқарудың генезисі мен өзгешелігі басқару феноменінде, мемлекет институтының болмысында жіне әлеуметтік функцияларында, қоғамдық еңбек бөлінісінде, қоғамның әлеуметтік құрылымында нақты көрінеді.
1 Государственное управление: Основы теории и организации: Учебник / Под ред. В.А. Козбаненко. 124 б.
2 Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. Метод социологии. Л.; М.: Наука, 1991. 493 б.
3 Антикризисное управление: Учебник / Под ред. Э.М. Короткова. М.: ИНФРА-М, 2001. 49 б.
4 Боббио Н. Государственный правопорядок: Пер. с англ. М., 1994;
5 Нысанбаев А. Адам және ашық қоғам. А., Қазақ энциклопедиясы, 1998, 130-136 б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

КІРІСПЕ 3
1 МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ МАҚСАТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕХАНИЗМ 4
2 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫСЫ 6
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҮДЕРІСІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 7
ҚОРЫТЫНДЫ 11
Пайдаланылған әдебиет 12

КІРІСПЕ

Мемлекеттер типі жағынан екіге бөлінеді:
1.Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
2. Индустриалдық мемлекет.
Құлиеленушілік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүгізуші тап - құл иелері, ал өндіргіш күш ретінде көрінген тап - құлдар болды.
Феодалдық мемлекеттердің мысалдарына VI-XII ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында өмір сүрген Түрік, Батыс Түрік қағанаттарын, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттерін, өзге аумақтардан Киев Русін, Батыс Еуропадағы Ұлы Карл құрған мемлекеттерді алуға болады.
Алғашқы индустриалдық мемлекеттер санатында XVI ғасырдан бастап буржуазия билікке қол жеткізген Нидерландыны, XVII ғасырдағы революциядан кейінгі Англияны, XVIII ғасырда мемлекеттік құрылымның жаңаша дамуы жолына .
Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп, ел болғалы 20-жыл уақыт өтсе де, үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты, Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі тең мүше болуымен көрінеді.
Өзінің табиғи болмысына байланысты мемлекеттік басқару, әлеуметтік басқарудың бір бөлігі бола тұра, қоғамдық институт болып саналады. Ол адаммен және оның іс-әрекетімен имманентті түрде байланыста болады. Қоғамның дамуына тән заңдылықтарға тәуелді болады. Мемлекеттік басқарудың генезисі мен өзгешелігі басқару феноменінде, мемлекет институтының болмысында жіне әлеуметтік функцияларында, қоғамдық еңбек бөлінісінде, қоғамның әлеуметтік құрылымында нақты көрінеді.

1 МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ МАҚСАТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕХАНИЗМ

Мемлекеттік басқару әлеуметтік сипатқа ие және қоғам, адам мен мемлекеттің арасындағы өзара байланыста іске асырылады. Және де адам осы динамикалық арақатынастарды қалыптастырады, оларды өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағдарлайды, ол аяғында қоғамның дамуын қамтамасыз етеді. Бұл адамдар өміріндегі іс-әрекет ететін әлеуметтік механизмдер көмегімен жүзеге асады.
Қоғамдық өмірдің жемісі ретінде әлеуметтік механизм халықтың әлеуметтік субъективтілік деңгейімен, проресивту және регресивті, эволюцилық және революциялық, реформациялық және контрреформациялық процестердің арақатынасымен, қоғамның даму түрі мен дәрежесімен анықталады. Ол мемлекеттің геосаяси және аймақтық, ұлттық-тарихи дәртүрлерімен, дәни-мифологиялық сенімдер мен рухани мәдениет, әлеуметтік-экономикалық құрылыс пен жалпы халықтық өмір сүру кейпінің ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. [1]
Мемлекеттік басқарудың негізгі әлеуметтік функциясы - белгілі бір территориядағы адамдардың тіршілік іс-әрекетің билік арқылы реттеу. Ол әр түрлі тәсілдермен іске асады, легитимді сипатта болады, және әрқашан да оның жағдайына тікелей тәуелді болады.
Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік механизмі өзара міндеттерді орындау мен жауапкершілікті атқару, әлеуметтік топтар мен адамдардың өзара іс-әрекетің ұйымдастыру, құқықтық нормалермен реттелетін саналы және мақсатқа бағытталған іс-әрекетті болжайды.
Мемлекеттік басқару, басқа да кез келген күрделі жүйе тәрізді, өзара байланысты мәселелер қатарымен кездеседі. Бұл мәселелер біріншіден, қазіргі әлеуметтік шынайылық күрделі, қарама-қайшылыққа толы, екіншіден қазіргі қоғамда болып жатқан процестер, өте жылдам іске асады, үшіншіден, әлеуметтік процестердің тек күрделілігі ғана емес, олардың тұлғалардың рөлінің көбеюімен түсіндіріледі. Бұл тұрғыда әлеуметтік механизмдер көмегімен әр түрлі бағыттағы қызығушылықтарды үйлестіру және келістіру іске асады.
Мемлекеттік басқарудың ең жақсы түрлері мен әдістері құқықтық жүйесі дамыған мемлекеттерде нәтижелі орындала алады. Тек қана құқықтық далада мемлекеттік басқарудың көпшілік элементтері іске аса алады. Сонымен қатар, кез келген әлеуметтік бірлестік индивидтердің механикалық саны ғана емес, ол жаңа қасиеттерге ие жүйе. Бұл қасиеттерде, әлеуметтік бірлестікті жасайтын адамдардың мәдени деңгейімен, дәстүрлерімен, этнопсихологиялық сипатымен анықталынады. [2]
Әлеуметтік институттар ол - адамдар арақатынасының тұрақты формалары (билік институттары, мемлекеттік қызмет және т.б.) өз кезегінде мемлекет - қоғамда бар ресурстарды тиімді түрде қолдануға жағдай жасайтын институт.
Мемлекеттік басқару - қоғамның бір бөлігі, сондықтан ол қоғамда болып жатқан барлық процестердің әсерін өз басынан өткізеді. Қоғамға керек процестерді қосі үшін, әлеуметтік механизмдер көмегімен, адамдардың қызығушылықтарын оятып, жаңа идеяларды тудыруға квалификацияландырған және талантты адамдарды қолдап, жағдай жасауы тиіс. Ол ғылым мен білімнің дәрежесін арттыру, инновациялық жобаларды қорғауды, әлеуметтік шығармашылыққа ерік беруді, жаңа әлеуметтік мақсаттарды құрастыруды болжайды.
Мемлекеттік басқарудың көмегімен жаңа мақсаттар түзетіледі, оларды жүзеге асыруға қажет шығындар мен оған жету деңгейі анықталынады. Мақсаттар мемлекеттік басқару шешімдерінде бекітіледі және мемлекеттік билікке сүйене отырып іске асады.
Адамның іс-әрекетінің барлығы оның қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін құрастырылған. Ал олар өз кезегінде біркелкі және пропорционалды емес. Және адам қызығушылықтары, оған қоса әлеуметтік топтарды қызығушылықтары тұрақты қарама-қайшылықта болады. Нақ осы барлық экономикалық және әлеуметтік кризистердің негізінде тұрады. Сондықтан мемлекеттік басқару үшін кризиспен күрес, және оны жоққа шығарудан гөрі, оны болжай білу және оны сенімді түрде дер кезінде шешу маңызды. [3]
Адамдар мен әлеуметтік топтар арасындағы қарама-қайшылықтар, кез келген қоғамда бар, және деңгейлері әр түрлі экономикалық, саяси, рухани қызығушылықтармен шартталған. Кез келген қоғамда өзінің қызығушылықтарын іске асырғысы келетін көптеген әртүрлі әлеуметтік топтар бар. Егер белгілі бір әлеуметтік топтың қызығушылықтарына жету үшін, басқа бір әлеуметтік топтың қызығушылықтарына қол сұғу керек болған жағдайда, шиеленісушілік тез өседі.
Кез келген әлеуметтік шиеленісушілік бірінші кезекте адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерінің өтеу деңгейінің төмендеуімен байланысты. Ереуілге шыққандар көптеген талаптар қойса да, олардың ең бастылары - жалақы деңгейін көтеру мен жұмыс орындарын сақтап қалу.
Мемлекеттік басқару көмегімен әлеуметтік шиеленісушілік деңгейін білуге және жанжалдың алдын алу шараларын дер кезінде қолдануға болады.
Адамдардың бойында жеке және ұжымдық ерекшеліктер бар, және олар белгілі бір әлеуметтік мәртебеге жетуге тырысады.
Әлеуметтік мәртебе индивидтің әлеуметтік жүйедегі орнымен анықталады. Кез келген әлеуметтік мәртебе белгілі бір беделге ие. Барлық әлеуметтік мәртебелерді екі үлкен топқа бөлуге болады. Бірінші топ қоғам немесе топ индивидке белгілейтін мәртебе, ал екіншісі тұлға өзінің күшімен жететін мәртебе.
Сонымен қатар, әрбір қоғамда келесі негізгі мәртебелер бар: жеке, кәсіптік, экономикалық, саяси, демографиялық, діни. Олар сан жағына көп, эпизодтық, негізгі емес міртебелермен толықтырылады: науқас, тындаушы, жаяу жүруші, жолаушы, ереуілге қатысушы және т.б.
Адам басқа адамға өзінің мәртебесіне сай қарайды. Саяси, діни, демографилық, экономикалық, кәсіби мәртебелер адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасының ұзақтылығын, бағытын және мазмұның анықтайды.
Мәртебелілік айырмашылықтар тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттаныу мен қызығушылықтарына жету белгісі болған жағдайда, мансабтық жоғарлау себептері де қалыптаса бастайды. Адам мемлекеттік марапаттар алуға, үлкен қызметке тұруға ұмтылады. Бұл себептер күшее келе, адам мемлекеттік басқару жүзеге асатын процестерге де араласа бастайды.

2 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫСЫ

Мемлекетте жұмыс атқаратын саяси режимге байланысты билік органдарының қоғаммен байланыс жасайтын бірнеше модельдерді ажыратамыз:
1) Билік етушілік және бағынушылық;
2) Өзара іс-әрекет ету негізіндегі өтпелі
3) Басқарушылық.
Бірінші модель билік авторитаризм принциптерімен жүзеге асатын мемлекеттерге тән. Тұлға мен халық жасайтын әлеуметтік бірлестіктер мемлекетпен бәсекеге түсетін, қоғамға ықпал ететін ықтимал көз ретінде қарастырылады. Халық жасайтын инициативті іс-әрекеттер, мемлекеттік билік органдарымен мемлекеттік мүддеге қол сұғушылық болып қарастырылады. Осылай, совет үкіметі кезінде өмір сүрген қоғамның ұйымдар (профсоюздар, комсомол) мемлекетітік апараттың бір бөлігі болды.
Осыған орай, авторитарлық режимдер мемлекеттік биліктің қоғамнан алыстатылуын көрсетеді, мемлекеттік басқару жүйесін тұйық корпорацияға айналдырады, қатардағы азаматты биліктен алыстаттырылады. Бұл жағдайда билік мықты, терең тамыры бар бағынушылық психологиялық механизмін іске қосады. Адамдар диктаторлардың алдында, жаза алудан қорқанан тізе бүкпейді, дөрекі күшті сыйлаған себебінен бүгеді. Авторитарлы режим толық жарамды қоғамдық инстуттардың жоқтығымен сипатталынады.
Демократияны жасауға бағытталған мемлекеттерде, билік пен қоғам арасындағы диалогтың қажеттілігі туындайды. Сондықтан қоғам мен мемлекет арасындағы байланыс стратегиясы өзара әрекет ету механизмдерін іздеуге негізделген. Бұған бірнеше жағдайлар көмектеседі.
Біріншіден, мемлекет демократиялық қоғамның саяси институты ретінде басқару әсер ететін объект пен субъект қатты бөлінбей, қоғамдық қарым-қатынастардың өзара жауапкершіл субъектілері ретінде шығатын, билік ету амалын іздеуге тырысады.
Екіншіден, қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғам, әр түрлі әлеуметтік институттар мен билік пен мемлекет арасындағы өзара әрекет етудегі тиімді технологияларға мұқтаждық танытады.
Үшіншіден, өтпелі кезеңдегі қоғам қоғамдық, саяси, экономикалық, жеке өмір салаларындағы адам құқықтарын қорғау жүйесін құруды кажет етеді.
Өркениетті мемлекеттерде ХХ ғасырдың 70 жылдары демократияның дамуы байқалды. Оның жанында саяси өкілеттіліктің жүйесі, саяси партиялар мен ағымдармен орындалатын, логикалық түрде азаматтық қоғамды құрайтын мүдделердің өкілеттілігі жүйесімен толықтырылып отырды. [4]
Мемлекет - ол қоғамның бір бөлігі. Бірақ ол қоғамнан алшақ тұрып, оның даму жолын реттеп отырады. Оның қоғамға қатысты реттеушілік рөлі шектеулі. XVIII ғасырдың ағартушылары мен энциклопедистері мемлекет араласа алмайтын салаларды айтып кеткен. Ол адамның жеке құқықтары мен азаматтық қоғам.
Саяси биліктің үшінші формасы жасырынды билік деп белгеленіледі. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі қоғамның қолдауына байланысты. Ол азаматтардың мемлекеттің істеріне қызыға қатысуын белгілейді. Бұл мемлекеттік билік органдары мен қоғамның арасындағы үнемі болып тұратын диалогтын көмегімен жүзеге асады.
Мемлекеттік басқарудағы қоғаммен байланыс плюрализмді болжайды. Ол дегеніміз әр түрлі саяси партиялардың бірлесе қызмет арқаруы. Оларға құқық ұстанымдарын, пікірлерін, қызығушылықтарын білдіруге еркіндік береді.

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҮДЕРІСІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ұлттық бірегейлік пен ұлттық сана-сезім ұлттық салт-дәстүр мен мәдени мұраның нәрінен сусындайды. Қазіргі өткенмен пікір алысуы және болашаққа ұмтылудан туындайды. Мөдени мұраны қарқынды түрде зерделеу - тәуелсіз Қазақстанда қоғамдық сананың қалыптасуындағы тағы бір тарихи кезең. Көшпендінің жан дүниесінде туып жетілген еркіндік идеясы қазақ халқының нақты егемендік алуы сияқты, ұзақ жолдан өтті және ұзақ тарихы бар. Осы жолда адамдармен тұтас халықтардың тағдыры тоғысты және олардың тағдырының, мәдениеттерінің, қам-қарекеттерінің тарихи тоғысуы көбінесе тағдырлы өтті. Қазақстанның демократиялық өзгерістерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетті басқарудың тәсілдері
Мемлекеттік басқарудың мәні
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Мемлекеттің басқару формасы және түрлері
Құқықтық реттеу механизмінің маңызы
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Н.Ә.Назарбаевтың елімізде Конституциялық реформасы
Мемлекеттің негізгі ерекше белгілері
Құқықтық реттеу механизмнің жалпы түсінігі, элементтері
Қаржылық мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы
Пәндер