Сингапурдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуі тәжірибесі жөнінде


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Гладченко Леонид Витальевичтің «Сингапурдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуі тәжірибесі жөнінде» атты мақаласына талдау

Берілген мақала Сингапур Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәтті жүргізген күресіне сипаттама беруге арналған. Мақаланың мазмұны жоқ, бірақ оны щартты түрде бірнеше бөлімге бөлуге болады. Бірінші бөлім сыбайлас жемқорлық терминіне анықтама беруден басталады, және де бұл бөлімде бұл мәселенің қазіргі әлемде алып жатқан жолы, онымен күресу маңыздылығы айтылған. Екінші бөлім сыбайлас жемқорлықпен ең сәтті күрес жүргізген мемлекеттердің бірі Сингапур мемлекетіне анықтама беруге арналған. Мемлекеттің экономикасына, сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында жасалған алғашқы қадамдарға шолу жасалынады. Келесі бөлу бұл мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген шараларға арналған. Мақалының қорытындысында автор сыбайлас жемқорлықпен күресудің Сингапурлық тәжірбиесін Ресей Федерациясында қолдануға ұсынады. Енді осы бөлімдердің әрқайсысына жеке тоқталып кетсек.

Мақала сыбайлас жемқорлық терминіне келесідей анықтама беріледі. Мемлекеттік құрылымды ежелден бұзып келе жатқан факторлардың арасында, ерекше орынға сыбайлас жемқорлық ие. Сыбайлас жемқорлық деп лауазымды тұлғаның өзінің билігін немесе беделін, өзінің жеке пайда табу мақсатында парақорлық, күшпен аалушылық, алдап соғу жолымен өзінің қызмет орнын пайдаланып қиянат етуді айтады.

Көптеген мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданып жатқан шараларына қарамастан, бұл қылмыс түрінің өсуі мен оның тигізген әлеуметтік-экономикалық зардаптары өсіп жатыр. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен табысты күрескен мемлекеттердің тәжирибесін зерттеу өте маңызды.

Мақалада енді бұл қатарда ерекше орынға Сингапур Республикасы ие екені туралы айтылады. Бұл мемлекет әлемнің саяси картасында өткен ғасырдың ортасында ғана пайда болды. 1965 жылы толық тәуелсіздігін алды. Өте қысқа уақыттың ішінде аумағы 715, 8 кв. километрді құрайтын, 5 миллион халқы ғана бар мемлекет, әлем экономикасының мойындалған жетекшілердің қатарына кірді. Осылай 2012 жылдың мәліметтеріне сүйенсек Сингапурдағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 345, 6 миллиард долларды құрады. Өрлеу қарқыны бойынша Сингапур экономикасы айрықша дамыған елдерді асып өседі. Ұлттық табыс 2012 жылы 305, 201 миллиард доллар деңгейіне жетті. Ұлттық табыстың төрттен бір бөлігі жоғары технологиялар саласына тиесілі. Әлеуметтік салада да Сингапур Республикасы үлкен табыстарға жетті. Жұмыссыздық деңгейі - 2, 2 %-ды ғана құрайды, халықтың сауаттылық деңгейі - 96 %, және де тағы басқа көрсеткіштер бойынша Сингапур әлемдегі ең мықты мемлкеттердің бірі.

Бұндай жетістіктерге жету себептерінің бірі, бұл елде дұрыс қолданған сыбыйлас жемқорлықпен күресу шаралары. Мақаланың келесі бөлігі осы шараларды түсіндіруге арналған.

Көп жылдарға созылған мақсатты әрекеттердің арқасында Сингапурде әлем мойындайтындай сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықтың жетекші рейтингтеріне сүйенсек, бұл құбылысқа қарсы күрес саласындағы жетекшілердің тобында. 2013 жылғы индекске қатысты Сингапур, Даниямен, Жаңа Зеландиямен, Финляндиямен, Швециямен және Норвегиямен бірге сыбайлас жемқорлықтан «таза» мемлекеттердің бестігіне кіреді.

Бұл жетістікке жетудегі ең қажетті фактор деп - мемлекеттің басшыларының саяси еркін атап кеткен қажет. Сингапур Республикасының бірінші премьер-министрі Ли Куан Ю осы мақсатта айрықша еңбек атқарған.

Кіші мемлекетті тездетіп дамыту бағытын алған Ли Куан Ю, алдына қойған мақсатқа жету үшін, елде бизнес жасауға ыңғайлы климат жасау керектігін түсінді. Ал сыбайлас жемқорлық бұл жолда ең басты қарсылас болды. Сингапурдың сыбайлас жемқорлықпен күресіндегі қатаң ұстанымы - қажеттілікпен байланысты.

Елдің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны құрастырды. Оның негізінде екі бір-бірімен байланысты мақсатты орындау болды.

Бірінші мақсат сыбайлас жемқорлықты жасауға керек шарттарды жою. Ол өзіне сыбайлас жемқорлықпен күресетін арнайы органдарды құруды, сыбайлас жемқорлық қолдануы мүмкін жерледі ерекше қадағалауды, мемлекет бюджетінің қаражатын қадағалауды қосады. Құқықтық негіз болып сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы заң қабылданды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептердің негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу
Саяси сыбайлас жемқорлық
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың экономикалық себептері мен жағдайлары
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік түрлері
Мүдделер қақтығысы ұғымы
Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығының мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz