Шқо физика-географиялық сипаттамасы


Кіріспе3
1 ШҚО физика-географиялық сипаттамасы4
1. 1 ШҚО физика-географиялық орналасуы4
1. 2 ШҚО табиғи ресурстары6
1. 3 ШҚО тарихи-мәдени ескерткіштері9
2 Ұлттық туризмнің ерекшеліктері10
2. 1 ШҚО дамыған салт-дәстүрлер12
2. 2 Қалыптасқан ұлттық ойындар19
3 ШҚО ұлттық туризмнің даму болашағы24
3. 1 Қазақстандағы ұлттық туризмді дамыту мәселелері24
3. 2 ШҚО ұлттық туризмнің жобасы (тур ұйымдастыру) 28
Қорытынды31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі32
КіріспеТуризм дүние жүзі бойынша кез-келген қоғамда ерекше орында, ол маңыздылығы жағынан жан-жақты қоғамдық құбылыс.
Туризмнің танымдық, тәрбиелік мәдени т. б. мәндерін маңыздылығын былай қойғанда, ең алдымен ол көптеген мемлекеттердің экономикасында белгілі-бір дәрежеде роль атқарды. Осы туризмнің экономикадағы маңыздылығын оның қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. Өйткені туризм белгілі бір территорияда дамыған сайын, одан түсетін табыс ұлғаяды, жұмыс орны көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (транспорт, байланыс, қосымша қызмет) жақсарады.
Бүгiнгi таңда Қазақстанның және шет ел туристерiнің, демалуына жағдай жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын көтеру өзекті мәселелердiң бiрi. Туризм деңгейінің, көтерiлуiне республиканың саяси-әлеуметтiк жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынас орнауы тиiс. Осыған орай, курстық жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан аймақ туристік рекреациялық ресурстарына баға бере отырып олардың туризмді дамытудағы құндылығын ашу.
Жұмыстың өзектілігі еліміздің бүгінгі туристік ахуалды жан-жақты зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес туристік сұраныстарды қанағаттандаратын Шығыс Қазақстан аймағының туристік мүмкіншіліктерін ашу. Аймақтағы танымдық, емдік-сауықтыру мәдени демалыс спорттық туризм түрлерін және экскурсиялық қызметпен сервис сапасының даму дәрежесін анықтау болып табылады. Туристік ресурстармен нысандардың экскурсиялық талаптар үшін маңыздылығын, мазмұнын қарастырады. Осыған байланысты жұмыс Қазақстанның көрнектілік жерлері немесе туризмнің индустриясы негізіндегі мынадай негізгі зерттеу міндеттерін қамтиды:
1) Шығыс Қазақстан аймақтың шаруашылық дамуын, салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын, тарихи-мәдени ескерткіштерін сипаттайды.
1 ШҚО физика-географиялық сипаттамасы 1. 1 ШҚО физика-географиялық орналасуы2) Шығыс Қазақстан облысының туристік-экскурсиялық мақсаттың көрнекілік жерлердің сипаттамасы және шараларына баға бере отырып, аудандастыру мәселелерін қамтиды.
3) Қазақстанның туристік мақсатқа көрнекілік жерлерін қамту. Осыған сәйкес аймақтың туризмді дамытудағы мүмкіншіліктерге баға береді.
Шығыс Қазақстан Алтайдың оңтүстік-батыс бөлігін, Зайсан қазан шұңқырын, Қалба таулы қыратын, Cауыр-Тарбағатай жоталарын, Ертіс маңы жазығын және Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс бөлігін басып жатыр.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының ауданы 283, 3 мың шаршы км. құрайды. Облыс солтүстіктен оңтүстікке 800 км (51°38' -45°32' се) және батыстан шығысқа 600 км (7б°4б' - 81°21`шұ) созылып жатыр. Бұл аймақта Болгария, Греция және Албания атты үш еуропалық мемлекет сыйып кетеді.
Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресеймен шекараласады, шығыста Қытай Халық Республикасы біздің көрші болып келеді, оңтүстікте - Алматы, батыста - Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі. Өскемен қаласы облыс орталығы болып табылады. Облыс бесінші сағаттық белдеуде орналасқан (Мәскеу - екіншіде) .
Шығыс Қазақстан облысының географиялық ерекшелігі (бірегейлігі) ол ең үлкен Еуразия континентінің тереңі, оның орталық бөлігінде, Батыс Сібір, Орта Азия және Қазақстан - ұлы жазықтарының шекарасында орналасқан. Табиғи жағдайы және ресурстарының алуан түрлілігі оның шаруашылық дамуына қолайлы. Шығыс Қазақстан Ертіс және Обь ұлы су жолдарының қиылысында жатыр, республикамыздың көрші облыстарының маңызды темір жол және автомобильді магистральдарымен, шаруашылық және мәдениетке қатысты дамыған мемлекеттермен байланысты.
Шығыс Қазақстан жерінің табиғаты алуан түрлі және көп жағынан бірегейлі. Контрасттылық - басты ерекшелігінің бірі. Бедер амплитудасы теңіз деңгейінен 145 м. - 4500 м. (Мұзтау 4506м. ) аралығына дейін түрленеді.
Шығыс Қазақстан аймағында өсімдіктердің, топырақтың, климаттың вертикалды белдеу заңдылығы айқын көрінеді.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның шығыс бөлігін түгел қамтиды. Бұл облыстың территориясына Албания, Бельгия, Швейцария сияқты мемлекеттер сиып кетер еді.
Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, солтүстік-батысында Қазақстанның Павлодар облысымен, оңтүстігінде Алматы облысымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
Шығыс Қазақстан облысы батыстан (Сарыарқаның қиыр шығыс шетінен) шығысқа қарай (республиканың шығыс шекарасына дейін), солтүстіктен (Ертісмаңы даласы мен Алтай алды өңірінен) оңтүстікке қарай (Балхаш-Алакөл ойысына ұласады), Ертіс өңірінің жағасы алабын ала жайласқан. Алтай сілемдерін, ауыл шаруашылық өндірісіне тиімді, құнарлы Ертіс және Алтай алды өңірлерін қамтиды. Территориясынан гидроэнергия қорына аса бай - Ертіс өзені өтеді және облыс республикасының солтүстік Орталығы және Оңтүстік Қазақстан аудандармен шектеседі. Облыс жері негізінен таулы келеді. Ертістің оң жағын түгел Батыс Алтай сілемдері қамтиды; бұл таулы өңір Нарын аңғары арқылы Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жотасы массивтеріне ажырайды. Ертістің сол жағын белесті Қалба жотасы Сарыарқаның төбелі жазық шығыс жиегі алып жатыр. Облыс территориясының оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай (2992 м) және Сауыр жоталары орналасқан. Таулы өлкелерде мұздықтар шоғыры көп кездеседі.
Ертіс өзені облыстың территориясын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай кесіп өтеді де, оны Батыс Сібірдің солтүстік, мұнайлы бөлігімен жалғастырады. Локоть станциясы арқылы өтетін темір жол Батыс Сібірдің оңтүстік-шығыс, көмірлі металлургиялы бөлігіне, ал Аягөз және Ақтоғай станциялары арқылы Алматыға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия шығуына жол ашады.
Шығыс Қазақстан территориясы жер беті ағын суына бай, әсіресе облыстың Алтайлық бөлігінде өзендер мол. Қазақстанның ең ірі өзені-Ертіс осы облыс жерінен өтеді. Таудағы ылғал қорларынан басталатын Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Уба, Шар, Қызылсу т. б. өзендер Ертіс өзеніне құяды. Облыс жері гидроэнергия қорына өте бай, республика гидроэнергия қорының 38, 1 % -і осында.
Ертіс өзені бойында республикамыздағы ең ірі -Бұқтырма бөгені, Өскемен бөгені, салынған. Облыс көлге бай. Ірі көлдер-Зайсан көлі (республика бойынша көлемі жөнінен 5-ші орында), Марқакөл, Таулық бөлігінде шағын, суы тұщы көлдер көп кездеседі. Облыс жерінде жер асты суы қоры мол.
Климаты. Шығыс Қазақстано блысының материктің ортасында орналасқандығы, дүниежүзүлік мұхиттардан алыстығы территориясының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде биік таулардың жатысы климатының континенттігін арттыра түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлері ылғал, ал иен жазық бөліктеріне Орталық Азия мол шөлдерінен тропикалық ауа массалары құрғақшылық әкеледі. Қысы суық әрі ұзақ, жазық өңірінде қар жамылғысы жұқа. Қыста Сібір антисинклинорийі әсер ететін оңтүстік-шығыс бөлігінде климаттың континеттігі арта түседі. Бұл жылдық және тәуліктік ауа температурасының аз уақыт ішінде күрт өзгеруі, жер бедерінің күрделілігіне, бір маусымнан екінші маусымға өту ерекшелігінен байқалады. Қысқа, ылғалды, жылы көктем ыстық жазға айналады, демек маусым айының аяғында да түнгі аяздар болуы мүмкін. Күзде температура шұғыл ауытқып, үсік жаңбыр, қарлы жаңбыр жауады. Түнгі үсік тамыз айының бірінші жартысында байқалады.
Қысы суық әрі ұзақ, жазық өңірінде қар жамылғысы өте жұқа. Қаңтардың орташа температурасы жазықта -16-19 0 С, тауда және тауралық ойыстарда -26 0 .
1. 2 ШҚО табиғи ресурстарыШығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы эконмикасы жан-жақты дамыған өңірлердің бірі. Еліміздегі қорғасын, мырыштың негізгі бөлігін және титан, кадмий, күміс, галлий, индий, теллур сияқты сирек металдар өнімінің біразын осы облыс береді.
Шығыс Қазақстан - еліміздегі және дүние жүзіндегі түсті металл өндірудің басты аудандарының бірі. Сонымен қатар, аудан экономикасында ауыл шаруашылығы көрнекті орын алады. Республикадағы аса ірі электр станциялар да осында.
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының экономикасында жақсы дамыған ауыр өнеркәсіп өркендеп келе жатқан аграрлық-өнеркәсіптік кешенмен ұштасқан. Өнеркәсібінің басты саласы-түсті металлургия; ірі кәсіпорындары-Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Риддер полиметалл комбинаты, Зырян қорғасын комбинаты, Ертіс полиметалл комбинаты, Белгор кен байыту (Ақсубұлақта) және Шығыс Қазақстан мыс-химия (Усть-Таловкада) комбинаттары. Түсті металлургия комплексін құрайтын кен орындары мен кәсіпорындар Кенді Алтайда, Ертіс аңғарында, Оңтүстік Алтайда және Қалба тауында шоғырланған. Қорғасын -мырыш өнеркәсібі және титан магний секілді энергияны көп қажет ететін түсті металдар өндірісі-осындағы өнеркәсіптің маманданушы салалары болып табылады. Облыс түсті металлургиясы өзінің толық металлругиялық циклділігімен сипатталады. Рудалық шикізатты кешенді игеру облыстың түсті металлургиясының ең басты мақсаты болып саналады. Түсті металлургия өнеркәсібі қалдықтарының негізінде облыста (Өскемен, Риддер, Ертіс комбинаттарында) күкіртқышқылы, калий тыңайтқышы, бояу өндірістері қалыптасуда. Облыс өнеркәсібінің бұлайша мамандануы оның жер қойнауындағы көп компонентті түсті металдарға ғана емес сонымен қатар, тиісті энергетика базасының болуына да байланысты. Ертіс пен оның оң жақ салаларына арзан электр энергиясын өндіретін бірқатар су электр станциялары салынған. Олардың ішіндегі ең қуаттылары - Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен су электр станциялары. Бұған қоса, бірқатар қалаларда жылу электр станциялары жұмыс істейді, олар су электр станциялармен бірге Алтай энергетика жүйесін құрайды.
Облыстағы орасан зор электр энергиясының басты тұтынушысы полиметалл өнеркәсібі. Бұл өнеркәсіптің кенді өндіруден бастап, қорғасын, мырыш, мыс, кадмий, басқа да сирек кездесетін металдар өндірісіне дейінгі және металдарды қорыту кезінде бөлініп шығатын күкіртті газдарды пайдалану есебінен газдарды кәдеге жарату арқылы күкіртқышқылын шығаруға дейінгі барлық өңдеу сатылары бар. Негізінен тау-кен жабдықтарын, электр станциялары үшін конденсаторлар мен аспаптар шығаратын машина жасау саласы да түсті металлургиямен тығыз байланысты. өндірістің энергияны көп қажет ететін салаларында Березняковтан жеткізілетін шикізатпен титан мен магний қорытылады.
Соғыстан кейінгі жылдары Өскемен өнеркәсіп торабының қалыптасуы Кенді Алтайда көп салалы түсті металлургияның дамуына байланысты, өйткені мұнда ірі қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары салынған. Бұл жерге полиметалл концентраттары мен Зыряннан, ал титан-магний шикізаты Оралдан әкелінеді. Өскемен өнеркәсіп торабында, сондай-ақ машина жасау, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіп орындары бар.
Риддер және Зырян өнеркәсіп торабтары Кенді Алтайдың кішігірім өнеркәсіп торабтары болып саналады. Риддер өнеркәсіп торабында түсті металлургияның толық өндірістік циклі жұмыс істейді, ал Зырян өнеркәсіп торабында-полиметалл кендерінің концентраттары ғана шығарылып, одан соң металл қорыту үшін Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына жөнелтіледі. Екі өнеркәсіп торабында да жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары бар.
Машина жасау және жөндеу өнеркәсібі негізінен облыстың өз мұқтажын өтеуге ғана бағытталған, бұл салада тау-кен өндірісі жабдықтарын, кеме, машиналар, электротехникалық бұйымдар шығару басым. Ірі кәсіпорындары - Семей кеме жөндеу-жасау кәсіпорындары, Өскемен конденсатор зауыты, Өскемен электротехникалық бұйымдар зауыты, Өскемен темір-бетон, ірі панельді үй құрлыс зауыттары Республиканың осы саладағы ірі кәсіпорындар қатарына жатады.
Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы Республиканың өзге облыстарына қарағанда, Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік кешенінде әлде қайда жоғары. Бұл облыс орман қоры мен ағаш дайындау жөнінен Қазақстанда монополиялық орын алып отыр деуге болады. Үлбі өзенінің аңғарында ағаш даындау айтарлықтай көлемде жүргізілсе, Бұқтырма, Нарын, Күршім өзендерінің аңғарында және Бедағаш даласындағы қарағай орманында шамалы мөлшерде жүргізіледі. Ағаш сүрегін өңдеу үшін Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха мен Семейде ағаш өңдейтін комбинаттар салынған. Олар тақтайлар, ғимараттардың ағаш фабрикасы жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстанның аграрлық, өнеркәсіптік кешенінде мал шаруашылығы жетекші роль атқарады. Мұндағы кең байтақ дала мен тау жайылымдары мал шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай туғызады. Шабындықтар да кең алқаптарды алып жатыр. Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Нарын өзендерінің жайылмасындағы суармалы шалғындар ең жақсы пішендіктер болып саналады. Мал азықтық дақылдар егісі мал шаруашылығының жем-шөп балансында көрнекті орын алады.
Облыстағы мал шаруашылығының негізгі саласы - етті-жүнді қой шаруашылығы. Ол Ертістің сол жақ жағалауында, Зайсан қазан шұңқырында Оңтүстік Алтайдың, Сауыр мен Тарбағатайдың бөктерінде, негізінен алғанда қазақтар қоныстанған жерлерде жақсы дамыған. Облыстың барлық жерінде сүт-ет және ет-сүт бағытында ірі қара өсіріледі. Балды өсімдіктер көп өсетін Алтайдың бөктері мен Тарбағатайдың оңтүстік баурайында омарта шаруашылығы дамыған. Хош иісті ерекше дәмі және шипалы қасиеті үшін Алтайдың тау балы әлемдегі ең жақсы балдардың бірі болып есептеледі. Ауданның таулы бөлігінде мал шаруашылығының ерекше саласы - марал өсіру дамыған. Ауданда табынды жылқы шаруашылығы да өркендеген. Шошқа өсірудің де біраз маңызы бар.
Шығыс Қазақстанның егіншілігінде астық шаруашылығы басым. Негізгі егіншілік аудандар Ертіс бойындағы далаға, Кенді Алтайдың Қалба жотасы мен Тарбағатайдың бөктерлері мен аңғарларына орналасқан.
Техникалық дақылдардың ішінде күнбағыс басты орын алады. Бұл дақылдың Республикадағы негізгі егісі осында орналасқан. Оның әр гектарынан әдетте орта есеппен 10 центнерден тұқым жиналады, оны ұқсату үшін Өскеменнің май шайқау зауытына жөнелтіледі. Картоп пен көкөніс егісі Кенді Алтай мен қалба жотасының бөктеріне тараған.
Ауыл шаруашылық шикізатарын ұқсату негізінде ірі Семей өнеркәсіп торабы өсіп шықты. Торабтың жетекші кәсіпорындары-ет комбинаты және онымен байланысты былғары мех комбинаты. Сонымен қатар, өнеркәсіптің басқа да салалары дамып келеді. Семейге таяу жерде жаңадан тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуға маманданған қуаты шағын Аягөз өнеркәсіп торабы қалыптасты.
Облыс халық шаруашылығы кешенінде жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің маңызы күшті. Жеңіл өнеркәсіптік ірі кәсіпорында: семей жүн өңдеу фабрикасы, Семей былғары-мех өндірістік бірлестігі, Семей мәуіті-шұға комбинаты, Семей аяқ-киім фабрикасы, трикотаж фабрикасы, Өскемен киім тігу бірлестігі жасанды жібек комбинаты. Тамақ өнеркәсібінде ет өндірісінің маңызы ерекше. Семей ет-консерві комбинаты осы салалық кәсіпорындардың аса ірілерінің бірі. Облыс экономикасында балық өнеркәсібі елеулі орын алады. Ірі кәсіпорындардың бірі-Зайсан балық комбинаты.
Шығыс Қазақстан облысы Республикадағы электрэнергиясын өндірудегі аса маңызды облыстардың бірі. Гидроэнергетика өнімінің үлесі басым. Риддер СЭС-тер каскады, Өскемен СЭС-і, Бұқтырма СЭС-і, Семей, Өскемен СЭС-тері т. б. біртұтас Алтай энергетикалық жүйесіне біріктірілген. Ауданның ірі өнеркәсіптік орталықтары -Өскемен, Семей, Риддер, Зырян.
Шығыс Қазақстан облысында темір жол, авто, су және әуе транпорттың барлық түрлері жақсы дамыған. Сондықтан облыстың табиғи ресурстарын игеру, оларды шағын территорияларға шоғырландыру көп транспорттық шығынды, жаңа темір және автожолдардың құрлысын қажет етпейді.
Территориясындағы темір жолдың ұзындығы 1200 км. Жүк айналымы жөнінен транспорт салалары арасында бірінші орын алады. Жүк тасымалында Ертіс өзенінің маңызы күшті, басты пристаньдары -Семей, Өскемен, Серебриянс, Омбы, Қарағанды, астана, павлодар арасында тұрақты әуе қатынасы бар.
Шығыс Қазақстан облысының шаруашылығы еліміздің басқа облыстармен тығыз байланысты. өзінен түсті металдар құрлыс материалдары: ағаш, мал шаруашылығының өнімдері, дәл приборлар және электротехникалық бұйымдар шығарады. өзі болса көмір (Екібастұздан), мұнай (Сібірден), қара металды, машина және өндірістік жабдықтар (Оралдан, Қарағандыдан), мырыш және қорғасын концентраттарын (Орталық және Оңтүстік қазақстаннан) алады.
Облыстағы аса маңызды өнеркәсіп орталықтарының бәрі дерлік орналасқан Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөктерімен аңғарларында халық айтарлықтай жиі қоныстанған. Климат жағдайлары егіншілік жүргізуге қолайлы әрі топырақты Белағаш даласына да халық жиі қоныстанған. Облыстың мұндай халық жиі қоныстанған аймақтарындағы ауылдар да үлкен болып келеді. Олар көбіне тау аралығындағы қазаншұңқырлар мен өзен аңғарларына кейде - су айрықтарына орналасқан.
Алтайдың биік таулы бөліктері мен Сарыарқаның Түркістан-Сібір темір жолынан батысқа қарай халық сирек қоныстанған. Мұнда ұса, көп жағдайда мал фермаларының маңына орналасқан маусымдық елді мекендер басым. Қалба жотасы мен Оңтүстік Алтайдың тау бөктерлері, Тарбағатайдың беткейлері мен Зайсан қазаншұңқырлары халықтың орналасу тығыздығы жөнінен біршама ілгері орында тұр.
Революциядан кейінгі жылдары Шығыс Қазақстанда қала халқының үлес салмағы күшті өсті. Бірақ ол облыстағы бүкіл халықтың жартысын ғана құрайды. Қала халқының үлес салмағы облыстың шығыс, неғұрлым өнеркәсіпті таулы бөлігінде едәуір жоғары. Мұнда Кенді Алтайдың Бөктерлері мен тау аралығындағы қазаншұңқырларда пайда қазбаларды өндіретін жерлер, кеніштерде, байыту фабрикалары мен металлургия зауыттарында көптеген шағын қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар өсіп шыққан.
1. 3 ШҚО тарихи-мәдени ескерткіштері ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz