Қазақстанның ішкі сулары



Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ.Негізгі бөлім.
1.Қазақстанның ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Ішкі судың басқа түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3.Оңтүстік Қазақстанның ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

IV.Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Кіріспе.
Республикамыздың ішкі суларына оның аумағындағы судың барлық түрлері, яғни өзендер, көлдер, жер асты сулары мен мұздықтар жатады. Жер бедері мен климат жағдайларының әртүрлі болуынан еліміздің өзендері әртүрлі орналасқан. Климаты құрғақ шөл және шөлейт зонада өзен,көл аз, ал жауын-шашын біршама мол жауатын орманды дала зонасы мен биік таулы аймақтар ағын суға бай. Өзен сулары адамдардың тұрмысына қажетті судың—шаруашылық пен су көлігі үшін арзан энергия көзі болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан территориясының климаты тым континенттік; олтүстік жазық шөлді бөлігі өте қуаң келеді. Қысы негізінен қарсыз, суық желді болады. Жұқа қар жамылғысы Арал маңы өңірінде 4—5 айға дейін, Бетпақдалада 1 айдай сақталады. Январьдың орташа темпрасы Талдыңорғанда— 11,4°С, Қызылордада —9,3° С, Алматыда — 8,0° С, Жамбылда — 4,6° С, Шымкентте —3,0° С. Жазы ыстық, солтүстік жағында өтө ыстық және қуаң. Июльдің орташа темпрасы Шымкентте 26,3° С, Қызылордада 25,7° С, Жамбылда 23,8° С, Талдыңорғанда 22,8° С, Алматыда 22,3° С. Ауаның темпрасы қыста кейде —43°С-ңа дейін (Талдықорғанда) төмендейді, жазда 46°С-ңа (Қызылорда) көтеріледі. Аудан жеріне түсетін жауын-шашынның жылдың мөлшері Арал теңізі мен Сырдария аңғарының жалғасар өңірінде 100—200, Қызылордада 114 мм, Түркістанда 199 мм, жазың жерлердің тау етегіне ұласар бөлігінде 300—400 мм, Шымкентте 486 мм, тау беткейлерінде 800— 1100 мм шамасында. Солтүстік-батысында өсімдіктің өсіп-өнетін мерзімі 180— 182 күнге, қиыр оңтүстігінде 270 күнге созылады. Жазық және тау алды өңірлерінде өсіп-өну кезіндегі ауа темп-расының жалпы ңосындысы 4000° С-қа жуықтайды.
Әдебиеттер.
1.Дүйсенов С. Қ. Географиялық белдеулер –ХБГ, 2001, N 4.
2.Полярлық координаттар. – Физика және география. 2005, N 6.
3.Госпадинов В. Г. Топография – Москва 1974 г.
4.Түсіпбекова Г. Географиялық карта туралы жалпы мәліметтер.-
5.География және табиғат –2006,N 2.
6.Коринский В.А. , Щенев В. А. , Душина И. В. – Материктер мен мұхиттар географиясы. Алматы,2001.
7.Төкенов Б.Географияны оқыту әдістері –География және табиғат. 2003, N 8.Сейсенов А. Географиялық карталарды оқыту. География окружающая среда 2005 , N 3 .
9.Қазақстанның физикалық герграфиясы.-Алматы,1999.

Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ.Негізгі бөлім.

1.Қазақстанның ішкі
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...4

2. Ішкі судың басқа
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...6
3.Оңтүстік Қазақстанның ішкі
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

IV.Әдебиеттер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Кіріспе.

Республикамыздың ішкі суларына оның аумағындағы судың барлық түрлері,
яғни өзендер, көлдер, жер асты сулары мен мұздықтар жатады. Жер бедері мен
климат жағдайларының әртүрлі болуынан еліміздің өзендері әртүрлі
орналасқан. Климаты құрғақ шөл және шөлейт зонада өзен,көл аз, ал жауын-
шашын біршама мол жауатын орманды дала зонасы мен биік таулы аймақтар ағын
суға бай. Өзен сулары адамдардың тұрмысына қажетті судың—шаруашылық пен су
көлігі үшін арзан энергия көзі болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан территориясының климаты тым континенттік; олтүстік
жазық шөлді бөлігі өте қуаң келеді. Қысы негізінен қарсыз, суық желді
болады. Жұқа қар жамылғысы Арал маңы өңірінде 4—5 айға дейін, Бетпақдалада
1 айдай сақталады. Январьдың орташа темпрасы Талдыңорғанда— 11,4°С,
Қызылордада —9,3° С, Алматыда — 8,0° С, Жамбылда — 4,6° С, Шымкентте —3,0°
С. Жазы ыстық, солтүстік жағында өтө ыстық және қуаң. Июльдің орташа
темпрасы Шымкентте 26,3° С, Қызылордада 25,7° С, Жамбылда 23,8° С,
Талдыңорғанда 22,8° С, Алматыда 22,3° С. Ауаның темпрасы қыста кейде —43°С-
ңа дейін (Талдықорғанда) төмендейді, жазда 46°С-ңа (Қызылорда) көтеріледі.
Аудан жеріне түсетін жауын-шашынның жылдың мөлшері Арал теңізі мен Сырдария
аңғарының жалғасар өңірінде 100—200, Қызылордада 114 мм, Түркістанда 199
мм, жазың жерлердің тау етегіне ұласар бөлігінде 300—400 мм, Шымкентте 486
мм, тау беткейлерінде 800— 1100 мм шамасында. Солтүстік-батысында
өсімдіктің өсіп-өнетін мерзімі 180— 182 күнге, қиыр оңтүстігінде 270 күнге
созылады. Жазық және тау алды өңірлерінде өсіп-өну кезіндегі ауа темп-
расының жалпы ңосындысы 4000° С-қа жуықтайды.

1.Қазақстанның ішкі сулары.
Қазақстанның барлық өзендері негізінен екі алапқа: Солтүстік Мұзды мұхит
алабы мен ішкі түйық көлдер алабына жатады.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын
өзендер Сауыр-Тарбағатай және Алтай тауларынан, Сарыарқадан және Оңтүстік
Орал тауының оңтүстік-шығысынан басталады.
Ертіс-Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзені, ол Қытай жеріндегі Монғол
Алтайы тауының батыс беткейінен Қара Ертіс деген атпен ағып шығып, Зайсан
көліне құяды. Дүние жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы 4248
іпақырым, ал Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700 шақырым. Зайсан көлі мен
Бұқтырма бөгенінен кейін Алтай тауының Қалба, Нарын жоталарының тар тау
аралығымен өтіп, Өскемен қаласына жеткенше тар шатқал арқылы ағады. Ертіс
өзеніне көптеген салалар келіп құяды. Өскемен қаласынан төмен Ертіс кең
аңғармен ағады да, оған Үлбі мен Оба өзендері келіп құяды. Ертіс өзені
Семей қаласы тұсында жазықтыққа шығып, нағыз жазықтағы өзенге айналады.
Ертіс — аралас коректенетін өзен. Салаларының біразы Алтай тауының мәңгі
қары мен мұздықтарынан, кейбір салалары жер асты сулары мен жауын-шашыннан
қоректенеді. Сондықтан Ертістің суы жыл бойы мол болады. Ертіс Ресей жеріне
жылына 28 млрд. текше м. су алып барады. Сарыарқа өлкесін тұщы сумен
қамтамасыз ету үшін Ертіс-Қарағанды каналы салынған. Оның үзындығы 490
шақырым. Қазақстан жерінде Ертістің басынан сағасына дейін кеме жүруге
қолайлы. Ертістің суы арзан электр энергиясын өндіруге пай-даланылады.
Ертісте бірнеше су электр станциялары салынған. Өскемен және Бұқтырма СЭС-
інен өндірілген энергияны Кенді Алтайдың кәсіпорындары пайдалануда.
Ертіс балықтың кәсіптік маңызы бар түрлеріне бай. Онда шоқыр, бекіре,
лақа, аққайран, шортан, сылан, қара балық, алабұға, т.б. түрлері ауланады.
Ертіске республика шегінен шыққаннан кейін екі өзен келіп қүяды. Олар —
Есіл мен Тобыл өзендері. Есілдің ұзындығы 2450 шақырым, ал Тобылдың ұзын-
дығы 1591 шақырым, көктемде тасып, жазда суы азаяды. Жылдық орташа су
шығыны: Есілдікі — 61 текше мсек, Тобылдыкі — 18 текше мсек.
Су шығыны дегеніміз — белгілі уацыт ішінде өзеннің көлденең қимасынан
аеып өткен су мөлшері. Су шығыны өзеннің көлденең қимасының ауданы мен ағыс
жылдамдығының көбейтіндісіне тең. Өзендердің су шығыны жыл бойы шұғыл
өзгеріп отырады. Ең көп шығын су тасу немесе тасқын кезінде болады. Жыл
бойындағы өзеннің су шығынын жылдық ағын деп атайды. Ертістің жылдық ағыны
Обьқа құяр жерінде 28 млрд. текше м.
Есіл мен Тобыл өзендері — Қазақстанның солтүстік аймақтарын басып өтіп,
Ертіске құяды.
Есіл өзені Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік-шығыс бөлігінен басталады.
Оның бірнеше салалары бар, олар жазда құрғап қалады. Есіл Ақмола маңынан
өткенде тайызданып, тіпті кей жерлерде ағысы тоқтап қалады. Есіл өзені
Көкшетау маңында бірнеше салаларды қосып алып, едәуір суы мол өзенге
айналады. Батыс Сібір жазығына барғаннан кейін Петропавл қаласы маңынан кең
арналы жазықтағы өзенге айналады. Еріген қар суы өзенмен көктем кезінде
ағып өтеді де, содан кейін судың деңгейі тез төмендейді. Су деңгейінің ең
төмен кезі қыс айларында болады.
Өзен кішігірім кемелердің жүзуіне қолайлы. Шағын катерлер өзен бойымен
Петропавлдан 270 шақырымға жоғары көтеріле алады. Дегенмен жазда судың
тайыздығынан кемелер үнемі жүре бермейді. Есілде кемелер жүзуге қолайлы
болу үшін және сол аймақты суландыру үшін Сергеевка, Вязьма су бөгендері
салынды. Онда көктемдегі еріген су жиналады. Бұл Есіл өзенінің ағынын бір
қалыпқа салады.
Қазақстан жерінде Тобыл өзенінің тек бас жағы ғана ағады. Ол Оңтүстік
Оралдың шығыс беткейінен басталады да, жолында Торғайдың төрткүл өлкесінен
сала қосып алады. Тобыл өзені қоректену жағынан Есілге үқсас. Тобылда да
судың молаятын кезі, Есілдегі сияқты — көктем, ал судың аз кезі — қыс.
Тобылдың суы халықтың тұрмыс қажетіне және шаруашылықта пайдаланылады.
Тобылда Қызылжар, Амангелді бөгендері салынған.
Бұқтырма өзені — Ертістің оң жақ саласы. Бұл Оңтүстік Алтайдың мұздықтары
мен қарынан басталады. Бұқтырма — жағасы жартасты, арнасы шоңғалды, ағыны
қатты нығыз тау өзені. Бұл Ертістің ең суы мол саласы. Өзен суының тасуы
мамырдың аяғынан шілдеге дейін созылады. Су деңгейінің ең жоғары кезі —
маусым айы да, ең аз кезі — қыста. Өзен ағаш ағызуға қолайлы және электр
энергиясын өндірудің көзі болып есептеледі.
Бұқтырма өзені өте әдемі жерлерден ағады. Оның аңғары тау аралап өтеді.
Өзеннің әрбір бұрылысы табиғаттың көркем көрінісін бейнелейді. Өзеннің
жағалауларында биіктігі 100—200 м-ге жететін жартасты, тік құлама беткейлі
таулар бар. Ағаштар мен бұталар тау етегіне дейін өсіп, өзенге келіп
тіреледі де, өзен ағысының баяу жерінде оның мөлдір әдемі сәулелері түсіп
тұрады.
Үлбі және Оба өзендері де ағаш ағызуға әрі электр энергиясын өндіруге
пайдаланылады.
2. Ішкі судың басқа түрлері

Қазақстанның кең-байтақ жері көлге өте бай. Мұнда ірілі-уақты 48 мыңнан
астам көл бар. Олардың ішінде Каспий, Арал және Балқаш сияқты ірі көлдерден
басқалары, қөбінесе (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер.
Көлдерінің барлығы дерлік ағынсыз тұйық көлдер. Олардың деңгейі шұғыл
өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан
тұз өндіріледі,
Қазақстанның көлдері территория бойынша әркелкі таралған. Олар бір-бірінен
жүздеген км қашықтықта жатады, немесе бір өңірге шоғырланып, көлді аудандар
түзеді. Климат жағдайына байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке
қарай азая береді. Көлдер орманды дала және да ла зонасының солтүстігівде
көп шоғырланған. Сондай-ақ, ірі өзендердің жайылмаларында және құмдарға
сіңіп жоғалатын тұйық өзендердің атыраптарында көлдер көп. Көлдердің басым
көбі 100 м-ден 300 м-ге дейінгі биіктікте жатыр.
Көлдердің қазаншұңқырлары әр түрлі жолдармен пайда болған. Қаспий, Арал,
Балқаш және Алакөл тобына жататын ірі көлдер — бұрынғы теңіздердің орнында
қалған -қалдық көлдер. Олар тектоникалық ойыстарда орналасқан. Өзен
аңғарларывдағы көлдер ескі арналардан пайда болған. Қазақстанның жазық
бөлігівдегі көлдер — жердің үстіңгі қабаты шөгіп, су басқан ойпаңдарда,
таулардағы көлдер бөгелуден, көбінесе миреналардың бөгеуінен түзілген.
Каспий теқізі — Жер шарындағы ең үлкен көл (көлемі 371 мың шаршы км).
Қазақстан жеріне оның солтүстігі мен солтүстік-шығысы кіреді. Қазақстан
жеріндегі Каспий теңізінің жағалауы 2340 км. Оның көп жерівде (қыратты
Маңғыстау түбегінен басқа жері) ойпатты келеді. Каспий теңізінің деңгейі
мұхит деңгейінеіі 28 м төмен. Көлдің Қазақстан жеріндегі бөлігі онша терең
емес. Оның тереңдігі жағалауында бірнеше метр ғана болады да, ортасыңда
200 м-ге жетеді. Каспий теңізі негізінен ІІІығыс Еуропа жа-зығынан,
Кавказдан, Қазақстан және Орта Азиядан келіп құятын өзендердің суымен
толығады. Көлдегі су деңгейінің ең жоғары көтерілу кезі сәуірден шілдеге
дейін, ең төмен кезі қыста болады. Қыста (қарашадан наурызға дейін) көлдің
солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі (мұздың қалыңдығы 2 м-ге
дейін) қатып жатады. Жазда судың бетк қабатында температура 24—26в-қа
дейін көтеріледі.
Каспий теңізі тұздылығының солтүстік бөлігінде аз болуы солтүстіктен
қүятын өзендердің көп мөлшерде тұщы су алып келуіне байланысты. Оңтүстігіне
қарай тұздылығы артатүседі (12—137,).
Көлге құятын өзендер қоректік затты мол алып келеді сондықтан Каспий
теңізі балыққа бай, онда итбалық та бар Бұл оның бір кезде Солтүстік Мұзды
мұхитпен байланысть болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкеі
кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре шоқыр, пілмай)
тұқымдастар жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас
балықтың 80%-інен аста мы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспий теңізінен
одан басқа майшабақ, табанбалық, көксерке және сазан ауланады. Ақтау
қаласында теңіз суын тұщыландыратьш қуатты қондырғы орнатылған. Каспий
теңізінің кеме қатынасы үшін де маңызы зор. Соңғы 10 шақты жылда Каспий
теңізінің деңгейі бір метрден астам көтеріледі. Соның нәтижесінде теңіз суы
солтүстік жағалауды басып мұнай кен орынадарына қауіп тудыруда. Егер
тосқауылдар жасаи, кен орындарын қорғамаса, шайылған мүнай теңізге құйылып,
Каспий эко-логиялық апатқа үшырауы мүмкің.
Арал теңізі — көлемі жағынан Қазақстанның екінші көлі. Көл суының деңгейі
мұхит деңгейінен 40 м жоғары.
Арал теңізі Тұран жазығында орналасқан. Көлдің қазан-шұңқыры жер
қыртысының тектоникалық майысуының нәтижесівде пайда болған. Үстірт келіп
тірелетін батыс жағасы биік, тік жарлы болып келеді. Қалған бөлігінің
жағасы ойпатты жазық, шығанақтармен, қойнаулармен тілімделген ерекше
пішінде қалыптасқан. Арал теңізінде аралдар да бар, олардың ең ірілері:
Барсакелмес және Возрождение. Теңіздің деңгейі жыл бойына өзгеріп түрады.
Су деңгейінің жоғарылығы мамырдан қазанға дейін, ең төменгі кезі — қыста.
Жазда теңіз суының температурасы 27°~қа жетеді, қыста теңіздің солтүстік,
солтүстік-шығыс бөліп 100—140 күн бойы қатып жатады.
Арал теңізі Амудария және Сырдария өзендерінің суы мен толыгады. 1975
жылдан бері Сырдария суы теңіз мүлдем құймайтын болды. Арал
теңізіке құятын Амударияның суы да азайды. Теңіз жағалауы 100—120 км дей
шегінді. Кепкен теңіз түбі сортаңға айналуда. Ашылған теңіз жағалауын тұз
бен құм жауып жатыр.
Арал теңізінің тартылуына байланысты эколопшл; жағдай асқына түсуде,
егістік жер мен мал жайылымды ойпатар, адамдардың денсаулығы нашарлады.
Теңіз денгейі соңғы 30 жыл ішінде 14 м төмендеді, көл суының тұздылығы үш
еседей артып, 27°оо-ге жетті. Барсакелмес аралында қорық бар, онда қүлан
мен ақбөкен жерсіндірілген. Қазіргі жағдайға байланысты онда тіршілік ету
киындағандықтан Барсакелмес қорығындағы жануарлар басқа қонысқа көшірілуде.
Балқаш — көлемі жағынан Қазақстанның үшінші көлі, ол республиканың
оңтүстік-шығыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 342 м биікте орналасқан. Ауданы
18200 шаршы км. Көл ұзынша формалы, оның ұзындығы — 614 км, орташа ені — 30
км-ге жуық. Ең терең жері — көлдің шығыс бөлігінде — 26 м-ге жетеді.
Балқаш суының тұздылығы біркелкі емес. Батыс бөлігівде, Іле өзенінің құяр
жерінде суы тұщы, ал шығыс бөлігінде ащы. Көл суының деңгейі, оған құятын
өзен суы ағынының өзгеруіне байланысты жыл мезгілдерінде өзгеріп отырады.
Су деңгейінің ең жоғары кезі сәуірден шілдегр дейін. Жазда судың
температурасы 27°-қа дейін көтеріледі. Қыста көл 120—140 күн бойы қатып
жатады. Балқаштың жағасының формалары әр түрлі. Солтүстігі мен батыс
жағалаулары биік және тік. Бүлар уақытша ағатын су тасқындарынан пайда
болған көптеген жыралармен, аңғарлармен тілімденген. Оңтүстігі мен шығысы
жазық болады.
Балқашта кәсіптік маңызы бар балықтардың 20-дан астам түрі бар. Овда
балқаш алабұғасы, сазан, көксерке ауланады. Бұлардан басқа салпы ерін
балық, көкталма және сібір табаны бар. Кейінгі кезде мұнда басқа жерден
бекіре, қаяз, пілмай және басқа балықтар әкелініп өсірілді.
Көлдің жағаларына көптеген құстар ұялайды. Көлде көптеген үйрек, қаз және
басқа суда жүзетін құстар бар. Ну қамыста қабандар болады. Қырқыншы жылдары
Балқаш ауданына терісі бағалы аң — андатра жерсіндіріледі. Бұлар тез
көбейіп, қазір ол дүние жүзіндегі ең ірі овдатра шаруашылығына айналды.
Андатрадан мемлекетімізге жыл сайын , миллиондаған сом пайда түседі. Көлде
кеме қатынасы үзілмейді.
Кейінгі жылдарда Балқаш көлінің халық шаруашылығындағы маңызы шұғыл
артты. Көлдің солтүстік жағасывда мыс балқыту комбинаты салынған. Бұл тек
Қазақстан ғана емес, бүкіл елімізде көрнекті кәсіпорын болып саналады.
(Орталық және Солтүстік Қазақстан көлдері. Орталық жәнеСолтүстік
Қазақстанда мыңдаған кел бар. Бұлардың ең ірілері: солтүстіктегі—Сілеті
теңіз көлі және Орталық Қазақстандағы Теңіз бен Қорғалжын көлі. теңіз көлі
онша терең емес, суы ащы — теңіз суына жақын, мөлдір жасыл түсті, ал Теңіз
көлінің суы кермек, тұзды. Көлдерде балық ауланады және түз өндіріледі.
Кейбір көлдерде деуге пайдаланылатын шипалық балшықтар бар.
Табиғи су алабы жоқ көптеген аудандарда бөгендер мен түрлі су
қоймалары жасалған. Көлдер мен бөгендер халықы сумен қамтамасыз етуге,
ішінара егін суаруға, соным қатар үйрек, қаз өсіруге де пайдаланылады.
Республика территориясында жетшстен аса артезиан алаптары табылды.
Мысалы, Мойыңқұмда 300-—500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан
түтас жер асты "теңізінің" бар екені анықталды. Оның суы іщуге де, егін
суаруға да жарамды. Қызылқүмда 80—-300 м тереңдікте жатқан орасаң зор жер
асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан,
атап айтқанда, тын жерлерді игеріп жатқан аудандардан да табылды. Алматы
қаласы, 19 облыстың орталығы, 200-ден астам аудан ор-талықтары, 3500-ден
астам өнеркәсіп және ауыл-шаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері
қазірдің өзінде жер асты суымен қамтамасыз етілді. 100 млн. гектардай
жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістік суаруға мүмкіндік алды.
Таяу жылдар ішівде жер асты суы бұдан да кең пайдаланылатын болады.
Қазақақтанда жер астынан ыссы (термальды) су табу үшін үлкен барлау
жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер аетй суы өнеркәсіпте, сондай-ақ
үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.
Минерал суы. Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер
бетіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ірі өзендері
Палеозойға дейінгі кезең
Су жүйелері және оның ластану көздері
Су ресурстары туралы
Қазақстан Республикасының ұлттық су құқығы
Жер беті су жамылғысы
Қазақстан Республикасында су ресурстарын интеграциялық басқарудың қазіргі кездегі жағдайы
Қазақстан Республикасында су ресурстарының таралуы және қамтамасыз етілу жағдайларын анықтау және оларды жою шараларынның бағыттарын көрсету
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Көлдер мен бөгендер
Пәндер