«Көлікті жарықтандыру мен дабылдау жабдықтары»


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: КТ және ЛЖ

Реферат

Пәні: Автокөлік техникасының жіктелуі мен құрылысы

Тақырыбы: «Көлікті жарықтандыру мен дабылдау жабдықтары»

Қабылдаған: Жумабеков А. Т

(баға) (қолы)

Орындаған: ПО 14-1тобының

студенті Оразбек А. С

(күні) (қолы)

2016 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Жарықтандыру және дабылдау жүйелері . . . 4Жарықтандыру жүйесін жіктеу . . . 5Дабылдау аспаптарын жіктеу . . . 8Ақпараттандыру және диагностикаландыру жүйесі . . . 9Бақылау-өлшеу аспаптары . . . 10

Қорытынды . . . 13

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 14

Кіріспе

Кез келген заманауи көліктерде көптеген электр құрылғылар бар. Олардың барлығы электр энергия көздері мен электр энергиясын тұтынушылар болып бөлінеді.

Электр энергия көздері - механикалық және химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғылар болып табылады. Автокөліктерде электр энергиясының көзі - аккумулятор батареясы мен генератор.

Электр энергиясын тұтынушылар - электр энергиясымен қоректенетін кез келген құрылғы: стартер, оталу жүйесі, жарықтандыру мен дабылдау аспаптары, терезе тазалағыш және т. б. Электр энергиясын тұтынушылар электр тогы энергиясын энергияның басқа түріне (механкалық, жарық, дыбыс, жылу) айналдыруға қызмет етеді.

Генератор өндірген электр, әдетте, электр энергиясын тұтынушылардың барлығын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Бірақ бұл тек қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда ғана жүзеге асады, себебі, генератор одан ғана механикалық энергияны алады. Қозғалтқышты іске қосу үшін сыртқы көзден оның иінді білікке бірнеше айналымды беруі керек. Автокөліктерде осындай сыртқы көз, шағын электрқозғалтқыш - стартер.

Аккумулятор батареясының қуаты қозғалтқыш өшірулі тұрған кезде шектеулі уақыт аралығында қуаты аз тұтынушыларды (жарықтандыру құралдары, терезе тазалағыш, т. б. ) токпен жабдықтауға жеткілікті. Алайда, уақыт өте аккумулятор батареясының өндіретін энергиясы азаяды және бірте-бірте нөлге дейін төмендейді. Бұны болдырмау үшін аккумулятор батареясын зарядтау қажет.

Автокөліктерде электр энергиясына байланысты тұйық шеңбер алуға болады. Аккумулятор батареясы шағын электрқозғалтқыш - стартерді электр тоғымен қоректендіріді. Стартер білігі қозғалтқыштың иінді білігін айналымға келтіре отырып, генератор білігін айналдырады. Генератордан шыққан электр энергиясының белгілі бір бөлігі аккумулятор батареясын зарядтау үшін жұмсалады.

Электр энергиясының көздері тиімді әрі узақ уақыт жұмыс істеуі үшін оларды сақтау керек. Қозғалтқыштың өшірулі кезінде тым көп тұтынушыларды қосып, аккумулятор батареясының жұмысын ауырлатуға болмайды. Аккумулятор батареясы үшін жаз маусымына қарағанда қыс маусым қиын болып табылады, себебі қозғалтқышты іске қосу үшін анағұрлым көп энергия талап етіледі. Сондықтан әр күз сайын батареяны кірден тазалап, оның корпусының жағдайын тексеріп, электролиттің деңгейі мен тығыздығын, сымдардың бекітілуін текстеріп тұрған жөн. Автокөлікті пайдалану барысында электрлік байланыстарды таза, құрғақ әрі амалынша сыртқы әсерлер мен судан қорғалғаны маңызды.

Жарықтандыру және дабылдау жүйелері

Жарықтандыру мен дабылдау аспаптарынсыз автокөлікте жұмыс істеу мүмкін емес. Түнгі және қараңғы кездерде қозғалыс жолын, кабинаны, аспаптар қалқанын жарықтандыру мен көліктің габаритті көлемін байқау үшін қажет. Жарықтандыру аспаптарына фара, фонарь, астыңғы фара, бұрылыс белгісі және габарит шамдар, нөмір белгісіне жарық түсіретін шамдар жатады.

Жарықтандыру және дабылдау жүйелері (1-сурет) автомабилдердің электр жабдықтарында ерекше орын алады, өйткені автономды жарықтандырудың және дабылдаудың тиімділігі автомобилдендіру өсіп жатқан жағдайда және автомобилдік тасмалдаудың ролі артып жатқан жағдайда негізінен тәуліктің қараңғы кезінде жол жүру қауіпсіздігін анықтайды.

Шамның (фар) ең көп тараған құрылымы, біраз уақыттарға дейін американың шырағы (фарасы) болды, ол ашылып-жабылмайтын оптикалық элемент болатын, дәнекерленген шағылыстырғыш және шашыратқыш дөңгелек немесе тікбұрышты пішіндегі инертті газбен толтырылған, оның ішінде бір немесе екі қыздырма қылы орнатылған [3] (192-194 бет) .

http://www.redmotor.ru/images/gaz24book/15.jpg

1-сурет. Жарықтандыру және дабылдау жүйелері

Европадағы 50- ші жылдардан бастап, шыныметалдық элементті ауыспалы жарық көзі кеңінен қолданыс тапты, қарапайым және галогендік шырақ тәрізді бір немесе екі қыздырма денесінен тұратын металдық шағылдырғыштың соқыр тесігіне орнатылатын. Фаралардың жаңа құрылымдарына шағылдырғышты күрделі пішінді орнатып, оны тек қана жеңіл пішіндейтін материалдардан жасауға рұқсат беру талаптары қойылған (шыны, пластмасса) . Осы қойылған барлық тапсырыстардың шешімі бүгінде шығарылып жатқан алдыңғы қатарлы фирмалардың фараларының құрылымында көрініс табуда [2] (181-185) .

Дабылдағыш жүйесінде айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Оның өркендеу ерекшеліктеріне салмағын азайту жалпы тенденциясымен бір қатарда болып табылады:

- жарықтандырудың градиенттілігін жарық үлестіруші картинада азайту;

- көрініс бұрыштарын азайту;

- шамдардың әртүрлі бөліктер беттерінің жарықтылығын теңестіру;

- фантам (жап-жарық күннің сәулесінде қосылмаған шамды қосылған деп қабылдау) әсерін болдырмау. Дабылқағу жүйесіндегі дәстүрлі сигналдық саймандарды жетілдірумен бір қатарда, қосымша сигнал шырақтары (қосымша тежегіш сигналдары, бұрылуды көрсететіндер, хабарландыру табылады) пайда болуда [4] (201-203 бет) .

Жарықтандыру жүйесін жіктеу

Жарықтандыру құрылғыларының қатарына: фаралар, артқы шамдар, номер белгісін жарықтандырушы шамдар, автокөлік салонын жарықтандырушы шамдар, капот астындағы кеңістікті жарықтандыруға арналған шам, жүксалғышты жарықтандыру шамы.

Фара жүріп келе жатқан көліктің алдыңғы жол учаскесін жарықтандыруға арналады.

2-сурет. Фара

Фара (2-сурет) корпустан (5), шағылдырғыштан (1), сейілткіш шыныдан (3), жиектен (8), ток келтіруші сымдар (7), патроннан (6) және шамнан (2) тұрады. Сейілдіргіш шыны, шағылдырғыш және шам жиектің серіппелі ілгектерімен, ал жиек жалғастырушы бұрамамен байланысып оптикалық элементті құрайды. Оптикалық элемент корпустың негізгі корпусына серіппелер мен реттегіш бұрамалар (4) арқылы бекітілген.

Шағылдырғыш жарық сәулесін бағыттап жарық шығарады. Шағылдырғыштың ішкі беті лакталған және алюминий немесе хромның жұқа қабатымен жылтыратылған. Сейілдіргіш шыны жарық шоңының соқырлату әсерін кеміту үшін қажет, сондықтан оның сырты дөңес формада, ал ішкі жағы жарықсындырғыш шығыңқы болып келеді.

Жарықтандыру аспаптарында жарық көзі - электрлі шам. Ол (3-сурет) металл қалпақтары, контактілерден, шынылы баллондардан (2) және вольфрамдық жіптерден (1) құралады.

3-сурет. Шамдар

а-екі контактілі, б-экранды екі контактілі, в-бір контактілі

Шамдар бір контактілі(3-сурет, в) және екі контактілі(3-сурет, а) болып бөлінеді. Бір контактілі шамда шынылы баллонның ішіндегі қыздыру жібінің бір ұшы қалпаққа(3-сурет, 5), ал екінші ұшы қалпақ соңында оқшауланған контактіге дәнекерленген. Екі контактілі шам екі жіптен тұрады, оның бір ұшы қалпақ соңындағы екі оқшауланған контактіге, ал екіншісі калпаққа дәнекерленген. Және де сейілдіргіш шынымен ұштастыра жарық шоңының оңға және астыға араласуын, соның нәтижесінде қарама-қарсы бағыттағы көлік жүргізушісінің соқырлануын төмендетуге экранды екі контактілі шамдар(3-сурет, б) қолданылады.

Габаритті фонарь - автокөліктің артқы, алдыңғы немесе бүйір жақтарында, тіркемеде орнатылған габариттік өлшемдерін жарықтандыруға арналған. Габариттік фонарьлардың жарығы 100 метрден кем емес арақашықтықта көрінуі керек.

Бұрылыс белгісі автомобильдің алдағы болатын маневрін ескертуге арналған. Оған дабыл беретін шамдар, ауыстырып қосқыш және үзгіш (реле) жатады. Мұнда токтың электр магнитті үзгіші кеңінен тараған.

Бұрылу белгісі қосулы тұрғанда контактілер тұйықталады және ажырайды. Олай болса, шамдар минутына 70-100 рет жыпылықтайды.

Осы күнгі жарықтандыру жүйесін, жарықтандыруды құрудың типіне байланысты бөлуге болады: европалық және америкалық.

Жарықтарату жүйесін іске асыру әдісіне қарай 2 фаралық және 4 фаралық жүйе болып бөлінеді. Европалық және америкалық жарықтандыру жүйелері, жарық шоғын жасау құрылымына қарай (жарықтарату формасына қарай) және оны қалыптастыру принциптеріне қарай әртүрлі. Бұл айырмашылықтың басты себептеріне, қозғалысты ұйымдастыру ерекшеліктері, жол саласы және т. б. жатады. Жарықтандырудың американдық жүйесін іске асыруға параболоидтық шағылыстырғыштың фокалдық жазықтығына алыстық жарықтың қыздырма қылын, қысқа тік цилиндр пішінге ие оптикалық оське перпендикуляр орналасқан және осы ось арқылы өтіп, горизонталь жазықтықта жатқанды орналастырудың есебінен болады.

Жақындық жарықтың қыздырма қылы оптикалық осьтен өтетін горизонталь жазықтығынан біраз жоғары орналастырылады және тағыда ол аздап бір жағынан жылжытылған, оптикалық оске перпендикуляр орналасқан болып тік цилиндрлік пішінге ие болады. Бұның арқасында, жақындық жарықтандырудың жарық ағынының осі төмен қарай жантайған болып және ол жолдың оң жақ бөлігіне қарай жылысқан болып осы арқылы пайда болатын жарықтандыру ассиметриялы болады.

Европалық жарықтандыру жүйесінде «жақындық жарық» режимінде, шағылыстырғыштың жұмысшы бетінің тек қана бір бөлігі қолданылады.

1960 жылдары АҚШ-да төртфаралы жарықтандыру жүйесі таралым тапты. Оның негізінде өзгеше ой болды, жарықтандыру функциясын екі типтегі фараға бөлістіру.

Төртфаралық жарықтандыру жүйесі диаметрі 130 мм төрт фарадан тұрады, оларды жұппен горизонталь немесе вертикаль бойынша орнатуға болады.

Сыртқы және жоғарғы фаралар барлық уақыт екі режимді болады. Ішкі және төменгі фаралар, тек қана «алысқа жарықтандырудың » фаралары болып табылады. Ішкі (төменгі) фараларда әдетте европалық шырақ орнатылған, оның қыздырма қылы шағылыстырғыштың фокусында орнатылған, ал шашыратушы жарықтың горизонталь жазықтығындағы аралықты қамтамасыз ететін, жарықсындырғыш жүйемен жабдықталған. Жарық және алыс жарықтың екі режимдік фаралары екі қылды европалық шырақтармен жабдықталған болып, оның жақын жарықтандырушысының қыздырмасының денесі шағылыстырманың фокусына, ал алыс жарықтықтың қыздырма қылы, артқа шағылысудың оптикалық осі бойынша факуссыздырылған. Бұл фаралардың шашыратушылары тек қана жақын жарықтандыруға есептелген.

Жақын жарықтандыруды қосқан кезде, тек қана сыртқы фаралар жұмыс істейді, олардың қыздырма қылының қосындылық қуаты, европалық жүйе үшін 90-100 Вт, американдық жүйе үшін 100 Вт құрайды.

Алыс жарықтың қуаты, европалық жұйеде 180-240 Вт, америкалық 150-260 Вт. Сөйтіп, төрт фаралық жарықтандыру мынандай артықшылықтарға ие:

- алыс және жақын жарықтандыру режімдерін екі типтегі фарада таратуға мүмкіндік береді, ол құрылымның келісушілігінен арылтады;

- автомобилдің алыстық жарықтандыруын әжептәуір жақсартады, ол жүзеге асады, қыздырма қылының жалпы қуатының күрт өсуі және жарықтың тесігінің қосындылық ауданының аздаған үлкейуінің (17%-ке) нәтижесінде болады.

Осымен бір уақытта бұл жүйе елеулі кемшіліктерге де ие:

- жақын жарықтандыру күрт төмендейді, қыздырманың екі денесінің қуаты өзгермегенде, фараның жұмысшы ауданы (40 %-ке) әжептәуір азаюының салдарынан болады;

- біраз қуатты генераторларды қолдану және автомобилде құрастыру үшін үлкен кеңістік талап етіледі;

- салыстырмалы үлкен өзіндік құнға ие.

Дабылдау аспаптарын жіктеу

Дыбыс дабылы (4-сурет) - электр магнитті діріл типті. Дабыл тетігін баса отырып, тізбекті тұйықтайды. Электр тогы орам бойымен жүргенде, өзектемірді магниттейді, ол якорьды тартады. Якорьдың орын ауыстыруы үзгіш контактілердің ажыратылуын туғызады.

4-сурет. Дыбыс дабылы

а-құрылысы, б-жұмыс істеу принципі;

1-корпус, 2-конденсатор, 3-электромагнит өзегі, 4-электромагниттің орауы, 5-реттеуіш бұрама, 6-үзгіш, 7-якорь, 8-мембрана, 9-резанатор, 10-орталық бұрама, 11-дабыл тетігі.

Дара жарықтандыру жүйесімен бір қатарда, жол жүру ережесі бойынша міндетті түрде көлік құралдарына жарықпен белгі беру құралдарын орнатуды, жол жүрісіне қатынасушыларды, көлік құралы қозғалысының түрін хабарлайтын (тежеу, озуы, тұру), жасайтын маневрасы туралы (бұрылу, озуы, ), көлік құралының түрі, оның тұлғасы туралы, сондай-ақ оның кімнің меншігіне жататындығын жариялайтын (номерлік белгіні) жарықтандыру туралы талап етіледі.

Жарықтық белгі беру аспандарының барлық жеңіл және жүк автомабилдерінің минимальдық мәжбүрлік жинаққа кіретіндер:

- габариттік жарық оттары: 2 алдыңғы және 2 артқы;

- артқы жақта орнатылатын 2 тежегіш шамдары;

- өшіп-жанып тұрып бұрылуды көрсететін: 2 алдыңғы, 2 артқы және қапталдық;

- 2 артқы жарық қайтарғыш;

- нөмірлік белгіні жарықтандырушы шам.

Қосымша жарықтың белгі беру жабдықтары:

- жүк автомобилдері үшін қабылдаушы шамдар;

- танылу белгісінің шамдары;

- өтіп кетуді көрсететін шам.

Жұмыстарының түріне және өздерінің функционалдық ерекшеліктеріне байланысты жарықтық белгі беру аспаптары 2 топқа бөлінуі мүмкін:

- белсенді жарық - техникалық жүйесімен өзінің жарық көзі бар шамдар;

- пассивтік жарыққайтарғыштар өзінің жарық көзі жоқ, бірақ басқа автомабилдің фарынан түскен жарықты шағылдыратындар.

Ақпараттандыру және диогностикалау жүйесі

Ақпараттандыру және диогностикалау жүйесі автомобильдің жүру режимін және техникалық күйін бақылауға арналған. Осы мақсаттар үшін автомобилдерде бақылау - өлшеу аспаптары, борттық бақылаушы және диогностикалаушы қатарда датчиктер орнатылған.

Бақылау - өлшеу аспаптары жүргізушіні автомабилді жүру жылдамдығы, қозғалтқыштың иіндік білігінің айналу жиілігі борттық тораптағы кернеу, бактағы жанармай деңгейі, суытушы сұйықтық температурасы, майдың қысымы туралы хабарландырады.

Борттық бақылау жүйесі (ББЖ) - бұл енді өркендеп келе жатқан жүйе, оның функциясы жүргізушініге автокөліктің бірқатар жүйелері мен агрегаттары параметрлерінің өзгерісі туралы жеткізу. Бірақ олардың өзгерістері апаттық жұмыс режимін тудырмайды және оның дұрыстауға бірден кірісуді талап етпейді. Ол тек техникалық бақылау жүргізгенде сөзсіз шара қолдану керектігін хабарлайды.

Борттық бақылау жүйесінің көмегімен құйылған сиымдылықтардаға тұтынылатын сұйықтардың деңгейін, тежегіш колодкалардың жағдайын жарықтық белгілеу апараттарының, аспаптардың лампаларын, филтрлердің жағдайын, автоматтық түрде бақылауға мүмкіндік береді.

Автомабилдерді пайдалану жағдайларын ескере отырып, ақпараттандыру және диогностикалау жүйесіне жоғары талаптар қойылады: жүйеге кіретін аспапатар және датчиктер бірлік дірілге және тербеліске шыдауы керек, өте үлкен температуралық айырмашылықтада жұмыс істеу қабілеттілігін сақтау керек. Айналадағы ортаның зиянды ықпалына шыдау керек және автокөліктіңдің борттық жүйесіндегі кернеудің өзгерісімен айналғанында өте төменгі дәрежеде сезінуі керек.

Бақылау-өлшеу аспаптары

Қысымды және сиретілуді өлшеу аспаптары. Қысымды өлшеу аспаптары (монометрлер) автомобильдерден қысымды өлшеу үшін қолданылады:

- қозғалтқыштағы майды;

- пневматикалық тежегіш жүйесіндегі ауаны;

- гидромеханикалық берілістегі майды;

- орталықтандырылған жүйеде ауаны тербеу үшін және т. б.

Автомабильдерді, майдың қысымын және ауаның қысымын бақылаушы аспаптарың ақауы болмауы тиіс. Өйткені ол апаттық режимге алып келуі мүмкін.

Температураны өлшеуші аспаптар. Автомабильдің жүйесі және агрегаттары тиімді жұмыс істеу үшін, температуралық жұмыс режимін бақылау керек. Мысалға, қыздырылмаған қозғалтқышты пайдаланғанда, оның қуаттық және экономикалық көрсеткіштері күрт төмендейді, ал қызып кететін қозғалтқышты пайдаланғанда оның жұмыс ресурсы төмендейді немесе ақау пайда болады.

Тораптар мен агрегаттарының температуралық жұмыс режимін бақылауда автокөліктерде алыстан басқарылатын термометрлер және температуралық қабылдағыштар, датчиктер қолданылады. Оларды байқайтын ортаға орналастырады, ал оладың көрсететін аспаптары автокөлік понелінде орнатылады.

Жұмыс істеу принціпіне және құрылымына қарай автокөліктердің температураны өлшеуші аспаптары, термобиметалдық импульсті және логометриялы болып екіге бөлінеді.

Автомобильдерде алыстан басқарушы стрелкалы термометрлерді қолданғанмен топтарыстан қозғалтқыштың жылулық режимінің бұзылғанын жүргізушіге жетеді деп ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан стрелкалық термометірге қосымша апаттық температуралық дабылдағыштар орнатылады. Сонымен бірге, егер қозғалтқышты салқындату жүйесі суықтықта болса, онда температуралық дабылдағыш датчигі, радиатор бачогінің үстіңгі жағына орнатылады.

Егер, автокөлікте қозғалтқыш ауамен салқындатылатын болса, онда, апаттық температураның датчигі, майлау жүйесіне орнатылады. Яғни майдың температурасына қарай қозғалтқыштың температуралық режимін бағалайды.

Автомобильдерде қолданылатын апаттық температура дабылдайтын датчиктер, биметалдық датчиктер болып саналады.

Жанармайдың деңгейін өлшеуші аспаптар. Жанармайдың деңгейін өлшеуші аспаптар (5-сурет), автомобильдің бағындағы жанармайдың бар санын жүргізушіге хабарлауға арналған. Жүргізушіге бұл түскен ақпарат жүргізүшінің автомобильдің жүргізушісіне қосымша жанармай құймастан автомобиль тағыда қанша жол жүретіндігін есептеп шығаруына мүмкіндік береді.

Осы күнгі автомобильдерде алыстан өлшейтін электірлік жанармайдың деңгейін өлшейтіндердің екі типі, электірлік магниттік және логометірлік түрлері қолданылады.

Бактағы жанармай деңгейін көрсеткіш

http://www.auto-knigi.com/nissan/micra/img/49.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Автомобильдердің электр жабдықтары»
Автокөліктің электрлік сызбаларын анықтау
Жұмысшылардың қорғаныс құралдары
Газ тасымалдау компрессор стансалары
Өндірістегі газды ылғалды түрде тазарту процесінін автоматтандырылуды жобалау
АЗХС зауытындағы цехтың желдету жүйесін автоматтандыруды жобалау
Сарыағаш кәсіпорны жағдайында минералды су өндіріснің технологиялық үрдісін автоматтандыру тақырыбындағы дипломалды практика есебі
Газ айдаушы компрессорлы станциялардың автоматтандырылуын жобалау
Тоңазытқыш қондырғыларды автоматтандыру
Жаңажол мұнай газ кешенінің №2 зауытындағы үш фазалы сепаратор қондырғысының автоматтандырылуын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz