Жеңіл атлетика спортының даму тарихы


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

І тарау Жеңіл атлетика спортының даму тарихы

1. 1 Жеңіл атлетика спортының пайда болуы . . . 4

1. 2 Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы . . . 5

1. 3 Жеңіл атлетиканың тәртіптері . . . 6

ІІ тарау Жеңіл атлетика сабақтарында арнайы дайындық жаттығуларын қолдану жолдары

2. 1 Жеңіл атлетика спорты түрлері мен классификациясы . . . 10

2. 2Жеңіл атлетикадағы жаттығу негіздері мен құралдары . . . 12

2. 3Жүгіру түрлеріндегі жаттығуды орындау қарқыны . . . 17

Қорытынды . . . 22

Қолданылатын әдебиеттер тізімі . . . 24

Кіріспе

Мектеп мұғалімдеріне балалар денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық жүктеген. Сондықтан олар сабақ өткізбес бұрын оқушылар отырған орынның гигиеналық талаптарға сай болуына назар аударғаны орынды.
Ал дене тәрбиесі сабағында мұғалім оқушылардың жаттығулар орындағанда дем алысының дұрыс та бірқалыпты болуын бақылайды. Дұрыс терең дем алудың ашық алаң мен жабық орындарда шұғылданушылар үшін орны ерекше. Тағы бір ескертетін жайт-шұғылданушылардың жас ерекшелікте-рін ескерген жөн. Спортпен шұғылдана бастаған бұлдіршіндердің сүйегі қата қоймаған, буындары дұрыс бекімегендіктен, жаттығуды жасына, шама-шарқына қарай шамалап орындайды . . .
Адамның рухани өсуi мен денесiнiң өсiп-жетiлуi балалық шақта қалыпта-сады. Гимнастикамен, жеңiл атлетикамен, жүзумен, шаңғымен, волейболмен т. б спорт түрлерi және қазақ халқының, сонымен қатар өзге ұлт өкiлдерiнiң ұлттық ойындарымен жүйелi түрде және үздiксiз айналысатын балалар денi сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыспаған өздерiнiң құрдастарына қарағанда сергек, саналы болып өсетiнiн ғылым мен өмiр тәжiрибесi толық дәлелдеп отыр.
Дене тәрбиесiмен айналысатын оқушы жақсы оқып, бiлгендерiн iске асыратын табанды, жiгерлi азаматтар қатарына қосылады.
Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетiнi, ұжымдық және өзара көмек беру сезiмдерiн жетiлдiретiнi, белсендi өмiрлiк көзқарасты тәрбиелейтiнi, жоғары адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыратыны-өмiрде белгiлi қағидалар . . .
Қазақстанның болашағы-қазiргi жеткiншек жастардың денсаулықтарына, оны нығайту iсiне айрықша назар аударылып, салауатты өмiр салтын тұрмысқа толық енгiзу көзделген. Салауатты өмiр салтының бiр белгiсi әрбiр адамның дене тәрбиесiмен жүйелi түрде айналысуы болып табылады.
Балалар дене тәрбиесiнiң түрлерi сан салалы. Мектептегi сабақ кестесiне енгiзiлетiн дене тәрбиесiнiң мiндеттi сабақтарынан бастап, сыныптан және мектептен тыс секциялық сабақтар, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiндегi жаттығу сабақтары, дене шынықтыру үзiлiстерi, үзiлiс кезiндегi қимылды ойындар, таңертеңгi гимнастика, өздерiнiң арнайы машықтануы - осының бәрi осы жасөспiрiмдердiң денсаулықтарын жетiлдiрiп қана қоймай, оларды адамгершiлiк рухқа, көпшiл болуға тәрбиелейдi . . .
Күштiлiк, төзiмдiлiк, жылдамдық, икемдiлiк, сергектiк, өмiрге деген құштарлық, мықты денсаулық тәрiздi сапалы қасиеттер дене шынықтыру мен спорт арқылы орнығып, қалыптасады. Спортшы болу балалардың барлығына бiрдей мақсат болмас, бiрақ денi сау, қоғамымызға пайдалы азамат болып өсу - барлық жастардың мiндетi және парызы болып саналады.
Жеңіл атлетика спорты жас жеткіншектерді дене шынықтыруда өте маңызды роль атқарады. Жеңіл атлетика барлық спорт түрлерінің негізі ретінде қарастырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Жеңіл атлетика сабақтарында арнайы дайындық жаттығуларын қолдану жолдарын зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Жеңіл атлетика спортының даму тарихын зерттеу;
  • Дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетиканың рөлін анықтау;
  • Жүгіру, секіру, лақтыру іспеттес жеңіл атлетика түрлерінің әдіс- тәсілдерін ашу;
  • Денсаулықты нығайтудағы жалпы дамыту жаттығуларының маңызын дәлелдеу;

І ТАРАУ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА СПОРТЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

  1. Жеңіл атлетика спортының пайда болуы

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. . Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер. 2 метр қашықтықта жүгірген. . Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті. 1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды. 1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды. . 1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді . . .
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон- 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика -бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары - тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.

1. 2 Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы

Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс Бүкіл қазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. 1943 жылы Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш. Бекбаев алды. . Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е. Кадяйкин, Ұ. Қосанов, Ә. Тұяқов, В. Савинков, Л. Кононова, С. Исабаев, Б. Күреңкеев, В. Муравьев, . В. Савин, . В. Солдатенко, Л. Микитенко, . А. Бадранков, т. б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е. Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О. Шишигина әкелді.

Қазақ елі де жеңіл атлетика әлемінде рекорд орнатудан құр алақан емес. Қазақ топырағанда туып, осы топырақта тәй-тәй қадам басқан екібастұздық марафоншы Марат Жыланбаев марафоншылар арасында «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет енген әлемдегі жалғыз спортшы. Жер шарындағы ең ірі шөлдерді жүгіріп өту бойынша да онымен әзірге теңесетін марафоншы жоқ. Марат ағамыз 1990-1991 жылдар арасында, анығырағы 365 күнде жалпы саны 226 классикалық марафонға қатынасқан. Сонымен бірге сол жылы наурыз айында 23 күнде 23 марафон өткерген. 1991 жылы жаз айында 15 күнде 30 марафон өткереді, бұл күніне екі марафоннан дегені. 1992 жылы Азия құрлығының ең ұзын шөлі Қарақұмды, 1993 жылы Африка құрлығының алпауыты Сахараны, осы жылдың өзінде Үлкен Виктория (Аустралия) шөлін жалғыз өзі жүгіріп өтеді. 1994 жылы Америкадағы Невада шөлін бағындырып, жалпы саны жеті рет мойнына «Гиннестің рекордтар кітабының» арнайы алқасын тағынған.

1. 3 Жеңіл атлетиканың тәртіптері

Жеңіл атлетика бірнеше түрлі дене жаттығуларынан тұрады, оларға: жүгіру түрі, техникалық түрі, көпсайыс түрі және жүру түрлері енеді.
Жүгіру дисциплинасына:
спринт; орта қашықтыққа жугіру; алсы қашықтыққа жүгіру; кедергілер арқылы жүгіру; эстафета жатады;

Техникалық дисциплинасына:

  • ұзындыққа секіру;
  • биіктікке секіру;
  • лақтыру жатады;

Көпсайыс түріне:

  • онсайыс;
  • жетісайыс жатады;

Спорттық жүріс:

  • ерлерге 50км
  • әйелдерге 20км жатады

Жүгіру түрлері

Жеңіл атлетиканың жүгіру түрлері келесі стадиондық дисциплиналарды бірлестіреді: спринт (100м, 200м және 400м), орта қашықтықтарға жүгіру (800м-ден 3000м-ге дейін және де кедергілер арқылы жүгіру 3000м), алсы қашықтықтарға жүгіру (классикалық ара қашықтық 5000м және 1м), кедергілер арқылы жүгіру (110м, 400м) және эстафета (4*100м, 4*400м) . Барлығы стадион жолдарында өткізіледі.

Спортшылар бұрынғы жарыстар кезеңдерінде алған орындарына немесе жеребеге байланысты өз позицияларына тұрады. «Дайындал!» бұйрығы бойынша сөре сызығында немесе спринтте өз орындарына тұрады. «Көңіл бөл!» бұйрығы бойынша сөреге дайындалып, әрбір артық қозғалысты доғарулары керек (бұйрық спринтта ғана қолданылады) . «Алға!» бұйрығын сөреші үлкен жарыстарда электрондық таймерді біріктіретін сөре тапаншасынан атып береді.

Мәре сызығын асып өткен спортшы жеңеді. Егер даулы жағдай болып жатса, онда сурет мәресі қолданылады және де қай жеңілатлеттің денесі мәре сызығын кесіп өтсе, сол бірінші болып есептеледі.

Көлемді жарыстарда қатысушылардың саны көп болған жағдайда сөрелер електен өткен ұтылғандармен бірнеше шеңберде өткізіледі (немесе алған орындарына байланысты, немесе келген нашар уақыттарына байланысты) .

-100м және 800м 1-4 шеңбер өткізіледі (жүгіру-ширек финал-жарты финал-финал) ;

-1500м-ден 5000м-ге дейін 1-3 шеңбер (жүгіру-жарты финал-финал) ;

-1000м 1-2 шеңбер (жүгіру-финал) ;

Соңғы жүгірістерге қатысатындар:

-100м-ден 800м-ге дейін, эстафеталар-8 спортшы/8 команда

-1500м-ден 1м-ге дейін - 12 спортшы және одан да көп.

Жүгіру дисциплинасының қорытындысы стадионда тура 1/100сек дейін өлшенеді, тас төсем жүгірісте тура 1/10сек дейін өлшенеді.

Техникалық түрлері

  • биіктікке секіру: биіктікке секіру, сырықпен секіру;
  • ұзындыққа секіру: ұзындыққа секіру, үш аттап секіру;
  • лақтыру: диск, найза, ядро, балға лақтыру.

Негізі екі айналымнан өтеді: іріктеп алу (біліктілік) жарысы және басты жарыс. Іріктеп алу жарысына біліктілік көрсеткіші орнатылады. Егер нормативті орындаған спортшылар саны 12 адамнан кем болса, онда басты жарыстың қалған қатысушыларын (12 адамға дейін) алған орындарына байланысты алады. Барлық кезеңде спортшылардың рет бойынша шығуы жеребемен анықталады. Әрбір кезеңде үш рет қатарынан спортшы сәтсіз талпынысқа ұшыраса, онда жарыстан шығып отырады. Сәтті талпыныс жасалынса төреші ақ жолауша көтереді, ал егер сәтсіз талпыныс орындалса-қызыл жалауша көтереді. Басты жарыстарда барлық есептелінген талпыныстарда ең биік нәтижеге жеткен-жеңімпаз болып саналады.

Биіктікке секіру жарысы

Жарыстың басында барлық кезең үшін планканың биіктігін арттыру реттілігі анықталады. Әрбір кедергіден өту үшін спортшыға үш мүмкіндік беріледі. Егер спортшы биітікті сәтті секіріп өтсе, онда тағы да үш мүмкіндік алады. Спортшылар қалған бір немесе екі мүмкіндіктерін келесі биіктікке секіру кезіне ауыстыруларына құқылы.

Қатысушылардың кезекті биіктікке секіру кезінде және барлық мүмкіндіктері таусылып, бірдей нәтиже жағдайында бірнеше спортшы ішінде жеңімпаз келесі алгоритм бойынша анықталады:

Теңдік болған жағдайда қай спортшы биіктіктен секіру үшін аз мүмкіндік жасаса, сол басымды орынға ие болады.

Тепе-теңдіктің 1-ші пункті бойынша бүкіл айналым кезінде ең аз сәтсіз мүмкіндігі болған спортшыда артықшылық болады.

Тепе-теңдіктің 2-ші пункті бойынша спортшылар келесі қосымша мүмкіндік берілгенде реттік биіктікке секіріс орындайды. Егер осы биіктіктен секіріп өткенде жеңімпаз анықталмаса, онда ескертілген көлемге дейін түсіріледі (биіктікке секіргенде 2см және сырықпен секіргенде 5см дейін) . Егер биіктікке барлық спортшылар секірсе, онда планка осы көлемге дейін көтеріледі, ал егер секіре алмаса-онда осы көлемге дейін түсіріледі, осылай жеңімпаз анықталғанша тусіріліп көтеріле береді.

Басқа орындардың (2ші, 3ші және төмен) нәтижелері бірдей болса, секіріс белгіленбейді, спортшылар арасында алған орындары ғана бөлінеді.
Қалған техникалық түрлері

Іріктеп алу (біліктілік) жарысында әрбір спортшыға 3 мүмкіндік беріледі. Егер негізгі жарыста 8-ден көп спортшы қатысса, онда әрбіреуіне 3 мүмкіндік және жақсы көрсеткіш көрсеткен 8 спортшыға мүмкіндік біткен соң (финалда) тағы да 3-еу беріледі.

Егер спортшылар саны 8 немесе одан да аз болса, онда әрқайсысына 6 мүмкіндік беріледі.

Жеңіл атлетикалық көпсайыс

Көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар- жүгіру, секіру, лақтыру және кедергіден өту.

Ерлердің онсайысы (жазғы маусым) : 100м жүгіру, ұзындыққа секіру, ядро лақтыру, биіктікке секіру, 400м жүгіру, 110м кедергімен жүгіру, диск лақтыру, сырықпен секіру, найза лақтыру, 1500м жүгіру.

Әйел адамдардың жетісайысы (жазғы маусым) : 100м кедергімен жүгіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру, 200м жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру, 800м жүгіру.

Ерлердің жетісайысы (қысқы маусым) : 60м жүгіру, ұзындыққа секіру, 60м кедергімен жүгіру, ядро лақтыру, биіктікке секіру, сырқпен секіру, 1000м жүгіру.

Әйел адамдардың бессайысы (қысқы маусым) : 60м кедергімен жүгіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, 800м жүгіру.

Әрбір көпсайыс түрі үшін спортшылар белгілі ұпай санын алады, олар арнайы кесте арқылы немесе эмпирикалық формула бойынша аударылады. IAAF ресми сөрелері көпсайыс жарыстарында әрқашан еки күн бойы өтеді. Көпсайыс түрлері арасында демелу үшін интервал анықталған. Жарыстың жеке түрлерін өткізу барысында көпсайысқа тән өзгеше түзетулер бар:

-жүгіру түрлерінде бір рет ерте ұмтылу(фальстарт) рұқсат етілген (жай жүгіру түрлерінде бірінші ерте ұмтылудан кейін дисквалификациялайды)

- ұзындыққа секіру және лақтыру кезінде қатысушыға тек қана 3 мүмкіндік қана беріледі; егер белгілі жағдайда стадион автоматтық уақыт межелеуімен жабдықталмаса, онда қол уақыт межелеуімен қолдануға рұқсат етілген.

Спорттық жүріс

Спорттық жүріс - жеңіл атлетиканың олимпиядалық дисциплинасы. Оның негізгі ережесі - әрбір аттаған сайын аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Олимпияда бағдарламасында ерлер арасындағы жарыстар стадионнан тыс жерде өткізіледі, ара қашықтығы 20км және 50км, ал әйелдер арасында 20км.

Спорттық жұмыс - жүрушінің аяғы үнемі жермен ұштастыру арқылы кезектестіріп қадамдау болып табылады. Осыны ескере отырып, келесі екі ереже ескерілуі қажет:

- әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды, демек, спортшының екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл фазаны төрешілер мұқият қадағалайды;

- ең алғашқы сэттен бастап, алдыға қойылған аяқтың тізесіаяқты көтермегенше бүгілмеуі қажет.

Ережені бұзбау үшін төрешілер сары түсті карточка арқылы ескерту жариялауы мүмкін. Карточканың бір жағында көлбеу толқынды сызық бейнеленген, екінші жағында 150 градус бұрышында қосылған екі кесінді бейнеленген.

Егер ереже бұзылса және жүрушіге ескерту берілсе, онда төреші қызыл карточканы үлкен төрешіге жібереді. Егер қызыл карточка ара қашықтықтағы әртүрлі үш төрешіден үлкен төрешіге жіберілсе, онда спортшыны дисквалификациялайды. Бұл жағдайда спортшыға қызыл карточканы көрсету арқылы хабарлайды.

ІІ ТАРАУ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА САБАҚТАРЫНДА АРНАЙЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Жеңіл атлетика спорты түрлері және классификациясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетика мамандануы
Спорт базалары
Жеңіл атлетиканы дамыту
Жеңіл атлетиканың даму тарихы
Жеңіл атлетика спортының топталуы
Дене мәдениеті және спорт тарихы. Футбол
Жеңіл Атлетика: жүгіру, секіру және лақтыру өнері
Балалар спорты
спорттық мектеп интернаттардың тиімділігі мен мемлекет өміріндегі маңызын көрсету, интернат оқушыларының жетістіктерін эксперимент жүзінде дәлелдеу. Зерттеудің міндеттері
Жеңіл атлетика түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz