Ерте онтогенез бен қартаюдың психофизиологиялық механизмдері



1. Ерте онтогенез бен қартаюдың психофизиологиялық механизмдері
2. Онтогенез механизмдері және оның факторлары
Онтогенез — бір тірі ағзаның туған сәттен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Жыныстық жолмен түзілетін ағзалар үшін ұрықтану онтогенездің басталуы болып табылады. Яғни онтогенездің алғашқы сатысы ұрықтанған жұмыртқажасуша — зигота. Біржасушалы өсімдіктердің де, сондай-ақ жануарлардың да митоз жолымен бөліну нәтижесінде туындаған жаңа жасушаның пайда болуын онтогенез деп есептеуге болады. Партеногенездік түрлер үшін жұмыртқажасушаның митоздық жолмен бөліне бастауын онтогенез дей аламыз.
Бүкіл онтогенез үдерісін 2 үлкен кезеңге бөлуге болады:
1. Эмбриогенез - ұрықтың дамуы (немесе көптеген омыртқасыздар, балықтар және қосмекенділер дернәсілінің сатылары).
2. Постэмбриогенез - туу соңынан даму, яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң даму.
1.Возрастная и педагогическая психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992.
2. Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.
3. . http://e-kitaptar.com/

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Ерте онтогенез бен қартаюдың психофизиологиялық механизмдері

Орындаған: Маликрамова А.Р.
Тобы: ПХ-415
Тексерген: Абдуллина Г.К.

Семей қаласы
2015
Онтогенез -- бір тірі ағзаның туған сәттен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Жыныстық жолмен түзілетін ағзалар үшін ұрықтану онтогенездің басталуы болып табылады. Яғни онтогенездің алғашқы сатысы ұрықтанған жұмыртқажасуша -- зигота. Біржасушалы өсімдіктердің де, сондай-ақ жануарлардың да митоз жолымен бөліну нәтижесінде туындаған жаңа жасушаның пайда болуын онтогенез деп есептеуге болады. Партеногенездік түрлер үшін жұмыртқажасушаның митоздық жолмен бөліне бастауын онтогенез дей аламыз.
Бүкіл онтогенез үдерісін 2 үлкен кезеңге бөлуге болады:
1. Эмбриогенез - ұрықтың дамуы (немесе көптеген омыртқасыздар, балықтар және қосмекенділер дернәсілінің сатылары).
2. Постэмбриогенез - туу соңынан даму, яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң даму.

Онтогенез үдерісі ағзаның өлуімен аяқталады
Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю-онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс.
Қартаю проблемаларын зерттейтін ғылымды геонтология деп атайды. Гератрия - қарт адамдарда аурудың даму ерекшеліктерін, ағымын, емін және алдын алу шараларын зерттейді. Герантология қартаю құбылысының негізгі заңдылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейінде анықтайды, оның даму ерекшеліктерін, емдеу және аурудың алдын алу проблемаларын зерттейді.

Қартаю - жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-бірте қысқартады. Ағза денесінде қартаю белгілері әртүрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалық.
Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы өзгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі, терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді. Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. 50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер -- тыртықтар, меңдер, сүйелдер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді. Ас қорыту жүйесіңде мынадай өзгерістер байқалады -- тістер босап, қаусап түсе бастайды, асқорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды. 40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар қабырғасына холестерин сіңіп, жинақталып, оның иілімділігі төмендейді. Кәрілік кезеңде бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды. 40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесіңде адам тез шаршайтын болады. Ішкі секреция бездерінің қызметінде де айтарлықтай өзгерістер байқалады -- кейбір бездердің қызметі төмендеп, гормондарды аз мөлшерде бөліп шығарады, мысалы жыныс бездері, қалқанша безі, бүйрек үсті безі т.с.с, ал кейбіреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, мысалы гипофиз. Жас ұлғайған сайын ағзаның иммундық реакциясы өзгереді, гуморальдық және жасушалық иммунитет төмендейді. Жүйке жасушаларының көбейе алмайтындығын ескерсек, жас ұлғайған сайын олардың саны бірте-бірте азаятындығы өздігінен-ақ түсінікті. Мысалы, 100 жылда мысықтың нейрондар саны 25 пайызға кеміген. Кәрілік сатыда адамдардың барлық сезім мүшелерінің қызметтері төмендейді. Ағзаның қартаю кезінде тұқым қуалаушылық аппараттың құрылысыңда да, қызметінде де өзгерістер болатыны анықталды. Мысалы, РНҚ, ДНҚ мөлшері азаяды, хроматин ақуызының физикалық-химиялық қасиеттері өзгереді, гистонды ақуыздардың ДНҚ молекуласымен байланысы қатая түседі, ал бүл көптеген гендерді активсіз күйге көшіреді, себебі олар транскрипциялана алмайды. Жасушалардың негізгі молекулалық генетикалық тетіктері -- транскрипция, трансляция, ДНҚ репликациясы және репарациясы бұзылады.

Қартаю кезінде жасушалық деңгейдегі өзгерістер ішінен цитоплазмада судың азаюын,оның иондарды тасымалдау белсенділігінің өзгеруін атауға болады. Эндоплазмалық тор құрылысы өзгереді. Ағзаның ескі жасушаларында бірқатар ферменттердің белсеңділігі азаяды, цитоплазмада бос радикалдар жинақталады, осының салдарынаи ассимиляция диссимиляция шығындарын толық өтей алмайды. Ұзақ уакыт бойына герантологияда мынадай пікір айтылып келген: қартаю кезінде ағза қызметінің кері дамуы, яғни инволюциясы байқалады. Жоғарыда келтірілген қартаю сипаттамалары шынында да осы пікірді растайды. Дегенмен көптеген гомеостаздық құбылыстар қартаю кезеңінде шұғыл түрде өзгермейді. Сол сияқты барлық мүшелер бірдей өзгермейді, айталық бір мүшенің қызметі кәрілік сатысында төмендесе, екінші біреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, үшіншілерінің қызмет белсенділігі айтарлықтай өзгермейді. Мысалы, бірінші типке жүректің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қартаюдың молекулалық генетикалық механизмі
Қартаюдың генетикалық механизмдері
Ағзаның қартаю құбылысы
Қартаю теориясы
Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
Клетканың бөліну кезеңіндегі физиологиялық және биохимиялық өзгерістер
Қартаю – биологиялық процесс
Жыныс клеткаларының көбеюі
Митоздық циклдың анықтамасы және оның фазалары
Ағзаның қартаю құбылыстары және герантология мәселелері
Пәндер