Ұйқы және түс көру процесі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Ұйқы және түс көру

Орындаған: Маликрамова А. Р.

Тобы: ПХ-415

Тексерген: Абдуллина Г. К.

Семей қаласы

2015

Ұйқы - мидың үйлесімді кызметінің бір көрінісі. Ұйқы кезінде зат алмасу бәсендейді, жүректің соғу жиілігі баяулайды және т. б. Дегенмен де, ұйқы - белсенді түрде жүретін психикалык және физиологиялық үдеріс. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асыкпай талдап, ертеңгі қызметіне кажетті бағасын белгілейді. Ұйқы аркылы ағза өзінің жұмыс істеу кабілетін калпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинакталады. Ұйқының белгілі бір уакытында мидың белсенді қызметі күндізгіден де артатыны анықталды. Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап, тынығады. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді.

Ағза ұйқы арқылы тынығады, өзін ширақ сезінеді, еңбек етуге деген құштарлығы артады. Дене температурасының бәсеңдеуі ұйқыға кірісудің ішкі белгісі (сигналы) болып саналады. Ұйқысыздық адам ағзасы үшін зиянды. Ұйқы қанбаса, бас ауырып, мең-зең болады, шаршайды. Есте сақтау кабілеті төмендеп, жүйке жөне т. б. ауруларға шалдығуы мүмкін.

Жаңа туған нәресте тәулігіне - 21-22 сағат, алты айлық нәресте 14 сағат, бір жасар сәби 13 сағат ұйыктайды. Төрт жасар сәби төулігіне - 12 сағат, жеті жасар бала - 11 сағат, он жасар бала - 10 сағат ұйықтайды. 15 жасар жасөспірім төулігіне - 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті.

Ұйқы кезіндегі мидың белсенділігіне байланысты ұйқы екі түрге бөлінеді. Оның бірі баяу ұйқы екіншісі - тез ұйқы. Баяу ұйқы кезінде ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толқындар пайда болады. Бұл кезде тынысалу, тамырдың соғуы баяулайды, бұлшықеттер босаңсиды, қан қысымы төмендейді. Адамның қозғалыс белсенділігі төмендеп, тез ұйқыға кетеді.

Ұйқы гигиенасы

Белгілі бір уакыт өткен соң баяу толкындар тез ырғақты толқындарға ауысады. Бұл - тез ұйқыға кетудің белгісі. Бұл кезде өте ұсақ, бірақ жиі биоэлектрлік толқындар байқалады. Ұйықтап жатқан адамның кан кысымы артады, тыныс алу, тамырдың соғуы жиілеп, зат алмасу күшейеді. Бұл кезде адам ұйықтап жатқанымен, миы белсенді қалыпта болады. Бірақ ондай адамды ояту қиынға соғады. Мұндай ұйқыны оғаш ұйқы деп те атайды.

Адам тез, оғаш ұйқы кезінде түс көреді. Ұйқының екі кезеңінде де ми мен ағза тынығады. Ми қыртысында тежелудің таралуы да ұйқыға әсер етеді. Ұйқы аралық мидағы жүйке орталықтарында сергектіктің алмасуы арқылы жүзеге асады. Мұны ұйқының рефлекстік жолмен реттелуі дейді. Ұйқының реттелуіне химиялық заттар да әсер етеді.

Ұйқы механизмін, оның физиологиялық мәнін тұңғыш рет академик И. П. Павлов ашып берді. Ол ұйқы - мидың барлық орталықтарын қамтитын кең тараған тежеу екенін анықтады. Ұйықтаған кезде бұлшық еттер босаңсиды, тыныс алу сиреп, жүрек соғуы бәсеңдейді, дене температурасы, қан қысымы, зат алмасу төмендейді, қысқасы организмнің бүкіл қызметін реттейтін нерв орталықтарының белсенділігі құлдырайды. Адамның сергек кезінде нерв клеткалары үздіксіз істейді, мұның өзінде олардың химиялық құрамы елеулі түрде өзгереді, энергетикалық қорлар сарқылады. Біздің организміміздің ұлы сақшысы, тыным беріп, күш-қуатымызды қалпына келтірушісі - ұйқы болмаса, жүйке клеткалары тез құрып, қатардан шығар еді.

Жас және дендері сау адамдар ауырып-сырқағанда немесе қатты күйзелген, мазасызданған, қажыған күндері болмаса, басқа уақытта ұйқы қашу дегеннің не екенін біле қояр ма екен. Алайда жас ұлғая адамдар ұйқыдан айырыла бастайды. Бірақ қаншама таңқаларлық көрінсе де, мұндай әуреге көбіне дені сау, пәлеңдей сырқаты жоқ адамдар да тап болады. Оның басты себебі адамдардың дұрыс ұйықтай білмеуінде.

Терең, алаңсыз ұйқының негізі - нерв жүйесінің сабырлы күйде болуында, оны шаршау мен тынығудың дұрыс кезектесуі, басқаша айтқанда, тұрмыстың дұрыс режимі қамтамасыз етеді. Ұйықтауға үнемі белгіленген бір уақытта жатуға дағдылану - ұйқының берік болуының сенімді құралы. Сағат 10-да жатасыз ба, жоқ болмаса 11-де жатасыз ба, мұның пәлендей маңызы жоқ. Ең бастысы бұл мерзімнің тұрақты болуында, ағза алдын ала тынығуға «икемделеді», сондықтан қандай жағдайда да, тіпті жанұя мүшелерінің бәрі бір мезгілде жатпаса да, кейбіреулерінің істейтін шаруасы болса да, сіз ұйықтай бересіз.

Ұйқы бұзылуының алғашқы белгісі - ерте ояну, ешбір себепсіз, таңертеңгі сағат 4 - 5-те оянып, көпке дейін ұйықтамай жатасыз. Әрине, бұған қатты уайымдасаңыз, немесе одан да бекер берекеңізді кетіретін өмірлік мәселелерді ой елегінен өткізсеңіз, бірдеңе оқысаңыз немесе бөлмеде арлы-берлі жүріп алсаңыз, таң атпай ояну дағдыға айналып, соған машықтанып кетесіз. Бұл дағдыдан ертерек құтылуға тырысыңыз. Оянысымен жамылғыны ашып, денеңіз аздап салқындай бастаса - бұл көбінесе қайта ұйықтап қалуға көмектеседі. Немесе ұйықтап жатқан адамның тыныс алғанындай терең ырғақты тыныстаңыз - нерв клеткаларын тежейтін сыннан өткен әдіс. Ең бастысы, өз ойыңызды жанға жайлы тиетін, көңілді жұбататын бірдемеге аударыңыз. Мұның айтарлықтай көмегі бар.

Ұйқының бұзылуы ағзада бұрыннан қалыптасқан биологиялық ырғақтардың бұзылуына өсер етеді. Ұйқының бұзылуынан жеке мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметтерінде ауытқу байқалады. Ұйқының көп таралған бұзылуының бірі - ұйқысыздық.

http://www.likar.info/pictures_ckfinder/images/bessonnica(9).jpg

Ол, әдетте, жүйкенің жұқаруы, ұзақ уақытқа созылған ауыр ақыл-ой еңбегі, мазасыздық, ұйықтар алдында кітап оқу салдарынан болады. Ішімдіктер ішу адамның ұйқысының қатты бұзылуына әкеп соғады. Ұйқысыздықты болдырмау үшін дұрыс демалып, көп таза ауада серуендеу керек. Міндетті түрде жақсы желдетілген бөлмеде ұйықтау, жәнеде көрпемен бетті жауып алмай, барынша жеңіл әрі ыңғайлы киімде ұйықтау керек.

Кейде адам летаргия (гр. «lete» - «ұмыту», «argia» - «әрекетсіздік» ) - қимылсыз ұйқы ауруына душар болады. Оның бірнеше аптаға, кейде бірнеше жылға созылуы да мүмкін.

http://s00.yaplakal.com/pics/pics_original/1/1/4/3969411.jpg

Қалыпты, тыныш ұйқыны камтамасыз ету үшін қарапайым ережелерді есте сақтау керек.

  • 1. Белгілі бір уақытта ұйықтауға дағдылану.
  • 2. Ұйықтар алдында тойып тамақ, сусын ішпеу.
  • 3. Ауыр ой еңбегімен шұғылданбау. Ұйықтаудан 1, 5 - 2 сағат бұрын ауыр ой еңбегін тоқтату.
  • 4. Айналаңда тыныштық орнату (жарықты, радионы, теледидарды өшіру, кітап оқуды доғару және т. б. ) .
  • 5. Таза ауада серуендеу, бөлмені желдету

Түс көру - қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И. П. Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері қайта “тіріледі”. Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И. М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс көруді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп білді. З. Фрейд түс көрудің айқын мазмұнымен қатар тылсым астары да бар, сондықтан түс адамның бейсаналық деңгейіндегі ойларының символдық бейнесі деп білді. К. Юнг бойынша түс көру адам санасынан тыс, оның рухани дүниесіндегі сана мен бейсаналықтың арасын байланыстыратын, болашақты болжайтын транценденталды құбылыс деп санады. Адамның психикалық өмірі бейсаналықтың тереңінен тамыр алады, санамыз болса жанның орасан зор бейсаналық әлемінің аз ғана бөлігін бейнелейді. Түсте сана ұлғайып, кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта, кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа күйде сезіне алады.

Түс көру - бұл адамның қоршаған ортамен қатысынан қалыптасатын. күрделі психикалық құбылыс. Керең-мылқаулар айтарлықтай толық тұс көрмейді. Бұл түс көрудің ми қыртысы арқылы болатындығын дәлелдейді.
Түс көрудің ең көп тараған түсініктерінің бірі - жүйкелік іздер теориясы. Егер М. И. Сеченов түс көруді «үйреншікті әсерлердің әдетте болмаған қисындауы» деп есептесе, И. П. Павлов бойынша, «түс көру көбінесе ескі тітіркендірулерден қалған ізден туады». К. Юнгтың айтуынша, «түс көру - ұйқы кезіндегі психикалық әрекеттің қалдығы және өткен күннің ой әсері мен көңіл-күйі». Түс көру барлық адамдарда болады, тек кейбіреулерде сирек байқалады. Ауырған кездерде, жағымсыз жағдайларда, неврозда түс көру жиілейді. Әйелдер жалпы жиі түс көреді.

C:\Users\Admin\Downloads\images.jpg

Жылдам ұйқы және онымен байланысты түс көру ортаға психикалық бейімделуде өте маңызды рөл атқарады. Ұйқының породоксальды фазасы бір жағынан мидың жоғары белсенділігін жүзкгк асырады, ал екінші жағынан оның бедерсіз күйінде басқа да мотивацмялық процестер тудырады.
Физиологиялық көзқарас бойынша, түс көрудің себептері - сергектік жағдайдғы психикалық іс-әрекетті іске қосатын материялық құбылыстар.
Ал З. Фрейдтің психоанализ қағидасы бойынша, түс көрудің себебі адам психикасының шаласаналық жүйсінің жеңе алмайтын инстинкті (ырықсыз сезімді) іс-әрекетінен туады.

Адамның түстеріне жасалған талдау түс көрудің негізінде зерде іздерінің, эмоциялы өңделген оқиғалардың сөзсіз мәні барлығын дәлелдейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйқы гигиенасы
Шартты және шартсыз рефлекстер
Қазақ киносындағы түс көрудің режиссерлік интерпретациясы
Ұйқы және оның мөлшері
Түс жору мен түс көру жайлы
Түс көру
Көркем шығармадағы түс көру ұғымы
Ұйқы және түс көру
Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыс. Балаларды ұйықтатуға қойылатын гигеаналық талаптар
Ұйқы және гипноз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz