«Психофизиология» пәннің оқу әдістемелік кешені


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІшәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІшәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті: 3 деңгейлі СМК құжаты
ПОӘК

ПОӘК

042-14. 05. 01. 20. 103/03-2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІшәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті: «Психофизиология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Баспа №3

20. 09. 2011

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Психофизиология» ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050503 «Психология» мамандықтарына

оқу-әдістемелік кешені

Семей

2011


Алғысөз

  1. ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің

“ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Г. К.

“__06” 09 2011ж

2. ҚАРАЛДЫ

  1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының отырысында

Хаттама №_1__»_06»__09_ 2011 жыл

Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш. С

2. 2. ГФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №_1”_23_»__09 2011 жыл

Төрағасы Г. Колмогорова

  1. Гуманитарлық факультеті ғылыми кеңесінің отырысында талқыланды

Хаттама № 1 « 28 »__09 2011 жыл

Факультет ғылыми кеңесінің төрағасы Б. Атантаева

4. . БЕКІТІЛДІ

4. 1. Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама № 1 « 30 »___09 2011 жыл

ОӘК төрағасы, бірінші проректорБ. А. Рскелдиев

  1. АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны:

  1. Глоссарий
  2. Дәрістер
  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар
  4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
  5. Студенттің өздік жұмысы
  1. Глоссарий - түсініктемелер.
Термин атауы
Термин мазмұны
№: 1
Термин атауы: Абсанс
Термин мазмұны: қас - қағым сәтте есінен талуы, қимыл - қозғалысының шектелуі.
№: 2
Термин атауы: Адаптация
Термин мазмұны: тітіркендіргіштердің күшіне бейімделуі.
№: 3
Термин атауы: Аггревация
Термин мазмұны: аурудың белгілері мен ауру адамның шағымын күшейту.
№: 4
Термин атауы: Агнозия
Термин мазмұны: ми қыртысының зақымдануы нәтижесінде көру, есту, сипап сезу тітіркендіргіштерінің дұрыс қабылдай алмауы
№: 5
Термин атауы: Акцентуация
Термин мазмұны: адамның екпіндеуі
№: 6
Термин атауы: Анамнез
Термин мазмұны: аурудың шығу тарихы, ауру адамның тарихы.
№: 7
Термин атауы: Анестезия
Термин мазмұны: туа біткен ақыл - ой кемістігі. организмнің сезгіштік қабілетінің әлсіздеуі.
№: 8
Термин атауы: Антероградты және ретроградты
Термин мазмұны: ес процесінің патологиялық жағдайлары: антероградты - ауырғаннан кейінгі, ретроградты - ауырғанға дейінгі ақпарат - мәліметтерді ұмыту - естен шығару.
№: 9
Термин атауы: Вербальды зона
Термин мазмұны: мидың сол жарты шары сөздік жарты зонасы (оң қолымен жазатын адамдардың миының сол жарты шары) .
№: 10
Термин атауы: Деменция
Термин мазмұны: жүре пайда болатын ақыл - ой кемістігі.
№: 11
Термин атауы: Дереализация
Термин мазмұны: дүниенің, адамның өзіне таныс жағдайдың басқаша көрінуі.
№: 12
Термин атауы: Диссимуляция
Термин мазмұны: аурудың өзін және оның белгілерін жасыру.
№: 13
Термин атауы: Галлюцинация
Термин мазмұны: елестеушілік (қабылдаудың зақымдануы) .
№: 14
Термин атауы: Гиперамнезия
Термин мазмұны: естің өткірлігі; гипоамнезия - нашарлауы; парамнезия - жалған ес, естің кемістіктерін ойдан шығарып толықтыру.
№: 15
Термин атауы: Гипостезия
Термин мазмұны: тітіркендіргіштерді жоғары түрде қабылдау.
№: 16
Термин атауы: Иллюзия
Термин мазмұны: сағым (қабылдаудың зақымдануы) .
№: 17
Термин атауы: Клоникалық және тоникалық талмалар
Термин мазмұны: эпилепсияның клиникалық көрінісі.
№: 18
Термин атауы: Нейропсихология
Термин мазмұны: жүйке - жүйесінің психикалық заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
№: 19
Термин атауы: Олигофрения
Термин мазмұны: психикалық дамуда кемістік жоқ; бірақ мінез - құлық, іс - әрекетінде көрінетін ауытқуларды зерттейді
№: 20
Термин атауы: Парестезия
Термин мазмұны: күйдірген не шошынған сияқты сезімдер
№: 21
Термин атауы: Психопатология
Термин мазмұны: «пато»- бұзылу, ауытқу, яғни психикалық бұзылулар мен ауытқуларды зерттейтін сала
№: 22
Термин атауы: Ремиссия
Термин мазмұны: психикалық аурудың, келесі кезеңіне дейінгі сауығу, аурудың әлсізденуі.
№: 23
Термин атауы: Сенестопатия
Термин мазмұны: бұлшық еттердің жансыздануы не созылуы сияқты ұнамсыз түйсіктер.
№: 24
Термин атауы: Симптом
Термин мазмұны: кез - келген ауруға тән белгі.
№: 25
Термин атауы: Симуляция
Термин мазмұны: жоқ ауруды бар деп мида бейнелеу.
№: 26
Термин атауы: Синдром
Термин мазмұны: симптомдар комплексі немесе сол ауруды даралайтын ерекше белгі.
№: 27
Термин атауы: Сопор
Термин мазмұны: түрлі рефлекстер сақталғанда санасының толық жойылуы
№: 28
Термин атауы: Сөздік праксис
Термин мазмұны: қалыптасқан сөздік қозғалыстардың автоматттандырылған қимылдары
№: 29
Термин атауы: Ступор
Термин мазмұны: толық қимылсыздық, сана зақымдануындағы жағдай.
№: 30
Термин атауы: Эидетизм
Термин мазмұны: айқын бейнелерді еске түсіру.
№: 31
Термин атауы: Экзогендік
Термин мазмұны: сыртқы себептер.
№: 32
Термин атауы: Эндогендік
Термин мазмұны: ішкі себептер, туа біткен.

Дәріс материалдары

№ 1- дәріс

Тақырыбы: Психофизиология пәніне кіріспе

Сұрақтары:

  1. Психофизиология пәні.
  2. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы.
  3. Жүйке жүйесі дамуының эволюциялық деңгейі

Психофизиология жалпы психология ғылымының саласы. Психофизиология термині 19-шы ғасырдың басында француз философы Н. Массиастың ұсынысымен енгізілді және алғашында нақты физиологиялық әдістерге негізделген психикалық зерттеулерде қолданылды. Психофизиология немесе психикалық физиология психология мен генетикалық физиология ғылымдары негізінде қалыптасқан. Психофизиологияның зерттеу пәні: адамның психикалық әрекеті мен мінез-қылықтарының физиологиялық негізі . Зерттеу объектісі - жеке адам және оның орталық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдеріне: жұлын, артқы ми (сопақша ми мен варолий), ортаңғы ми, мишық, аралық ми(таламус және гипоталамус), алдыңғы ми (қыртысасты ядроларының стриапаллидарлық жүйесі және ми сыңарларының қыртысы) жатады. Пәннің мақсаты: адам психикалық функцияларының нейрондық және физиологиялық механизмдері жайлы қазіргі білімдерді меңгеру. Психофизиологияның басты ерекшелігі - бастапқы теорияның негізі мен тәжірбиелік мәселелерінің шешімін енгізумен тығыз байланыстылығында.

Адам миы симметриялы ағза. Алайда олардың әрекеттері әр түрлі болып, әралуан іс- әрекетті меңгереді. Мидың әрекеттік асиметриясы екі жағдайда байланысты:

1) екінші сигналдық жүйенің жүйке орталығында әр түрлі орналасуы;

2) адамның бейімделу ісінде оң қолдың алымды үстемдігі болуы. Ми сыңарларының өзара қатынасы симметрия мен доминанта қасиеттеріне негізделген.

Бұрын мидың сол сыңары тіл, ойлау, әрекет- қимылына, кеңістікте дене бағдарланысына жауапты, сондықтан үстемді (доминантты) деп есептеледі. Ал оң сыңары қосалқы ретінде қаралады. Қазіргі кезде әрбір психикалық әрекетті меңгеруде сол немесе оң ми сыңарларының үстемдігі болатындығы анықталды. Мәселен, сол ми сыңарының әрекеті басым адамдар теорияға бейім, сөз қоры мол, оны кеңінен пайдаланғыш, қимылы белсенді, мақсатқа талпынғыш, уақиғаларды болжағыш келеді. Оң ми сыңары нақтылы іс- әрекетке жұмылдырады, ол адам шабан, сөзге сараң, бірақ өте сезімтал және әсерленгіш, меңзей қарауға және еске түсіруге әуес болады.

Алайда адамдардың үштен бірінде ми сыңарының жекеленген анық әрекеттік мамандылығы байқалмайды. Маманданған ми сыңарларының арасында өзара тежелу болады [6] . Екі ми сыңары екі түрлі ойлау үрдісін ұйымдастырады. Сол ми сыңары талдау ісіне қатысып, қисынды ойлауды, индукциялық амалды, ал оң ми сыңары нақтылы, бейнелі ойлауды, дедукция амалын басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс- әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді. Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды өру және сипап сезу арқылы таниды. Оған жеткен ақпараттар бір мезгілде және жалпы тәсілмен өңделеді. Оң ми сыңарымен музыкалық қабілеттер байланысты. Ми сыңарларының асcиметриялық ерекшеліктерін көру түйсігінің айырмашылықтарынан байқауға болады.

Ми сыңарларының көру түйсігі ажыратуы

Көру түйсігінің

сипаттамасы

Сол ми сыңары
Оң ми сыңары
Көру түйсігініңсипаттамасы: Жақсы танылатын тапсырмалар
Сол ми сыңары:

Сөздік

Оңай ажырататын

Таныс

Оң ми сыңары:

Сөздік емес

Қиын ажырататын

Таныс емес

Көру түйсігініңсипаттамасы:

Жақсы

қабылданатын тапсырмалар

Сол ми сыңары:

Уақыттық қатынасты

бағалау

Ұқсастығын табу

Тітіркендіргіштердің

аттары бойынша

сәйкестігін табу

Сөз арқылы таңбалау

Оң ми сыңары:

Кеңістіктік қатынасты бағалау

Айырмашылығын

табу

Тітіркендіргіштердің қасиеттері бойынша сәйкестігін табу

Кеңістікті көру

арқылы талдау

Көру түйсігініңсипаттамасы:

Түйсіктің

ерекшеліктері

Сол ми сыңары:

Жіктеп қабылдау

Дәйекті қабылдау

Дерексіз, жалпылай,

әр нұсқалық тану

Оң ми сыңары:

Тұтас қабылдау

(гештальт)

Бір мезгілде түйсіну

Нақтылы тану

Көру түйсігініңсипаттамасы:

Жорамалдың

құрылымдық айырмашылығы

Сол ми сыңары:

Қарапайым

әрекеттердің бекітілген өкілеттілігі

Оң ми сыңары:

Шашыраңқы

өкілеттілігі

Сөйлеу орталығы сол ми сыңарында орналасады. Ол оң қолдың қимыл белсенділігінен қалыптасады. Солақай адамдардың да 70%- де сөйлеу орталығы, оңқай адамдардағыдай сол ми сыңарында, солақай адамдардың тек 15%- де сөйлеу орталығы оң ми сыңарында орналасады. Мидың кейбір әрекеттерге ерекше жауапты болып, белгілі үстемді орталыққа айналуы латерализация деп аталады.

Сірә, адамның жоғары жүйке іс- әрекетінің типтік ерекшеліктері қандай ойлау аппаратын иеленетіндігіне байланысты болуы мүмкін. «Көркемпаз» типтер- бірінші сигналдық жүйесі басым адамдар, олардың оң ми сыңары жетік көбінесе бейнелі ойлайды. Ал «ойшыл» типтер- екінші сигналдық жүйесі үстем адамдар. Бұлар сол ми сыңарына тән дерексіз ойлауды иемденеді. Аралық тип екі сигналдық жүйенің әрекеттік теңдесуімен сипатталады, адамдардың көбісі осы типке жатады.

Жалпы мидың бір сыңарының басым болуы туа пайда болады, алайда тәрбие мен тәлім де ерекше маңызды орын алады. Сондықтан солақай адамдарды қайта үйрету кезінде, олардың ойлау қабілетінің ширақтығы тоқырап қалуы ықтимал. Сөз жоқ, адамның қалыпты психикалық іс- әрекеті мидың екі сыңарының біріккен жұмысының нәтижесі. Олардың тек бір мезгілдегі жұмысы мен бейнелік және дерексіз ойлау тетіктерін бірлестіру ғана сыртқы әлемнің құбылыстарын жан- жақты (нақтылы және теориялық) қамтиды. Ми сыңарларының өзара қатынасына сыртқы ортаның әр түрлі құбылмалы ықпалдары себепші болады. Сонымен ми сыңарының қарым- қатынасының екі жақты сипаты психикалық іс- әрекетті және әрекет- құлықты тиімді бағытта өзгертуге мүмкіндік туғызады

Жүйке жүйесі ми сауытының ішінде орналасқан бас миынан, омыртқа сүйегінің өзегінде орналасқан жұлыннан және торынан тұрады. Жүйке жүйесі өте күрделі құрылған. Оны үлкен қаланың телефон желісімен салыстыруға болады: мысалы ми телефон станциясы, ал мидың дененің әр түрлі мүшелерімен байланыстыратын жүйкелер бұл көптеген желілер десек болады. Телефон желілерінен де, жүйкелерден де электр тоғы өтеді, ал жүйкелер миелин деген ерекше заттан тұратын қабықшамен қапталған, ол да электромдары қапталған оқшаулағыш қабықшаға ұқсас қызметті атқарады. Олардың көмегімен жүйкемен жүретін электр импульстері (серпілістері) көрші жатқан клеткаларға түспей, өздерінің бағытталған жеріне тура жетеді.

№ 2 дәріс

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің функционалды анатомиясы

Сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесіне жалпы анатомиялық шолу.
  2. Рефлекторлық доға.
  3. Рефлекстер

Орталық нерв жүйесі әрекетінің негізгі және спецификалық көрінісі - рефлекторлық актылардың орындалуынан яғни рефлекстерден байқалады. Рефлекс дегеніміз - рецепторлар тітіркеніне организмнің нерв жүйесі қатысуында қайтаратын жауап реакциясы.

Нерв жүйесі әрекетінің рефлекторлық (латын «шағылыстыру») принципін (XVII ғ. 1648) француз философы әрі натуралисі Р. Декарт ұсынған. Оның түсінігінше, жануарлардың қандай да болмасын қозғалысы іске асу үшін «жануарлар рухы» деп аталатын өте майда, әрі жеңіл орын ауыстыратын бөлшектер мидан шағылысып бір нервтан басқа нервке өтіп, одан әрі оның қуысы арқылы етке жетіп, оны толтырып шар тәрізді пішінге келтіреді яғни ет жиырылады. Бірақ рефлексті ғылыми термин ретінде алғаш қолданып, оған қазіргі кездегі ұғымына түсінік берген (XIX - дың басында) чех физиологі Прохазка болды. Ол тіпті психикалық әрекетті де рефлекторлық принциппен түсіндіруге болады деп есептеді. Ағылшын Маршалл Голл т. б рефлекстер деп тек орталық нерв жүйесінің төменгі бөлімдерінің (жұлынның) қатысуында ғана болатын және кез келген тітіркендіруге жауап ретінде стереотипті түрде іске асатын реакцияларды есептеді. Бұл түсініктің шеңберіне симайтын басқа күрделі, сапалы (нерв жүйесінің қатысуында орындалатын) іс - әрекеттер рефлекстер туралы түсініктерді жинақтай келе, бұрын айтылмаған, жаңа сападағы, жаңа сатыдағы тұжырым жасады. «Ми рефлекстері» деп аталатын еңбегінде ол «Сапалы және сапасыз тіршіліктің (өмірдің) барлық актылары өздерінің пайда болу тәсілі жағынан рефлекстер болып табылады» деп жазды. Сөйтіп ол психикалық әрекеттің де рефлекторлық табиғатын мойындаған.

Рефлекс орындалу үшін рефлекторлық доға яғни рефлексті тудыратын қозу өтетін жол керек. Рефлекторлық доға - рефлексті іске асыратын, спецификалық ұйымдасқан және өзара әрекеттесетін нерв элементтерінің комплексі. Мұның синапстар арқылы өзара байланысқан афференттік, орталық және эфференттік бөлімдері бар (22- сурет) Афференттік бөлім тітіргендіргіш әсерін сезіп қабылдайтын туынды - рецептордан басталады. Одан шығатын афференттік нерв талшығы (рецепторлық клетканың өсіндісі) қозуды орталық нерв жүйесіндегі нейрондар мен синапстар комплексі қозуды эфференттік нейрондарға береді. Бұлардан шығатын эфференттік нерв талшықтары оны одан әрі тиісті жұмыс органына (эффекторға) жектізеді. Белгілі бір рефлексті тудыратын тітіркендіргіштер әсерін қабылдайтын рецепторлар жиынтығын рефлекстің рецептивтік алаңы деп атайды. Бірақ, бір рецептивтік алаңнан әр түрлі рефлекстерді алуға болады, сондай - ақ бір рефлексті әр түрлі рецептивтік алаңнан алуға болады.

Ең қарапайым рефлекторлық доға екі нейроннан: афференттік және эфференттік нейрондардан түзіледі. Бұларды бір ғана синапс байланыстырады. Сондықтан оны моносинапстық доға деп атайды. Ахилл сіңірі (созылу) рефлексіндегі доға осындай. Бірақ күрделі рефлекстердің барлығында рефлекторлық доғалар көп нейроннан, синапстардан түзіледі. Сондықтан оларды полисинапсты доғалар деп атайды. Бұларда қозу афференттік бөлімнен эфференттік бөлімге жеткенше толып жатқан аралық (қондырма) нейрондардан тұратын жолдан өтуі керек. Доғаның орталық нерв жүйесіндегі бөлімі аса күрделі. Ол жүлынның сегменттері мен де шектеме алады, сондай - ақ мидың әр түрлі бөлімдерін де қамтиды. Осы себептен де афференттік нерв талшығы арқылы түскен импульстер орталық нерв жүйесінде кеңінен тарала алады және қайтарылатын жауап реакцияларын тудыруға да әр түрлі нервтік құрылымдар қатыса алады. Мысалы: күшті ауырту түйсігін тудыратын әсер, орталық нерв жүйесі зақымданбаған болса, тек айтылған түйсікті ғана тудырып қоймайды, сонымен қатар біраз вегетативтік реакциялар байқалады (жүрек қызметі, тыныс алу т. б өзгереді) . Осымен қатар бір түрлі рефлекстің (мысалы: ас қорыту сөлдерінің бөлінуі, тыныс алу т. б) орындалуы үшін орталық нерв жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде (жұлында, сопақша, ортаңғы, аралық миларда, ми сыңарлары қыртысында) орналасқан нейрондар қатысады. Олай болса жоғарыда берілген рефлекторлық доға туралы ұғымды жалпы әрі қарапайым схема деп түсіну керек.

Тітіркендіргіш әсер еткеннен бастап жауап реакциясы туғанға дейінгі уақытты рефлекс уақыты деп атайды. Бұл уақыт рефлекторлық доғаның әр трлі звенолары арқылы қозу өту ұзақтықтарының қосындысынан құралады. Бұлардың ішіндегі ең ұзағы - орталық нерв жүйесі арқылы өту уақыты (синапстық кешігу) . Рефлекс орындалу үшін рефлекторлық доғаның барлық бөлімдері анатомиялық та. Физиологиялық зақымданбаған болуы тиіс.

Рефлекстерді жіктеу . Организмнің атқаратын рефлекстерінің саны да, түрі де көп. Дегенмен оларды әр түрлі белгілеріне қарай жіктеуге болады. Мәселен, 1) Биологиялық маңызына қарай рефлекстерді коректік, қорғану, жыныстық, бағдарлау т. б деп топтап атайды. 2) Рецепция белгісіне қарай (яғни қай рецептордың тітіркенуінен туатындығына байланысты) экстерорецептивтік (сыртқы рецепторлар тітіркенуінен алынатын), пропрорецептивтік (қаңқа еті, сіңір, буындардағы рецепторлар тітіркенуінен алынатын ) т. б деп бөледі. 3) Орындалатын реакцияның сипатына қарай және оған қатысатын органдарға байланыстырып қозғалу, секреторлық, трофикалық, тамыр, қозғағыш, висцеромоторлық т. б рефлекстерді айырады. 4) Орталық нерв жүйесінің қай бөлімінің міндетті түрде қатысатындығына байланысты да рефлекстерді жіктейді: жұлын рефлекстері - жұлын сегменттеріндегі нейрондар қатысуында орындалады; бульбарлық рефлекстер - сопақша мидың; мезенцефальдық рефлекстер - ортаңғы мидың; диэнцефальдық рефлекстер аралық мидың; кортикальдық рефлекстер - ми қыртысы нейрондарының міндетті түрде қатысуында орындалады. Бұл жерде ескеретін бір жай, орталық нерв жүйесі зақымданбай тұтас тұрғанда оның жоғарғы бөлімдерінің рефлекстеріне төменгі бөлімдер де қатысады; сондай - ақ төменгі бөлімдер (жұлын, сопақша, ортаңғы ми) іске асыратын рефлекстер кезінде қозу импульстері жоғарғы бөлімдерге (аралық ми, қыртыс асты ядролары, ми қыртысы) де жетеді. Сондықтан бұлар да тиісті дәрежеде белгілі бір рефлекстің іске асуына қатысады және осы тұрғыдан қарағанда әрбір рефлексті бүкіл организмнің реакциясы деп қарауға болады. Оның бер жағында қандай да болмасын рефлекс оңаша, басқалармен еш байланыссыз және байқалмайды. Бір орган рефлекстері басқа органдар қызметтерін өзгертеді және керісінше Мысалы: қаңқа еттерінің жиырылуына байланысты болатын қозғалу актыларының барысында барлық дерлік ішкі органдардың қызметтері жанданады.

Дегенмен, аталған рефлекстер өздеріне тиісті бөлімдер сау болған жағдайда, басқа бөлімдер қатыспаса да орындала береді. Мәселен, егер кесу арқылы бақаның миын жұлынынан ажыратса біраз уақыт (15-30 минуттай) өтіп, кесу зардабы (шоқ) аяқталған соң, оның аяғының терісіне әлсіз қышқылмен әсер етіп, немесе шымшу арқылы жұлынның өзіне тән балатын рефлекстерді алуға болады. (бүгілу, жазылу, сүрту, аймалау рефлекстері және ахиллес сіңірінен алынатын балтыр етінің жиырылуы - ахиллес рефлексі) . Адамда табан терісін тітіркендіруден аяқтың басы, саусақтар рефлекторлық түрде иіледі (табан рефлексі) . Тізеден ұрып санның төрт ұшты етінің сіңірін созса рефлекторлық түрде аяқ жазылады (тізе рефлексі) . Бұларды да жұлын рефлексіне жатқызады. Сондай - ақ зәр шығару және дефекация (қи тастау) рефлекстері де жұлынның қатысуында жүзеге асады. Ал ему рефлекстері корнеальдық (көздің қасаң қабығына тигенде қабақтың жабылуы) рефлекс, сопақша мидың, қарашық рефлекстері (жарықтан қарашықтың кішіреюі) ортаңғы мидың қатысуында орындалады т, с. с 5) Организмде атқарылатын барлық рефлекстерді шартсыз және шартты деп үлкен екі топқа бөледі. (бұлар туралы жоғары нерв әрекетінің физиологиясында толық айтылады) . 6) Рефлекстердің ерекше типіне шеткі органішілік рефлекстерді жатқызуға болады. Бұлардың орындалуы үшін орталық нерв жүйесінің қатысуы міндетті емес. Олар тиісті органның өзіндегі, ерекше метасимпатикалық деп аталатын жүйеге жатқызылатын, интрамуральдық нервтік ганглийлер элементтері түзетін рефлекторлық доға арқылы іске асады. (жүрекшілік шеткі рефлекстер) 7) Қаңқа еттеріне келетін қозғағыш нервтер арқылы іске асатын рефлекстерді сомотикалық деп, ал симпатикалық және парасимпатикалық нервтер арқылы іске асатындарды вегетативтік рефлекстер деп атайды

№ 3 дәріс

Тақырыбы: Психофизиологияның қазіргі зерттеу әдістері

Сұрақтары:

  1. Қазіргі психофизиологиялық зерттеу әдістері жайлы түсінік.
  2. Жүйке клеткаларының импульсті белсенділігін тіркеу.
  3. Электроэнцефалография. Магнитоэнцефалография. ЯМРИ

Психологиялық әдістер мен психологиялық ерекшеліктері зерттеу тәжірибесінде - ауруларды зерттеді, олардың өзіне тән- жалпылығы мына категорияларында белгіленген, биік жекелік және қызу үрейлілігі сияқты, әрекет- құлықтың ригидтілігі, қайратты бақылауы да жоғары дәрежелі сезімдердің үстінде болғанымен сезімдердің көрінуінде анығырақсыз, олардың ішкі дау барысында- ақылы төмендейді де стресстік күй-жағдайға ұшырайды. Барлығы «осындай жағдаяттарға түсу себептерін өздерін күнәландыру» туралы дезадаптациясы әлеуметтікте күшейтілген ауру ремиссиясы дәуіріне төмендейтіннің қайталану дәуіріне тән. Осындай ерекшелікке мынандай болжамды айтуға рұқсат етілді, қайталануды- адамның әлеуметтік бейімделуі бұрынғы қалпына келуі ауру дәуірінде байқалады (Косенков, 2000) .

Негізінде бұларды бақылаулары көрінуі бойынша- патологиялық болжамы келесі қисынға келген болатын (Косенков, 1997, 2000) . Әлеуметтік бейімделу өлшемімен ми функционалды асимметриялық артуынан болады, оны айқын шекаралар кесіп өтпейді де көрсетілгеннің барлығы сын аймақ сияқты көрінеді. Әлеуметтік дезадаптация оқиғасында, ми функционалды асимметриясы сын аймаққа кешіп өтеді, көрінуі бойынша сол уақытта патологиялары байқалады, организмнің ең функционалдығы асимметриялық- физиологиялық жүйелерінің жұмысын келесімен өзгертуін сын аймақтың бойымен қоса жүреді. Мына ремиссияны- патологияға ертіп әкеледі де ағымы әр түрлі ұзақтығымен бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері жайлы мәлімет
Жүйке жүйесі қасиеттері туралы түсініктеме. Е. П. Ильиннің психофизиология ғылымына қосқан үлесі
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым саласы ретінде
Жасөспірімдердің психикалық денсаулық көрсеткіштерінің мәні
Дифференциалды психология түсінігі
Психологиялық стресстің негізгі ерекшеліктері
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны
Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz