Ғұн Мемлекетіндегі әскери өнердің дамуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ғұн Мемлекетіндегі әскери өнердің дамуы.

Тобы : ПХ - 521

Орындаған : Нұрмұхамет А. Т

Тексерген: Саңқайбаева Ф. С

Семей, 2015 жыл

Мазмұны:

Кіріспе: Ғұн мемлекеті.

Негізгі бөлім: Әскери өнердің дамуы

1. Мөденің басқыншылық жорықтары.

2. Аттиланың басқыншылық жорықтары.

Қорытынды: Ғұн мемлекетіндегі жалпы саяси және әскери саясаттың шырқау шегі, ғұндардың тарих сахынасынан алатын рөлі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Ғұн державасы б. з. б I мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген. Н. А. Аристовтың айтуынша, б. з. д. III ғасырда хұндар түркіше сөйлеген. Ғұн тайпаларына: қыпшақтар, қаңлылар(кангюйлер), үйсіндер және Жетісу бойынан ығыс- тырылған сақтар (қытайша: сә) жатады. Ғұндар жұртының жер аумағы үш бөлікке бөлінген. Біріншісінің іщінде сюннулар болды, олар біздің заманы-мызға дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасынан бастап, Хуанхә өзенінің орта тұсы мен төменгі ағысындағы - қазіргі Қытай жерінің және Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты. Ғұндардың екінші бөлігі - біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықта сырткы Монғолияда, солтүстік Манчжурияда түркі-монғол тілінде аралас сөйлеген сәнбилер. Кейіннен Сәнбилер солтүстік Вэй әулетін құрған (386-534 жж. ) . Үшіншісі - түркі тілінде сөйлеген тайпалар қоныстанған орта. Мұнда ішкі Монғолияда, Байкалда, Ордостан (Ордос - Қытайдағы өзен) Алтай, Тарбағатай, Жетісуға дейінгі жерлерді мекендеген ғұн тайпалары калыптаса бастайды. Бұл тайпаларда түркі тілінде сөйлеушілер көбірек болған, бұлар бұрынғы сақ тайпаларының ұрпақтарымен көрші тұрған. Ғұн мемлекетінің құрылымы да қатал иерархиялы болды. Б. з. д. V-IV ғасырларда жун (Ғұн) тайпасының әскери демократиясынан өсіп шыққан хүн державасы көршілес тайпа одактарымен жөне қытай патшалығымен соғыста әбден шыңдалды. Мұндай мемлекет тек әскери әкімшілік принциппен ұйымдастырылған, орталықтандырылған империяда ғана болуы мүмкін. Қатал билік жүргізген елбасын "тәңірқұты" деп атаған. Ол "Аспан мен Жерден жаралған, Күн мен Айға теңестіріп қойылған ұлы хұн - Тәңір деген арнайы лауазымға ие болған. Оны "Көк ұлы" деп те атаған. Оның билігі мынадай міндеттер мен функциялардан көрінеді:

а) мемлекеттің барлық аумағы мен басқару міндеті, осы аумақты қорғау функциясы;

ә) соғыс және бейбітшілік шартын жариялау міндеті мен әскерге жетекшілік ету функциясы;

б) мемлекеттің барлық қарулы күштеріне жұмсалатын шығынды өз қолына жұмылдыру және сыртқы саяси бағытты анықтау функциясы;

в) қарамағындағы әрбір адамның өмірі мен өліміне жауап-тылық міндеті.

Мемлекетте Тәңірқұтынан кейінгі лаузымды кісілер - сол және оң жақтағы (батыс, шығыс) "дана басшылар", яғни олар Тәңірқұтының балалары мен жақын туыстары болды. Олар империяның батыс және шығыс аумағын, әскердің сол және оң қанатын басқарды. Бұлардан кейін Төңірқұтының белгілі бір жер аумаганда басқа да туыстары тұрды, олардың бәрі өр түрлі лаузымға ие болды және "он мың жауынгердің үстінен қарайтын басшылар" деп аталды. Бұлардың жалпы саны им-перияның батыс, шығыс жақ бөліктеріне, әскердің сол, оң қанаттарына бекітілген 24 жоғары әскер басшылардан құралды. Бұл орындарға Тәңірқұтына туыстық жақындығына қарай алынды. Басшыларды Тәңірқұты өзі белгіледі, ол әр басшының иелігіне сонда мекендеуші тұрғындарымен бірге аумақтар бөліп берді. Тәңірқұтының рұқсатынсыз тайпалардың басқа жаққа көшуіне қатаң тыйым салынды. Басшының билігі мең әскери күші оның әскер үлесіне емес, тұрғындарының санына қарай анықталуына көбірек мән берілді. Оның қол астында он мың жауынгер болды, "24 басшының әрқайсысы 10 мыңнан бірнеше он мыңға дейінгі әскерге ие болды", - дейді Сыма Цянь. Сыма Цянь жазған "Сүй патшалығының тарихы" деген кітаптың "жағрапиялык дерек" деген бөлімінде былай делінген: "Беспалык құмды аймағының терістігі - алдыңғы хань патшалығы тұсында (б. з. д. 223-203 жж. ) үйсіндердің дуньхудағы жері, соңғы хань патшалығы тұсында (б. з. д. 225-220 жж. ) хұндардың ордасы тұрған жер. Ордадағы (ғүндардың әскери лагері мен өскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хұндардан шекаралық аймақты босатуды талап етті. Соғыстан қауіптенген ақсақалдар хұндардың көсемі Мөдеге дунхуларға жерді беру туралы кеңес айтты. Бұған Мөде: " Жер - мемлекеттің негізі, оны беруге бола ма, сірә?" - деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді де, соңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып, шығысқа қарай жылжыды. Дуньхуларға, үйсіндерге тұтқиылдан шабуыл жасап, оларды талқандады, басшысын өлтірді, адамдарын және малдарын өзіне қосып алды". Ғұн Тәңірқұтының алғашқы қадамын Сыма Цянь осылай жеткізеді.

Мөде
Гао - ди, Хань династиясы
: 1
Мөде: Қақтығыста кейін шегінді.
Гао - ди, Хань династиясы: Б. з. д 202 жылы азамат соғысы аяқталды.
: 2
Мөде: Ғұндар Байдан тауының маңында қоршауға алды, төрт атты корпуспен.
Гао - ди, Хань династиясы: Кейін шегінген ғұндардың артынан қуды. Негізгі күштерінен айырылды.
: 3
Мөде: 7 күн бойы қоршауда ұстады.
Гао - ди, Хань династиясы: Соңында император Гао-ди жеңіліс тапты.

Батыстағы сюннулар атты әскері ақ аттарға, ал шығыс беттегілер тұмсығында ақ дағы бар сұр аттарға, солтүстіктегілер - қара тұмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар жирен аттарға мінген". Соғыста жеңілген император Гао-ди ғұндармен туыстыққа негізделген бейбіт келісім шартын жасауға уәде беруден басқа жол таппады және Мөдеге император үйіндегі хан-шайымды беріп, өз өмірін сақтауға келісті. Біздің заманымыздың басындағы I ғасырда Ғұн одағы екі топқа жарылып, бірі Шығыс Ғұн мемлекеті. екіншісі Солтүстік-батыс Ғұн мемлекеті болып аталған. Екі мемлекеттің екеуін де түркі тайпалары билеп отырған, бірнеше тайпалық одақтар болған. Солтүстік-батыстағы ғұн мемлекеті біздің заманымыздың IV ғасырында әйгілі болып, Шығыс Еуропаға қарай жылжыды. IV ғасырдың 70 жылда-рының аяғында ғұндар Солтүстік Қара теңіз өңірінде пайда бола бастады. Ғұндардың соққысына бірінші болып жығылғандар - Азов теңізі өңірін мекендеген алавдар еді. Көшпелі алаңдардың біраз бөлігі қазіргі Кубань өзені бойындағы ғұндарға бағынды. Ғұндар екі бағытта ілгері жылжыды. Біріншісі - қыста мұзды жолмен яғни Перекоп және Тамань түбегі арқылы қазіргі Керчь бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығына беттеді. Мың жылдан аса өмір сүрген Боспор патшалығы жойылды. Екіншісі - батыс және солтүстік батыста орналасқан сармат-алан және гот немесе швед тайпасына бет түзеді. Сонымен, батыс ғұндарға Еділ мен Дунайға дейінгі жерлерді мекендеген түрлі тайпалар мен халықтар бағынды. Осыдан кейін 376 жылы ғұндар Рим империясымен көршілес Мемлекет болып, көп ұзамай оған күш көрсете бастады. 395 жылы ғұндар Закавказье мен Месопотамия аймағында шабуыл жасады. V ғасырдың басында олар Дунай жерін басып алды. Поннонияны басып алып, ғұн державасын құрды, орталығы қазіргі Венгрияның жері болды. Олар басып алған жерлерінің алтын және тағы басқадай бағалы заттарын тонап, адамдарын өздеріне бағынышты етті. 433 жылы қартайған ғұн патшасы өзінің билігін немерелері Белде мен Аттилаға береді. Олар 12 жыл патшалықты бірге басқарып, Герман тайпаларын бағындырды. Осы бірігіп басқарған 12 жылда Бургун корольдығын Рейн бойында талқандады. 455 жылы Аттила ағасын өлтіріп, енді жеке өзі биледі. Ол туралы гот тарихшысы Иордан тектен-текке былай демеген:

"Бұл адам өмірге келгенде халықты тік тұрғызу үшін, дірілдету үшін жаралған".

Аттила 450 жылы Рим империясының шекарасын кесіп өтуге дайындалды. Ол Рим императоры Валентино ІІІ-ден қарындасы Гонорияны өзіне әйейдікке және Рим мемлекетінің байлығы мен билігінің біраз бөлігін беруін талап етті. Гонорияның өзі Аттилаға әйел болуға ықылас танытады. Оның себебі Гонория көп жылдар бойы өз туыстарымен Римде билікке таласқан еді, сондықтан ол Аттилаға құпия түрде сенімді кісіден хат жолдайды. Онда Аттилаға әйел болғысы келетінін білдіреді. Римдіктер мұны біліп қалып, қатты дүрлігеді. Мұны ежелгі тарихшы "бүкіл мемлекетке жауыздық әкелді, Римге опасыздық жасады" деп - жазды. Аттиланың Рим қызымен кесілер некесі Рим патшасының мұрагері болуға мүмкіндік беретін еді. Римдіктер Гонория-ны қамауға алған соң, Аттила өзіне тәуелді тайпалардан Римге қарсы жорыққа шығуға әскер жинай бастайды. Ғұндар, остоготтар, геруілдер, гепидтер, ругийлер қосылған сансыз әскер Римге бет алды. Аттила өзінің алғашқы соғысын сәтті бастады.

Аттила
: 1
Аттила: Шығыс Рим империяның шекарасынан - Балканға дейінгі жерлерді жауалап алды.
: 2
Аттила: Алғашқы шайқаста Рим әскері талқандалды.
: 3
Аттила:

Днепрден Римге дейн,

Балтық теңізінен Қара теңіз.

: 4
Аттила: Тарихтағы ең ұлы шайқастардың бірі.
: 5
Аттила: Жеңіске жетті.
: 6
Аттила: Рим папасы қайырымдылық сұрады.
: 7
Аттила: Милан қаласы өз еркімен қала есігін ашты.

ҒҰНДАР ТУРАЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР

(Аммиан Марцелин еңбегінен кысқаша ұзінді)

Ғұндар б. з. д. III-II ғасырларда Орта Азияны мекендеген көшпелі халық. Біздің дәуіріміздің I ғасырынан бастап ғұндар Батысқа жылжи бастайды. IV ғасырда хұндар Доннан Карпатқа дейінгі аумақты иемденіп, түркі және тағы басқа тайпаларды өздеріне қосып алды. Аммиан Марцелин - біздің дәуіріміздің IV ғасырындағы Рим тарихшысы. Оның тарихи жазбалары Шығыс Еуропаға кеңінен таралып, ғұндар туралы маңызды деректер қалдырған.

1. Ғұн тайпаларының дене мүшелерінің тұрқы: серіппедей қатты, мойындары жуан, бұлшық еттері шыққан, тығыз әрі толық, өрі керемет, өрі корқынышты көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтардың қаруы, әскери өнері
Ерте орта ғасырлардағы түркілер құрған мемлекеттер
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Ғұндар Саяси тарихы
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері
Бейнелеу өнерінен дәрістер жинағы
КАЗАҚСТАН ЖЕРГНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ДЕЙІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ САЯСИҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, жеті жарғы
Қазақ халқының этногенезі (Халықтың пайда болуы мен қалыптасуы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz