Салқам Жәңгір хан



Кіріспе: Ер Есімнің батыр ұлы Салқам Жәңгір
Негізгі бөлім: Жәңгірдің жорықтары
А) 1635 жыл
А1: Тұтқында болуы
Б) 1643 жыл Жоңгар шабуылы
Б1: Салқам және Қостоқта батыр
Б2: Жалаңтөс баһадүр
Б3: Дипломатиялық қасиеттері.
С) 1652 жыл Қазаққа қара хабардың естілуі.
Қорытынды: Ер Жәңгірдің ерең еңбегі
Пайдаланылған әдебиеттер
Жәңгір хан, Қазақ хандығының ханы, Есім ханның баласы. Ол әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі ұлыстарын, нағашы атасы Әбдірақым хан билейтін Тұрфанмен шекаралас жерлерін басқарып жүрді. Жәңгір хан жоңғар қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасап тұрған аса қиын кезеңде билік жүргізді. Бұл кезең қазақ-қалмақ ара-қатынасындағы аумалы-төкпелі, текетірес жылдар болатын. 1620 жылы қазақтың Есім сұлтаны, қалмақтың Алтын ханы, Шолай тайшы үшеуі ойраттарға қарсы одақ құрды. Алтын хан Қарақұлдың елін шауып, бала-шағасын тұтқындайды. 12 жасар Жәңгір хан осы кезде қалмақ елінде қазақ елшілігінің құрамында барды. Төрт жыл өткен соң қазақ сұлтаны Есім мен шорастың тайшысы Қарақұл бірігіп, Ресей иелене бастаған Тары бекінісіне шабуыл жасады. Осы сәтті пайдаланған ойраттың Байбағыс пен Далай тайшылары Есім сұлтанның еліне тиіседі, бірақ жеңіліс табады. Осы кездегі ұрыстарда жас Жәңгір хан өзінің қолбасшылық қабілетін байқатты. 1635 жылы қазақ елінің солтүстігінде көшіп жүрген Жәңгір ханның еліне Далай тайшы, Ғужи тайшы, Тәуірхожа тайшы бастаған қарақалмақтар шабуыл жасады.
1. Қазақ хандығының құрылу тарихы, Б.Б Кәрібаев, Алматы: Сырдар 2014, 520 б.
2. Қазақстан тарихы, Көне заманнан бүгінге дейін 2 том, Алматы “Атамұра” 2010 жыл
3.Қазақстан тарихы, Әбдәкімұлы , Алматы – 2005 жыл
4. Қазақ тарихы, Алматы 1995 жыл
5. Қазақстанның әскери тарихы, Алматы (Білім) 1999жыл
6. Қазақстан тарихы,Ешмағамбетов Б.С Новосібір қаласы(білім) 2012жыл

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Салқам Жәңгір хан

Тобы: ПХ - 521

Орындаған: Нұрмұхамет А.Т
Тексерген: Саңқайбаева Ф.С

Семей, 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе: Ер Есімнің батыр ұлы Салқам Жәңгір
Негізгі бөлім: Жәңгірдің жорықтары
А) 1635 жыл
А1: Тұтқында болуы
Б) 1643 жыл Жоңгар шабуылы
Б1: Салқам және Қостоқта батыр
Б2: Жалаңтөс баһадүр
Б3: Дипломатиялық қасиеттері.
С) 1652 жыл Қазаққа қара хабардың естілуі.
Қорытынды: Ер Жәңгірдің ерең еңбегі
Пайдаланылған әдебиеттер

Жәңгір хан (1608 - 1680 ж.ж)

Ж
әңгір хан, Қазақ хандығының ханы, Есім ханның баласы. Ол әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі ұлыстарын, нағашы атасы Әбдірақым хан билейтін Тұрфанмен шекаралас жерлерін басқарып жүрді. Жәңгір хан жоңғар қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасап тұрған аса қиын кезеңде билік жүргізді. Бұл кезең қазақ-қалмақ ара-қатынасындағы аумалы-төкпелі, текетірес жылдар болатын. 1620 жылы қазақтың Есім сұлтаны, қалмақтың Алтын ханы, Шолай тайшы үшеуі ойраттарға қарсы одақ құрды. Алтын хан Қарақұлдың елін шауып, бала-шағасын тұтқындайды.
Шын есімі Жиһангер

12 жасар Жәңгір хан осы кезде қалмақ елінде қазақ елшілігінің құрамында барды. Төрт жыл өткен соң қазақ сұлтаны Есім мен шорастың тайшысы Қарақұл бірігіп, Ресей иелене бастаған Тары бекінісіне шабуыл жасады. Осы сәтті пайдаланған ойраттың Байбағыс пен Далай тайшылары Есім сұлтанның еліне тиіседі, бірақ жеңіліс табады. Осы кездегі ұрыстарда жас Жәңгір хан өзінің қолбасшылық қабілетін байқатты. 1635 жылы қазақ елінің солтүстігінде көшіп жүрген Жәңгір ханның еліне Далай тайшы, Ғужи тайшы, Тәуірхожа тайшы бастаған қарақалмақтар шабуыл жасады. Жәңгір хан айналасындағы адамдармен қалмақтардың қолына түсіп, жеті жылдай тұтқында болды. Қалмақтар оны ламерең еңбегіа болсын деген ниетпен Тибетке жібере жаздады. Қалмақтардың әскери тактикасын молынан игерген Жәңгір ханды Батыр қонтайшының Өргесіне келген орыс елшісі Ремезов көріп, онымен тілдеседі. Кейін Жәңгір хан біраз серіктерімен еліне оралып, Қазақ хандығының билігін қолына алды. 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір мен Жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында Орбұлақ шайқасы өтті.
Осы шайқаста бар жоғы алты жүз қазақ қолы жоңғардың 50 мың қолына төтеп берді. Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартысын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырды. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған ор-бекініске шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырды. Осы кезде Самарқаннан алшын Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып күйрей жеңілген жоңғарлар кері шегінді. Осы шайқас Жәңгір ханның даңқын шартарапқа жеткізді. Жәңгір хан жоңғар билеушілеріне қарсы күресте моңғолдардың жәрдеміне сүйенуге де күш салып, тату көршілік қатынаста болу мақсатымен оларға екі рет елшілік жіберді. Елшілікті хан балалары Тәуке мен Аппақ сұлтандар басқарып барды.
Оқыс оқиға тоғыз жылдан кейін Жәңгір ханды ауыр жарақатқа душар етті. Астындағы атының аяғы суырдың ініне кіріп кетуі, Жәңгір ханның қалмақтың жас батыры, Церен ханның ұлы Ғалдаманың сілтеген шоқпарын бойына дарытуына себепші болды. Осы жекпе-жекте мертіккен Жәңгір хан жиырма жыл сал болып жатып, өмірден қамкөңіл өтті. Қазақтардың Салқам Жәңгір деп атауы осыдан. 1680 жылы әкесінің орнын басқан Тәуке хан тұсында Қазақ елі едәуір есін жиды. Бұған қонтайшының екінші әйелі, 1635 жылы Жәңгір ханмен бірге қалмақтарға тұтқынға түскен Ақтайлақ бидің қызы Жұмақас көп септігін тигізеді. Жұмақас өзінің Сенге мен Ғалдан Бошақты сынды балаларына нағашыларының еліне маза беруді өтінеді. Балалары анасының бұл өтінішін жерге тастаған жоқ. Жәңгір ханның тұсында, оның баласы Тәуке ханның заманында Қазақ елі жарты ғасырдай тыныштау, бейбіт өмір сүрді деуге болады. Жәңгір ханның денесі Түркістанда, Қожа Ахмет Ясауи мешітіне таяу жерге жерленіп, басына кесене тұрғызылған. Бірақ аталмыш кесене сақталмаған.

1635 жыл, Ойраттарға қарсы соғыс.

1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған жер қайысқан қалың қол қарсы тұрды. Бұл ұрыстың нақты нәтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның тұтқынға түсіп, біраз уақыттан соң қашып құтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап тұрады. Ал енді нақты Жәңгір ханның нақты өзіне келсек, оның қай жылы туылғаны белгісіз, ол жөнінде әзірге ғылымға белгілі деректерде ешқандай мәліметтер жоқ. Бірақта оны болжаммен XVI ғасырдың соңы немесе XVII ғасырдың бас кезінде дүниеге келген деп айтуға болады.

Жәңгірдің шын есімі - Жахангер (парсыша әлемді бағындырушы, билеуші). Оның Жәңгір болып айтылуы парсыша есімнің қазақ тілінің ерекшелігіне сай өзгеруінен шығып тұр. Мұндай есім XV-XVIII ғасырлардағы Орталық Азия мен Қазақстан аумақтарындағы билеуші әулет өкілдерінің арасында жиі ұшырасады.
Жәңгір (Жахангер) ханның есімі шығыс деректеріндегі және орыс тіліндегі материалдарда XVII ғасырдың 30-шы жжылдарының ортасындағы оқиғаларға байланысты алғаш рет кездесе бастайды. Ондағы деректердің мәліметтерінде ол сұлтан лауазымымен айтылады.[4] Ортағасырлық шығыс дерегі Бахр ал-асрардың мәліметтерінде де 1634 жылы Ташкентке жорық ұйымдастырған қазақ сұлтандарының арасында Жахангердің есімі сұлтан титулымен қоса айтылады. XVII ғасырдағы орыс-монғол қатынастарының деректер жинағында да Жахангердің есімі кездесіп, онда 1635 жылы оның ойраттармен болған шайқастардың бірінде қолға түскендігі туралы айтылады.
Ең алғаш Жәңгірдің жоңғарларға тұтқынға түскендігін И.Е.Фишер өзінің Сібір тарихына арналған кітабында жазады. Онда автор 1635 жылы ойраттардың көсемі Батыр хонтайшының Есім ханмен соғысқанын айта келе, оның ұлы Жәңгір сұлтанды жоңғарлардың тұтқынға түсіргенін баяндап өтеді. Автор онда бұл дерегін қайдан алғандығын көрсетпейді. Тарихшының осы материалын кейінгі тарихшылардың бәрі қайталап, И.Е.Фишердің еңбегіне сілтеме береді. 1959 жылы Мәскеу қаласында жарық көрген орыс-монғол қатынастарының жинағында осы тарихи оқиғаға қатысты мәлімет кездеседі. Ол мәлімет 1635 жылдың 19 шілдесінде Тобольск приказдығының кеңсесінде ойрат тайшысы Абақтың елшілерінен жазылып алынған. Ол мәліметте ойрат тайшыларының бір тобы 1635 жылдың қыс айларында Қазақ Ордасына аттанғандығы, ал Қазақ Ордасы адамдарының ойраттарға жорыққа шыққандығы, екі жақтың бір-бірімен кездесіп қалып, үлкен шайқастың болғандығы, ойраттардың жеңіске жеткендігі, Есім ханның ұлы Жәңгір сұлтанның (деректе Янгир царевич деп жазылады - Б.К.) тұтқынға алынғандығы және қазіргі кезде ол сұлтанның ойраттардың қолында екендігі айтылады. Кезінде Сібір тарихын жазған Иоганн Фишер осы деректі пайдаланған болуы керек, өйткені оның жазғаны мен дерек мәліметі екеуі мазмұндас келеді. Енді осы мәліметке талдау жасап көрелік.
Біріншіден, дерек мәліметі қазақ-қалмақ (ойрат) шайқасының 1635 жылдың қыс айларының бірінде өткендігін, ал бұл кезде Жәңгірдің әлі сұлтан дәрежесінде жүргендігін көреміз, яғни Жәңгір бұл оқиғаға дейін әлі хан тағын иелене қоймаған. Деректе Жәңгірді Есім ханның ұлы екендігі, Есімнің қазақтың ханы болғандығы айтылады. Бірақ сол жылы, яғни 1635 жылы нақты кімнің хан екендігі жазылмаған.

Екіншіден, Жәңгірдің қалмақтар қолына тұтқынға түсуі - қазақ-жоңғар қатынасындағы аса маңызды оқиғаның бірі болғандығын көрсетеді. Ол туралы жоңғарлардың солтүстіктегі көршісіне хабарланып тұр. Соған қарағанда, Жәңгір сол тұста сұлтан дәрежесінде болса да, қазақ қоғамындағы алатын орны ханнан бір елі кем болмағанын немесе ханмен бірдей болғанын байқаймыз. Дәл осы жерде Жәңгірдің өміріндегі осы оқиғаны XVIII ғасырдағы Абылай ханның өмірімен салыстыруға болады. Абылай XVIII ғасырдың 40-шы жылдарының басында жоңғарларға тұтқынға түсіп,оның тұтқында болуы сол кездегі қазақ-жоңғар қатынасында маңызды орын алған болатын. Ол да сол жылдары сұлтан дәрежесінде болса да, хан дәрежесінен кем емес болатын. Көп ұзамай Абылайдың жоңғар тұтқынынан босап шыққаны белгілі. Жәңгір де жоңғар тұтқынында ұзақ отырмай, босанып шығып, еліне аман-сау оралады.
И.Е.Фишер, одан кейін В.В.Вельяминов-Зернов, М.Тынышпаев, И.Я.Златкин, Т.И.Сұлтанов және тағы басқа кейінгі зерттеушілер Жәңгірді жоңғар тұтқынынан ретін тауып қашып шыққан немесе кездейсоқ сәтті жағдай оның жоңғар тұтқынынан босануына жағдай жасаған деп есептейді. Егерде XVII ғасырдың 30-шы жылдарындағы жоңғар қоғамының ішкі саяси өміріне терең назар аударсақ, сонда ғана Жәңгірдің жоңғар тұтқынынан қалай босап шыққанын түсінуге жол тапқандай боламыз. Олай болса, сол кезеңдегі жоңғар қоғамының ішкі саяси өміріне көңіл аударып көрелік.
Тарихта Жоңғар хандығының құрылған жылы деп 1635 жылдың есептелетіні белгілі. Ал оған дейінгі кезеңде ойрат қоғамының ішкі саяси өмірі қазандағы қайнаған судай тасып тұрған болатын. Жоңғар тарихының ірі маманы И.Я.Златкиннің дәлелдеп көрсетуі бойынша осы кезеңде ойрат одағына енетін тайпалар арасында күрестер күшейіп, талас-тартыстар белең алып тұр еді. Дүрбеттер көсемі Далай тайшы,шорос көсемі Харақұла тайшы, торғауыттар көсемі Хоүрлік, хошоуыт көсемі Хұндүлен тайшы және тағы басқа тайпалар көсемдері жеке-дара билікке ұмтылып жатқан болатын. Талас-тартыстардың нәтижесінде торғауыттар - батысқа, хошоуттар - Тибетке, қарай қоныс аударады да, ойраттар жерінде шорос тайпасының ролі артып, жалпы билік осы тайпаның көсемі Харақұлаға көшеді. 1634 жылы ол қайтыс болғаннан кейін Харақұланың ұлы,әрі мұрагері Хото-Хоцин Батыр ойрат чулганында(ойрат тайшылырының кеңесі, құрылтай секілді жиын) хошоуыттар көсемі Байбағас тайшымен бірдей дәрежеге ие болады, ал Далай-лама оған хонтайшы титулын береді.Сөйтіп іс жүзінде Батыр хонтайшы ойрат одағының жеке- дара билеушісіне айналады. Батыр хонтайшының билікке келуі қарсаңында Жоңғар хандығының сыртқы саяси жағдайы жалпы алғанда біршама тұрақты болса, ал ішкі саяси жағдайы күрделірек болатын. Батыр хонтайшы ішкі саяси өмірде орталықтандырылған хандық билікті нығайту саясатын жүргізсе, кейбір жергілікті тайпа көсемдері орталық хандық билікке бағынбауға, өздерінің феодалдық сақтап қалуға немесе қалпына келтіруге тырысады.Осылайша, Жоңғарияның өзінде Батыр хонтайшыға қарсы топ пайда болады. Міне, хонтайшы мен оған қарсы топ арасындағы қайшылық Жәңгір сұлтанның жоңғар тұтқынынан босап шығуына әсер еткен деуге болады. Харақұла тайшы тұсында ойрат чулганын басқарған хошоуыт тайпасының көсемі Байбағас тайшының туған інісі Хұндүлен тайшы - Батыр хонтайшы билігінің күшеюіне бірден-бір қарсы тұрған тұлға болатын. Сол себепті де ол хонтайшының көптеген іс-әрекеттеріне кейде ашық, кейде жабық түрде қарсылықтар көрсетіп отырады. Біз оның біріне - 1643 жылғы Батыр хонтайшының қазақтарға қарсы жорыққа шығу туралы бастамасына қарсы шығып, жорыққа қатыспай қоюын жатқызамыз. Ол жөнінде төменде кеңірек қарастырамыз.
1644 жылы Батыр хонтайшымен әңгімелескен Тобольск әкімшілігінің елшісі Г.Ильиннің есебіндеХұндүлен тайшы мен Далай тайшының ұлдарын,Жәңгір сұлтан мен Жалаңтөс батырды хонтайшы өзінің жауы деп санайтынын, Хұндүлен тайшының Жәңгірді қолдап отыратынын және тайшы оны таңдаулы ұлы (названный сын) деп санайтындығын баяндап береді. Міне, осы мәліметтен біз Жәңгірдің жоңғар тұтқынынан аман-есен босап шығуының себебін түсінгендей боламыз. XVIII ғасырдың 40-шы жылдарының басында Абылай сұлтанның қазақ қоғамындағы саяси ролін жете түсінген жоңғардың саяси элитасының өкілдері оны өлтіргеннен гөрі онымен одақтасуды, жақындасуды дұрыс деп тауып, оны тұтқыннан босатуға күш салған болатын. Сол іс-әрекеттері арқылы олар өздерінің болашақтағы жоспаларын жүзеге асыруды ойластырғаны белгілі. Дәл сол сияқты XVII ғасырдың 30-шы жылдарындағы Жәңгір сұлтанның қазақ қоғамындағы алатын орнын білген Батыр хонтайшының қарсыластары Жәңгірді өлтірткізбей, керісінше онымен жақындасуды, одақтасуды ойластырған деуге болады. Ш.Құдайбердіұлы Тәуке ханды Салқам Жәңгірдің қалмақ ханының қызынан туған ұлы деп жазады. Тәуке ханның 1715 жылы ұзақ өмір сүріп қайтыс болғанына қарап және әкесі Жәңгір ханның билігі тұсында Қашқарияға қазақ елшілігінің құрамында барғанына қарап оны шамамен 1630-шы жылдардың ортасында дүниеге келген деуге болады. Тәукенің анасы қалмақ тайшыларының бірінің қызы болса және туылған жылы XVII ғасырдың 30-шы жылдарының екінші жартысына сәйкес келсе, сондай-ақ Хұндүлен тайшының Жәңгірді ұлым деп санайтындығын ескерсек, онда Жәңгірді жоңғар тұтқынынан құр қол қайтпаған деуге болады. Осыған байланысты мынадай қорытындылар жасауға болады.
Біріншіден,1635 жылы қазақ-жоңғар соғысында жау қолына тұтқынға түскен Жәңгірдің тағдыры екі ел арасындағы қарым-қатынаста аса маңызды орын алғанына қарап, сол жылдардың өзінде оны хан болмаса да қазақ қоғамының ішкі саяси өмірінде ерекше орын алған тұлға деп санаймыз.
Екіншіден, оның жоңғар тұтқынынан босануына Жоңғарияның ішкі саяси өміріндегі ахуал етіп, Батыр хонтайшыға қарсы топтың әрекетінің нәтижесі деп ұғынамыз.
Үшіншіден, Хұндүлен тайшының Жәңгірді ұлым деп есептеуін онымен жақын болуын оның болашақтағы қазақ ханымен саяси одақтас болудың жолдарын іздестіруі деп білеміз.
Осылайша, Жәңгір сұлтан 1635 жылы жоңғар тұтқынынан жоңғарлардың өз қолымен босап, туғанеліне аман-сау оралады, жоңғар тайшыларының арасынан өзіне одақтастар тауып қайтады. Бұл одақтастықтың оған 1643 жылғы Батыр хонтайшы әскерімен шайқасында көп көмегі тиеді.
Жалпы, қазақ-жоңғар қатынастарының алғашқы 20 жылдай кезеңіндегі екі жақтың қатысуымен болған ірі оқиғалар саны үшеу. Біріншісі, жоғарыда атап өткен 1635 жылғы қазақ-жоңғар шайқасы және Жәңгір сұлтанның жоңғар тұтқынына түсуі болса, екіншісіне - 1643 жылғы қазақ-жоңғар шайқасы жатады. Ал үшінші ірі оқиға, ол - 1652 жылғы Жәңгір хан қаза табатын шайқас. Қарап отырсақ, осы үш оқиғаға Жәңгір тікелей қатысып, оқиғалардың басында жүрген екен. Жәңгір ханның өміріне қатысты ең көп кездесетін мәліметке - 1643 жылғы шайқас туралы мәлімет жатады. Бұл кезде Жәңгір әлі сұлтан дәрежесінде болатын. Жоңғарияға барып келген орыс елшілерінің есептерінде оның дәрежесін сұлтан деп жазады. Мысалы, 1640 жылы қыркүйек айында жоңғар қоңтайшысының ордасында қазақ сұлтаны Жәңгір сұлтанның елшісі болғандығын орыс деректері хабарлайды.
Орбұлақ іспеттес шайқас Орта Азияда бірінші рет.

1643 - 1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мұқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643 - 1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан қару-жарақтар және оқ-дәрілер сатып алады.
Екінші ірі шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бұл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген.ұ
Орбұлақ шайқасында Жәнгір хан мен Қостоқта батыр екеуі 50 000 қолды Жоңғар әскерін 3 айла әдіспен тоқтатты.
1.
2.
3.
1643-1644 жылғы қазақ-жоңғар соғысы туралы ең алғашқы хабарды Г.Ильин береді. Ол 1644 жылы ақпан айында Батыр хонтайшының ордасынан Тобольскіге қайтып оралып, воевода Куракинге осы соғыс туралы баяндайды. Дәл осы жылы және сол айда Тобольскіге келген ойрат көсемдерінің бірі Абылай-тайшының елшісі Бахтыйдың хабарламасында да 1643-44 жылғы қазақ-жоңғар соғысы туралы айтылып, ол да Г.Ильиннің мәліметін растайды және оны толықтыра түседі. Екі мәліметтің үзінділері И.Я.Златкиннің монографиясында келтірілгендіктен, біз оның бәрін қайталап жатпай, тек осы соғысқа және Жәңгірге қатысты жерлерін ғана сілтеме ретінде пайдаланамыз.
Батыр хонтайшының қазақтарға қарсы жорығы 1643 жылдың қысында басталып, 1644 жылдың жазының ортасына дейін созылады. Жоңғар билеушісі жағында көптеген ойрат тайшылары, Халха билеушісінің ұлы Омбо-Эрдени болып, жалпы саны 50 мың әскер жорыққа шығады. Бұл жорыққа Жәңгірдің одақтастары Хұндулен тайшы, Далай тайшының ұлдары қатысудан бас тартқанын елші Бахтыйдың мәліметі дәлелдейді. Бір қызығы, Г.Ильиннің дерегінде Батыр хонтайшының Жәңгір сұлтанға қарсы аттанғандығы баса айтылады. Сол кездегі қазақ ханы Жәңгірдің ағасы Жәнібек болса да, ол туралы ешкім де сөз қылмайды. Барлық деректерде тек Жәңгір сұлтанның есімі ғана айтылып отырады. Бұл жағдай XVIII ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақ сұлтаны Абылайдың тарихи ролін еске түсіреді.

Жәңгір сұлтан жоңғар әскерінің қазақтарға қарсы дайындығынан хабардар болған сияқты. Мұны Жәңгірдің Хұндулен тайшымен достығының нәтижесі деп білу керек. Жәңгір сұлтан Батыр хонтайшының жорық бағытын да алдын-ала біліп, оларға қарсы тұратын ыңғайлы жерді таңдап та алады. Самарқандағы досы Жалаңтөс батырға да хабар жібереді. Өзі 600 адамдық әскерімен жау әскеріне қарсы аттанып кетеді. Жоңғар әскерінің бағытындағы тар тау шатқалының ішінде окоп қаздырып, онда мылтықпен қаруланған 300 жасағын қалдырады да, өзі қалған әскерімен қарсы беттегі тастардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салқам Жәңгір
Қазақ хандарың билеген жылдары
Қазақстан Республикасының 15 жылдығы
Қазақ хандығының жылнамасы
Қазақ хандары мен билері
Жалаңтөс пен Жәңгір
Жәңгiр ханның тұлғалық бейнесі
Қазақ Хандығының Шежіресі
Әз Тәуке хан
Тұрсын ханның өлуі
Пәндер