Шығармашылық – адамның іс-әрекетінің жоғары формасы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Шығармашылық ұғымына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педагогикалық және психологиялық тұрғыда сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
II ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары ... ... ... ... ... ..16
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері ... ... ... .. 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мазмұнында оқушыны өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, талдауға үйрету талап етіліп отыр. Ол құзіреттілікпен тікелей байланысты. Шығармашылық – оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижиесі десек, талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерінің тізбегіне енеді. Осы талаптар негізінде оқу тапсырмаларын талдау мен оның мақсатын анықтаудың әдіс-тәсілдерін шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағыттау оның тиімділігін арттырады [1].
Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның шығармашылығын дамытуды үнемі көтеріп отырған.
Философиялық тұрғыдан қарастырғанда шығармашылық– жаңа сапалы материалдық жэне рухани құндылықтарды жасаудағы адамның белсенді іс-әрекеті ретінде карастырылады.
Шығармашылық дегеніміз –адамның белсенділігі мен дербес іс- әрекетінің ең жоғары формасы. Ж.Дистервег «жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - дейді.
Шығармашылық іс-әрекеттерді дамыту арқылы оқушылар бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
- бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынасы арта түседі.
- бір-біріне бар ынта-жігерімен көмектеседі.
- өз білімімен жолдастарының білімін саралай бағалай білуіне толығырақ мүмкіндік туады.
- оқушылардың өзіндік шығармашылығын байқатады.
- жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді, көптеген қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.
- оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, баланың мінез-құлқына, яғни тиянақтылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- озат тәжірибелі ұстаздардың іс- тәжірибелерімен танысу;
- мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тапсырмаларды қолданудағы әдіс-тәсілдерін зерттеп, анықтау;
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге (тарихи, философиялық, филологиялық, әлеуметтану, психологиялық, педагогикалық), оқу-тәрбие үдерісі құжаттарына талдау жасау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу [2].

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 ж.
2. Подласый И.Б. Педагогика ІІ том. – М., 2002
3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.
4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.
5. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007.
6. Сарбасова Қ.А. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану . – 2004.
7. Сарбасова Қ.А., Сарбасова Қ.А. Сабақтың тиімділігін арттыру – 2004.
8. Каримова Г. Тіл сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамыту – 2007. — №3
9. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. – А., 1999
10. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – А., 2000
11. Ильина Т.А. Педагогика. – М., 1984
12. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. – А., 1993
13. Лихачев Б.Т. Педагогика. – М., 1996
14. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А.: Шұғыла, 2006
15. Подласый И.П. ПедагогикаI том. – М., 1996
16. Берікұлы Н. Педагогика. – А., 2000
17. Құрманалина Ш.Х. Педагогика. – Астана, 2007
18. Бабаев С.Б. Жалпы педагогика. – А., 2002
19. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А.Педагогика. – А.: Дарын, 2004
20. Байжанова З. Жалпы педагогика. – А.: Таймас, 2008
21. Коменский Я.А. Великая дидактика. – М., 1955
22. Каиров И.А.,ПетровФ.Н.Педагогическая энциклопедия.–М.: Советская энциклопедия, 1968
23. Бабаев С.Б., Оразов Ш.Б., Бабаева К.С. Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы. – А.: NURPRESS, 2013
24. Макаренко А.С. Проблема школьного воспитания. – М., 1978
25. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – А., 1991

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: Шығармашылық - адамның іс-әрекетінің жоғары формасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Шығармашылық ұғымына сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педагогикалық және психологиялық тұрғыда сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
II ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары ... ... ... ... 16
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 24
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мазмұнында оқушыны өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, талдауға үйрету талап етіліп отыр. Ол құзіреттілікпен тікелей байланысты. Шығармашылық - оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижиесі десек, талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерінің тізбегіне енеді. Осы талаптар негізінде оқу тапсырмаларын талдау мен оның мақсатын анықтаудың әдіс-тәсілдерін шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағыттау оның тиімділігін арттырады [1].
Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның шығармашылығын дамытуды үнемі көтеріп отырған.
Философиялық тұрғыдан қарастырғанда шығармашылық - жаңа сапалы материалдық жэне рухани құндылықтарды жасаудағы адамның белсенді іс-әрекеті ретінде карастырылады.
Шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен дербес іс- әрекетінің ең жоғары формасы. Ж.Дистервег жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді - дейді.
Шығармашылық іс-әрекеттерді дамыту арқылы оқушылар бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
- бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынасы арта түседі.
- бір-біріне бар ынта-жігерімен көмектеседі.
- өз білімімен жолдастарының білімін саралай бағалай білуіне толығырақ мүмкіндік туады.
- оқушылардың өзіндік шығармашылығын байқатады.
- жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді, көптеген қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.
- оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, баланың мінез-құлқына, яғни тиянақтылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- озат тәжірибелі ұстаздардың іс- тәжірибелерімен танысу;
- мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тапсырмаларды қолданудағы әдіс-тәсілдерін зерттеп, анықтау;
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге (тарихи, философиялық, филологиялық, әлеуметтану, психологиялық, педагогикалық), оқу-тәрбие үдерісі құжаттарына талдау жасау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу [2].
Зерттеу пәні: шығармашылық қабілетті дамытудың ғылыми педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерден қарастырып зерттеу.
Зерттеу объектісі: Шығармашылық қабілетінің деңгейін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Шығармашылық ұғымына сипаттама
Шығармашылық ұғымына қатысты қазіргі психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашлық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойын, шығармашылық қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда.
Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады:
-ғылыми шығармашылық (бұрынғы ғылыми білімдерге қарағанда артықшылығымен бағалы жаңа білімдер жүйесі);
- көркем шығармашылық (жаңа көркем әдебиет туындылары);
-техиикалық шығармашылық (жаңа техникалық кұралдар мен жаңа технологиялар);
-педагогикалық шығармашылық (жаңа мазмұн, педагогикалық әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер т.б.) [3].
Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық - адамның өзіндік және белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріліп өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады. Мысалы, қазіргі кездегі ғылымның, техниканың жетістіктеріне (компьютер, интернет, ұялы телефон, медицинадағы улътрадыбыстық диагностикалық аппараттар, лазер сәулелері арқылы емдеу, т.б.) көптеген ізденуші ғалымдардың шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ғана қол жеткізіп отырғанымыз анық.
Шығармашылық процесс - әрқашанда көпшілікке белгілі қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшеленуімен, бір құбылысқа жаңаша көзқарасты қалыптастыруымен, бірі-біріне ұқсамайтын құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтай алуымен, мәселелерді шешудегі тиімділігімен құнды.
Шығармашылық тұлға - әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары адам. Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалык қасиеттері өте маңызды. Яғни, шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады,сондықтан мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн. Ал өз күшіне сенімсіз, жасықтау адамдар ешқашанда өз беттерінше үлкен жаңалықтарға қол жеткізе алмайтынын
Людвиг Фейербахтың: Адам тек... өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады - деген сөздерімен түйіндеп кетуге болады [4].
Көптеген зерттеушілердің пікірінше шығармашылықтың жемісті болуына адамның сезім күштерінің әсері өте зор. Бір мәселені ұзақ зерттеу барысында адам өзінің, ішкі күштерін толық соған жұмылдырып жүрсе де, тұрса да ойымен сол бағытта белсенді жұмыс істесе, шабытының шырқауы аркылы шығармашылық шыңына жетуі мүмкін.
Ғалым-зерттеушілердің ғылыми шығармашылықтарына байланысты В.И.Павлов: Ғылымға адамның бүкіл өмірі сарп етілуі керек екенін ұмытпаңыздар. Екі есе өмір сүрсек те аздық етеді. Іс жүзінде, ізденіс үстінде ынтық сезіміңіз суымасын - деп жазады. Иә, зерттеушілік іс-әрекетте ғалымдарды арман-мақсаттарына жетелейтін негізгі күштердің бірі - олардың сезіммен қанаттанған ақылы, қиялға толы құлшыныстары екені рас.
Сол сияқты көркем шығармашылыққа әбден берілгендіктен бұл саланың ісмерлері де өздері суреттеп отырған кейіпкерінің көңіл-күйіне бөленіп солардың уайым-қайғысын бірге кешкендей сезінеді. Осыған байланысты айтылған орыс мүсіншісі Антокольскийдің: Сезім жоқ жерде көркем шығарма да жоқ деген ойы нағыз шеберлердің өз істерін үлкен кұштарлықпен атқаратынының дәлелі [5].
Енді осы жоғарыда қарастырылып отырған шығармашылық түрлеріне талдау жүргізіп, олардың өзара айырмашылықтарын қарастырайық. Ол үшін Педагогикалық шығармашылықтың (басқа шығармашылықтардан айырмашылығы неде? - деген сұраққа жауап іздестірейік. Әрине, бұл біраз ойландыратын сұрақ.. Мысалы, суретшінің шығармасы - оның салған керемет суреті, композитордың шығармасы - оның шығарған әсем әуені, ақынның шығармасы - оның әсерлі өлеңі делік.
Олардың шығармашылық туындыларының негізгі ерекшеліктерінің бірі - олардың аяқталғандығында, сол күйінде өзгермей сақталуында. Ал педагогикалық шығармашылықтың туындысы - үнемі дамып өзгеру үстінде болатын оның тәрбиелеп отырған шәкіртінің тұлғасы. Педагогы жақсы болса ондай шәкірттер жылдан жылға шыңдалып өз-өздерін жетілдіре береді [6].
Осы аталған шығармашылық түрлерінің барлығы кәмелеттік жасқа толған жастар және ересек адамдар үшін қарастырылса, балаларға қатысты балалар шығармашылығы деген ұғым көп қолданылады. Шығармашылық іс-әрекетпен адам баласы жастайынан таныс болады. Балалардың шығармашылығы олардың негізгі іс-әрекеттері болып табылатын ойындарынан-ақ байқалады. Әсіресе мектеп жасына дейінгі шағында балалардың өте тынымсыз,танымдық белсенділіктері жоғары, үлкендердің істеріне қызығушылықтары мол, қиялшыл, арманшыл болатыны және көп ермекті талап ететіні байқалады. Олардың талаптары биологиялық, физиологиялық тұрғыдан орынды да, заңды да талап, себебі осындай талаптары арқылы олар қоршаған ортамен тереңірек танысады, дене күштерін дамытады, әлеуметтік ортаға бейімделе бастайды [7].
Қарапайым еңбек түрлерінде де балалар түрлі шығармашылық қасиеттерін көрсетеді. Мысалы, кіші жастағы баланың ешнәрсеге қарамай конструкторлардан үй, кеме, көлік түрлерін құрастыруының, дымқыл құмнан небір қайталанбас мұнаралар, үңгірлер, таулар, жолдар, көпірлер жасауларының өзі карапайым шығармашылық іс-әрекет екені түсінікті. Осындай ойындар барысында бала өз ойынан шығарған қиял әлемін елестетіп ерекше бір сезімдерге бөленіп, үлкендерге еліктей бастайды (ұл балалардың ағаш атқа отырып шабуы, қыз балалардың топырақ пен гүлдерді араластырып тамақ әзірлеулері, т.б).
Егер ата-аналар баланың осындай қиялының шарықтауына, өзін әр түрлі іс-әрекеттерде сынап көруіне шектеу қоймаса онда бала ертеңгі мектептегі оқу-танымдық іс-әрекетінде де белсенді, тапқыр, шығармашыл тұлғага айналуы ықтимал. Сондықтан бала өз бойынан байқатқан қабілеттерді одан әрі дамытуға жағдай жасап, осы жас кезінен көрсеткен талпыныстарының барлығы оның болашағының негізін қалайтынын ұмытпағанымыз абзал [8].
1.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық және психологиялық тұрғыда сипаттау
Білім ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы адам ресурсы шығармашылығын және танымдық қабілеттерін қалай қамтамасыз етуге байланысты.
Еліміздің қазіргі даму кезеңінде кез келген өндіріс саласы адамдардың шығармашылықпен еңбек етуі тек экономикалық ғана емес сондай-ақ әлеуметтік прогрестің жетекші факторы болып табылады.
Қазіргі уақытта адамдардың шығармашылығы іс-әрекеттің базасы еңбек іс-әрекетіне байланыссыз ортақ жалпы құраушылардан тұратыны ғалымдар зерттеуінен белгілі болып отыр.
Жалпы XX ғасырдың 20-жылдарына дейін шығармашылық іс-әрекет шығармашыл тұлғаның құдай берген өзіндік ерекшелігі деп есептеліп келді. Осыған байланысты кейбір ізденуші-ғалымдар шығармашылық процесті зерделеуге болмайды, себебі данышпандық идея өнертапқышқа, ғалымға, суретшіге құдайдың табыстауы түрінде жүреді деген пікірлер болды. Осындай пікірге келіспейтіндігі жөнінде П.Энгельмейер Жоқ. ... Данышпандық жалпы Алланың берген сирек сыйы емес, ... ол, керісінше тіптен сиректік емес және кімде-кім ақымақ болып туылған болмаса, солардың үлесі,- деп жазады.
Жалпы шығармашылық жөніндегі түсініктер және олардың іс-әрекет тұрғысынан ерекшеліктерін түсіну көпшілікке қиындық тудырады. Дегенмен шығармашылық процесс күрделі, әр адамның өзіне ғана тән құпиялығы, тіпті кейде шығармашыл адамның өзі де айтып түсіндіре алмайтындай сана елегінен өткізу мүмкіндігінің болмауынан, оның не екенін дөп басып айтудың қиындығы, критерийлердің жеткіліксіздігі байқалды. Бұның тағы бір дәйекті себебі шығармашылықтың түйсіну (интуиция), қиялдану сияқты өте күрделі психикалық үрдістермен тығыз байланыста болуы [9].
Ғалымдардың ой-пікіріне, тұжырымдарына орай ойлап табушылық іс-әрекетке қатысты бірқатар ұғымдар айқындалды. Олар еңбек, шығармашылық емес еңбек, шығармашылық еңбек, шығармашылық мақсат ету, септүрткі, ынталандыру.
Көптеген ғалымдардың еңбектерінде жазылғандай шығармашылық адамның алдағы міндеттерді, тапсырмаларды шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі және біріншіден, қандай да бір бар нәрсе жетілдіріледі, екіншіден, оң нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай да бір жаңа обьекті, құбылыс, т.б. пайда болады делінген.
Шығармашылық мақсат ету жеке тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, белгілі іс-әрекет түрін орындауға саналы емес даярлықтағы жеке тұлғаның психологиялық және интеллектуалдық жағдайы. Мақсат ету адамның алдағы еңбек іс-әрекеті және өмірлік тәжірибесі негізінде туындайды.
Шығармашылықты зерттеген ғалымдардың бірі Г.С.Альтшуллер. Ол 50 жылға жуық шығармашылық тұлға іс-әрекеті заңдылығын зерделеумен айналысты. Ол ойлап табушылық міндеттерді шешудің теориясы деп аталатын өнертабыстық әдістемені әзірледі.
Педагогикалық әдебиеттерде мектептегі оқу-тәрбие процесінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері жөнінде кеңінен жазылған және жазылуда. Олар: шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін оқу мәтіндерін талдап; зерделенеген ережелерді қосу (кіріктіру); ойлауды белсендіру әдістері; алгоритімдік әдістердін бірін жазған В.А.Бухалов.
Ғалымдар Г.С.Альтшуллер мен И.М.Верткин мыңнан аса шығармашылық тұлғалардың ақындар, суретшілер, композиторлар, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар және т.б. өмірбаяндарын талдай келе, шығармашыл тұлғалардың іс-әрекеттерінің түріне байланыссыз олардың төмендегідей негізгі сапаларды меңгеретіндігін анықтаған: шығармашылық мақсатты қою және оған жетуге өзінің іс-әрекетін бағындыру; өзінің іс-әрекетін жоспарлау және өзіндік бақылау; жоғары жұмыс жасау қабілеттілігі; мақсаттың негізін құрайтын мәселені табу және шешу іскерлігі; өзінің сенімін қорғай білуі.
Педагогикалық зерттеулерге сүйенсек бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы, оның белсенділігі арқылы көрініс табады. Белсенділік, қабілет тұрғысынан шығармашылық іс-әрекет-оқушының белгілі мақсатқа ұмтылған, оқыту мазмұнын, көлемін қамтитын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылығын арттыратын және оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған әрекеттер, білімді меңгерудегі өзіндік іс-әрекеті бар, дағдылар мен іскерліктердің бірлігі [10].
Педагогика ғылымында танымдық қабілеттерді дамыту мәселесі бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде оқу үрдісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша, мәселен, бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне танымдық қабілеттерін қалыптастыру А.Ж.Едігенова, тілдерді оқыту үрдісінде З.Б.Ешімбетова, химия пәнін оқытуда ойын арқылы С.Б.Қоянбаева, математиалық ұғымдар арқылы Ш.С.Нұржанова, өлкетану материалдары негізінде М.С.Маженақова, халық педагогикасы құралдары арқылы О.В.Прозорова, пәнаралық дидактикалық ойындар арқылы танымдық қызығушылықты қалыптастыру Б.М.Тажигулова туралы ғылыми зерттеулер баршылық.
Мысалы, Б.Т.Нәбиева Формиравание у учащихся позновательного интереса к предмету посредствам взаимосвязи учебных и внеурочных занятий атты тақырыпағы ғылыми зерттеу еңбегінде ғылыми талдау жасай келе, оқушының танымдық қабілеттерін қалыптастырудың әдістемелік негіздерінің мәнін айқындап және сыныптан тыс оқу мен сабақ арасын теориялық негізде байланыстыруға тырысқан. А.Ж.Едігенованың Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру атты зерттеу еңбегінде күнделікті сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларды ертегіге қызықтыру арқылы танымды дамытуға болатындығы талданып, әдістемелік жолдары ұсынылған.
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытып қалыптастырудағы педагогиалық шарттарды айқындау тұлғаның белсенділігін көтеруде ерекше мәнге ие болатындығына А.С. Мустояпованың Қазіргі кезде жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық шарттары атты еңбегінде біршама сипатталған.
Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай-ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ-жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық қабілеттер туралы сөз қозғауға болмайтыны белгiлi.
Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды [11].
Қайта өрлеу дәуiрiнде капиталистiк өндiрiстiң дамуына байланысты оқытудың догмалық жүйесiн сынап, шәкiрттiң ой-өрiсiн дамытуға үндеген еңбектер пайда бола бастады. Қоғамға о дүниеге дайындалып жатқан адам емес, керiсiнше, белсендi, ой-өрiсi кең, қоғамның алдыңғы қатарлы мүшелерi қажет болды.
Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық қабілеттер туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде айтылды.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей танымдық қабілеттер терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:
-биологиялық П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади, И.М. Сеченок т.б.;
- психологиялық Б.Г. Ананьев, М.Я. Басов, Л.С. Выготский, Б.Ф. Ломов т.б.;
- педагогикалық Ш.А. Амоношвили, Я.А. Коменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Г.И. Щукина т.б.
Ғылыми әдебиеттерде оқу әрекеті барысында танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамыту проблемаларының түрліше жақтары қарастырылған. Оқу әрекетінің құрылымы, оны қалыптастырудың жолдары туралы А.Н.Леоньтев, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Б.Т.Ананьев, Л.И.Божович, Г.И.Щукина, Н.Ф.Талызина, П.И.Гальперин, оқу әрекетіндегі танымдық белсенділікті әрекет түрінде қарастырған М.А.Данилов, И.Ф.Харламов, Т.И.Шамов, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, Т.И.Щукина, т.б. оқу әрекетінің оқушының шығармашылығын дамыту, ойларын жүйелеу проблемалары Л.С.Выготский, Б.Т.Есипов, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, М.Н.Скаткин, оқу әрекеті барысында өзіндік бақылаудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіншіліктері Ш.А.Амонашвили, Г.И.Вергелес, В.В.Давыдов, Г.В.Репкина, Е.В.Зайкин және т.б. ғалымдардың ұдайы назарында болды.
Қазақстандық белгілі педагог-ғалымдар Р.Г.Лемберг, М.Мұқанов, Т.С.Сабыров, А.Ғ.Қазмағанбетов, Қ.Б.Сейталиев, Ш.К.Құрманалина, А.Х.Аренова, С.Е.Қаңтарбайдың еңбектерінде де осы мәселелер қарастырылған.
Мәселен, ғалымдар А.Ғ.Қазмағанбетов оқушылардың өзін-өзі бағалауы және өзара бағалауын оқу әрекетін белсендіру құралы ретінде қарастырса, Ш.К.Құрманалина оқу тапсырмаларын әр түрлі тәсілдермен орындау жолдарын, А.Х.Аренова мектеп оқушыларының танымдық дербес іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың орны мен маңызын, С.Е. Қаңтарбай оқу әрекетін еңбек құралы ретінде қалыптастыру туралы зерттеулерінде оқу әрекетінің жеке тұлғаның дамуына ықпалын теориялық және практикалық жағынан қарастырылған.
Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін қалыптасытыру қажеттілігі мен оған жағымды қанынастың ескеріле бермейтіндігі айқын көрінеді.
Танымдық қабілет оқушының белсенділігімен сабақтаса, тұлғаның іс-әрекет жолындағы көзқарасына нық бекіп, қойылған мақсатына жетуіне сөз жоқ әсер етеді деп білсек, мұның өзі білім берудің жаңа әмбебап тәсілдерімен ұштастыру қажеттігін туғызып отыр [12].
Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын (1923 ж.).
Кеңестік психологтар мен педагог ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леоньтев, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, В.А. Крутецкий, Б.М. Тепловтың, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М.М. Мұқанов, Ж.М. Әбділдин, Қ.Б. Жарықбаев, Т.С. Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алатын қоры деп білеміз.
Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы: 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы - социалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер (Б.М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В.И. Киреенко), әдеби қабілеттер (В.П. Ягункова), математикалық қабілеттер (В.А. Кузьмина) сияқты зерттеулер.
Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, О.С.Газман еңбектерінде қарастырылады.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В.Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді дамыту, М.Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.
Қабілеттер жайлы жазған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адамның басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешіліктерімен ерекшеленеді деген қортындыға келеміз.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.
Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық. Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Қабілеттер - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижиелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті т.б. Қабілеттер мәселесі көптеген зерттеушілердің назарын аударып келді, әлі де күн тәртібінен түскен жоқ деуге болады.
Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады. Біріншілер - қабілеттер мәселесін теориялық тұрғыдан талдаса, екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын зерттейді. Енді сол еңбетердің кейбіреулеріне тоқтала кетейік.
Ең алғащ қабілеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамуындағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетке дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастыққа қарастырылатын болды .
Ерекше тоқталуды қажет ететін еңбектер қатарына Б.М.Теплов және оның шәкірттерінің еңбектері жатады. Олар қабілеттерді жеке адамның психологиялық айырмашылығы деп қарастырып, қабілеттер дамуындағы нышандардың рөліне ерекше назар аударады. Қабілеттер туа пайда болады деген пікірлерге қарсы, туа берілген тек табиғи алғышарттар, яғни нышандар деп қортындылайды [13].
II ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
2.1 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, СД.Рубишнтейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б. болған.
Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық шығармашылық ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластениннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады.
Кез келген іс-әрекетке адам шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастыруы қажет, себебі онсыз дау, ілгері жылжу, прогресс болмайды. Оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын, тек шығармашыл ұстаз ғана. Сондықтан көп мәселелердің шешімінің тиімділігі мұғалім тұлғасының шығармашылығына байланысты.
Педагогикалық шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет [14].
Қазіргі мектепті жаңашаландыру, оқыту-тәрбие процестерін жетілдіру мұғалімдердің шығармашылығына тікелей байланысты. Педагогикалық шығармашылықтың бір ерекшелігі - мұғалімдердің білім, білік, дағды қорларын үнемі байытып, жаңартып отыруында. Ондай мұғалімдер ешқашан да жұмыстарына селқос, немқұрайлы қарамайды, бар нәрсемен қанағаттанып қоймай, керісінше кездесетін түрлі педагогикалық қарама-қайшылықтарды жеңудің жолдарын іздестіріп, табысты нәтижеге ұмтылады.
Педагогикалық шыгармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Ондай мұғалімдердің әрбір өткен сабағы балалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz