Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

I. Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың педогогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық талдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық талдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

II. Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1. Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан курстық жұмысымның мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту және теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде әдістемесін жасау.
Зерттеу обьектісі: оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту.
Зерттеу пәні: Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту процесі.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқушылардың тұлғаны бағдарлап оқыту арқылы шығармашылық ойлауын дамытудың маңыздылығын дәлелдеу. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін: психологтар мен педагогтардың жалпы танымдық қызығушылық жайлы зерттеулері, тұлғаны бағдарлап оқытуды қалыптастыру мәселесін зерттеудегі тұжырымдамалар құрайды.
1.ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2.Н.Назарбаев “Біздің халқымызжаңаөміргебейімделуікерек”.//”ЕгеменҚазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.
3.Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
4.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. “Ғылым”. 1988г
5.Дамыта оқытутехнологиялары.Алматы 2000.Б.А.Тұрғынбаева
6.Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева
7. Сарбасова Қ.А., Сарбасова Қ.А. Сабақтың тиімділігін арттыру – 2004.
8. Каримова Г. Тіл сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамыту – 2007. — №3
8. Отарбай А. Оқытудың жаңа әдістері . – 2004. — №1
9. Сатиева Ш. Даму психологиясы (теориялықжәнепрактикалық курс). Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2012. – 232 бет.
10. Жұбаназарова Н.С. Жасерекшелікпсихологиясы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақуниверситеті, 2012. – 286 бет.
11. Ишанов П.З., Бейсенбекова Г.Б. Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері. Оқу құралы. – Қарағанды, ЖК «АқНұрбаспасы», 2012. – 206 бет.
12. Даму психологиясы: Оқулық / М.К. Бапаева. – Алматы: 2014. – 440б.
13. СәбетБап-Баба (Бабаев). Психология негіздері: Оқу-анықтмалыққолданба. Алматы: Нұр-пресс, 2007. – 106 бет.
14. Мұқанов Ы.Б. Жасжәнепедагогикалық психология. Алматы, 1991. – 237 бет.
15. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1999. – 160 бет.
16. Бейсенбекова Г.Б., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Жасерекшелікпсихологиясы. Оқу құралы. – Қарағанды. ЖК «АқНұрбаспасы», 2012. – 186 бет.
17. Қ. Жарықбаев. Психология. Оқулық. Алматы, «Білім», 1994ж.
18.Жарықбаев Қ.Б. Психология. Педучилищелергеарналған. Алматы,”мектеп”, 1982

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

I. Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың педогогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..5
1.1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық талдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық талдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

II. Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1. Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2. Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі "педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті" деп көрсетілуі, "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасында елбасының "біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек" деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында "Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту" өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Мектеп - еліміздің халыққа білім беру жүйесінің - күрделі тармағы. Сондықтан курстық жұмысымның мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту және теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде әдістемесін жасау.
Зерттеу обьектісі: оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту.
Зерттеу пәні: Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту процесі.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқушылардың тұлғаны бағдарлап оқыту арқылы шығармашылық ойлауын дамытудың маңыздылығын дәлелдеу. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін: психологтар мен педагогтардың жалпы танымдық қызығушылық жайлы зерттеулері, тұлғаны бағдарлап оқытуды қалыптастыру мәселесін зерттеудегі тұжырымдамалар құрайды.
Міндеттері ретінде:
·Оқу - тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау
·Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
·Оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.
Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:
·Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;
· Білім, біліктілігін арттыру;
·еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;
·мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.

I. Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың педогогикалық негіздері

0.1 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық талдануы
Білім ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы адам ресурсы шығармашылығын және танымдық қабілеттерін қалай қамтамасыз етуге байланысты.
Еліміздің қазіргі даму кезеңінде кез келген өндіріс саласы адамдардың шығармашылықпен еңбек етуі тек экономикалық ғана емес сондай-ақ әлеуметтік прогрестің жетекші факторы болып табылады.
Қазіргі уақытта адамдардың шығармашылығы іс-әрекеттің базасы еңбек іс-әрекетіне байланыссыз ортақ жалпы құраушылардан тұратыны ғалымдар зерттеуінен белгілі болып отыр.
Жалпы XX ғасырдың 20-жылдарына дейін шығармашылық іс-әрекет шығармашыл тұлғаның құдай берген өзіндік ерекшелігі деп есептеліп келді. Осыған байланысты кейбір ізденуші-ғалымдар шығармашылық процесті зерделеуге болмайды, себебі данышпандық идея өнертапқышқа, ғалымға, суретшіге құдайдың табыстауы түрінде жүреді деген пікірлер болды. Осындай пікірге келіспейтіндігі жөнінде П.Энгельмейер Жоқ. ... Данышпандық жалпы Алланың берген сирек сыйы емес, ... ол, керісінше тіптен сиректік емес және кімде-кім ақымақ болып туылған болмаса, солардың үлесі, - деп жазады.
Жалпы шығармашылық жөніндегі түсініктер және олардың іс-әрекет тұрғысынан ерекшеліктерін түсіну көпшілікке қиындық тудырады. Дегенмен шығармашылық процесс күрделі, әр адамның өзіне ғана тән құпиялығы, тіпті кейде шығармашыл адамның өзі де айтып түсіндіре алмайтындай сана елегінен өткізу мүмкіндігінің болмауынан, оның не екенін дөп басып айтудың қиындығы, критерийлердің жеткіліксіздігі байқалды. Бұның тағы бір дәйекті себебі шығармашылықтың түйсіну (интуиция), қиялдану сияқты өте күрделі психикалық үрдістермен тығыз байланыста болуы.
Ғалымдардың ой-пікіріне, тұжырымдарына орай ойлап табушылық іс-әрекетке қатысты бірқатар ұғымдар айқындалды. Олар еңбек, шығармашылық емес еңбек, шығармашылық еңбек, шығармашылық мақсат ету, септүрткі, ынталандыру.
Көптеген ғалымдардың еңбектерінде жазылғандай шығармашылық адамның алдағы міндеттерді, тапсырмаларды шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі және біріншіден, қандай-да бір бар нәрсе жетілдіріледі, екіншіден, оң нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай-да бір жаңа обьекті, құбылыс, т.б. пайда болады делінген.
Шығармашылық мақсат ету жеке тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, белгілі іс-әрекет түрін орындауға саналы емес даярлықтағы жеке тұлғаның психологиялық және интеллектуалдық жағдайы. Мақсат ету адамның алдағы еңбек іс-әрекеті және өмірлік тәжірибесі негізінде туындайды.
Шығармашылықты зерттеген ғалымдардың бірі Г.С.Альтшуллер. Ол 50 жылға жуық шығармашылық тұлға іс-әрекеті заңдылығын зерделеумен айналысты. Ол ойлап табушылық міндеттерді шешудің теориясы деп аталатын өнертабыстық әдістемені әзірледі.
Педагогикалық әдебиеттерде мектептегі оқу-тәрбие процесінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері жөнінде кеңінен жазылған және жазылуда. Олар: шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін оқу мәтіндерін талдап; зерделенеген ережелерді қосу (кіріктіру); ойлауды белсендіру әдістері; алгоритімдік әдістердін бірін жазған В.А.Бухалов.
Ғалымдар Г.С. Альтшуллер мен И.М. Верткин мыңнан аса шығармашылық тұлғалардың ақындар, суретшілер, компазиторлар, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар және т.б. өмірбаяндарын талдай келе, шығармашыл тұлғалардың іс-әрекеттерінің түріне байланыссыз олардың төмендегідей негізгі сапаларды меңгеретіндігін анықтаған: шығармашылық мақсатты қою және оған жетуге өзінің іс-әрекетін бағындыру; өзінің іс-әрекетін жоспарлау және өзіндік бақылау; жоғары жұмыс жасау қабілеттілігі; мақсаттың негізін құрайтын мәселені табу және шешу іскерлігі; өзінің сенімін қорғай білуі.
Педагогикалық зерттеулерге сүйенсек бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы, оның белсенділігі арқылы көрініс табады. Белсенділік, қабілет тұрғысынан шығармашылық іс-әрекет-оқушының белгілі мақсатқа ұмтылған, оқыту мазмұнын, көлемін қамтитын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылығын арттыратын және оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған әрекеттер, білімді меңгерудегі өзіндік іс-әрекеті бар, дағдылар мен іскерліктердің бірлігі.
Педагогика ғылымында танымдық қабілеттерді дамыту мәселесі бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде оқу үрдісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша, мәселен, бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне танымдық қабілеттерін қалыптастыру А.Ж.Едігенова, тілдерді оқыту үрдісінде З.Б.Ешімбетова, химия пәнін оқытуда ойын арқылы С.Б.Қоянбаева, математиалық ұғымдар арқылы Ш.С.Нұржанова, өлкетану материалдары негізінде М.С.Маженақова, халық педагогикасы құралдары арқылы О.В.Прозорова, пәнаралық дидактикалық ойындар арқылы танымдық қызығушылықты қалыптастыру Б.М.Тажигулова туралы ғылыми зерттеулер баршылық.
Мысалы, Б.Т.Нәбиева Формиравание у учащихся позновательного интереса к предмету посредствам взаимосвязи учебных и внеурочных занятий атты тақырыпағы ғылыми зерттеу еңбегінде ғылыми талдау жасай келе, оқушының танымдық қабілеттерін қалыптастырудың әдістемелік негіздерінің мәнін айқындап және сыныптан тыс оқу мен сабақ арасын теориялық негізде байланыстыруға тырысқан. А.Ж.Едігенованың Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру атты зерттеу еңбегінде күнделікті сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларды ертегіге қызықтыру арқылы танымды дамытуға болатындығы талданып, әдістемелік жолдары ұсынылған.
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытып қалыптастырудағы педагогиалық шарттарды айқындау тұлғаның белсенділігін көтеруде ерекше мәнге ие болатындығына А.С. Мустояпованың Қазіргі кезде жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық шарттары атты еңбегінде біршама сипатталған.
Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай - ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ - жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық қабілеттер туралы сөз қозғауға болмайтыны белгiлi.
Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды.
Қайта өрлеу дәуiрiнде капиталистiк өндiрiстiң дамуына байланысты оқытудың догмалық жүйесiн сынап, шәкiрттiң ой - өрiсiн дамытуға үндеген еңбектер пайда бола бастады. Қоғамға о дүниеге дайындалып жатқан адам емес, керiсiнше, белсендi, ой - өрiсi кең, қоғамның алдыңғы қатарлы мүшелерi қажет болды.
Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық қабілеттер туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде айтылды.
Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей танымдық қабілеттер терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:
-биологиялық П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади, И.М. Сеченок т.б.;
- психологиялық Б.Г. Ананьев, М.Я. Басов, Л.С. Выготский, Б.Ф. Ломов т.б.;
- педагогикалық Ш.А. Амоношвили, Я.А. Коменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Г.И. Щукина т.б.
Ғылыми әдебиеттерде оқу әрекеті барысында танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамыту проблемаларының түрліше жақтары қарастырылған. Оқу әрекетінің құрылымы, оны қалыптастырудың жолдары туралы А.Н.Леоньтев, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Б.Т.Ананьев, Л.И.Божович, Г.И.Щукина, Н.Ф.Талызина, П.И.Гальперин, оқу әрекетіндегі танымдық белсенділікті әрекет түрінде қарастырған М.А.Данилов, И.Ф.Харламов, Т.И.Шамов, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, Т.И.Щукина, т.б. оқу әрекетінің оқушының шығармашылығын дамыту, ойларын жүйелеу проблемалары Л.С.Выготский, Б.Т.Есипов, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, М.Н.Скаткин, оқу әрекеті барысында өзіндік бақылаудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіншіліктері Ш.А.Амонашвили, Г.И.Вергелес, В.В.Давыдов, Г.В.Репкина, Е.В.Зайкин және т.б. ғалымдардың ұдайы назарында болды.
Қазақстандық белгілі педагог-ғалымдар Р.Г.Лемберг, М.Мұқанов, Т.С.Сабыров, А.Ғ.Қазмағанбетов, Қ.Б.Сейталиев, Ш.К.Құрманалина, А.Х.Аренова, С.Е.Қаңтарбайдың еңбектерінде де осы мәселелер қарастырылған.
Мәселен, ғалымдар А.Ғ.Қазмағанбетов оқушылардың өзін-өзі бағалауы және өзара бағалауын оқу әрекетін белсендіру құралы ретінде қарастырса, Ш.К.Құрманалина оқу тапсырмаларын әр түрлі тәсілдермен орындау жолдарын, А.Х.Аренова мектеп оқушыларының танымдық дербес іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың орны мен маңызын, С.Е. Қаңтарбай оқу әрекетін еңбек құралы ретінде қалыптастыру туралы зерттеулерінде оқу әрекетінің жеке тұлғаның дамуына ықпалын теориялық және практикалық жағынан қарастырылған.
Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін қалыптасытыру қажеттілігі мен оған жағымды қанынастың ескеріле бермейтіндігі айқын көрінеді.
Танымдық қабілет оқушының белсенділігімен сабақтаса, тұлғаның іс-әрекет жолындағы көзқарасына нық бекіп, қойылған мақсатына жетуіне сөз жоқ әсер етеді деп білсек, мұның өзі білім берудің жаңа әмбебап тәсілдерімен ұштастыру қажеттігін туғызып отыр.
Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мазмұнында оқушыны өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, талдауға үйрету талап етіліп отыр. Ол құзіреттілікпен тікелей байланысты. Құзіреттілік - оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижиесі десек, талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерінің тізбегіне енеді. Осы талаптар негізінде оқу тапсырмаларын талдау мен оның мақсатын анықтаудың әдіс-тәсілдерін танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағыттау оның тиімділігін арттырады.
Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.
Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А.С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын (1923 ж.).
Кеңестік психологтар мен педагог ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леоньтев, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, В.А. Крутецкий, Б.М. Тепловтың, өз республиамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М.М. Мұқанов, Ж.М. Әбділдин, Қ.Б. Жарықбаев, Т.С. Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алатын қоры деп білеміз.
Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы: 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы - соиалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер (Б.М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В.И. Киреенко), әдеби қабілеттер (В.П. Ягункова), математикалық қабілеттер (В.А. Кузьмина) сияқты зерттеулер.
Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков, О.С. Газман еңбектерінде қарастырылады.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В.Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді дамыту, М. Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.
Қабілеттер жайлы жазған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адамның басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешіліктерімен ерекшеленеді деген қортындыға келеміз.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.
Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық. Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Қабілеттер - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижиелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті т.б. Қабілеттер мәселесі көптеген зерттеушілердің назарын аударып келді, әлі де күн тәртібінен түскен жоқ деуге болады.
Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады. Біріншілер - қабілеттер мәселесін теориялық тұрғыдан талдаса, екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын зерттейді. Енді сол еңбетердің кейбіреулеріне тоқтала кетейік.
Ең алғащ қабілеттер мәселесін көтерген С.Л. Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамуындағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетке дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастыққа қарастырылатын болды .
Ерекше тоқталуды қажет ететін еңбектер қатарына Б.М. Теплов және оның шәкірттерінің еңбектері жатады. Олар қабілеттерді жеке адамның психологиялық айырмашылығы деп қарастырып, қабілеттер дамуындағы нышандардың рөліне ерекше назар аударады. Қабілеттер туа пайда болады деген пікірлерге қарсы, туа берілген тек табиғи алғышарттар, яғни нышандар деп қортындылайды.

1.2. Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық талдануы

Шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық, ережелерін басшылыққа алып қарастырғанда мұғалімнің дидактикалық дайындығына мына компоненттер кіруі керек:
педогогикалық қызметті толық берілуі, оны дұрыс атқаруы;
ақыл - ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясын білу;
бала психологиясының жасқа байланысты ерекшеліктерін білу;
шығармашылық процестің негізін меңгере білу;
Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жас кезеңінде шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.
Қабілеттілік - оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол жалаң білім мен дағды емес, соны тез игеру жолындағы табандылығы. Ол адам бойындағы жақсы қасиеттер, яғни олардың жиынтығы.Ө збек ғұламасы Әлішер Науаи өзінің Ғажайып мәжілістер атты еңбегінде адам тек рухани қабілеттіліктен туады. Оның негізі еңбек деп тұжырымдады.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйесінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре келе, бала қабілетінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді ,тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді.
Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктің келешектегі олардың қабілетінің көрсеткіші екенін ескеріп, оқушының бейімділігін дер кезінде көре біліп, соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Оқушының шығармашылық қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір нәтиже алуы. Баланың жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты.
Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген процесс емес.Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс- әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс-әрекетке оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты. Сонымен қатар шәкірттің танымдық іс-әрекетте ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш - түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асады. Оқу үрдісіндегі ең негізгі қайшылықтармен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі, дағдысы, дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық. Бұдан тағы да оқушының білімі мен біліктілігі арасындағы және шығармашылық ойлауы мен репродуктивті ойлау арасындағы т.б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу оқушының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді.
Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.
Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің қалыптасуына оқу-танымдақ тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.
И.Д.Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілетінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л.Лернердің, А.Н.Луктың, В.И.Андреевтің, А.Л.Яковлевтің, Д.Б.Богоявленскаяның еңбектері.
А.Н.Лук шығармашылық қабілеттің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді үш негізгі топқа бөліп қарастырады:

1) ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылық және икемділік)
2) темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй)
3) ақыл-ой қабілеттері.
А.Н.Луктың оқушылылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатыстыайтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіруге болады:
оқушы кез-келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі бір қабілет түрін дамыту үшін алдымен осы іс-әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса, оның нәтижесі де төмен болатыны сөзсіз.
көңіл-күй бұл кез-келген істі орындауға негізгі, қажетті көрсеткіш деуге болады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекеткедеген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ олардың жұмысының нәтижелілігіне әсер ететіні белгілі.
кез-келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен оны ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.
Я.А.Пономарев Знание, мышление, умственное развитие атты еңбегінде кез-келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгісі-шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериі ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе ойша әрекеттену қабілеттерін алады.
Автор пікіріне қосылуға болады, себебі ешбір іс-әрекеттің, соның ішінде шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің ойша әрекеттенуінсіз іске аспайтыны анық. Сондай-ақ балалардың ойша әрекеттенуі, яғни ойша санауы, талқылауы, жоспарлауы және т.б.- бұл адам интеллектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады. Біріншіден, адам ойша әрекеттене отырып нәтижесінде не алатындығын, яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете алады. Екіншіден, қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы нәтижеге жету тәсілін ойша құрастыра алатындығын көреміз.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп, яғни негізгі оқу іс-әрекетті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғасының анықтауына өз қабілетін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады деп есептейді.В.В.Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: Оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі нұсқаларын салыстыра алады және есептің шешуін
бақылай алады.
Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екенін ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда алғашқы рет байқаған гуманистер социал-қиялшылдар Томас Мор және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі- жалпыға бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп өзінің бұл пікірін Утопия кітабында сипаттайды. Ал Кампанелла адам баласының дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты, сондықтан баланың ақыл-ойын, қабілетін дамыту үшін игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді.
ХІХ ғасырдың басында қиялшыл соцтализмнің ілімін жасаушылар
Ш.Фурье, Роберт Оуэн және Сен-Симон балаларды жан-жақты қабілетті дамыту, яғни оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау тәрбиеге байланысты деп түсінді.
Бала үнемі оқу әрекетінің нәтижесінде еңбек етуге, ізденушілікке, келешекте арнаулы оқу орнына түсуге қабілнтті болып шығады.
Адамның рухани дамуының көзі- еңбек. Ф.Энгельс еңбектің тарихи рөлін қарастыра келіп, белгілі жағдайда адамдыжаратқан еңбек деген қорытындыға келді. Олай болса, еңбексіз даму жоқ, еңбексіз кері кетушілікке ұшырауға болады. Еңбек- адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Қоғамда қабілетіне қарай еңбек етуәрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне айналады. Еңбекке жарамды әрбір адам өзінің өмірі мен қызметіне, қоғамдық әл-ауқатын арттыруға, қажетті нәрселерді жасауға тиіс.
Педагогикалық тұрғыдан еңбек - баланы жан-жаұты дамытып, қалыптастырудың күшті құралы.Бала жастайынан еңбек етуге талпынады.Оны еңбек дағдыларына үйрету үшін үйелмен мен мектепте еңбек тәрбиесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларына математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру мүмкіндіктері
12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Қазіргі мектептегі оқыту принциптері
Бастауыш мектеп оқушыларына математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру
Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Дамыта оқыту технологиясын айқындау
Пәндер