Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: І. БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
3: 5
КІРІСПЕ: 1. 1. Ұжым түсінігі, кезеңдері және олардың бір - бірімен сабақтастығы.
3: 5
КІРІСПЕ: 1. 2. Балалар ұжымы және оның ерекшеліктері
3: 8
КІРІСПЕ: 1. 3. Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту.
3: 12
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ІІ. МҰҒАЛІМ МЕН БАЛА ҰЖЫМЫНЫҢ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ МЕН БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
3: 13
КІРІСПЕ: 2. 1. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері.
3: 13
КІРІСПЕ: 2. 2. Балалар ұжымынының жағдайын диагностикалау әдістемесі.
3: 15
КІРІСПЕ: 2. 3. Ұжым өмірінде жеке қатынас, өзара жауапкершілік қатынас және гуманистік қатынастың мәні.
3: 17
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3: 18
КІРІСПЕ: 3. 1 Балаларды ұжымдық оқытудың технологиясы
3: 18
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 29
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 30
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
3:

Кіріспе

Латынның "коллектив" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғыи ұжым - бұл адамдар тобы. Бірақ кез-келген топ ұжым ба? Қазіргі әдебиетте "ұжым" түсінігінің екі мәні қолданылады. Бірінші: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. "Ұжым" педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілср (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар:

Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі - олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.

Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалытасады.

Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан айрылады.

Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.

Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлссімімен, тұлғаның көпшілік беделін мойындаумен ерекшеленеді. Бұл жүйе обьективті және субъекгивті қарама-қайшылықтарды жеңе алатын, өз міндеттерән білетін ұжымның әрбір мүшесінде айқын көзжарастар бағытын қалыптастырады.

Тақырып өзектілігі: мектеп ұжымы құрылымының негізін де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Осы сыныптық; ұжымда оқушылар арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.

Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы (ынтасы) ~ ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат - қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.

Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс перспективалар.

Жақын персмектива - ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.

Орташа перспектива - уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.

Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.

Курстық жұмысының мақсаты : балалар ұжымын қалыптастыру мен оның даму кезеңдерін анықтау.

Зерттеу жұмысының пәні: оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, мұғалімнің кәсіби сапалық қасиеттері.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Балалар ұжымының даму сатыларын айқындау;
  • Оқушылар ұжымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін оқып-үйрену;
  • Оқушылар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапаларын анықтау;
  • Оқушылар ұжымын қалыптастырудың кейбір әдіс-тәсілдерін анықтау;

Зерттеу жумысының базасы: Астана қаласы №145 мектеп-гимназия

Курстық жұмысының құрылымы : кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қосымша, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1. Ұжым түсінігі, кезеңдері және олардың бір - бірімен сабақтастығы.

Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.

Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жан - жақты тәрбиенің теориясы мен практикасының негізгі, жетекші проблемалары ретінде қарайды.

Тәрбие теориясының негізгі бір принципі - "ұжымда ұжым үшін, ұжым арқлы тәрбиелеу" деп анықталған. Тәрбиенің ең негізгі құралы мектеп ұжым, ол - ортақ мақсатпен, іс - әрекетпен, гуманистік қарым - қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы.

Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. Ол заңдылықтар адамның шынқарыштап дамуының бірден - бір көзі - адамдар арасындағы өзара қатынастарды ұжым негізінде құру болады деген дұрыс ұғымға негізделген.

Ұжым проблемасын бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеуміттік ғылымдар саласында "ұжым" ұғымы ең бір маңызды категория болып есептеледі. Әлеуметтік психология адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасының барысын анықтайды. Сонымен қатар педагогиканың негізгі категориясы - тәрбиленуші ұжым, ол ұжымның ерекше типі - өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан ұжым және оның проблемасы, әлеуметтік, күрделі әрі маңызды проблема болған және болып келеді.

Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.

Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тимді құралы.

Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.

А. В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.

Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым - қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс - әрекетінің формалары мен әдістері, өзін - өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т. б.

А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс - әрекеті, қарым - қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.

А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.

1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.

2. Ұжым адамдарда жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.

3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.

4. Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері - ұйымдастырушылары болады.

Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі, Мысалы, контактылы ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет т. б.

Қазіргі кезеңде А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Ивановтың "Коммунар әдісі" игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс - әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс - әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И. П. Ивановтың "Коллектившілдерді тәрбиелеу” атты еңбегінде қарастырылған.

Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс -әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.

В. А. Сухомлинский балалар ұжыммын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Мудрая власть коллектива", "Коллективтің құдіретті күші" т. б баяндалды.

ВА. Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым - қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В. А. Сухомлинскийдің қарым - қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым - қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.

Біздің елмізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы - бұл іс - әрекеттермен (оқу, еңбек т. б. ) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтары пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, сексиялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т. б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А. С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс - әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара -қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.

Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс - әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез - құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.

Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн:

• ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;

• ұжым іс - әрекетінің дамуы;

• жеке адам арасындағы қарым - қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы;

• барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі;

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс - әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

А. С. Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезенде ұжым өзін - өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс - әрекеттерін бақылау т. б.

Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш қуатын нығайту.

Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір - біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.

1. 2. Балалар ұжымы және оның ерекшеліктері

Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушьшар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалык теориясын дамытуға П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Н. К. Крупская, П. Н. Лепешинский, В. И. Сорока-Росинский, С. Т. Шацкий және т. б. өз үлестерін қосты.

Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А. С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А. С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақгы тұжырымдап берді: ұжым - басқа ұжыммен органикатық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.

Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратын-дай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л. И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т. Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р. С. Немов, А. Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдіру-дің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.

Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына карағандағы ерекшеліктері:

- қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған

бірлескен іс-әрекеті;

- ұжым мүшелерінің еркін қарым-катынас жасауы;

- ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;

- өзін-өзі сайлау органдарының болуы.

Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең кұқықтық, өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т. б. Балалар ұжымы - өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В. А. Сухомлинский) . Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі кажет.

А. С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Онын пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы.

Ұжым болу үшін топ сапалы өзгерістердің әртүрлі жолдарынан өтуі қажет. Бұл жолды А. С. Макаренко бірнеше кезеңдерге бөледі.

Бірінші кезең - ұжымның қалыптасуы (алғашқы ұйымдасудың сатысы) . Бұл кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде қызмет атқарады, ұйымдасқан топты ұжымға айналдыру, демек, әлеуметтік-психологиялық қоғамдастық, онда оқушылардың қарым-қатынасы олардың бірлескен қызметінің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.

Ұжымды ұйымдастырушы - педагог, одан барлық талаптар тарайды. Бірінші саты сол уақытта аяқталған деп есептеледі, егер ұжымда актив қалыптасып, жұмыс істесе, тәрбиеленушілер жалпы мақсаттың, жалпы іс-әрекеттің және жалпы ұйымдастырудың негізінде топтасқан.

Екінші кезеңде активтің ықпалы күшейеді. Актив педагогтың талаптарын тек ғана қолдап қоймайды, сонымен қатар өзі ұжым мүшелеріне талап қояды. Екінші кезеңге тән ерекшелік ұжымның құрылымының тұрақтауы. Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе ретінде жұмыс жасайды, онда өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі реттеудің механизмдері әрекет ете бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі мінез-құлық нормаларын талап етуге қабілетті, соған байланысты талаптарының көлемі бірте-бірте ұлғаяды. Сонымен, ұжымның дамуының екінші кезеңінде жеке тұлғаның белгілі сапаларын мақсатты тәрбиелеудің құралы ретінде жұмыс істеді.

Бұл кезеңде педагогтың негізгі мақсаты ұжымның мүмкіншіліктерін ұжымның алдындағы міндеттерді шешу үшін барынша пайдалану. Практикалық тұрғыдан ұжым тәрбие субъектісі ретінде өз дамуының белгілі деңгейіне жетеді.

Бұл кезеңде ұжымның дамуы қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты: ұжым мен жеке оқушылардың арасында; ұжымның алдағы талаптарының дамуы; жалпы және дара перспективалардың ара-қатынасы; Сондықтан да ұжымның дамуында серпіліс, тоқтау, кері кету болуы мүмкін.

Үшінші және одан кейінгі кезеңдер ұжымның көркерімен, шарықтауымен сипатталады. Бұл кезеңдерде одан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда айрықша сапаларымен ерекшеленеді. Бұл кезеңнің даму деңгейін көрсету үшін ұжым мүшелерінің бір-біріне қойылатын талаптарының деңгейі мен сипатын көрсетсек те жеткілікті. Егер ұжым дамудың осы сатысына жеткен болса, онда ол тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастырады. Сондықтан да кейбір педагогтар төртінші және одан кейінгі кезеңдерді қарастырады. Бұл кезеңде әрбір мектеп оқушысы өзіне-өзі белгілі талаптарды қоя алады, адамгершілік нормаларды орындау оның қажеттілігі болып табылады, тәрбие үрдісі өзін-өзі тәрбиелеу үрдісіне ауысады.

Ұжым қоғамның бөлігі болғандыктан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. ¥жым дамуының негізгі зандылығы - перспективалык бағыттарының болуы оның мәні ұжымының дамуы тек перспектива (мақсат. іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік маңызды істерді іздейді. А. С. Макаренко перспективалык бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.

Перспективаларды-ертеңгі қуанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатка жету қуанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-кұлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ыкпалында тікелей емес, жанама түрде, оның оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін.

Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін басқару ұжымның дамуының келесі заңы - параллельді ықпалдар заңы.

Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсенділер, микротоптар, лидерлер т. б. ) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық - тұлға аралық (достық, үнату, жаратпау т. с. с) . Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткеңдей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш моделы қалыптасады:

1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;

2. Жеке тұлға және ұжым оптимальды қатынасты болуы (И. П. Подласый) .

3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.

Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғаның даралығын, өзін-өзі көрсете білу қабілетін қалыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғаның ара қатьшасын, білуі кажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Білім берудегі тәрбиенің мазмұны
Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері
Балалар ұжымы және ұжымдағы көшбасшылықты дамыту
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және қалыптасуы
Оқушылар ұжымы және оның даму сатылары
Тәрбиеші міндеттері мен ұйымдастырушылық қызметі
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz