Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері жайлы ақпарат



Кіріспе
I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық. психологиялық ерекшеліктері
1.1Ойын туралы ұғым
1.2 Ойынның түрлері мен рөлі
ІІ. Бастауыш сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы танымдық қабілетін дамыту
2.1 Математика сабағында ойын эементтерін пайдалана отырып оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру жолдары
2.2Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін, іс. әрекеттерін белсендіру әдістері

ІІІ. Практикалық бөлім

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Тақырыптың өзектілігі:Қазақстан білім беру тұжырымдамасында «Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады» -деген. Осыған орай әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүзеге асырылуда. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін, танымын дамыту көкейкесті мәселе.
Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А.В. Запорожец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» - десе, Н.К.Крупская «балалар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы» - дейді, ата-аналарына арналған лекцияларында А.С.Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан А.С.Макаренко: «Бала ойында қандай болса, ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады» - деп тұжырымдайды.
Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.
Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтынын, бірақ балалардың бойында ықылас, есте сақтау, байқағыштық, танымдық, назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті дамытуға бағытталған ойынның түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс. Балалар үшін творчестволық және қимылды ойындармен қатар дидактикалық ойындардың әсері мол. Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып, оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады.
Курстық жұмыстың мақсаты –бастауыш сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың танымын дамыту жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау.
Курстық жұмысының міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып,оларға ғылыми - әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;
2. Бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалықойындарды пайдалану арқылы оқушылардың танымын дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
3. Бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалықойынды пайдалану әдістемесін ұғыну.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер және де қосымшадан тұрады
1. Ақбаева «Дидактикалық ойындар». Бастауыш мектеп 3-2000ж.
40бет.
2. Амоношвили Ш.А. «Дидактикалық ойындар» .
3. Әбішева А. «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық
ерекшеліктері». Бастауыш мектеп 4-2003ж. 17бет.
4. Әлиева К. «Бастауыш сыныпта математика сабақтарында дидактикалық
ойындарды пайдалану» .
5. Бантова М.А. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту
методикасы». Алматы «Мектеп» 1978ж.
6. Балқуатова «Ойын мен оқытуды сабақтастыра жүргізу».
Бастауыш мектеп 5-2005ж. 7-8бет .
7. Қосанов Б.М. «Қазақстандағы әдістемелік математикалық ой-
пікірдің қалыптасу тарихы».
8. Құрмалина «Математикада дидактикалық ойындар және
қызықты тапсырма» . Алматы «Атамұра» 1997ж.
9. Оразбекова «Дидактикалық ойындардың маңызы» Бастауыш
мектеп 2-2000ж.40бет.
10. «Бәсекеге қабілетті қоғамның негізгі – сапалы білім» «Бастауыш мектеп» журналы Қ.Құнантаева,А.Алшынбаева №1, 2007 жыл. 3-5 беттер.
11. «Бастауыш мектеп» журналы №7.2008 ж.
12. А.Рысбекова.Оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру. -//Бастауыш мектеп 2004 №1
13. Макаренко А.С. Ұстаздық дастан. Педагогикалық шеберлік. — А., 1990.
14. А.Қамалбекова. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру. — //Бастауыш мектеп 2005 №5
15. П.Я.Гальперин Методы обучения и умственное развитие ребенка.-М., 1985.
16. Қ.Салпынова. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру. — //Бастауыш мектеп 2005 №7
17. Қ.Қабдрашид Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту сатылары. — А., 2008.
18. С.Елубаев.Оқушының танымдық қызығуын оятудың жолдары: -//Бастауыш мектеп 2002 №8
19. М.Абуова. Оқушының қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыру.-//Бастауыш мектеп 2006 №5
20. А.Рысқұлбекова. Ойын-оқушы білімін беріп меңгерту құралы -//Бастауыш мектеп 2005 №9

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Ойын туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Ойынның түрлері мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ІІ. Бастауыш сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы танымдық қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...10
2.1 Математика сабағында ойын эементтерін пайдалана отырып оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін, іс- әрекеттерін белсендіру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ІІІ. Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Қосымша

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан білім беру тұжырымдамасында Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады -деген. Осыған орай әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүзеге асырылуда. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін, танымын дамыту көкейкесті мәселе.
Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А.В. Запорожец: Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет - десе, Н.К.Крупская балалар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы - дейді, ата-аналарына арналған лекцияларында А.С.Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан А.С.Макаренко: Бала ойында қандай болса, ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады - деп тұжырымдайды.
Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.
Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтынын, бірақ балалардың бойында ықылас, есте сақтау, байқағыштық, танымдық, назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті дамытуға бағытталған ойынның түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс. Балалар үшін творчестволық және қимылды ойындармен қатар дидактикалық ойындардың әсері мол. Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып, оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - бастауыш сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың танымын дамыту жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау.
Курстық жұмысының міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми - әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;
2. Бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың танымын дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
3. Бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалық ойынды пайдалану әдістемесін ұғыну.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер және де қосымшадан тұрады
I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері.
1.1. Ойын туралы ұғым.

Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-
тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар,
зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық.
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің Ойыншы адам, Д.Б. Элькониннің Ойын психологиясы, Әрик Берннің Адамдар ойнайтын ойындар атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев, И.П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б. Сонымен қатар, ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: P.M. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленка т.б.
Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағымен, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.
Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетті балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол - ойын.
Балалар ойын үстінде өздерін еркін, жеңіл сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерін шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет. Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады .
Жеке бастың даму және қалыптасу процесін тануды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты. Бұл салада ғалым педагогтар, психологтар Ж.Аймауытов, Л.С. Выготский, М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, С.Макаренко, М.Мұқанов, Ж.Намазбаева, Т. Собиров, Г.Усманов т.б. арнайы зерттеу еңбектері бар .
Бастауыш сыныптағы балалар негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде де ойнауын тоқтатпайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады.
Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қимылдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады . '
7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық жағынан қауырт қимыл әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организімі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны, олардың өмірге бейімделуі.
Қарапайым мысалдарды шығаруда икемділіктерін байқау.
Егер 2-ге 1-ді қоссақ қанша болады?
Тағы сол сияқты .
2-ден 1-ді азайт. Сұрақтар берілді.
Жоғарыда бірнеше сабақтардың күнделікті іс-жоспарлары көрсетілген, осы тақырыптар бойынша жұргізілген эксперимент - нәтижесі төмендегінше.


Мектеп аттары
10-ға
дейін
тура және
кері санау
Геометриялық
фигура
туралы
ұғымын
анықтау
Қарапайым
мысалдарды
шығару
1
№65
Ы.Алтынсарин атындағы
гуманитарлық -эстетикалық
гимназия
100%

83,5 %
68%
2
№47 Т.Тәжібаев атындағы тарихи- гуманитарлық
гимназия

100%
86,5 %
65,5 %

Сөйтіп ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады. Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды. Көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі зейін баладан ойыншық заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді.
Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді. Мақсаткерлік, ерік күшін бағындыра білу - жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойын мақсатсыз бос ермек емес, көп уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, тіптен секіру, бұғалық тастау, допты секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді. Балалар ойнап жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс- әрекетті игеру міндетін орындайды.
1.2 Ойын түрлері мен рөлі
Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.
Бастауыш сынып шәкірттеріне тиянақты білім беру мұғалімнің творчестволық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Мұның өзі көп жағынан олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондықтан сабақ оларға тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, сабақ барысында ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ, олар:
Дидактикалық ойындар.
Сөздік -- дидактикалық ойындар .
Ролъді сюжетті ойындар .
Драмалық ойындар.
Творчестволық ойындар.
Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн. Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен танымын дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске еңгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты.
Бастауыш сынып балаларын оқытып тәрбиелеуде балалар игеруге тиісті бағдарламалық мазмұнды сұрыптап, жоспарлайды. Оның дидактикалық және ойын міндеттерін, қимыл мен ережелерін ойланған нәтижесін дәл белгілейді. Ол ойынның өзіндік ерекшелігі мен өз әрекетін сипатын бұзбастан, оның өзіндік бүкіл барысын жобалағандай болады.
Ойынды педагогикалық процеске еңгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда Жақсы ойын жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сала тән: мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы, ойы, іс-әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білуі ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану, балалардың қарым-қатынастардың игі тілектестігі және көңіл-күйлерінің шаттығы.
Ойынды басқара жүріп, оқытушы баланың жеке басының ерекшелігіне, оның сапасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды ақыл- ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады. Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, танымы тереңдей түседі. Ойында қайсы бір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты іс- әрекеттер, өзара қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі балалардың сұрақтарынан көрінеді. Ұстаз сол сұрақтарға жауап қайтарады да, олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнаушылардың өзара түсінуіне, келісуіне көмектеседі.
Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге белсенді таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады, соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді.
Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұның баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуын күрделене түсуін анықтайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.
Балаларды оқытып, тәрбиелеуде әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады. Бұған оқыту кезеңінде ерекше мән берілуге тиіс. Ойын баласы деп есептелетін бұл жастағы шәкірттердің оқу-білімге қызығуын өзіндік еңбектің қарапайым түрін үйренуі айналадағы қоғамдық өмірді танып, білуі ойын арқылы іске асады.
Ол өмірден алған әсерін ойында бұлжытпай бейнелейді. Баланың ойы көрнекілікке, образдылыққа негізделетіндіктен, сабақ мазмұнына орай ойын әдісін орнымен колданудың маңызы зор.
Ойын оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог, түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық, әлеуметтік сезімі оянады. Ұжымдық еңбек ету процесіне үйреніп, бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық, достық, ынтымақтары нығаяды.
Оқытуда қолданылатын ойын әдістері - ойынның нақ өзі емес, ойын түріндегі әдісі. Ол логикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту, кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады. Ойын әдістерін қолдана өткізілген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсуге жәрдемдеседі. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М.Горький Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса, соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойынның үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады , дегені мәлім.
Оқушының математикалық тілде дұрыс сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі - сөздік ойындар. Сөздік ойындар әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар тапқырлыққа, шапшаңдылыққа, ауызша және жазбаша есептеуге дағдыланады. Математика сабағында есептеуге үйрету, математикалық диктантпен жұмыс, сұрақ-жауап әдістерін қолдану қажет. Өтілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа анаграмма, ребустар, сөзжұмбақтар, өлең есептер қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Сол сияқты қимылды ойындардың да тиімділігі бар. Қимылды ойындар да бала ағзасын жетілдіріп, ақыл-ойының танымының дамуына үлкен әсер етеді. Көңіл-күйі артып, жүйелері жақсарады .
Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс. Ойынға қажетті құралдарды, күні бұрын дайындау қажет. Сондықтан да бастауыш сыныпта оқитын сабақ көбінесе ойын ретінде өтіледі. Ойын да, оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір түрі. Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап-байқағанын, естігенін-білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көзқарасы қалыптасады, творчестволық іс-әрекеті дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күш-жігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс-әрекетіне еркін араласып, қарым-қатынасқа түседі.
Сонымен бірге оқу - тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісі мен шеберлігіне байланысты. Мұғалім ойынды пайдалану әдістемесінде ойын түрлерін таңдап-талдауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.

ІІ. Бастауыш сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы танымдық қабілетін дамыту
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиіс. Балалардың өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы немесе еркімен қатысуы аса маңызды.
Осы дидактикалық ойындарға байланысты балалардың математикадан дидактикалық ойындарды өткізу үшін бастауыш сыныптың математика оқулығына тоқталайық. Оқулыққа енгізілген материалдар бірінші сыныпта математикадан оқытудың нақты мақсаттарына орай іріктелген. Сондықтан мұнда келтірілген материалдар мынадай тараулар бойынша топтастырылған .
Қарапайым түсініктер.
10 көлеміндегі сандар.
Кестелік қосу және азайту.
Толық ондықтар. Жүз.
Әрбір сабаққа лайықталған материалдар оқулықтың жекелеген беттерінде келтірілген және ол жүйелі тиянақтауға әрі қалыптастырылатын іскерлік пен дағдыларды жетілдіре түсуге арналған, бұрын өтілген және жаңадан өтілетін мәселені, сондай-іқ ілгеріде қарастырылуы тиіс жаңа тақырыпты оқып үйренуге ілгері даярлықты қамтамасыз ететін материалды қамтиды, яғни әртекті материалдардан тұрады.
Демек, мұғалім сабаққа әзірлену барысында оқулықтың әрбір бетінде келтірілген материалдарға жан-жақты талдау жасайды да, кезекті сабақтың оқу- материалдарын және оны оқытып үйретудің әдіс-тәсілдерін іріктейді.
Осы тұрғыдан алғанда оқулық, мұғалімнің оқыту іс -әрекеттерін анықтайды. Оқулықтағы әр сабақтың материалына шамамен 10 минутқа ғана лайықталғандықтан басқадай жаттығулар мен тапсырмаларды және қосымша материалдарды мұғалім өзі сұрыптайды .
Жалпы алғанда математика сабағы шамамен бір-бірімен өзара байланысты әрқайсысы 10 минуттық үш негізгі бөліктен тұрады.
Әр сабақтың бірінші бөлігінде көрнекіліктің бір түрімен ойыншықтар, қалталы полотно, жеке дара санақ материалдары, оқулықтың қосымшасынан дайындалатын әркімнің өзіндік дидактикалық кеспе материалдары және тағы басқалар жұмыс ұйымдастырылады. Оның түрі мен мазмұнын әр сабақтың нақты мақсатына орай мұғалімнің өзі анықтайды. Ол жұмысты орындаудың үлгісін мұғалім көрсетеді, ал оқушылар дидактикалық кеспе материалды, ойыншықтар мен нақты заттарды пайдаланып, мұғалімге ілесе орындайды немесе олар сыныпта орындалатын коллективтік жұмысқа белсенді қарастырылады. Демек, сабақтың бұл бөлігінде көрнекілікке сүйеніп, шәкірттердің қандай да бір мағлүматты сапалы қабылдауы жүзеге асырылады. Содан кейін балаларды сергітетін және олардың шаршауын бәсеңдететін дене шынықтыру минуттары өткізіледі де, оқушының әрі қарай орындайтын іс-әрекетінің түрі алмастырылады.
Сабақтың екінші бөлігінде оқушылар мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі немесе нұсқауы бойынша оқулықтағы сәйкес суреттерді болмаса тапсырмаларды ауызша орындайды.
Сабақтың үшінші бөлігінде математика дәптерлерінде орындалатын дайын практикалық жұмысқа арналады. Ал дәптерлер оқулықты толықтыра түсуі де, әрбір сабақтың нақты мақсатына жетуге көмектеседі.
Сабақтың қай бөлігінде болсын қарастырылатын материалдар тек қана білімділік мақсаттың шешілуі үшін емес, сонымен бірге оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қатысты да мәселелердің тиімді шешілуі бағытында пайдаланылады. Осыған орай байқау, бақылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау, оқушылардың математикалық тіл байлығын дамыту т.с.с. мәселелерге де ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ оларды тегіс белсенді іс-әрекетке тарту, әр жұмыс түріне сәйкес ойын элементтерін және қызықты жаттығуларды пайдалану, іс-әрекетті түрлендіре ұйымдастыру да ойластырылуы керек. Мұның бәрі оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізіне алынуы тиіс. Сондықтан да ойын көмегімен әртүрлі есептерді шығаруға болады. Көпшілігінде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы, оған баспалдақ ойынын алуға болады. Заттарды салыстыру тақырыбына, яғни үлкен, тең, кіші қатыстарын қалыптастыруға және 10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу тақырыбына, сандар қатарының жасалуына, сандар құрылымына және 10 көлеміндегі қосу және азайту тақырыбында қосу және азайтуға берілген жай есептерді шығаруға, ал 11-мен 20 сандарды тақырыбына, натурал сандар қатарына, сандардың ондық құрамына, кесінділер ұзындықтарына, қосу және азайтуға берілген жай есептер шығаруға және оқушылардың білімді игеруін тексеруге берілген ойын түрлерін қарастырамыз. Ойын баланы шапшандылыққа, тез ойлауға баулиды.
Қарапайым түсініктер тақырыбына арналған дидактикалық ойындар.
Мұнда: заттарды санау, әр түрлі белгілеріне (түсі, өлшемі, пішіні) қарай салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру және кеңістікте орналасу қалпын анықтау; уақыт аралығы жайында түсінік беру; санау барысында нешінші? сұрағына жауап беру арқылы санның реттік сипаттамасын аңғарту.
Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу; геометриялық фигураларды танып-білу және ажырату жайында алғашқы мағлұматтар беру; ұзындықты өлшеудің мән -мағынасын ашу сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар өзіндік ерекшелігі бар арнайы топ құрайды.
Олардың қатарына: Түс және пішін, Қанша?, Сәулетші, Біз нешеуміз? , Таныс фигураларды ата , Жеміс жинау , Жылдам ойлан , Жалгасып man , Телефон , Дукен , Ойыншықтар , Байқагыш бала , Жыл он екі ай , Аяңта, Қатесін man, Сиқырлы сандар, Тізбек , He байцадың? , Қателеспе! , Багдаршам , Сиңырлы қоржын , Ойнайық та, ойлайьщ , Ханым , дат , Эстафета , Багыт , Кім қай партада отыр? , Қай уаңыт, сагат нешеу?, Жеті кун , Көңілді санамақтар т.б. -ойындары бар.
Жеміс жинау.
Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету.
Қажетті құрал - жабдықтар. Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі жеміс түрлері.
Ойын мазмұны. Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға шақырылған оқушы жемістерді теріп, үш себетке жинайды. Бірінші себетке - алма, екінші себетке - алмұрт, үшінші себетке - әр түрлі жемістер теріледі. Әр себеттегі жемістерді алдымен жеке оқушы санайды, кейін сынып оқушылары хормен салыстырады . Екі себеттегі әртүрлі жемістерді салыстырады .
Мысалы : Себеттегі алмалар нешеу? Себеттегі алмұрттар нешеу?
Бірінші себеттен бір алма, ал екіншісінен бір алмұрт алып қой. Осылайша әрі қарай жалғастыр. Себеттегі алмұрт қалды ма? Неше алма қалды? Неше алмұрт қалды? Алмұрттың алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұрттың пішіні неге ұқсайды, алма ше? деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.
Поезд құрастыру.
Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсініктер беру, орналасу қалыптарын салыстыру .
Қажетті құрал -- жабдықтар. Вагон нөмірі жазылған карточкалар.
Ойын мазмұны. Бес оқушы тақтаға шақырылады. Алдымен кім тұрады? Ол нешінші вагон? Содан кейін ше? Ең соңында ше? Ол нешінші вагон? Бірінші және екінші вагондардан кейін кім түр? Ол нешінші вагон? Үшінші және бесінші вагондар арасында кім тұр? Ол нешіншісі? Бесінші вагонды ағытайық. Сонда неше вагон қалды? Тағы да 5 оқушы шақырылып, олар да поезд құрастырады. Поездың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Қай поездың вагоны артық? Қай поезда вагондар кем? Тіркемелерді теңестіру үшін не істеу керек? деген сұрақтар қоя отырып, екі топты теңестіру және салыстыру әдістерін игереді. Осыған ұқсас цифрлар жазылған карточкалардан тіркемелер құрастыруға болады.
Кім жылдам ?
Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Уақыт жайында қарапайым түсініктер беру: бұрын, кейін, әуелі, алдымен, сонан кейін.
Қажетті құрал - жабдықтар. Түрлі ойыншықтар, шаршы, матрешкалар, т.б. заттар.
Ойын мазмұны . Ойынды қолда бар заттар мен материалдарға орай түрліше ұйымдастыруға болады.
Мысалы : Өлшемдері әртүрлі сақиналар жиынтығы бар болса, пирамидалар құрастыруға болады. Мұны орындау белгілі бір ретпен артатындай, (кемітетіндей) нұсқада ең кішісінен бастаймыз да, ең үлкеніне дейін орналастырып шығамыз. Осыған керісінше болуы да мүмкін. Ал, пирамида құрастыру санаумен қарбалас орындалады.
Оқушыларға фигуралардан, мысалы шаршылар мен үшбұрыш т.б. үй құрастыру ойынын еске түсіріп, орындалу ретін көрсету. Әр түрлі ойыншықтарды тақта алдында санап орналастыра отырып, оларды қайсысы қайсысынан бұрын (кейін) орналасқаны, әуелі, алдымен, сонан кейін қайсысы тұрғандығы жайлы түсініктерін анықтап, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.
He жасырдың?.
Дидактикалық мақсаты. Заттың белгілері (түрі, түсі, пішіні, өлшемі) туралы түсініктерді тиянақтау.
Қажетті құрал - жабдықтар. Геометриялық фигуралар, жылжымалы сөре.
Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мәселен: сөреге қызыл (үлкен), сары (үлкен), жасыл (кіші), көк (кіші), дөңгелектер қатарынан қойылады. Қызыл үлкен дөңгелек, сары үлкен дөңгелектің сол жағында немесе оның алдында, ал кіші жасыл дөңгелек сары үлкен дөңгелектің оң жағында немесе оның артында, ал сары үлкен дөңгелек қызыл үлкен дөңгелек пен жасыл кіші дөңгелектің арасында орналасқанын балаларға аңғартқан жөн. Енді оқушылар көздерін жүмады , сол кезде мұғалім бір фигураны жасырады. Сол фигураның орнын, түр - түсін оқушылар анықтап және айтып береді. Әрі қарай оны өз орнына қойып, тағы басқа біреуін жасырып, ойынды жалғастыруға болады.
Бағдаршам.
Дидактикалық мақсаты. Түстер туралы , жол қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру.
Қажетті құрал - жабдықтар. Әр түсті (қызыл , жасыл , сары) дөңгелектер немесе текшелер (кубиктер).
Ойын мазмұны. Ойын сергіту сәті кезінде жүргізілгені дұрыс. Мұғалім бағдаршам туралы әңгіме өткізіп, әр түстің атқаратын қызметін, орнын анықтайды . Оқушыларға текшелер не дөңгелектер таратылып беріледі.
Оқытушы Тоқта дегенде оқушылар сәйкес қызыл дөңгелектерді (текшені) , Дайындал дегенде сары дөңгелекті (текшені), Жүр! дегенде жасыл дөңгелекті (текшені) көрсетеді . Әрі қарай ойынды жалғастыра беруге болады .
Мұғалім Жасыл түсті көрсеткенде - оқушылар орындарынан тұрып жүрген қимыл көрсетеді . Сары түсті көрсеткенде баяу қозғалыс қимылын жасайды . Қызыл түсті көрсеткенде орындарына отыра қалады . Осы қимылды бірнеше рет қайталап , ойынды жалғастыруға болады .
He байқадың ?
Дидактикалық мақсаты . Заттарды санауға, түр-түсін анықтай, ажырата білуге дағдыландыру. Көз зердесін қалыптастыру.
Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мұғалім ойынға түрлі - түсті қарындашты, фломастерді пайдаланады. Қарындаштарды көрсете отырып , олардың түрін -түсін анықтатады .
Мынау қандай қарындаш (фломастер) ?
Нешеу ?
Алынған қарындаштарды алдымен жеке оқушы санайды , кейін дұрыстап барлық оқушы хормен санап шығады . Бір сәт оқушылар көздерін жүмады . Мұғалім не өзгергенін сұрайды.
Қараңдар, не өзгерді ?
Қарындаштар бесеу, біреуі жоқ .
Қандай қарындаш жоқ ?
Осылайша біртіндеп қандай және неше қарындаштың жоқ екендігін анықтау арқылы ойын жалғасады.
Он көлеміндегі сандар тақырыбына арналған ойындар .
Мұнда дидактикалық ойындардың екінші тобын құрайтын : 10 -ға дейінгі сандардың атауы , реті және жазылуы ; сандарды салыстыру ; санның сәйкес таңбасы ретінде цифр жайында түсінік беру ; көпбұрыш элементтерінің атауын санауға негіздей отырып енгізу (төбесі , бұрышы , қабырғасы) ; әр санның құрамының барлық жағдайларын шығарып алу , санды өрнек және теңдік пен теңсіздік түсініктерін еңгізу , теңдіктер құру , оны оқу , өрнектерді салыстыру ; 10 саны , оның жазылуы . Бір таңбалы және екі таңбалы сандар жайында түсінік беру ; кесіндінің қосындысы мен айырмасымен алғаш таныстыру , қосу және азайту амалдарындағы сандардың атауларын енгізу ; санды санауға сүйене отырып , қосу және азайту амалдарын орындау арқылы шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде шығарып алудың негізгі үш көзімен таныстыру ; затқа санды , оған цифрды сәйкестендіру сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында қолданылатын ойындар қарастырылады.
Олардың қатарында: Қызықты санау, Көршісін man, Келесі санды man, Құрамын man, Білемін, Менің орным қайда?, Сан ретін man, Құстарға қамқорлық, Тізбек, Есте сақта, Қимақ , Математикальщ телефон, Жалгастыр , Сыңарын man , Артьщ па?, Кем бе? , Сонша ма? , Жете ме?, Көру диктанты, Жалгастыра санау, Көршілерін man, т.б. ойындар бар.
Қандай сандар жетіспейді.
Дидактикалық мақсаты. Балаларды тез ойлап, шапшаң жауап беруге қалыптастыру.
Оцыту цүралдары. Кеспе цифрлар.
Ойын мазмұны . Мұғалім кеспе цифрларды балаларға көрсетеді . Мысалы , 1,6 . Ал балалар 1 мен 6-ның арасындағы сандарды атап шығады .
Керекті цифрын қой.
Дидактикалық мақсаты. Балалар сандарды ұмытпау үшін, жаттықтыру және ойлау қабілетін арттыру .
Оқыту құралдары. Түймелер түрлі геометриялық фигуралар .
Ойын мазмұны. Мұғалім бірдей бес қорапқа әртүрлі зат салып қоюы керек. Мысалы, түймелер, түрлі геометриялық фигуралар, қорапқа салынған заттың саны әртүрлі болуы керек. Балалар қорапты ашып, ішіндегі затты санай отырып, қанша болса , сол санның кеспе цифрын көрсетеді.
Бірде - бір.
Дидактикалық мақсаты. Сандардың бірліктерден құралатынына балалардың көздерін жеткізу.
Ойын мазмұны. Тақта алдында 10 оқушы шығып , қатар тұрады. Ең бірінші тұрған бала бір деп, бір қадам алға шығып тұрады , бір қосу екі деп, екінші бала бірінші баланың жанына келіп тұрады. Екі қосу бір үш деп, екінші баланың қатарына тұрады , қалған
Буратинаның жұмбақтарып man.
Дидактикалық мақсаты. Заттарды түріне қарап ажыратуға және дөңгелектен, квадраттан, үшбұрыштан әртүрлі суреттер құрастыруға үйретеді . балалар да ойынды осылайша жалғастыра береді.
Оқыту құралдары. Дөңгелектер , квадраттар және үшбұрыштар .
Ойын мазмұны. Мұғалім күні бұрын магниттік тақтаға дөңгелек, квадрат және үшбұрыш сияқты геометриялық фигуралар жапсырады. Сонан соң оқушыларға былай дейді: Балалар бүгінгі біздің сабағымызға алыстан Буратино қонаққа келіп отыр. Буратино өзімен бірге бірнеше жұмбақ ала келіпті . Мұғалім Буратиноның жұмбақтарын оқушыларға дауыстап оқып береді . Оқушылар жұмбақтың шешуін табады. Дөңгелектеп не салуға болады? Мына алма , қарбыз , доп т.б. Квадраттан не салуға болады ? Портфель, жәшік, печенье . Үшбұрыштан не салуға болады ? шыршаны , қайықты т.б. Жақсы жауап берген балаларға арнап геометриялық фигуралардан бір - бірден ұсынуға болады .
Ойлан man.
Ойынның мақсаты. 0 санын ажырата білуге үйрету .
Оқыту құралдары. Буратиноның макеті, шие бұтақтың суреті.
Ойын мазмұны . Мұғалім күні бұрын қалталы полотноға бір бұтақта тұрған үш шиенің суретін іліп қояды . Содан соң балаларға сұрақ қояды.
-Балалар бұтақта қанша шие бар екен ?
-Үшеу.
Осы кезде Буратино бізге қонаққа келе жатып бұтақтағы шиелерге көзі түсіп кетеді. Содан бұтаққа жақындап келіп , шиенің біреуін үзіп алады . Кәне , балалар , айтыңдаршы , бұтақта қанша шие қалды.
Оқушылар мысалдар құра бастайды , яғни Үш біреусіз - екі деп айтып , тақтаға 3-1-2 түрінде жазып көрсетеді . Дәл осы кезде Буратино екінші шиені жүлып алады . Ал енді қаншасы қалды ? деп мұғалім тағы балалардан сұрайды . Балалар Екі біреусіз - бір деп тақтаға 2-1-1 түрінде жазып көрсетеді.
Енді Буратино әрі - бері ойланып тұрып , қалған бір шиені де жүлып алады . Енді қаншасы қалды ? - деп мұғалім тағы да сұрайды . Сонда балалар бұтақта шие қалған жоқ деп жауап береді. Олай болса балалар шиенің қалмағанын білу үшін Буратино бізге ноль деп аталатын санды алып келген екен . Ноль санын символика түрінде былай белгілейміз деп 0 цифрымен таныстыра отырып , 0 саны әр уақытта 1 санының алдында түратын мұғалім оқушыларға түсіндіреді.

Сан ретін man.
Дидактикалық мақсаты . Санның ретін есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Қажетті құрал - жабдықтар . 10X10 см өлшемімен дайындалған карточканың бет жағында сан және буын жазылады .
Ойын мазмұны . Дайындалған карточкалар магнитті тақтаға шашырап орналастырылады . Мұғалім сандар ретін қайталатады . Оқушылар сан тізбегін жаза отырып , келесі жолға , сан ретіне
Кестелік қосу және азайту.
Мұнда : Бір санын қосу (арттыру) және азайту (кеміту) тәсілдері; кесінділер сызу ; қосу кестесін құру ; кестелік қосу және азайту , қосындыны және қалдықты табуға есептер шығару; есептерді шығару тәсілдерін және мәтіндерін салыстыру ; сонша, артық , кем , ұғымымен байланысты мәтіндерді салыстыру,, есептер шығыру ; Қанша артық ? , Қанша кем ? ұғымымен байланысты есептер , яғни айырмалық салыстыру , кері есептер құру ; өзара кері есептер (артық , кем , қанша артық? қанша кем?) . Санды өрнек және әріпті өрнек , олардың ұқсастығын және айырмашылығын анықтау ; 9 санын қосу және азайту тәсілдері; 10 санын азайту , әріп бар қосынды және оның мәнін табу ; сұрағы жоқ тапсырма мен есепті салыстыру және т.б. мәселелерді оқытып - үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар қарастырылады . Олардың қатарына: Жыл он екі ай, Математикалық домино , Ақсуйек , Құлпынай жинау , Лото, Сацырауқұлақтар, Доп қагу , Шырша безендіру, Үндемес , Хан талапай , Орамал тастамаң , He өзгерді?, Плюс па , әлде минус па? , Жазуды толықтыр , Жауабы бірдей мысалдарды man , Мысалды ойлап man , Бір тусті дөңгелек нешеу? , Поезд щрастыр , Санды ойлап man , Баспалдақ , Математикальщ эстафета , т.б. ойындар бар .
Поезд құрастырамыз.
Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды 2,3,4 сандарын қосу және азайту тәсілдерін үйрету.
Ойын мазмұны . Мұғалім тақтаның алдына 5 қыз баланы шақырады. Олар 5 вагоннан поезд құрастырады . Яғни бір - біріне тіркесіп , оң қолдарын алдыңғы оқушының иығына салып тұрады . Содан кейін тағы да 1 вагон бала және тағы 1 қыз келіп тіркеседі .
Мұғалім тақтаға мынадай мысал жазады :
5+2=7
5+1+1
Оқушылар 2-ні қосу амалын бірнеше рет қайталайды . Содан кейін
екі вагон бір - біреуден ажыратылады . Оқушылар
5-2=3
5-1-1
2-ні азайтудың амалын қайталап шығады .
Осыған ұқсас 3 және 4 сандарды қосу және азайтудың тәсілдерін көрсетуге болады . Мысалы , тақта алдына 6 ер баланы шақырады , олар 6 вагоннан поезд құрастырады . Оларға 3 вагон біреулеп қыз , бала , қыз тіркеседі . Бұл тәсіл тақтаға жазылып , оқушылар айтып шығады . 6+3=9 6+1+1+1
Бүдан соң поезд құрастыру үшін басқашалап көрсетуге болады , яғни 6 вагонға бірінші екі вагонды құрастырып , немесе тіркестіріп, содан соң тағы да 1 вагонды тіркестіруге болады . Бұл жағдайды да тақтаға жазып , оқушыларға түсіндіруге де болады . 6+3=9 6+2+1
Осыған ұқсас қосу мен азайтудың басқа жағдайларын құрастыруға болады.
Үндемес.
Дидактикалық мақсаты . Сандарға 1-ді қосу және олардан 1-ді азайту амалдарын оқушыларға үйрету .
Оқыту құралдары . 1-ді қосу және 1-ді азайтуға берілген плакаттар.

Ойын мазмұны . Тақтаға 1-ді қосу және 1-ді азайтуға берілген плакаттар ілінеді.

Мұғалім балаларға берілген плакаттарқағы сандарға 1-ді қосып және 1-ді алу керектігін түсіндіреді . Мұғалім үндемей сандарды көрсетеді.
Жеміс теру.
Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды математикалық мысалдарды тез, дұрыс шығаруға үйретумен қатар , түрлі жемістермен таныстыру.
Оқыту құралдары . Қиылып алынған түрлі жемістердің суреттері, мысалдар.
Ойын мазмұны . Магниттік тақтаға екінші бетіне әртүрлі мысалдар жазылған бірнеше жемістердің суреттерін жапсырып қою керек . Мұнан кейін оқушыларға: Қәне балалар , кім қандай жемісті жақсы көреді ? - деп сұрайды . Сол кезде оқушылар қолдарын көтеріп кезегімен жақсы көретін жемістерін алады, артына жазылған мысалды ауызша шығарып беруі тиіс. Мәселен, мынадай мысалдар жазылуы мүмкін .
4+2, 3+7, 5+1+1, 8-2, 6-1, 2+1+1, 10-1-2, 9-2
Егер оқушы мысалды дұрыс шығарса , онда ол өзінің жақсы көретін жемісін алып, орнына барып отырады .
Доп қағу.
Дидактикалық мақсаты . Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыра отырып , амалдарды тез ауызша орындауға жаттықтыру.
Оқыту құцуралдары . Доп .
Ойын мазмұны . Оқушылар ойынғада ерекшк қызығушылық танытады . Сол арқылы мысалдарды тез орындауға жаттығады . Мұғалім 7 санын қалайып алуға болады , - дейді де қолындағы жеңіл допты бір оқушыға лақтырады .
Оқушы : допты ала салып 4+3 деп мұғалімге кейін қайтарады . Мұғалім : - Тағы қандай алуға болады ? Оқушылар : 5+2, 6+1 т.с.с. деп жауап береді.
Содан кейін ойын 8 санын қалай шығарып алуға болады 5 санын 2-ге арттыр , 4-пен 7 санының қайсысы көп? 5-пен 7 санының қайсысы көп ? деген түрінде жалғастырылады . Әр сабаққа байланысты ойын тапсырмалары мен шарттарында өзгерістер болып отырады.
Баспалдақ
Дидактикалық мақсаты. Қосу және азайтуды есептеуге дағдыландыру және машықтандыру.
Ойын мазмұны . Бұл ойынды оқушылар төмендегідей мысалдарды баспалдақпен шығарып , жеңімпаз оқушылар баспалдақ үстіндегі түрің заттарды алады . Мысалы: жануарлар , доп , орындық , т.с.с.

4-1
6-3

1+4

8+?

Тізбек.
Дидактикалық мақсаты. Оқушыларды 20 көлеміндегі сандардың нумерациясымен таныстыру.
Оқыту құралдары . Магниттік шеңберлер , яғни геомерриялық фигуралар .
Ойын мазмұны . Ойынға бір мезгілде 3 оқушы қатысады . Бірінші оқушы магниттің тақтаға 2 разрядты таблицаға цифрларды қойып шығып . Ал екінші оқушы сандарды атайды , ал үшіншісі ондық және бірліктен құралған қүрамын атайды .
Математикалық эстафета.
Дидактикалық мақсаты . 20 көлеміндегі сандардың нумерациясын бекіту.
Оқыту құралдары . 10 дөңгелек және 10 үшбұрыш .
Ойын мазмұны . Мұғалім қатар бойынша сыныпты 3 командаға бөледі де ойын жарысты жүргізеді . Бірінші оқушы бірінші командадан дөңгелек пен үшбұрыштың көмегімен санды илюстрациялап көрсетеді , осы команданың екінші оқушысы цифрмен беогілейді, үшіншісі санның құрамын атайды , төртіншісі карточка арқылы санды көрсетеді . Осыған ұқсас 2 ай және 3-ші ісомандаларда жаттығулар орындайды . Қай команда бірде - бңр қате жібермесе немесе аз қате жіберсе , сол команда жеңіске жетеді.
Есте сақтау.
Дидактикалық мақсаты . 20 көлеміндегі сандардың нумерациясы туралы білімдерін дағдыландыру.
Ойын мазмұны . Оқушы допты қағып алып , мұғалімнің қолсоғуын тыңдап санап тұру керек . Мұғалім қол соғуын тоқтатқан кезде оқушы допты мұғалімге қайтару арқылы жауап айтады . Ойын осылай кезегімен жалғаса береді . Балалар 20-ға дейін санап болмайынша ойын жалғаса береді . Осыған ұқсас ойын барысын кері ұйымдастыруға болады .
Дыбыс санау.
Дидактикалық мақсаты. Ондықтар және бірліктерден құралған сандарды атауға дағдыландыру.
Оқыту құралдары . Екі разрядпен берілген таблица .
Ойын мазмұны . Тақтаға екі разрядпен берілген таблица ілінеді.

Ондықтар
Бірліктер

Мұғалім таяқшамен әуелі ондық разрядтары қанша болса сонша рет тақылдатып , одан соң бірлік разрядтарының санына сәйкес санды атап , цифрларды көрсетеді . Мысалы , алғашқы шыққан 1 дыбысқа ондық разрядты , ал одан соң 2 рет тақылдатқан дыбысқа бірліктер разрядтары сәйкес айтылып , балалар 12 санын атап цифрлармен көрсетеді.
Клоун қонақта.
Дидактикалық мақсаты. Ондықтарға арналған мысалдарды дұрыс, тез есептеуге машықтандыру .

Ойын мазмұны. Клоун қонақта ойыны тапқырлықты, байқағыштықты қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Мысалы, 1-ден 9-ға дейінгі сандар картонның екі жақ шетіне баған түрінде жазылып , ортасына клоун суреті салынады. Берілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Математиканы басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш мектеп математикасын оқыту
Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы оқушылардың жас ерекшеліктері
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілік принципін теориялық жағын қарастырып, оны жүзеге асыру
Екінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Сыни ойлау қабілеті
Бастауыш мектеп математикасын оқыту үрдісіне дамыта оқыту технологиясын қолдану
Пәндер