Дін - әлеуметтік өмірдің феномені



Кіріспе

1. Дін . әлеуметтік өмірдің феномені.
2. Дін әлеуметтануының объектісі мен пәні.
3. Діннің әлеуметтік құрылымы.
4. Діннің әлеуметтік функциялары.
5. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру формаларының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.
Дін социологиялық талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге социология олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.
Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да мысалдар бар. Социологтар мен басқалар арасында да діннің шіркеу, құдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен пікірлестік байқалғаны көзге көрінсе, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді жауап жоқ. Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп тіреуге болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік тудырады. Социология беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін әлеуметтік аспектімен - қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ дінді зерттеудегі социологиялық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар кешенімен шектеліп қалмайды.
1. “Ислам және өркениет” № 05
2.“Шапағат-Нұр” Ислам тану журналы.№3. 2005ж. 8-9
3.“Ислам тәлімдері” Мухаммад Юсуф. Алматы 2005ж.
4.“Ислам және өркениет” газеті. №2 (62).
5. “Ислам әлемі” діни-мәдени журнал. №9 (33)
6. Ғарифолла Есім “Дін өркениеті”. Егемен
7. К.Г. Габдуллина “Социология”. Алматы.,1997ж. 16-17 бет.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Дін әлеуметтануы
Кіріспе

1. Дін - әлеуметтік өмірдің феномені.
2. Дін әлеуметтануының объектісі мен пәні.
3. Діннің әлеуметтік құрылымы.
4. Діннің әлеуметтік функциялары.
5. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру формаларының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.
Дін социологиялық талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге социология олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.
Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да мысалдар бар. Социологтар мен басқалар арасында да діннің шіркеу, құдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен пікірлестік байқалғаны көзге көрінсе, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді жауап жоқ. Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп тіреуге болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік тудырады. Социология беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін әлеуметтік аспектімен - қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ дінді зерттеудегі социологиялық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар кешенімен шектеліп қалмайды.

1.Дін - әлеуметтік өмірдің феномені.

Дін - тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлер де болған. Ол туралы қазіргі заманның геология, биология, физиология, этнография, тіл білімі, мәдениет тарихы, логика, астрофизика сияқты ғылымдарының мәліметтері жеткілікті.
Діннің пайда болуы мен қалыптасуының әлеуметтік-таптық себептері, қажеттіліктері бар. Олардың ең біріншісі -- діннің адамдардың көңіл күйлеріне байланысты шыққандығы. Адамдар кездескен әр түрлі жағдайларға бірде қуанып, бірде күйініп, бірде толқып, бірде қапаланады. Оларға көңілді орнықты ететін, оны бір қолда ұстайтын тірек керек болады. Сол тіректі, сол медеуді адамдар табиғаттан да, өзінен де тысқары тұрған бір тылсым күштен, яғни кез келген діннің түпкілікті қазығы болып табылатын абсолюттен, құдайдан іздейді, табады.
Екінші қажеттілік - адамдардың танымға, білімге құштарлығымен байланысты. Адам ішкі және сыртқы құбылыстардың шын себептерін аша алмай, олардың әрқайсысының өзіндік иесі болады деп ойлады. Осының негізінде олар туралы өзіндік ұғым, түсініктер қалыптасады. Бұған адамдардың қоршаған табиғаттағы күннің күркіреуі, айдың тұтылуы, судың тасуы, жердің сілкінуі және т.б. дүлей күштердің алдындағы дәрменсіздігі себеп болады.
Ш. Уәлиханов Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары деген мақаласында қазақ қоғамындағы шамандықтың негізін түсіндіруге ұмтылды. Оның пікірі бойынша, шамандық алғашқыда дүниеге тұрпайы табыну түрінде анықталды. Өзі қыр-сырын біле алмаған адам ортаны қадірлеу, құрметтеу, өзіне жылы жағдай жасауды ойлады. Өйткені ол табиғаттың ықпалымен әрекет етіп, өмір сүреді.
Үшінші қажеттілік - таптық қоғамның орнауымен ел билеуші үстем тап өкілдері қоғамдық өмірдің тыныштығын және тұтастығын сақтау мақсаттарында көктің әмірі осындай деп діни түсініктерді қолдап, қолпаштап, оларды кең таратудан туған. Үстем таптардың өкілдері өздерінің меншік иесі екендігін, олардың істеріне ылғи да сәттілік, табыскерлік және мәдени-руханилық сипаттар тән екенін және өздеріне басқару ісі дарығанын табиғаттан тысқары тұратын бір тылсым күштердің рахымшылығымен түсіндіруге тырысады. Мысалы, олар жеме-жемге келгенде қарапайым халық өкілдеріне: мені құдай бай қылды, ал сені кедей қылды, оған қандай таласың бар деген сөздер айтады.

2.Дін әлеуметтануының объектісі мен пәні.

Дін деп (араб. сенім, наным, илану, исламның балама аты. лат.reliqio - рухани сенім, құдайды сыйлау) - қоғамдық сананың, ерік пен болмыстың ерекше сипаты, түрі. Дін қоғамдық сананың бір түрі ретінде ұжымдық сену, құдіретті қасиетке, ең алдымен құдайға деген ерекше сеніммен сипатталады.
Дін әлеуметтануы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оны әлеуметтану ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде қалыптастырған ғалымдардың алдыңғы қатарында Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. болды.
Эмиль Дюркгейм (1858 -- 1917) француз ғалымы, көрнекті әлеуметтанушысы дінді негізгі әлеуметтік институттардың бірі ретінде зерттеу үшін әлеуметтанулық әдістер мен бағалау белгілері қажет деп санады. Ол өзінің Діни өмірдің алғашқы түрлері. Австралиядағы тотемдік жүйе деп аталатын басты шығармасындағы негізгі пікірі - дін адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру сияқты әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болған.
1864-1920 жылдар аралығында өмір сүрген неміс ғалымы, талантты әлеуметтанушы Макс Вебер өзінің Протестант және капитализм рухы деп аталатын басты еңбегінде діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне биік мақсаттар әкелу екенін айтты. Ол да дінді әлеуметтік институт ретінде қарастырды. Оның ойынша, дін әрбір индивидтің, әрбір әлеуметтік топтың мінез-құлқы мен ойлау тәсіліне мән-мағына береді, сөйте отырып олардың өзіндік жеке дамуына ықпал ететін құндылықтар мен нормалар жүйесінің негізін құрайды.
1902-1979 жылдарда өмір сүрген, американ әлеуметтанушысы, профессор Толкотт Парсонстың Әлеуметтанудың жалпы теориясының мәселелері деп аталатын басты шығармасындағы негізгі ойы - дін адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады, сондықтан да дінді арнайы әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу керек.
Дін әлеуметтік феномен ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі болып табылады. Егер философия дінді зерттеуде сенімнің мәнін түсіндіргісі келсе, әлеуметтану сол сенімдердің адамдардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне қалай әсер ететінін, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретінде сол сенімнің қалыптасуынының үдерістерін де зерттейді.
Дін әлеуметтануының өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның басқа да ғылымдар сияқты зерттейтін пәні, құрылымы, іргетасы іспетті ұғымдар жүйесі, заңдары мен қызмет кеңістігі бар.
Дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалы. Ал екінші жағы - діни көзқарастың, діни элементтер мен дін функцияларының қоғамға тигізетін әсері.

3.Діннің әлеуметтік құрылымы.

Діннің құрылымын әңгіме еткенде оның қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі екенін еске ұстаған жөн. Ол негізінен үш түрлі элементтерден құралады: діни сана, діни мінажат және діни ұйымдар.
Қоғамдамдық сананың ерекше түрі, діни процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау және т.б.) заңды нәтижесі ретінде діни сана діни психология және діни идеология, яғни діни парасат, ақыл-ой құбылыстарынан тұрады.
Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы. Гегель философияның да, діннің де мақсаты біреу, ол абсолютті тану болып табылады дегенді.
Діни идеология дегеніміз діни ғұламалардың, діни қайраткерлердің жасаған идеяларының, ойларының белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген жиынтығы. Діни идеологияның қоғамдық болмысты, қоршаған дүниені тануындағы құралы негізінен діни мазмұндағы түсініктер мен ұғымдар болып табылады.
Дін құрылымының келесі элементі - діни мінажат. Ол дін мен оны ұстанушылар өмірінде үлкен орын алады. Діни мінәжат дегеніміз белгілі бір объектілерге (олар өмірде болулары немесе ойдан шығарылған болуы мүмкін) ықпал етуге бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері мен практикалық дене қимылдарының жиынтығы.
Дін құрылымының үшінші негізгі элементі діндар адамдар бірлестігі және оларды басқарудың белгілі формасы діни ұйымдар болып табылады. Діни ұйымдарға ең алдымен мешіттер, шіркеулер, храмдар, синагогалар жатады. Сонымен қатар бұған діни секталар, діни оқу орындары, діни мүліктер, діни қозғалыстар, діни баспа, діни орталықтар, діни партиялар, саяси-әлеуметтік қозғалыстар жатады.

4.Діннің әлеуметтік функциялары.

Діннің қоғам, адам өміріндегі атқаратын қызметтері сан алуан, көп қырлы және көп бағытты болып табылады. Сондықтан дін әлеуметтануының негізін қалаушылардың бірі М.Вебер діннің қоғамдағы функциональдық қызметтерін зерттеу, талдау қажеттігін дін әлеуметтануының арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Философия (лекциялар)
Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадат. Бүгінгі Қазақстандағы дін және ұлт
Мәдениет нысандары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, технология
Діннің әлеуметтік құрылымы
Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива. Қоғамдағы этникалық топтар:әлеуметтанулық зерттеулер
Діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретіндегі мәні
Антика мәдениетіндегі философия
Абайдың ұлттық идея туралы ұғымы
Пәндер