Оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарына жалпы сипаттама



Кіріспе.
І. Оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарына жалпы сипаттама
1.1. Өздік орындайтын жұмыстар туралы түсінік
1.2. Өздік орындайтын жұмыстардың түрлері.
1.3. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
ІІ. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары
2.1. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары
2.2. Оқушылардың орындайтын өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Зерттеу жұмысы
Қорытынды
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу–бүгінгі заманның талабы.[1,12]
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді жетік меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр.
Мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін жетік меңгерту, туған елінің тыныс тіршілігімен жан-жақты, терең таныстыру, мәдени сөйлеу тілдерін дамыту.
Қазақ халқының рухани көсемі А.Байтұрсыновтың "Әр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытуы керек,"- деген пікірі қазіргі кезде қазақ тілін оқыту және тіл дамыту үрдісінде өміршеңдігін жойған жоқ.
Мектепте оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі олардың өздік жұмысты орындай білу біліктілігі болып табылады. Өйткені, өздік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық іздемпаздықты талап етеді. Өзіндік жұмысты оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімділігін, біліктілігін бекіте отырып, оның белсенділігін, дербестігін дамытады. [5,52]
Оқушылардың өздік жұмыстары педагогикалық процестегі екі жақты мәніне байланысты сабақты дұрыс ұйымдастырудың формасы ретінде де, оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады. Бұған дейін мектеп тәжірибесінде өздік жұмыс жеке пәндер аясындағы білім мен білікті дамытуға ғана бағытталып келгені мәлім. Оқушының жалпы белсенділігін, дербестігін біліктілікті дамыту арқылы қалыптастыру тиімді екенін көптеген зерттеушілеріміз дәлелдеген болатын.
1. Айсина М.А. Оқыту - білім мен тәрбие өзегі // Қазақстан мектебі.
– 2006. - № 2. – 28.
2. Алдабергенова Ж.Д. Оқу әдістерін тиімді қолдана білу // Сынып
жетекшісі. - № 2. – 35.
3. Ахатаева К.Б. Жоғарғы сынып оқушыларының өз бетінше жұмыстарды
орындау біліктілігін қалыптатыру / Алматы. -Автореферт.-2007. – 35б.
4. Боранбаева З.К. Әдіс – тәсілдер барысындағы оқушының іс-әрекеті
// Бастауыш мектеп. – 2000. - № 12. – 28 – 30.
5. Илина А. Педагогика / Москва. Проссвещение. – 1985. – 195.
6. Қазақ тілі бойынша оқу-әдістемелік кешен /А.Құрманова.,
Р.Молдағалиева., И.Қайырбекова., т.б. Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университеті. – 2008.-169б.
7. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика /Алматы. – 2000. – 213 б.
8. Қасымбеков Ә. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің кейбір
жолдары /Алматы: «Мектеп». – 1989. – 200б.
9. Көшімбетова С.А. Оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық
әдіс – тәсілдерін пайдалану /Алматы. Білім жолы. – 2004. – 305б.
10. Мүшелбаева Н.Н. Оқытудың тиімді болуының мәні неде ? // Сынып
жетекшісі. – 2005. - № 3. – 35б.
11. Намысбаева Е.Н. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру //Бастауыш мектеп.
-2004.-№4.-13-15б.
12. Оразбаева С.С. Оқушылардың сабақта өзіндік жұмысын ұйымдастыру
//Ұлағат.-2003.-№1.-21-22б.
13. Рахымбаева Н. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын сабақта
ұйымдастырудың жолдары // Бастауыш мектеп. – 1999. - № 10. – 30.
14. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі / Алматы. Ана тілі. – 1998.
– 180б.
15. Сүлейменова Р. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың
ерекшелігі //Хабаршы педагогикалық ғылымдар сериясы. – 2006. - № 1.
– 64б.
16. Табанбаева Ш.Е. Өзіндік жұмыс және шығармашылық еңбек //Қазақстан
мектебі. -2002.-№1.-18-19б.
17. Шоқай С.С. Оқушылардың шығармашылыққа итермелейтін – өздік
жұмыс // Бастауыш мектеп. -2006.-№2.-10-11б.
18. Ырысбаева Н.Н. Бастауыш сыныпта оқушыларыдң өзіндік жұмыстары
//Бастауыш мектеп.-2002.-№4.-8-9б.
19. Ырыздық А.А. Сабақтағы өзіндік жұмыстар //Бастауыш мектеп.-2007.
-№3.-17-18б.
20. Уатаева Э. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру // Мектептегі технология. – 2007. – № 11. - 55б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І. Оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарына жалпы сипаттама . . . .5
1.1. Өздік орындайтын жұмыстар туралы түсінік . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . 5
1.2. Өздік орындайтын жұмыстардың түрлері. . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .8
1.3. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. . . . . . . .
. 11
ІІ. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстарын
ұйымдастыру жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . 14
2.1. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары . . . . .
.14
2.2. Оқушылардың орындайтын өздік жұмыстарын ұйымдастыру . . . . . . . . .
. 19
Зерттеу жұмысы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .31
Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім берудің
ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке
шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр
деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың
үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу–бүгінгі заманның
талабы.[1,12] 
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді жетік меңгерту өзекті мәселенің
бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз
тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып
жатыр. 
Мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ
тілін жетік меңгерту, туған елінің тыныс тіршілігімен жан-жақты, терең
таныстыру, мәдени сөйлеу тілдерін дамыту.
 Қазақ халқының рухани көсемі А.Байтұрсыновтың "Әр жұрт баласын әуелі
өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін
білдіріп, жолын танытуы керек,"- деген пікірі қазіргі кезде қазақ тілін
оқыту және тіл дамыту үрдісінде өміршеңдігін жойған жоқ.
Мектепте оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырудың алғы
шарттарының бірі олардың өздік жұмысты орындай білу біліктілігі болып
табылады. Өйткені, өздік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық
іздемпаздықты талап етеді. Өзіндік жұмысты оқушының оқу нәтижелеріне жету
құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімділігін,
біліктілігін бекіте отырып, оның белсенділігін, дербестігін дамытады.
[5,52] 
Оқушылардың өздік жұмыстары педагогикалық процестегі екі жақты
мәніне байланысты сабақты дұрыс ұйымдастырудың формасы ретінде де,
оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің
тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады.
Бұған дейін мектеп тәжірибесінде өздік жұмыс жеке пәндер аясындағы білім
мен білікті дамытуға ғана бағытталып келгені мәлім. Оқушының жалпы
белсенділігін, дербестігін біліктілікті дамыту арқылы қалыптастыру тиімді
екенін көптеген зерттеушілеріміз дәлелдеген болатын.
Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз
өздік жұмысқа әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көзіміз жетті.
Мысалы: кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы
арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.),
басқалары өз бетімен жұмысқа оның мақсаты тұрғысынан баға берді
(Н.Д.Хмель). Осыған байланысты өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастырудың формасы
ретінде сипатталады.
В.П.Беспалько өздік жұмыс ұғымын адамның белгілі бір жұмысты өз
бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауы деп біледі. Г.П.Семеновтың пікірінше,
өздік жұмыс – оқытудың ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өз
бетімен жұмыс - алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы
мұғалімнің қатысуымен орындалатын әрекет.
Тағы бір топ ғалымдар Н.В.Кузьмина, А.Г.Ковалев және т.б. өз
бетімен жұмысты – оқушыларды үйретудің, оқытудың әдісі ретінде де емес, ол
оқушының алдын қойылған мақсатқа сәйкес, белгілі бір іс-әрекетті
ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы болып табылады деді. Б.П.Есипов
оқушылардың өздік жұмысының атқаратын міндеттерін айқындаса, Т.С.Сабыров
оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын жан-жақты талдайды. [10,78] 
Осы ретте оқушылардың өздік жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру
жолдары әрқилы болғанымен, көздейтін мақсаты оқушыларды саналылық,
белсенділік, ұқыптылық, дербестікке тәрбиелеу болып табылады.
Соңғы жылдары мектептерде оқушылардың өздік жұмыстарына ерекше көңіл
бөлініп, ол іс жүзінде кеңінен қолданылуда. Осындай бір оқушылардың ой -
өріс қабілеттерін дамытып, оны сабақтарында дәйекті түрде пайдаланып, бүкіл
ұжым болып осы іске бет бұрған мектептер баршылық. Соған орай мен өз
курстық жұмысымда осы тақырыпты өзекті тақырып етіп алып отырмын.
Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген
білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде
оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан
шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік
орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды.
Солардың біріне бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында оқушылардың өздік
орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Қазақ тілі сабақтарында өздік
жұмыс жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана
шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез –
құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын
бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.
Курстық жұмысының мақсаты: бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында
оқушылардың өздік орындайтын жұмыс түрлеріне сипаттама бере отырып, оқу
үрдісінде оқушылардың өздік орындайтын жұмыстаны ұйымдастыру жолдарын
анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері.
1. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарын
теориялық тұрғыдан негіздеу.
2. Өздік жұмыстар арқылы оқушылардың іздемпаздығын, өзбетінше жұмысқа
баулуды қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жайын анықтау.
3. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарын
қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау.
4. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарын
қалыптастыру әдістемесін жасау, оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу,
қорытындысын шығару.
Курстық жұмыстың нысаны: бастауыш сыныпта қазақ тілі үрдісіндегі
оқушылардың өздік жұмысты орындаудағы іс-әрекеті.
Курстық жұмысытың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, эксперимент жұмысынан, жұмыс барысында пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

І. Оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарына жалпы сипаттама
1.1. Өздік орындайтын жұмыстар туралы түсінік

Қазіргі әлемде жүріп жатқан жаһандану процесі мектептегі білім жүйесі
мен оқушыны оқытып тәрбиелеуге де өз әсерін тигізе бастады. Бастауыш
сыныптағы барлық пәндерді бірлікте қарап, берілетін білімнің салмағын
арттыру тілімізді осы жаһандану алапатынан сақтаудың бірден-бір жолы деуге
болады. Бұл өзекжарды мәселелер қазіргі білім беру үрдісіндегі оқушының
өздік жұмысын ұйымдастыруға байланысты орнын дәлелдейді.
"Өздік немесе өз бетінше жұмыс термині – негізінен педагогикалық
термин. Ол оқу орындарында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының бірі болып
табылады. [7,42] 
Оқыту процесіндегі оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстары
дегеніміз не? деген сұраққа кез-келген мұғалімдер: Бұл мұғалімнің
көмегінсіз оқушылардың өздері істейтін жұмыстары - деп жауап береді. Бірақ
айқын да анық сияқты көрінетін бұл мәселе тарихы әріден басталатын, қазірде
біржолата шешіле қоймаған күрделі мәселе.
Оқыту процесіне енгізілген оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстары
дегеніміз - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ
тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс. Оқушы тапсырмада қойылған мәселені
саналы түрде ақыл-ой мен күш – жігерін жұмылдыра отырып шешуші және өз
жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс.
Демек, оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстары жай жаттығу,
көшіріп жазу, кітаптан үзінді оқу т.б. емес. Біз қарастырып отырған өз
бетінше жұмыстар үшін белгілі дәрежеде оқушының ақыл-ой, күш-жігер, білімі
мен қабілеті жұмсалады.
Өзіндік жұмыс өз бетінше іс-әрекет арқылы іске асады. Өзіндік оқу іс-
әрекеті дегеніміз – бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді
өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік тәсілдерін болжау және
анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы негізінде
педагогикалық үдеріске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан
жеке тұлғаның кіріктірілген білімі.
Оқушылардың мұғалімнің қатысынсыз өз бетінше істейтіндерінің бәрін
олардың өз бетінше істейтін жұмыстарының қатарына жатқызуға болмайды екен.
Бұл жөнінде Б.П.Есиповтың пікіріне қосыламыз.
Ол былай дейді:
1) Оқушылардың барлық әрекеттерінде өзіндік істейтін жұмыстың
белгілері кездеседі. Өйткені әрбір оқу ісі оқушылардан белгілі дәрежеде
белсенділікті қажет етеді.
2) Оқу процесіндегі оқушылардың дербестігі тапсырма орындату,
жұмыс сипатын өзгертіп отыру арқылы бірте-бірте арта беруі тиіс.
Оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстарын оқыту процесіне ендірудің
психологиялық негізі мынаған да байланысты. Психологтар мен дидактиктер
ойлауды белсенді ой, дербес ой және шығармашылық ой деп бөледі. Мысалы,
шығармашылық ой – дербес әрі белсенді болады. Бірақ белсенді ойдың бәрі
бірдей шығармашылық ой бола бермейді. Мұны байқау үшін бір-екі мысал
келтірейік. Оқушы сабақ барысында мұғалімнің анықтаманы түсіндіруін
зейінмен тыңдайды. Материалды түсіндіруге тырысады. Бұл ынтадан белсенді ой
пайда болады. [4,69] 
Енді бірде мұғалім жаңа материалды оқулықтан оқушылардың өздері
оқып, оны талдап түсіндіруді тапсырады, мұндай тапсырманы орындау барысында
оқушыларда белсенді ой дербес ой әрекетін атқарады. Келесіде мұғалім тиісті
түсіндіру жұмысынан кейін таныс емес жолды не мәселенің шешімін табуды
оқушылардың өздеріне тапсырады.
Оқушылар тапсырманы орындау барысында талдау, салыстыру,
қорытынды жасау үшін белсенді, дербес әрекеттенеді. Сөйтіп, шығармашылық
ойға көшеді. Сондықтан оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарын ең
алдымен, оқушының белсенділігі, дербестігі ұғымдарымен байланыстыра қарау
керек болады.
Оқушының оқудағы белсенділігі дегеніміз – оның оқуға қажетті
білім, дағды, іскерлік қабілетті меңгерту және оларды өмірде, практикада
қолдану жолындағы саналы ерікті әрі мақсатты әрекеті болып табылады.
Мысалы: мұғалімнің түсіндіріп тұрған материалын ұғынып, түсініп алу үшін,
оқушы оған көңіл қойып тыңдуы керек.
Мектепте оқушылар өзінің ақыл-ойының даму дәрежесіне сай
берілген білімді саналы түрде ұғынып, игеретін болуы керек, үйретілген
ереже, қорытындыларды талдай білетін болуы міндет. Бұл үшін оқушылардың
ақыл-ойының белсенділігін барынша дамытып, оарды шамасы келетін оқу
тапсырмаларын өз бетінше орындай білуге үйрету қажет.
Оқушыларға өзіндік жұмыс істеуге дағдыларын тәрбиелеу басты міндет
болып саналады. Өйткені, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс уақытта өз
бетінше орындайтын жұмыстарын кеңінен өрістетіп, оны жүйелі тәртіпке салу
арқылы мұғалім оқушыларға білім негіздерін берік игертеді, білімді тұрмыста
пайдалана білуге үйретеді.
Біріншіден, бұл үйге берілетін тапсырманың көлемін ықшамдуға да
көмегін тигізеді.
Екіншіден, кітап бойынша өнімді жұмыс істеуге дағдыланған оқушы үй
тапсырмасын сапалы орындйтын болады.
Өздік жұмыс технологиясының ерекшеліктері:
 1. Түрлі құралдар арқылы оқушылар білім, іскерліктерін жиі тексеру.
2. Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
3. Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы
жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
4. Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себебін зерттеу, анықтау.
5. Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез-келген оқу
тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу
іс- әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз
біліміне сүйеніп жасайтын іс-әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге
сүйеніп жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс-әрекет дейді.
Шығатын қорытынды: оқыту процесіндегі оқушылардың өздік жұмыстары
олардың іс-әрекет дербестігін, ой дербестігін қатар дамытатын, соған жетуге
мүмкіндік беретін жұмыстар болуы керек. [11,55] 

1.2. Өздік орындайтын жұмыстардың түрлері
Педагогикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыс түрлерін әр түрлі тұрғыдан
қарастырып, төмендегідей жіктейді:
1) ұйымдастыру түрлеріне қарай: ұжымдық, топтық, жеке-дара жұмыс;
2) мақсатқа бағытталу сипатына байланысты: теориялық және практикалық;

3) логикалық бағыттылығына байланысты: фактілерді бақылау және ұғымның
белгілерін айрықшалау, құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды анықтату; өз бетімен игерген оқу материалындағы ұғымдарды
анықтау және игергендерді жинақтау; кейбір типтес құбылыстарды айрықшалау;
фактілер арасындағы байланысты анықтау;
4) іс-әрекеттің сипаты бойынша: репродуктивті (қайталаушы),
реконструктивті-вариативті, жартылай ізденісті және зерттеушілік
(шығармашылық) өздік жұмыс;
5) танымдық үдерістегі қолдану орнына байланысты: жаңа білімді қабылдау
және игеру үшін арналған; алынған білімнің негізіндегі өзіндік жұмыстар;
бекітуге бағытталған; білімі мен білігін жүйелеп, жалпылауға бағытталған;
қайталау мен білім, білік және дағдыны тексеруге арналған өздік жұмыс
түрлері;
6) мұғалім тарапынан жасалынатын жетекшіліктің сипатына, нәтижелеріне
бақылау жасау тәсілдеріне байланысты шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге
болады: негізгі сабақ үстінде жүргізілетін өзіндік жұмыстар;
7) жоспар бойынша жүргізілетін жұмыстар, шығармашылық жұмыстар,
сынақтар мен емтихандар түрінде орындалатын өзіндік жұмыстар;
8) оқу және шығармашылық сипаттағы үй тапсырмаларын орындаудағы
сабақтан тыс өздік жұмыстар;
9) оқушылардың өздік жұмыс істеу (дербестілік) деңгейіне қарай:
- еліктеу,
- жаттықтыру,
- шығармашылық,
- зерттеу өзіндік жұмыстары.
Ғылыми-зерттеулерде оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстары:
1) оқушылар орындайтын іс-әрекет түріне;
2) ол әрекеттердің шығармашылық сипатына;
3) оқушылардың ойын қалыптастыруда атқаратын рөліне;
4) білім алу жолына;
5) ұйымдастыру формасына қарай сипатталады. [6,102] 
Дидактикамен айналысушы ғалымдар оқушылардың оқыту процесіндегі
өздік жұмыстарын танымдық әрекет тұрғысынан талдай келе әрбір оқу пәнінің
мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай оның 4 типін анықтады.
1) Үлгі бойынша өзіндік жұмыстар. Бұл жұмыстар – мазмұны әр
түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырылатын жаттығулар.
2) Өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің,
дағдының негізінде орындалатын практикалық-интеллектілік жұмыстар.
3) Өзіндік істейтін вариантты жұмыстар. Бұлар ғылыми білімді
қолдана білуге арналады, проблемалық мазмұнда болады. Жаңадан білім алу,
логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары
тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.
4) Өзіндік істейтін шығармашылық жұмыстар. Ол ой мен іс-
әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өзіндік жұмыс
істеудің ең жоғарғы сатысы болыр табылады.
Бұл аталған өзіндік жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу,
зерттеу, шығармашылық жұмыстар деп топтастыруға болады.
Жаттығу жұмыстары. Жаттығу деп – белгілі бір дағдыны, іскерлікті
немесе ереже-анықтаманы, әдісті т.б. үйрену, меңгеру үшін, бір істі
қайталап істеуді айтамыз. Оқыту процесіндегі оқушылардың еңбектерінің
бірқатары осындай түрлі жаттығу жұмыстарына жатады.
Зерттеу сипатты жұмыстар. Оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі
мен дербестігін қалыптастыру, өз бетінше жұмыс істеуге үйретуде зерттеу
элементтері бар проблемалық тапсырмалардың орны ерекше.
Мектептерде сабақ процесінде проблемалы тапсырмалар арқылы
оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың мұғалімнің баяндауына ғана
құрылған оқудан көп айырмасы, артықшылығы бар.
Біріншіден, проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай
және қалай пайда болатындығын оқушылар үшін дәлелді етеді, осы арқылы білім
нанымды және сапалы меңгеріледі.
Екіншіден, проблемалы тапсырмалар оқушыларды ғылыми және логикалық
ойлауға үйретеді, ғылыми іздену жолына бағыттайды.
Үшіншіден, проблемалы тапсырмалар эмоцияға молырақ әсер етеді,
сондықтан балалардың оқуға қызығушылығын арттырады, білімге іштей
құмартушылықты дамытады.
Шығармашылық жұмыс. Әрбір зерттеу сипаты бар жұмыста азды-көпті
шығармашылық еңбек, ал шығармашылық жұмыстың негізінде зерттеу жатыр.
Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын зерттеу сипатты жұмыстары мен
шығармашылық жұмыстарын бөліп қарастыруда шарттылық бар. Бұлардың
арақатынасын айқындау үшін, алдымен оқушылардың шығармашылық жұмыстары деп
нені айтатынымызды қарастырайық.
Шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербес іс-
әрекетінің ең жоғарғы формасы. Сонда оқушылардың шығармашылық жұмысы
дегеніміз – оқушылардың шығармашылық еңбегіне еркін тақырыпта шығарма,
оқыған кітаптарында рецензия жазуда да мұғалімнің түсінік нұсқау беруінен
кейін немесе өз иннициативасымен практикалық жұмыстар істеуін немесе
алдарына қойылған мәселені өздерінің шешуін де т.б. жатқызылады.
Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық еңбегі – жаңа бір
нәрсені жасай, табумен ғана шектелмейді, ол сол жаңаны табуға, жасауға жету
жолын да қамтиды. [13,98] 
Бір оқу жұмысы, мұғалімнің тапсырмасы болмасын, оны орындауда оқушының
білімі мен дағдысы, қабілеті жұмсалатын және онан шәкірттің білімі мен
іскерлік қабілеті көрінетін болса, сондай-ақ бұл еңбек оқушының осы
қасиеттерін бір саты дамытатын болса, мұндай істердің бәрін шығармашылық
жұмысқа жатқызамыз.

1.3. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Бастауыш сынптарда пәндерді байланыстыра оқыту шығармашылық
тұлғаның қалыптасуына жол ашып, білім тұжырымдамасында айтылған басты
қағидалардың орындалуына игі ықпалын тигізетіні сөзсіз. Оқушылардың білім
деңгейін оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруде де пәнаралық
байланысқа негізделген. Оқушылардың білімін тереңдете түсуде, білімін
шығармашылық деңгейде көтеруде өздік жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызы
үлкен.
Оқушылардың танымдық қызметін дұрыс қалыптастырудағы өз бетімен
жұмыс істеу процесінің сапасын тану, алған қойған барлық міндеттердің бірі.
Оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын тәрбиелеу бала мектепке келген
күннен, мектепті бітіріп шыққанға дейін жүргізіліп отыратын процесс.
Сондықтан да өздік жүргізілетін оқу жұмысы жеңілден ауырға қарай сатылай
дамып, күрделеніп отырғаны жөн.
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақтары оқушылардың
өздік орындайтын жұмыстарымен ұштастырылып отырады.
Өздік жұмыс жасауға үйретуде негізінен екі түрлі мақсат көзделеді:
1) кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру;
2) тапсырманы өзбеттерімен орындауға үйрету, өз еңбектерінің
жемісін көріп, рахат сезіміне бөленуге жағдай жасау.
Сабақ барысында оқушылардың өздік орындайтын жұмыстардың негізгі
мазмұны оқушылардың ой белсенділігін арттыру, мұғалім оқу кітабындағы
материалды толық оқып шығып, оның қандай бөлігіне басшылық керек, ал қандай
бөлігіне балалардың өздіктерінен орындауларына беруге болатынын анықтайды.
[11,84] 
Өздік орындайтын тапсырманың түрлерін, оның сабақтағы орнын
белгілейді, мақсатын түсіндіреді, орындалу барысын тексереді. Тапсырманы
ауызша да беруге болады, бірақ егер жұмыс бірнеше этаптан тұратын болса,
онда ол жұмыстың орындалу тәртібін көрсетіп, тақтаға жазады.
Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмыстарының түрлері:
1.Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында берілген
материалдардың тізімімен) таныстыру; оқу кітабында қандай бөлімдер бар, не
туралы оқығандарыңды кітаптың мазмұнынан белгілеу берілуі мүмкін.
2. Шығарманың балалардың іштерінен оқуы. Әдетте мұндайда сұрақтар
қойып, сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны суреттейтін үзіндіні
оқиды, мәнерлеп оқуға дағдыланды.
3. Жоспар жасау жұмысы.
4. Тапсырманы өңдеу. Жаңа сөздерді жазу, қорытынды шығару, ойдан
өлең шығару және т.б.
5. Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына көңіл аудару.
Оқушылардың өзіндік орындайтын жұмыстарына көңіл аудару – олардың
белсенділігін көтереді.
Өздік білім алу, өз білімін өзі бақылай алу қағидасы, негізінен,
оқушының өзін-өзі бағалай білу шеберлігі мен өз білімін белсенді түрде
толықтыру және жетілдіру қабілетін дамытуға қарай бет алады. Бұл –
оқушылардың интеллектуалдық және эмоционалдық дамуын жетілдіріп,
қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Өздік орындалған жұмыстың бақылауы мен
тексерілуі барысында талқылаулар өткізіліп, баяндамалар тыңдалып, реферат,
конспекті, түрліше сарамандық жұмыстар, тапсырмалар орындалады. Оқушылардың
өздік жұмыс істеу моделін төмендегі кестеден көруге болады.
Өзіндік жұмыс істеу моделі

Талдаулар Рөлдік ойындар Сарамандық
Тест алу
Жаттығулар
тапсырмалар Бағдарламалық

бақылаулар
Фактілер жинау Ойын жоспар Өндіріспен
Ойын-әңгіме

байланыс Реферат

Бұл модельден 3 кезеңді айқын көрсетуге болады.
Бірінші кезеңде ӨБЖ (өз бетімен жұмыс) оқу мазмұнымен тікелей
байланыста болады.
Екінші кезеңде алған оқу мазмұнының беріктілігі принципі
негізінде, оны әрі қарай жалғастыру мақсатымен ойын түрлері жүргізіледі.
Үшінші кезеңде осы дағдылардың нәтижесін өндірісте пайдалана білу
дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Соңғы бақылау-тексеру – түрліше
әдістерді қолдана отырып, осы 3 кезеңнен өткен мәліметтерді талдауға, соның
арқасында оқушылардың ӨБЖ орындау деңгейлеріне талдау жасалады.
Ал, енді вертикальді қарасақ, көрсетілген модельдің тағы да үш
деңгейге бөлінетінін көруге болады.
1-дейгей-тұтас ӨБЖ түрі.
2-деңгей-ӨБЖ-ты жүзеге асыру формалары.
3-дейгей-ӨБЖ-ты жүзеге асыру әдістері.
Сонда ӨБЖ-тың горизонтальды және вертикальды сызықтарының
түйіскен нүктесі – олардың осі болып табылады. ӨБЖ формаларының жүзеге асуы
- ӨБЖ әдістерінің тиімді іріктеуіне көп байланысты десек, әдістердің өз
орнын тауып қолданылуы оқушылардың ӨБЖ –тың қаншалықты жоспарлы, жүйелі
ұйымдастырылып отырғандығына байланысты.
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын сабақ үстінде қалай
жүзеге асыруға болады, мұны оқулық бойынша жүргізілетін жұмыстардан
бастаймыз. Оқушылар білімді сабақ үстінде меңгеріп, іскерлік пен дағдыны да
сабақ үстінде алуы тиіс.
Егер, сабақ үстінде олар тек әрекетсіз тыңдаушы ғана болып
отырса, бұл міндет жүзеге аспай қалады.
Демек, сабақ үстінде оқушылардың өзіндік істейтін жұмысына
елеулі уақыт бөлу керек. Сынып жоғарылаған сайын, сабақта оқушылардың бұл
жұмысына берілетін уақытта артуы тиіс. Мұнымен бірге ол жұмыстың сапасы да
жақсара білуі қажет. [3,82] 

ІІ. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстарын
ұйымдастыру жолдары
2.1. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары

Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың
өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың
өздік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу
жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.
Өздік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр
түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде
оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі
орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық,
бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Қазақ тілі сабағының дидактикалық мақсатына қарай өздік жұмыстар:
1) жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық,
2) жаңа материалды оқып үйрену,
3) бекіту,
4) қайталап пысықтау,
5) бақылау деп бөлуге болады.
Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың жеке бас ерекшелігіне
қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және тәжірибелік жағынан
сараланған түрде даралап оқыту, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру,
өзіндік ой-пікірін дамыту.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын қазақ тілін оқыту процесінде
қолдануда көрнекті ғалым және әдіскер В.В.Голубковтың оқыту жұмыстарының
қандай түрі болса да даралап алмай барлық оқу-тәрбие жұмысымен етене
байланыста алғанда ғана тиімді, маңызды болады деген пікір айтқан болатын.
Сондықтан:
1. Жай жоспар жасаудан түрлі тақырыптарға шығарма жазуға дейін,
шығармашылық шығармадан – оқушылардың өз шығармашылығына дейін;
2. Көркем мәтінді қарапайым талдаудан мазмұн мен форма бірлікте
алып тұтас талдауға дейін;
3. Оқулықпен істейтін қарапайым жұмыстан 2-3 қосымша оқулықтарды
пайдаланып, шығармашылық жұмыс істеуге дейін;
4. Лекция жоспарын жасауға конспект, тезис, реферат жасауға
дейін;
5. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беруден баяндама, диспутқа дейін
барлық жұмыс жүйелі түрде, оқушыны өз бетінше жұмыстан білім алуға үйретуді
мақсат етіп ұйымдастырылуы керек.
Оқушылардың қазақ тілі сабағында өздік орындайтын жазбаша
жұмыстарының түрлері.
1. Шығарма жаздыру – дәстүрлі оқытуда да, тәжірибеде де ежелден
келе жатқан әдіс. Оқытуды технологияландыру кезеңі оныњ тың жолдарынан,
ұтымды әдістемесінен ізденуді талап етеді. Оқушылардың өз бетімен жұмысына
негізделген шағын шығарма түрлері арқылы оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі
– сол тың жолдардың бірі.
Оқушылардың өзіндік орындайтын жұмыстарының ішінде шығарма басты
орын алады. Шығармадан оны жазған жеке оқушының өзіндік даралығы: жазып
отырған тақырыбына көзқарасы, түсінігі, ой-пікірі, бұларды өзінше дәлелдеп
жеткізу ерекшелігі айқын танылады. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарында
шығарма жұмыстары тақырыбы жағынан дұрыс таңдалып алынатын болса, оның
оқушылар үшін білімдік те, тәрбиелік те маңызы зор.
Шығарма жазу оқушылардың шындыққа нақты қатысын қалыптастырады,
еңбек үсінде өздерінің ой өрісін, тіл байлығын, шамаларын байқауына жағдай
жасйды. Өз күшіне сенімін арттырады. Сонымен бірге шығарма мұғалімнің
оқушының жеке басын: ерекшелігі мен икемділік қабілетін т.б. тануын да
үлкен мүмкіндік береді.
2. Диктант жаздырту. Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде де ежелден
келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласына жатады. Диктанттың бірнеше түрі
іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді.
Олар: терме диктанты, бақылау диктанты, көру диктанты, түсіндірмелі
диктант, сөздік диктанты, өздік диктанты, ескерту диктанты, ерікті диктант,
шығармашылық диктант.
Диктанттарды жүргізудің басты мақсаты төмендегідей сараланады:

1) қазақ тілінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын
жетілдіру;
2) сауаттылыққа, жазу мәдениетіне баулу;
3) көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту;
4) білімді өз ізденістері арқылы алу, өзін-өзі тану іс-әрекеттерін
ұйымдастыру;
5) тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын
жетілдіру. [6,79] 
Қайталау кезінде өткен білімді тек еске түсіріп қана қоймайды,
оқушылар бұрын назарға алмаған мәселелерге жаңаша қарап, білімдерін
толықтыра түседі. Мұғалім жұмыстың алдымен мақсатын айтады, оны орындаудың
жолдарын түсіндіріп, нұсқау береді. Оқушылар ойларын жинақтап, тақырып
бойынша пікір-сыр жазуға талаптанады.
1. Оқулық бойынша өзіндік жұмыс.
Жалпы кітап, оның ішінде оқулықтардың ең алдымен білімдік маңызы
өте зор. Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге үйретуде оқулықпен қоса
хрестоматия да – мұғалімнің көмекшісі. Сабақтың сапасын жақсартып,
оқушылардың үлгерімін арттыру мәселесі сабақта оқулықтың рөлін көтерумен
тікелей байланысты. Мұны тәжірибе айқын көрсетіп жүр. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнінен өздік жұмыстарды ұйымдастыру
Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫНА ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСІНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру (математика пәні 3-сынып)
«Математика» пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Кәсіби оқыту
Химия сабағындағы өздік жұмыстар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Пәндер