Қазақ тіліндегі сөз мағынасының даму ерекшеліктері
Кіріспе
I. Сөз және мағына.
1.1 Сөз мағынасының түрлері
1.2 Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары
II. Сөз мағынасының дамуы.
2.1 Сөз мағынасының дамуы және тарылуы
2.2 Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
2.3 Көпмағыналылық (полисемия) және контекст
2.4 Сөз мағынасының өзгеру себептері.
ІІІ. Сөз мағыналарын оқыту жолдары
3.1 Сөз мағынасын оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Тақырып өзектілігі. Сөз мағынасы – белгілі бір зат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстар, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.
Мағына өзгеріп, жаңарып, жоғалып та отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздердің бірқатары алғашқы мағынасын сақтаса, енді біреулері қосымша, үстеме мағыналармен өзгерген. Сөздердің беретін лексикалық мағыналары, өзгеру ерекшеліктері, шығу тектері түсіндірме, этимологиялық, диалектологиялық сөздерде көрсетіледі.
Сөздің мағыналығы оның пайда болуымен бірге өмір тәжірибесімен тығыз байланысты жағдайда ғана білінеді. Ойдың мазмұны тілдік формада берілетін болғандықтан, ұғым сөз арқылы беріледі де, сөзге тіркеулі, бекітулі болады. Айтушы мен тыңдаушының қатынасы тіл қалпында беріледі.
Таза сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап қынжылып айтса керек.
Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергенімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, кез келген әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені жөн.
Әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: бүкіл әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік; мал, мүлік, көңіл-күй одағайы, т.б. немесе мағынасы бір-біріне жуық, мәндес сөздер болғанымен, синонимдер көп жағдайда бірінің орнына бірі жүре алмайды.
Ал бір-біріне кереғар, қарама-қарсы мағынадағы антоним сөздер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құрамы болып есептеледі.
Кез клген тілде дыбысталуы бірдей, бірақ басқа-басқа мағыналарды білдіретін сөздер қаншама! Ондай сөздерді омонимдер деп атайды. Омонимдерді орнымен қолдану сөйлеуде қателік жіберуден сақтандырады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер дәлдікпен қолданғанда, ойдың айқындалғанымен қоса, сөйлеудің көркемділік деңгейін көтереді.
Қайсібір тілді алсақ та олардың сөздік қорында сөздерге мағыналық өң беріп, бейнелі тіркестер жасалу мүмкіндігі шексіз екендігін көреміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: cөз мағынасы жөнінде жазылған ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, әдістемелік құралдарды пайдаланып, оқушыларға теориялық білім беру тәсілдерін, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, өз ойын басқаға жетік түсіндіре алатын тұлғаны қалыптастыру, тіл байлығын, сөздік қоры мен шығармашылық деңгейін көтеру жолдарын саралау.

1. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962
2. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»
3. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962
4. М. Белбаева «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы. 1976
5. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»
6. Ә. Болғанбайұлы, Ғ. Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы » Алматы. Санат 1997
7. Айғабылов А. Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті. 1982
8. Ұйықбаев И. Лексиканы оқыту. Қазақ тілі методикасының мәселелері. А., 1969
9. Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикологиясы. –Алматы, 1995
10. Айдаров Т. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. –Алматы, 1975
11. Қалиев Б., Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері - Алматы: КазУ, 2002
12. Қалиұлы Б. Сөзстан (Мақалалар жинағы) - Алматы: КазУ, 2009

Мазмұны
Кіріспе
3
I. Сөз және мағына.
5
1.1 Сөз мағынасының түрлері
5
1.2 Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары
6
II. Сөз мағынасының дамуы.
8
2.1 Сөз мағынасының дамуы және тарылуы
8
2.2 Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
10
2.3 Көпмағыналылық (полисемия) және контекст
12
2.4 Сөз мағынасының өзгеру себептері.
17
ІІІ. Сөз мағыналарын оқыту жолдары
21
3.1 Сөз мағынасын оқытудың мақсаттары мен міндеттері
21
Қорытынды
25
Пайдаланған әдебиеттер
27
Қосымша
30
Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Сөз мағынасы - белгілі бір зат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстар, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.
Мағына өзгеріп, жаңарып, жоғалып та отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздердің бірқатары алғашқы мағынасын сақтаса, енді біреулері қосымша, үстеме мағыналармен өзгерген. Сөздердің беретін лексикалық мағыналары, өзгеру ерекшеліктері, шығу тектері түсіндірме, этимологиялық, диалектологиялық сөздерде көрсетіледі.
Сөздің мағыналығы оның пайда болуымен бірге өмір тәжірибесімен тығыз байланысты жағдайда ғана білінеді. Ойдың мазмұны тілдік формада берілетін болғандықтан, ұғым сөз арқылы беріледі де, сөзге тіркеулі, бекітулі болады. Айтушы мен тыңдаушының қатынасы тіл қалпында беріледі.
Таза сөйлеу - ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман дегенде ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап қынжылып айтса керек.
Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергенімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, кез келген әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені жөн.
Әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: бүкіл әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік; мал, мүлік, көңіл-күй одағайы, т.б. немесе мағынасы бір-біріне жуық, мәндес сөздер болғанымен, синонимдер көп жағдайда бірінің орнына бірі жүре алмайды.
Ал бір-біріне кереғар, қарама-қарсы мағынадағы антоним сөздер - ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құрамы болып есептеледі.
Кез клген тілде дыбысталуы бірдей, бірақ басқа-басқа мағыналарды білдіретін сөздер қаншама! Ондай сөздерді омонимдер деп атайды. Омонимдерді орнымен қолдану сөйлеуде қателік жіберуден сақтандырады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер дәлдікпен қолданғанда, ойдың айқындалғанымен қоса, сөйлеудің көркемділік деңгейін көтереді.
Қайсібір тілді алсақ та олардың сөздік қорында сөздерге мағыналық өң беріп, бейнелі тіркестер жасалу мүмкіндігі шексіз екендігін көреміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: cөз мағынасы жөнінде жазылған ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, әдістемелік құралдарды пайдаланып, оқушыларға теориялық білім беру тәсілдерін, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, өз ойын басқаға жетік түсіндіре алатын тұлғаны қалыптастыру, тіл байлығын, сөздік қоры мен шығармашылық деңгейін көтеру жолдарын саралау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға грамматикалық мағынаға байланысты берілетін білім көлемін анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.
Зерттеудің болжамы: егер мұғалім сабақта сөздің тура және ауыспалы мағыналарын оқытудың мақсат, міндеттеріне жетудің тиімді, нақты жолдарын анықтаған жағдайда белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Мақсатты айқындауда мұғалім оқушының жеке басын, интелектісін, оқу іс-әрекетін өз мүмкіндігінше ескеріп, өтілетін тақырып мазмұнын зерттегені дұрыс. Ал педагогикалық технология ерекшелігі - оның талабы. Осы мақсатқа жетуді оқушының өзі арқылы, оның оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асыруды қарастырар едім. Берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Зерттеудің әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Зерттеудің нысаны: сөз мағыналарының түрлері
Пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Шымкент қаласы № 38 орта мектеп 5 Б сыныбы
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Сөз және мағына.
1.1 Сөз мағынасының түрлері
Қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде әсіресе, Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық ерекше аталады. Қазақ әдеби тілінің Кеңес дәуіріндегі дамуын мерзімді баспасөз тілінің негізінде зерттеген С. Исаев: Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде - ақ көркем шығарма тілінің дамуымен қабат ресми стильдің көрінісі ретінде ғылми шығарма, публицистикалық шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады, - деп жаза отырып, мынадай қорытындыға келеді: Совет дәуіріндегі газет-журнал тілін зерттеудің нәтижесінде жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқалады. 20 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскенін көреміз. Әсіресе, кітаби тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады
20-жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының ғылым тілін ана тілінде қалыптастыру жөніндегі бастамалары ғалымдарымыздың айрықша назарын аударатындығы ілгеріде де айтылды.
Сөз мәдениеті пәнінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің өткендегісімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды.
Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы онын лексикалық мағынасы болады: Тау, тас, орман. Ал осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырғанда, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады: Тау мен тасты жел бұзар; Орман -- ел байлығы деп, сөйлем құрастырсақ, тау, тас, орман, ел, байлық деген сөздер, бір жағынан, жеке-жеке ұғымның атауы болып, лексикалық мағынаны білдіреді. Екінші жағынан, ол сөздердің барлығы да жалпы зат атауы мәнін білдіріп, зат есім болып тұр. Бұл -- сол сөздердің грамматикалық мағынасы. Егер бұларға грамматикалық талдау (грамматикалық тұлғалары мен атқаратын қызметтеріне қарай) жасасақ, олардың әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұрғанын байқаған болар едік. Мысалы: тау және тасты деген сөздер әркайсысы белгілі бір ұғымды білдірсе (бұл -- лексикалық мағынасы), оның үстіне бұл екі сөз де жалпьг жансыз зат атауы және табыс септік жалғауы арқылы бұзу қимылының тура объектісі мәнін (нені бұзар?) білдіріп тұр. Сондай-ақ жел -- әрі жалпы жансыз зат атауы, әрі қимылды атқарушы (бастауыш) -- не бұзар? Бұзар -- жалпы қимылды білдіреді және -ар қосымшасы арқылы шақтық (болжалды келер шақ), 3-жақта түруы арқылы жақтық, баяндауыштық мәнде тұр. Бұлардың барлығы -- грамматикалық мағыналар. Сондықтан сөзде бір лексикалық және бір я бірнеше грамматикалық мағына болады дейміз.
Сөздер толық (лексикалық) мағынасы бар негізгі сөздер және лексикалық мағынаны білдіре алмайтын көмекші сөздер болып та бөлінеді: Жұмыстан кейін киноға бардым десек, сөйлемдегі жұмыстан, киноға, бардым дегендер -- толық мағыналы сөздер, өйткені олардың әрқайсысы өздігінен тұрып белгілі бір ұғымды білдіре алады. Ал сөйлемдегі кейін сөзі өздігінен тұрып ешбір ұғым білдіре алмайды, өзінің алдындағы сөзге тіркесіп барып мезгілді, уақытты білдіреді. Сондықтан кейін сөзін көмекші сөз дейміз. Асқар келгенде, Ботагөз ұйықтап қалып еді деген сөйлемде Асқар келгенде, Ботагөз, уйықтап негізгі толық мағынаны, ал қалып еді сөздері көмекші мағынаны білдіріп тұр. Калып еді етістіктері өздігінен толық мағынаны білдіре алмай, ұйықтап көсемшесіне тіркесіп барып бір істі, әрекетті (бір мағынаны) білдіреді.

Құбылыстар мен заттардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ. Сондықтан сөз тарихы тіл тарихымен, тіл тарихы халық тарихымен, халық тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Адам баласы өзінің жаратылысынан белгілі қоғамда өмір сүріп келеді. Өмір сүруге қажетті заттарды өндіруде де олар бірлесіп атқарған. Осындай бірлесіп атқарған еңбектің өзі адамзаттың ойлай білуге, сөйлеуге мәжбүр еткен. Тіл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетеді. Әрбір тілдің сөздік құрамындагы сөздер халықтың басынан еткен ұзақ сонар тарихын, оның саяси-әлеуметтік өміріп, тұрмыс салтын, күнкөріс-тіршілігін, мәдени-рухани өмірін, бүкіл экономикасын айнытпай айқын бейнелеп бере алады.
Қазақ халқының да көне заманнан бері карай өзімен қоса жасасып келе жатқан бай сөздік құрамы бар. Сөз байлығы ұрпақтан ұрпаққа өтіп, бірден-бірге жоғалмай сақталып келеді.
Сөз мағынасының екі түрі бар: лексикалық мағына және грамматикалық мағына. Сөздің лексикалық мағынасы лексикологияда зерттеледі. В.В.Виноградовтың анықтамасы бойынша сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз - "тілдің грамматикалық зандарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән жалпы семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны". Сөздің лексикалық белгілерін анықтау қажет. Осы айтылған шартты белгілер тұрғысынан қарасақ, мысалы, сиыр сөзінің анықтамасында мынадай заттық белгілер қамтылуға тиіс: 1) заттық мазмұны жағынан төрт түлік малдың бір түрі екендігі, 2) сырт көрінісі жағынан ірі қара малға жататыны, 3) табиғаты жағынан: а) мүйізді ірі қара мал, ә) айыр тұяқты мал, б) күйіс қайыратын мал екендігі. Міне сиыр сөзінің осындай белгілері оның басқа мал түрлерінен ерекшелігін білдіреді.
Лексикалық мағына - сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единица) қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс, әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. Ол - сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады.
Сөз мағынасынан әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, өзіндік бояуы айқын көрінеді. Мысалы, сарай қазақ тілінде әсем де салтанатты ғимарат, зәулім құрылыс, үй мағынасын білдірсе, ал түркі тілдерінен ауысқан сарай сөзі орыс тілінде бұған керісінше әр түрлі шаруашылық заттарын сақтайтын қора немесе қораштау үлкен үй мағынасында айтылады. Ми деген сөздің қазақ тіліндегі нақты лексикалық мағынасы бас миын білдіруі, сол себепті ми дегенді қазақ тек осы мағынада түсінеді, ал орыс тілінде мозг сөзі тек бас миын емес, жілік майын да білдіретіндіктен, оларды бір-бірінен айырып көрсету үшін, головной мозг, костный мозг деп бөліп айтады.
Туыстас тілдердегі сөздер бір-бірімен айтылуы (дыбысталуы) жағынан ұқсастау болып келгенімен, мағына жағынан алшақ болуы ғажап емес. Мәселен, қазақ ерсі деген жағымсыз мағынада қолданылады.
Сөз мағынасы әрқашан бір қалыпта тұрмайды. Тіл жүйесінің ішкі заңдылықтары және одан тыс ақиқат өмірдегі мәдени-тарихи, санадағы психологиялық езгерістер сөздің лексикалық мағынасының мазмүнына әсер етіп отырады. Лексика дамуындағы тарихи кезеңдерде сөз мағынасы кеңейіп, тарайып не жаңарып, жаңғырып болмаса қолданудан шығып қалып отырады. Мысалы, қыз-қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданылмайтын қырқын сөзі көне түркі тайпалары тіліңде "күң қыз", "күңнен туған қыз" мағынасында қолданылған. Кейін ол өзінің дербестігінен айрылған соң, бұл мағынада қолданылмайтын болды да, қазір қыз сөзімен қосарланып, "қыз балалар" мағынасын береді. Адам немесе малдың дене мүшесінің атауын білдіретін кіндік сөзінің мағынасы кеңейіп, 1920 жылдар да "белгілі бір ел, мемлекет не ұйымға тән орталық" деген мағынада қолданылды: "Орынборда кіндік үкіметтің тілі "Еңбекші қазақ"газеті бар" (С.Сейфуллин).
Сөздің лексикалық мағынасы дамуының жоғарыдағыдай тарихи сипаты белгілі дәрежеде түсіндірме және этимологиялық сөздіктерде ашылып отырады. Сөз және оның лексикалық мағынасы жайында жалпы ақпар осындай.
Ал сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағына. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы негізінде туады, бұл екеуінің арасыңда тығыз байланыс бар. Лексикалық мағынамен қатар жарыса қолданылып, оны айқындап, саралап отырады.
II. Сөз мағынасының дамуы.
2.1 Сөз мағынасының дамуы және тарылуы
Сөз мағынасының дамуы тілдің ішкі және сыртқы себептері арқылы жүзеге асады. Сөз мағынасының дамуындағы ішкі себептер - тілдің өз мүмкіндігін пайдаланып, семантикалық заңдардың нәтижесінде сөз мағынасының ұлғаюы. Мысалы: жұрнақ - 1. тура мағынасы: бір нәрсенің қалдығы; 2. термин.
Сөздің сыртқы заңдылықтар арқылы дамуына тілден тыс қоғамдық, әлеуметтік, тарихи жағдайлар мұрындық болады. (қатын - хатун - әйел)
1. Сөз мағынасының кеңеюі - сөз тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынаның үстіне жаңа мағынаның жамалуы: құн, талқы
2. Сөз мағынасының тарылуы - тарихи, әлеуметтік, қоғамдық жағдайларға қара сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуы: (қарындас, жесір)
Метафора - метафоралық ауыс мағына туғызу, сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір заттың атауы басқа бір затқа атау болуы. Бұл - ұқсасту заңына негізделеді. 1. Тілдік метафора. 2. Поэтикалық метафора.
1. Тұлға ұқсастығы: адамның көзі - бұлақтың көзі, істің көзі
2. Қимыл ұқсастығы: тіл - адамның тілі, сағаттың тілі, техниканың тілі
3. Заттың қызыметіндегі ұқсастық: адамның басы - ел басы
4. Ұғымның бір-біріне қатынасынан туған ұқсастық: жіңішке - жіп, бел
Поэтикалық метафора - ойды әсерлі, әрі айқын етіп жеткізудің бір тәсілі, ой көркемдігі, жалпыхалыққа таныс белгілі суретке негізделген болады: шөл кемесі - түйе, ақ алтын - мақта, сары алтын - бидай, қара алтын - көмір.
Метонимия - өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір заттың екінші бір затқа атау болуы:
1. Қимыл-әрекет және оның нәтижесі: өз үйінде ою оймаған кісі үйінде кесте тігеді: 1. қимыл атауы. 2. зат атауы
2. Зат пен оның ішкі мазмұнының арасындағы шектестік: Қазан піскенше кел, ауыл оянды
3. Материал мен одан жасалған зат арасындағы шектестік: Кигені құндыз, жібек бағалы материалдар.
4. Жалқы есімдер мен олардың арасындағы шектестік: Қожанасыр - аңқау, Асан қайғының күйі - уайымшыл, Қодар, Бекежан - қатігез
5. Сапалық сын есім мен олардың заттануы: қара көрінді - зат, артымда қалар қарам жоқ - адам, қара ниеті - пейіл, қара жамылды - қайғы, қарадан шығып, хан болмас - тек, кедей қызының қалыңы 10-15 қара - мал.
6. Автор мен шығарма арасындағы байланыс: Манасты хатқа түсірген, Абайды сүйсең, менше сүй.
7. Жалқы есімдердің бір-бірімен шектестігі: жеңгемнің қолын сағындым.
Синекдоха - бүтіннің орынан бөлшек, бөлшектің орнына бүтінді қолдану. Ақ жаулық, тұяқ, ақсақал, бөріктілер.
Тілдегі бір сөз, негізінде, бір мағынаға ие болады. Әр сөзді сөйлемде өз орнына, өз мағынасында дұрыс қолдану үшін сөздің негізгі мағынасын білу өте қажет. Сөздердің мағынасы сөйлем ішінде белгілі контексте ғана айқындалады. Тілдегі сөздердің барлығы бірдей дербес ұғымды, бір мағыналы болып келмейді. Кейде бір сөздің әр сөйлемде әр түрлі сөздердің тіркесіне қарай беретін мағыналары құбылып, көп мағыналы болып та келеді. Мысалы, Жер бір тәулікте өзінің осін бір айналып шығады. Колхозшылар жер жыртуға кірісті. Олар екеуі екі жерде тұрады. Шырағым, қай жерің ауырады деген сөйлемдердегі жер сөзінің мағынасы әр сөйлемде әр түрлі болып құбылылып тұр. Бірінші сөйлемде планета ұғымында, екіншіде егіс ұғымында, үшіншіде орын деген мағынада, тертіншіде apa деген ұғымда қолданылып тұр.
Фразеологизм кейбiр табандатқан, әрі қарай жiктеуге пайдаланбайтын және де әдетте өзiнiң iшiнде орын ауыстыру жиiрек рұқсат етпейді. Фразеологизмдердiң семантикалық бiргелiгi жеткiлiктi кең көлемде өзгерте алады: мағыналарын фразеологиялық тiркестерiнен құрайтын сөздерiнен (идиомалар ) фразеологиялық түйдектің фразеологизмнiң мәнiсіне дейін өзгереді. Сөздердің тұрақты сөз тіркесіне айналуы лексикализация деп аталады.
Тіл арқылы қатынас жасау процесінде сөздер, әдетте, жеке дара күйінде емес, бір - бірімен тіркесіп қолданылады. Сөздердің тілдің грамматикалық заңдарына орайласып, емін - еркін тіркесуінен синтаксистік бірліктер - еркін сөз тіркесі мен сөйлемдер жасалады. Сөздердің жалпы тіркесі мен еркін сөз тіркесі сөздердің бір - бірімен емін - еркін тіркесуінен жасалады. Бірақ сөздер бір - бірімен жапа тармағай жұмсала бермейді, мағыналарының үйлесімділігі болғанда ғана тіркесіп жұмсалады. Мағыналық үйлесімділік сөздердің бір - бірімен семантикалық жақтан үйлесуге бейімділігі дегенді білдіреді. Еркін сөз тіркесінде оны құрастырушы сыңарлар (сөздер) мағыналық үйлесімділік шеңберінде басқа сыңарлармен (сөздермен) ауыса алады.
Семантика жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қазіргі қоғам дамуындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Әсіресе, соңғы екі ғасыр көлемінде осы тақырып жайлы талқылау қарқынды түрде дами отырып,, ірі қоғамдық және өндіргіш күшке айналуда. Оның дамуы, рухани құндылықтардың артуы мен ой еңбегінің ауқымының кеңеюіне байланысты.Лингвистика ойының дамуы 20 ғасырда семантиканың проблемасына үлкен қызғушылық көрсетілуімен сипатталады. Осыған куәгерлік лексико-семантикалық өрісіне және лексико-семантикалық сөздердің топтарына және олардың тарихи дамуына арналған көптеген зерттеулер. Мамандар лингвистика саласында ауыспалы мағынасыныың семантикалық ауқымдары, өзінің белгісін белгілейтін, динамикалық белгісі, қатынастың белгісі, белгілі бір класс құбылысқа жатуын жекелеп шығарып отыр. Бүгінгі таңда лексико-семантикалық сөздердің қатынастарының зерттеуі өте өзекті және көкейкесті мәселе, бұл тілдің мән-мағысына байланысты.
2.2 Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөз белгілі зат, құбылыс, ұғым, түсініктердің атауы болады да, негізінде, сол бастапқы атауы мағынасында айтылады. Кейде сөйлем ішінде сөз бастапқы, тура мағынасында қолданылмай, өзге бір түсінік ретінде ауыспалы мағынада да қолданылады. Мысалы, Құрман ұстаның сегіз сиыры бар. Апай майлы төстікті отқа үйте бастады деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы тура мағыналарында қолданылған. Ал Семіздің аяғы сегіз (М. М.), Ол үйдің дастарқаны майлы деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарында айтылмай, ол сөздерге жаңа келтірінді, ауыспалы мағыналар жүктелген. Мұндағы сегіз деген сөз санды білдірмей, көп деген ұғымды білдіріп тұр, яғни мал семіз болса, еті көп болады деген ұғымды береді. Дастарқаны майлы дегендегі майлы деген сөз дастарқанға май жұққан, кірлеген деген ұғымды бермей, ол үйдің дастарқанының үстінде асы мол болады, яғни ол үй асты мол береді деген ұғымда айтылып тұр.
Сөйтіп, сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал-әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын тypaмaғынa дейді. Ал сөз мағынасы ауыстырылып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылса, оны сөздің кeлтipiндi немесе ayыcпaлымaғынасы дейді.
Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі. Сөздердің тура мағынасын тек етістік сөздермен ғана түсіндіріп қоймай, есім сөздермен түсіндірудің көптеген мысалдары бар. Үй, пәтер деген сөздердің тура мағыналары арқылы олардың айырмашылығын әркім ажырата алар еді. Сол сияқты, қара деген бір ғана негізгі сөздің тура мағынасының өзінде бірнеше ұғым тұрады. Біз есімдігін бірінші жақтың көпше түрінде де, сыпайылық мағынасында (әсіресе, ғылыми еңбектерде) жекеше түрде де қабылдауға болады.
Сөздің тура мағынасының өзі уәжделінген және уәжделінбеген, туынды және туынды емес болып бөлінеді. Сөздердің уәжделінген және уәжделінбеген бастапқы мағыналарына қарағанда туынды және ауыспалы мағыналар кейінгі болып саналады. Олардың (туынды және ауыспалы) бір-біріне ұқсас және ерекшеліктік тұстары бар. Яғни, бастапқы мағынаның барлығының уәжділігі бірден байқала бермейді. Мәселен, етістіктен морфологиялық тәсіл арқылы жасалған оқытушы деген зат есімнің уәжділігін анықтау қиын емес. Бұл сөздің барлық қолданысы жұртты оқытатын адам дегенді білдіретіндіктен, оның мағынасын тікелей уәжделінген деуге болады. Ал, сөздің уәжделмеген тура мағынасы ұғым мен сөз формасының арасындағы шартты байланысқа негізделеді. Ол туралы В.И.Кодуховтың пікірі мынадай: Производные и переносное значения иногда отождествляют. Действительно, производные и переносное значения являются вторичными, возникшим на базе как прямых, так и переносных первичных значений. Это их объединяет. Однако между ними имеются и существенные различия. Производные значения бывают прямыми и переносными.
Синтагмалық орта сөздің мағынасын нақтылап қана қоймайды, оны тудырады да, яғни бір тұлғаның көп мағынада жұмсалуына жалпылауыштық ауқымы тірек болса, сол көп мағынаның нақтылануы тек сөйлеуде көрінеді.
Гумбольдтың айтуынша, Тіл заттарды сөзбен атаудан басталады да, сол сөздерді құрастырудан келіп сөйлем құралады деп ойлау қате түсінік. Сөйлем жеке сөздерден құралмайды, қайта сөз сөйлемнің (сөйлеудің) ішінен пайда болады.
Ауыспалы мағына -- сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, "түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу" (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора,метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.
Сөздiң ауыспалы мағынасы - функционалдық ортақтықпен таңба, метафоралық тәуелдiлiктiң қатынастарымен негiзгi мәнмен сабақтас туынды лексикалық сөз мағынасы . Ауыспалы мағыналар мәннiң тура мағынасына қарағанда (синтагматиялық алдын ала келiсiп алуды) үлкен синтагматиялық байланыстылық та кiшi парадигма алдын ала келiсiп алуы болады; Сөздің ауыспалы мағынасы тура мағынасына қарағанда контекстке өте тәуелді болады. Бұл мағыналар стилистикалық немесе экспрессиялық-бағалау сәттерімен әдетте шиеленiстiрiп алған. Ауыспалы мағынасындағы сөздер тура мағынадағы сөздерге қарағанда, (айқын семантикалық шекаралардың жоқтығы) диффузиялықты құбылысқа тән қасиет. Ауыспалы мағыналардың пайда болуы сөздердiң семантикалық бiркелкi топтарында бола алады. Сөздiң семантикалық құрылымында ауыспалы мағыналармен бірге тағы басқалар олардың байланысының сипаты бас нақты мәндерден астам абстрактiлiрекке немесе абстрактiлi нақтырақтарға дамытуды бағыт нақтылы заңдылықтарға бағынады. Бұл заңдылықтар және басқа да ауыспалы мағыналардың қасиеттері синхроникалық және диахроникалық мақсаттарда зерттеледі. Тілдің даму тарихында сөздің ауыспалы мағынасы ең маңызды мәселе болып табылады. Егер де сөздің ауыспалы мағынасын сөздің семантикалық құрылымда бас позицияда бекітетін болсақ, сөздің тура мағынасын ығыстыруға және ұмытуға тура келеді.
Сөздің ауыспалы мағыналардың бір түрі - Фразеологизм. Фразеологизм, фразеологиялық бiрлiк немесе фразема - құрамға және құрылым туралы сөз тiркесi немесе (сөздiк бiрлiк) жеке лексеманың функция орындайтын ұсыныс мән бойынша бүтiндiк бөлiнбейтiн орнықты, лексикалық сөйлем немесе сөз тіркесі. Фразеологизм жиi бiр-ақ тiлдiң мүлiгiмен болып қалады; ерекшелiк деп аталатын фразеологиялық Кальктер болып табылады. Фразеологизмдер арнайы фразеологиялық сөздiктерде суреттеледi.

Сөз - басқа тілдік элементтердің ішіндегі ең бастысы, негізгісі басқа тілдік құралдар сөзді бөлшектеуден (морфемаларға жіктеуден) немесе сөзді тіркестіруден (сөздерді қырын келтіріп сөйлем, сөз тіркесін құраудан) тұратын сияқты көрінеді. Дәстүрлі лингвистиканың деңгейлерінің (фонетика, лексика, морфология, сөзжасам, синтаксис) қай қайсысының болмасын негізгі зерттеу нысаны осы сөз. Сөздің тұлғасы оның заттық жағы, сыртқы көрсетіліміне жатады. Тілді жүйе деп танитын болсақ, сол жүйе мағыналардың жүйесінен тұрады. Тұлға бар жерде оның ішкі мазмұны да болатындығы белгілі. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Сөздің лексикалық мағынасы тіл жүйесіндегі барлық қатынастарды (парадигмалық, синтагмалық, деривациялық) қамтиды. Лексикалық мағынаға негіз болатын тек нақты заттар ғана емес, бұйымдар, хайуанаттар мен адамзат, сондай-ақ солардың қасиеттері де. Мұнымен қоса құбылыс, оқиға, әрекет және олардың түрлі сипаттары да лексикалық мағынаға негіз бола алады. Лексикалық мағынаны нақты және абстрактілі, жалпы және жеке (жалқы) деп жіктеуге болады. Ең алдымен сөз өзінің сыртқы тұлғасын сомдайтын дыбыстардың тіркесіміне тәуелді. Бұны сөз бен оны құрайтын дыбыстардың арасындағы қатынас деуге болады. Екінші, сөз бен заттың (ұғымның) арасындағы байланыс. Тілдегі сөздер ең алдымен заттардың атауын білдіреді. Яғни, лексикалық мағына дегеніміз заттың атын білдіруге негізделуімен сипатталады.
Полисемия (гр. Poly - көп + sema - таңба) - сөздің екі немесе бірнеше мағынаға ие болуы. Полисемия екі түрлі: грамматикалық полисемия және лексикалық. Полисемия сөздің қандай мағынада айтылуы сол сөздің басқа әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі арқылы, белгілі бір контексте, нақтылы жағдайда, әңгіменің жалпы тақырыбына байланысты жүзеге асады. Мысалы, орыс тілінде: поле - ржаное поле, футболисты на поле, поля шляпы. Сөздің негізгі (басты, тура) мағынасы мен оның туынды (қосалқы, ауыспалы) мағыналарын өзара ажырату барысында оның негізгі мағынасы контекстке тікелей бағынышты болмайды, өйткені ол ешқандай контекстке байланысты болмай-ақ, сол сөз айтылған кезде сөйлеушінің ойына бірден келетін мағына болып табылады. Сөз мағыналарының арасындағы семантикалық өзара байланыс олардың арасында ортақ мән беретін элементтердің, яғни семаның рөлі арқылы көрінеді. Көп мағыналылық - сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы. Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің К. м. байлығымен де ерекшеленеді. Сөздердің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі - К. м. Бұл, негізінде, сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін олар бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан тағы бір немесе бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие болған. Мыс., "қанат" алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдің керегелерін (алты қанат ақ орда), арба-шананың үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз сияды), ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары, т.б.) мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды. Адам санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсастырылып, байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екі заттың екі сапасында, яки атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық пайда болады. Сол ұқсастықтың негізінде адамдар ұқсас келген екі, не бірнеше затты бір атаумен айтатын болған. Мыс., "судың асты" мағынасындағы "түп" сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар: 1. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі). 2. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (томардың түбін қопардық). 3. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отырғыздық). 4. Түкпірдегі, шеткі (түп бөлмеде отыр). 5. Адамның шыққан тегі, арғы заты ("Мен сол керей ішіне сіңген аз атаның баласы едім, түбім қызай". М.Әуезов). 6. Бір нәрсенің жаны, қасы (Мәскеу түбінде фашистер талқан болды). Сөздердің семантик. құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың тілдегі атқаратын қызметі де күшейе бермек. Әсіресе, көп мағыналы сөздер сөздік құрамындағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етеді.
Контекст (лат. contextus - қосылу, байланысу), тіл білімінде - тілдік тұлғалардың мағынасын айқындайтын сөздік орта. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келеді. Ондай сөздердің қандай мағынаны білдіріп тұрғаны сөйлем ішінде, басқа сөздермен байланыста қолданылғанда айқындалады. Мысалы, "Қайық екі буыннан құралған сөз", немесе "Оның аяғына жасалған операция сәтті болды" деген сөйлемдерде "буын", "операция" сөздері бір түрлі мағыналарды білдірсе, "Қолымның буындары ауырады". "Соғыс операциясы аяқталды" деген сөйлемдерде екінші түрлі мағыналарды білдіреді. Бұл сөздердің қандай мағынада қолданылғаны олардың айналасындағы басқа сөздерден байқалып тұр. Бұл - тілдік Контекст. Сонымен бірге тұрмыстық Контекст. те болады. Оған сөз мағынасын түсінуге себепші болатын тұрмыстық орта жатады.
Сөз мағынасы - логика, философия, психология, лингвистика тәрізді ғылым салаларында қарастырылатын күрделі, қиын мәселелердің бірі. Лексикалық мағынаға дәл ғылыми анықтама беру қиыншылық тудырды. Анықтамаларда нақты, реалды мағына, негізгі мағына, заттық мағына, материалдық мағына тәрізді терминдер қолданылып келеді. Көмекші сөздердегі грамматикалық мағына да, басқа қолайлы терминнің болмауына байланысты лексикалық мағынаның құрамында қарастырылады. ХХ ғасырдағы дәстүрлі тіл білімінде сөздің мағынасы алғаш жалпы лексикологиялық тұрғыдан қарастырылды. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары болатындығы айқындалды. Лексикалық мағына әуелгі кезде лексикологияның қалыптасқан семантика құрамында зерттеле бастады. Кезінде орыс тіл біліміндегі дәстүрлі лексикологияда (В.В.Виноградов, т.б.) сөздің лексикалық мағынасы атауыш мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына түрлеріне бөлініп, қарастырылып келгендігі белгілі.
Кез келген сөздің бәрі лексикологиялық зерттеудің объектісі бола бермейді. Тілдегі мағыналы бірлік ең алдымен жеке сөз ретінде белгілі болады.Сондықтан да болар лексикологияда сөз лексемамен тең және тең емес дәрежеде қарастырылады. Сөз көмекші сөз, сөзформа мағынасында да қолданылады, ал лексема тек лексикалық мағынасы бар сөздерді ғана қамтиды. Сөз мағыналарына қатысты арнайы еңбек жазған Б.Қалиев пен А.Жылқыбаева жалпылық және нақтылық мәселесін былай ажыратады: ... ұғым екеу: жалпы ұғым және жеке (нақты) ұғым. Бір сөзде осы екі ұғымның екеуі де болуы мүмкін. Мәселен, терек десек бірде дүние жүзіндегі терек атаулының бәрін ұғамыз (терек - ағаштың бір түрі), бірде өзіміз қасында тұрған, қолымызбен сипап немесе құшақтап тұрған теректі ғана ұғамыз (мына терек жуан екен). Алдыңғысы - жалпы ұғым, соңғысы - жеке, нақтылы ұғым. Өзен деген сөздің берер ұғымы да дәл осындай. Ол бірде - жалпы өзен атаулыны, бірде нақтылы бір өзенді (айталық, Іле өзенінің) өзін ғана білдіреді. Сөздердің бұл жалпылық және жекелік қасиеттері олардың ең басты қасиеттері болып табылады.
Сөз немесе мағыналы бірлік тіл жүйесіндегі басқа құралдармен байланыста болады. Нақты заттың немесе құбылыстың атын білдіретін сөздер басқа сөздерге қарағанда дербес тәріздес көрінеді. Кейбір сөздер негізгі лексикалық мағынаның түпнегізімен (ядросын) жалпы мазмұны жағынан ұқсас немесе ассоциативті түрде ұқсас болады. Ал синонимдік немесе антонимдік қатары бар сөздер өз мағыналарын сол қатармен салыстыру арқылы анықтайды. Келесі бір сөздер тілдегі бар лексемалардың стилистикалық немесе экспрессивті варианттары болып табылады.
Атаудың жалпылауыштық қызметі ұғымдар мен елестерді белгілеуден тұрады. Ұғымның жалпылауыштық қызметі нақты зат пен құбылыстың айқын белгілерін көрсету және оны ғылыми таным жүйесіне енгізу болып табылады. Сөздің лексикалық мағынасын түсіну белгіленген зат немесе құбылыс туралы шынайы ұғымды толық білу дегенді білдірмейді. Адам әлемді ұғымдардың көмегі арқылы таниды. Бірақ дүниені тануда сөздің де маңызын жоққа шығаруға болмайды. Лексикалық мағына мен ұғымдық айырмасы осыдан көрінеді. Мәселен, сөздің (бір форманың) әрқайсысының өз өздеріне тән ұғымға ие бірнеше лексикалық мағынасы болуы мүмкін. Кейде бір ұғым бірнеше сөзбен беріледі. Бұл құбылыс синонимдік қатардың пайда болуына негіз болады.
Полисемиялық жүйеде бастапқыдан туынды және туындыдан туынды деривациялық моделдері арқылы даму үлгісі бар да, барлық ауыс мағыналар тек жалпылауыштық мағынадан бастау алатын жүйе бар. Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада қолданылуы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тілде деривациялық процестердің мазмұндық және тұлғалық типтері бар. Тілдің формалық деривация процесіне грамматикалық құбылыстар, мазмұндық деривация процесіне семантикалық құбылыстар жатады. Сөйлеу кезі, яғни жеке адамның тіл бірлігін қолдануы сол сөз үшін тілдік орта болып табылады. Көпмағыналы сөздің жұмсалу мүмкіндігі (ауқымы) осы тілдік ортада толық айқындалады. Сонда сөздің көпмағыналылығы ішкі мүмкіндіктен және сол ішкі мүмкіндіктің тілдік ортада жүзеге асуынан барып қалыптасады. Семантикалық деривация процесі мазмұны, мән-мағынасы өзгерген бастапқы және кейінгі бірліктердің нәтижесі, семантикалық деривация олардың арасындағы белгілі бір қатынастар мен байланыстарды айқындайды, заңдылықтарын белгілейді.
Негізінен кез келген тіл құралының толық мағыналық қыры ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz