Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Әшірбекова Ақбаян Нұрланқызы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В030100 - «Құқықтану» мамандығы
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі
Қарағанды 2016
Жоспар
Кіріспе . . . 6
1. Бөлім. Қазақ елінің әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстық-құқықтық ережелері
1. 1. Әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс түсінігі және түрлері . . . 10
1. 2. Жеке басқа қатысты қылмыстар және жеке бастың ар-намысы
мен қадір-қасиетін қорғау . . . 24
1. 3. Мүліктік және дінге қарсы қылмыстар . . . 28
2. Бөлім. Қазақ елінің әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстық жазалар
2. 1. Әдет-ғұрып құқығындағы жаза түсінігі және түрлері . . . 37
2. 2. Денеге зақым келтіру және масқаралайтын жазалар . . . 50
2. 3. Құн төлеу, айып тартқызу, айыпкерді құлдыққа беру жазалары . . . 52
Қорытынды . . . 62
Сілтемелер . . . 65
Қолданылған әдебиеттердің тізімі . . . 66
К І Р І С П Е
«Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті». [1] Елбасымыздың жолдауында атап өткен бұл жол барлық отандастарымыздың отансүйгіштік шабытына қуат, беріп ата-бабаларымыздын аңсап өткен арман мұратына жеткендей көңіл күй қалдырады. Ия, сондықтан да тарихымызды ақтарып оқып үйренуден бастап, кеткен, жіберіп алған жерлерімізді қайта зерделеп боймызға сіңіретін уақыт жеткендей.
Тарихпен қатар өріліп жатқан дәстүрлі құқықтын, аясы кең. Оның ел билеудегі мемлекет пен қоғам үшін атқарар қызметі, көтерер жүгі әрқашан да жеңіл болмаған. Жер шарындағы барлық мемлекеттің мыңдаған жылдарға созылып жатқан тарихнамасына көз жіберіп көрсеңіз, сол мемлекеттердің қауым болып қалыптасуына, ұлт болып ұйысуына ең алғаш осы - дәстүрлі құқықтың белгі нысандары әсер еткен, оны түсінік-пайымына қарай, тіршіліктегі қоғамдық тәртіпте заң ретінде қолдана білген. Бұл құқықтық этаптан бүгінде өркениеттің шыңына шыққан барлык, мемлекеттер сатылап өткеніне ешкім дау тудырмас. Олардың қазіргі кезде қолданып жүрген заң ережелерінің түпкі негізі, сол дәстүрлі құқықтан басталады.
«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, …»[2] - деп бастау алатын Ата заңымыздың өз осы сөзіміздің негізгі тиегі десек қателеспейміз.
Бүгінгі күнге дейін дәстүрлі құқық туралы аз жазылған жоқ. Кеңестік дәуірде бұл тақырыпқа қалам тартқан ғалымдар біршама ғылыми ізденістің нәтижесіне жетті. Т. М. Күлтелеев, Ғ. Б. Шақаев, М. Г. Масевич, С. З. Зиманов, С. Сартаев, Қ. Жиреншин, 3. Кенжеғалиев, өзге де заңгер ғалымдардың Қазақстанның мемлекеттік саяси құқықтық тарихына байланысты ғылыми еңбектері жарық көрді. Дегенмен де ежелден келе жатқан дәстүрлі қүқықтың құндылығына жете мән бермеген тоталитарлық жүйе, оған «ескінің қалдығы» ретінде қарап, Қазақ елінің ғасырлар бойы әлеуметтік-тұрмыстық саяси-этникалық бірлігіне, қоғамдық құрылысына, оның тәртіп ережесіне қызмет көрсеткен әдет-ғүрып, салт-сана, жол-жорасынан жинақталған дәстүрлі құқықтың нормасы ретінде қалыптасқан заңнамалық ерекшелігін терең тұрғыдан зерттеуге тиісінше еркіндік бере қоймады.
Ежелден келе жатқан іргелі елдердің және қазақ патриархалдық қоғамнан бергі өркендеуіндегі құқықтық норманың қалыптасуындағы үш сара жолдың орны бөлек. Бұл - құқықтық әдеттердің заң ретінде қолданылатын ережелері және сот істерінің үлгілері. Қазіргі сала-салаға бөлініп жүрген құқықтық заң кодексінің түпнұсқасы, осы айтылған үш нормада жатыр десек, [3] ежелгі Қазақ мемлекетінің қоғамдық жүйесіне қызмет істеген азаматтық, қылмыстық құқық түрлері, соған лайықты қолданылған шешімдер мен үкімдер, жаза шарттары заң актілерінің бастау көзі болып табылады.
Дипломдық жұмысымыздың тақырыбыда бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ретінде қабылдауымызға дау тудырмайды.
Қазақ елінің дәстүрлі құқығында қылмыс пен жаза құбылыстары ерекше маңызға ие болған және сондықтан да, олардын маңайында өрбейтін қатынастарды реттеуге айрықша көңіл бөлінген. Қылмыс және жаза институттары қазақ елінің дәстүрлі құқығындағы барлық қылмыстық-құқықтық қатынастардың ғана емес, сонымен қоса, қазақ қоғамында туындаған барлық қоғамдық қатынастардың жалпы бағыт-бағдарын, сипатын айқындап отырған.
Дипломдық жұмысымыздың мақсаты барлық еліміздің тарихында өткен мемлекет қалыптастыруы мен нығаюына, мемлекетті басқарып хан аттанған, халықтың бір мемлекетке бірігуіне өзіндік үлес қосқан, ұлы елдің басшыларының тарихта қалдырған озық ойлы асыл сөздері мен идеяларынан қорытынды жасап оның бай тәжірибесін бүгінгі күннің күн тәртібінде мәселелерді шешуде пайдалануға сара жолу салу.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы - жазылмаған құқық, ол жетекші материалдық және процессуалдық нормативтepi бар оңай жатталатын және сонымен бiрге өткip айтылатын негiзгi нормативтiк институттар мен көптеген қысқа ережелердiң жүйесiне негiзделген. Соңғылары, әдетте, нақты өмiрдегi жағдайларға пара-пар келетiн нақты нормаларды ыкшамдау, талқылау арқылы шығаруға жетекшi бастамалар болып табылады. Дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаттарынан мынадай міндеттер туындайды :
- қазақ құқығының бастаулары және қайнар көздеріне шолу жасау;
- қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдарын саралау;
- қазақ әдет-ғұрып құқығындағы жаза институтының ерекшеліктерін қарастыру;
- тарих сабақтарынан қортындылар жасап оның бай тәжірибесін бүгінгі күнде пайдалануға икемдеу.
Әдет-ғұрып құқығының нормалары тура, сөзбе-сөз пайдаланып, атқаруға apналмаған. Олар тәртiптiлiктiң классикалық үлгiсi (эталоны) болып танылған. Әдет-ғұрып құқығы нормаларындағы бастысы - бұл олардың ішкі мазмұны, олардың негізінде жатқан қағидаттар. Басты мақсаты-мазмұны мен мәнін бұрмаламастан, қағидаттарды іскe асыру. Мысалы, қылмыс пен жаза саласында - бұл қанды кек пен құн төлеу қағидаттары; неке және отбасы қатынастарда - жетi буынға дейiнгi экзогамдық тыйым; сот төрелiгi саласында әдiлдiлiк, ашықтылық және тiл байлығы. Әдет-ғұрып құқығының нормалары осыларға қызмет етті және осы мақсатта кебiнесе формальдық жақтарын құрбандыққа бердi. Қағидаттарын iскe асыру үшiн әдет-ғұрып құқығының нормалары қолданылу аясының әралуан жағдайларына икемделе отырып, варияцияланған болатын. Бұл жағдай адамдардың наным-сенiмдерi мен пiкiрлерiне, олардың көзқарастары мен ой-талғамдарына көп еркiндiк берiлгенiн бiлдiредi. Осыдан салт-дәстүрлер мен рәсiмдерге толықтай сүйенген және сол себептi өте формальданған құқықтық процедуралар туындап отырды.
Қалай десекте, Қазақ елінің дәстүрлі құқығына, ұлтымыз ұстанған этнографиялық ерекшеліктерге қатты қызыққан орыс халқының зиялы азаматтары мен Батыс Еуропаның оқымысты ғалымдары қазактардың тұрмыс-салттарын, ұстанған әдет-ғұрыптарын, қолданылған заң ережелерін зерделеп, хатқа түсіруге ынтызар болғаны тарихтан белгілі. Алтын Орда дәуірінен бұрынғы кезеңде-ақ Ресей мемлекетімен жақсы қарым-қатынаста болған Дешті Қыпшақ хандығы, сол хандықтан бөлініп шыққан Қазақ хандығы туралы хатқа түскен жазба мұраларды зерттеуге зейін қойды. Қазақтардың ХVІІ-ХІХ ғасырлар арасындағы қоғамдық құрылысын, мемлекеттілігін зерттеуді назарға алған империя, қазақтың құқықтық әдет-ғұрып жазбаларын, соның негізінде жасалған заң жарғыларын жинап бастырды. Қазақ елінің дәстүрлі құқығына қатысты сол мұралар заң ғылымында әлі толық өз дәрежесінде зерттеліп бітті дей алмаймыз.
Дипломдық жұмысымыздың теоретикалық методологиялық негізі. Біз енді ғана тәуелсіз, егеменді еліміздің шаңырағын кетеріп, уығын байладық. Ғасырлар бойы тарихтың қалтарысында қалған мұралардың көмбесін енді ғана ашып, зерделей бастадық. Әсіресе, Қазақ елінің дәстүрлі құқығы, тарихы туралы көп еңбек қалдырған XVII-XIX ғасырларда өмір сүрген: А. Е. Алектров, А. Григорьев, И. А. Левшин, М. П. Вяткин, А. А. Леонтьев, Д. Андре, Л. А. Баллюзек, Н. И. Гродеков, Н. И. Максимов, И. А, Козлов, Н. Израцов, А. Загряжский, П. Е. Маковецский т. б. ғалымдар жазып қалдырған дәстүрлі құқыққа қатысты жазба мұралардың заңнамалық ерекшелігін бақайшығына дейін шағып, толыққанды зерттеу мәресіне жете алмай келеміз. Сол жазба мұралардың басын біріктірген Ғылым академиясы танымдық дүние ретінде алғаш 1948 жылы, кейін 1998 жылы екі мәрте басып шығарған дерек көздерін місе тұтып жүрміз. Егер осы айтылған авторлардан қалған құқықтық мұраларды терең зерттесек, Қазақ елінің өзіндік ерекшелігі бар дәстүрлі құқығының мәнін, заңдылық өлшемін, әлемнің құқық тарихындағы алар орнын терең тұрғыдан танып білер едік.
Мәселен, азаматтық және қылмыстық құқық қатынастарынан туындайтын мән-жайларды саралаудағы теориялық зерттеулерді әлі де арттыра беру нұр үстіне нұр болар еді.
Дәстүрлі әдет-ғұрыптағы қылмыстық құқықтан туындайтын құқықтық қатынастар мен оның нысаны, белгілері, санаттары (категориялары), жауаптылық пен міндеттердің ара-қатынастарын дәстүрлі құқықтағы заң нормаларына сай реттеудегі ерекшеліктер - өз дәрежесінде зерттеліп бітті деп айту да әлі ерте. Осыған байланысты ұлы даланың данышпан ойшылдарының ұлағатты идеялары мен ел үшін жасаған еңбектері бүгінгі мемлекеттік билік жүргізу, басқару, құқықтық реформа жасау жүйесінде тиімді пайдалану - тарихтан сабақ алудың айқын үлгісі екені ақиқат, сондықтан да дипломдық жұмысымыздың тақырыбы қазіргі кезең үшін де болашақ үшін де өзінің маңыздылығын жоғалтпайды.
Дипломдық жұмысымыздың жаңалығы. Еңбектің маңыздылығы мен өзектілігіне мән бере отырып ел тарихын тереңірек оқып үйрену ғана емес, оны түсінудің өзінеде үлкен мән берілуі қажет деп ойлаймын. Сондықтанда осы тақырыпты тарихтың әр кезеңіне тән өзгешеліктер мен танымдарды жан-жақты ғалымдардың берген зерттеулері мен архивтік материалдарына сүйене отырып қортындылар жасауға, қоғам игілігіне тиер деген ниетпен осы аталған мәселені қарастырып, үлес қосу.
Ежелден қалыптасқан Қазақ мемлекетінің қай кездегі қоғамын алсаңызда билер институты билік саласының екі функциясын атқарған. Оның бірі - таза сот істеріне үкім айту болса, екіншісі - елді әкімшілік жағынан басқарудағы мемлекеттік билікке араласуы.
1. Қазақ елінің әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстық -құқықтық ережелер
- Әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс түсінігі және түрлері
Ежелгі дәуір дегенде біз жалпы жер әлемі мен адамзат баласының жаралғанынан бергі тіршілік болмыстың қалыптасуына қарай қанат жайған жер бетіндегі адамдар ғұмырының саналығына тоқталмай кете алмаймыз. Алдымен он жеті мың ғалам жаратылып, адамзат сол ғаламда өз нәсібін теріп жеп күнелткен есте жоқ ескі заманда-ақ, біздің айтуымызша қоғамдық формацияның ең алғашқы сатысы - алғашқы қауымдық құрылыстағы мифологиялық сана адамдардың түйсігінде қандай рөл атқарғанына ғылыми тұрғыдан баға берген жөн. Өйткені, бұл қоғамдық формация адамдардың ой-санасының жетіліп қалыптасуында біздің дәуірге дейінгі 2, 6 млн. жылдан 35-30 мың жылға дейінгі аралықты алып жатыр. Яғни, осындай ұзаққа созылған адамзат тіршілігінің қалыптасуы сана-сезімнің, өмірлік тәжірибенің жинақталып тұжырымдалуына әкеп соқты. Соған лайықты түйсік-пайымның алғашқы жөн-жобасы шыға бастады. Осы ретпен алып қарағанда ұлан-ғайыр Азия құрлығының аумақты жерін алып жатқан топырақта өсіп-өнген адамдар санасына енген мифологиялық сана - дәстүрлі ғұрыптың қайнар көзі болып табылады. Өйткені осы құрлықта жаратылып, апайтөс далада көшпелі қоғамды таңдаған ежелгі бабаларымыздың мифологиялық сенім-нанымдары, салт-санасы сол кезде-ақ қалыптасқан еді. [4]
Осы мифологиялық түсінік туралы тарихта жазба мұраларымен тым ертеректен танылған ежелгі шығыс пен батыс мемлекеттерінің құқықтық ой толғамдарын мысалға алып қарасақ, египеттік пен римдік, үнділік пен қытайлық, еврей мен грек, вавилондық пен парсылардың ой-санасында қалыптасқан мифтік ұғым мен түйсік адамдардың ғаламдағы алар орнын, адам мен құдайдың арасындағы байланысты, бүткіл ғаламшарга әмірін жүргізіп тұрған құдайдың құдіреттілігі, тірі пендеге жасар жақсылығы мен күнәсі үшін жіберер зауалы шексіз екені құқықтық өлшем тұрғысынан баяндалған. Құдай алдында қылмыс пен күнәға батпау үшін нені істеп, нені істемеу керектігі мифологиялық сана арқылы реттеліп отырған. Әлем кеңістігіндегі адамның ақыл-ойынан тысқары жатқан жаратылыс тек құдай тағаланың әмірімен ғана орындалатыны, табиғат құбылыстарының жеке-жеке құдайлары бар екенін гректердің мифтік аңыздарында көптеп кездесетінін тарихи әфсаналардан жақсы білеміз.
Мифтік аңыз әфсаналар ежелгі көшпелі қоғамдағы адамдар санасынан да мықтап орын алғанын қазақтардың көне дәуірдегі тұрмыс-тіршілігінен анық байқауға болады. Әсіресе, жер-суға, аспан көкке, оның жаратушысы - Тәңіріге табынған бабаларымыз құдай тағаланың әмірімен жүріп-тұруды заң деп білген. Алла өз құдіретімен алты күнде жаратқан он жеті мың ғаламдағы барлық тіршілік иесі екеніне, оның күш-қуатына шек келтіруге болмайтыны ежелден көле жатқан мифтік әфсаналарда нақты айтылған. Оны қазақтың ырым жорамалынан, тыйым сөздерінен, діни сенімдерінен көруге болады. Айталық, мәтел ретінде қалыптасып кеткен «Құдайсыз қурай да сынбайды» немесе істеген жаманшылығына қарай «Құдай жазасын берсін» деген имандылық өлшемдері мемлекет және құқық құдайдың құдіретімен пайда болады деген теологиялық теориямен ұштастырудағы тыйым салу қызметінің функциясын атқарып түр емес пе. Тыйым салу қызметі қай заманда болсын зиянды іс-әрекеттердің алдын алып отырған, одан сақтандырған. Құдайдың ұйғаруымен жіберілген құқықтық нормалардың қағидаларын бұзбау - жер үстіндегі пенделерге ортақ міндет саналған. [5]
Көшпелі елдердің көнеден келе жатқан наным-сенімдерін бізге жеткізген тарихи оқиғалар мен әфсаналарға зер салып қарасаңыз, аспан көкті жаратушы құдайға табынып, одан келер пәрменді заң деп білген ең ежелгі жазба мұралар да, бір ғана жаратушы ие Құдай мен адамзат арасындағы құқықтық байланыс - ең сенімді тірек, қорғаушы екенін түсіндіреді. Адамзаттың бұдан отыз бес мың жылғы тарихынан дерек беретін Зараштураның діни уағыздары ғасырлар бойы көшпелі өмірден қол үзбеген қазақтар үшін ең қымбат әрі ең жақын әдет-ғүрып салтындағы дәстүрлі құқықтың нормалары болмақ.
Қазақтардың ежелгі дәстүрлі құқықтарының пайда болуын сөз еткенде біздің жыл санауымызға дейінгі дәуірдегі патриархалдық қоғамдағы қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, заң тәртібі ретінде қолданылған жол-жора, үкім-кесімдердің құқықтық өлшемдерін айтпай кетуге болмайды. Өйткені кез келген қоғам өзінің дамуындағы бастапқы кезеңдегі адамдардың түсінік-пайымынан туындаған әдет-ғұрып заңдары қоғамдық құрылыстағы құқықтың негізін жасауға ұйытқы болған. Мемлекеттің саяси басқаруындағы құқықтық ұғым, қоғам сферасындағы мән-жайлардың ерекшеліктерін танып білуге қосар үлесі мол. Ол мемлекеттік және әкімшілік басқарудағы әлеуметтік реттеудің нормаларын қалыптастырады. [6]
Қазақ мемлекетіндегі әдет-ғұрып ретінде қалыптасқан құқықтың үш жолы бар екені теориялық тұрғыдан танылған. Бұған өзіміз сөз етіп отырған заң орнына жүрген құқықтық әдет-ғұрыптарды, соған лайықты қолданылған нормативтік актілерді, сот ісіндегі үлгі (прецедент) болған билер шешімін айтар едік.
Өмір сүрудегі материалдық жағдайлар, адамдар арасындағы адамгершілікке, ар-ұят, әдепке негізделген имандылық өлшемдері, құқық саласына белінген нормативтік актілерді реттеп отыратын, оны қоғамға лайықтап қалыптастыратын мемлекеттік билік өзара тұтаса келе, әр түрлі методологияға негізделген қызметтерді атқарады. Бұл арада осы айтылған құқық нормаларын жасауға халық тікелей қатынасатынын ескерсек, адамгершілікке арқау болған имандылық әр халықтың туабітті қалыптасатын сана-сезіміне, әдет-ғұрпына, ар-ұяттан туындайтын жұртшылық (рулас және тайпаластарының) пікірлеріне сай келіп, шарт талаптарынан шыға білсе, беделі зор болған. Әрбір қауымдастықтағы халықтың ұжымдық пікірі жаман қылықтарды жасамауға тыйым салып отырған. Имандылық елшемінен шығып кеткендерге, теріс қылық танытқандарға, зорлық-зомбылық істегендерге, жауыздық ұрлық-қарлық жасаған адамдарға жазалау шарасын белгілеген. Мұндай маңызды іске билік айту, әрине, мемлекет құзырына тиесілі екені айдай анық нәрсе.
Қазақ әдет-ғұрып құқығына Моңғол заңдарының ықпалы туралы да айта кетуге болады.
Қазақ ұлты ерте заманның көптеген ұлттардың рулардың кіруінен қалып-тасқан. VI -XII ғасырға дейін ертедегі қазақ рулары түрік қағандығы түркеш қағандығы, қимақ қағандығы, қара қайналар әулеті және Лео патшалығы үстемдік еткен дәуірлерді, сонан кейін XII - XV ғасырға дейін Моңғол хандығы, Юань патшалығы, сондай-ақ Алтын Орда хандығы, Ақ орда хандығы билеген дәуірлерді бастан кешірді. XV ғасырдың орта шені мен XIX ғасырдың бастапқы кезіне дейін қазақ хандығы дәуірі болды. Бірақ сонда да Жоңғар билеушілері, Чин патшалығы, сондай-ақ Шар Ресей қатарлы күштердің ықпалына шыдап отырды, сол себепті қазақ заңдары қазақ ұлтының ұзақ уақыттың, қоғамдық өмір аманаты барысында қалыптасқан болады, ол әрі қазақ үстем таптары еркінің бейнеленуі, халықты ғұрып-әдеттің жиынтығы, әрі саяси жағдайдың дамуының, сондай-ақ айналадағы көптеген ұлттар заңының ықпалына ұшыраған. Сондықтан қазақ заңының қайнары көп негізді. Басқа көшпенді ұлттар сияқты қазақ заңдарының біртіндеп қалыптасу барысы да ғұрып-әдет заңынан жазба заңға өту ісінде даму кезеңін басынан кешірген. Оның таптық дамбасы едәуір айқын болғанмен, алайда оның ғұрып-әдет төркінінің бейнесін балбалдан тануға болады. Бұл оның қоғамдық негізімен тығыз байланысты. Қоғамның материалдық тұрмыстық шарт жағдайы заң жөнінде бастан аяқ тежеп салу және белгілеуші рөл атқарған.
Негізгі төркіні ұзақ уақыттық қоғамдық негізі де қалыптасқан ғұрып-әдет. Қазақ тілінде заң әдетте «жарғы» деп аталады. Сондықтан қазақтар: «Әділ би қара қылды қақ жарады»[7] деп атаған, әрі «әділқазы» - алтын таразың - деген тәсіл таралған. Мұның өзі заң қазақтар назарында бұл әділ үкім дегеннен дерек беретіндігін түсіндіреді. Ең алғашқы заң ұзақ уақыттық өмірде біртіндеп қалыптасқан және қорланған. Қазақ заңдарының ең басты теркіні ғасырлар бойы жалғасып таралған ғұрып-әдет заңы. Мысалы, аталық құқықтағы рулық түзім, басқа рулармен некелену, түсірген келінге қалыңмал беру, көп жұбайлыққа жол беру, аға өлсе жеңгені ініге қарату жөнінде орын бастыру некесі, тұрақты мүліктің кеңшіл болуы, жеке заң тұрмысындағы өркендеу, сондай-ақ малды жеке иемдену құбылысы мен жайылымды ортақ иемденудің ежелгі қаңқасы қатар жасау қатарлылар сақтасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz