Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың құқықтық теориялық аспектілері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Жапаров Әкімбай Наржанұлы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100 - «Құқықтану» мамандығы

Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың құқықтық теориялық аспектілері

Қарағанды 2016

Мазмұны

Кіріспе 6

1 Заңдылық юридикалық категория құқықты іске асырудағы алатын орны 9

1. 1 Заңдылық түсінігі мен мәні 9

1. 2 Заңдылықтың заңи кепілдері, заңдылықты сақтау және оны қамтамасыз ету 19

1. 3 Заңдылықты қамтамасыз етудің теориялық негіздері 23

2 Құқықтық тәртіп және оның заңдылықпен ара қатынасы 36

2. 1 Құқықтық тәртіптің түсінігі және мәні 36

2. 2 Заңдылық пен құқықтық тәртіптің ара қатынасы 43

2. 3 Құқықтық тәртіптің қағидалары және функциялары 47

3 Заңнаманы жетілдіру заңдылықты және құқықтық тәртіпті қаматамасыз ету факторы 55

Қорытынды 60

Қолданылатын әдебиеттер тізімдері 62

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Соңғы жылдары заңгер ғалымдар және бүтіндей қоғамның назарына заң ғылымы мен тәжірибесінің көптеген мәселелерінің ішінде құқықтық тәртіп пен заңдылық мәселесі ерекше орын алады. Қоғам, мемлекет, азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделері қоғам өмірінің негізгі тұстарында тұрақтылық пен реттілікті талап етіп тұр. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуында нақты және қатаң қоғамдық құқықтық тәртіп одан әрі ілгерілеудің жалғыз жолы болып тұр. Құқықтық мемлекет құру және оның өркениетті демократиялық дамуы онсыз мүмкін емес. Құқықтық тәртіп экономиканың қайта өрлеуі, барлық әлеуметтік салалардың қызмет етуінің, өмірлік процесстердің тұрақтылығының және шынайы халық билігінің құрылуының қажетті жағдайы болады.

Ресми тұлғалар мен баспасөздің баяндамаларында «Приоритет-құқықтық тәртіп» деп белгіленеді, ал ол үшін билік, норма шығармашылықта және мемлекетік өмірдің басқа салаларында тәртіп қажет, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, мүдделерінің нақтылығы және барлық субъектілердің өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы, өзінің жүріс-тұрысы үшін жауапкершілікті жүзеге асыру, бұл демократиялық қоғамға сәйкес болып, тек осындай жағдайда ғана жүзеге асады.

«Құқықтық тәртіп азаматтық қоғамның құқықтық негізін құрады. Оған оның барлық салалары негізделеді: әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси. Сәйкесінше ол барлық мемлекеттік нақтылықтың құқықтық негізі болады» дей келе құқықтық тәртіп пен заңдылықтың өзектілігі айқындалады.

Адамдар өмірінің маңызды жақтарының тұрақтылығы, тепе-теңділігі және өлшемділігі, кепілдігі және реттілігінің жағдайы құқықтық тәртіп пен заңдылықты зерттеудің өзектілігі болып тұр. Құқықтық тәртіп пен заңдылыққа деген көзқарастардың өзгеруімен және оның қалыптасуы мен қамтамасыз етілуімен сипатталады.

Қазіргі кездегі құқықтанушы-ғалымдардың пікірінше Германдық Рудольф Иеринг пен Георг Еллинектің, Г. Ф. Шершеневич пен Н. М. Коркуновтың құқықтық тәртіпке құқықтық нормаларды жүзеге асырумен заңдылық қағидасын өмірге келтіру ескірген деп есептейді. Бір жағынан осылай ресейдің көптеген заңгерлері ойлайды. Екінші жағынан «құқық қалыптасудың жалпы жолы сәйкесінше құқықтық тәртіптің құрылуы басқаша». Ал ол солай ма?

Тек құқықтық тәртіп пен заңдылық түсінігі туралы ғана емес, заңдылық, құқықтық тәртіп және демократияның ара-қатынасы жайлы зертеу жүргізу қызықтырақ. Құқық аясында заңдылық пен құқықтық тәртіп сияқты өзара байланысқан құбылыс табу қиынырақ. Оның салдары ұзақ уақыт бойы екеуінің ара-жігі ажыратылмай, екеуі ұғымдас түсінік ретінде пайдаланылды.

Өзара әрекеттесудегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтау заңдылықты бекіту мен құқықтық тәртіпті нығайтуда тәжірибеде орасан зор маңыздылыққа ие. Атап өтетін жайт, заңдылық пен құқықтық тәртіпті талдау мен сипаттауда олар зерттелетін қатынас пен әлеуметтік байланысты ескеру қажет. Оларды жеке өздігінен алғанда олар мүлде ешнәрсе білдірмейді.

Егер құқық, заңдылық және құқықтық тәртіп мемлекеттік биліктің қызмет етуімен қоғамның құқықтық негізі болып табылса онда бұл негіздердің бекітілу жолдары мен даму тенденциялары туралы қорытынды өзегінен сұранады. Егер адамдар дамудың объективті талаптарын жақсы түсінсе, олар ұлттық мақсаттарға жетуде белсендірек қатысады. Сондықтан құқықтық тәртіптің дамуындағы тенденцияларды қарастыру қызығушылық тудыруда.

Дипломдық жұмыста келесі ғалымдарды еңбектері қарастырылды: Н. В. Витрук, С. С. Алексеев, М. С. Строгович, И. А. Ильин, В. М. Артемов, М. В. Баглай, В. В. Борисов, М. Н. Марченко, В. М. Корельский, В. Н. Кудрявцев, Е. А. Лукашева, Ю. А. Тихомиров, Н. И. Матузов, А. Н. Головистикова, М. Т. Баймаханов, У. Шапақ, Қ. Д. Жоламан, А. Қ. Мұхтарова, А. Н. Тәуекелев, Ғ. С. Сапарғалиев, З. Ж. Кенжалиев, А. С. Ибраева, Т. Ағдарбеков, Е. Баянов, А. Бейсенова, С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев, Д. А. Булгакова т. с. с.

Соңғы жылдары заңдылық пен демократияға деген көзқарастарда өзгерістер болды. «Кеңес одағынан кейінгі заң ғылымында заңдылықты кеңестік құқықтың барлық субъектілерінің мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, лауызымды тұлғалар мен азаматтардың заңдарды және заңға тәуелді актілерді қатаң және мүлтіксіз орындауы деген түсінік үстемдік етті. Мұндай түсінік солай немесе басқадай нысанда монографиялық еңбектерде үстемдік етіп, бір оқулықтан екінші оқулыққа осы кезге дейін көшіп жүрді».

Заңдылық категориясына деген жаңаша түсіндірме берулер демеу таппай, саяси-идеологиялық немесе прагматикалық тәртіптің түсініктерімен терістеліп отырды.

Алайда, заңдылық тек «көркем термин» ғана емес, заңдылық мемлекет заңдарында, заңшығармашылықта, нормашығармашылықтағы құқықтың талабы мен жүйесінің көрінісі турлы идея.

Құқықтық тәртіп пен заңдылық туралы зерттеу және айта тұра «демократия» терминін қадағалау мүмкін емес. Оның маңыздылығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында «Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық, унитарлы мемлекет . . . » деп аталуында [1] .

Сонымен, заңдылық пен құқықтық тәртіп - құқықтың іс-тәжірибеде жүзеге асрырылуы тұрғысынан алғанда оның құқықтық нақтылығының мазмұнын ашатын, заң ғылымының іргелі категориясы. Олар мемлекетпен, заң шығарушылықпен және сот төрелігімен бірге пайда болады. Құқықтың заңдылықсыз жүзеге аспауы анық.

Қоғамдағы терең әлеуметтік қайта құруға дейін отандық заңгер-ғалымдар заңдылық және құқықтық тәртіпке деген көзқарастар мақалаларда және арнайы монографиялық зерттеулерде көрініс тапты.

Әрине бұл мақалалар мемлекеттегі болып жатқан нақты процесстерді суреттемесе де, қызығушылық тудыратын теориялық ойлар бар. Сонымен бірге соңғы уақытта бұл мәселеге теориялық тұрғыдан көп көңіл бөлінбейтінін айту керек. Қазіргі Қазақстанның нақтылығын талдауға арналған басылымдарда соның ішінде мемлекет және құқық теориясы оқулығында заңдылыққа арналған тарау жоқ.

Бұл жағдайды қалайша түсіндіруге болады?

Бұл сұрақтың бірнеше жауабы бар. Заңдылық мәселесіне деген қызығушылықтың қазіргі өтпелі кезеңнің кезек күттірмес мәселелеріне ауытқуы ғажап емес. Мысалы, біздің заңнамамызда жоғары сапалылығымен ерекшеленбейтін салалық және таптық мүдделерді білдіретін заңдар бар, олар заң, а тәуелді нормашығармашылыққа кең мүмкіндік береді.

Сонымен демократиялық мемлекетте құқықтық тәртіп пен заңдылық деген не және «құқықтық тәртіп», «заңдылық» және «демократия» терминдерінің арақатынасы қандай?

Диплом жұмысының мақсаты - құқықтық тәртіп түсінігін, заңдылық, құқықтық тәртіп пен демократияның арақатынасын зерттеу.

Қойылған мақсаттан біздің алдымызда келесі міндеттер бар:

  • құқықтық қоғамда заңдылық түсінігін және кеңес, Қазақстан құқығындағы «заідылыққа» деген көзқарастарды қарастыру.
  • «құқықтық тәртіп» ұғымын зерделеу, бұл категорияға деген көзқарастар дамуы динамикасын және қазіргі кездегі құқықтық тәртіп түсінігін қарастыру.
  • құқықтық тәртіптің нгізгі белгілерін, оның мазмұны мен нысанын анықтау
  • құқықтық тәртіп қызметін және оның қағидаларын анықтамалау
  • құқықтық тәртіп, заңдылық және демократия арақатынасын анықтау
  • заңдылықты күзету (қорғау) түрлерін қарастыру
  • құқықтық тәртіптің даму тенденциясын зерделеу
  • істелген жұмысты қорытындылау

Диплом жұмысы үш тарау, кіріспе және қорытындыдан тұрады.

1 Заңдылық юридикалық категория құқықты іске асырудағы алатын орны

1. 1 Заңдылық түсінігі мен мәні

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселесі - абстрактілі түсінік емес, бұл қазіргі таңдағы кезек күттірмес мәселелердің бірі. Біздің пікірімізше оның себебі болып:

- заң шығарушылықтың тиісті деңгейде шешілмеуі;

- экономиканың әлсіздігі

Бұл тізімді ұзақ құруға болады, бірақ бұлардың ішіндегі маңыздыларына тоқталайық. Оның бірі қылмыстық нақтырақ айтсақ ұйымдасқан қылмыстылық. Сыбайлас жемқорлық, парақорлық және т. б. бүгінгі күннің шындығы - осының куәсі. Экклезиастың тезисін ұстанып ұйымдасқан қылмысты зерттеп көрейік.

Топтық қылмыстылық жөнінде мәліметтердің түп-тамыры тереңге кетеді. Атақты мысыртанушы Монте Ежелгі мысырда Рамсес әулеті басқару кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтар белгілі болған деп мәлімдейді (шамамен б. э. д. 1320 ж. ) . «Перғауындар мен жеке тұлғалардың мазарлары алғашқыда Некропольдің қолөнершілері, тас қашаушылары мен тас сындырушылары ғана қызықтырушы еді. Бірақ кейінірек олардың тобына Некропольдің шенеуніктері, батыс шіркеулердің ұсақ шенеуніктері және төменгі абыздар қосылды. Пейунхеб және оның төрт қызметшілері Хапиур және оның баласы Пайсан, Семди Панхар болған қылмыстық топ, ұлы құдай-перғауын Усермаатр - Сетепенрге арналған Нефертум ескерткішінен алқаны ұрлап алады. Құрамында абыздар, жазушылар және малшылар бар келесі топ Усермаатр-сетепенр перғауынның «алтындар үйін тонайды. Абыз Кер және оның төрт ағайыны онда бірнеше рет болып, ондағы алтынды ұрлап, қалада оны астыққа айырбастайды » [13, 156 б. ] .

Бұл біріншіден, қоғамдық даму мен халық еркінің заңдылықтарын дұрыс көрсететін құқықтық нормалар жүйесін шығару; екіншіден, оларды өмірге қатаң мүлтіксіз келтіру. Тек осы құрамдас элементтердің бірлігі қоғамдағы шынайы заңдылықтарды қамтамасыз етеді. Қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын бейнелейтін заңнаманың ғылыми негізделуі, кеңес қоғамының алдында тұрған мақсаттарды, заңнама нормалары жүзеге асырылмаса орындай алмайды. Екінші жағынан қоғамдық дамудың заңдарына қарсы келетін нормативтік актілерді жүзеге асыру да социалистік қоғамның мүдделеріне зиян келтіреді. Заңнаманы ғылыми негіздеу, оны өмірге қатаң да мүлтіксіз келтіру социалистік заңдылық режимінің екі жағын көрсеткен [10, 25б. ] .

Классикалық анықтаманы қарастыра келе, заңдылықтың мәні барлық құқық субъектілерінің әрекеттегі заңдарды қатаң әрі мүлтіксіз орындауы және сақтауы болып табылатынын айта кету керек. Сонымен қоса, соңғы кездегі басылымдарда заңдылықтың мұндай түсіндірмесі қазіргі кездегі қоғамның саяси-құқықтық өмірінің процестерін көрсетпейтіні айтылады. Осымен байланыста заңдылыққа қатысты көп нәрсе қайта қарастырылып, басқа тұрғыдан, бағалау, қорытындылар құқықтық нақтылық қайта қарастырылу керек. Сәйкесінше, салмақты түйіндер келтіріледі [10, 75б. ] .

Біріншіден, заңдылықтың дәстүрлі түсінігі, негінен қатаң иерархиялық бағыныстылыққа негізделген реформаға дейінгі (қайта құруға дейінгі) қоғамдық қатынастардың жағдайын көрсететін.

Екіншіден, заңдылықты барлық субъектілердің құқық нормаларының барлық талаптарын мүлтіксіз орындау болып табылса, бұл талданып отырған түсініктің қоғамның саяси-құқықтық өмірінің күрделі құқықтық, кешенді ұйымдастырылуының мағынасынан ауытқиды.

Үшіншіден, заңдылықтың мұндай сипаттамасы оны құқық пен мемлекеттік пәннің объективтік қасиеті болып табылатынын міндеттілікк алып келеді. Жалпы міндетті болып бастық бұйрығы мен сот үкімі болып табылуыды күмән тудырмайды.

Төртіншіден, бұл тек тыйым нормалары мен міндеттеуші заң нормаларын сақтау емес, азаматтарға берілген құқық пен бостандықтарды тиісінше орындау болып табылады.

Бесіншіден, заңдылық ұғымы заңды орындаушылар жүріс-тұрыстарына ғана емес, сонымен қатар құқық шығармашылық және заң шығарушылар қызметі аясына да таралу керек.

Аталған тұстар соңғы кездегі диссертациялық зерттеулер мен басылымдарда ескеріледі. Атап айтсақ, заңдылық азаматтар мен құқықтың басқа субъектілерінің заңдарды қолдану, орындау, сақтау және мүлтіксіз орындау тұрғысы қызық болып табылады. Біздің ойымызша заңдылықтың мұндай анықтамасы дұрыс болып табылады, өйткені ол екпінді заңда көрсетілген және мүмкіндік берген әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты әрекеттерді сақтау және заң талаптарын сақтау болып табылады. Мұндай тұрғы проблеманы жеңілдетпей, оның көпжақтылығын, өзіндік қиындығын атап көрсететінін айту керек.

Айтылғандарды жалпылай келе, заңдылық құқықты адамдардың құқықтары мен міндеттердің нақты жүзеге асыруға апаратын «делдал» қызметін атқарады.

Заңдылықтың нормативтілік негізі дегеніміз не?

Заңдылықтың алғышарты болып, заңдарда және өзге де нормативті актілерде мазмүндалған құқықтық нұсқаулар болады. Мұндай актілер жетілген сайын заңдылықтың деңгейң жоғары болады.

Қазақстанда заңдылықтың алғышарты Конституция болды, ол жалпы халықтық референдумда қабылданды. Онда ХХ ғасырдың 90 жылында болған Қазақстан қоғамындағы сапалы өзгерістер көрініс тапты. Қазақстанның негізгі заңы - қоғамның демократиялану қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, хлықаралық құқық нормаларын және жалпы мойындалған қаңидаларды ескерін құрал, саяси тұрақтылықтың маңызды факторы.

«Заңдылық» сөзі Конституциядан басқа Қазақстан Республикасының 200-дей әрекеттегі нормативтік құқықтық актілердеғ әртүрлі сөздер нысанында және сөз тіркестерінде кездеседі. бұл нормативтік құқықтық актілерде заңдылықты сақтау және ол жүктелген органдар туралы сөз болады. Бірақ бұл актілердің ешқайсысында заңдылыққа анықтама берілмейді, өйткені ол теориялық ұғым болып табылады.

Осымен байланыста біздің елімізде «Қазақстан құқығының негізгі ұғымдарын реттейтін арнайы заңды қабылдау керектігін айта кету керек».

Заңдылықтың нормативтілігін қарастыруға оралайық. Маңызды қоғамдық қатынастар заңдар және заңға тәуелді актілермен реттелетін, олар өздерінің заңдық күшімен заңдардан төмен тұрып, оларға қайшы келмей, айналып өтпеу керек.

Заңдылықтың нормативтік негізінде бар кейбір олқылықтарды атап кетейік, ол, жүзеге асырылмайтын және жүзеге асыру механизмімен қамтамасыз етілмеген заңдар қабылдау, заң техникасы жетістіктері ескерілмей, салалық немесе корпоративті мүдделердің көзделуі.

Баспа беттерінде ведомствалық нормативті құқықтық актілердің санасын көтеру қажеттілігі туралы аз жазылып жүрген жоқ. Шынында да бұл мәселе өзекті. Көп ведомстволық актілер не заң нормаларын, не президент бұйрықтарын, не үкімет қаулыларын қайталайды не олардың мәнін бұрмалайды.

Ведомствалық актілермен азаматтарға қосымша міндеттер жүктелу тәжірибесі де жойылған жоқ. Ведомствалық бұрмаланушылыққа негіз пайда болады. Әдетте бұл туралы адамдар шенеунік бөлмесінде біледі.

Бұған жарқын мысал ретінде мүлікті заңдастыру болып табылады. Азаматтар тарапынан құқықтың негізсіз бұзылуы туралы шағымдар бар.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кәрім Мәсімов министрліктер басшыларының қатысуымен бір селекторлық жиналыстардың бірінде кейбір облыс әкімдерінің жұмыстарына наразылығын білдіріп, ел басшысына оларды қызметінен босатуы туралы ұсыныс беретінін айтты. Бұл мүлікті заңдастыру заңының талаптары бұзылып, созылуына байланысты болды. Барлық құжаттар қол жетерліктей болып, оған тиісті ведомстволар жауапты болу керек.

Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде заңдылық қандай субъектілерге бағытталатыны жөнінде әртүрлі көзқарастар белгіленген. Солардың біріне сәйкес заңдылық мемлекет органдары қызметі аясымен шектеледі, қоғамдық бірлестіктерге және мемлекеттік аппараттың лауазымды тұлғаларына ғана таралып, азаматтарға қатысты болмайды.

Екіншісінің мәні, азаматтар заңдылық қызметінің аясына түсуінде болады. Бұл дауды дәстүрлі, заңдылық субъектілердің құрамы тұрғысына шешу керек.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 б-ң 2 тармағына көңіл аударайық.

Мұнда заңды сақтау талаптары мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және азаматтар мен бірлестіктерге арналған. әдебиетте бірінші тұрғыға үстемдік беріледі.

Заңдылық «анықтамалық басылымдарда» белгілі-бір ұжымының барлық мүшелеріне міндетті, бекітілген тәртіпке, ережелерге бағыну» деп анықтама берілетін «пән» ұғымымен қиылысатын секілді.

Сәйкесінше мұндай тұрғыға мемлекеттік пәннің мазмұны нақтыланады. Ол мемлекеттік органдардың, мекемелердің өзіне жүктелген «мемлекет бекіткен тәртіптерді сақтау» деп түсініледі.

Пән-қоғамдық өмірдің маңызды факторы. Ол ұйымдар мен жеке индивидтердің өмір сүруі үшін қажет, осы тұрғыдан ол заңдылыққа жақын ұғым. Көрініп тұрғандай заңдылық және пән қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуы мен реттілігі жағдайында тікелей байланысты.

Осы тұрғыда заңдылық пәннің негізі ретінде қаралады. Мемлекеттік қызметшілерге арналған заңдылықтың барлық талаптары бірдей пәннің мазмұнын құрады.

Сонымен қатар бұл құбылыстар сәйкес келмейді, олар өзіндік мәнге ие. Негізінен, заңдылық құқықтық нұсқаулар талаптарын сақтауды білдіреді.

Мұнда субъектілердің нұсқауларды жүзеге асыруда нені негізге алатыны маңызды емес.

Заңдылықтың мемлекет көлеміндегі талаптары бірыңғай екендігін де атап кету керек. Пән өзінің тарлау бағытталуымен айрықшаланады. Субъектілердің қызмет ету аясына байланысты ол еңбек, қаржы, технологиялық, оқу және т. б. болып бөлінеді.

Пәннің ерекшелігі іске жауаптылығында, белсенділік, бастамашылдық, іскерлігінде болады. Осымен байланысты белгілі-бір құрылымның жетекшісі қол астындағыларын бәсеңділігін, немқұрайдылығын тәртіп бұзғаны деп бағалайды.

Пән заңдылықпен салыстырғанда көп мөлшерде әдеп нормаларымен байланысты. Мысалы, белгілі-бір мекеме қызметкерлерінің бөтен адамдардың қатысуымен болған ұрысы, әдеп нормаларын және қызмет тәртібін бұзу болып табылады.

Көрініп тұрғандай «пән» түсінігі ауқымды болып табылып, белгілі-бір тәртіпке бағынуды білдіреді. Сонымен қатаржалпы сипаттағы арнайы ережелерді сақтау, ведомство шеңберіндегі бұйрықтар, өкімдерді сақтау болып табылады.

Айталық, Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесіндегі пән бұл заңдылықты, құқықтық тәртіпті, қоғамдық тәртіпті, бұйрықтарды сақтау, әртүрлі рангілі жетекшілер өкімдерін сақтауды қамтамыз етудің әртүрлі аспектілеріне жататын ережелерді сақтау.

Әскери тәртіп бұл әскери жарғыны және командир бұйрықтарын орындау.

Еңбек - ішкі тәртіп, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, еңбек процесінің жетекшілерінің өкімдерін және нақты бұйрықтарын орындау болып табылады.

Заңдылық режимі демократиямен тығыз байланысты, ол жағдайды халықтық биліктіңқағидасындағы азаматтар теңдігі, шын мәнінд орындалып, мойындалып, олардың мемлекет және қоғамдық өмірдің мәселелерін шешуге және қатысуға жағдай жасалды.

Заңдылық - демократиялық қоғамның демократиялық режимінің негізі деп айтуға болады.

Заңдылықтың режимі жағдайында азаматтардың, қоғамдық қозғалыстардың және ұйымдардың демократиялық құқықтары, билік бөлінісі қағидасы, жалпы сайлау құқығы жүзеге асады, заңға негізделген құқық шығармашылығы және құқық қолдану тәжірибесіндегі процедуралар жүзеге асуда.

«Заңдылық тек құқықтың формальды қағидасы емес, қоғамдық құрылыстың демократиялық мәнін көрсететін мәнді категория» - деп көрсетеді В. Н. Кудрявцев [23, 45б. ] . Шынында да құқық, заңдылық және демократияның байланысы анық. Заңнама арқылы басқару, билік органдарының бағыныштылығы, мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шеңбері бекітіледі. Басқаша айтқанда демократия азаматтардың бостандық мөлшерін көрсетуді, қоғамдағы адамдардың бірлестігін заңды рәсімделуін болжайды.

Сондықтан, құқық және заңдылық демократияның элементі ретінде болады. Заңдар демократиялық емес охлократия жағдайында мойындалмайтынын айту керек.

Охлократия - (грек. - ochlos - топ, kratos - билік, топ билігі) .

Мұнда топ жағдайдың иесі болып табылып, көтеріліс жағдайы, ірі көше тәртіпсіздіктері айтылып, ол негізсіз себептермен, материалдық және құндылықтарды жоюмен сипатталады. Охлократия құқықтық реттіліктің кез-келген түріне қарсы шығатынымен сипатталады. Мұнда бірінші орында сана мен ерік бақылауынан шыққан, өмірлік қажетіліктер мен әрекеттермен ерекшеленетін ашулы топ болады.

Заңдылық - қоғамның демократиялық режимінің негізі және оны қолдау, бекіту құралы екендігін айта кету керек.

Егер заңдар, сайлау заңдары, өкілді органдардың қызмет тәртібі бұзылып жатса, нормативтік құқықтық актілермен қарастырылған кепілдер әрекетсіз болса, онда демокрария туралы әңгіме асыра сілтеушілік болады.

Бұл бір жағынан.

Екінші жағынан - демократиялық тәртіп бірінші кезекте заңдылықтың дамуы мен бекуі жағдайы үшін қызмет етеді(құқықтық тәртіп, атқарушы аппараттың азаматтарға және т. б. демократиялық есептілігін қамтамасыз етуге елдің әрбір аумағында туындайтын қоғамдық құрылымдар) .

Мұнда өкілді органдардың атқарушы органдардың қызметіне бақылауы, сот органдарының жоғарыдағы екеуіне бақылау жүргізуі маңызды.

Заңдылық және мақсатқа сәйкестілік үйлесімділігі мәселесі қызығушылық тудыруда. «Мақсатқа сәйкестілік» сөзі «қойылған мақсатқа сәйкес, саналы, практикалық тиімділікті» білдіреді.

Құқық аясында мақсатқа сәйкестілік заңның қойылған мақсатқа және оны жүзеге асру үшін тиімді жолын таңдауда көрінеді. Заңдылықтың мақсатқа сәйкестілігі бірінші құқықтың құндылығымен, бағытымен, ұйымдастырылуымен, тәртібімен аныықталады. Тек құқықта, заңда жоғарғы әлеуметтік мақсатқа сәйкестілік көрінеді.

Сонымен қоса заңдылық және мақсатқа сәйкестілік мәслесі заң әдебиеттерінде көрінеді, ол құқық шығармашылық құқық қолдану аспектілерінде қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кұқықтық режимнің дамуындағы тенденцияларды қарастыру
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Құқық нормасын талқылау
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қалыптасуы
ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ
Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері
Заңды жауапкершіліктің жекелеген мәселелері
Заңдылық құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде
Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
Жедел іздестіру қызметінің түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz