Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе
3
Кіріспе:
3:
Кіріспе: І. Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас
3: 5
Кіріспе:
  1. Мұрагерлік туралы жалпы түсінік және оның түрлері
3: 5
Кіріспе:
  1. Мұрагерлік құқықтық қатынастың түсінігі және оның элементтері
3: 7
Кіріспе:
  1. Мұрагерлік туралы жалпы ережелер
3: 10
Кіріспе:
3:
Кіріспе: ІІ. Қазақстан Республикасында мұрагерлік құқықтың қалыптасуы және дамуы
3: 13
Кіріспе: 2. 1 Мұрагерлердің құқықтарының пайда болу мәселелері
3: 22
Кіріспе: 2. 2 Қазақ қоғамындағы мұрагерлік құқық
3: 23
Кіріспе: 2. 3 Өсиет бойынша мұрагерлік ережелері және оның орындалуы
3: 27
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Қорытынды
3: 32
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер
3: 33

Кіріспе

Қазақстанда 1990 жылдардың басындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі, құқықтық реттеулерге де әсерін тигізбей қоймады. Еліміздегі соңғы жылдардағы оқиғалар, бүтіндей тұтас құқықтық реттеулердің, соның ішінде мұрагерлік құқықтық реттеу қажеттілігінің әлдеқашан пісіп жетілгенін байқатты. Құқықтық мемлекетімізде және ашық демократиялық қоғамымызда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар шеңберінің едәуір ұлғайғанын, сонымен қатар азаматтық-құқықтың жеке құқықтық институттарының көбейгенін, азаматтың жеке меншігінде болатын мүліктің саны мен құны шектелмейтінін (ҚР-ның АК-нің 191 бабының 1, 2 тармақтары), сонымен қатар т. б. жағдайлардың көз алдымызда қарқынды түрде қалыптасуын байқаймыз. Осының барлығы күнделікті тіршілікте және заңда белгіленген ережелерге қарама-қайшылық туғызатыны сөзсіз.

Кез келген қайта құру түрі, ең алдымен идеологиялық, әлеуметтік, психологиялық тәсілдер мен қағидалардан көрініс табады және көптеген сұрақтардың туындауына алып келеді. Оның бірі әрі қарай дамудың жолы қалай болмақ, қоғамдық өмірдің қайта құруы қандай мақсатта жасалмақ деген әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық-қатынастар, әдет-ғұрып, діни негіз дәстүрлері әсерінен қалыптасқан қоғам дамуының ерекшеліктерін ескерместен өмір сүре алмайды. Мемлекет экономиканы реформалау барысында монополиядан бас тартып, жеке меншікке ауысуы Қазақстанның экономикалық реформасының маңызды бағытына айналды және ол мұрагерлік құқық институтына әсерін тигізді.

Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық, азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: «1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2. Меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі», -деп көрсетіліп, бекітілген. Яғни, азаматтардың мұрагерлік құқығы заң жүзінде танылады және сақталады.

Жалпы мұрагерлік құқықтың өсиет бойынша және заңды мұрагерлік құқық мәселелеріне арналған құқықтық нормалар заң шығарушылардан дәлділікті, ой-тұжырымдарының анықтығы мен айқындығын талап етеді. Бұл әрбір азаматтың басқа да мүдделерін қорғайтын мұрагерлік ерекшелігімен байланысты.

Мұрагерлік институттың консервативтілігі соншалық, оған қандай да бір маңызды өзгерістерді қолдану мүмкін емес, себебі оны қайта қалпына келтіру қиынға соғады. Дегенмен де уақыт өз толықтыруларын енгізіп отыр, бұл өмірдің өзгеруімен, сондай-ақ адамдардың өз талаптарының өзгеруімен де байланысты. Мұндай жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге соқтықпайынша, мұрагерлік құқық институты өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Ол барлық құқық сияқты бүтіндей жаңа уақыттың және жаңа саясаттың талаптарына жауап беруі керек. Аталған мәселелер теориялық деңгейде өңделмесе, мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық заңдарды толық жетілдіру процесі қиындайды.

Жоғарыда айтылған мәселелер және теориядағы мұрагерлікке қатысты өзге де мәселелер, заңдар мен тәжірибелер ғылыми-теориялық зерттеулерге мұқтаж. Сонымен қатар мұрагерлік құқық институтында құқықтық реттеулерді толық жетілдіру бойынша, соның ішінде меншік құқығына ие болу және т. б. мұрагерлік құқық институтына қатысты өзге де мәселелерді өңдеу және оған баға беру керек. Мұрагерлік қатынастарды реттейтін негіздердің жүйесін дамыту мәселелерінің мәнін түсіну қажет, сонымен қатар нотариалды және сот тәжірибесінде азаматтардың мұрагерлік құқығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын мәселелердің онды жолдарын табу қажет.

Демек, зерттеу жұмысының өзектілігі мұрагерлік туралы жан-жақты және терең теориялық зерттеу қажеттілігінің алдын ала анықтау, сонымен қатар осы салада пайда болған құқықтық мәселелерді кешенді шешу болып табылады.

Берілген тақырыптың маңыздылығы бойынша курстық жұмыстың мақсаты мұрагерлік құқықтың даму тенденциясын білу болып табылады, яғни мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелері жан-жақты талдап зерттеледі.

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

- Мұрагерлік құқықтың тарихын зерттеу негізінде өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерліктің қалыптасуымен даму ерекшеліктеріне талдау жасап, олардың өзекті мәселелерін анықтау;

- Кез келген қайтыс болған адам «мұра қалдырушы» болмайды, яғни азаматтың тірі кезінде оған тиесілі болған мүліктің мұрагерлеріне ауысуын қарастыру;

- Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау;

- Өсиет қалдырушының өсиетті құруға байланысты пайда болатын мәселелеріне талдау жүргізу,

- Мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру ерекшеліктеріне талдау жүргізу;

- ҚР-ның мұрагерлік құқық туралы қазіргі қолданыстағы заңнамалар бойынша сот тәжірибесіндегі істерді саралау және оны зерттеп білу.

Курстық жұмыс кіріспені, екі тарау мен қорытындыны қамтиды.

І. Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас

  1. Мұрагерлік туралы жалпы түсінік және оның түрлері

Мұра туралы әңгіме қозғалғанда адамдардың осы мәселе төңірегінде әлі де болса түсінбеушілік орын алуда. Кей жағдайларда халықтың басым көпшілігі мұра туралы ешнәрсе білмейді. Себебі, әсіресе қазақ халқында мұра тек қара шаңырақтың иесі кенже балаға қалады. Шамасы келгендер балаларына тиесілі мұрасын бөліп қалдырып кетеді. Ал, қазіргі нарық заманында мұраға қызығушылық артып келеді. Оның ішінде тұрғын үй жөнінде.

Ал, осы мұрагерлік деген не. Оны қалай қабылдайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1038-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) -мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Мұраның құрамына не кіреді. Осы кодекстің 1040-бабында көрсетілгеніндей, мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтар мен міндеттер кіреді. Мұраның құрамына: егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы; өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы; алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер; зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы; заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар, кірмейді.

Кодекстің 1042-бабына сай, мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұрагерлер болып Кодекстің 1044-бабында көрсетілгеніндей мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Осы арада туындайтын басты мәселе мұраны қабылдау. Кодекстің 1072-1-бабында мұраны қабылдау мұра ашылған жердегі нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге уәкілетті лауазымды адамға мұрагердің мұраны қабылдау туралы өтінішін не мұрагердің құқық туралы куәлік беру туралы өтінішін беру арқылы жүзеге асырылады.

Бірақ мұраны қабылдау үшін заңда белгіленген мерзімді сақтау керек. Бұл мерзім туралы азаматтар білмейді. Яғни, Кодекстің 1072-2-бабына сәйкес мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабалдануы мүмкін. Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күні ашылған жағдайда мұра қалдарушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың ішінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешімінде өзге күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкін. Осы алты ай мерзімді азаматтар өткізіп алып жатады. Бұндай жағдайда нотариус мұраға құқық беру туралы куәлікті беруден бас тартуы мүмкін.

Алайда, Кодекстің 1072-4-бабына сай егер мұрагер мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді дәлелді себептер бойынша өткізіп алған болса және мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагер бұл мерзімді өткізу себептері жойылғаннан кейін алты ай ішінде сотқа жүгінген жағдайда осы мерзімді өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша сот бұл мерзімді қалпына келтіре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады. Әрине мерзімді қалпына келтіру сотпен тек мерзім дәлелді себептермен өткізілген жағдайда ғана жасалуы мүмкін. Дәлелді себеп, ұзақ мерзімге командировкаға кету, емделу орнында болу т. б. мән-жайлар болуы мүмкін.

Азаматтарға айтар мәселе, мұраны қабылдауға белгіленген алты ай мерзімді дәлелсіз себептермен өткізбеу керек. Себебі, мерзім дәлелсіз себептермен өткізілген жағдайда сот бұл мерзімді қалпына келтіруден бас тартуы мүмкін. Олай болған жағдайда мұра қабылданбай қалады.

1. 2 Мұрагерлік құқықтық қатынастың түсінігі және оның элементтері

Заң ғылымында құқықтық қатынас күрделі жүйе ретінде қарастырылады, ол жеке-жеке үш элементтерден тұрады. Олар: субъект, объект (пән) және мазмұн (субъективтік құқық пен міндет) .

Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектісі мұрагерлік құқықтық қатынасқа қатысушы тұлғалар, яғни мұра қалдырушы мен мұрагер болып табылады.

Мұрагерлік құқықтық қатынастың объектісі мұрагерлік құқықтың негізіне сәйкес, мұра қалдырушының мүліктік жиынтықтарының (соның ішінде мүліктік құқығы мен міндеті) бірыңғай тұтас нәрсе ретінде мұрагерлеріне ауысуы болып табылады.

Өсиеттік бас тартылушылар (легаттар) дербес субъект бола алмайды.

Нотариус қатысты субъект болып табылады.

Мұрагерлік құқықтық қатынас құрамының үшінші элементі мазмұн болып табылады. Мұрагерлік құқықтық қатынастың мазмұны ҚР-ның АК-де белгіленген мұрагерлік құқыққа қатысушы тараптардың құқығы мен міндетінің жиынтығы.

Мұрагерлік құқық субъектілердің одан әрі қарай заңдық қатынастарда тағдырын анықтау, осы қатынасқа құқығы бар тұлғаларды анықтау үшін тұлғаның қайтыс болуына байланысты пайда болатын құқықтық қатынастардың сипатын сараптауымыз қажет. Революциядан бұрын орыс цивилистері заңдық қатынастарды (қазіргі құқықтық қатынас) субъективтік құқық деп түсінген, яғни өзге тұлғалардың қажеттерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырған, ол екі тұлға арасындағы байланыс сияқты, өзара талаптар мен міндеттерді белгілеген. Қазіргі уақытта құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысын айтуға болады. Осыдан мұрагерлік құқықтық қатынасты түсіндіруге болады. Яғни, қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамдарға (мұрагерлерге) ауысуына байланысты реттейтін қоғамдық қатынастар.

Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъективтік құрамын сипаттаған кезде, сонымен қатар осы субъектілердің құқықтық қатынастарымен, олардың құқықтық статусы туралы айтатын болсақ, ең алдымен ҚР-ның АК-дегі осы субъектілердің нақты нормаларда қалай аталатынына тоқталайық. «Мұрагерлік құқық бойынша ауысатын мүлік иесінің» аталуы әртүрлі. Бір жерде «қайтыс болған азамат» ҚР-ның АК-нің 1038 бабында, кейбір жерде «мұра қалдырушы» ҚР-ның АК-нің 1040 бабы, 1042 бабы, 1043 бабы, 1044 бабы, 1045 бабы және т. б., кейбір жерде «өсиет қалдырушы» ҚР-ның АК-нің 1046 бабы, 1047 бабы, 1048 бабы және т. б. деп көрсетілген. Бір баптың өзінде екі түрлі атаумен де аталатын ержелер кездеседі. Мәселен, ҚР-ның АК-нің 1046 бабында «өсиет қалдырушы» және «мұра қалдырушы» деп көрсетілген. Бұл жағдайлар құқық қолдану кезінде бірдей талқылауда кедергі жасауы мүмкін. Әрине бұл сөздер «бір тұлғаға қатысты» екені түсінікті, дегенменде құқық қолдану органдардың, әсіресе соттардың шешімі кезінде, мұндай жағдайларды жібермеу керек. Өйткені азаматтық заңның өзінде бұл келеңсіздікке қатысты арнайы бап қарастырылады. ҚР-ның АК-нің 6 бабына сәйкес, «Азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөдердің дәлме-дәл меніне сәйкес түсінілуі тиіс. Заң қалыптарының мәтінінде қолданылған сөздерді әр түрлі түсінуі мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституцияның ережелеріне және азаматтық заңдардың осы тарауда, ең алдымен оның 2 бабында баяндалған негізгі қағидаттарына сай келетін түсінікке басымдық беріледі» деген.

«Қайтыс болған азамат», «мұра қалдырушы», «өсиет қалдырушы» ұғымдарын бірыңғай түсіндірсек. ҚР-ның АК-нің 1046 бабында, «қайтыс болған азаматты», 2 ұғымда көрсетсек, яғни мұра қалдырушы және өсиет қалдырушы.

Нақты тоқталып өтсек, ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 6 тармағында, «мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес» деген. Мұнда «мұра қалдырушы» ұғымы тектік мағынада айтылады. Себебі, қайтыс болған азамат өсиет қалдырғанымен, оны қайта өзгертуге болады деген сөз, қайтыс болған азамат өсиет қалдырмауы да мүмкін дегенді білдіреді.

«Өсиет қалдырушы» ұғымы тек өсиет қалдырған азаматқа қатысты айтылады, мұраға қатысты түрлі ұғымда айтылып тұр. Өсиет қалдырмай, қайтыс болған адамды немесе мұра заңды мұрагерлік негізде жүзеге асатын болса, қайтыс болған азаматты өсиет қалдырушы деп айта алмаймыз.

ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 7 тармағына сәйкес, «мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік еті міндетін жүктеуге болады», деген. Мұнда мағынасына қарай түрлі ұғымға қатысты айтылғандықтан «мұра қалдырушы» ұғымын «өсиет қалдырушы» ұғымына ауыстыру ұсынылады. Себебі, мұнда тек өсиетке қатысты, өсиет бойынша туындайтын құқықтық қатынастар туралы айтылып тұр.

Бұл жерде «Мұра қалдырушы» тектік ұғымда, ал «өсиет қалдырушы», «қайтыс болған азамат» және т. б. түрлі ұғымда айтылады.

Тектік ұғым жалпы түп негізін кең ауқымды түсіндіретін ұғым. Түрлі ұғым тектік ұғымның белгілі бір бөлігі ретінде түсіндіріледі.

Сонымен, мұрагерлік құқықтық қатынастардың субъектілеріне қатысты «Мүра қалдырушы» ұғымы «өсиет қалдырушы», «қайтыс болған азамат» және т. б. ұғымдарына қарағанда тектік мағынада берілген.

Бұл бөлімшеде, сонымен қатар мұраның ашылуы, мұраның ашылу орны, лайықсыз мұрагер мәселелері қарастырылады. Осы мәселелерге қатысты келесі мән-жайларды айтуға болады. Біріншіден, мұрагерлік мүліктік құқықтық қатынастардың жиынтығы нақты заңды фактілерге байланысты -мұра қалдырушының өлімі. Екіншіден, мұраның ашылу уақытына анықтама бере отырып, заң шығарушылар коммориенттерге қатысты ережелерде бірнеше мәселелердің шешуін тапқан, мысалы, бір күнде қайтыс болған адамдар бірінен кейін бірі мұрагер бола ала ма жоқ па немесе мұраның ашылу орны бойынша жаңа критерийлер ұсынылған. Үшіншіден, бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-нің заңдарына қарағанда лайықсыз мұрагер деп танылған тұлғаларға қатысты ережелер нақты, түсінікті және олардың кінәлары анықталынған. Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету үшін ниет негіз болып табылады.

1. 3 Мұрагерлік туралы жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі АК) 1042-бабына сәйкес мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн не сот шешімінде қайтыс болған деп белгіленген күн мұраның ашылу уақыты болып танылады. Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуы мүмкін азаматтар бір мезгілде немесе бір күнтізбелік тәулікте, бірақ түрлі сағатта қайтыс болса, онда олар бірінен кейін бірі мұрагер болмайды және мұрагерлікке олардың әрқайсысының мұрагерлері шақырылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері мұраның ашылу орны болып табылады.

АК-нің 16-бабына сәйкес азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына сәйкес, азаматтарды тіркеу тұрақты тұратын орны бойынша жүзеге асырылады. Әдетте, мұра қалдырушының соңғы тұрған жері тұрақты тұрған жеріне сәйкес келеді.

Егер Қазақстан Республикасының аумағында мүлкі болған мұра қалдырушының соңғы тұрған жері белгісіз болса немесе оның аумағынан тыс жерде болса, Қазақстан Республикасында мұраның ашылу орны деп осындай мұрагерлік мүліктің орналасқан орны (жылжымайтын мүлік орналасқан жер, жылжымалы мүлік тіркелген жер, мұра қалдырушының шоты ашылған банк орналасқан жер және т. б. ) танылады. Егер көрсетілген мұра әртүрлі жерлерде орналасқан болса, оның құрамына енетін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері, ал жылжымайтын мүлік болмаған кезде - жылжымалы мүліктің немесе оның неғұрлым құнды бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұра қалдырушының тұрған жері мұрагерлерге белгілі болып, бірақ олар оны қандай да бір себептер бойынша құжаттармен дәлелдей алмаған жағдайларда, сот мұрагердің арызы бойынша мұраның ашылу орнының заңдық фактісін белгілеуі мүмкін.

АК-нің 1072-бабының 1-тармағына сәйкес мұраны алу үшін заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер оны қабылдауы тиіс. Мұраны қабылдау тәсілі мұра ашылған кезде қолданыста болған заң бойынша айқындалады.

Мұраны іс жүзінде қабылдау деп мұрагердің мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін соңғының мүлкін иеленуін және пайдалануын кәуландыратын әрекеттері, оның мүлкін ұстау мен сақтау жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыруы, мұрагерлік мүлікке байланысты оның қарыздары мен салықтарын төлеуі не мұрагерлік массаға енгізілуге жататын мүліктік сипаттағы мұра қалдырушыға тиесілі төлемдерді, құндылықтарды алуы түсіндіріледі.

Мұрагердің мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердің мұраны қабылдамауы немесе мұрагерді мұраны қабылдаудан шеттету салдарынан мұрагерлік туындайтын басқа тұлғалар, олардың мұрагерлікке құқықтары туындаған күннен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдауға құқылы.

Белгіленген тәртіппен қабылданған мұра, ол ашылған күннен бастап мұрагерге тиесілі деп танылады. Сондықтан мұра алу құқығы туралы куәлікті алу мұрагердің міндеті емес, құқығы болып табылады, көрсетілген куәліктің болмауы мұрагерлік құқықты жоғалтуға негіз бола алмайды.

Мұрагер мұраны іс жүзінде қабылдаған, бірақ мұра алу құқығы туралы куәлікті алу үшін нотариусқа қажетті даусыз дәлелдемелерді келтіре алмаған және оларды өзге де жолмен алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда мұрагер мұраны қабылдаудың заңдық фактісін белгілеу туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Мұрадан бас тарту туралы арыз мұрагер мұрагерлікке шақырылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты ай ішінде мұра ашылған орны бойынша нотариусқа мұрагердің жеке өзі келіп беруі немесе пошта арқылы берілуі мүмкін. Арыз пошта арқылы жіберілген кезде арызға қойылған қол куәландырылуы тиіс.

Жасы он төртке келмеген кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері (олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары), сондай-ақ белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың қорғаншылары сенімхатсыз әрекет етеді. Алайда, мұрадан бас тарту үшін олар қорғаншылық және қамқоршылық органынан рұқсат алуы қажет.

Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, соттың шешімімен әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар өздерінің ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының келісімімен мұрадан бас тартуға құқылы. Соңғылар қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсатымен ғана келісім бере алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерлік құқықтың түрлері
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Құқық және заң. Мұрагерлік құқық
Мұрагерлік құқықтың негіздері
Мұрагерлік құқық туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік қатынастарды реттеудің теориялық және заңнамалық мәселелері
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Құқық және заң аналогиясы
Жылжымайтын мүлік экономикасында тұрғын үйлердің алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz