Сойыс малдары



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

II.1. Сойыс малдарына қойылатын талаптар

II.2. Малды қабылдау мен оны союға дайындау
II.3. Малды сою және сойыс өнімдерін ұқсату
II.4. Малды сойғанда дәрігерлік бақылау және мал ұшасы мен ағзаларын тексеру

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ет өндірісінде ең бірінші етке арнайы бағылған мал пайдаланылады.Сонымен қатар басқа өнім үшін бағылған малды да ет өндірісінде қолданылады. Етке арнайы өсірілген етті тұқымды малдан алынған еттің сапасы жоғары болады. Мал сою орындарына түсетін малды сойыс мал деп атайды.
Сойыс малына ірі қара , жылқы , түйе , шошқа , қой , ешкі және үй құстарының барлығы жатқызылады. Сойғаннан кейінгі жүретін биохимиялық өзгерістердің ерекшеліктеріне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлді сойыс малына жатқызбайды. Малды союға дайындау ұжымшар, кеңшардың арнайы фермада бордақылау кешендерінде , кооператив мекемелеріне , құс фабрикаларында , тағы басқа орындарда жүргізіледі. Қазіргі кезде фермерлік жеке шаруашылықтың өркендеуіне байланысты ет өндірісі үшін шикі затпен қамтамасыз ету де олардың үлес салмағы да жоғары.
Ет өндірісінде ірі қараның маңызы зор. Әсіресе ірі қараның етті тұқымдары тез жетілуі мен етінің дәмділігімен ерекшеленеді.
Қой етінің сапасы және шығыны қой тұқымына көп байланысты. Еттің сапасы және шығындылығы жағынан құйрықты , етті-жүнді және елтірі қойлары ерекше орын алады. Қой етінің үлес салмағы республикада орташа 50% шамасын құрайды.
Ешкі малының көпшілігі сүт, түбіт, жүн өнімдерін беретін тұқымдарға жатады. Сүтті ешкі тұқымына қарағанда жұнді түбітті ешкінің еті сапалы болып келеді. Ешкі етінің жалпы ет өндірісіндегі үлес салмағы өте аз болғандықтан оны қой етімен бірге есептейді.
Жылқы етінің шығындылығы жөнінде қазақ жылқысының жабы тұқымың орны ерекше. Ол ауа-райының қандай жағдайларына болсада төзімді. Жем-шөп талғамайды. Үнемі далада, жайылымда өсіп-жетіледі. Жақсы жайлымда тері астындағы және ағзалардың айналасындағы майы 40кг дейін жетеді.
Шөл және шөлейт аймақтарында түйе шаруашылығының маңызы ерекше. Ол тұзды суды басқа мал жемейтін өсіидіктерді қанағат тұтады. Сондықтан да оны басқа мал түлектерімен бірге оларға тиімсіз өсімдіктерді пайдалана отырып өсіруге болады.
Шошқа – халықты етпен қамтамасыз етуде шошқаның маңызы зор. Ол өте тез өсімталдылығымен, азықты жақсы өтеуімен ерекшеленеді. Әр шошқа жылына 18-20 және оданда көп торай алып келеді. Ал бордақыланған торай 6-7 айлығында 90-100кг және одан да көп салмаққа жетеді. Шошқа етінде аминқышқылымен қатар май қышқылдары көптеп кездеседі. Сондықтан ол өте сіңімді келеді.
Еттің сапасы , сіңімділігі , далпы биологиялық тиімділігі малдың қоңдылығына байланысты. Сондықтан малды етке тапсырар алдында оны жайып семіртеді.
1.С.Қырықбайұлы, Т.М.Тілеуғали. Ветеринариялық-санитариялық сараптау практикумы. Алматы 2007.
2. Б.Көпбосынов, Т. Сұлтанқұлов. Мал санитарының кітапшасы.
«Қайнар» Алматы-1978
3. Основы ветеринарии. Москва «Колос» 1979
4. Е.Әлібаев, Б.Ермұхан. Мал өнімдерін өдіру технологиясы.
«Фолиант» Астана-2010
5. Солдатов А.П., Башкиров В.А., Игнатенко Г.Г. Скотоводство-М.
Колос, 1982.
6. Н.Омарқожаев, Б.Әкімбеков, С.Махмұтов. Қолда мал өсіру.
Алматы. Қайнар, 1995.
7. А.Е.Ставровский, И.А.Савич. Мал шаруашылығы негіздері
Алматы. Қайнар, 1976.
8. Б.Б.Ысқақбаев. Сиырды қолда өсіру.
Алматы. Қайнар, 1987.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

II. Негізгі бөлім

II.1. Сойыс малдарына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

II.2. Малды қабылдау мен оны союға дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

II.3. Малды сою және сойыс өнімдерін ұқсату ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

II.4. Малды сойғанда дәрігерлік бақылау және мал ұшасы мен ағзаларын
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Кіріспе

Ет өндірісінде ең бірінші етке арнайы бағылған мал
пайдаланылады.Сонымен қатар басқа өнім үшін бағылған малды да ет
өндірісінде қолданылады. Етке арнайы өсірілген етті тұқымды малдан алынған
еттің сапасы жоғары болады. Мал сою орындарына түсетін малды сойыс мал деп
атайды.
Сойыс малына ірі қара , жылқы , түйе , шошқа , қой , ешкі және үй
құстарының барлығы жатқызылады. Сойғаннан кейінгі жүретін биохимиялық
өзгерістердің ерекшеліктеріне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлді
сойыс малына жатқызбайды. Малды союға дайындау ұжымшар, кеңшардың арнайы
фермада бордақылау кешендерінде , кооператив мекемелеріне , құс
фабрикаларында , тағы басқа орындарда жүргізіледі. Қазіргі кезде фермерлік
жеке шаруашылықтың өркендеуіне байланысты ет өндірісі үшін шикі затпен
қамтамасыз ету де олардың үлес салмағы да жоғары.
Ет өндірісінде ірі қараның маңызы зор. Әсіресе ірі қараның етті
тұқымдары тез жетілуі мен етінің дәмділігімен ерекшеленеді.
Қой етінің сапасы және шығыны қой тұқымына көп байланысты. Еттің
сапасы және шығындылығы жағынан құйрықты , етті-жүнді және елтірі қойлары
ерекше орын алады. Қой етінің үлес салмағы республикада орташа 50% шамасын
құрайды.
Ешкі малының көпшілігі сүт, түбіт, жүн өнімдерін беретін тұқымдарға
жатады. Сүтті ешкі тұқымына қарағанда жұнді түбітті ешкінің еті сапалы
болып келеді. Ешкі етінің жалпы ет өндірісіндегі үлес салмағы өте аз
болғандықтан оны қой етімен бірге есептейді.
Жылқы етінің шығындылығы жөнінде қазақ жылқысының жабы тұқымың орны
ерекше. Ол ауа-райының қандай жағдайларына болсада төзімді. Жем-шөп
талғамайды. Үнемі далада, жайылымда өсіп-жетіледі. Жақсы жайлымда тері
астындағы және ағзалардың айналасындағы майы 40кг дейін жетеді.
Шөл және шөлейт аймақтарында түйе шаруашылығының маңызы ерекше. Ол
тұзды суды басқа мал жемейтін өсіидіктерді қанағат тұтады. Сондықтан да оны
басқа мал түлектерімен бірге оларға тиімсіз өсімдіктерді пайдалана отырып
өсіруге болады.
Шошқа – халықты етпен қамтамасыз етуде шошқаның маңызы зор. Ол өте
тез өсімталдылығымен, азықты жақсы өтеуімен ерекшеленеді. Әр шошқа жылына
18-20 және оданда көп торай алып келеді. Ал бордақыланған торай 6-7
айлығында 90-100кг және одан да көп салмаққа жетеді. Шошқа етінде
аминқышқылымен қатар май қышқылдары көптеп кездеседі. Сондықтан ол өте
сіңімді келеді.
Еттің сапасы , сіңімділігі , далпы биологиялық тиімділігі малдың
қоңдылығына байланысты. Сондықтан малды етке тапсырар алдында оны жайып
семіртеді.

II.1. Мал дәрігері малды қабылдау, союға дайындау және олардың қоңын
анықтау, малханадағы жұмыс тәртібін толық меңгеруі қажет. Мал қасапханада
немесе арнайы белгіленген орында сойылуы тиіс. Малдың қоңын етінің жетілу
дәрежесі мен тері астындағы шелмайының қалындығына қарап анықтайды. Ол үшін
малдың сыртқы пішініне, арқасының біркелкі тегістігіне, ішіне, сан, жауырын
еттерінің толысуына назар аударады және тері астындағы май жиналған
жерлерін ұстап көреді. Астына май жиналған жерді терісі оңай
қозғалады.Жынысы мен жасына қарамай ірі қара малды 4 топқа бөледі:
Сақа мал - жасы үштен асқан сиыр, бұқа, өгіз және тірідей массасы
350кг кем бір рет бұзаулаған сиыр.
1. Бір тума сиыр – жасы 3-ке толмаған массасы 350кг артық бір рет
бұзаулаған сиыр.
2. Жас мал – жасы 3-айдан 3 жылға дейінгі тана – торпақ, өгізше, бұқашық.
3. Бұзау жасы 14 күннен 3 айға дейінгі төл.
Қондылығына байланысты әр топтағы малдың 2 категориясын (дәрежесін)
ажыратады. Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылына төменгі көрсеткіштер
бойынша жатқызады (төменгі көрсеткіштер). Етінің дамуы қанағаттанарлық,
кеудесінің пішіні аздап сүйірленген, жауырыны онша байқалмайды, сан еті
толық, омыртқа қыры, жамбас сүйектің басы, құйымшақ басы аздап шығыңқы.
Тері астындағы май құйрықта және құйымшақ сүйектің – басында байқалады.
Өгіздің ұшасын аздап май басқан, жұмсақ.
Екінші дәреже – етінің дамуы аса қанағаттанарлық емес, кеуде пішіні
қушықтау, жауырыны шығыңқы, сан еті ысылған, арқа және бел омыртқаларының
жоталық өсінділері, жамбас сүйектің, құйымшақтық басы шығыңқы тері
астындағы май арқада, құйымшақ басында бөлшектене жиналған. Өгіздің ұшасы
тартылған, май байқалмайды.
Бұқаның бірінші дәрежесі қоңдылығы төменгі көрсеткіштерден кем
болмауға тиіс. Кеуделік жұмыр еті жақсы жетілген, арқасы, белі, сауыры
жалпақ, қаңқа сүйектері байқалмайды, сан, жауырын еттері толық. Екінші
дәреже – кеудесі қушықтау, қаңқа сүйектері аздап шығыңқы, етінің дамуы
қанағаттанарлық, кеудесі, арқасы, белі және сауыры жалпақ емес, саны,
жауырыны тартыңқы. Бір тума сиырдың I дәрежелі қоңдылығы – кеудесі жұмыр,
еті жақсы жетілген, жауырыны, белі, сауыры, сан еттері толық, омыртқаның
жоталық өсінділері, жамбас сүйектің, құйымшақ басы байқалады, құйрық түбін
май басқан. Екінші дәрежелі қоңдылықты малдың кеудесі толық жұмырланбаған,
етінің дамуы қанағаттанарлық, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ,
жамбас сүйектердің басы шығыңқы, тері астында май байқалмайды, денесі
жұмыр, арнасы тегіс.
Сойысқа арналған жас мал массасына байланысты 4 класқа бөлінеді:
таңдаулы, бірінші, екінші, үшінші. Таңдаулы класқа тірідей массасы 450 кг-
нан артық, біріншіге -400-450 кг-ға дейін, екіншіге -350-400кг, үшінші
класқа 300-350кг болатын малды жатқызады. Сонымен қатар таңдаулы класқа
жасы 2 жылға дейінгі массасы 420кг артық мал жатқызылады. Таңдаулы, бірінші
және екінші кластағы малды I дәрежелі қоңдылыққа жатқызады, ал үшінші
класты малдың қоңдылығының бірінші және екінші дәрежемін ажыратады. Бірінші
дәреже – кеудесі жұмыр, бұлшық еттері жақсы дамыған, омыртқалардың жоталық
өсінділері, құымшақ, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, құйрық түбінде
май байқалмайды. Екінші дәреже – кеудесі аса жұмыр емес, омыртқалардың
жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы шығыңқы, тері
астында май байқалмайды.
Бұзаудың қоңы – төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталады.
1 – ші дәреже – тірідей массасы 30кг кем емес сүт еметін бұзау;
қанағаттанарлық еті бар, жота мен бел омыртқаларының өсінділері қолмен
басқанда аздап білінеді, жүні жұмсақ және жылтыр, қызылиектің, ерін мен
таңдайдың шырышты қабықтары ақ түсті, аздап қызыл реңкілі немесе сары реңді
болады; көздің дәнекер қабығының түсі ақ.
2 – ші дәреже - үстеп қоректендірілген бұзаудың бұлшық еттері
нашарлау жетілген, жота және бел омыртқаларының өсінділері аздап шығып
тұрады, қабақ, қызылиек, ерін және таңдайдың шырышты қабықтары қызғылт
реңкілі.
Қой, ешкі қоңдылығы жоғары, орта, ортадан төмен үш дәрежеге бөлінеді.
Жоғары дәрежелі қоңдылығы – арқа және бел бұлшық еттері жақсы
жетілген, арқа, бел омыртқаларының (шоқтықтан басқа) жоталық өсінділері
білінбейді. Тері астындағы май арқада, белде және қабырға үстінде жақсы
білінеді. Құйрықты қойдың құйрығы майға толы.
Орта дәрежелі қоңдылықта – арқа, бел еттері қанағаттанарлық жетілген,
бел омыртқалардың жоталық өсінділері, жамбас сүйектің басы аздап шығыңқы,
ал арқа омыртқаларының жоталық өсінділері шығыңқы, беліндегі, тері
астындағы май қанағаттанарлық, ал арқасындағы және қабырғаларында аздаған
май байқалады. Құйрықты қойлардың құйрығы майға толмаған.
Ортадан төмен қоңдылықта – еті төмен, омыртқалардың жоталық
өсінділері, қабырғалары шығыңқы, шоқтығы және жамбас сүйектің басы жақсы
байқаладығ тері астындағы май байқалмайды. Құйрықты қойлардың құйрығында
аздаған май жиналған. Жалпы қойдың жүні қалың әрі тығыз болғандықтан, оның
қоңдылығын ажырату едәуір қиындық туғызды. Сиыр, қойдың қоңдылығы ортадан
төмен немесе екінші дәрежелі қоңдылыққа сай келмейтін болса, олар арық
малға жатқызылады. Тапсырушы мен ет комбинаттары қызметкерлерінің арасында
мал қоңдылығының ажыратуда келіспеушілік болса, мал қоңдылығын ажырату үшін
тексеру сойысы жүргізіледі де, еттің сапасы бойынша қоңдылығы ажыратылады.
Жылқы қоңдылығы. Жасына байланысты жылқы үш топқа бөлінед. Сақа
жылқы – жасы үштен асқан, жас мал – жасы бірден үш жылға дейін және құлын –
жасы бірге толмаған массасы 120 кг артық төл. Сақа малдың бірінші дәрежелі
қоңдылығы – еті жақсы дамыған, кеудесі жұмыр, арқасы, белі, саны, сауыры,
жауырыны жақсы толған, омыртқалардың жоталық өсінділері,қабырғалары
байқалмайды, жалы құйрық түбін май басқан. Екінші дәрежелі қоңдылық еті
қанағаттанарлық дамыған, кеудесі қушықтау, жауырыны, арқасы,саны, сауыры
толық. Арқа және бел омыртқаларының жоталық өсінділері аздап байқалуы
мүмкін. Қабырғасы байқалады. Бірақ саусақпен ұстауға келмейді. Жалында
аздаған май бар.
Жас малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы-кеудесі жұмыр, еті жақсы
дамыған, омыртқалардың жоталық өсінділері байқалмайды, ал құйымшақ, жамбас
сүйектердің басы байқалуы мүмкін, жалы майлы. Екінші дәрежелі - еті
қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні қушықтау, омыртқалардың жоталық
өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы аздап шығыңқы, қабырғасы
байқалғанымен, саусаққа ілінбейді. Жалында аздаған май байқалады.
Құлынның тек қана бірінші дәрежелі қоңдылығын ажыратады - еті жақсы
немесе қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні жұмыр немесе қушықтау,
омыртқалардың жоталық өсінділері, жауырын қыры, иық белдеуі, құйымшақ,
жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, ал қабырғасының байқалуы мүмкін.
Жалында аздаған май болады. Сонымен қатар мемлекеттік стандарт бойынша
жылқының барлық қоңдылық дәрежесінде шоқтығының шығыңқылығы есепке
алынбайды, майы аздау болғанымен еті өте жақсы дамыған болса бірінші
дәрежелі қоңдылыққа жатқызуға болатыны көрсетілген.
Түйе. Жасына байланысты, түйе де үш топқа бөлінеді. Сақа мал жасы
төрттен асқаны, жас мал екіден төрт жасқа дейін және бота салмағы 250 кг
артық, жасы екі жылға дейінгі тайлақ. Қоңдылығына байланысты сақа және жас
түйенің бірінші және екінші дәрежелі қоңдылығын, ал ботаның тек қана
бірінші дәрежелі қоңдылығын ажыратады. Сақа және жас малдың бірінші
дәрежелі қоңдылығы тұрқы жұмыр, еті жақсы дамыған, сан және жауырын еттері
толық. Өркеші тік немесе аздап жантайған, өркеш түбінде май жақсы
байқалады.
Екінші дәрежелі қоңдылықта-етінің дамуы қанағаттанарлық, сан еті
аздап тартыңқы,өркеші майға жарымына дейін ғана толған, бір немесе екі
жағына жантайған, арқасында өркеш маңайында май байқалмайды. Бота-массасы
250 кг артық, еті жақсы немесе қанағаттанарлық дамыған, кеуде тұрқы
қушықтау, қабырғасы, жауырыны шығыңқы.
Шошқаны тірі массасын, жасына және шел майының (шпигінің) қалыңдығына
қарай 5 дәрежеге бөледі.
Бірінші дәрежелі-беконды жасы 8 айға дейінгі салмағы 80-105 кг жас
шошқа. Олар арнаулы фермаларда жоғары сапалы бекон алуға лайықтандырылып
жемделеді. Түсі ақ, терісінде ешқандай пигменті, дақ, ісік, қанталау, жара
болмауы керек. Желкесіне, құйрық түбіне деінгі ұзындығы 100 см кем емес
шпиктің қалыңдығы ( 6-7 кеуде омыртқаның жоталық өсіндісінен жоғары) 1,5-
3,5см.
Екінші дәрежелі – массасы 60 – 150кг, 6 – 7 кеуде омыртқаларының
арасындағы шпиктің қалыңдығы 1см – ден кем болмайтын марқа торай (жасы 4
-10 ай аралығында).
Үшінші дәрежелі – майлы семіз шошқа. Бұл топқа мегежін және азбан
шошқаларды да жатқызады. Жасы мен массасы шектеусіз, шпигінің қалыңдығы
4,1см-ден жоғары.
Төртінші дәрежелі - бұл топқа массасы 150кг жоғары аздан шошқаларды
және салмағына қарамастан шпигінің қалыңдығы 1,5-4 см болатын шошқаларды
жатқызады.
Бесінші дәрежелі-салмағы 4-8 кг болатын сүтпен қоректеніп жүрген
торай. Терісі ақ немесе қызғылт, жара, қанды дақ,тіс ізі болмауы шарт.
Қабырғасы, омыртқаның жоталық өсінділері байқалмайды. Бірінші және екінші
топқа мегежінді жатқызбайды. Бірінші дәрежеге жататын еркек шошқалар 2
айлығында, ал екінші, үшінші және төртінші дәрежеге кіретін шошқалар 4
айлы,ына дейін піштірілген болуы керек. Бірінші дәреженің талабына сай,
бірақ терісінде жара, ісік, қанталауы бар шошқалар екінші дәрежедегі топқа
жатқызылады.
Барлық түліктердің екінші дәрежелі қоңдылыққа сай келмейтіні арық
малға жатқызылады.
Малды етке тапсыру кезінде оның қоңдылығын ажыратуда мал тапсырушы
мен қабылдаушының арасында келіспеушілік тууы мүмкін. Мұндай жағдайда мал
қоңдылығын ажырату үшін тексеру сойысы жүргізіледі. Тексеру сойысы мал
тапсырылған немесе келесі күні мал тапсырушы мекеменің өкілінің қатысуымен
жүргізіледі. Ол үшін мал соятын мекеме, тапсырушы мекемеге күні ілгері
хабарлауға тиіс. Ал тапсырушының өкілі келмеген жағдайда, ол хаттамада
көрсетіліп, малдың қоңдылығын, ұшаның қоңдылық дәрежесі бойынша өндірістік
мал дәрігерлік бақылау бөлімі қызметкерлерінің анықтауы бойынша хаттама
толтырылады, оның бір данасы мал тапсырушы мекемеге жіберіледі.

II.2. Малды мал өңдеу кәсіпорындарында олардың тірілей массасы
бойынша, ал негізінен еттің шығымы мен сапасы бойынша қабылдайды. Етке
өткізілетін мал, шаруашылықта арнаулы дайындаудан өтеді. Оны кәсіпорынға
жіберер алдында мал дәрігерлік байқаудан өткізеді. Малдың дене қызуы
өлшенеді. Малдың түрі, сырғасының нөмірі немесе таңбасы, ал бордақылауда
болған малға бөлімшенің нөмірі көрсетілген тізбе дайындалады.
Емдеу немесе аурудың алдын алу мақсатында антибиотик берілген малды,
дәрінің ветеринарияда қолдану туралы нұсқау қағазында көрсетілген мерзімге
дейін союға жіберілуге рұқсат етілмейді. Пестицидтермен өңделген малды
"малды шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаға қарсы өңдеуге ұсынылған химиялық
заттардың тізімінде" көрсетілген уақыт ішінде союға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар малға балық балық қалдықтарын, балық ұнын жегізгеннен кейін
30 күнге дейін мал өңдеу кәсіпорындарына жіберілмейді. Союға жіберілетін әр
малға, мал дәрігерлік куәлік (анықтама) толтырылады. Онда куәлікте
көрсетілген барлық мәліметтер, соның ішінде малдың жұқпалы ауруы жоқ
мекендерден шыққандығы көрсетілуі тиіс. Топ (партия) малға бір
шаруашылықтан (фермадан) шыққан, бір түлік мал және бір мезгілде, бір
куәлікпен жіберілген мал жатады. Шаруашылықта ұстауға, бордақылауға
келмейтін, жұқпайтын ауруы, жарақаты бар, бірақ температурасы қалыпты малға
акт толтырылады.
Жаппай тексеру кезінде бруцеллезге, туберкулезге оң реакция берген
мал, сондай-ақ ауру малды ет комбинаттарына тек қана облыстың мал
дәрігерлік бөлімінің рұқсатымен жіберіледі. Ондай малды тапсыру, ет
комбинатымен келісілген кесте бойынша жүргізіледі, ал малды тасымалдау және
сою осы ауруларға қарсы жүргізілетін шаралар туралы нұсқау бойынша
жүргізіледі. Ауру малды ет комбинаттарына айдауға болмайды.
Малды автокөлікпен немесе айдап келген уақыты, ал темір жол, су
жолдарымен тасымалдаған уақытта вагонның немесе баржаның малды түсіруге
әкелінген уақыты, малдың ет өңдеу кәсіпорнына түскен уақыты болып
есептеледі. Темір жол және су жолымен тасымалданған мал, кестеге сәйкес
тәуліктің кез-келген уақытында, ал автокөлікпен және айдап келінген мал ет
комбинатына жұмыс уақытының бітуіне бір сағат қалғанша әкелінсе
қабылдануға тиіс. Егер мал кестеде көрсетілген уақыттан кеш әкелінсе, оған
шаруашылықтың кінәсі жоқ болса мал сол күнгі нормаға немесе шаруашылықтың
келісімі бойынша келесі күнгі қабылдау нормасына сәйкес қабылданады. Ал
себепсіз кешіккен және кестеден тыс немесе келісілген мал басынан артық
әкелінген малды ет комбинаты орынмен және сумен қамтамасыз етуге тиіс, ал
жем шөпті мал тапсырушы шаруашылық жеткізеді.
Мұндай малды қабылдау ет комбинаты мал тапсырушы шаруашылықтың
келісімі бойынша жүргізіледі.
Мал кәсіпорынға түскеннен кейін ет комбинатының мал дәрігерлік
куәліктің дұрыс толтырылуын тексеруге және мал қабылдаушы тауартанушымен
бірге куәлікте көрсетілген мал басы санының сәйкестігін тексеруге міндетті.

Сонымен қатар малдың жағдайын, қажет болса температурасын тексереді.
Сонан кейін малды қабылдау, орналастыру тәртібі туралы нұсқау береді. Осы
уақыттан бастап әкелінген мал, ет комбинаты мал дәрігерінің бақылауында
болады. Дәрігерлік байқау үшін малды арнайы алаңдарға орналастырады, ірі
қараны бір-бірлеп қана өтетін жіңішке қоршаудан өткізеді. Мал техникалық
шарттарға, стандартқа сәйкес жынысына, жасына және қоңдылығына қарай
бөлінеді, тірілей массасын анықтайды.
Мал дәрігерлік байқау кезінде ауру мал, өлексе байқалса немесе мал
басы басқа көрсеткіштерге сәйкес келмесе, бұл топтағы мал үш күнге дейін
карантин бөлімінде ұсталуға тиіс. Осы уақытта мал дәрігерлік қызметкерлер
аурудың диагнозын, сәйкессіздік себебін анықтайды. Малды карантиндеу
кезіндегі шығын мал тапсырушының есебінен өтеледі. Автокөлік қорабында
табылған өлексе одан түсірілмес бұрын топлаңға тексерілген соң
(микроскоптау), жоюға немесе техникалық өңделуге жіберіледі. Теміржолмен
тасылған өлексе топалаңға тексерілген соң мал дәрігерлік бақылау
қызметкерлерінің нұсқауы бойынша арнаулы жерге түсіріледі. Малдың массасы
және қоңдылығы анықталғаннан кейін мал қабылданды деп есептеледі, ол туралы
тауар-көлік құжатында белгіленеді. Мал дәрігерлік байқау кезінде, малдың
жалпы жағдайына, дене пішіміне, басының орналасуына (тік, салбыраңқы т.б.),
көз, терісінің жағдайына, қозғалысына, буындарына көңіл аударады. Сонымен
қатар малдың күйіс қайтаруы, тыныс алуы, көзден, мұрыннан су ағуы, артының
былғануы, қарынның кебуі, т.б. да өзгерістер мал денсаулығын анықтауда
үлкен маңызы бар. Ұрғашы малдың желіні, ал еркек малдың ұмасы, бұзаудың
кіндік тұсы тексеріледі.
Арық ірі қараның тері асты сөл түйіндерін тексерудің маңызы зор.
Мойынның беткей шықшыт, жұтқыншақ, желін үсті бездері туберкулез ауруында
ісініп белгі береді. Байқау кезінде қалыпты жағдайдан өзгерістері бар мал
бөлек шығарылып, тиянақты текскру жүргізіледі. Малды тексеру және қабылдау
оның тірілей массасына байланысты жүргізгенде алынған массадан әр түрлі
кемітулер жасалады. Мәселен, малдың ішек-қарнындағы жынға тірілей масса 3%-
ға кемітіледі. Егер мал ет комбинатына жеткізілгеннен кейін екі сағат
ішінде қабылданбаса, әрбір келесі сағатқа кемітуді 0,5%-ға азайтады. Ал
қабылдау мал әкелінгеннен кейін сегіз сағаттан соң жүргізілсе, ет комбинаты
тауар-транспорт құжатында көрсетілген массасымен қабылдауға міндетті.
Автокөлікпен 50-100 км қашықтықтан тасылса кеміту 1,5%, ал 100км-ден астам
жерден тасылса таразы көрсеткеннен ешқандай кемітусіз қабылдауға тиіс.
Қабылданатын малбуаздықтың екінші жартысында болса, тірілей массасын кеміту
10%ға арттырылады. Мал денесі былғаныш және теріде жарақаттар
болса,сойғаннан кейін малды тазалау қажет, сондықтан бұндай әрбір бас
малдың 1%ға массасын кемітеді.
Қабылдаушы немесе тапсырушы жақтың бірі тірілей массадан кеміту
пайызына келіспесе, қабылдау тәртібі бұзылған жағдайда, малды бір тәулікке
қалыпты азықтандыру, суару жүйесінде демалдырады. Сонан соң таразыға
тартып, (соңғы азықтандырудан кемінде үш сағат өткен соң) одан 3%
кемітіледі.
Кейде бақылау сойысы жүргізіліп, еттің шығымы анықталады. Сонымен
қатар малды қабылдау, сұрыптау кезінде оның ішек-қарнының азыққа аса толы
болуын да ажырата білу керек. Мұндай жағдайды кейде мал массасын жоғарылату
үшін тапсырушы жасауы мүмкін. Ол үшін малды біраз уақыт аш ұстап, тапсырар
алдында малды жем-шөппен азықтандырады. Сиырдың қарны қампиып, сол жақ
бүйірі тегіс көрінеді. Сол жерді ұрып көргенде азыққа толы болғандықтан,
дыбысы нашар шығады. Мұндай мал бір тәулік қалыпты жағдайда ұсталып, сонан
кейін жалпы ережеге сәйкес қабылданады. Ал мал ашыққанда ішек-қарында азық
болмағандықтан қарны қабысып, соңғы қабырғаның ізі өне бойына білініп
тұрады. Аш малдың қоңдылығы төмен көрінеді. Мұндай малдың тірілей массасын
кемітусіз немесе бір күн қалыпты азықтандыруда ұстағаннан кейін жалпы
ережегесәйкес қабылдайды.
Әрине, тірілей салмағы мен қоңдылығы арқылы қабылдау көп жағдайда екі
жақтың (қабылдаушы мен тапсырушы) келіспеушілігін туғызады. Бұл әсіресе
малдың қоңдылығын ажыратуда және тірілей салмағын кеміту кездерінде көп
кездеседі. Шындығында да мұндай тәчілмен ет шығымын, оның сапасын дәл
анықтау өте қиын. Тіпті мал массасын анықтау да (таразыға тарту) еттің
шығымын дәл көрсете алмайды. Себебі еттің шығымы мал тұқымына, жасына,
жынысына, қоңдылығына, азықтандыру жүйесіне, ішек-қарындағы жын мөлшеріне
тағы сол сияқты көптеген жағдайларға байланысты. Ал осы факторлардың әр
малға қаншалықты әсері барын дәл айыру өте күрделі шаруа. Сондықтан қазіргі
кезде малды тірі массасына және қоңдылығына қарай қабылдау сирек
қолданылады. Мал өңдеу кәсіпорындарында мал негізінен еттің шығымы, сапасы
бойынша қабылданады. Мал тапсырушы шаруашылықтармен олар осы көрсеткіш
бойынша есептеседі.
Ол "малдың ет шығымы және сапасы бойынша тапсыру-қабылдау, есеп
айырысудың бірыңғай ережесіне" сәйкес жұмыс жүргізіледі. Ет комбинаттарына
түскен мал, тиісті құжаттары тексеріліп, мал дәрігерлік байқаудан
өткізілген соң жасына, жынысына қарай бөлініп, мал санына байланысты
қабылданады. Ет комбинатына түскен малдың ішінде таңбасы (құлақ сырғасы ),
нөмірі болмаса сойғаннан кейін ұша ауысып кетпеуі үшін қосалқы жұмыстар
жүргізіледі, яғни қосалқы таңбалау жүргізіледі. Тапсырушымен келісілген
кесте бойынша әкелінген малды ет комбинаты екі сағат ішінде қабылдауға
тиіс. Сонан кейін әдеттегі тәртіппен союға жіберіледі. Мал сойылғаннан
кейін стандарттарға және ұшаны таңбалау ережесіне сәйкес ұша таразыға
тартылады, қоңдылығы анықталады. Ұшаның массасын,қоңдылығын анықтау туралы
екі дана етіп акт толтырылады. Актінің бір данасы мал тапсырушыға
тапсырылады, ол ет комбинатымен тапсырылған мал үшін есептесуге негізгі
құжат болып табылады.
Малды союға дайындау, оның ет сапасына әсері. Қабылданған мал
таразыға тартылғаннан, топталғаннан кейін жасына, жынысына байланысты
арнайы алаңдарға орналастырылады. Мұнда малды ұстау мерзімі күйіне
байланысты, бірақ негізінен екі тәуліктен аспайды. Кейде ұзақ уақыт
тасымалдаудан немесе алыстан айдап әкелуден, сондай-ақ тасымалдау кезінде
ауа райының жағдайсыз болуына байланысты малдың шаршауы мүмкін. Ал шаршаған
малды демалдырмай сойса гликогеннің, сүт қышқылының жетімсіздігіне
байланысты еттегі кейінгі жүретін биохимиялық реакция бұзылады. Ол еттің
сапасына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар болдырған малдың ішек-
қарнындағы және басқа жердегі микробтар мал тірі кезінде-ақ етке өтуі
мүмкін. Әсіресе етке ауру тудырушылық қасиеттері бар микробтар қткенде өте
қауіпті. Мұндай малдан алынған етте адамда іш ауруларын туғызатын
(Salmonella, Escherichia т.б.) микробтар көптеп кездеседі. Ал жалпы
микробтардың көп болуы оны сақтауға жарамсыз етеді, ет тез
бұзылады.Сондықтан шаршап келген 48 сағаттан кем емес уақыт демалыс берілуі
қажет. Бұл кезде малды тәулігіне екі рет азықтандыру , үш рет суғару керек.
Алаңда тұрған мал, мал дәрігерінің бақылауында болуға тиіс. Малды сояр
алдында баптау оның организмінде физиологиялық процестерді қалыптандырады,
оның ауруға қарсы тұру қасиетін нығайтады. Алынған етте биохимиялық
процестер дұрыс жүргендіктен еттің сапасы жоғарылайды.
Сонымен қатар бұл уақытта жылқыны, түйе маңқаға тексеру жүргізіледі.
Жылқы, түйе шарушылықта тексеруден өтеніне қарамастан ет комбинатында
да міндетті түрде көзіне малеиндеу жүргізіледі. Маңқаға тексерілмей
сойылған жылқы, түйе етін тағамға пайдалануға болмайды. Малды осылай сояр
алдындағы күтуден өткізген соң, ол мал дәрігерлік байқаудан өткізіледі. Ірі
қараның дене қызуы өлшенеді. Мал температурасы және мал дәрігерлік
байқаудың нәтижесі арнаулы дәптерге тіркеледі. Байқау нәтижесінде дені сау
деп танылған мал сояр алдында баптау цехына өткізіледі.
Жалпы алғанда малды алғашқы өңдеуге дайындауға төмендегі жұмыстар
жатады:
1.Малды біркелкі топтарға (түріне, жынысына, жасына байланысты)
бөлу;
2. Малды жем шөпсіз, бірақ судан шектемей, кесімді уақыт ұстау;
3.Малдың терісін тазалау,жуу;
4. Мал дәрігерлік санитариялық байқау және сояр алдында дене
қызуын өлшеу.

II.3. Малды ет комбинаттарында, қасапханада т.б. мал соятын
кәсіпорындарда сояды. Ет комбинаты өнімділігіне қарай 5 категорияға
бөлінеді: 1 категория-бір аусымда 50 т және онан артық ет өндіреді, 2-35 т
дейін, 4-10 т дейін және 5 категория 5 т дейін ет өндіреді.
Ірі қара малды соярда алдымен есеңгіретеді, аспалы жолға іледі,
бауыздайды, терісін ірейді, сыпырады, ішек-қарынын, өкпе-бауырын шығарады,
ұшасын ұзына бойына электр арасымен қақ бөледі,жуып тазалайды, қоңдылығын
анықтайды.
Ірі қара малды соятын конвейірде төрт ветеринариялық санитариялық
сараптау орны бар.
Субпродуктілер төрт топқа бөлінеді: ет-сүйекті-сиырдың басы және
құйыршығы, қойдың басы; жұмсақ-тіл, ми, өңеш, сиыр және шошқаның кеңірдегі,
сиырдың желіні; шырышты-мес қарын, сиыр және қой ұлтабар қарны, сиырдың
қатпаршақ қарны, шошқаның қарны; түктілері-шошқаның және қойдың бастары,
сиырдың еріндері, құлақтары, аяқтары және құйыршығы.
Ет комбинатының май цехінде майды жинайды, жуады, шыжғырады, сүзеді,
сонан соң кеспекке құйып аузын жабады.
Тері тұздау цехінде алдымен теріні жуып тазалайды, шел майынан
арылтады, тұздайды, қатарлап, биіктігін 1м етіп жинайды.
Консерві цехінде бастапқасында ет ұшасын мүшелейді, етті сүйектерінен
ажыратады, ұсақтайды, қаңылтыр қалбырға салып үстіне майын,тұзын, бұрышын
т.б. дәмдеуіштерін салады, қақпағын жабады, ыстық суға салып қалбырдың
бүтіндігін тексереді, автоклавқа салып 1 сағат шамасында пісіреді. Дайын
өнімдерді тексереді, қалбырды сыртынан майлайды, маркалайды (таңба).
Шұжық цехінде сүйексіз етті ұсақтайды, тұздайды, 2-3 тәулік қоңыр
салқын (+4°С) бөлмеде ұстайды, сонан соң куттер аппаратына салып фарш
дайындайды, шпик т.б. дәмдеуіштерін қосады, араластырады. Шұжық қабықшасына
енгізіп, сыртынан жіңішке кендір жіппен байлайды, 2-3 сағат іліп қойып,
ішіндегісін шөктіреді, ауа жиналған жерін теседі. Ыстық (75°С) камерада 40-
60 мин қуырады, сонан соң 30-35 мин бойы ағаш түтінімен ыстайды да, ыстық
булы камера ішінде пісіреді.
Өндірістік ветеринариялық бақылау бөлімі (ӨВББ) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың өнімділігі
Малды естен тандыру
Лептоспирозды зертханалық балау әдістері
Малдың ұшасын тексеру
Түйе мен шошқа
Қой шаруашылығының практикумы
Сойыс малдарының қоңдылығын анықтау
Қоянның сойыс өнімдерінің жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық- санитариялық сараптау
Барлық ірі қара мал
Лептоспироз ауруы және оның қоздырғыштары
Пәндер