Антиботиктердің тиімді әсері



Кіріспе
Әдебиетке шолу
III. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1. Макролидтерге сипаттама және олардың түрлері
3.2 Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттармен
биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалы қрегламенті
3.3. Тилозин препараты
Антибиотиктер – микроағзалар,жануар,өсімдіктердің өміршеңдік спецификалық өнімдері,микробқа қарсы әсері бар (anti – қарсы,bios – өмір) сонымен қатар, көпшілігі адам мен жануардың қарапайым қоздырғыштары гельменттерге күшті әсер етеді.Осы қарсы әсеріне байланысты “антибиотик” атауына ие болды. Кейін жануар ағзасында болатын биохимиялық процестерге тұрақтандырғыш әсер беретін анықталды. Нәтижесінде жануардың жалпы күйі жақсарып, өсуі артып, өнімдіоігі жоғарылайды, қорғаныс реакциялары көтеріледі. Сондықтан қазіргі кезде антибиотиктер инфекциялық, жұқпалы емес ауруларды алдын алу мен емдеуді, жануардың өсуін тұрақтаандырғыш ретінде, өнімділігі мен көбею қасиетін жоғарылатуда қолданылады.
Антибиотиктер спецификалық қасиетіне байланысты жалпы фармакологиялық заңмен әсер етеді.олар өте тиімді, бірақ дәл қолданған кезде. Талаптар сақталмаса антибиотиктер тиімсіз, кейде зиян келтіруі мүмкін.
Антиботиктердің тиімді әсерін алу үшін олардың физико-химиялық құрамына, мөлшеріне, дәрілік формасына , қолданылу тәсілдеріне назар аудару керек. Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі микроағзаларға ірқалай әсер етеді. Ғалымдар антибиотиктердің құрылымын түгелдей зерттеді, олардың көпшілігін шығара алады. Микробтектес препараттарды қолдану және алудың биологиялық жолы тиімді. Антибиотиктерді алудың тиімді әдісі сұйық қоректік ортада продуценттерді микроағза культивтеу. Содан соң балансты заттардан тазарту жүргізеді. Тазалау дәрежесіне байланысты антибиотиктер таза (фармакапилі) полуфабринатты (құрғақ коцентрат), нативті (тазармаған) болып бөлінеді. Сонымен қатар, антибиотик молекулаларын қарапайым келесі күрделі күйге өзгертуге болады, бұл антибиотиктің әсерін күшейтуге немес әлсіретуге мүмкіндік береді. Алынған препараттарды жартылай синтетикалық деп атады.
Антибиотиктердің әр группасы іртүрлі ерекшелікке ие. Таза препараттар қарапайым болып келеді. Олардың құрамы тұрақты, ішке және парентиральды қолдануға болады. Құрамында антибиотиктен басқа ұлпалық тұрақтандырғыш, витаминдер болады. Кемшілігі – сақтау мерзімі қысқа және тек оральды түрде қолданылуы. Нотивты препараттарды жануар дамуына жақсартуды және ауруларды алдын алуда қолданады. Палуфабринаттар құрылымы мен құрамы жағынан нативты препараттарға ұқсас, бірақ құрамында антибиотиктен мөлшері көп болады.
Антибиотиктер – дәрілік заттардың жаңа группасы, кең қолданылыды, мысалы, көптеген шаруашылықтарда ішек жолдарының аурулары кезінде антибиотиктерді жануарларға 90-100 процент жағдайларда береді.
1. Ветеринарная фармакология/Алматы 2000ж. Б.-224.
2. Еликов Н:П “ Современные лекарственные препараты справочник с рецептурой”/ Еликов Н.П, Громова Э.Г.- Москва, - 2000ж.Б.-757.
3. Қожанов К.Н. “Ветеренарлық фрамакология”/Қожанов К.Н. – Алматы 2007ж
4. Мал дәрігерлік фармакология. І басылым ҚазНИВИ,2000жыл. Б.-222.
5. Мозгов И.Е. “Фармакология”/Мозгов И.Е. – Москва.- Агропромиздат, 1985ж. Б.-376.
6. Мозгов И.Е. “Фармакология”/Мозгов И.Е. – Москва.- Колос. 1974 жыл. Б.-383.
7. Рабикович М.И “Практикум по фармакологии и рецептуре ”/Рабикович М.И. Москва.-Колос,1983жыл
8. Субботин В.М. “современные лекарственные средство в ветеринарии”/Субботин В.М.,Субботина С.Г, Александров И.Д.- Финикс,2000жыл
9. Уша Б.В “Фармакология”/Уша Б.В, Жулинко В.Н, Волкова О.И.- Москва.-Колос, 2003 жыл. Б.-235.
10. Червяков Д.К. “Лекарственные средства в ветеренарии”/Червяков Д.К, Евдонимов П.Д, Вишкер А.С. Москва.- Колос,1977жыл.Б.-290.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Антибиотиктер - микроағзалар, жануар, өсімдіктердің өміршеңдік спецификалық өнімдері, микробқа қарсы әсері бар (anti - қарсы, bios - өмір) сонымен қатар, көпшілігі адам мен жануардың қарапайым қоздырғыштары гельменттерге күшті әсер етеді.Осы қарсы әсеріне байланысты "антибиотик" атауына ие болды. Кейін жануар ағзасында болатын биохимиялық процестерге тұрақтандырғыш әсер беретін анықталды. Нәтижесінде жануардың жалпы күйі жақсарып, өсуі артып, өнімдіоігі жоғарылайды, қорғаныс реакциялары көтеріледі. Сондықтан қазіргі кезде антибиотиктер инфекциялық, жұқпалы емес ауруларды алдын алу мен емдеуді, жануардың өсуін тұрақтаандырғыш ретінде, өнімділігі мен көбею қасиетін жоғарылатуда қолданылады.
Антибиотиктер спецификалық қасиетіне байланысты жалпы фармакологиялық заңмен әсер етеді.олар өте тиімді, бірақ дәл қолданған кезде. Талаптар сақталмаса антибиотиктер тиімсіз, кейде зиян келтіруі мүмкін.
Антиботиктердің тиімді әсерін алу үшін олардың физико-химиялық құрамына, мөлшеріне, дәрілік формасына , қолданылу тәсілдеріне назар аудару керек. Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі микроағзаларға ірқалай әсер етеді. Ғалымдар антибиотиктердің құрылымын түгелдей зерттеді, олардың көпшілігін шығара алады. Микробтектес препараттарды қолдану және алудың биологиялық жолы тиімді. Антибиотиктерді алудың тиімді әдісі сұйық қоректік ортада продуценттерді микроағза культивтеу. Содан соң балансты заттардан тазарту жүргізеді. Тазалау дәрежесіне байланысты антибиотиктер таза (фармакапилі) полуфабринатты (құрғақ коцентрат), нативті (тазармаған) болып бөлінеді. Сонымен қатар, антибиотик молекулаларын қарапайым келесі күрделі күйге өзгертуге болады, бұл антибиотиктің әсерін күшейтуге немес әлсіретуге мүмкіндік береді. Алынған препараттарды жартылай синтетикалық деп атады.
Антибиотиктердің әр группасы іртүрлі ерекшелікке ие. Таза препараттар қарапайым болып келеді. Олардың құрамы тұрақты, ішке және парентиральды қолдануға болады. Құрамында антибиотиктен басқа ұлпалық тұрақтандырғыш, витаминдер болады. Кемшілігі - сақтау мерзімі қысқа және тек оральды түрде қолданылуы. Нотивты препараттарды жануар дамуына жақсартуды және ауруларды алдын алуда қолданады. Палуфабринаттар құрылымы мен құрамы жағынан нативты препараттарға ұқсас, бірақ құрамында антибиотиктен мөлшері көп болады.
Антибиотиктер - дәрілік заттардың жаңа группасы, кең қолданылыды, мысалы, көптеген шаруашылықтарда ішек жолдарының аурулары кезінде антибиотиктерді жануарларға 90-100 процент жағдайларда береді.
Химиотерепевтік және химиопрофилактикалық тзаттар ретінде қолданылуының негізгі себебтері:
*Тосинднрді нитралездеуші және микробқа қарсы кең спектрде қолданады;
*Арнайы әсер ету механизмі;
*Аз мөлшердегі тиімділік;
*Микроорганизм жағдайында активтілігінің сақталуы;
*Тез, айқын байқалатын алдын алу және емдік әсері;
*Жануарларға аз токсиндік әсері.

Микробқа қарсы механизмі.
Көптеген жағдайларда антибиолтиктер клетканың структурасын бұзады. Мысалы, пенициллин микроб клеткасының ұқабығының қалыптасуына бөгет болады, жиі кездері антибиотиктер қабатты бұзбай, маңызды клеткалық процестерді бұзады. Антибиотиктердің микробқа қарсы әсері микроб клеткасының гинетикалық апаратына негізделген бұл жағдайда микроағзалардың кейбір саны өлмейді, басқа микробқа қарсы факторлар әсеріне шыдамды келеді.
Микробқа қарсы әсерінің негізгі түрінің бірі ферменттерді ингиберлеу. Зерттеулер көрсеткендей антибиотиктер ферменттік реакциялардың түзілуін тоқтатады және ферменттің өзінің түзілуін тоқтатады. Көбінесе оксидос фосфоролидос, редуктаз белсенділігін басады. Олар метаболизм үшін ең керекті ферменттер.

Қазақстан Республикасы Ветеринариялық препараттарының, азық және азық қоспаларының мемлекеттік реестрі (әрі қарай - Реестр) бес бөлімнен тұрады:
1) Жануарлардың жұқпалы ауруларын емдеуге және алдын алуға арналған препараттар, оның ішінде- вакциналар, гипериммундық сарысулар, иммуномодуляторлар;
2) Диагностикалық заттар;
3) Өнім бермейтін жануарларға арналған азық және азық қоспаларын өндіруде қолданылатын ақуыздық-витаминдік-минералдық қоспалар, премикстер, толтырғыштар, ароматизаторлар, бояғыштар;
4) Жануарларға арналған химиялық-фармацевтикалық препараттар, антибиотиктер, ферменттер, гормондар, амин қышқылдары, витаминдер, парфюмерлік-косметикалық өнімдер және радиофармацевтикалық препараттар;
5) Дезинфекциялық және дератизациялық заттар, дезинсектанттар (репелленттер).
Ветеринариялық препараттарының, азық және азық қоспаларының мемлекеттік реестрі (әрі қарай - Реестр) Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы және Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Заңдарына сәйкес шығарылады.
Осы Реестрге Қазақстан Республикасында тіркелген, оның аумағында заңнамалық тәртіппен мал шаруашылығы мен ветеринарияда сатуға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, азық және азық қоспалары енгізілген.
Ветеринариялық препараттарды, азық және азық қоспаларын тіркеу және Реестр жүргізу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 31.10.2002 жылы № 349 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік Реестрін жүргізу Ережесі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.02.2008 жылғы № 175 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу Ережесі негізінде жүргізіледі.
Реестрдің күші ветеринариялық препараттардың, азық және азық қоспаларының айналымын реттейтін және бақылайтын мемлекеттік органдарға таралады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми шығарылымы болып табылады.

Әдебиетке шолу

Жумашев Ж.Ж (2000) деректері бойынша антибиотиктер деп бактерияға қарсы, көбінесе грибок ауруларына қолданылатын дәрілер. Антибиотиктердің емдік құндылығы, негізінен алғанда, мынадай көрсеткіштермен сипатталады: әсер ету механизмі, әсер ету типі және әсер еті спектірі.
Антибиотиктердің алуан түрлі әсер ету механизмі бар, алайда, негізінен алғанда, бактериалдық нуклеин қышқылы немесе әртүрлі деңгейдегі бактерия белоктардың ситезін күйзелтеді.
Әсер ету типі бойынша бактериостаттық (өсуін тоқтатушы) және бактерициттік .(құртушы) препараттар.
Әсер ету спектірі бойынша кең және тар спектрлі препараттар.
Қожанов К. Н. (2007) мәліметі бойынша антибиотиктер (грекше anti-қарсы, bios-өмір) өте аз концентрацияда микро және тоғышарлар организмін таңдайлы түрле жоятын әртүрлі организмдердің ( саңырауқұлақтар, бактериялар, жануарлар, өсімдіктер) өмір сүру барысында биологиялық белсенді заттар.
Антибиотикалық заттарды қолдану қте ертеде басталған. Осыдан 3500 жыл бұрын Қытайда гөгерген ірімшік, кейіннен көгенрген нан іріңді жараларды емдеу үшін қолданыоғаны туралы деректер бар. Антибиотиктердің ашылуына жуықтап келген орыс ғалымы А. Г. Полотебнов. Ол 1872 жылы пеницилиум саіырауқұлағының спораның көгінен дайындалған ұнтақпен іріңді жараны емдегені туралы хабарлаған. Бірақ, антибилтик эрасы және антибиотикотерапия А.А Флемингтің есімімен байланысты. Ол 1929 жылы пенициллиум көгінен алынған микробтарға қарсы әсер ететін зат туралы хабарлады. Ол затты тәжірибе жүзінде іске асыру үшін одан кейін де ондаған жылдар керек болды.
1940 жылы бірінші рет Флори мен Чейн химиялық таза пеницилинді алды. Ал, Ресейде таза пенициллинді 1942 жылы Ермольева алды.
Қазіргі кезде 4000 мыңнан аса антибиотикалық заттар бөлетін микроорганизмдер туралы деректер бар. Медицина мен мал дәрігерлік салада 60-қа жуық антибиотиктер қолданылады. Олардың жаңа түрлерін іздестірілуі әрі қарай жалғастырылуда.
Рабинович М. И (1983) еңбектерінде антибиотиктердің классификациясын беру үшін олардың төрт қасиеттеріне сүйенген жөн:
Химиялық құрылыстарына;
-Шығу тегіне;
-Әсер ету бағытына;
-Әсер ету механизміне.
Химиялық құрылыстары бойынша оларды алты топқа бөлуге болады:
Гетероциклді құрылысы бар антибиотиктер. Өкілдері - пенициллиндер мен цефалоспориндер;
Алициклді құрылысы бар антибиотиктер. Өкілдері - тетрациклинде;
Гликозиттер мен аминоглекозиттер. Бұл топқа гликозиттер, аминогликозиттер, макродидтер, полиэндер және анзамициндер жатады;
Ароматты қатардағы антибиотиктер, өкілі - левомицети;
Антибиотиктер - полепиптидтер. Өкілдері - полимиксин, грамицитин және т.б.
Әртүрлі топтың өкілдері. Бұл топқа ісіктерге қарсы қоданылатын антибиотикиер жатады.

Шығу тектерінне қарай 4 топқа бөлінеді:
Саңырауқұлақтардың туындылары. Сәулелі саіырауқұлаұқтардан - пенициллиндер, цефалоспориндер; актиномицеттерден - аминогликозиттер; стрептомицеттерден - тетрациклиндер, макролидтер, стрептомицин, полиэндер;
Бктериялардан алынатын антибиотиктер - полипептидтер;
Өсімдіктерден алынатын антибиотиктер - аренарин, иманин, хинин, сальвин және т.б;
Жануарлардың тіндерінен алынатын антибиотиктер - экмолин, интерферон, әртірлі сұйықтар, лизоцим.
Әсер ету бағытына қарай:
1.Микробтарға қарсы әсер ететін антибиотиктер;
2.Микоздарға қарсы әсер ететін антибиотиктер;
3.Ісіктерге қарсы белсенді антибиотиктер;
4.Тоғышарларға қарсы әсер ететін антибиотиктер.
Биохимиядық әсерлерінің механи змдеріне байланысты антибиотиктерды алты топқа бөледі:
1.Микрооргазизмдердің торшаларының қабырғаларынығ өткізгіштігін тежейтін антибиотиктер - пенициллиндер, цефалоспориндер;
2.Белоктың синтезін тежейтін антибиотиктер - тетрациклиндер, аминогликозиттер және макролидтер;
3.РНҚ-ның синтезін тежейтін антибиотиктер - рифампицин, оливомицн;
4.ДНҚ-ның синтезін тежейтін антибиотиктер - рубомицин;
5.Мембрана белсенді антибиотиктер - нистатин, полимиксин;
6. Демалу процесін тежейтін антибиотиктер - натулин.
Сонымен қатар, кең және спектрлі антибиотиктер болып бөлінеді. Тар спектрлі антибиотиктер тек грамм оң микроорганизмдерге ғана, ал кең спектрлі антибиотиктер грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге қатарынан әсер етеді.
Микроорганизмдерге әсер ететін антибиотиктердің құрамындағы биологиялық белсенді заттар. Ол заттардың белсенділігі әсер бірлігімен белгіленеді. Әсер бірлігіне антибиотиктердің стандартты штаммды өлтіретін ең төменгі мөлшері алынады.
Мозгов И. Е. (1974) қалдырған мәліметтер бойынша антибиотик механизмнің ең басты түрі стереоизометрия приципі бойынша иммитация. Дәлел ретінде пенициллиннің бактереоциттік әсері. Құрамында кокфигурациялы дилитецистелин бар пенициллин микробқа қарсы әсер етпейді. Дәл осылай антибиотикткр микроағзаларға әсер етеді. Микроорганизм әсеріне қарағанда макроорганизмде ферменттердің аз мөлшері өзгереді, сонымен қатар, компенсаторлы реакциялардың комплексін түзейді. Олар керісінше, метаболизм кейбір түрлерін белсендендіреді.
Көптеген антибиотиктер әсерінен микроб клетка сында нуклеин қышқылы ме нуклеотит түзілуі бұзылады.
Көптеген антибиотиктер бавктериялы клеткалармен адсорбцияға оңай ұшырайды.
Еликов Н. П. (2000) және басқа ғалымдардың айтуы бойынша антибиотиктердің терапевтік-профилактикалық тиімділігі олардың төмендегідей оңды қасиеттеріне тікелей байланысты:
1.Микроорганизмдерге таңдамалы түрде әсер етуі;
2.Токсиндерді бейтараптауы;
3.Аз дозасының өзінің тиімділігі;
4.Тиімділігінің жылдам білінуі;
5.Белсенділігінің макроорганизмнің тіндері мен 6.сұйықтарында сақталуы;
7.Макроорганизмге улылығының төменділігі;
8.Организмнің қорғаныс күшін белсендендіруі;
Топтап емдеу әдісімен қолданудың мүмкіншілігі.
Антибиотиктерді қоданғанда олардың жанама әсерлерін де ескеріп отыру керек: аллергия, дисбактериоз, нефратаксикалық, гепатотоксикалық жіне басқа да құбылыстардың байқалуы. Оларға үйреншікті микроорганизмдердің штаммдарының пайда болуы да мүмкін.
Уша Б. В (2003) және сол сияқты ғалымдардың айтуынша антибиотиктердің химиотерапевтикалық әсері микроорганизмдер арқылы білінді. Антибиотиктер жануар ағзасындағы ұлпаларда орналасып, биохимиялық құрылым, аналогиялық құрылыммен әсерлеседі.
Әсер етуіне байланысты антибиотиктерді 3 топқа бөлуге болады. Олардың бірі жануарларға бірден тиімсіз әсер етеді, сондықтан олар практикада аз мөлшеоде жергілікті түрде қолданылады. Көптеген антибиотиктер метаболизмді не күшейтеді, не бәсеңдетеді. 3-ші топтың антибиотиктері жанар ағзасына тиімді әсер етеді. Қорғаныс механизмін мобильдейді, бойды белсендендіреді. Физиологиялық жүййенің фукнкцияларын жақсартады тағы басқа.
Кейбір антибиотиктер жануарларға өздігінен әсер етпейді, кеәбір өнімдердің әсерімен ыдырауынан болады. Бұл өнімдердің көпшілігі ұзақ немесе шектеулі әәсер етеді және жануар бойын тұрақтандырушы әсер береді.
Червяков Д.К. (1977) айтып кеткендей антибиотикотерапияның стратегиясы мен тактикасы. Тактикалық істер:
1.Микроорганизмдердің сезімталдығвн міндетті түрдке анықтау;
2.Емдеуді мүмкіншілігінше ерт е бастау ;
3.Жеткіілікті түрдегі терапевтикалық дозасын қолдану;
4.Препаратты қолдану курсын (4-5 күннен кем емес) сақтау;
5.Синергиялық препараттарды қатарынан қолдану;
6.Препаратты оңды жіберу жолын таңдап алу;
7.Препараттың организмдегі айналу мерзімін білу;
8.Препараттың жанама эффектісін ескеру.
Стратегилық істер антибиотиктердің емдік бағалылығын ұзақ уақытқа сақтауға бағытталған. Ол үшін күнделікті қоданылатын және қордағы антибиотиктерді дұрыс пайдалануды ұйымдастыра білу керек. Егер де осы үлгіге сульфаниламиттер мен нитрофурандарды қоақанды препараттарды пайдалану мерзімін одан ары ұзартуға болады.

III. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1. Макролидтерге сипаттама және олардың түрлері

Макролидтер - бұл препараттар химиялық құрылымы бойынша пеницилинге жіне цефалоспоринге жуықтау, өйткені өзінің молекуласында макроциклді сақина бар, ал, ол кейбір сипаттамалыры бойынша бета-лактамды сақинаға ұқсас.
Препараттардың әсер ету спектрі біршама кең, бірақ стафиликокты инфекцияларға активсіз. Әсер ету механизмі: рибосомальды деігейде бактериялық белок синтезін күйзелтеді, тасмалдық РНҚ-ның информациялық РНҚ жиынтығымен әрекеттесуіне жол бермейді, әсер ету типі бактереостатикалық.
Бұл топқа эритромицин, олеандомицин және құрамында тилозин бар препараттар жатады. Көбінесе, грамм оң және кейбір грамм теоіс микроорганизмдерге теріс әсері бар. Макролидтерге микоплазмалар, рикитцилер, сібір жарасының таяқшасы және клостридилер сезімтал келеді. Әсер ету механизмі гликозиттердікіндей. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда жақсы сіңеді, организмнің барлық жерлеріне тарайды, терапевтикалық дозасы 6-8 сағаттай сақталады.
Жанама әсерлері өте сирек кездеседі, онда ас қорыту процесі бұзылады (іш өту), дисбактериоз, ұзақ уақыт қолданғанда бауырдың қызметінің бұзылуы байқалады. Аллергиялық реакция да болуы әбден мүмкін.
Эритромицин - ақ түсті ұнтақ, ащы дәмі бар, суда өте нашар ериді.Бұл макролиттердің негізгі бөлігі. Препарат грамм оң микроорганизмдерге тиімді. Эритромицин грамм теріс микроорганизмдерден ішек топтарына (эшерихия мен сальмонеллден басқасына), легионеллге, кампилобактерияға, көк ірің таяқшасына, коктарға активті эритромицинге лямблияларда сезімтал.
Қолданылуы ішке 1кг масса дозасында: міқ-0,006 - 0,01г, шошқаға 0,009-0,012, құстарға 0,025-0,03, итке 0,01-0,015г күніне үш рет және жергілікті.
Тыыныс алу мүшелері мастид, тілімдерде, құрсақ қуысында, құлақ қабынуының іріңінде, сүйеу майыеың қабынуы, өт аурулары және несеп жыныс жолдарының ауруулары кезінде қолданылады.
Эритромицин ішекте тез сорылады, бірақ қарынның қышқыл ортасында ыдырайды, сондықта эритромицин таблеткалары қабықпен қапталып шығарылады. Препараттың сорылуы азықтың болуына тәуелді емес. Организмде эритромицин көпшілік ткандерге оңай сіңедң. Бұл орайда ол тек өт пен нәжіс арқылы бөлініп шығады.
Мал дәрігерлік практикада қолдану. Эритромицин микоплазмалық инфекцияда, лигионеллезде, хломидозда, кампилобактериозда, көк ірің таяқшасы қоздыратын инфекцияларда, пневмококта, лямблиозда неғұрлым әсері. Жоғарыда атап көрсетілгендей, препарат оңай енеді, әсіресе оны өтке және өкпеге сіңу қасиеті ерекше бағалы сондықтан эритромицинді көбіне өт жолдарындағы және тыеыс органдарындағы инфекцияларға қолданады.
Эритромицин сукцинат, стеарат, эстолат және фосфад ішкізіледі, ал, аскорьинат - венаға құйылады.
Препараттың улылығы шамалы, бірақ оның эстолаты холестатиктік гепотидті, холецистилті немесе жіті панкреатидті қоздыруы мүмкін. Кейде қарын ішек жодары функциясын бұзады. Дисбактероиз және аллергия болуы мүмкін.
Эритромицин фосфад тұзы ішке енгізуге қолданылады. Таблетка және капсула ретінде ішке енгізеді. 1 кг массада ішке енгізу мөлшері: ұсақ міқ мен шошқаға 0,006-0,01г, иттерге 0,01-0,02, бұзау,лақ,торйларға 0,01-0,05 г тәулік бойына 3-4 реттен енгіземіз.
Ауыр түрде өтітін инфекция кезінде бұлшық етке немесе венаға эритромицин фосфат ерітіндісін енгізеді. Үніне 2-3 реттжағымсыз әсер сирек кездеседі. Құсу, диарея, бауыр функциясының бұзылуы, жоғарғы сезімталдық және бауыр функциясының бұзілуы кезінде қолданбаған жөн.
0,01-0,025 мөлшердегі таблетка 0,01-0,02 г мөлшердегі флакон ретінде шығарылады. Б тізімі бойынша сақталады.

Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен
биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
техникалық регламенті

Қолданылу саласы

Осы Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді.
Осы Техникалық регламент барлық өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын) осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) жіктеуіші бойынша кодтармен ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарға қолданылады.
Техникалық регламенттің ережелері ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар өндірушілер мен сатушыларға қолданылады.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар өндіріске және қолдануға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана жіберіледі.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың айналымы оны өндіруді, әкелуді (импорттауды), тасымалдауды, сатуды, қолдануды, (пайдалануды), жоюды қоса алғанда, міндетті түрде ветеринариялық қадағалауға жатады.
Осы Техникалық регламент ветеринарияда пайдаланылатын, мемлекеттік тіркеу жүргізуге әкелінетін дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың тәжірибелік үлгілеріне, сондай-ақ генетикалық түрлендірілген өсімдік немесе басқа шикізаттан дайындалған препараттарға қолданылмайды.

Терминдер мен анықтамалар

Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер қолданылады:
биологиялық препараттар - инфекциялық, паразитарлық аурулар мен аллергиялық жағдайларды емдеуге, арнайы алдын алуға арналған, сондай-ақ микроорганизмдер штамдары мен эукариот жасушаларын өсіру, жануарлар мен өсімдіктер (аллергендер) биологиялық тіндерінен заттарды алу, рекомбинантты дезоксибо нуклеин қышқылы технологиясын, гибридомды технологияны енгізу, эмбриондардағы тірі агенттерді немесе жануарларды репродукциялау арқылы алынатын дәрілік препараттар. Оларға аллергендер, антигендер, вакциналар (анатоксиндер), цитокиндер, бактериялық шығу тегі бар иммуномодуляторлар және органдар мен талшықтар негізінде жасалғандар, қан мен плазмадан алынған препараттар, сарысулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондар жатады;
бастапқы орам - жануарларға арналған дәрілік заттармен тікелей қатынаста болатын орам;
гомеопатикалық дәрілік заттар - өсімдіктен, жануарлардан, минералдан алынатын заттардың өте аз мөлшерін қамтитын, дәстүрлі емес емдеу әдістері кезінде гомеопатикалық ережелер бойынша қолданылатын, арнайы технология бойынша дайындалған немесе шығарылған бір немесе көп компонентті дәрілік заттар;
диагностикум - жануарлар ауруларын немесе физиологиялық жай-күйін диагностикалауға, сондай-ақ микроорганизмдерді, олардың тіршілік ету өнімдерін және басқа да биологиялық объектілерді индикациялау мен бірдейлендіруге арналған биологиялық немесе синтетикалық тектес құралдар;
дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;
балк - дәрілік зат өнімі - түпкі ораудан басқа, дәрілік препаратты дайындаудың технологиялық процесінің барлық сатыларынан өткен мөлшерленген дәрілік зат;
дәрілік заттардың, биологиялық препараттардың, оларды шығару және пайдалану процестерінің қауіпсіздігі - жануарлар өміріне, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігіне байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы;
қайталама орау - бастапқы орам салынатын орам;
дәрілік заттар - аурулардың алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсенді заттарды қамтитын құралдар: дәрілік зат, дәрілік субстанция, табиғи тектес дәрілік шикізат, дәрілік ангро - балк өнімдері, дәрілік препараттар, иммунобиологиялық препараттар. Оның ішінде дератизациялық, паразитке қарсы, дезинфекциялық репелленттер және ауруларды диагностикалау, алдын алу, емдеу мақсатында пайдаланылатын басқа да ветеринарлық заттар;
дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды жою - қолдануға және (немесе) одан әрі қайта өңдеуге жарамсыз дәрілік заттарға оның пайдаланылуы мен оған адам мен жануарлардың жақындауын болдырмайтындай әсер ету;
дәрілік заттардың, биологиялық препараттардың айналымы - қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушыға жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет;
тіркеу деректері - жануарларға арналған дәрілік затты, биологиялық препаратты тіркеудің орындылығы (орынсыздығы) туралы шешім қабылдауға қажетті белгіленген құрылым мен мазмұндағы құжаттар мен материалдардың кешені;
қайта шығарылған дәрілік зат (генерик) - құрамы мен сапа көрсеткіштері, қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша түпнұсқалы дәрілік затқа ұқсас және түпнұсқалы дәрілік затқа арналған қорғау құжаттарының қолданылу мерзімі біткеннен кейін айналымға келіп түскен дәрілік зат;
контаминация - жануарлардан алынған өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін биологиялық, химиялық агенттермен немесе бөгде заттармен ластануы;
жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды тіркеу - Тіркеу куәлігін берумен және жануарларға арналған дәрілік затты, биологиялық препаратты Жануарларға арналған ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізіліміне енгізумен аяқталатын, жануарларға арналған дәрілік заттарды тіркеу деректерінде қамтылған оның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы, сондай-ақ оны өндіру және сапасын бақылау шарттары туралы деректерді бағалау мен ресми бекіту жолымен айналымға жіберу рәсімі;
жалған дәрілік зат - құрамы, қасиеттері және басқа да сипаттамалары бойынша дайындаушының түпнұсқасына немесе қайта шығарылған дәрілік затқа (генерикке) сәйкес келмейтін, жасанды заттаңбамен қасақана жарақталған дәрілік зат;
штамм - түрдің басқа өкілдерінен ерекшеленетін және ұзақ сақтау мерзімі бойы өз сипаттамасын сақтайтын белгілі бір көзден бөлінген микроорганизмнің таза дақылы.

Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен
биологиялық препараттарды шығару кезінде өндірістік
үй-жайлар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Өндірістік үй-жайлардың қауіпсіздігі мақсатына қарай ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды шығаруға арналған ғимараттарды, құрылыстарды, құрылымдарды жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын арнайы талаптармен анықталуға тиіс.
Өндірістік үй-жайлар мен жабдықтарды олар өздеріне арналған процестерге сәйкес келетін етіп орналастыру, жобалау, құрастыру, орнату, қолдану және пайдалану керек.
Өндіріс объектісінде санитарлық-қорғаныш аймағы болуға тиіс. Санитарлық-қорғаныш аймағының мөлшері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес анықталады.
Жануарлар үшін шығарылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың қауіпсіздігі үшін қысталаң болып табылатын өндірістік операцияларға арналған үй-жайлар мен жабдықтарды шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін бақылау мен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын бөлімше тиісті түрде растауға тиіс. Әрбір технологиялық учаске үшін өндіріс регламентіне сәйкес тиісті тазалық сыныбы белгіленуі тиіс.
Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды шығару кезінде үй-жайлардан шығатын бүкіл ауаның тиісті түрде өңделуін және жұқпалы агенттердің болмауын қамтамасыз ету қажет. Микроорганизмдерден жұмыс басқа үй-жайлардан бөлек бөлмелерде жүргізілуге тиіс. Микроорганизмдермен жұмыс жүргізілетін үй-жайлар дайындық операциялары жүргізілетін үй-жайларға қатысты келеңсіз қысымы болуға тиіс. Стерильді жұмысқа арналған үй-жайлардың неғұрлым жоғары қысым деңгейі болуы тиіс.
Өнімді құюға арналған үй-жайлардың өнімнің стерильді құйылуын қамтамасыз ететіндей жағдайы болуы тиіс.
Қоймаға қою аймақтары материалдар мен өнімнің (бастапқы шикізаттың және орау материалдарының); аралық, өлшеп оралмаған және дайын өнімнің; карантиндегі өнімнің, шығаруға рұқсат етілген, кейінге қалдырылған, қайтарылған немесе кері қайтарып алынған өнімнің) әр түрлі санаттарын тиісінше сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті сыйымдылығы болуы тиіс.
Өніммен жанасатын технологиялық жабдықтың бөліктері онымен реакцияға түспеуі, препараттың белсенділігіне ингибирлеуші әсер ететін заттарды бөліп шығармауы немесе абсорбцияламауы, өнімнің қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндей дәрежеде әсер етпеуі тиіс. Жағармай заттары мен салқындатқыш сұйықтықтар өніммен жанаспауы тиіс.
Дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды шығару және олардың сапасын бақылау үшін пайдаланылатын жабдық оны жұмысқа, пайдалануға және қызмет көрсетуге дайындауды барынша жеңілдететіндей болып құрастырылуы және орналастырылуы тиіс. Жабдық оны дайын өнім сапасының нашарлауын және ластануын болдырмау үшін пайдалану үшін қолданылатын материалдармен ластанбауы тиіс. Жабдық шығыс шикізатының, материалдардың ағындарын оңтайландыратындай және персоналдың ауысуын барынша азайтатындай етіп орналастырылуы тиіс.
Жабдықты жұмысқа дайындау сапасы, сондай-ақ алдын ала тексерулер және ағымдағы жөндеу жүргізу нәтижелері арнайы журналда тіркелуі тиіс.
Өлшеуіш, тіркеуші, бақылаушы аспаптар мен жабдық олар пайдаланылатын өндірістік және бақылау операцияларына сәйкес келуі тиіс. Оларды калибрлеу (салыстырып тексеру) кезеңі белгіленуі, құжатталуы және жоспарлы тәртіппен жүргізілуі тиіс.
Бұзылған жабдық шығарылатын өнімді бақылау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өндіріс аймағынан және бөлімшеден алынуға немесе тиісті түрде белгіленуі тиіс.
Микробиологиялық және биотехнологиялық өнімдерді шығаратын әрбір кәсіпорында қамтамасыз ету жүйелерін, технологиялық процестерді, барлық технологиялық жабдықтарды, процестерді және бақылау әдістерін қазіргі заманғы салыстырып тексеру жүргізілуі тиіс.

Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен
биологиялық препараттарды шығаруда (дайындауда)
пайдаланылатын шикізаттың қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар

Химиялық, фармакологиялық құралдар, дәрілік өсімдіктер, минералдан алынған шикізат, күрделі субстанциялар, биологиялық тіндер, ферменттер, жануарлар, жануарлар мен өсімдіктерден алынған, микробиологиялық синтез өнімдері және басқа да қосылыстар дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды дайындауға арналған шикізат болып табылады, оларға қойылатын талаптар Техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда анықталған.
Дәрілік фитошикізатты дайындау сатысында міндетті радиациялық бақылау жүргізіледі. Дәрілік өсімдіктерді сұрыптау, технологиясында көзделген оларды өңдеу және зертханалық бақылау өңезденудің, улы өсімдіктердің және олардың зақымданған бөліктерінің (қаракүйе, шала, жорғалайтын ақ мия, түрлі-түсті вязель, қырықжапырақты софора және басқалар) болуына жол бермейді.
Сүт - шикізат, сүт сарысуы, казеин, ет, бауыр, паренхиматозды органдар, қан, эндокринді шикізат және шикізат ретінде биологиялық препараттар алуға арналған жануарлардың басқа да тіндері мен органдары дені сау жануарлардан алынуы тиіс.
Дрожь, ашытқылар, ферменттер (пепсин, панкреатин, трипсин және басқалары), пробиотикалық дәндер қауіпсіздігін оларды дайындаушылар қамтамасыз етеді, ал олардан дайындалған өндірістік ашытқылар, стерильді ерітінділер, микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталар қауіпсіздігін - дайындау және бақылау үй-жайларына, жабдықтарына, технологиялық процестеріне қойылатын техникалық талаптар кешенімен және арнайы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді сақтаумен қамтамасыз етіледі.
Дәрілік заттар мен биопрепараттарды шығару кезінде пайдаланылатын қолданбалы ингредиенттерге (желатин, сахароза, глюкоза, сүт сарысуы, тұз, лимон қышқылды натрий, натрий бензоаты) қойылатын талаптар құрамында уытты элементтердің, антибиотиктердің, микотоксиндердің, пестицидтердің қалдық көлемінің, радионуклидтердің және микробиологиялық көрсеткіштердің болуы бойынша республикада қолданылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және гигиеналық нормалармен анықталады.
Жануарларға арналған дәрілік заттар мен битопрепараттарды шығару кезінде пайдаланылатын барлық заттар, орау материалдарының сәйкестік сертификаттары болуы тиіс.

Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен
биологиялық препараттарды шығару (дайындау) қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар

Дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды шығару (дайындау) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган әзірлейтін және келісілетін нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Техникалық регламенттің қолданылу аясына жататын дәрілік заттарды шығару процесі Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды шығару өзіне шикізат, көмекші, орайтын және таңбалайтын материалдарды сатып алудан бастап түпкі өнімді дайындауға, оны таңбалауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың конъюнктивиальды қапшығының құрамын гельминтологиялық зерттеу
Қара малдың көз патологиясын П. П. Гатин-Б. К. Ильясов бойынша емдеудің тиімділігі
Антибиотиктер. Басқа топтағы бактерияға қарсы антибиотиктер
Аритмия этиологиясы мен түрлері
Тәні саудың - жаны сау. Дұрыс тамақтану
Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері
Эндокриндік жүйеге әсер ететін дәрілік заттар
Бірқалыпты дұрыс тамақтану -денсаулықтың басты кепілі
Пестицидтер түрлері және оларды пайдалану кешендері
Биологиялық ырғақтылық және денсаулық
Пәндер