Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде [1] .
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында белгіленген орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі «білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету» үшін тілдік фактілерді жалаң емес, қатысымдық тұрғыдан меңгерту қажет. Бұл оқушылардың ана тілінде жатық, өз ойын жүйелі, анық жеткізуге әсер етеді [2] .
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы оқытып, оқушылардың шығармашыл ойлауын қалыптастыру-бүгінгі өмір талабына сай азаматты тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Себебі оқыту процесінде тиімді қолданылған дидактикалық ойындар оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, сол арқылы шәкірттердің ана тілінің терең қатпарларын игеруіне, асыл маржандарын түснуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы оқыту мемлекет тарапынан білім беру мекемелеріне қойылған талаптардың іске асуына игі әсерін тигізеді. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа қызығушылықтарының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, дидактикалық ойындар оқушылардың лидерлік қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпал етеді. Дидактикалық ойындар оқушыларды тілдік материалдарға қызықтырумен қатар тіл білімінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Мұның өзі дидактикалық ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, еңбек қорлығын жетілдіруде, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Дидактикалық ойындар барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, басқа жолдастарымен тілдік қарым-қатынасқа оңай түседі. Бұл шәкірттердің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруіне, сабақтың тартымды өтуіне, жаңа материалды терең игеруіне ықпал етеді. Сондықтан оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдану-қазақ тілін сапалы оқытудың, меңгертудің ұтымды жолдарының бірі [3] .
Осыған итермелеген екі себепті атауға болады. Бір жағынан Қазақстанның бастауыш мектебінде әр түрлі оқыту бағдарламаларының көбеюі, оқушылардың ойын ойнауға, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға аз уақыт қалатынына әкеп соқтырады. Екінші жағынан, көбінесе педагогтың ойын басшылығының мазмұнын түсінуі, баланың ойын іс-әрекетінің қатал регламентін ескертіп, оны шығармашылықтан, бастамашылдықтан, қиялдаудан айырады. Шығармашылық анализ бен тәжірибені игерудің бастапқы нысаны ретінде, дидактикалық ойынды таңдау, мынадай жағдайлармен байланысты, тек ойын ғана оқушының сөйлеу мәдениетін, қызығушылығын арттырып, күрделі оқыту үрдісін жеңілдететін қызметін атқара алады. Сол себептен бұл мәселе қазіргі кезде балалар психологиясы мен педагогикасында көкейкесті мәселеге айналып отыр. Сондықтан біз дипломдық жұмысымызда осы тақырыпты қарастырамыз [4] .
Сөйтіп, дидактикалық ойындар арқылы кіші мектеп оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және белсендіру мәселесі қазіргі таңдағы білім беру жүйесінде маңызды міндет болып табылады.
Қарастырылған тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттердің, рефераттық, курстық, дипломдық жұмыстарды талдау нәтижелері көрсеткендей бастауыш сынып мұғалімдерінің дидактикалық ойынды кіші мектеп оқушыларының сөйлеу мәдениетін белсендіруде басты құрал ретінде қолдану шарттарын қарастыратын арнайы зерттеудің жоқтығы анықталды.
Жалпы дидактикалық ойындарды зерттеумен О. С. Газман, Е. М. Минскин, Т. К. Жикалкина, П. М. Эрдниев, Н. Е. Харитонова, Б. П. Никитин, Ш. А. Амонашвили, С. Н. Лысенкова, Л. С. Выготский, сонымен қатар Ш. А. Сырбаева, А. А. Бектурова және тағы басқалары айналысқан. Е. М. Минскин өз еңбегінде балалардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға бастауыш сынып мұғаліміне көмектесуге мақсат қойған. Ғалымның пікірінше, педагогикалық мақсаттарға жету үшін мұғалім ойынның мазмұнын, оны жүргізу әдістемесін білу керек, және оларды балалардың жас ерекшеліктері мен сабақтың тақырыбына сәйкес іріктеп алу керек.
Бұрын да, қазір де педагог ғалымдар ойындарды оқыту үрдісінде қолдану мәселесіне ерекше көңіл аударып келеді. Оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері Н. Ахметов, Ш. Хайдаров, А. Нұрахметова, Т. Иманбеков, Г. Ляпина, Ұ. Төленова, Ж. Сардарова, Р. Кенжебекова тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде талданған. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану жолдарын құрастырып, әдістемелік негіздерінің қалыптасуына А. Байтұрсынов пен М. Жұмабаев ерекше үлес қосқан. Бұл мәселеге айырықша көңіл аударған әдіскер-ғалымдар О. Байқуатова, М. Жазыбаев, Ә. Нағашыбаева, Қ. Молдабек және т. б. еңбектері жан-жақты қарастырылады [5] .
Аталған жұмыстар белгіленген мәселенің жете зерттелмегенін куәландырады. Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды қолдану шарттарын жетік білмеуі, осы салада қазақ тілі мұғалімдерінің дайындық дәрежесінің төмендігі арасында объективті құрылған қарама-қайшылықты шешуге бағдарланған, кешенді шаралар жүйесін жетілдіру және қолдану қажеттілігі туады.
Қазіргі заман мектебінің талаптарын ескере отырып, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде осы мәселенің жете зерттелмеуі, оның өзектілігін көрсетеді және зерттеу тақырыбын анықтайды: «Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі».
Зерттеу мақсаты: Қазақ тілі сабағында кіші мектеп жасындағы оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қосалқы тәсіл ретінде дидактикалық ойындарды қолдану шарттарын айқындау.
Зерттеу нысаны: кіші мектеп жасындағы оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары.
Зерттеу болжамы: егер бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар туғызып, дидактикалық ойындарды қолдану бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылса, онда кіші мектеп жасындағы оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру дәрежесінің жоғарлауы туралы айтуға болады, өйткені бұл жағдайда, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы күшейе түседі.
Зерттеудің міндеттері:
1. ойындарды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау.
2. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілін оқыту үрдісінде дидактикалық оқытуда ұтымды жолдарын айқындау.
3. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру.
4. Қазақ тілі сабағында кіші мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруын арттыру құралы ретінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу мәселесі бойынша баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылады. Оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды қолдану мәселесіне арналған еңбектер салыстырмалы талдау әдісі арқылы зерделеніп, бір жүйеге түсірілді. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану барысында оқушылардың когнитивті іс-әрекеттерді айқындалып, оны дамыту мақсатында тапқырлық, ізденімдік, рөлдік және іскерлік ойын түрлері қолданылды.
- бастауыш сатыда қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану жұмыстарының озық тәжірибелерін зерделеу.
- сабақ барысында бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдердің іс-әрекетіне педагогикалық бақылау жасау, мұғалімдер және оқушылармен әңгімелесу, сұрақ-жауап, педагогикалық эксперимент, статистикалық әдістер.
Зерттеу базасы: зерттеу мәселесі бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Павлодар қаласы, Ақтоғай ауданы, Жалаулы ауылы Н. Алшынов атындағы жалпы білім беру орта мектебінде 2013 жылдың 4-ақпанынан наурыз айының 27-не дейін жүргізілді. Экспериментке 1 сынып оқушылары қатысады.
1 Бастауыш мектепте оқыту процесіндегі дидактикалық ойындар
1. 1 Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері
Дидактикалық ойын - оқушылардың ынта - ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуатты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі. Дидактикалық ойын - өз бетімен мақсат емес, оқыту мен тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойынды сауықтырумен шатастыруға, сауықтыру үшін нәр беретін іс-әрекет ретінде қарастыруға болмайды. Дидактикалық ойынды оқу ісінің басқа түрлерімен тығыз байланыста болатын өзгертілген шығармашылық іс-әрекеттің түрі деп қарастырған дұрыс [7] .
Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы - дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы - баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым -қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1) Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т. б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар [8] .
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Дидактикалық ойын сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар аз ойланады. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане, «сен көк кубиктерді әкелші», «үстелге апарып қойшы» т. б. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді.
Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді.
Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін, ол ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Ұсынылып отырылған дидактикалық ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі монологтық және диалогтық сөйлеуге арналған. Мысалы: «телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты-бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Антоним сөздерімен таныстырғанда жануарларды зообаққа әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануардың денесіне қарап, «үлкен-кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады. Жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін, «Жалпы қалай аталады?», «Жалпы атауын бер», «Жеке-жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тарелка, шанышқы - «ыдыс-аяқтар»; алма, алмұрт, шие, өрік - «жемістер»; қияр, картоп, сәбіз, қызылша - «көкөністер»; көйлек, камзол, тақия, бешпент - «киімдер»; етік, туфли - «аяқ киімдер» т. б. немесе керісінше «үй жиһаздарын» -диван, төсек, үстел, орындық, теледидар; отбасы мүшелерін - әке-шеше, ата-әже, аға-іні, қарындас; «оқу құралдарын» -кітап, дәптер, қалам, өшіргіш, сумка т. б [9] .
Баланың шығармашылығын дамыту үшін имитациялық ойындар «Біздің көңіл-күйіміз?», «Қоянның көңіл-күйі» т. б. ым, мимиканы әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып көрсетуге үйрету. Мысалы: қоян қорқып тұр, қоян адасып кетті, оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен, қуану, ренжу, жылау т. б. салуға, сол арқылы адамның көңіл-күйін түсінуге, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелейді.
Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болсын. Сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталу үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, әдемі қораптарда, қалталарда тұрғаны жөн. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданып отырсақ қана мақсатқа жетіп отырамыз [10] .
Дидактикалық ойындар - оқушының ой-өрісін дамытып, есте сақтаумен қатар, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге өте әсер етеді. Тіл дамыту сабағында дидактикалық ойын түрлерін пайдаланудың маңызы зор. Оқушылардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорын дамытуға әсер етеді.
Әйгілі голландия зерттеушісі Йохан Хейзингтің пікірінше, «кез келген ойын, ең алдымен, еркін іс-әрекет болып табылады. Бұйрық бойынша ойнау, ойын емес». Ойын бұл «тұрмыстық шектеуден шығып, өзіндік бағыты бар, уақытша іс-әрекет саласына ену» [11] .
Ересектер мен балалар ойын ойнайды. Бала ойын барысында тұлға ретінде дамиды, оның өз-өзімен және оны қоршаған адамдармен қатынасының табысты болуына байланысты психикалық қасиеттері қалыптасады. Ойын болмысы ерекше құбылыс: ортақ іс-әрекет қызметтестігі, ұжымдық табыс әкелетін ортақ қуаныш және ортақ жеңіліс реніші кезіндегі бірлесуі.
Ойында мұғалім мен оқушылар арасында ерекше қатынас түрі құрылады, және ол өз алдына шығармашылық іс-әрекет ретінде ойын табиғатының өзімен айқындалады.
Ойын әрқашан ең тиімді және әмбебап оқыту тәсілдерінің бірі болып табылатыны белгілі. Ол оқыту үрдісін белсендіріп, оның продуктивтілігін жоғарлатуға, сонымен қатар оқу түрткісін қалыптастыру және одан әрі дамыту үшін жаралған. Жақсы ойластырылған және әдістеме бойынша сауатты ұйымдастырылған ойын, тәжірибелік, сонымен қатар тәрбиелік, дамытушылық және білім берушілік міндеттерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік беретін оқыту тәсілі болып табылады. Оқыту ойыны - бұл мәселенің болуын және оның ықтимал шешу жолдарының болуын ұйғаратын ерекше түрде ұйымдастырылған оқыту іс-әрекеті (әсіресе сауықтыру формасына ие) . Оқыту ойынын нақты өзге тілдік материалды терең және бөлшектеп оқуға мүмкіндік беретін, ерекше түрде ұйымдастырылған жаттығу ретінде қарастыруға болады. Көбінесе оқыту ойыны білім алушылардың шығармашылық іс-әрекетін тереңдетуге ұйғарылған, яғни оқу ойыны оқушылардың интеллектуалды қабілеттерінің қалыптасуы мен дамуына себеп болатын белгі арқылы оқыту үрдісіне енгізіледі.
Бастауыш сыныптарда үнемі дамыту сабақтарын өткізу, балаларды ізденіске жұмылдыру бастауыш білім беруді айтарлықтай ізгілендіреді. Мұндай тәсіл балалардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға жағдай жасайды, баланы ойлануға және ізденіске ынталандырады, оның өз күшіне ақыл-ойының мүмкіндіктеріне сену сезімін оятады. Осындай сабақтар кезінде оқушыларда саналылық пен өзін-өзі бақылау формалары қалыптасып, дамиды, жаңылып қалу қорқынышы жоғалады, қобалжу мен орынсыз мазасыздану сезімі төмендейді, соның салдарынан оқыту үрдісінің келесі кезеңдерінде табысты болуы үшін қажет тұлғалық және интеллектуалдық жағдайлар жасалады.
Қазақ тілі, оқу мазмұнына сәйкестендірілмеген шығармашылық - ізденіс міндеттер материалдағы жүйелі сабақтар курсы кіші мектеп оқушыларының ойлау іс-әрекетін өз бетімен басқару мүмкіндігіне ие болатын, бастамашылдық таныту, мақсат қойып оған жету тәсілдерін табуымен сипатталатын, ойлау мәдениетін тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар туғызады. [12] .
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың интеллектуалдық дамуын мақсат қойып ұйымдастыра алатын ойындар.
Анализ жасау икемділіктерін қалыптастыру ойындары: сыңарын тап, «артығын» тап, жұмбақтар, қатарды жалғастыр, қызықты кестелер - бөлек заттардың ортақ белгілерін айыру, затты «неден жасалған, қандай қызмет атқарады» принципі бойынша сипаттау қабілеттерін дамытуға арналған.
Әр түрлі дамыту ойындарын оқыту үрдісіне белсенді түрде енгізу бастауыш мектеп мұғалімдерінің бірі болып табылады.
Оқушы алдымен ойынға қызығады, одан кейін онсыз ойынға қатысуға болмайтын материалға қызығады. Оқушының оқу пәніне деген қызығушылығы пайда болады.
Оқыту үрдісінде дидактикалық ойындардың құндылығы, оқыту мақсаттарына сәйкес жасалып, білім беру, тәрбиелеу және дамыту үшін қызмет атқаратынында. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдана отырып берік және саналы білім, дағды мен икемділіктерге жетуге болады. Ойын барысында оқушылар көптеген қазақ тіліне арналған әрекеттер, жаттығулар орындағанын, жаттыққанын, және сол сияқтыларды байқамай қалады. Баланың зейіні ойынға қадалады, сонымен қатар ол қазақ тілдік сипаты бар білімдерін жаңа жағдайға бейімдейді. Дидактикалық ойын балаға жақын болғандықтан оның қиялын оятып, көңіл күйін жоғарлатады.
Ойын барысында пайда болатын жағымды эмоциялар, оның іс-әрекетін белсендіріп, ырықты зейіні, есте сақтау қабілеті, ассоциативті іс-әрекетінің дамуымен және салыстыру, қорытынды жасау мен жалпылау қабілеттерінің қалыптасуына байланысты міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді.
Дидактикалық ойындар сабақта жұмысты индивидуалдандыруға, әр оқушының ақыл-ой және психофизиологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес тапсырмалар беріп, қабілеттерін барынша дамытуға арналған [13] .
Оқушылардың тұлғалық қасиеттері әсіресе ұжымдық ойындарда қалыптасады. Олар өз жолдастарының қызығушылықтарын ескеруге, өз мүдделерін тоқтатуға үйренеді. Оқушының жауапкершілік сезімі дамып, ерік-жігері мен мінезі тәрбиеленеді.
Дидактикалық ойындарды білім беру, тәрбиелеу және дамыту тәсілі ретінде кеңінен қолдануға болады. Негізгі оқыту әсері баланың белсенділігін белгілі арнаға бағыттап, оқыту процесін автоматты түрде жетелейтін дидактикалық материал мен ойын әрекеттеріне қатысты.
Дидактикалық ойындарды жалпы ойыннан және сабақтағы ойын формасынан ажырата білу керек, бірақ бұл тек шартты түрде ғана.
Сабақтағы ойын формасы оқушылардың қазақ тілінен іс-әрекетке ынталандырушы құрал ретінде көрінетін ойын мен жағдаяттары арқылы жасалады.
Сабақ формасындағы ойын тәсілдері мен жағдаяттары келесі негізгі бағыттар арқылы жүзеге асырылады: дидактикалық мақсат оқушылар алдына ойын шарты формасында қойылады; оқушылардың оқу іс-әрекеті ойын ережелеріне бағынады; оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады; оқу іс-әрекетіне дидактикалық міндетті ойын міндетіне ауыстыратын жарыс элементтері енгізіледі; дидактикалық тапсырманы орындау табыстылығы ойын нәтижесіне байланысты болады [14] .
Зерттеулердің көрсеткіші бойынша, бағдарлама материалын қолданатын ойын тәсілдері мен бастауыш сынып оқушыларының ойын ерекшеліктері олардың ақыл-ой іс-әрекетінің белсенділігін арттырып, оқуға деген ішкі түрткілерінің пайда болуына әсер етеді.
Ойын формаларын сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қолдануға болады. Мұғалім «Диалог» ойынын ұсынады. Ол оқушылардың жаңа білім игеру үрдісіндегі белсенділікті жоғарлатуға бағдарланған. Ойын идеясы мұғалім оқу мәселесін немесе проблемалық жағдаят туғызып, оқушылар бұл мәселені шешуге тырысуынан тұрады. Олар мәселені шешу үшін бар білімдерінің жеткіліксіз екенін түсінеді. Ойынның ережелері бойынша әр команда мұғалімге минималды түрде сұрақ қоя отырып, оның жауаптарынан қойылған мәселені шешу үшін барынша ақпарат жинау керек. Ойында мұғалім ақпаратты бергісі келмейтін кейіп келтіреді, ал оқушылар епті құрылған сұрақтарымен ақпаратты суырып алуға тырысады. Егер осындай диалогта оқушылар аз мөлшерде қойылған сұрақтар арқылы шешуін тауып алса, мұғалім шығармашылық ойлауды дамыту міндетін атқарды деп айтуға болады. Ғылыми әдебиеттерде педагогикалық шарттар деп қажет болатын сыртқы талаптардың жиынтығын айтады, ал оларды қанағаттандыру қалаған нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Біздің зерттеуімізде көздеген педагогикалық нәтиже, осылар:
1) Ойын мақсаты, қазақ тілі сабағында балалардың ойын процесінде игерілген дағды мен икемділіктері, ойын жүргізу барысында қандай тәрбиелік мақсаттар көзделетіні.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz