Мектептік биология курсының белгілі бір тақырыптарын оқытуда жобалар әдісін пайдалану: өткені, бүгіні мен болашағы


АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыс «Мектептік биология курсының белгілі бір тақырыптарын оқытуда жобалар әдісін пайдалану: өткені, бүгіні мен болашағы » тақырыбында орындалған.
Жалпы педагогикалық әдістер туралаы мәлімет берілді. Олардың түрлері зерттелді. Жобалау технологиясы мақсаты мен міндеттеріне, өзектілігіне талдау жасалды. Мектептік биология курсының белгілі бір тақырыптарын оқытуда жобалар әдісін пайдалану: өткені, бүгіні мен болашағы талданды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 28 беттен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыстың міндеттері:
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.
Бақылау әдісіБелгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына байқау жүргізу.
Бақылау құралдары:
- оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау;
- тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде жеке әңгіме, жүргізу;
- оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде есеп жасаулары.
Үйретудің бір типі. Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі.
Жобалар әдісіОқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, яғни жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. XIX ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-жылдары кеңестік мектептерде кең қолданылған.
Рейтинг әдісіҚандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде қолданылады.
Басқару әдісіБасқару субьектісінің баскау обьектісіне мақсатты түрде әсер етуінің тәсілдері мен құралдары жиынтығы.
Білім берудегі әдістемеБілім берудің жекелеген процестеріндегі педагогика қызметтің нақты тәсілдерін, жолдарын, техникаларын сипаттау.
Әдістемелік жұмысБілім беру мекемелерінде оқытушылар мен тәрбиешілердің үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу әдістемелік процесті жоғары деңгейге жеткізу мен сол дәрежеде ұстауға бағытталған. Ол оқу жылы бойы жұргізіледі және педагогтердің күнделікті тәжірибесімен шектес орындалады Педагогикалық анализдің, теориялық және эксперименталдық зерттеулердің дамуына ықпал етеді. [1]
Әдістемелік жұмыс мақсаты- оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің ең оңтайлы әдістері мен жолдарын игеру;
- педагогтің оқу-тәрбие жұмысын жүргізуі мен ұйымдастыруына қатысты жалпы дидактикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін көтеру;
- педагогика ұжымның мүшелерінің тәжірибе алмасулары және озық педагогика тәжірибені анықтап, оны насихаттау.
Ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми танымның әдістері мен құралдарын, білімді негіздеу және дамыту тәсілдерін зерттейтін ғылымтанудың бөлігі.
Педагогика әдіснамасыПедагогикалық білім және оны игеру процесі, яғни, педагогикалық таным туралы ілім. Ол:
- педагогикалық білімнің оның ішінде педагогикалық проблематиканың;
- құрылымы мен қызметі жөнінде ілімді қамтиды;
- әдістемелік мәні бар бастапқы, өзекті, іргелі философиялық теорияларды; тұғырнамаларды, болжамдарды;
- педагогикалық танымның әдістері жөнінде ілімді.
Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру процесінде олардың санасының қажеттілік - мотивациялық саласын дамыту үшін, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру үшін, сонымен бірге оларды түзету мен жетілдіру үшін қолданылатын тәрбие жұмысының өзіндік тәсілдері мен жолдарының жиынтығы. [1, 2]
Ұлттық психикологияны зерттеу әдістеріАдамдардың ұлтық-психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін біркелкі тәсілдер мен әдістер. Бұл тәсілдердің арасында жиірек қолданылатындары:
- бақылау;
- эксперимент;
- әңгімелесу;
- сұрақтар қою;
- іс нәтижесін талдап-жинастыру;
- "тән қасиеттерін сұрыптау" және "ерікті суреттеу" әдістері;
- этникалық стереотиптерді зерттеу әдістері;
- модель жасау әдісі және т. б.
Үдеріс-латынша алға жылжу, өзгеріс деген мағынаны білдіреді. Жағдай, даму сатысының қалыпты ауысымы.
Мәселе-латынша міндет, тапсырма. Бұл субъектінің нақты жағдайда туындаған қиндықтар мен қайшылықтарды өз білімі мен тәжірибесі арқылы шеше алмайтынын ұғыну. Мысалы, балаларды оқытудың әдістемесін жетілдіру педагогикалық зерттеулер мәселесі болуы мүмкін. Алайда, мәселені біржолғы эксперименттік зерттеу арқылы шешу мүмкін емес, себебі мәселе шешудің мол әдістері бар.
Болжам-бұл мөлшерлік ерекшеліктегі тұжырым, алға ұсыну мен эксперименттік тексеріске ғылыми және тәжірибелік ерекшеліктегі негіздерді қажет ететін пікір.
Рейтинг - білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі. Өзгеше айтқанда, рейтинг-қосалқы бақылау әдісі. Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адмның кейбір қасиеттерін бағалау үшін "сотқа" жүгіну.
Көрсеткіштік - сапалық белгілерді сандық мөлшерге айналдыру тәсілі. Өрнектеу оқушылардың кәсіби сапалық бағасын (қабілеттілігі, ұжымдағы қатынасы, кәсіби ерекшеліктері, т. б. ) анықтауда, оларға мінездеме құрастыруда молынан қолданылады.
Педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы.
Аннотация-мәтіндердің, кітаптардың, қолжазбалардың, мақалалардың қысқаша сипаттамасы; мәтіндерде берілген ойлардың, бағалардың, автордың қорытындыларының маңызын ашу. [2]
Сұхбат - әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар т. б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.
Баяндама-зерттеу жұмыстарына қызығушыларын қалыптастыратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау.
Этникалық стереотиптерді зерттеудің әдістеріЭтникалық қауымдастықтар туралы тұрақты құндылықтар бағыты, ұстанымдар, түсініктер (шынайы не бұрмаланған) және олар туралы түсініктер психологиясы.
Педагогикалық зерттеу әдістеріПедагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор. Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:
- байқау (бағалау шкалаларын қолданумен) ;
- педагогикалық тәжірибені жалпылау;
- эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық) ;
- сауалнама жургізу;
- интервью жүргізу;
- педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;
- жобалық әдістер;
- тестілеу;
- ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;
- шкалалау т. б.
Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:
- анализ;
- синтез;
- индукция;
- дедукция;
- модельдеу;
- ой эксперименті;
- формализация әдісі т. б.
Әлеуметтік педагогиканың бейімделмеген, психикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балалармен және жеткіншектермен жұмыста қолданылатын әдісі. Оны іске асырғанда баланың проблемасының мәнін түсіну мен оларды шешудің жолдарын анықтау үшін метафоралар, түрлі оқиғалар, сиқырлы ертегілер, мақал-мәтелдер т. б. қолданылады. [2, 3]
1. 1 Дәстүрлі педагогикалық әдістер
Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, әңгіме, тәжірибе, т. б. жатады. Осылардың, кейбіреуіне қысқаша тоқталайық.
Бақылау таным әдісі ретінде эмпириялық деңгейде табиғи жағдай немесе арнайы ұйымдастырылған жағдайда өткізіледі. Бұл зерттеуші қайшылық процесінде нақты деректер алатын кей педагогикалық құбылысты мақсатты түрге бағытталғанын қабылдау. Бақылау алдын ала Әңгіме - қажетті ақпарат алу немесе анық болмағанды түсіндіру мақсатында қолданылатын зерттеудің өздік немесе қосымша әдісі. Әңгіме түсінікті қажет ететін мәселелері жекеленген, алдын ала белгіленген жосспармен жүргізіледі. Педагогикалық тәжірибені оқу білікті мұғалімдер тәжірибесі мен қатардағы мұғалімдер тәжірибесінен шығатын озық тәжірибені оқуға көзделген. Олардың қиыншылықтары педагогикалық үрдістің нақты қарама-қайшылықтарын жетілген немесе тақалған мәселелерді бейнелейді.
Сауалнама - сауал арқылы бұқаралық материал жинақтау әдісі. Сауал, кімге арналған болса, сол жазбаша сұрақтарға жауап береді.
Педагогикалық зерттеуде тәжірибе ерекше орын атқарады педагогикалық тиімділігін анықтау үшін әр түрлі әдісті тексеру қолданылады. Педагогикалық тәжірибе - педагогикалық құбылыстардағы себеп-салдарын оқу мақсатындағы зерттеу қызметі, ол педагогикалық құбылыс пен оның жағдайларының қозғалуының тәжірибелік моделін ұсынады; зерттеушінің педагогикалық құбылысқа а деген белсенді әсері; педагогикалық ықпал мен әрекеттестігі нәтижелерінің өлшемі.
Тәжірибені табиғи (қарапайым оқыту процесі жағдайы) және зертханалық тексеруге жасанды жағдай жасау. Көбінесе табиғи тәжірибе қолданылады. Ол ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Педагогикалық тәжірибе жинақталған дәрежеде болуы мүмкін, яғни үрдістегі істің нақты жағдайын ғана белгілейтін немесе түрлендіруші, мұнда жағдайы анықтауға мақсатты түрде бағытталған ұйымдастыру жүргізіледі.
Тест жүргізу - қалыптасқан сұрақтар мен тапсырмаларда тұратын белгілі маңыздылық көрсеткііші бар психологиялық-диагностикалық әдіс. Жеке ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады. Педагогикада оқытудың ұзақтылығын көбейтумен және оқу бағдарламасын күрделендірумен байланысты қолданылатын диагностикалық әдіс. Ол жеке түлғаның даму деңгейін, дағдысын, білімін, ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасайды. Тестердің көптеген түрлері бар. Бұлар-жетістік, зерделеу, креативтік, проектілік, т. б. тесттер. [3]
Тұлғалар арасындағы тесттер түрлі топтардағы адамдар қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің кейбіреуі қалыптасқан топ іші қатынастары жүйесіндегі дербес қатынастарды ерекшелесе, кейбіреуі - қалыптасқан қатынастар жүйесіндегі адам орнын, үшіншісі берілген тұлға енетін әлеуметтік топ психологиясын айқындайды. Мысалға, социометриялық әдіс тәжірибеге түсетін тұлғааралық қатынас жүйесінің өзі еніп отырған топтарға орнын анықтауға мүмкіндік тудырады. Осы әдіс көмегі арқылы жүргізілетін зерттеуге кемінде 10 адам қатысады және кем дегенде 1 жыл жүргізіледі.
Зерттеу нәтижелерін статистикалың өңдеу математикалық тәсіл, формула, мөлшерлік есеп әдісі деп аталады, олардың көмегі арқылы тәжірибе барысында алынған мөлшерлік көрсеткіштерді жинақтауға, жүйелеуге болады.
Математикалық статистика әдісі (орта арифметикалық, дисперсия, мода, медиана, т. б. ) ауыспалы көрсеткіштер арасында кездесетін саралауға берілген тәжірибеде зерттелетін статистикалық байланысқа мүмкіндік береді.
Рейтинг - білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау өдісі. Өзгеше айтқанда, рейтинг - қосалқы бақылау әдісі. Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адамының кейбір ңасиеттерін бағалау үшін «сотқа» жүгінуі.
Көрсеткіштік - сапалық белгілерді сандық мөлшерге айналдыру тәсілі. Өрнектеу оқушылардың кәсіби сапалық бағасын (қабілеттілігі, ұжымдағы қатынасы, кәсіби ерешнеліктері, т. б. ) анықтауда, оларға мінездеме құрастыруда молынан қолданылады.
1. 2 Дәстүрлі емес педагогикалық әдістер
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. [3, 4]
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т. б машиналар арқылы өткізіледі. Мұғалім оқушымен жекелей, топтап, сыныппен жұмыс істейді. Жаппай жұмысты ұйымдастырғанда барлық оқушылар мұғалімнің басшылығымен жұмыс істейді. Топта 3-6 оқушы бірге жұмыстанады.
Жаппай жұмыста оқушылар бір оқу жұмысын атқарып, мұғалім нәтижелерін қорытындылап, тақырыпты түсіндіреді, оны талқылауға барлық оқушыларды қатыстырады.
Мұғалім оқушылар орындай алатын жұмыстарды тауып, пікір айтқысы келетіндердің бәрін тыңдап, әдептілік көрсетеді. Оқушы өз білгенін ортаға салып, басқалардың жауаптарын тындап, оларды өз білімімен салыстырады, қате, толық емес жауаптарды көреді. Жаппай жұмыста мұғалім тақырыпты барлық оқушыларға түсіндіреді.
Сонымен жаппай жұмысқа тән белгілер:
• оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы барлық оқушылармен тікелей іскерлік қарымқатынас жасайды; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушыларды проблема талдауға қатыстырады, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау береді;
• мұғалім оқушылардың идеялық жағына, сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап беріп, сезімдерін, ой толғаныстарын білдіреді;
• әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты меңгеруге тырысады;
мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады;
• мұғалім оқу жобалап, сыныппен байланыс орнатып, олардың назарын сабаққа аударып, білімді қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың соңында білім тексеретін сұрақтар қойған жақсы. Тақырыпты проблемалық, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіспен ашуға болады, бірақ оқушылармен іскерлік байланыс болуы қажет;
• жаппай жұмыстың тиімділігі мұғалімнің барлық оқушыларды өз назарында ұстауына, әрбір оқушыны белсенді жұмысқа тартуына, зейінді шоғырландыра білуіне, тәртіпті ұстауына байланысты.
• егер оқушыларға тек қана оқу ақпараттарын берсе, онда жаппай жұмыстың кемшіліктері көрінеді;
• нәтижелеріне жалпы баға беріледі.
Оқушымен жеке жұмыс. Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т. б. Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады. [4]
Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді.
Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлері өте пайдалы.
Бағдарламалық оқыту - жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы түрі.
Ол оқушының бағдарламадағы материалды меңгеруіне керекті жұмыстарды жақсы жоспарлап, оқу іс-әрекетін тексереді. Оқушы өз жұмысының дұрыс-бұрыстығын сол сәтте тексереді. Әр оқушы өз мүмкіндігіне сай жұмыс істейді.
Алғашқыда оқушы үлгіге, нұсқауға қарап жұмыс істейді, оқу іскерліктеріне үйренген соң оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істейді. Мысалы, жоғары сыныптарда әр оқушы тапсырма алып, оны орындау жоспарын жасайды, материал, құрал, аспаптар іріктеп, жүйелі іс-әрекет жасайды, жұмыстың нәтижелерін белгілеп отырады.
Әрбір оқу пәні бойынша бір оқу тоқсаны, жарты жыл аяқталғанша жұмыс істейтін топ құруға болады. Кейде бірнеше сабақтарда ғана топ жұмыс істейді. Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды. Мұғалім кеңесшінің жұмысына басшылық етеді. Кеңесші өз тобының мүшелерінің теориялық материалды меңгеруіне, іскерлік, дағдыларын шыңдауына көмектеседі, топ мүшелеріне жұмысты бөліп береді, жұмысты бақылайды, тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексереді, жазба жұмыстарына сын-пікір жазады. Мұғалім кеңесшіге әдістемелік нұсңау береді. [4, 5]
Тапсырма бірдей де, әр түрлі де беріледі. Жұмыстың нәтижесін сабақ соңында тексеру керек. Топқа бірігу тәжірибелік жұмыстар, зертханалық жұмыстар істегенде, шет тілі сабақтарында ауыз екі сөйлеуге дағдыланғанда, дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда, еңбек сабақтарында жобалау-техникалық жұмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы жұмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың көшірмесін оқығанда пайдалы.
Экскурсия кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей қабылдайды. Экскурсия әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі.
Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар табиғат сұлулығын түсінуге үйреніп, өздерінің әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау арқылы білдіреді. Мұражайларға, көрме залдарына, өндіріс орындарына бару өнер шығармаларын түсінуге, үйреншікті заттар мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адамның еңбегінің сұлулығын сезінуге үйретеді.
Әрбір экскурсия тақырыппен байланысты. Экскурсия арқылы бала әртүрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс, зандардың байланысын көреді, оларды қолдануға үйренеді.
Мысалы, жерде жұмыс істегенде өлшеу үшін геометрия заңдарын қолданып, қарапайым құралдармен жұмыс істеп, сурет салады, көргендерін жазады, картамен жұмыс істейді.
Экскурсия мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мәселенің өзі, танылуға тиісті объекті оқушыларға қызықты болады. Экскурсия нәтижелері сыныпта шығарылады.
Экскурсия жаңа білімдермен қатар, мұғалімге өз оқушыларын жақсы білуге көмектеседі.
Экскурсияға баратын топтарда 10 оқушыдан 40 оқушыға дейін болады, ұзақтығы 40-90 минут.
Оқу экскурсияларын мазмұнына қарай тақырыптық және кешенді (шолу) деп бөледі. Тақырыптық экскурсияларға барғанда оқу пәндерінің бір немесе бірнеше байланысты тақырыптар оқылады. Кешенді экскурсиялар екі немесе одан да көп оқу пәндерінің бір-бірімен мәселен, дүниетанудан "Ағын сулар мен желдер", өсімдіктер, жануарлар және "сыртқы орта" деген тақырыптарды оқу үшін экскурсияға баруға болады, байланысты тақырыптарын оқу үшін ұйымдастырылады. [5]
Оқылатын бөлімдегі орнына қарай кіріспе, негізгі, қорытынды экскурсиялар өткізіледі. Кіріспе экскурсия оқушыларды және оқу курстарымен, бөлімдерімен таныстырады. Негізгі экскурсиялар арқылы оқушылар тақырыпты терең түсінеді, теориялық материалдың тәжірибесі керектігін үғынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz