Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы


АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыс «Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы » тақырыбында орындалған.
Биология пәнінің мазмұны туралы жалпы мәлімет берілді. Оның мақсаты мен міндеттеріне, өзектілігіне талдау жасалды. Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы зерттелді.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 28 беттен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыстың міндеттері:
1 Биология пәнінің мазмұны, мақсаты, міндеттері
Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәнінің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі.
Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу, процестерінің жүйесі түрлі ғылым.
Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеу оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту әдісі, биологиялық мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді әдістерін үйретеді.
Әдістеме оқу пәнінің мазмұнын және оқу формаларымен тәрбиелеу жолдарын қарастырады.
Әдістеменың аталған бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланысты, бірлікте болады. Оқыту жұмыстарының құралдары мен жабдықтарын да анықтайтын осы әдістеме. Қорыта айтқанда әдістеме дегеніміз- биологияны қалай оқыту керек, нені үйретіп қалай тәрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? Деген сұрақтарға жауап береді.
Биологияны оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстарымен дамуын оқытады.
Биология пәнінің мазмұны және оның өзіндік ерекшеліктері, оқыту әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды. [1]
Биологиядан сабақ беру барысында тірі ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын тірі табиғаттың даму эвалюциясының заңдылықтарын оқып білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастырады.
Биологиялық білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табиғатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын қоғамдық және жеке еңбектің гигиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.
Атақты педагог К. Д. Ушинский айтқандай «Оқушылардың ақыл -ойын логикасын дамыту үшін жаратылыстану тарихын оқыту тиімді-деп есептейміз. »
Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау эксперименттер қою, щқушылардың ойлау қабілетін дамуын қамтамасыз етеді.
Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы биологияны оқыту әдістемесі және арнайы биологияны әдістемесі болып екіне бөлінеді.
Жалпы биологияны оқыту әдістемесі мектеп биология курстарының пәндерінің мазмұны мен әдістеріне байланысты қарастырады. Аталған пәндердің бірізділігі, біртұтастығы және тәрбиелеп оқытудың элементтерінің дамуы, биологияны оқытудың жүйесін анықтайды. Білім беру, оқытудың жүйелілігі оқушылардың саналы түрде білім қалыптастыруымен тиянақтылығын анықтайды.
Арнайы әдістерде сабақтардың әдістемесы, экскурсиялар сабақтан тыс жұмыстар кластан тыс жұмыстар қарастырылады.
Биологияны оқыту әдісінің ғылымдармен байланысы
Биологияны оқыту әдісі барлық биология ғылымдар саласымен тығыз байланысты. Мектеп биология курстарынан сабақ беріп, оқыту үшін, мұғалім биология ғылымдар жүйесімен теориялық біліммен қаруланған тұлға болуы керек.
Табиғатта болып жатқан құбылыстардың сырын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда түсіндіру үшін мұғалімнің теориялық білімі үлкен рол атқарады. Мектеп оқулықтарының мазмұны ғылыми тұрғыда беріледі.
Биология ғылымдар саласының негізгі зерттеу әдістері: бақылау эксперимент жүргізу және жинақталған фактілерді теориялық тұрғыдан қорытындылау болып табылады. Бақылау және эксперимент жолмен жинақталған материалдарды салыстыру, қорытындылау зерделеу оқушылардың логикалық шығармашылық ойлауын дамытады.
Мектеп биология курсиарының мазмұнынымен биологиялық ғылымдағы ең үлкен айырмашылық, оның мақсатында, көлемінде, құрылымында, әдісінде және мазмұндау формасында. Биология ғылымының мақсаты- зерттеудің нәтижесінде табиғат туралы жаңалықтар ашу. Мектеп пәнінің мақсаты оқушыларға ғылымның жинақталған фактілерімен заңдылықтарын жеткізу.
Мектеп биология пәнінен шақтап берген көлемінде, оқушыларға артық ақпаратсыз күрделі ғылыми проблемалармен ғылым негіздерін хабарлау.
Биология агрономия мен медицинанаың негізі болып табылады. Мектеп биологиясында бұл байланыс, оқушыларға политехникалық бағытта білім беру барысында, теорияны практикамен ұштастыруда көрініс береді. [1, 2]
Әдістеме тек биология мазмұнының ерекшелігімен ғана емес, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жеке басының дамуына байланысты анықталатын болғандықтан балалар, психологиясымен де тығыз байланысты. Баланың жеке басының дамуына байланысты, Биология курсының мазмұны кластан, класқа жоғарылаған сайын күрделенеді. Сондықтан мұғалім сабақ беру барысында 5-8 кластарда бір сабақтың өзінде әр түрлі әдістермен, тәсілдерді қолданады. Ал жоғарғы кластарда сабақ барысында бір-екі тәсілді қолданумен шектеледі. Сабақтың мазмұны фактілнрді қарастыру кезінде және теориялық қортынды жасау барысында күрделенеді .
Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жататын болғандықтан, педагогшикамен де тығыз байланыста, себебі дидактиканың жалпы принциптері мен тәрбиелеу мәселелері бір.
Мектептегі білім беру, тәрбиелеп оқыту негізінде жүргізіледі: материалдың мазмұны, оқыту әдістері, мазмұнның логикалық түрде қарастырылуы, оқыту процесінің барлық формалары мұғалімнің жеке тұлғасын тәрбиелейді, оның ғылымға деген көзқарасын арттырады.
Табиғат туралы ғылымдардың негіздерін оқытудың мақсаты, диалектикалық -материалистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.
Кластан класқа жоғарылаған сайын біртіндеп оқушылардың биологиялық білімдері кеңейіп, тереңдетіледі, қоршаған әлемде танып- білуге болатынын, материаның әр уақытта қозғалысқа және дамуда екендігіне көз жеткізеді.
Сондықтан, биология пәнін нағыз ғылыми түрде оқыту, диалектикалық-материализмге негізделеді. Бұл философия ғылымымен тығыз байланыстығын көрсетеді.
Биология оқыту әдісінің ғылыми негіздері
Әдістеменың ғылым ретінде қалыптасу мен дамуы, мұғалімнің қортындысымен, пікірлеріне, педагогикалық өнердің ғылыммен ұштасуына, шығармашылық зерттеулерге тікелей байланысты.
Әдістеменің өзекті мәселерінің шешілуі бастапқы кезеңде сараптау жолымен жүзегее асады. Біртіндеп жаратылыстанудың жалпы меодикасынан жекеленген піндер матодикасы бөлініп шықты.
Қазіргі кезеңде әдістеменың ғылым ретінде дамкындағы өзекті мәселердің бірі осы кезде дейін жинақталған тәжірбиелердің қортындысын, материалдардың мазмұнын сараптап, биология пәнін оқутудың әдістемелік жағын түбегейлі жетілдіру болып табылған.
Биология материалдарының негізінде әдістеме, оқутудың мәсеселерін, тәрбиелеудің жолдарын жетелдіру барысында әдістемелық зерттеулер жүргізіледі.
Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында ғылыми-зерттеу институттарында, Академияларда зерттеу жұмыстары кеңінен комплексті түрде холға қойылған.
Ғылыми жұмыстардағы ұсыныстар міндетті түрде, зерттеу нәтижесінде алынған қортындылардыңнақты дәлелдерімен негізделуі тиіс.
Әдістемелық мәселерді шешу, ғылыми зерттеулердің бірнеше сатылары мен әртүрлі зерттеу элементтерінің үйлесімділігінің кезектігінен құралады.
Биологияны оқыту әдісінің абъектілері және ғылыми зерттеу әдістері төмендегідей. [2]
1. Озат алдыңғы қатарлымұғалімдердің тәжірбиелеріне, құнды бастамаларды анықтау мақсатында бақылаулар жүргізіліп, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсту.
- Әдістеменың шешілмеген, өзекті мәселелерін анықтапжұмыс болжамдарын алға қою.
- Болжамдарды шешу мақсатында ұйымдастыру.
- Эксперимент жұмыстары мен бақылаулардың нәтижесін жинақтап-қорытып, сараптап болжамды растау, оның теориясын жасау.
- Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде жарияланған әдістемелық жұмысты тексеруден өткізіп, әдістемелық теорияны бекітіп, дәлелдеу.
Осылай зерттеулердің нәтижесінде әдістеме ғылым ретінде қалыптасады.
Әдістеменыңөзіндік мәселелері - биологияны тәрбиелеп- оқыту өзіндік ерекшеліктері бар.
Әдістемеда бұл іс- әрекеттер заңдылықтарға жатады.
- Мектеп биологиясының мазмұны мен құрылымдағы ғылым негіздерінің синтезі;
- Ұғымдар мен дағдыларды біртіндеп дамыту барысында оқушыларға саналы түрде берік білім қалыптастыру;
- Оқыту әдістерінің және оқыту формаларының оқу материалдарының мазмұнына сай ұйымдастырылуы;
- Оқыту және тәрбиелеу процесінің жан- жақты байланысы бір тұтастығы.
Осы заңдылықтардың негізінде, биология әдістемесінде тәрбиелеп оқытудың жалпы жүйесіқұрылады :
1. Биологиялық түсәініктер жүйесі;
2. Оқыту әдістерінің жүйесі ;
3. Биологияны оқыту барысында тәрбиелеу жүйесі;
4. Оқу жұмыстарының формуларының жүйесі;
5. Оқытудың материалдық-техникалық базалыжүйесі.
Әдістеме-оқытып-тәрбиелеудің мақсатын, педагогикалық іс-әрекеттің барысын, оқытудың тиімді, белсенді, әдістері мен жолдарын анықтайды.
Мұғалім жас өспірімдер мен оқушыларға тиянақтыбілім, тәрбие қалыптастыруы үшін, оқу процесіне жетекші болатын әдістеменың ғылыми негіздерін білуі керек.
Ғылымның дамуына байланысты 40-шы жылдардан бастап мектеп биологиясына жаңа экс перименттер мен демонстрация ла у снгізу қажеттігі туды.
Сабақты өту әдісінің проблемаралын шешу аса маңызды және негізгі мақсаттардың бірі болды. Сабақтың оқу мазмұны экскурсия кезівде өсімдіктер мен жануарларға бақылау жүргізумен және материалдар жинаумен тыгыз байланыста болды. Жануарлар меп өсімдіктерге тірі табиғат мүйісінде, үйде бақылаулар жүргізу қажеттігі туды. Эксукурсиялар өтетін сабақтың тақырыбына байланысты өткізілетін болды, үйге берілетін тапсырмалардың ерекшеліктері мен әдістері оңделді. Сабақтан тыс, кластан тыс, көпшілікпен бірге орындалатын жүмыстардың формалары мен әдістері өңделіп, оқушылардың білімі мен тәрбиесін дамытудағы орны анықталды. [2, 3]
Бертін келе биологиядан сабақ берудің формаларының проблемалары шешілді.
Ленинградтағы А. И. Герцен атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану кафедрасьшда, 1938 жылдары мүғалімдердің біліктілігін арттыру институттарында әдіскелер үжымының еңбектері жарияланып методикалық зерітеулердің жаңа бағыттарып дамытты «Арнайъі методика», «биологияны оқытудың жадны әдістері», - проблемалары шешуін тапты. Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1939) Тұңгыш рет ана тілінде жаратылыстану ғылымы
бойынша оқу қүралдарын жазды. Солардын бірі «Жануарлар» 1922 жылы Ташкентге басылып
шықі ы. Жұмақан Маусымбайұлы КҮДЕРИН (1891 -1938) К, азақтан шыққан түңғыш биолог-ғалымдардың бірі, ботаника жөнінде «Өсімдіктану» атты оқу қүралын 1927, 1930 - жылдары басып шығарды. Ол жиырма жасында ауылшаруашылык мектебін бітіріп, егіс жөне мал шаруашылығының маманы атанды.
Атақты ғалымдар И. И. Шмальгаузен, Н. П. Дубинин, С. С. Четвериков және көптеген шетел ғалымдары Ф. Добржанский, Г. Симпсон, Дж. Хаксли, Э. Майер еңбектерінің нәтижесінде эволюцияның синтетикалық теориясы қалыптасты. В. И. Вренадскийдің «Биосфера» ілімі Н. В. Сукачевтің «Биогеоценоз» ілімдері мектеи биология пәндерін оқытуда гана экологиялық-эволюциялық мақсаттарды шешудің бірден-бір жолы ретінде оқытылды.
Н. М. Верзилиннің басқаруымен биологиялық түсініктерді дамыту теориясы сабақ беруде айтарлықтай орын алды. Осы бағытта жүргізілген ғылыми-зерттеу жүмыстары баршылық. 1966 жылдары Ю. И. Полянскийдің басқаруы мен ғалымдар тобы мектеп биологиясына эволюциялық ілім, цитология, аутоэкология, биоценология және биосфера туралы ілімдерін оқытудың мазмүнына, бағдарламага енгізді.
Соңғы жылдардағы биологиядан білім беру проблемалары: білімнің сапасын арттыру, теориялык білімді тәжірибемен байланыстыру, оқу проблемаларын шешу үшін оқытудың активті жаңа формаларын епгізу болып табылады.
2. Қазақ Республикасында жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалымдардьщ бірі Күдерин Жүмахан Маусымбайүлы. Методисттің «Өсімдіктану»- оқу құралы-Алматы «Рауан» баспасынан 1992 жылы жарық көрді. 265 бегген түрады. [3]
Бүл кітап 1927 жылы және 1930 жылдары араб және латын әріптерімен түңғыш рет қазақ тілінде басылып шыққан, өсімдіктер тіршілігін тартымды баяндайтын оқу қүралы болды.
Бүл оқу қүралы биология ны зерттейтін ғалым одіскерлерге және студенттерге, сондай-ақ биология мәселелері қызықтыратын оқырман қауымына арна-лған.
Күдерин Ж. М. «Қуғын-сүргінде аман қалған еңбектері»-Алматы «Демеу» баспасы 1995 жылы жарық корді. 352 беттен қүралған.
Күдерин Ж. М. түңғыш қазақ тілінде жариялан-ган, жазылған және қүрастырыи, аударылып жасаган бірнеше еңбегін бір кітап етіп топтастырылған. Бүл кітантар 1937 жылдың нөубетіне тап болған абзал аза-магтың Қазақстандағы ауыл шаруашылығына қосқан ііотижелі үлесі ретінде кейінге үрпаққа үсынылып отыр. Ауыл шаруашылығын зерттейтін ғалым-әдіскерлерге, студенттерге, оқырман қауымға арналған.
1. 1 Биология пәнін оқыту әдістері және оның түрлері
Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады.
Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдай, қолданбаған жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалының мазмұнын сәйкестендіре отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдағанда ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етуге болады.
Оқыту әдісі дегеніміз - оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады.
Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз - ұстаздың білім беру әдістері деп қарасақ, екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау кабілеттілігі немесе әдісі. Оқыту әдістерінің құрылымы сабақ өткізу тәсілдерінен тұрады. Тәсіл дегеніміз - оқыту әдісінің бір ғана элементі, оның жеке бір бөлігі.
Биологиядан сабақ беру практикасында оның көптеген әдістері бар екендігін байқауға болады. Оларды кейбір белгілеріне қарай отырып, былай топтастыруға болады. [3, 4]
Дәстүрлі сабақ беру әдістері, ол сол ертедегі философтар мен педагогтардың сабақ беру жүйелері болып есептеледі. Бұл әдістегі ең басты мақсат оқушыларға білім берудің қайнар көзіне, білімді қалай, қайдан алу әдістері бойынша қолданады. Бүл әдіс бойынша білімнің қайнар көзі үшеу деп көрсетеді: практика, көрнектілік, сөз. Соңғы кездерде тағы бір әдістер қосылды, ол - оқулық және әртүрлі техникалық жүйелер. Сондықтан бұл топтан бес әдісті бөліп қарауға болады: практикалық, көрнектілік, сөйлеу, оқулықпен жұмыс жүргізу, техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану. Осы әдістердің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар.
Атқарылатын міндетіне қарай топтастыру әдістері. Сабақты өткізу процесінің жүйелілік кезеңіне байданысты топтастыру. Ол мынандай әдістерден тұрады:
а) білімді игеру;
ә) шеберлігі мен дағдылығын қаяыптастыру;
б) білімді іс жүзінде қолдану;
в) шығармашылық қызметі;
г) алған білімді бекіту, баяндау;
ғ) білімін, шеберлігін, іскерлігін тексеру.
Осы айтылған әдістердің басты ерекшеліктерінің бірі оқу процесін ұйымдастырудың классикалық схемаларына сәйкестелінген, ұстаздарға оқу-тәрбие жұмысын іске асыруға үлкен көмегін тигізетіндігі айқын.
3. Танымдылық іс-әрекетіне сәйкес топтастыру (И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин) . Бұл әдістердің көмегімен оқытушының көрсеткен тапсырмасы бойынша оқушы өзінің білім деңгейін өз бетінше игеру. Бұл әрине әрбір оқушының ойлау қабілеттілігін арттырады. Бұл топқа бірнеше әдістер кіретіндігін айту керек:
- бейнелеу арқылы түсіндіру (ақпаратты-рецептивті) ;
- репродуктивтік;
- проблемалы мазмұндау;
- жартылай ізденіс (эвристический) ;
- зерттеу.
Егер, танымдылық іс-әрекетті тек қана мұғалімнің көмегімен іске асырылса, оқушылар дайын материалдарды ұғып, есте сақтап, оны қатесіз айтып берумен ғана шектелген жағдайда, олардың ойлау белсенділік деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Егер оқушының ойлау қабілеттілік деңгейі өте қарқынды болса, ол танымдылық іс-әрекетінде шығармашылық еңбектің нәтижесінде, өз бетінше ізденіс жасау және зерттеу әдістерін қолдану нәтижесінде ғана табысқа жететіндігін байқауға болады.
Сондықтанда, әдістер осындай топтастыру өз қолдауын тауып, кең таралып жүр. Енді осы әдістерге жеке-жеке тоқталып сипаттама берген жөн.
Ақпаратты-рецептивті (қабылдау) әдістің басты мәні, олар мынандай белгілерімен сипатталады:
1. Оқушыға білімді «дайын» күйінде ұсынады.
2. Оқушы дұрыс түсіну үшін, оқытушы әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастырады.
3. Оқушы білімді қабылдап және оны есте сақтайды. Білімді қабылдауда барлық ақпарат көздерін (сөз, көрнектілігі т. б. ), мазмұндау логикасының индукциялық және дедукциялық жақтарын дамытып пайдалану жолдарын іске асырады. [4]
- Репродуктивті әдіспен оқытудың басты белгілері:
1. Білімді оқушыға «дайын» күйінде беру.
2. Мұғалім оны түсіндірумен қатар, оны әңгімелей береді.
3. Оқушы оны саналы түрде ұға отырып, түсініп, есінде ұстайды. Оның басты критериясы оқушының берген дұрыс жауабы болып танылады немесе дұрыс есіне түсіру (воспроизведение, репродукция) .
4. Білімінің тұрақтылығының ең басты куәсі, оны бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде болады.
Репродуктивті әдісті мынандай жағдайларда қолдану өте тиімді:
- оқу материалының мазмұны бірыңғай ақпаратта болса;
- практикалық және еңбек тану іс-әрекетін қолдануын сипаттауда;
- егер оқушының өз бетімен іздену, ойлану процесіне қиындақ жағдайлар туатын болса;
- жаңа проблемалы материалдарды игеруге оқушының тіректік білімі әлі аздау болған жағдайларда.
Бұл әдістің тағы да бір қолданылатын кездерінің бірі - проблемалық маңызды мәселелерді өз бетімен шешу барысында оқушылар әлі дағдыланбаған жағдайларда.
Репродуктивті әдістің тағы да бір ерекше пайдалы әсерлерінің бірі оқу материалын жедел игеруді, практикалық, еңбекке деген шеберлігі мен іскерлігін қалыптастыруды қамтамасыз етумен бірге, оқу процесіндегі білімділігін, шеберлігін, іскерлігін басқаруды, кейбір қателік жақтарын айқындауына мүмкіндік береді. Сондықтанда, жоғарыдағы айтылған көптеген пайдалы жактарын басқа әдістермен байланыстыра отырып, күнделікті оқу процессіне қолдана білген жөн.
Проблемалық-ізденіс оқыту әдістерінің ең басты принциптері оқу процесінің кейбір кезеңдерінде оқушы кейбір проблемалық мәселелерді өз бетімен шешуге әлі мүмкіншіліктері жоқ, сондықтан мұғалім, осы проблеманы шешу үшін белгілі бір жүйемен, бағытпен оқушыларды тарта отырып, олардың белсенділігін арттыра отырып, жаңа білімді игеру жолдарын көрсету арқылы, оқу материалының танымдылық жағын арттыруға көмектеседі.
Проблемалы-ізденіс оқыту әдістері көп жағдайларда оқушының шығармашылық шеберлігін дамытуда, оқу-танымдылық және еңбектену іс-әрекетінің дамыту, ойлану және өз бетімен білімді игеру, жеке басының еңбекке деген шығармашылық көзқарасын, белсенділігін, саналылығын дамытуға тиімді әдістердің бірі болып саналады.
Проблемалы-ізденіс әдістерін қолдануының тағы да тиімді жерлерінің бірі - оқу материалының мазмұнындағы жаңа ғылыми түсініктер мен заңдылықтарды, теорияларды қалыптастыруда ең басты рөл атқарады. Осы алған білімдерінің негізінде проблемалық ситуацияларды өз бетімен іздену барысында жаңа ғылыми мәліметтерді шешуге, игеруге, түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл әдісті ең бір ерекше түрі деп есептеуге болмайды, себебі бұл әдіспен оқыту көп уақыт алумен қатар, жаңа оқу материалын игеруге, оқушының базалық білімі болмаса, оны қолдануда дұрыс нәтиже бермейді. [4, 5]
Егер оқу материалының күнделік деңгейі орта және оқушының базалық білімі жеткілікті болса, олар өздерінің болжамдарын, құбылыстар мен заңдылықтар арасындағы байланыстарды анықтауда осы әдісті қолдану өте пайдалы деп есептеледі.
Зерттеу әдісінің басты мәні мынада:
- белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір проблеманы анықтап, оны шешуді оқытушы мен оқушы бірге жүргізеді;
- оқушыға проблема жайлы алдын ала хабарламай, оны өз бетімен шешуге мақсат қою. Онын шешу жолын оқушы өзі тауып қорытындылайды;
- оқушының басты қызметі оперативті түрде берілген проблемаларды шешуді басқару;
- оқу процессінің қарқыны жоғары, оқу өте қызықты жүргізілуде, нәтижесінде білімнің тереңділігі, нақтылығы, жан-жақтылығы айқын көрініп тұрады.
Сондықтан бұл әдіс оқушының білім алу барысында шығармашылық қабілеттілігінің дамуына байланысты болатындығын көрсетеді. Оның басты кемшілігі - оқушыдан да, оқытушыдан да көп уақытты және энергияны шығындауды талап етеді және бұл әдісті қолдану оқытушының білім деңгейінің жоғары болуын талап етеді.
4. Дидактикалық мақсатқа байланысты екі әдістер тобын бөліп қарауға болады:
1. Оқу материалын алғаш игеруге мүмкіндік жасау әдісі.
2. Алған білімді тиянақтау және жетілдіруге мүмкіндік жасау әдісі (Г. И. Шукина, И. Т. Огородников) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz