ХХі ғ. мектебінде оқу – тәжірибелік учаскені ұйымдастыру: проблемалар мен оларды шешудің мүмкіндіктері



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын шаралар
1.1 Мектеп оқу . тәжірибелік учаскесі
1.2 Мектеп оқу.тәжірибе учаскесі және пайдаланылатын жерлерді ұйымдастыру
1.3 Мектеп маңындағы оқу.тәжірибе учаскесінде оқушылар еңбегін ұйымдастыру
2 Мектеп оқу.тәжірибелік учаскесін ұйымдастыру проблемалары мен оларды шешу жолдары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып , қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. [1]
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.
Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді.
1. Жумадилова Р.Ж., Болшынова Ү.Ж., Төлеубаева Г.Т., Ахметжанова Г.Ж. Оқу-тәжірибе учаскесі (оқу әдістемелік құрал). Семей 2012.
2.Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии. М., Просвещение, 1976.
3. Папорков М.А., Клинковская Н.И., Милованова Е.С. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. 1987.
4. Дубинин Н.П. и Глембоцкий Я.Л. Генетика популяций и селекция. М., Наука, 1967.
5. Корсунская В.М. и др. Уроки общей биологии. М., Просвещение, 1977.
6. Лобашев М.Е. Генетика с основами селекции. М., Просвещение, 1979.
7. Мендель Г. Опыты с растительными гибридами. М., Наука, 1967.
8. Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Методика обучения общей биологии. М., Просвещение, 1979.
9.Курочкина Л.Я. Растительность песчаных пустын Казахстана // растительный покров Казахстана. Алма-Ата, 1966.т.г.с. 191-582.
10.Коровин Е.П. Растительность Средней Азии и Южного Казахстана. Ташкент, 1961.т.І.452с.
11. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Бруновт Е.Т. Воспитания учащихся в процессе обучения биологии. М. Просвещение 1984.
12. Конюшко В.С. Как подготовить урок биологии: Пособие для учителя. – Минск: Народная асвета, 1988.
13. Кузнецова В.И. Уроки биологии: 6-7 кл. – М.: Просвещение, 1991.
14. Конаржевский Ю.А. Анализ урока. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2000.
15. Муртазин Г.М. Активные формы и методы обучения биологии: Человек и его здоровье: Книга для учителя; из опыта работы. – М.: Просвещение, 1989.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс ХХІ ғ. мектебінде оқу - тәжірибелік учаскені ұйымдастыру: проблемалар мен оларды шешудің мүмкіндіктері тақырыбында орындалған.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын шаралар туралы мәлімет берілді. Олардың түрлері зерттелді. Мектеп оқу - тәжірибелік учаскесінің мақсаты мен міндеттеріне, өзектілігіне, ұйымдастырылуына талдау жасалды. ХХІ ғ. мектебінде оқу - тәжірибелік учаскені ұйымдастыру: проблемалар мен оларды шешудің мүмкіндіктері талданды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 27 беттен тұрады.

МАЗМҰНЫ

І Кіріспе
3
ІІ Негізгі бөлім
4
1 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын шаралар
4
1.1 Мектеп оқу - тәжірибелік учаскесі
10
1.2 Мектеп оқу-тәжірибе учаскесі және пайдаланылатын жерлерді ұйымдастыру
13
1.3 Мектеп маңындағы оқу-тәжірибе учаскесінде оқушылар еңбегін ұйымдастыру
18
2 Мектеп оқу-тәжірибелік учаскесін ұйымдастыру проблемалары мен оларды шешу жолдары
19
III Қорытынды
26
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі:
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыстың міндеттері:

1 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын шаралар

Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып , қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. [1]
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.
Спорттық әрекетте балалар бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін деген қағиданың маңызын жете түсінеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайдылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған - балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. [1,2]
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей қиын балада өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды.Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.
Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: тәрбие жұмысының формасы, тәрбие шаралары, тәрбие ісі т.б. Соған орай Педагогикалық энциклопедия сөздігінде форм ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:
1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. Белгілі бір мазмұннның сырқы көрінісі;
3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу.
Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы тәрбие жұмысының формасы және тәрбие процесін ұйымдастыру формасы деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп - бұл тәрбие процессінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық,адамгершілік ) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатыныстары ашық жарияланады.
Тәрбие жұмысының формасы оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің компазициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын,әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
Тәрбие шарасы топтық ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады.
Тәрбие ісі ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады- үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар,жай қатысушылар) және тәрбиенелушілердің айтуы бойынша
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық- бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. [3]
Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт.Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруд қамтамасыз етеді. Оның елементтері мынадай болып келеді.
Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат- педагогтардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, Қайырымдық акциясы, Ғылыми апталық т.с.
Мақсат- тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды.Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді.Мысалы, Адамға музыка не үшін керек? тақырыбының мақсаты- оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:
1. Оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау(сауалнама,әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы);
2. Музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу,кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру);
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері:
1. Шараның басталуы, психолгиялық көңіл күйді орнықтыру: әдеби - музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күй табақ немесе үнтаспа ойнату;
2. Ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;
3. Негізгі бөлім: шараның міндеттері,жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әректтері;
4. Қорытынды бөлім:шарны қорытындылау,оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру;
5. Педагогикалық талдау жұмысы : шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу.Бұл жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын ұйымдастырдық. Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергектік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді.
Пікірталас
Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікір талас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Пікірсайыс - бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады. Пікірсайыс - бұрын өткізілген тәрбие сағаттарының жалпы алғанда белгілі бір көлемде нәтижесін, өміршеңдігін көруге мүмкіндік туғызады. [4,5]
Пікірталас - оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы лоардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралдары. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.
Пікірталастың әңгіме тәсіліне ерекшелігі, онда сынып жетекшісінің қоғамдағы ортаға байланысты адамгершілік мәселелерін айқын меңгеруі. Соңынан, ол оқушылардың адамгершілік сенімдерін қалыптастырудың бірден бір құралы бола алады. Өйткені пікірталас кезінде оқушылардың көзқарасы кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей білуге, өз ойларын жеткізе білуге, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына салмақтылықпен пайымдауға үйретеді.
Тәжірибелі сынып жетекшілері бүгінгі күннің көптеген өзекті мәселелерін оқушылар алдында көтере отырып, қаралып отырған сұрақ төңірегіндегі жағдайды лолардың анық аңғара, талдай білуіне, оның себебін анықтап, қортындылай білуге ықпал етеді. Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікірталастыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету. Пікірталастыың табысты өтуінің негізгі шарты алдын ала дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Сонымен жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Олар онымен қажетті әдебиеттерді іріктеп алады да, оларды оқушыларға оқуға ұсынады және көрме ұйымдастырады. Көрнекті ақын - жазушылар, мемлекет және өнер қайраткерлерінің еңбектерінен тақырыпқа сай нақыл сөздерді жазып іледі. Пікірталас жүргізуші адамды тағайындауға да үлкен мән беру қажет.Ондай адам біреу немесе екеу боғаны жөн. Олар өздерін оқушылар алдында еркін ұстай білетін, таза және тілі жатық, әсерлі сөйлей алатын беделді баланы сайлағаны жөн.Пікірталас өткізу барысында баяндама жасалмайды. П.Т. мәдениетті түрде оған қатысушылардың бір-біріне көңілі қалмау керек. [6]
Әңгіме
Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып - адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік, қарапайымдылық және озбырлық , жомарттылық және қатыгезділік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылды. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлермен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда, ең алдымен адамгершілік ұстанымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн.Әңгіме жүргізу негізінен бастауыш сынып оқушыларын қамтиды.
Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:
Өз Отанына адал берілгендігі;
Өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі;
Шыншылдығы;
Қайырымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы;
Саналы тәртіп пен мінез құлық, мәдениетіне жауапкершілігі;
Жолдастық, достық қарым-қатынастыққа адалдығы;
Немқұрайдылыққа және жамандыққа төзбеушілігі;
Еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы;
Мұғалім әңгіме өткізу оқушыларға оқығандарынан әлденені оқып беруге, немесе еске түсіруге, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға қатысты өздеріне белгілі бір оқиғаны өзіне алып, оған баға беруге ұсыныс жасайды. Егер әңгімелесу емін-еркін жағдайда өтсе және оқушылар өздерінің пікірлерін қысылмай-қымтырылмай айтатын болса, онда бұл пікірлердің қарама-қарсы болуы табиғи нәрсе.Қате пікір талқыға салынатын болсын, оқушыны қателігі үшін жазғыруға болмайды, оны да, басқа оқушыларды да дұрыс қорытындыға келуіне бағыттау керек.Бірақ мұғалім дайын қорытынды ұсынуға тиісті емес. Әңгіме өткізілгеннен кейін оқушыларға оның қаншалықты әсер еткендігі, олардың күнделікті өмірде: оқуда жолдастарымен қары-қатынастағы оның нәтижесінің сапасын бақылап, талдау жасап, соған қатысты келешекте тағ да басқадай нендей шаралар ұйымдастырылуы қажеттігіне көңіл бөлу керек
Конкурстар
Мектепте өткізілетін конкурстар (бәйгелер) оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн. Конкурстың түрлері әралуан: конкурс-викторина, конкурс- инсценировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет.Конкурсты өткізбес бұрын, конкурстың түрі анықталып, оған қатынасушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ қазылар тағайындалады. Конкурсқа қатысамыз деген командалар, ұйымдастыру тобына алдын ала тапсырыс береді. Сөйтіп жарысқа түсуші командалар сайысқа түседі. Мұның өзі командалар арасында өз намыстарын қорғау үшін шығармашылықпен, ізденіспен дайындық жұмыстарын жүргізуге және команда мүшелерінің өзара түсіністікпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. [6,7]
Конкурсты өткізу барысында, жүргізуші оның өту шартымен, әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру жұмыстарын хабарлаудан бастайды. Содан кейін конкурсқа тапсырыс берген командаларды ортаға шақырып, оларды таныстырады. Конкурстың бағыты, формасына қатысты сұрақтар немесе тапсырмаларды командалардың орындауы, оның негізгі міндеті болып есептеледі.Конкурстың өту барысында әділ қазылар алқасы оның белгілі бір кезеңінде жоспарға сай сараптау, бағалау жұмыстарын жүргізеді. Соңында оның нәтижесі қорытыланып, марапаттау рәсімі атқарылады.

1.1 Мектеп оқу - тәжірибелік учаскесі

Біздің басқа мамандықтарға қарағанда тандап алған мамандығымыз "Биолог" немесе табиғат жөніндегі ғылымды оқытушы болғандықтан да басқалардан ерекшелігі бар. Сол ерекшелік негізінде бір нәрсеге бас ию керек болса, онда өсімдікке бас иіп, тәжім ету қажет, өйткені, өмірге, тіршілік етуге қажеттінің бәрін адам өсімдіктен алады. Табиғат - тілін білгенге, сырын ұққанға тәлімі мол мектеп. Дала - адамды еркіндікке баулыса, таулар ерлікке шақырады, орман сергектікке, еңбекке үйретсе, өзен - көл пәктікке, мөлдірлікке үйретеді. Оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығуы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде мектеп жанындағы оқу-тәрбие учаскесінің маңызы өте зор.
Мектеп жанындағы учаскеде мынадай бөлімдер болуы керек:
1. Бастауыш сынып оқушыларымен сабақ өткізілетін бөлім. (өсімдік морфологиясы бойынша дүниетану сабақтары).
2. Көп танапты ауыспалы егістікке егілетін дала дақылдары мен көкөніс дақылдары бөлімі.
3. Оқушылармен жүргізілетін практикалық талаптарға сәйкес жылыжайлар мен көшеттер бөлімі
Мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын ұйымдастыруда ең бірінші алаңның топырағына көңіл аударған абзал. Себебі, топырақ құрамы мен құрылымы өсімдіктің өсуі мен гүлдеу мерзіміне, алынатын өнім түсіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан оқу-тәжірибе үлескісінің алаңын топырақпен қамтамасыз ету мен оны танаптарға орналастыруға мұқият қарау қажет. Мектеп алаңынан өнімді мол алу үшін ауыспалы егістік технологиясын пайдаланған дұрыс. Көптеген өсімдіктер, мысалы қызан, картоп, тамыржемістер (сәбіз, қызылша, шалқан), үрмебұршақ және пияз -- көң мен қарашірікті, оның үстіне минералды тыңайтқыштарды есептеп шашуды талап етеді. [8]
Әрине, тәжірибе күрделі климат, топырақ және ылғалдың түрлі жерлерінде жасалады. Сондықтан тәжірибе нәтижесі әр түрлі болары сөзсіз. Алайда тәжірибе дәл және анық болуы үшін барлық жүргізілетін есеп болуы абзал. Өйткені барлық мәлімет мынадай құжаттар арқылы жүргізіледі:
1) Күнделік дәптері.
2) Тіркеу журналы.
Күнделікке оқушылардың күнделікті бақылаған мәліметі жазылады. Онда күнделікті болған өзгерістер (өскіннің өсуі, гүлдеуі т.б.) ауа райында болған құбылыстар (фенологиялық бақылау), жасалған күтім (суару, түптеу, шөптеу, т.б.) жазылады.
Тіркеу журналыңда жер аумағы, өсімдік тарихы, топырақ сипаттамасы тәжірибе алаңының сызбасы, ауданы, тәжірибе жұмысының жоспары, аудан бұрынғы дақыл жөнінде мәліметтер, 1 га шаққанда алынған өнім, есептеу қорытынды жазылады. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Әрине, жоспарлау кезінде топырақтың құрамы мен құрылымын, өсімдіктің вегетациялық кезеңін, жергілікті жерде өсіруге ауа райының қолайлығын ескерген жөн. Сондай-ақ, жас кезінде дақылдарды күтіп, баптау үшін оқушылардың жазғы еңбек практикасын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Топ мүшелерінің еңбек практикасын биолог мұғалімдер немесе бастауыш сынып мұғалімдері бақылап, ұйымдастырып отырады. Бригада мүшелері бірінші күні жұмысын бастарда мектеп үлескісінде жұмыс істеу кезіндегі сақтық ережесімен танысып, журналға қол қояды. Ал бақылаушы, үйретуші мұғалім жұмыс түрлерін белгілеп, оны орындау жолдарын көрсетіп, тәжірибе күнделігін жүргізуді реттеп, оқушылардың келгендері туралы журналға белгілеп отырады. Оқушылардың жазғы еңбек практикасы үлескіде өскен дақылдарды күтіп баптау, өнімін жинау жұмыстарымен бірге пәнге байланысты, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, шығармашылыққа тәрбиелейді. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлау барысында мынадай педагогикалық міндеттер жүзеге асады:
1. Оқушылардың танымдық қабілеттері артады.
2. Теориялық білімнің практикамен байланысуы.
3. Оқушыларды еңбеккерлікке, іскерлікке тәрбиелеу.
4. Ізеттілікке тәрбиелеу (кішіге қамқор болу).
5. Агробиологиялық тәрбие беріледі.
6. Экономикалық білім беріледі.
7. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сондықтан да оқушыларға жан-жақты, саналы білім беруде, оларды өзіндік зерттеушілік еңбекке баулып, еңбек ете жүріп танымдық қабілеттерін дамытуда мектеп жанындағы оқу тәжірибе үлескісінің берері мол. Сабақтан кейін оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайлы оқытушыдан көп мағлұмат беруді сұрайды. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін, танымдық қабілетін арттыру үшін мұғалім оқушыларды сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға тарту керек. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға үйірме, факультатив, секция, клуб, студиялардың жұмыстарын айтуға болады. [8,9]
Оқушыларды логикалық түрғыда қүрылған, айқын, нақты жоспарлармен жүмыс істеу, икем дағдыларын қалыптастыру қажет. Бүл мәселені іске асыру үшін оқу-тәжірибе учаскесінде көлемді педагогикалық мүмкіншіліктер баршылық. Алғашқы -кезекте, оқу -тәжірибе учаскесін, ондағы егістік жөне отырғызу жүмьтстарын педагогикалық түрғыдан ойластырылған, үйымдастыру және жоспарлау жүмыстары түр. Оқушылар мектен учаскесінде жүмыс істей отырьш, өздерінің биология пәнедерінен алған білімдерін тірі өсімдіктер мен жануарларды бақылау нәтижесінде кеңейтіп, бекітеді. Сонымен қатар ауыл-шаруашылық өсімдіктерін агрономиялық өңдеу әдістерімен және жа - нуарларды күту әдістерімен танысады. Оқу-тәжірибе учаскесінде жүмыс орындау барысында оқушыларды үйымдастырушылық, үжымдық дағдылары, еңбек мәдениеті, эстетикалық сезім, өсімдіктерді өсіріп, баптап-күту дағдылары қальштасып тәрбиеленеді.
2. Оқу тәжірибе учаскесінде өсімдіктану, жануартану, тіршіліктану иәндерінен сабак еткізіледі. Көктемде, күзде арнайы бағдарламалар бойынша практикалык сабақтар, жазғы, күзгі, көктемгі бақылаулар мен тожірибелер жүргізіледі. Сабақатан тыс орындалатын жүмыстардың барысында жануартану, осімдіктану пәндерінен сабақтарда үлестірілетін және көрсетілетін материалдар дайындалады. Учаскеде жас натуралистер үйірмесі жүмыс істейді жене мектеп көлеміндегі кластан тыс откізілетін іс-шаралар үйымдастырылады: Ал - тын күз, қүстар күні, Бау-бақша күні мерекелері, кормелер, ата-аналар үшін топ серуендер т.б. жүмыстар.
Осындай әдістермен биологияны оқытуды ауыл-шаруашылық практикасымен үштастырып тәрбиелеу жүмыстарын жүзеге асыруға болады.
Мектеп учаскелерінде мектепте оқытылатын осімдіктер болуы тиіс: дала, бау-бақша, жеміс-жидек, мөдени және жабайы өсетін өсімдіктер. Соған сәйкес арнайы учаскелер болады. Атап айтсақ: дала өсімдіктері, көкөніс, жеміс-жидек, өсемдік, билогиялық, зоологиялық бөлімдер.
Әрбір мектепте учаскенің ауданы, пішімі, үйлесімі түрліше болғанымен жоғарыда айтылған бөлімдердің болуы шарт.
Әр бөлімде есімдіктер мен тәжірибе жүргізуге орын бөліиеді. Әр түрлі бөлім өсімдіктерін бір коллекцияға және бір тәжірибе бөліміне араластыруға болмайды.
Бүл бөлім екіге бөлінеді: коллекциялық және тәжірибе бөліктері болып.
Коллекциялық бөлікті жолдар арқылы ені 2-4м үзына бойы созылған тік тертбүрышты жерлерге бөледі. Ол жерлерді өз кезегінде әрқайсысы 1,2 немесе 4м2 тіктөртбүрышты бөліктерге беледі. Бүл бөліктерге белгілі ретпен мәдени өсімдіктердің түрлерін, іріктемелерін егеді. І-ші бөлікке астық түқымдастарын (сүлы, арпа, бидай, қара бидай, тары, жүгері, күріш, сорго); ІІ-ші бөлікке бүршақ түқымдастары (ас бүршақ, үрме бүршақ, жасымық ,соя т.б.) және азық жем-шөп өсімдіктері (жоңқышқа, беде, ат қонақ, кара-бас шалғын, түбі бос шөп т.б.) ІІІ-ші бөлікке тоқыма өнеркәсібіне пайдаланатын өсімдіктер (кендір, кенеи, қалақай) және майлы өсімдіктер (күнбағыс, май кене, қыша, жер жаңғақ, мақсары т.б.) IV-ші бөліке-айдалатын (картоп, қызылша, турнепс т.б.) V-ші бөлікке эфирлік жөне дәрілік (анис, тмин, жалбыз, ішлериаіпі, шайқурай т.б.) мәдени всімдіктер іріктемелері мси түрлері өсіріледі. [9]
Коллекция бөлімінің жалғасы тәжірибелік бөлімнен үштасады. Мысалы: асқабақ түқымдас осімдіктерге қойылатын тәжірибені І-ші бөлікке қарама-қарсы бөлікте жүргізеді және ол бірінші бөліктің жалғасы болыи табылады. Осылайша егістік бөлімінде 6-егістік айналымы шығады. Бүл жағдай топырақтың күнарлылығын сақтау мақсатында жүргізілетін агро-техникалық шара.
Егістік бөлімінде VI-VII-класс оқу материалы-нық мазмүнына сай мынадай тәжірибелер қойылуы мүмкін:
І-ші бөлімде: бидайды егудің тиімді тәсілдерін анықтау; егістен мол түсім алу; жаздық бидайдың даму фазалары; топырақ қүнарлылығын анықтау.
Үзынталшықты мақта мен зығыр өсіріп жақсы өнім алу.
3. Жоңышқа, қарабас шалғын т.б. өсімдіктерді егіп, топырақтың қүрылымын жақсарту.
4. Картоптың жер асты түйінектерін алу; қопсытудың әсерін анықтау.
Картопты кобейту жолдары; картоитың жоғары түсімін алу.
V-ші бөлікте: жабайы есетін дәрілік шөптерді жерсіндіру; эфирлік өсімдіктердің вегетативтік көбеюі; эфирлік есімдіктердің түсімін жоғарылату.

1.2 Мектеп оқу-тәжірибе учаскесі және пайдаланылатын жерлерді ұйымдастыру

Участкені ұйымдастырудың алғашқы жылы, әр бөлімде бір-екі жүйек қана жасауға, тіпті маңызды тұқымдастардың өкілдерін немесе жемісті питомникті отырғызудан бастауға болады. Бірақ оның педагогикалық жүйедегі дамуының перспективалық жоспарын жасаудың маңызы зор.
Участке территориясының аумағы үлкен болып, оны игеру мен онда жұмыс істеуге оқушылар күші жазғы уақытта жеткіліксіз болғанда, көрсетілген коллекциялар мен тәжірибелер бөлімдерінен басқа, участкенің қалған бөлігін, биология бөліміндегідей жол жиегіне рабаткілер, гүлкөмбе, гүлзарлар отырғызылатын пейзаждық баққа .(парк) арнауға болады.
Практикада сирек жағдайда болса да мектеп маңындағы оқу-тәжірибе участкесі бір бағытта ғана қолданылады: мектеп биологиясымен байланысы жоқ жеміс бағына, декоративті участкеге , бақшаға айналады. Мұндай участкі өзінің педагогикалық маңызынан айырылады.
Кезінде, тіпті 1941 жылы М.И.Калинин мұғалімдер алдында сөйлеген сөзінде, мектеп маңындағы участкенің мақсатын нақты анықтап берді: Мектеп маңындағы жер участкесінің табысын, жиналған өнімнің сандық нәтижесімен ғана емес, ол нәтиже де қажет бола тұрса да, оның оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі нәтижесімен бағалау керек, басқаша айтқанда, мектеп участкесі оқу сапасын қаншалықты арттырғандығы, жоғарғы сынып оқушылары қаншылықты жұмыс істеу дағдыларын үйренгендігі, төменгі сынып оқушылары қаншалықты жұмыс істеуге әдеттенгендігі жөніндегі нәтижесімен бағалау керек ... Сондықтан мектеп маңында оқушылармен еңбек ететін ұстаз , тек қана агрономияның қарапайым негіздерін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагог болуы керек. [10]
Оқу-тәжірибе учаскесіндегі бақылаулар мен тәжірибелер барысындағы оқушылардың агробиологиялық дағдысын қалыптастыру және дамыту
Оқу әдісі ретінде бақылауды тәжірибемен үйлесімде оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін сабақтарда кеңінен пайдалану қажет. Өсімдіктер құрылымы мен тіршілігін ғылыми зерттеудің маңызды әдістері - бақылау мен тәжірибе кейбір өзгерістерге ұшырай отырып, ғылыммен бірге мектепке енді. Мектеп учаскесінде оқушылар мәдени және арам өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың өсуі мен фазалар бойынша дамуын бақылайды. Оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілген тәжірибелер мен бақылаулар материалында негізгі биологиялық-экологиялық ережелер мен ұйымдарды ашу өте тиімді.
Бұл зерттеуде оқу-тәжірибе учаскесі базасы негізінде агробиологиялық білімді қалыптастыруға бақылаулар мен тәжірибелердің әсері анықталды. Бақылаулар мен тәжірибелерді толық түсіну себеп-салдарлық байланыстарды, анықтаумен және оларды жинақтаумен байланысты. Ол сыртқы нақты фактілерді қабылдаудан бақыланатын құбылыстардың мәнін ашатын ұғымдарға өтуді болжайды.
Бақылау - қоршаған табиғатты танудың маңызды тәсілдерінің бірі. Ол сезім органдары көмегімен табиғат нысандары мен құбылыстарын тікелей қабылдауға негізделген. Бақылау оқушылардың мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын табиғат құбылыстарын, еңбек үдерістерін, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін өздігінше зерттеудің әдісі болып табылады. Бақылауды жылдың кез келген уақытында ұымдастыруға болады.
Тәжірибені қоюға кірісе отырып ерте құрастырылған жоспарға сәйкес учаскені нұсқаулар мен қайталануларға бөлдік. Біздер Қызылорда мектептерінде тәжірибелер жүргізу кезінде олардағы қайталанушылықтар саны мынадай екенін анықтадық.
Себуден өнімді жинауға дейінгі күтімнің барлық түрлері (топырақты қопсыту, сирексіту, арам шөбін отау, түбін көму, суғару, үстеп қоректендіру, үзу, шырпу, өгей бұтақшаларын кесу, аурулармен күрес және т.б. тәжірибелік), сондай-ақ бақылау мөлдекшелерінде бір мезгілде жүргізіледі.
Тәжірибе нәтижелері барлық нұсқалар бойынша бір мезгілде жазылып отырады. Мысалы, егер бұл көкөніс немесе дала дақылдары болса, онда алдымен зақымдалған өсімдіктер мен қорғаныс белдеулерін тазалайды (олардың өнімі тәжірибеде ескерілмейді). Біздің зерттеулерімізде біздер учаскеде қойылған тәжірибелердің көпшілігінде қорғаныс белдеуі қарастырылмағанына назар аудардық. [11,12]
Қызылорда облысы оқу-тәжірибе учаскелерінде жыл сайын үш тәжірибеден аса жүргізіледі, осы уақыт ішінде бұл тәжірибелердің ішінен шамамен орташа 14%-ның нәтижесі болмайды, өйткені өсімдіктерге күтім жасау кестесі, өнім есебі бұзылады, бақылаулар жүйелі түрде жүргізілмейді.
Әдебиетті талдау, үздік биолог-мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу және тәжірибелер жүргізудегі талдау оқу-тәжірибе учаскесіндегі тәжірибелік жұмыстарды оқушыларды жүргізуі кезінде биологиялық-экологиялық білімді тиімді меңгеру үшін мына талаптарды орындау қажет екенін көрсетті:
- тәжірибе танымдық және өндірістік маңызбен іріктеледі;
- тәжірибелерді қою кезінде, зерттелінетіннен басқа шарттар бірдей болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
Ыбырай бастаған баспа
Кәсіптік білімнің электрондық оқулықтарын құрастырудың функционалдық – модульдік технологиясы
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас
Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастыру
Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші
Тәжірибелік-бағдарлы кәсіптік білім берудің оқыту әдістерімен байланысы
Әлемде жалпы білім берудің халықаралық стандарты қалыптасуы
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Оқыту процесінде студенттердің танымдық белсенділігін дамытудың жаңа технологиялары
Пәндер