Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және Қазақстан Республикасындағы саяси процестер



КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
1.бөлім.ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР
1.1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және мазмұны
1.2. Саяси жүйе түрлері және даму заңдылықтары
1.3. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі
2.бөлім.МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Мемлекеттің пайда болуы мен қалыптасуы
2.2. Мемлекет ұғымының түсінігі, типтері мен нысандары.
2.3.Мемлекет қызметінің түсінігі мен мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қоғам-экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе-елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі-мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны-мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.
1)Формациялық саяси жүйелері - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері.
2)Авторитарлық саяси жүйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси жүйелер.
3)Демократиялық саяси жүйелер-либерал-демократиялық, социал-демократиялық т.б.
4)Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б. саяси жүйелер.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «______________________» деп аталады. Бұл тақырыптың мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады.
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын саяси жүйе. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке – жеке қарастырып өтелік.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды
2. Қазақстан Республикасының Президентi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы
3. Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 Конституциялық заңы
4. Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 мамыр N 737

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ 3
Негізгі бөлім
1-бөлім.ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР 4
1.1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және мазмұны 4
1.2. Саяси жүйе түрлері және даму заңдылықтары 7
1.3. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі 9
2-бөлім.МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 12
2.1. Мемлекеттің пайда болуы мен қалыптасуы 12
2.2. Мемлекет ұғымының түсінігі, типтері мен нысандары. 16
2.3.Мемлекет қызметінің түсінігі мен мазмұны 20
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29

КІРІСПЕ

Қоғам-экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе-елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі-мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны-мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.
1)Формациялық саяси жүйелері - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері.
2)Авторитарлық саяси жүйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси жүйелер.
3)Демократиялық саяси жүйелер-либерал-демократиялық, социал-демократиялық т.б.
4)Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б. саяси жүйелер.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы ______________________ деп аталады. Бұл тақырыптың мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады.
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын саяси жүйе. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке - жеке қарастырып өтелік.

1.ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР

1.1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және мазмұны

Қоғамның саяси жүйесі - бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және өызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:
1)Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басп- жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.
2)Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық - ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы жаулар алуға тырысады, құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.
3)Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі- аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.
Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өміреге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани. Мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуерді әр қилы оқиғалардың болуы жа заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады.
Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады.
Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы үшан- теңіз. Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.
Қоғамда бір мүдде-мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде-мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық билік т.б. ірі-ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетепн бірігіп қоғамның бағдарламасын, мүдде-мақсатын анқтап, оның бағыттарын, орындау механизмін белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар, іске асуын бақылап отырады.
Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында.
Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты - феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты - капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ) - жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т.б.
Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрге бөлінеді: демократиялық, либерал- демократиялық , шовинистік, ұлтшылдық, расистік, тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы және құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.
Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын саяси жұмыстары өздерінің ережелері-уставтарының мазмұнына сәйкес келеді, өздерінің қоғамның құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын біріктіріп айтсақ - олардың қоғамдық мүдде-мақсатты орындауда, саясатты іске асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт, фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін дамытып нығайтады.
Демократиялық саяси жүйені қарастырған кезде оның негізгі нысаны азаматтық қоғам туралы сөз қозғаған жөн. Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептеру қандай - бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель.
Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылардың айтуынша- қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес.
Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К.Маркс қысқаша: Қоғам- адамдардың өзара еңбек жасауының одағы,- дейді.
Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығабға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік ерісіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші- клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлістік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды.
Адамдар өз тарихын өздері жасайды,- деп Маркс,- бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барлы, бұрыңғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады.
Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
-саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
-қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың қалыптасуы;
-адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;
-қоғамдық мүдде- мақсат, тілек арқылы қарым- қатынастарды- басқару;
-қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.
Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін сапалы түрде өзара бірігуі. Мұнда мәндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.
Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым- қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғаи. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс- әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.
Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді.
Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Азаматтық қоғам мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз- дербестікке дамыту.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда Азаматтық қоғам бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды.
Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-баптың 1- тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (ІІ бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27- бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5- бап) және тағы юасқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық- азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде- мақсаты.

1.2. Саяси жүйе түрлері және даму заңдылықтары

Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық- демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.
Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табнушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.
Саяси жүйенің екінші түрі - дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал - демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы. Бұл еллдерде де толық бостандық әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы, таптардың, топтардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы.
Саяси жүйенің үшінші түрі - ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс-конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.
Адам қоғамының тарихында ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік саяси жүйелері қалыптасқан, аз болса да өмір сүрген.
Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежұзілік бірлікке, одаққа бет бұруда. Бұл объективтік прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің төрт бағыты болады.
-институционалдық- мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды:
-реттеуші- құқық, саяси нормалар, әдет- ғұрып, мораль т.б.;
-функционалдық - саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;
-идеологиялық- саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.
Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси іс- әрекет, саяси сана және саяси мәдениет.
Қоғамның мүдде- мақсаты объективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде- мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш- саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Субъективтік күштердің дамуының негізгі шешуші себептері сол күштердің (мемлекет, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси ағымдар, партиялар т.б.) арасындағы үзілссіз дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның даму процесінде бұл қайшылықтар өмір тәжірибесінен өтіп, шыңдалып дұрыс саяси жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл субъективтік қайшылықта екі жақты субъектілер болады. Оларда қоғамның мүдде-мақсатын іске асыру страгегиясы бірдей, ал тактикасы әр түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың арасындағы үзіліссіз қайшылықтар субъективтік күштерге нәр беріп, саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға, дамытуға шешуші ықпал жасап отырады. Соның нәтижесінде қоғамда демократиялық бағытта әділетті саяси жүйе қалыптасқан, оның негізгі мазмұны мемлекеттің констритуциясына, құқықтық нормаларына кіріп, саяси жүйенің даму заңдылықтарына айналады, оның түрлері: таптық, топтық, ұлттық, әлеуметтік, саяси, нәсілдік, халықаралық, мемлекетаралық т.б. қайшылықтар. Ол қайшылықтарды бейбітшілік жолмен реттеп, бір келісімге келіп, саяси жүйенің, біліктің дұрыс дамуына мүмкіншілік жасалып отырады.
Сонымен жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз- қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.

1.3. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі

Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөоік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген, себебі.
а) оның аумақтық шекараларында азаматтық белгілі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады;
ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;
б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;
в) қарулы құрылымдары болады;
г) құқықшығармашылыққа қатысты монополяиға ие;
д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығында (мемлекеттік меншік, бюджет , валюта және т.б.) ие.
Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:
-мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде нормалар арқылы жүргізіледі;
-мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;
-мемлекет ішкі- сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:
1.Мемлекет Конституция арқылы барлық азаматарға өздерінің бірлестіктерін, ұйымдарын құруға толық мүмкіншілік береді; қоғамдағы демократияны дамытуға міндетті.
2. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің көлемін, шеңберін анықтайды.
3. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына толық мүмкіншілік беріп, оларды қорғап отырады.
Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде- мақсатын дұрыс, жақсы орындауын , демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан- жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.
Мемлекет қоғамдық және саяси жүйенің құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы ең маңызды бірлестік. Оның себептері:
1. Мемлекет қоғамдағы қайшылықтарды өршітпей, дамытпай дұрыс келісімге келтірудің арбитры, әділ қазысы. Ф.Энгельс бұл жөнінде өте қасқаша былай деген: Егерде мемлекет пен құқық өмірге келмегенде, адам қоғамы көне дәуірде ақыр замаңға тап болатын еді.
2. Мемлекет қоғамдағы сан қырлы қайшылықтарды, ретсіз жағдайларды халықпен, бірлестіктермен, ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен, бірлесіп, оларды бір келісімге келтіріп, сол келісімді бәрі бірігіп іске асырушы күш.
3. Мемлеект басында қоғамды басқарушы, қаңаушы үстемдік таптың құралы ретінде өмірге келді. Кейін қоғам дамыған сайын, мемлекет демократияны жақтап, қоғамдық мүдде- мақсатты басым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай, сым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай.
4. Мемлекет адамдардың, саяси-әлеуметтің күштердің үздіксіз күрестерінің нәтижесінде қоғамдағы үзіліссіз қайшылықтарды келісімге келтірудің әділ қазысы болып отыр.
5. Мемлекеттің қоғамдағы барлық мәселені шешудегі егемендігі, қоғамның дұрыс дамуы, адамдардың бостандығы мен құқықтары, әділеттік пен теңдіктің шын мәнінде қалыптасуы мемлекеттің құзыретіндегі мәселе. Өйткені қоғамдағы билік мемлекеттің қолында.
6. Қоғамның саяси- экономикалық, мәдени- әлеуметтік жағдай үзіліссіз диалектикалық даму прроцесінде болғандықтан, бұл процесті дұрыс, пайдалы басқару тек мемлекеттің қолынан келеді. Өйткені мемлекеттің құзырында барлық материалдық, саяси, әлеуметтік, әскери күштер бар. Мемлекеттік билікті іске асыратын құқықтық механизм бар.
Мемлекет өзінің билігін саяси партияларға, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге, еңбек ұжымдарына, жергілікті өзін- өзі басқару ұйымдарына, азаматтарға сүйене отырып іске асырады. Енді осы байланыстарға қысқаша тоқтап өтейік.
Мемлекет және саяси партиялар- бұл екеуі бірігіп қоғамды басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс-әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бақылауында болады.
Мемлекет және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер- қазіргі заманда халықтың мүдде - мақсатын орындайтын тек мемлекет пен саяси партиялар емес. Ол мүдде - мақсаттың басым көпшілігі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қолында. Сондықтан мемлекет оларға көмек көрсетіп, іс әрекеттерін, жұмыстарын бақылап отырады.
Мемлекет және еңбек ұжымдары- өндірісте, шаруашылықта мәселенің басым көпшілігі еңбек ұжымдарының құзыретінде: шаруашылықтың нәтижелі жұмыс жасауы, тәртіптің жақсы дәрежеде болуы, адамдардың бірлігі, достығы, мәдени, рухани білімі, денсаулығы т.б. Осы бағытта ұжымның атқаратын қызметінің маңызы, құндылығы еделеп айтпаса да белгілі. Бұл мәселені ұжым мемлекетпен бірігіп іске асырады.
Мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару мекеменлерінің қызметі жергілікті басқару мекемелері өзінің әкімшілік территориясында мемлекеттік билікті жүргізуге құзіреті болады және ол үшін жауапты. Бұл жұмысқа сол территориядағы азаматтар белсенді қатысып, барлық мәселені реттеп, басқаруға міндетті. Жергілікті мемлекеттік басқару органы оларға жан- жақты көмек көрсетуге міндетті. Осы екі орган тығыз байланыста қызмет жасауға тиіс. Сонда ғана нәтиже болады.
Мемлекет пен азаматтар мемлекеттің жұмысына тікелей қатысып немесе өздерінің өкілдері арқылы өз ой-пікірлерін білдіріп оытруға құқықтары бар және ақпарат, радио, теледидар да өздерінің тілектерін, талаптарын, сын- пікірлерін айтуға құзыреті бар. Мемлекеттік орындар көмек көрсетіп, толық бостандық беруге міндетті. Егерде бұл іс-әрекет екі жақты сапалы жүргізілсе қоғамға, халыққа тиетін жақсылығы көп болады деуге болады.
Мемлекет пен дін. Мемлекеттің дінмен қарым-қатынасына мәйкес үш түрлі мемлекеттер болады: зайырлы, теократиялық, клерикалдық:
-зайырлы мемлекеттің дінмен тікелей байланысы болмайды, олар бір- бірінің жұмысына тікелей қатынаса алмайды, жай байланыс жасауға болады. Оның бағыттары- демократияны, бостандықты, әділдікті, теңдікті дамыту, халықтывң мәдени, рухани білімін көтері, жастарды инабаттылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттарды бірлікке, достыққа тәрбиелеу т.б.
-теократиялық мемлекетті басқару шіркеу құзыретінде. 1921 жылға дейін Монғолия осындай мемлекетке жатты. Қазір- Ватикан осы жүйедегі мемлекет.
-Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет. Олар мемлекетпен бірікпейді, бірақ заң шығару процесіне қатысып, мемлекеттің саясатына ықпал жасайды. Бұл мемлекеттерге жататында: Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Швеция, Израиль, Италия және 20 шақты ислам мемлекеттері.
Саяси жүйе биліктің жасақталуын, қызмет атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің тетіктерін біріктіреді. Демо - кратиялық елдерде билікті қалыптастыру сайлау арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап отыру тетіктері болуы керек.
Қоғамның бақылауын қамтамасыз ету үшін, біріншіден, биліктің өзінің жариялы - лығы қажет. Екіншіден, қоғамдық пікірдің билік саясатына әсері болуы тиіс. Билік қоғамдағы пікірдің өзге - руіне, сондай-ақ жаңа талаптардың туындауына байланысты ұстанып отырған саясатына өзге - рістер енгізгені жөн. Үшіншіден, сөз бостан - дығы, тәуелсіз бұқара - лық ақпарат құралдары бо - луы шарт. Саяси жүйе осы бағытқа қарай жыл - жуы керек.

2.МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

2.1. Мемлекеттің пайда болуы мен қалыптасуы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.
Мемлекеттің қалыптасуы - әртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асты. Шығыста өндірістің азиялық тәсілің (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері - жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины - мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар - патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен және азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мыңжылдықтарды сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет пен құқық тарихы туынды - қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы,
- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы,
- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрлыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс -әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда үкіметтің күш- қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иеліктері: чиновниктер, ру, тайпалар басшылары, король императорлар болды. Король - императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында- абсолютті монарх болды, одан төменгі- екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік - чиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік те дамыды. Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты. Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру;
- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру - тайпаны басқаратын аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп, әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ - ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді ( Қытай, Иран т.б.)
Еуропалық елдерде - мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде - мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саияс бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халық санынан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орнады.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу;
Қоғамдыдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы.Бұл аппарат үстем таптың, топтың мүдде - мақсаттарын орындау үшін қалыптасты;
Салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты;
Мемлекеттің пайда болу, даму себептеріне келесілерді жатқызуға болады :
қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады.Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
қалың бұқараның, қаналушы таптың үстем тапқа топқа қарсы іс - әрекеттерін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
қоғамның қорғанысын күшейту үшін , заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды;
Мемлекеттің негізгі белгілері болып келсілер саналады:
Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы (әскер, полиция, сот, т.б.) Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекттің механизмі де күрделене түседі.
Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдыққарым - қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес, жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесіне әсер етті. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы үкімет билігіне (тәуелсіз - суверендік құқыққа) иелігі. Мемлекеттік үкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:
мемлекет қоғамдық көлемде бірден - бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативті актілерді қабылдай алады;
мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында орындалуын, іске асуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылып отырады;
мемлекеттің ішкі және сыртқы істеріндегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс - әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде - мақсатты орындауға жұмсайды. Қазіргі уақытта мемлекеттің пайда болуы туралы келесідегідей теориялар қалыптасқан.
Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.,
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде - мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірті - бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылыр орта, жаңа ғасырларда пайда болды (Фильмер, Михайловский т.б)
Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.д. IV - III ғ). Бірақ теория толық түрде ХІХ ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т.б.
ХІХ ғасырдағы ғылымның жтістіктеріне сүйене отырып, бұл теория - адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі - адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория - XVII- XVIII ғасырларда қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцский, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж. Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И. Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады ( бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды.Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап, мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету
Мемлекеттік билік түсінігі, құрылымы, түрлері, белгілері
Экономикалық жүйе
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау тәсілдері
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі жайында
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ
Әлеуметтік институт және процесс
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы. Қазақстан республикасындағы саяси процестер
Мемлекеттік басқару стилінің түсінігі
Пәндер