Мемлекет түсігіні және мәні
КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТ ТҮСІГІНІ ЖӘНЕ МӘНІ
1.1 Мемлекеттің пайда болу негіздері, түсінігі және белгілері
1.2 Мемлекеттің мәні мен қызметтері
1.3 Мемлекеттің функциялары, оның белгілері
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ НЫСАНДАРЫ
2.1 Мемлекеттің сыртқы функциялары:
2.3 Ұйымдастыру функцияларының түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Мемлекет – азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі тақырыбына жазылған. Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекет қоғамдық қатынастарға билік субъектісі немесе азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы-меншік иесі ретінде араласады, бұл жайларды нақты айра білу керек. Мысалы, заң актілерін шығара отырып, мемлект өзінің билік жүргізу функцияларын жүзеге асырады, ал мемлекет заем облигацияларын шығару арқылы – азаматтық айналымның басқалармен тең қатысушы ретінде көрінеді.
Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған, қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға қамтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Жұмыстың зерттеу объектісі мен пәні. Курстық жұмыс маңызды тақырыптардың бірі – Мемлекет –қатынастарының субъектісі ретіндегі рөлі. Зерттеу жұмысында мемлекеттің пайда болуы, түсінігі, мәні, белгілері, функциялары және оның белгілері, мемекетті басқаруға байланысы жайлы сөз болады.
Курстық жұмысының мақсаты. Мемекет саласындағы мемлекетті басқару тұрғысынан зерттеп, зерделеуді қажет ететін өзекті мәселе болғандықтан алға қойған мақсат мына келесідей көрініс табады:
- мемлекеттің пайда болуын және маңыздылығын зерттеу;
- мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретіндегі мәні мен маңызын және құқықтық жағдайын қарастыру;
- мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде рөлін анықтау.
Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылған:
- мемлекеттің мәні және пайда болу функцияларын жан-жақты ашу;
- мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде немесе атқаратын қызмет бағыттарына ғылыми талдау жасау;
- мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі. Меншік иесі ретінде араласады, заң актілерін шығара отырып, мемлекет өзінің билік жүргізу функцияларын жүзеге асыру, азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде әрекет ету.

1 Жоламан Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық – Алматы, 2004 – 306 б.
2 А. И. Косарев Происхождение и сущность государства. М., 1969. -145 с.
3 Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негізі: Оқу құралы – Алматы: «Жеті жарғы», 2003. -296 б.
4 Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекетінің құқық негіздері. Жалпы білім беретін мемлекеттің жоғарғы сынып оқушыларына арналған оқулық. Өңделген, 3-басылым - Алматы: «Атамұра», 2003. -192 б.
5 Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық негіздері. Оқулық. – Алматы, 2003. -296 б.
6 Ағдарбеков Т., Әлайдар А., Алайдаров А. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы, «Жеті жарғы», 2003. – 215 б.
7 Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы. «Жеті жарғы», 2006. -264 б.
8 Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Астана: «Фолиант», 2007. -336 б.
9 Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. – Алматы: «Заң әдебиеті», 2005. -106 б.
10 Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, 2006.-296 б.
11 Баққұлов С.Д. Құқық негіздері. Алматы, 2006. -376 б.
12 Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.- 336 б.
13 Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.- 411 б.
14 Қазақстан Республикасы Президенті өкімі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілікті қалыптастыру тұғырнамасы» 23 мамыр 1996 // Саясат, №9.
15 Дүсіпов Е.Ш., Қағазов О. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық (жалпы бөлім) 2006 жыл.- 158 б.
16 Азаматтық кодекстің (жалпы бөлім) күшіне ендіру туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы. 27 желтоқсан 1994 жыл.
17 «Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20 желтоқсан 1991 жыл.
18 Азаматтық кодекс (жалпы бөлім). 27 желтоқсан 1994 жыл.
19 Сулейменов М.К., Ю.Г. Басин Азаматтық құқық. Оқулық. Алматы, 2003. – 736 б.
20 А.Г.Диденко Гражданское право (общая часть). Учебное пособие. Алматы, 2003. – 385 с.

Сіздің сайтыныңызда таппай қалдым осыны салсаңыздар мен сияқты іздегендер
осы сайттан тапсын рахмет
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 МЕМЛЕКЕТ ТҮСІГІНІ ЖӘНЕ МӘНІ 5
1.1 Мемлекеттің пайда болу негіздері, түсінігі және белгілері 5
1.2 Мемлекеттің мәні мен қызметтері 12
1.3 Мемлекеттің функциялары, оның белгілері 20
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ НЫСАНДАРЫ 24
2.1 Мемлекеттің сыртқы функциялары: 29
2.3 Ұйымдастыру функцияларының түрлері 30
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
КІРІСПЕ
Мемлекет – азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі тақырыбына
жазылған. Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын
қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың
құқықтарын, бостандықтарын әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз
ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекет қоғамдық қатынастарға билік субъектісі
немесе азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы-меншік иесі ретінде
араласады, бұл жайларды нақты айра білу керек. Мысалы, заң актілерін шығара
отырып, мемлект өзінің билік жүргізу функцияларын жүзеге асырады, ал
мемлекет заем облигацияларын шығару арқылы – азаматтық айналымның
басқалармен тең қатысушы ретінде көрінеді.
Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп
отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын,
барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын,
халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған, қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға қамтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән
ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық
және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге
нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Жұмыстың зерттеу объектісі мен пәні. Курстық жұмыс маңызды
тақырыптардың бірі – Мемлекет –қатынастарының субъектісі ретіндегі рөлі.
Зерттеу жұмысында мемлекеттің пайда болуы, түсінігі, мәні, белгілері,
функциялары және оның белгілері, мемекетті басқаруға байланысы жайлы сөз
болады.
Курстық жұмысының мақсаты. Мемекет саласындағы мемлекетті басқару
тұрғысынан зерттеп, зерделеуді қажет ететін өзекті мәселе болғандықтан алға
қойған мақсат мына келесідей көрініс табады:
- мемлекеттің пайда болуын және маңыздылығын зерттеу;
- мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретіндегі
мәні мен маңызын және құқықтық жағдайын қарастыру;
- мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде
рөлін анықтау.
Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылған:
- мемлекеттің мәні және пайда болу функцияларын жан-жақты ашу;
- мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде
немесе атқаратын қызмет бағыттарына ғылыми талдау жасау;
- мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі. Меншік иесі
ретінде араласады, заң актілерін шығара отырып, мемлекет өзінің билік
жүргізу функцияларын жүзеге асыру, азаматтық құқықтық қатынастардың
қатысушылары ретінде әрекет ету.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр тарау жеке-
жеке тақырыптық бөліктерге бөлінген.
Бірінші тарау: мемлекеттің түсінігі, мемлекеттің пайда болу негіздері,
негізгі белгілері мен функциялары қарастырылады.
Екінші тарау: мемлекеттің нысандары, мемлекеттің белгілері, ұйымдастыру
функцияларының түрлерінен тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТ ТҮСІГІНІ ЖӘНЕ МӘНІ
1.1 Мемлекеттің пайда болу негіздері, түсінігі және белгілері
Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын

ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт .
Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылады, себебі
этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа
мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар
теориялары бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:
1. Діни теория – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының
құдайлық бастамасын негізге алады, барлық билік құдайдан деген
тұжырымдаманы бекітіп жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл
теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы
мемлекеттердің теократиялық нысандарын – абыздар билігін, шіркеудің рөлін,
діни және әкімшілік орталықтар арасындағы билк бөлінісін. Бұл теорияның
көрнекті өкілдерінің бірі - Фома Аквинский.
2. Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын отбасымен
байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы
әке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге
бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасыдағы
әкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысаны таниды. Бұл
теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен
иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Фильмердің еңбектерінен тапты.
3. Шартты теория – XVII-XVIII ғасырларда кеңінен таралған. Оны
жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.
Локк пен Т. Гоббс, Францияда Ж.-Ж. Руссо, Ресейде А. Радышев орын алды.
Билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген және оны халық
бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сәйкес, мемлекет шарт нәтижесі ретінде
пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олардың шарттық
негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
4. Күштеу теориясы – мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу
әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың
үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады.
Күштеу теориясы XIX ғасырда пайда болды, оның өкілдері – Л.Гумплович, К.
Каутский, Е. Дюринг.
5. Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының
көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қоғамдық қауымның
жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен белгілі әрекет түрлерінің
әділдігін түсінумен байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің
қатарынан Л. Петражицкий мен Г. Тардты атауға болады.
6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г. Спенсер,
Вормс, Х. Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері
арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа
теңестіріледі, яғни, мемлекет – биологиялық дамудың бір түрі ретінде
көрініс табатын әлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде
мемлекеттің өз миы мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары болады.
7. Ирригациялық теорияға сәйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы
нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық
құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі
неміс ғалымы К.А. Виттфогельдің еңбектерінен еркше көрініс тапқан.
8. Материалистік теория – мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік –
экономикалық факторлармен, яғни жеке-меншіктің пайда болуымен және қоғамның
таптарға бөлінуімен байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері – К. Маркс,
Ф.Энгельс, В.И. Ленин – мемлекет бір таптың екінші бір таптың үстінен
үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі
мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп саналады.

халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым. Мемлекет - қоғамның,
елдің, халықтың ресми өкілі. Қоғамның, елдің, халықтын мүддесін ол
қанағаттандыра алды ма, жоқ па, қоғам, ел, халық оған өкілеттік берді ме
жоқ па, оған қарамастан бұл мәселенің дұрыс жауабы алдын ала түйінделіп
қойған ұғым болып табылады. Қоғамда, елде, халықтың арасында жұмыс істеп
жатқан басқа бірде-бір ұйым (бірлестік, құрылым) қоғамның, елдің, халықтың
еркі мен мүддесін білдіруші екендігін, барлың деңгейде және барлық жағдайда
оларды білдіре, көрсете аламын деп мәлімдеуге батылдық білдіре алмайды.
Бұған үміткер болуға мемлекеттің ғана негізі бар. Мемлекеттің мұндай
сипаттары басым .
Мемлекеттік басқарудың құқықтық нысаны, реттеуді және ықпал етуді
пайдалануы, оның міндетті белгісі болып табылады. Олардың алдында тұрған
міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында
орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар
құқық шеңберінде әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да
құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса, онда құқық аясындағы мемлекеттің
қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады және әр алуан
болып келеді. Бұл айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқық шығармашылық
монополиясы, сондай-ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп, кепілдік
беретін функциялары бар. Мемлекет қоғамдағы негізгі қарым-қатынаста өзінің
қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді. Басқару
нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылу жолдары,
олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен
ерекшеліктері жатады.
Мемлекеттің басқару жолы монархия және республика деп екі
түрге
бөлінеді. Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл
билік мұрагерлікпен беріледі. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия,
Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.
Егер мемлекеттерде жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен
белгілі бір мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы
республика деп аталады. Қазіргі кезде республиканың екі түрі кездеседі:
президенттік - (АҚШ, Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан т.б.) және
парламенттік республикалар - (Италия).
Мемлекет нысанының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны
жатады. Бұл - мемлекеттің жергілікті әкімшілікке бөлінуі, сол бөлімдердің
бір-бірімен қатынасы және мемлекет пен бөлімдердің арасындағы байланыстары.
Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып
үшке бөлінеді. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитаралық мемлекет - оның
жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды.
Мемлекеттің нысанының соңғы элементі - саяси режим. Мемлекеттің саяси
режимін, оның қолданатын әдістерінен, азаматтарды құқықтары мен
бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды
қолдануынан білуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы
болған режимдер болып бөлінеді .
Енді мемлекеттің қызметтеріне келсек, ол күрделі екі топқа: ішкі және
сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекеттің ішкі қызметтеріне:
- экономикалық
- әлеуметтік
- қаржы реттеу
- мәдениет бағытындағы
- экологиялық
-құқықтық тәртіпті реттеу
Сыртқы қызметтеріне:
- шет мемлекеттермен, екі жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту;
- мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;
- мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;
- дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру;
- мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және т. б.
жатқызуға болады .

Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері
бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан
ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті анықтауда
өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың
күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.
Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған
саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың,
таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси
ұйым.
Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс, Африка,
Америка). Осы жолмен мемлекеттер де пайда болған.
Өздерінің дамуы барысында бұл мемлекеттер шығыс жолмен жүріп өтті. Сонда
бұл жолдың сипаты мына белгілерден көрінеді:
- рулық (алғашқы) қауымға тән ерекше белгілер (атрибуттар): жерді қауым
болып иелену мен оларға ұжымдық меншік ру-тайпа ақсүйектерінің қолына
шоғырланған. Бұл шоғырлану ру тайпалық құрылыстың ыдырауы барысында да
сақталған. Ал енді бұлардағы басқа рудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік
органдарға айналған, ал ру-тайпа ақсүйектері шенеуніктер аппаратына
өзгерген, сонда жер қоғамдық болудан өзгеріп, мемлекеттікке көшкен.
Мемлекет дамуының батыстық (еуропалық) жолы. Мемлекеттер дамуында бұл
жолды Рим, Афина елдері жүріп өткен. Бұл жолға тән сипаттарға келер болсақ,
олар алғашқы қауымдық құрылыстың (ру-тайпалардың) ыдырауының белсенді түрде
болғанын, сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын атау керек.
Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпал тигізген плебстер мен
патрицийлердің күресі болды. Сонын нәтижесінде плебстер демократиялық
женілдіктер алған.
Мемлекеттердің пайда болуының әр қилы жолдарының болуына
қарамастан,олардың бәріне өз ықпалын тигізген қозғаушы күш – ру-тайпалық
құрылыстың (қауымның) ыдырауымен ұйымдасқан түрдегі мемлекеттік биліктің
қажеттілігінен туындаған болатын. Мемлекеттің дамуы барысында халықтың
аумақтық орналасу принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтың институттарымен
(тұтас алғанда) жанама түрде байланыс орнатты, ол оны нақтылай түсуге,
тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған болатын.
Осыған байланысты адамның қандай да бір мемлекетке жататындығын
білдіретін азаматтық институт пайда болды. Мемлекет азаматы еместер
шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың
мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
тұлғалардың арқасында мемлекет халықты өзіміздікі және өзіміздікі емес
деп айшықтап атап көрсетеді (дифференциялайды). Сыртқы (мемлекеттер
арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшілік аумақтық бөліністер
арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен
мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің
құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік жүргізу институты
анықталады.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және
институттарымен, егемендік сияқты белгімен ерекшеленеді. Бұл сипат
мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамдық құрылымдар мен институттардан жоғары
қояды.
Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік.
Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады.
Өз аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар
мен тұлғалар мемлекеттің басымдық рөлін мойындайды. Олар мемлекеттік
биліктің бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сақтауға әрі
бұзбауға міндеттенеді. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде-бір ұйым, бірлестік
немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды.
Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік
дегеніміздің мәнісі - мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің
стратегиялық бағыты мен тактикалың жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді
араластырмай, ішкі және сыртңы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне
жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде қызмет
іетейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекет
билігінің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға
міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа
мемлекеттермен, халыңаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды
дегенді білдіреді.
Мемлекетте ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы және оларды
органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге асыруға
бейімделуі (бұл мәселелер төменде егжей-тегжейлі қарастырылатын болады)
мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.
Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен басқа,
мемлекеттің элементтері туралы да айту керек, ол отандық оқу және
монографиялық әдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету және
даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі
керек. Халықсыз және аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды да: соңғысын
табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық құрамдас бөлігіне жатқызу
қажет.
Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі
тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет. Мемлекеттің
белгілеріне мыналар жатады:
1. Мемлекеттік билік - ерекше көпшілік билігі, яғни халық билігі.
2. Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді, азаматтар шекарасы
белгіленген әкімшілік-территорияның аумағында тұрады.
3. Ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде тәуелсіз.
4. Билік жүргізетін органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана
басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттің аумағында
тұратындардың бұлжытпай орындауы.
6.Мемлекеттің басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік
мәселелерді шешу үшін салық жинауы.
Мемлекеттің негізгі белгілерін мемлекеттің рулық басқару нысанынан басты
айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының
болатындығында жатыр. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан ерекшеленген, басқару ісі
негізгі қызметіне, кәсібіне, яғни мамандығына айналған, қатары біртіндеп
көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы - адамдардың мұндай ерекше тобын
алғашқы рулық басқару нысаны білген емес. Ол тек қана басқарудың
мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе, мемлекеттің үлкен механизмін іске қосады.
Нәтижесінде мемлекет халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан
басқарушылар мен басқаруға байланысты мамандарға бөлінеді. Сөйте тұра
екіншілерінің біріншісіне қатысы тек қана басқару функцияларында емес,
сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге
асыруына құқысы бар.
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан
салық жинауға мәжбүр болуы. Бұл салық - мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік
етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының
жетіспеуінен немесе болмауынан оның өмір сүруі қиындайды. Салықты
мемлекеттің барлың азаматтары, оларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салың төлеуден босатылады.
Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан
зор армиясын ұстауға, мемлекеттің өзі жүргізетін ішкі және сыртқы саяси
шараларын қаржыландыруға, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет
салаларын қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдың
қауіпсіздікті, құқық тәртібін, қылмыс және құқық бұзушылықпен күресті
қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық
принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы - рулық басқару ұйымының
негізінен мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым-
қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде
басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі
құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде,
оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең
алдымен олар-дың қай аумаққа жататындығын, тұрғылықты жерін ескереді.
Сонымен, мемлекет - саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы
мүмкін. Бірақ мемлекет - ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның
атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның атынан
қоғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқарады.
Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанамалай әсер ететін
ерекше органдары және басңа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар.
Оларға жататындар мыналар:
1) Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі — ол
басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет
өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге
асырады. Былайша айтңанда, басқа мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі
және сыртқы саясатын өзі жүргізеді.
2) Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы органдары
болады. Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын
шенеуніктер қызметкерлер болады. Қоғамдағы заңды орнықтырылған тәртіпті
қамтамасыз ету үшін мемлекет әскер, полиция құрады. Сыртқы жаулардың
жансыздарынан сақтану үшін қарсы барлау органын ұйымдастырады.
3)Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаржыландыратын
оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет алым-
салық белгілейді және оны жинайды.
4) Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет
құрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын
мемлекет барльщ күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды.
Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе осы
жер, аумақ мәселесіне байланысты. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді
жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік-аумақтық
бөліктерге бөлініп тұрғандықтан, олардың құқықтың жағдайы соған байланысты
болады.
5) Мемлекеттің күрделі белгілерінің бірі - құқықтық жүйенің қалыптасуы.
Қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату
үшін құқықтық нормалар жасалынады. Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің
тиісті өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалардың жиынтығы
мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды [5, 27].
Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілерінің жиынтығынан
тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекеттің коғамдағы саяси партиялар,
қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін өзіндік
бірнеше белгілері бар. Ондай белгілерге мемлекеттің аумағының болуы,
мемлекеттің халқының болуы, мемлекеттік (бұқаралық) билік, мемлекеттің"
егемендігі (тәуелсіздік), құқық пен зандардың барлығы, салық пен салықтық
жүйенің болуы жатады.
1) Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Аталған
аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халкы шоғырландырылады және осы
аумақтың келемінде мемлекетгің билігі таралып іске асырылады. Тек елшілік
аясында немесе басқа да халықаралық келісім арқылы көрсетілген шеңберде
болмаса, бір мемлекеттің аумағында екінші мемлекеттің билігі жүрмейді.
2) Мемлекеттің екінші бір белгісі ол мемлекеттік бұқаралық биліктің
болуы. Биліктің бұқаралық болатын себебі ол, сол мемлекетгің халкы атынан
оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады.
Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету
аппараттары жатады. Тек мемлекет қана сот, прокуратура, ішкі істер
бөлімдері, әскер, абақты сияқты органдар мен мекемелердің көмегімен
мемлекеттік билікті іске асырады.
3) Халықаралық құқық теориясына сәйкес мемлекеттің ең негізгі
белгілерінің бірі сол мемлекеттің аумағында тұратын халқының болуы.
Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың арасындағы қоғамдық
қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық
нормативтік актілерді кабылдайды. Қабылданған құқықтық нормативтік актілер
халықтын барлық топтарына ортақ және мівдетті түрде орындалуға, сақталуға
және іске асырылуға тиіс.
4) Мемлекеттің келесі бір белгісі ол мемлекеттің егемендігі. Егемендік
мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі.
Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады: біріншіден,
мемлекетгің бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір мемлекеттік билік
болып табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет органдарының
бірыңғай жүйесін құрайтын мемлекеттік биліктің тұтастығы; үшіншіден,
мемлекеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар биліктің
тәуелсіздігі.
5) Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы,
құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Кез келген мемлекет өзінің
саясатын, билігін белгілі бір құқықтық нормативті актілерді қабылдау
арқылы іске асырады. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап бекітеді
және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін заңдастыруға көмектеседі,
қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
6) Мемлекеттің негізгі белгілерінің тағы бірі сол мемлекетте салық пен
салық жүйесінің болуы. Салықтар, алымдар, төлем-ақылар - мемлекеттік
аппаратты, қызметкерлерді ұстауға, қоғамның баска қажеттіліктерін
қанағаттандыруға жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын,
халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып оны мемлекеттік
аппаратты ұстауға, қоғам қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды.
1.2 Мемлекеттің мәні мен қызметтері
Құқықтық мемлекет ғылымға мемлекет терминін алғаш рет италияндық ойшыл
Николло Макиавелли (1469—1527) енгізген. Оған дейін мемлекет деген ұғымның
орнына республика, корольдық, қалалық қауым, княздық, жер,
патшалық, ел, басқару, өктемдік, үстемдік, ат төбеліндей билік
деген сияқты әр түрлі атаулар қолданылып кешен.
Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің,
нысандарының, механизмінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай
болады. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету
мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі
және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып
көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптык, (маркстік-лениндік) және
жалпы әлеуметтік.
Маркстік-лениндік ағым мемлекеттің мәні жиынтығы қоғамның экономикалық
негізін құрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады дейді.
Өндірістік қатынастардың сипаты осы қатынастарға тікелей араласатын
таптардың алатын орны мен атқаратын рөлдерінен байқалады. Сөйтіп, марксизм-
ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнін аша отырып, таптық
қоғамда оның үстем етуші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен
марксизм мемлекет қоғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезенде
пайда болады деп түсіндіреді. Адамзат қоғамындағы алғашқы таптық мемлекет
ол құл иеленушілердің үстемдігіне негізделген құл иеленуші мемлекет болды.
Бұл мемлекетгің мәні қоғамның алғаш рет таптарға — құл иеленушілер мен
құлдарға бөлінгенін көрсетті. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет дегеніміз бір
таптың екінші тапқа өзінің үстемдігін жүргізудің құралы.
Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар мемлекет адамзат қоғамына
ортақ, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халықтың барлық топтарының
мүддесін, ешкімге артықшылық, кемшілік жасамай бірдей қорғау керек деген
пікір айтады.
Солардың барлығын ескере келе, бүгінгі мемлекет дегеніміз — егемендікке
ие, құқықтың негізінде, арнайы аппараттың көмегімен елді басқаруды іске
асыратын, зандандырылған мәжбүрлеу мен күштеу қолдану құқығы бар, коғамдағы
саяси биліктің ұшастырылуының ерекше түрпішіні деп айтуға болады.
Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және
оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін
қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір
мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің
формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет
ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.
Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік
көзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік
көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.
Мемлекет мәнін анықтайтын теориялар:
- элита теориясы;
- технократиялық теория;
- плюралистік демократия теориясы.
Мемлекеттің мәні — мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты
өзегі, яғни басты жемісі.
Мемлекеттің мәні онын, мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын
анықтайды. Басқаша айтқанда мемлекеттегі билік пен оның құрамында
болатындардың бәрі.
Кез келген мемлекетте қарама-қарсы болып келетін екі мән – таптық және
жалпы әлеуметтік мән болады.
Мемлекеттің таптық мәні. Мемлекет бұқара (көпшіліктің) билігі ретінде
өзін-өзі басқарудың бұрынғы органдары қауымдық құрылысты басқару
қызметтерін атқаруды тоқтатқаннан бастап пайда болады. Қоғам әлеуметтік
жіктелуге аяқ басады, бұрынырақта қоғамның (қауымның) барлық мүшелеріне
тиісті болған билік саяси сипатқа ие болады, сөйтіп ол ең алдымен қуатты
әлеуметтік топтардың, таптардың мүддесіне бейімділік танытады. Сонымен
мемлекеттің таптың мәні қашанда болсын билікте қоғамның қуатты тобының
мүддесін жақтау арқылы білінеді [8, 40].
Дегенмен мемлекет тек ауқатты таптың ғана қамын ойлаумен айналыспайды,
қайта ол бүкіл қоғамның қамын да ойластыруға мәжбүр болады. Өйткені, қоғам
бірегей құрылым болғандықтан, соған сәйкес дәулетті топтар ондағы кедей
(жарлы), қаналушы топтарсыз өмір сүре алмайды. Сөйтіп кез келген мемлекет
қашанда болсын жалпы әлеуметтік қызметтерді де жүзеге асыруға мәжбүр
болады, сондықтан да бүкіл қоғам мүдделерін де ескеріп қызмет атқаруы тиіс.
Осы айтқанымыз мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәні болып табылады.
Қай мемлекет болса да қандай да бір әлеуметтік топтың, таптың үстемдік
құруының машинасы, құралы ғана емес, сонымен бірге ол бүкіл қоғамның
мүддесін де білдіреді, оның біріктіру құралы және оны интеграциялайтын
тетік болып табылады.
Мемлекетте әрқашанда бір жақты таптық немесе топтың үстемдік құрушы
басшы тобы мүдделері мен бүкіл қоғамның мүдделері ұштастырылады,
үйлестіріледі.
Әртүрлі тарихи жағдайларда осы екі мәністік, мәндік жақтардың
арақатыстылығы барлық мемлекеттерде бірдей емес, яғни әр алуан болып
келеді, бір жағының күшеюі басқа жағының нашарлауына апарып соғады.
Мемлекеттің таптың мәні жоғары дөрежеде құл иеленуші мемлекетте
байқалады, онда құл құқықтың субъектісі емес, құқықтың объектісі - мүлік,
яғни жанды мүлік есебінде құл иеленушінің меншігі болып табылады.
Қоғамның дамуы барысында құл иеленушіліктен феодализмге, феодализмнен
капитализмге қарай өту кезеңдерінде және сол формацияларда мемлекеттің
жалпы әлеуметтік жақтары үлкен рөл атңара бастады. Әсіресе мемлекеттің
жалпы әлеуметтік мәні осы күнгі батыс мемлекеттері қоғамында айқын
көрінеді. Бұл терді кәсіпкерлердің табыстарына салынатын салықтың жоғары
мөлшерде болуынан, еңбек ету орын мемлекет тарапынан реттеуінен алуан тұр.
Әлеуметтік бағдарламалардың кең түрде дамуын басқалардан байқауға болады.
Мемлекеттің әлеуметтік рөлінің жоғарылай түсуі әжептәуір дәрежеде
әлеуметтік қайшылықтардың әлсіреуіне әкеледі, таптық қарсыластардың
әрекеттерін басу шараларының қажеттілігі де азаяды, қоғамдағы тұрақтылықта
нығая түседі.
Осы заманғы дамыған мемлекеттер өзінің жалпы әлеуметтік мәнін ұлғайтуға
деген ұмтылысын күшейтуде, өйткені олар ең алдымен қоғамдағы тұрақтылықты
нығайтуға мүдделі болып отыр.
Сонымен қорытып айтқанда, қай мемлекетте де болсын қарама-қарсы екі мән
болады - таптық және жалпы әлеуметтік проблемаларды туындататын да осы
екеуінің арасындағы қайшылықтар. Оларды шешу мемлекеттің бірден бір
міндеті болып табылады.
Мәнділік категориясы, оған сапалы айқындылық беріп, аралас және туыстық
құбылыстардан бөліп алатын, зерттеп құбылыстың басты және негізге алынатын
белгілеріне баса көңіл аударылатындығымен маңызды. Біздегі пікір алуандығы
принципінің орнығуына байланысты мемлекеттің мәнін бұған дейінгі монистік
баяндаудан бас тарту көзделді, бұл бір жақты, демек - ол туралы өзгерген
және жалған түсінікке алып келді. Қазір мемлекеттің мәнін айқындауға жаңа
талпыныстар жасалуда.
Таптық түсіндіру мемлекеттің мәнін қоғамдағы үстемдік етуші таптың
артықшылық жағдайын қамтамасыз етуге, оның мүдделерін бірінші кезекте
жүзеге асыруға жағдай жасауға, оларды әр түрлі озбырлықтан қорғауға келіп
саятындығы белгілі. Осыдан келіп мемлекеттің қаналған тапқа деген
позициясы шығады: оларды басып-жаншудан, пайдаланудан, олардың мүдделері
мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшіи мемлекеттік механизмді пайдалану
мүмкіндіктерінен айырудан тұрады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл талдау
бойынша, мемлекет өзінің мәні бойынша тап жауларына қарсы күресте
пайдаланатын үстемдік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде көрінеді.
Ал В.И. Лениннің сөзі бойынша, құл иеленуші, феодалдық және капиталистік
мемлекеттердің мәні тиесілі құл иеленушілер, феодалдар мен капиталистер
тобының диктатурасы ретінде сипатталуы мүмкін.
Мемлекетті таптық тұрғыдан түсіндірудің белгілі негізі бар және көбінесе
қоғамдық даму тәжірибесімен расталады. Адамзат тарихының бірнеше
кезеңдері бойында таптар мемлекет билігі жолындағы күреске белсене қатысқан
қоғамның маңызды құрылымдық бөлімшесі болып келді. Бір тап екішісін
құлатып, өз үстемдігін орнатты, сосын жағдайға байланысты өздері қоғамдық
сахнадан кетіп өз орындарын басқа тапқа берді.
Теория жүзінде зерттеліп, байытылған, практикалық қажеттілік пен
мақсаттылық тұрғысынан пайымдалған бұл факт мемлекет туралы таптық ілімнің
негізі болды, осы ілімге сәйкес мемлекет бір таптың екінші тапқа үстемдігін
сақтау үшін, бір тапты екінші тап қанау үшін үстемдігін қолдайтын машина
болып табылады Әйтсе де, қоғамның көптеген антогонистік қарама-қайшылық
белгілері таптың үстемдік теориясында мемлекеттің мәні ретінде сенімді
бейнесін тапқанына қарамастан, - осы теория мен нақты шындықтың арасында
жарықшақтың пайда болғандығын айтпасқа болмайды. Бұл жарықшақ уақыт өткен
сайын шындықты бұрмалай берді, ал іс жүзінде бұрмалаулар мен асыра
сілтеулеріне алып келді. Уақыт өте келе өзгерген нақты жағдай мемлекет
теориясындағы таптық үстемдіктің құралы болудан қалады.
Бірінші кезекте бұл мемлекет шешуге тиіс міндеттердің мазмұны мен
сипатына қатысты. Таптық үстемдік теориясына қарамастан мемлекет үстемдік
етуші таптың мүдделерін жүзеге асыруымен, оның қарсыластарын басып-
жаншумен, қанаумен және байланысумен оларды үстемдік етуші таптың
қажеттіліктері мен талаптарына сәйкес әрекет етуге мәжбүрлеумен ғана
шектеліп кек алмайды (әсіресе қазіргі кезеңде). Мемлекетті таптық тұрғыдан
түсіндіру кезінде оның таптық міндеттер толығымен немесе толыққа жуық,
ығыстырған жалпы әлеуметтік міндеттері еркімен немес еркінен тыс
ескрілмейді немесе, тіпті тәуір болғанда, минимумға келтіріледі.
Мемлекетке объективті ықпал ету ылғи да үстемдік етуші таптың мүдделерін
ғана білдірудің шегінен шығатын міндеттерді шешуге мәжбүр болды деген
шешімге алып келеді. Бұл әңгіме ең алдымен бүкіл қоғамның тіршілігін
қамтамасыз қалыпты жағдай туғызуға бағытталған міндеттер туралы болып
отыр. Сөйтіп мемлекет пайда болған және дамыған алғашқы кезеңдерде ол
үстемдік етуші таптың қажетін қанағаттандырудан басқа, сондай-ақ қоғамның
тіршілік етуін, табиғаттың дүлей күшіне соның-салдарынан әлеуметтік
катаклизмаларға, күтпеген сұрапыл аппараттарға және қиындықтарға қарсы
тұра алуын қамтамасыз етуге пайдаланылды. Жаңағы атап айтқандардан
басқа мемлекеттің жалпы әлеуметтік міндеттері деп мына төмендегілерді тану
керек:
1)қоғамда тәртіп орнату, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
азаматтардың өміріне, денсаулығына, абыройына, құқығы мен бостандығына
қылмыстық қол сұғу мүмкіндігін жою немесе оны минимумға жеткізу;
2) өндірісті, айналымды, айырбасты өркендету үшін қажетті жағдайлар
туғызу;
3)қоғамның экологиялық кауіпсіздігін қамтамасыз ету, экологиялық апаттың
алдын алу жөніндегі шараларды дайындау және қабылдау;
4) елді сыртқы шабуылдан қорғау.
Басқаша айтқанда, мемлекет, тәжірибе көрсеткеніндей, бүкіл қоғамға
үстемдік етуші таптың еркін мәжбүрлеп танумен ғана емес, сондай-ақ барлық
таптар мен қоғамның әлеуметтік топтарын әлеуметтік топтарын объективті
қажет жағдайлармен мүмкіндігінше қамтамасыз етумен де айналысады.
Қазіргі кезеңде көптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттер таптық, топтық және
жеке мүдделерді біріңғай қорытындыға келтіруге, әлеуметтік жанжалдар мен
қарама-қайшылықтарды шешуге, қоғамдық келісім мен консенсусқа талпынып,
соған қол жеткізуге күш салуда.
Мемлекет пікір алуандығы идеясын, билікті бөлісуді, азаматтар құқығының
баяндылығын жиі жүзеге асыруда және басқа демократиялық институттарды
басшылыққа алуда, соның арқасында қай таптың болса да диктатурасынан
құтылуда. Мұның бәрі - мемлекеттегі жалпы әлеуметтік (тіпті жалпы
адамзаттық десе де болады) принциптер. Олар тек таптық принциптермен бірге
әрекет етеді. Соңғысының шектеулілігі, жетіспеушілігі және зияндылығын
алғашқысымен толтырылуы мүмкін.Таза таптық принциптің жалны әлеуметтік
принциптермен, олардың синтезінде жөне үйлесуімсн толығуы — прогресс пен
мемлекеттің үдемелі дамуының кепілі. Мемлекеттің тек қана таптық негізде
жұмыс істеуінің келешегі жоқ, ол ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір тығырыққа
тірейді.
Мемлекетті таптық тұрғыдан түсіндірудің басты кемшіліктерінің бірі,
мемлекеттік іс-әрекеттің мәжбүрлсуге, басып-жаншуға, күш қолдануға
негізделітн жақтарын алдыңғы қатарға шығаруды жорамалдауыңда болып отыр.
Егер мелекет тек қана -үстемдік етуші таптың мүдделлерін жүзеге асырумен
айналысып, басқа таптар мен халықтың топтарының мүдделерін есепке алмаса
немесе ескермесе, онша өзінен өзі манандай сұрақ туады: мұнымен халықтың
қалың тобы келісе ме? Жоқ, келіспейді, келіскен күнде бәрі емес Бірақ
олардың қарсы әрекеттері мәжбүрлеу жолымен жеңіліске ұшырауда.
Мемлекет жалпы алғанда қоғамның қалыпты тіршілік етіп, қызмет істеуіне,
халыққа және, әсіресе, әлеуметтік қысым көрген және оның қысымға ұшыраған
категорияларына байланысты жалпы міндеттерді шешіп жатқан кезде мемлекеттің
ролі жағымды бағалануы керек. Егер мемлекет үстемдік етуші таптың,
әлеуметтік топтың, билеуші таңдаулы топтың жетегінде кетіп, солардың ғана
мүддесін жүзеге асырумен айналысып, басқа барлық, әлеуметтік мүдделер мен
қажеттіліктерді ескермесе, онда оның рөлі жағымды бола қоюы екіталай.
Осылайша, мемлекеттің мәні туралы мәселеге қоғамның түрлі әлеуметтік
және саяси күштері тарапынан мемлекеттік қызметтің бағыттылығына түрлі
тәсілдер әсер етеді әрі оның шешілуі қандай күштің басым ықпал етуіне
байланысты. Сондықтан, мемлекеттің мәні болып бір жағдайларда таптық
үстемдік пен билеуші топтың әсерін тану есептелсе, екінші жағдайда — таптық
және жалпы қоғамдық принциптердің үйлесуі есептеледі. Өз кезегінде,
аталған екінші вариант әр алуан, өйткені мемлекет үстемдік етуші таптың,
әлеуметтік топтың немесе артықшылығы бар топтың мүдделеріне артықшылықтар
бере отырып жүзеге асырумен қатар, халықтың басқа категорияларының
мүдделеріне де бірқалыпты, аз немесе көбірек көңіл бөле алады.
Мемлекеттің аталған міндеттерді орындауы олардың - қызмет бағыттарынан
көрінеді.
Мемлекеттің қызметтері дегеніміз — қоғамды басқарудағы мемлекеттің
өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен
мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер
арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің
қызметтері қатып қалған және ешбір өзгермейтін қатаң қағида емес, қайта
олар өзгермелі, езгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді.
Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет
атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл
туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен,
іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет
бірнеше категорияға бөлінеді:
1) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: заң шығару, заңды
орындау, заңды қорғау органдары.
2) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар,
мамандар, техникалық персонал.
3) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік
- билік өкілеттігі бар қызметкер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді:
категория А Президент, Премьер-министр, Палаталардың басшылары,
Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория Б
бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері,
орынбасарлары; категория В екінші топтағы лауазымды тұлғалардың
орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке
тартылады. Егер де қызметінде мекемеге шығын келтірсе оны төлейді, қылмыс
жасаса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі
мүдде-мақсаты: -адамның әлеуметтік, моралдық, материалдық, рухани, мөдени,
экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың
мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, карым-
қатынастарды дұрыс реттеп басқарады.
Нақты тарихи жағдайларга байланысты қайсыбір қызметтері басты шарт
ретінде алға шығып отырады. Мысалы: ежелгі кезеңдердегі шығыс Азия
мемлекеттерінде ирригация, яғни суландыру жүйесі құрылыстарын салу -
қоғамдық жұмыстар ретінде мемлекеттің басты қызметтері болып саналған. Ал
көшпелі елдерде мемлекеттерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz