Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
1.1. Музыка пәнінің оқушы тәрбиесінде алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Музыка сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы
оқушылардың музыкаға қызығушылығын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІ. Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігі
2.1. Дидактикалық ойынның музыка сабақтарындағы
тәрбиелік маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Дидактикалық ойындарды музыка сабағында қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Қазіргі қоғамды дамытудың ғаламдық факторы білім мен ғылым болып табылады. Ал, сол ғылым мен білімнің ішіндегі музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады. Еліміз егемендік алып, өз шаңырағымызды тіктеген тұста ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді, білімімізді жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу міндеті қойылды. Әсіресе мектеп оқушыларының өз елінің, халқының соның ішінде өзі мекен ететін аймақтың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастырудағы музыка өнерінің маңызын айқын көруге болады.
Мектептерде музыка сабағын оқыту жүйесіне көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Музыка саласындағы дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойылып, жаңартылған музыка бағдарламалары жасалуда.
Музыка теориясын жасаған Шығыстың ұлы ойшылы оның басты нысаны — өнердің өкілі болып саналатын музыканың мән-маңызын зерттеу деп есептеген. Ал музыканың тарихи заңдылықтарын зерттеген Әбу Насыр әл Фараби: «Оның дүниеге келуіне табиғи және сезімталдық қасиеттер әсер етті», — деп жазады. Ол бұл қасиеттерге адамның музыканы жазу мен жасауға қабілеттігін, ауыр еңбек бүтіндей тартып әкеліп, шаршаудан серпіліп, демалуға ұмтылуды жатқызады.

1Абдикалиева А., Ұрпақ тәрбиесіндегі ойынның рөлі / А. Абдикалиева//Тәрбие сағаты.- 2014.-№1.-Б.22.
2.Аблуллаева А, Ойын арқылы оқушылардың тілін дамыту / А. Аблуллаева//Шетел тілін оқыту әдістемесі.- 2014.-№1.-Б.33-36.
3.Аубакирова Т, Музыка сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді жолдары / Т. Аубакирова//Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.- 2007.-№11.-б.30-34.
4.Әбдікәрімұлы Ә. «Музыка теориясының негіздері». Алматы, 1993. – Б. 4 -150
5.Әшірбай Г. Бала психологиясына ұлттық музыканың әсері / Г. Әшірбай//Ұлағат.- 2008.-№6.-б.81-85.
6.Базаралин А. Оқушыларға эстетикалық және музыкалық тәрбие берудегі
фольклорлық аспаптарды маңызы / А. Базаралин//Қосымша білім және тәрбие.- 2011.-№4.-Б.49- 52.
7.Баймұхамбетова А, Музыка сабағындағы ойын элементтерінің тиімділігі / А. Баймұхамбетова//Қазақстан орта мектебі.- 2012.-№12.-Б.16-17.
8.Байтуғанова А, Бала өміріндегі ойынның маңызы / А. Байтуғанова//Тәрбие құралы.- 2012.-№1.-Б.50-51.
9.Бекболатова Ә, Ойынның бала өміріндегі маңызы / Ә. Бекболатова//Қызықты психология.- 2013.-№11.-Б.16.
10.Бекмурзаева К, Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту / К. Бекмурзаева//Бала мен балабақша.- 2014.-№4.-Б.4-5.
11.Бөріқұлова Б, Ойын - баланың өмір танымының алғашқы қадамы / Б. Бөріқұлова//Бастауыш сынып.- 2013.-№6.-Б.5-6.
12.Джумалабаева Д, Ойын-тәрбие құралы / Д. Джумалабаева//Бастауыш мектепте оқыту.- 2011.-№2.-Б.3-4.
13.Кенжебаева А, Ойын элементтерін пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру / А. Кенжебаева//Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.- 2011.-№8.-Б.9-13.
14.Мұстафақызы Б, Ойын технологиясы-білім сапасын арттыруда / Б. Мұстафақызы//Ұлағат.- 2014.-№2.-Б.39-44.
15.Ойын технологиясын пайдаланудың маңызы зор / Г. Тілеулиева//Мұғалім және қоғам.- 2012.-№2.-Б.35-38.
16.Райымбергенов А., Райымбергенова С., Байбосынова Ұ. «Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің музыка пәніне арналған «Мұрагер» бағдарламасы. Алматы., 2003. – Б.3-5

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
1.1. Музыка пәнінің оқушы тәрбиесінде алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Музыка сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы
оқушылардың музыкаға қызығушылығын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІ. Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігі
2.1. Дидактикалық ойынның музыка сабақтарындағы
тәрбиелік маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2. Дидактикалық ойындарды музыка сабағында қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..34
Кіріспе
Қазіргі қоғамды дамытудың ғаламдық факторы білім мен ғылым болып табылады. Ал, сол ғылым мен білімнің ішіндегі музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады. Еліміз егемендік алып, өз шаңырағымызды тіктеген тұста ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді, білімімізді жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу міндеті қойылды. Әсіресе мектеп оқушыларының өз елінің, халқының соның ішінде өзі мекен ететін аймақтың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастырудағы музыка өнерінің маңызын айқын көруге болады.
Мектептерде музыка сабағын оқыту жүйесіне көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Музыка саласындағы дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойылып, жаңартылған музыка бағдарламалары жасалуда.
Музыка теориясын жасаған Шығыстың ұлы ойшылы оның басты нысаны -- өнердің өкілі болып саналатын музыканың мән-маңызын зерттеу деп есептеген. Ал музыканың тарихи заңдылықтарын зерттеген Әбу Насыр әл Фараби: Оның дүниеге келуіне табиғи және сезімталдық қасиеттер әсер етті, -- деп жазады. Ол бұл қасиеттерге адамның музыканы жазу мен жасауға қабілеттігін, ауыр еңбек бүтіндей тартып әкеліп, шаршаудан серпіліп, демалуға ұмтылуды жатқызады. Осылайша Әбу Насыр әл-Фараби халық шығармашылығының бастауы болып саналатын - музыкамен поэзияның қызметін былайша айқындайды: біріншіден, тынығу - адамдар ән тыңдау арқылы демалумен қатар рахатқа бөленеді; екіншіден, әсерлі сезімді шығармашылық -- өз тәнінің жағдайына әсер еткісі келеді: оның бойындағы белгілі бір жағдайдан, үрей - қорқыныштан жұбату, одан серпілту немесе бірдеңені ұмыту; үшіншіден, белсенді шығармашылық -- ән шырқау арқылы өзінің айтқан ауызекі сөздеріне белгілі бір мән-мағына беріп, тыңдаушыны әсерге бөлеп, оның көз алдына терең түсіністік жағдайын елестету.
Демек, Шығыстың ұлы ойшылы музыкалық мәдениеттің проблемаларын зерттей отырып, тұлғаның рухани жаңаруын, яғни оның педагогикалық мүмкіндіктерін бөлшектеп оқып - білу музыканың негізі боларлықтай міндеті деп есептейді. Музыканың дүниеге келуін қарастырған ол вокальдық және аспаптық музыканы бөле-жара қарап, ән-жыр өнеріне басты маңыз береді.
Оқушыладың эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтуде, ой-өрісін дамытуда заман талабына сай құрылған музыка сабағының маңызы зор. Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық сазды әуендерге бай музыкалық мұраларымызды молынан пайдаланудың жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеу, оны оқушылардың санасына сіңіру қазіргі таңдағы мұғалімдердің төл міндеті.
Плотон мен оның ізбасарлары музыканың дүниеге келуінің қайнар көзі ретінде оны тек құдайдан ғана берілген қасиет деп айтса, көрнекті педагог В. Сухомлинский Өнер -- өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал -деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығаруда музыка пәнінің маңызы зор. Өйткені Музыка ырғағы кез келген оқушының сана түйсігі арқылы ойлау, қиялдау, елестету сынды психологиялық үдерістерді дамытуына өз септігін тигізері хақ.
Зерттеудің мақсаты: Мектепте музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік маңызын анықтау;
Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігіне көз жеткізу.
Міндеті. Музыка сабақтарында түрлі дидактикалық ойындарды қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;
Ойын технологиясын қолдану аясын кеңейту;
Оқушының бойында музыкалық қабілетті дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі. Дидактикалық ойындардың музыка сабағындағы маңызы.
Зерттеу әдісі. Зерттеудің негізгі әдіс- тәсілдері салыстыру, ғылыми тұрғыдан баға беру арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу барысында дәстүрлі әдістер де қарастырылды.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, объектісі берілді. І тарауда музыка пәнінің және музыка сабақтарындағы ойын технологиясының маңызы қарастырылды. ІІ тарауда дидактикалық ойындардың музыка сабақтарындағы тәрбиелік маңызы мен тиімді тұстары және қолдану жолдары жан-жақты қарастырылды.
Қорытындыда жұмыстың түйіні, ал жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

1.1. Музыка пәнінің оқушы тәрбиесінде алатын орны
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және өзінің көркемдігі, нәзіктігімен адам жанын баурап,олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына септігін тигізеді. Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезімталдығына қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка сабағының алатын орны ерекше.
Баланың бойында музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама меңгеріп шығады. Оның бойында музыкаға деген өзіндік ой саналық және сезімдік тұрғыдағы қарым-қатынас қалыптасады. Сонымен бірге әуен-саз, өлшем-ырғақ жүйесін есіту тәжірибесі қалыптасып,есте сақтап қалу қабілеті де жинақталады. Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.
Оқушылардың көркемөнерге сүйіспеншілігін арттыру, оның ішінде музыкалық тәрбие беру, адамгершілік тәрбиенің ажыратылмайтын бір бөлімі болып табылады. Музыка өнердің басқа түрлері сияқты алуан, түрлі құбылыстардың шындығын ашуға адамның ой-өрісін жаңа ойлармен кеңейту, музыкалық сезімталдылығын кеңейту және талабын байқау, есту қабілеттілігін, ырғақтық сезімін, музыкаға деген ынта-ықыласын дамытып өрістету -- деп көрсетілген.
Музыка сабағын жүргізу ісі оңай емес екені белгілі. Музыка маманы тек педагогикалық шеберлікті, іс-тәжірибені меңгерген білікті ұстаз олып қана қоймай, сонымен қатар бірнеше музыкалық аспапты жоғары дәрежеде меңгеретін, әістемелік жағынан қаруланған, ізденімпаз да шығармашыл мамандық иегері болып табылады. Міне, бүгінгі талабы жоғары заман баласын тәрбиелеу ісінде мұғалім, оның ішінде музыка маманы болу міндеті бізге осыны жүктейді.
Өмірге енді ғана қадам басып келе жатқан бастауыш сынып оқушысының жүрек қалауы оның бойына сазды әуен арқылы сіңеді. Сонымен қатар оның музыкадан тәрбие алуының да мүмкіндіктерін айырықша атап өтуіміз тиіс. Халық тәрбиесіндегі балаға тәлім-тәрбиенің қайнар көзі ретінде ананың әуезді сыңғыр үнімен берілетін әлдиінің орны ерекше. Бала тал бесіктен әлди арқылы естіген тәрбиелік ұғымдарды санасына құйып өсті. Сол арқылы бой түзеді және сол әуендер бойына тарап, жан дүниесі музыкаға жақын болып өсті. Осыдан бала бастауыш сыныпқа келгенде музыканың жоғарғы деңгейдегі өнердің бір саласы ретінде танып терең ұғынады. Ал, осы кезеңде музыка пәні өз деңгейінде оқушыға берілмесе онда оқушы дүниетанымында әр қилы көзқарастар пайда болуы әбден мүмкін.
Мектептің музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми-педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу қажеттілігі туындайды. Осы адами қасиеттерге тәрбиелеуде ұлттық халық музыкасының алатын орнын көптеген ғалымдар өз ғылыми еңбектерінда зерделеген. Ғылыми еңбектерге талдаулар жасаған кезімізде әрбір ғалым өзінің ғылыми жұмыстарында ұлттық музыканың мектеп оқушысына берер тәрбиесінің мол екендігін баяндаған. Осы тұрғыда сынып оқушысына музыка пәнінің оның тәрбиесіндегі ролі мен маңызы айқындалмақ.
Оқушыға эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Осы мәселелерді қайта жандандыру мақсатында оқушыларды қабілетіне қарай - жыраулық өнерге, терме айтуға, шешендікке тапқырлыққа, айтыс өнеріне үйретуде - ән-саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады.
Мектеп оқушыларының білім алуында ерекше орын алатын пән музыка өнері болып табылады. Өйткені, әдемілік пен көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор роль атқарады. Адамның қоршаған ортасы неғұрлым көркем болса, соның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен өмір шабытын тудырады. Осы аталған әдемілік пен әсемдік әлемінен сыр шертетін әуезді ән өнері, кез-келген оқушының пәнге, сабаққа, өнерге деген қызығушылығын арттырып, көркемдік ой-өрісін дамытып, сұлулық әлемінен тәлім-тәрбие алуына септігін тигізетін ғылым саласының бірі. Сонымен қатар, ән-саз өнері оқушылардың рухани дүниетанымын молайтып, өнер құндылықтарын бағалай білуге де септігін тигізері хақ. Ән-саз өнеріне ден қойған оқушының бойында қатыгездік, тәртіпсіздік, бұзақылық сияқты келеңсіз қасиеттер кездесе бермейді. Өйткені оқушыны сезімталдыққа баулиды. Осы негізде ән-саз өнерінің салаларын жеке-жеке зерттеп, оқыту мәселелерін қарастыруымыз қажет. Зерттеу жұмысымыз өнердің соның ішінде ән-саз өнерінің жекелеген түрлерін зерттеп, олардың бір-бірімен байланысын, ерекшеліктерін, заңдылықтарын егжей тегжейлі даралап, салаларға бөліп ажыратып оны оқушылардың бойына сіңіру қажет деп тұжырымдауға негіз болды.
Қорыта айтқанда бастауыш мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат мақсаттарға жетелеп, өнегелі істерге баулыйды. Музыка - құдіретті күш, жан дүниені ерекше әсерге бөлеп, адамды сәулелі өмірге жетелейтін сиқырлы өнер. Осы тұжырымдар мектепте музыка сабағын оқытудың маңызын айқындай түседі.
1.2. Музыка сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушыларының музыкаға қызығушылығын қалыптастыру
Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық бәскелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады деп тұжырымдаса, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында Орта білім берудің мақсаты -жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп атап көрсетілген. Ендеше, Елбасының XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық деген сөзі әрбір адамды ойландыруы тиіс. Өйткені мұғалім еңбегінің нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Елбасы Білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болмақ. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр деген. Демек, ез ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттерінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени-ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, жоғары құндылық. Мұғалім - бұл қай кезде де, ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуга тиіс. Білім сапасын арттыру бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу - білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу - басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын Қазақ тілі пәнінің алға қойған мақсатының өзі ерекше.
Себебі музыка тілі баланың тілін дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелейді.
Аталған пәнді оқытудың әдістері мен тәсілдері жаңа технологияны іздеумен сипатталады. Оқыту сапасы ғана емес, ең алдымен, жеке тұлғаны дамытуда оқытудың түрлі әдістері қажет. Қазіргі заманғы оқыту түрі оқушыларды тек ғана қабілеттендіруге ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік өзгеріс жағдайларына белсенді түрде бейімделуге бағытталған. Музыка сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді катысуына, ән айтып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл тұрғыда музыка мұғалімінің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық үдерісті ұйымдастыра алады.
Білім сапасын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болғандықтан, аталған пәнді жаңа технологияны енгізе отырып оқыту басқа пәндерді оқушылардың қажетті деңгейде қабылдауына жол ашары сөзсіз. Осы мәселені шешу - білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру, сондай-ақ білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.
Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық, ізденіс қабілетгерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясының ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық үдерістерді жетілдіру, жадының алуан турлерін есту мен көруді, қимыл мен ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу деп өткен ғасырда айтқан сөздері ойға орағытады. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамытуда ойын технологиясының маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жуйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру - ең негізгі әдістемелік мәселе. Ойын арқылы оқыту мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жол болып табылады. Ойын арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері, қағидалары, белгілері бар.
Тиімді белгілерінің бірі - оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше, жалықтырып аласың. Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым-қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Тиімді қолдана білген ойын арқылы:
- Білім беру сапасы жақсарады; Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады;
-Қиын сабақты оңай әрі қызықты етіп түсіндіруге болады;
-Оқушы белсенділігі күшейеді;
-Материалды меңгеруге түрткі болады.
Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалды деп айту дұрыс емес. Дегенмен, қиындықтар азаяды. Оқушылардың есте сақтау қабілеті, логикалық ойлау қабілеттері жетіледі, шапшаң ойланатын болады.
Оқушылардың өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде әдістемелік әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.
Әр бала - керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұңдай кезқарасы баланың белсенділігін нығайтады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай, мұғалім шеберлігі мен білімділігі Музыка пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, ойындарды дұрыс таңдау керек. Ал, дұрыс таңдау үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын жақсартатыны хақ.

тәрбиелік маңызы
Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде қарастырылады. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсінеді. Шетел және біздің ұлттық педагогикамыздың өзінде ойын тарихында бала тәрбиелеуде мынадай бағыттар да қолданылады:
1. Баланы жан-жақты үндестікте үйлесімді дамыту;
2. Оқыту мақсатын (дидактика) бұл бірінші бағыттағы алғашқылардың
бірі чех педагог Ян Амос Каменский (1592-1670). Ол ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды.
Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда баланың барлық қабілеттерінің дамуына, ойын да айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
А.С. Макаренконың айтуынша, ойынды баланың физикалық, психологиялық қажеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға көңіл қойғызуға, сондай-ақ, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп. Ойын-сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар-оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар балалардың ойлау қабілеттерін дамытады.
Аса ірі ойыншылардың айтқанындай: Адамды адам еткен-еңбек. Еңбек үстінде адамның көптеген техникалық ерекшеліктері дамып, өмір сүру барысын да олар жолдармен жорыққа шығады. Мысалы, үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектану барысында көрсетсек, мектепте оқитын балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Ойын балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал ол білімді бала қайдан алады, оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары арнайы заттары т.б. көптеген ерекшеліктері болады.
Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады.
Ойындарға балалар жиындарда, сергіту сәтінде, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті балалардың жетекшілік рөлін пайдаланған жөн. Педагогтар ұжымы осы белсенділер көмегімен, оқу іс-әрекеті үстінде бақылау, басшылық жасайды. Балабақшада ойналатын ойын барысында
тынығады
Бала өмір танымды кеңейтеді
Ақыл ойы дамиды
ұйымшылдыққа үйренеді
Сабақта ойын, түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу үрдісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кездерінде, қайталау сабақтарын да пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтан әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Н.К.Крупская: Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалардың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген деген болатын. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. ой-ойынан басталады десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін музыка пәні мұғалімінің қолданатын басты тәсілі-ойын болып табылады.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов.
Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі.
Шығармашылық саласында музыка оқу сабағының басты мақсаттары- балалардың эстетикалық талғамын қалаптастыру, музыкалық шығармашылық іс-әрекеттер арқылы эмоциялық қатынасын білдіруге баулу,әдемілік пен сұлулыққа тәрбиелеу.
Балаларға қоршаған ортаның кейбір құбылыстарын бейнелейтін музыкалық шығармаларды таныстыру,олардың түрлері мен мәнерлілігі туралы түсініктерінің қалыптасуына әсер ету,музыканың дыбысын естіп,түсінуге,адамгершілік-эстетик алық сезімдерге тәрбиелеу-осы саланың негізгі міндеттері болып табылады.
Жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты әрбір бала музыканы қызығушылықпен қабылдайды. Баланың есту қабілеті музыканың дыбыс биіктігін,сипатын,ырғағын,тембрін ажыратып, түсінуіне әсер етеді.
Дидактикалық ойындар музыка мұғалімдерінің сабақты түрлендіріп, мазмұнын байыта, көркемдей түсуіне көмектеседі. Ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады, балалық қиялдарын қозғап, түсініктерін кеңейте түседі. Балалардың шығармашылық қабілетерін дамытып,оларды әдемілікке,музыкалық үндестікке баулиды.
Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды.
Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz