Қазақстанның су қоймалары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚОЙМАЛАРЫ.

ОРЫНДАҒАН :

ҚАБЫЛДАҒАН :

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1) Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама

2) Су деңгейі, су қоймаларының типтері

3) Аса ірі көл су қоймаларына сипаттама

4) Каспий теңізі .

5) Арал теңізі .

6) Балқаш көлі .

7) Көкшетау немесе Бурабай көлдер тобы

8) Құсмұрын тобындағы көлдер

9) Батыс-Сібір көлдері

10) Ащы көлдер тобы.

Кіріспе

Қазақстан көлдерге өте бай. Мұнда Каспий, Арал теңіздері және дүние жүзі бойынша көлемі жағынан он жетінші орынды алатын Балхаш көлі сияқты ірі көлдер бар. Ауданы 1-2 мың шаршы км-ге жететін көлдерде аз емес.

Ұсақ көлдердің саны бірнеше мыңға жетеді.

Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік сипаты, әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің шұғыл ауытқып тұруы, типологиялық жағынан сан алуан түрлі болуы, және олардың көпшілігінің ағынсыз болып келуі жатады.

Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында бір қатар ерекшелктер бар. Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азайады. Мұнымен қатар олар белгілі бір аудандарда топ-топ болып орналасады. Көлдер Каспий бойы, Тұран және Батыс Сібір ойпаттарында, сондай-ақ аласа таулы орталық Қазақстан және оңтүстік шығыстағы биік таулы аймақтарда көп. Құмды және сазды шөлдерде көлдер аз.

Көл су қоймаларының пайда болуы жеке аудандарының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Каспий бойы ойпатының көлдері теңіз түбінен таяу уақыттарда ғана босаған, көпшілігі реликт көлдер. Теңізден ертеректе босаған Тұран ойпатында реликт көлдерге неғұрлым ірі көлдер жатады. Бұл ауданның орташа және кішігірім көлдері шөлге тән су аяғы құрдымда аяқталатын өзендерден пайда болады. Үштік дәуірдің шөгінді қабаттарынан тұратын Батыс сібір ойпатының көлдері көбінк суффозиялық көлдер типіне жатады. Ұсақ шоқылы орталық Қазақстаннның көлдері шығу жағынан көбінесе тектоникалық және тектоникалық-эрозиялық болып келеді . Биік таулы аймақтарда көлдердің қазан шұңқырының пайда болуы тектоникалық процестермен және мұзықтардың әрекетімен байланысты . Сазды шөлдердің көлдері дефляциялық жолмен пайда болған.

Қазақстан көлдерінің әр жаста (әр кезеңде болуы) оның териториясының жеке аудандарының әр түрлі жаста болып келумен байланысты. Жазық аласа таулы бөліктің көлдерінің көпшілігі өзінің эвалюциялық дамуының соңғы стадиасына жеткен. Мұнымен қатар шөлдің көлдері тез тұзданып тұз байлайтын көлдерге айналады. Жергілікті халықтар оларды тұз деп атайды. Мұнан әрі бұл көлдер сорға айналады.

Орманды және дала зоналарының көлдері біртіндеп борпылдақ жыныстарымен толып, оларды өсімдік қамтауда. Олардың көпшілігі «құрудың» әр түрлі стадиасына жеткен.

Биік таулы аймақтардың көлдері даму кезеңі жөнінен жас көлдерге жатады.

Қазақстан көлдерінің су деңгейі өте ауытқып тұрады. Деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады. Көлдердің деңгейі жыл маусымдарына байланысты сондай-ақ көп жыл бойы ауытқып отырады. Деңгейінің үлкен мөлшерде ауытқуы жағалау сызықтары конфигурафиясының күшті өзгеруіне, көл аудандарының кішіреуіне, кейде көлдердің біржолата құрып кетуіне әкеліп соғады.

Осымен байланысты өткен таяу жылдары орта Азия мен Қазақстанның зерттеушілерінің алдында Орта Азияның құрғауы жайында мәселе қойылды. Кейінгі жылдардағы зерттеулер, әсіресе Л. С. Бергтың көптеген еңбектері көл деңгейлерінің төмендеуі олардың жаппай құрып кетуге әкеліп соғатын бір беткей, төмендеуге ұшыратпайтындығын көрсетті. Кейбір көл су қоймаларын ұзақ жылдар бойы үздіксіз бақылаудың нәтижетсінде, олардың деңгейінің мезгілдік ауытқуы негізінен климаттық жағдайларының өзгеруіне әсіресе қыста түсетін атмосфералық жауын - шашынның өзгеруіне, мөлшеріне байланысты екені анықталды.

Қазан шұңқырларының пайда болуына қарай бөлінетін, қазақстандағы көл су қоймаларының типтері барынша әр-түрлі. Мынадай типтерді ажыратуға болады:

1. Риликт, немесе қалдық көлдер - алғашқы пайда болған жазықтықтарға соның ішінде Каспий бойы опатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының, Торғай қақпасының және Балқаш, Алакөл ойысының кейбір көлдері жатады. Каспий, Арал теңіздері және Балқаш, Алакөл көлдерінің тобыда кәдімгі реликт көлдері болып есептеледі.

2. Тектоникалық көлдер - таулы аудандарға, әсіресе Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы аймағына және қазақстанның Оңтүстік шығысындағы биік-таулы аймақтарға тән. Бұл типке Зайсан, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын көлдердің тобын, Көкшетау көлдерін, атап айтқанда Бурабай тобындағы көлдерді жатқызуға болады. Орталық Қазақстанның кейбір көлдері пайда болу жағынан тектоникалық-эрозилық болып келеді. Биік таулы аймақтардың кейбір көлдері тектоникалық тоған көлдерге жатады.

3. Мұздық көлдер - биік таулы аймақтарға тән. Және ертедегі мұз басу аудандарында шоғырланған. Олар мынадай түрлерге бөлінеді:

а) Мореналық - тоған көлдер. Бұлар үлкен Алматы өзенінің бас жағындағы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар алатаының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзенінің басталатын жеріндегі жоғары және төменгі Жасылкөлдер т. б

ә) Қар көлдері- өте көп, бірақ көлемі кіші;

б) Мұздық ткетоникалық көлдер, яғни пайда болуы жағынан аралас көлдер. Бұған Алтайдағы Марқакөлді жатқызуға болады.

4. Суффозиялық немесе жердің беткі қабатының шөгінуінен пайда болған көлдер, бұған Батыс Сібір ойпатының кішігірім көлдерінің біразы кіреді.

5. Дефляциялық көлдер- олар дефляциялық Қазан шұңқырларда болады. Оларға Үстірт дөңінің көлдері: Сам, Асмантай-Мата, және Бетпақ дала үстіртінің көлдері- Дабысынтұз т. б. жатады.

6. Аңғар - арна көлдері- олардың ішінде мыналарды бөлуге болады:

а) Ескі арна көлдері - олар тікелей өзен жайылмаларында орналасқан;

ә) Аңғар соңы көлдері- олар сағасыз аяқталатын өзендерден пайда болады;

7. Карст көлдері- көлемі жағынан шағын орталық Қазақстанның кейбір аудандарында және Тянь-Шаньнің оңтүстік батысында кездеседі.

АСА ІРІ КӨЛ СУ ҚОЙМАЛАРЫНА СИПАТТАМА

Каспий теңізі- жер шарының ең үлкен көлі. Ол депрессияда орналасқан, оның беті мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Каспий теңізінің ұзындығы 1 200км ең жалпақ жерінде ені 550км, ең жіңішке ені 210км, ауданы 456 340 2 км. Жағалау сызығының ұзындығы 6 380км, су массасының көлемі 79 319км 3 . Қазақстанға Каспий акваториясын 270 мың кв км-і, жағалау сызығының 2340км кіреді. Теңіз деңгейінің шұғыл өзгеріп тұруына байланысты келтірілген деректер, орташа алынғын шама болып есептелінеді.

Каспий теңізі, әдетте үшке бөлінеде:

1. Солтүстік бөлік

2. Орта бөлік

3. Оңтүстік бөлік

Солтүстік бөліктің оңтүстік шекарасы- Шешен аралымен Түпқараған мүйісін қосып тұратын сызықтың бойымен өтеді.

Орта бөліктің осы сызықпен Лебяжий-аралын, Қулы мүйісімен қосатын сызықтың аралығында жатыр.

Оңтістік бөлігі - Лебяжий- Қулы сызығының оңтүстікке қарай орналасқан

Қазақстанға Каспийдің солтүстік бөлігінің, Солтүстік шығысымен орта бөліктің көбі жатады.

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің Маңғыстау түбегінен басқа жағалауы ойпатты. Уралдың сағасында көптеген аралдары бар.

Қазақстанға жататын Солтүстік және Орталық каспий анағұрлым тайыз болып келеді. Бұл жерде тереңдік жағалаудан ішке қарай бірнеше метрге немесе бірнеше ондаған метрлерге, тек теңіздің ортасында ғана болып ол 200 метрге дейін жетеді.

Каспий теңізінің су балансы ауданының көлеміне су жинайтын бассейінің климаттық және гидрологиялық жағдайларына байланысты .

Теңіздің су жинайтын бассейнінің ауданы 3 млн. кв. км-ден артығырақ. Онық 40% артығырағы Волга бассейіне жатады. Теңіздің су балансының кіріс бөлігінде беткі ағыс 80, 8%, атмосфералық жауын-шашын 17, 7%, жер асты ағысы 0, 14% құрайды. Беткі ағыстың 78% - ін Волга береді, ол жылына теңізге 252куб км су әкеледі. Су шығынынан булануға 95% (1 000 мм немесе 400куб км су ) теңізден Қара - Бұғаз Гол шығанағына ағысқа - 5% тиеді.

Каспий тңізінің деңгейі шұғыл ауытқып отырады. Бакуде 1830 жылдан бері үздіксіз жүргізілген байқаулар бойынша, өткен ғасырдың алғашқы жартысында бірнеше жылдар бойы су деңгейінің көтерілуі анықталдған. Өткен ғасырдың екінші жартысының басында деңгейі төмен түскен, ол 15 жылға созылған. Онан кейін қайтадан деңгейдің төмен түсуі байқалған, деңгейдің төмен түсуі әсіресе біздің ғасырымыздың 30-40 жылдарда өте үлкен мөлшерге жеткен. Қазіргі кезде теңіз деңгейі төмен түсуде, оның көпжылдық ауытқуы кезеңдері әлі де анықталған жоқ.

Теңіздің маусымдық ауытқуыда айқын байқалады. Деңгейдің неғұрлым төмен кезі қысқа тура келеді. Апрельден бастап Июльге дейін су деңгейі көтеріледі. Бұл кезде судың кірісі шығысынан көп болады. Одан кейін буланудың күшті жүруіне байланысты деңгей төмендейді. Деңгейдің маусымдық ауытқуы 30-35см шамасында.

Желдің суды айдап бір жағына қарай ығыстыруына байланысты теңіз деңгейінің ауытқуы Каспийдің солтүстігіндегі тайыз бөлігінде анық байқалады. Осындай ауытқу кейде бірнеше метрге жетеді.

Каспий теңізі, атап айтқанда оның солтүстік және орталық бөлігінде, Волганың сағасынан басталатын ағыс өтеді. Бұл ағыс батыс жағалауды бойлап оңтүстікке қарай жүреді, одан Апшерон түбегі ауданында шығысқа бұрылып, шығыс жағалауға жетеді, бұл жерден солтүстікке бағытталып Волганың сағасына келеді. Сөйтіп сағат тілінің айналу бағытына қарсы айналма ағыс байда болады

Теңіздің солтүстік бөлігінің климаты және термиалық жағдайлары өз алдына ерекше сипатта болады. Каспийдің бұл бөлігінің климаты континеттік, температураның аплитудасы үлкен және атмосфералық жауын-шашын аз түседі. Мұнда ауаның қаңтардағы орташа температурасы -5-6 0 С шамасында, аяз -38 0 С градусқа жетеді. Июльдегі орташа температура +23-24 0 С Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150 мм,

Теңіздің солтүстік бөлігі қыста қатып қалады, орталық бөлігінде судың температурасы бетінде 0 0 С -тан жоғары болады да, теңізді мұз жаппайды. Дегенмен мұнда қалқыма мұздар өтеді . жазда судың бетінде температура бірсыпыра жоғары болады солтүстігінде ол 30 0 С -қа дейін көтерілуі мүмкін және түн жағында 23-24 0 С -қа дейін жетеді. Судың температурасының маусымдық өзгеруі 50м тереңдікке дейін анық сезіледі. Онан әрі температураның өзгеруі баяулайды. Температураның максимум және минимум жағдайы да болатын кездері теңіздің бетінен түбіне қарай кешіге береді.

Каспий теңізінің суы оншалықты тұзды емес, мұхит суынан айырмасы мұнда күкірт қышқыл тұзы, сульфатты карбонат қосындылары көп, ал хлорлы натрий аз. Солтүстігінде Волга мен Уралдан мол тұщы су келетін бөлігінде, оның тұздылығы өте мардымсыз, оңтүстікке қарай барған сайыне тұздылық арта береді де, орталық бөлігінде 1, 3 % шамасында жүреді.

Теңіздің Қазақстандық бөлігінің суында оттегі мол, ал оңтүстікке қарай барған сайын оның мөлшері азая береді. Каспий органикалық дүниеге бай. Оның фаунасының 6-10%-і эндемиттер. Оларға каспий тюлені және солтүстік түрлерге жақын кейбір шаян тәрізділер жатады, түр жағынан Каспийдің фаунасы мұхиттардан кедеулеу, бірақ сан жағынан бай. Мұнда балықтың 80-н түрі бар. Оның 40-тан аса түрінің кәсіптік маңы зор, әсіресе бағалы балықтарға жататындар:

Бекіре тұқымдастар (бекіре, қызыл балық, шип)

Тұқы балық тұқымдастар (торта, табан, сазан, аққайран )

Селт тұқымдастар - 20 түрден астам

Кейінгі кездерде Каспийге кефаль және криветка экеліп жіберілді.

Каспий теңізінің шаруашылық маңызы аса үлкен. Совет одағындағы ауланатын балықтардың 30 %-і Каспий теңізінің үлесінде болатын

Орташа және кіші көлемді көлдер Каспий бойы ойпатында өте көп олардың неғұрлым ірілері: индер, аралсөр, шалқар, қамыссамар көлдері.

Индер көлінің ауданы 75 2 км, индер қыратындағы таяздау ойыста жатыр, оның суы өте күшті минералданған.

Аралсөр көлі каспий бойы ойпатындағы кермек тұзды көлдердің ішіндегі ірілердің бірі оның ауданы 200 2 км. Көлге суы кермек тұзды ащыөзек өзені келіп құяды. Солтүстік жағынан оған көптеген тұзды батьпақтар іргелес жатады. Көлден тұз өндіреді.

Шалхар көлі сантаз қыратындағы теңіз аймақта, тайыздау қазан шұңқырда жатыр. Оның ауданы шамамен 2000 кв км. Көлге Анқаты өзені келіп құяды, Уралға дейін жетеді. Шалхардың суы ашылау жағалауын қамыс басып кеткен. Көл балыққа бай: шортан, жайын, тұқы балық т. б

Қамыссамар көлі -үлкен және кіші өзендердің суынан пайдан болған әрі солардан қоректенеді. Олар шөлейттегі құмды массивтік ішінде жатыр. Жағалау сызықтары ауданы, тереңдігі, кейбір жылдары олардың біраз жері шабындыққа айналды.

Арал теңізі - Қазақстанда көлемі жағынан екінші, дүниежүзінде төртінші орын алатын көл. Оның ең үлкен ұзындығы 420км. Ең кең ені 284км, ауданы 64 490кв км. Аралдың аралдарын қоспағанда, 63 270кв км. Суының көлемі 1028куб км. Арал теңізінің Қазақстанға қарайтын бөлігінің жағалауы әр -түрлі. Солтүстік жағалау күшті тілімденген және қойнауы жағалау типіне жатады. Мұнда бірнеше шығынақтар бар: Сарышығынақ, Паскевич, Тұщыбас, Чернышев. Батыс жағалау жарқабақты, биік және аз тілімденген, шығыс жағалау ойпаты, көп тілімденген және көптеген қойнаулар бар. Теңізде айтарлықтай ірі аралдарда бар. Олар: Көкарал, Барсакелмес, Возраждение т. б. Шығыс жағалауында көптеген ұсақ аралдар бар. Арал теңізін детте екі бөлікке бөледі. Үлкен теңіз Көкаралдан оңтүстікке қарай және Кіші теңіз - одан солтүстікке қарай. Арал теңізінің тереңдігі көп жерінде 20-25 м шамасында.

Аса терең жері батыс жағалауда - 67м-ге дейін.

Арал теңізінің бассейінінің жалпы ауданы -1 834 000 кв км, бірақ су жинайтын бөлігі тек 450 000 кв км ғана, яғни 25%. Теңізідің кіріс балансында Амудариямен Сырдарияның суынан тұратын беткі ағыс 91, 1%, атмаосфералық жауын-шашын 8-9% құрайды. Арал теңізінің жылына 1 000 мм -дей су қабаты буланады.

Арал теңізінің деңгей шұғыл ауытқып отырады. Бірақ оның бағыты Каспий теңізінің ауытқу бағытына қарама-қарсы. Мұндай айырмашылықтың болу себебі әр теңіздің әр түрлі климаттық аймақтан қоректенуіне байланысты.

Арал теңізінің деңгейі маусымдық ауытқуғада ұшырайды. Деңгейінің ең жоғары болатын кезі Мамырдын Қыркүйекке дейінгі аралық, яғни Сырдария мен Амударияның бастауларындағы мұздық тар мен қардың еріген кезі, ең төменгі кезі қыс айлары.

Тайыз болғандықтан Арал теңізінде желдің суды айдап, үріп әкетуіне байланысты деңгейінің ауытқуларыд болып тұрады. Күшті жел кезінде мұндай ауытқу мөлшері еік метрге дейін жетеді. Арал теңізінде атмосфералық өзгеруінің нәтижесінде пайда болып отыратын. Сейш құбылысы айқын көрінеді.

Арал теңізінің ағысы Амударияның сағасынан басталады да батыс жағалауын бойлап солтүстікке қарай, сағатын 1км ден артық жылдамдықпен өтеді. Одан соң солтүстік жағалауды айнала отырып, шығыс жағалауды бойлай, оңтүстікке бағытталады. Сырдарияның сағасынан бұл ағысқа басқа ағыс келіп қосылады, ол оңтүстікке Амударияның сағасына қарай жүреді. Сонымен қатар тілінің бағыты бойынша өтетін айналма ағыс пайда болады.

Арал теңізі ауданында Қаңтардағы орташа темпероатура -12 0 С дейін жетеді, ал шілдедегі орташа температура +26 0 С шамасында. Жылдық орташа температураның амплитудасы 38 0 С, атмосфералық жауын-шашын өте аз түседі. Жылына орта есеппен 100мм ден аспайды. Жазда судың температурасы теңіздің бетінде, +29-27 0 С, ал терең қабатында +3 0 С шамасында. Қыста Арал теңізінің солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігі қатады. Мұз 100-140күн жатады. Қалыңдығы 100см дейін жетеді.

Судың орташа тұздылығы 1, 0-1, 1% онда күкірт қышқыл тұзы басым. Хлорлы қосындылар аз. Амудариямен Сырдарияның сағасында теңіз суы тұсщы.

Арал теңізінің органикалық дүниесі Каспий теңізінің органикалық дүниесімен салыстырғанда кедей. Теңізде балықтың 20 дай түрі бар. Кәсіпшілік жөнінен неғұрлым құндылары:теңгебалық, сазан, плотва, жайын, табан балық т. б

Осындда әкелінген Каспий теңізінің қызыл балығы, капий кефальі және Балтық салакасы жақсы бейімделіп кеткен.

Шалқар теңіз - көлінің ауданы 1800кв км. Ол Ырғыз және Торғай өзендерінің суынан құралған . Көлдің қазан шұңқыры терең емес, түбі жайпақ және тегіс, жағалау сызығы иректеліп келеді, көлдің суы мөлдір, бірақ ащылау. Көлдің көлемі мен жағалауы жиі өзгеріске ұшырап тұрады. Соңғы жылдары өте тартылып кетті.

Шұбартеңіз көлі- үлкен Еспе және Қарағайлы деген шағын өзендерден пайда болған. Оның ауданы 100кв км. Бірақ деңгейінің мезгілдік ауытқуының күштілігі, соншалық көлдің ауданымен фомасы жиі және шұғыл өзгеріп отырады, суы тұзды.

Балхаш көлі- Қазақстанда ауданы жөнінен Каспий және Аралдан кейінгі үшінші көл. Ол Балхаш, Алакөл, ойысының солтүстік және батыс бөлігінде жатыр. Формасы бір жағына қарай ұзарған таға тәрізді сопақшалау. Көлдің ұзындығы 605км, ең кең жеріндегі ені 74 км, тар ені 8км - дей, ауданы 17 660 мың кв км. Әдетте Балхаш көлін екі бөлікке бөледі. Батыс және Шығыс, олардың аралығын, көлдің ең жіңішке жері- Ұзынарал бөліп жатады. Балхаштың солтүстік және батыс жағалаулары биік жарқабақты келеді, маусымдық және уақытша ағатын суларға көптеген аңғарлармен және сайлармен тілімденген. оңтүстік және шығыс жағалау көлдің біртіндеп шегінген кезінде қалдырған шөгінділерден тұратын акумулятивті құмды жазық құрайды. Бұл жағалаудың кей жерлерінде, қамыс қопалар өскен, көлдің орташа тереңдігі 6м дей, оның батыс бөлігінде тереңдік 5-6 м-ден 10-12м-ге

дейін, шығысында одан артық, солтүстік шығысында 26-м-ге дейін жетеді. Балхаштың су балансы оған келіп құятын өзендерге (Іле мен Қаратау) және көл бетінен булануға байланысты. Грунт суының маңызы онша емес, көлдің шығыс және батыс бөлігінде келетін беткі ағынның мөлшері бір-бірінен үлкне айырма жасайды. Егер көлдің батыс бөлігінде келетін ағынды 100 % деп алсақ, онда шығыс бөлігінде батыспен салыстырғанда 23 % олады. Осындай айырмашылыққа байланысты суының сапасыда батыс және шығыс бөліктерінде бір-бірінен айырма жасайды. Көлде ағыс екі түрде көрінеді:

1. Алғашқы ағыс- Іле өзенінің суының келіп қосылуынан пайда болып, көлдің батыс бөлігіне өтеді, ол сағат тілінің айналу бағытына сәкес келеді.

2. Жел ағысы - солтүстік -батыс жерлердің әсерінен пайда болады және қатты желдердің кезінде айқын көрінеді.

Басқа көлдер сияқты Балхаштың деңгейі шұғыл ауытқып тұрады. Оның ауытқуы ең алдымен көп жылғы кезеңде байқалды.

Маусымдық ауытқуда анық көрінеді. Көлдің деңгейі әдетте ке, ліп қосылатын ағымның артуына байланысты көктемде көтеріліп, июль айына дейін созылады. Бұдан кейін күздің аяғына дейін деңгейі төмендей береді. Мұнан соң қысқы уақыттарды буланудың азаюына байланысты көлдің деңгейі, бір сыпыра көтеріледі.

Климаттың шұғыл континенттігіне байланысты көл суының температурасы қыста төмен, жазда жоғары болады. Беткі судың температурасы жазда +20-24 0 С, кейін +27 0 С дейін жетеді. Қыста ол 0 0 С тан төмен. Көл ноябрьден бастап қата бастайды, мұздың қалыңдығы 70см - ге дейін жетеді. Ол 120-140 күнге дейін жаптады. Көл мұздан сәуір айының алғашқы жартысында ақ арыла бастайды.

Жалпы алғанда Балхаш тұзды көлдердің типіне жатады, бірақ тұздылық мұнда біркелкі емес.

Судың минералдануы жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп тұрады. Ең көп минералданатын кезі қыс, өйткені бұл кезде өзен суының ағыны әжептеуір азаяды. Аз минералданатын кезі шілде.

Балхаш фаунаға өте кедей. Малюскілермен Шаян тәрізділердің кейбір түрлері бар. Балықтардан: балхаш алабұғасы, ақбалықтың екі түрі және сазан, губач, сибирь елеңі кездеседі, қолдан табанбалық, теңгебалық, ұсақ бекіре жіберілген .

Алакөл - үлкендігі жөнінен Балхаш-Алакөл ойысындағы екінші көл. Оның ауданы 2076 кв м, Ала көл маңындағы Сасық көл, ұялы және жалаңаш көлдерімен бір кезде жалғасып жатқан, ал қазір олар топ құрайды. Ертеде ол Балқашпен қосылып жатқан . Барлық топ Балқаш- Алакөл ойысының оңтүстік шығысында жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының физткалық - географиялық жағдайы
Қазақстанның су қоймалары. Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама
Су шаруашылығы, және оның салалары. Әлемнің, Қазақстанның су қорлары және оларды кешенді пайдалану
Шардара ауданы географиялық орны
Жоғарғы сатыдағы су өсімдіктерінің өсімдік әлеміндегі орны
Судың ластануы
Су ресурстары және оны қорғау
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы
Су ресурстары және оны тазалау технологиялары
Жер беті су жамылғысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz