Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық жұмыстың ерекшелігі


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
«Педагогика және психология » кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық жұмыстың ерекшелігі. »
5В012300- «Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамндығы
Дайындаған: 06306- топ студенті
А. Қ. Телагисова
Тексерген: педагогика ғылымдарының
магистрі С. Н. Ерниязова
Орал- 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4
1 ҚАРТ АДАМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы . . . 5-10
1. 2 Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде . . . 11-14
2 ҚАРТ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.
2. 1 Қарт адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы . . . 15-21
2. 2 Қарт жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстың технологиясы . . . 22-24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25-26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қарттарды әлеуметтік қорғау шараларының бірі жасқа қарттық келіп немесе жоғалған қарекетін өзіне-өзі қызмет ету жалпы қызметтің әртүріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін тұратын, сондай-ақ қарттардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет, мүмкіндіктерін іске асыруын қамтамасыз етуін оңалту болып табылады.
Қарт кезде белсенді өмір сүруді сақтау қажеттілігі қазіргі замандағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселесі. Берілген контексте (еңбек қызметінің жоқтауы дағдыны қатынас шеңберінің жарылуы және тағы басқа) . Жаңа сыртқы шарттарға бейімделу, ойдың мүмкіншіліктерінің төмендеуі жоғары бағаланушылық холнинг - механизмдер (механизмдер жағдайымен) және тағы басқа сияқты сұрақтар қарастырылады.
Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды. Б. Г. Ананеьев жетекшілігінде ғалымдар қарт адамдардың психоэволюциясына зерттеу жүргізген. Осы зерттеу нәтижелері даму динамикасын бақылауға мүмкіндік берді, яғни жеке жалпы физиологиялық, психмоторлық және психологиялық функцияларының жоғарлауы, бір қалыпты болуы және төмендеуін көруге мүмкіндік алды.
Жоғарды аталған топтың бір белгісі - денсаулық жас өткен сайын адамның денсаулығы төмендейтіндігі белгілі. Әсіресе, қалаларда өмір сүруші қарт адамдардың организмінң әсер етеді. Осы жаста оның алдыңғы өмірінің өмір салтының нәтижесі көрінеді. Балалық шақтан бастап, материалдық жағдайы сияқты жағдайлар оның денсаулығының нәтижесін береді.
Қарт адамдардың денсаулығы туралы айтқанда, олардың ауруы және мүгедектігі ғана емес, толыққанда, гармониялық және адамгершілік тұрғысынан да қараау керек. Қарт адамдардың денсаулығы еңбек және қоғамдық қызметке қабілеттілігінен ғана емес, сондай-ақ еңбек ету қабілетін және қоғмадық белсенділігін сақтауынан да көрінеді.
В. П. Казначеев және М. Г. Субботин атап өткендей, адам организмі қартайғанда тек қана жайлылықты ғана емес, сондай-ақ белгілі бір жайсыздықты, барлық функцияларынң қысымға ұшырауы мен жаттықтыруын да сезінуі керек.
Зейнеткерлікке шығуына байланысты қарт адамдар көбіне жұмысынан
айырылады, ал жұмыс оның өмірінің мәні болуы мүмкін. Содан қарт адам қарт
шағында психикалық тұрғыдан қарусызданады. Оның өмір салтының бірден өзгеруі психикалық денсаулығының өзгеруіне, өмір салтының ауысуына әкеледі. Мұның өзі оған үлкен сілкініс тудыруы мүмкін.
Жас ерешелігі құрамының оның басқа сапасы жақтарынан сипатталуы үшін осы кезеңде өмір сүріп жатқан түрлі ұрпақтар жиынтығы қарастыру керек. Осы ұрпақтардың әрқайсысы белгігі бір әлеуметтік санаға ие. Олар былай құралады: біріншіден: өткен өмір қорытындысы, сол ұрпақтың жеке өмір тәжірибесінің сомасы; екіншіден, осы ұрпақ қоғам өмірінде қандай нақты тарихи оқиғаларды бастан кешіргеніне байланысты.
Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы сананың азаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айырысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның сана-сезімінеде әртүрлі қалыптасады.
Өкінішке орай, отандық геронтологияда психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, ал олардың өзіндік санасы мен ішкі дүниесі аз зерттелген.
Кең тараған түсінік бойынша қарт адамдар өздерінің әлеуметтік және жеке иденттілігіне назар аудара бермейді- деп атап өтеді И. С. Кон. Әрине, өмірге деген көзқарас жас өскен сайын өзгеріп отырады. Қарт жастағы адамдар өз жеке пікірлерін, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерін жастарға қарағанда шешілуі қиын деп ойлайды. Тағдырға пассив түрде бағынады. Сондай-ақ мұны ақылдылықтың пайба болуы, гармонияға талпыныс, табиғат пен адамның гармониялық бірлігі деп есептеуге болады.
Сонымен қатар, шаршау күштің сарқылуы, субъективті уақыт перспективасының қысқаруы да көрініс табады. Көп жағдайда қарт адамдар өздерін орта жастағы адамдардан төмен санамайды. Өзін төмен санау жолы болмайтындар мен ыңғайсыз әлеуметтік жағдайға тап болғандарға тән.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - қарт адамдардың қоғамдағы алатын орнының маңыздылығын анықтау.
Ал мақсаттың өзі төмендегі міндеттердің орындалуын, қадағалауын, талап етеді.
- Қарт адамдарға түсініктеме беру және оның тарихын анықтау.
- Қарт адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясына сипаттама беріп, оны шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесімен салыстыру.
- ҚР-ғы қарт адамдардың жағдайын зерттеу.
- Қарт адамдармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстың ерекшелігін анықтау.
Курстық жұмыстың объектісі қарт адамдар.
Курстық жұмыстың пәні қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық жұмыстың ерекшелігі.
Зерттеу көздері - оқушы-жастарға тәрбие беру тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалар; алыс және шетел ғалымдарының еңбектері; әлеуметтік тәрбие беруге байланысты ауыз және жазба әдебиетіндегі мұралар.
1 ҚАРТ АДАМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 қарт адамдардың әлеуметтік - психологиялық сипаттамасы.
Бүкіл әлемде қарт азаматтардың саны айрықша өсуде, ал қарттық және қартаю мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Адамның қартаюының өзіне назар аудартуының жоғарылауына қарамастан көптеген сұрақтар осы уақытқа дейін өңделмеген. Қазіргі уақытқа дейін қартаю ұғымының дәл анықтамасы жоқ. Homosapins деген адам түрінің латынша атауына саналы деген сөзден басқа қартаюшы не, қарттық адамның мінездік белгісі деген сөздерді де білдіреді.
Қартаю кезеңі «кеш естиярлық», «қарттық жас» деген анықтамалар кездеседі.
«Демографиялық-энциклопедиялық» сөздікте 1985 ж. мынадай анықтамалар келтіріледі.
Қартаю бұл - адамзат тарихының әртүрлі тарихи-эволюциялық кезеңдерімен және әртүрлі экологиялық манипулияциялық әлеуметтік алмасушы биопсихологиялық және әлеуметтік ұғым.
Қазіргі кезде жоғары дамыған елдерде адамдардың қартаю кезеңі созылып, өмірлері ұзарып, ол отыз жылдай уақытты алатын болды. Алайда, педагогика, психология ғылымында бұл кезең адам өмірінің 311 бөлімінің алғашқы кезеңіне қарағанда аз зерттелген. Сонда да соңғы 20 жылдықта психологтар қарт адамдардың мінезінің психологиялық болмысы туралы маңызды материалдар жасады.
С. И. Ожеговтың сөздігінде «егде» - «қартая бастаған», «қарттық» - «организм әлсізденетін, кемелдеген кезеңнен кейінгі өмір» және «қарт» - «қартаюға жеткен». Мұндай анықтамалар мынадай ойға әкеледі, біздің елімізде анық бейнеленген, біз адам қартайғанда қандай болатынын және қарт кісілердің тобына 60-та 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және осы арқылы психологиялық, педагогикалық өзін жақсы сезінетінін бұзу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Жалпы алғанда қартая бастағанда ренолитруктивтегі деструктивтік процесстерін меңгеруге байланысты динамикалық өмір сүруді түсінеді, ал қартаю - осы өзгерулердің жетістігі. Бұл өзгерулер биологиялық деңгейде мына жағдайда өтеді организм өзгере бастағанда, өлім жақындағанда; социологиялық деңгейде - адам зейнетақыға шығып статус өзгергенде; психологиялық деңгейде - адам болып жатқан өзгерістерді байқап және оған үйрене бастайды.
Қарттық нормасының физиологиясы мен медицинадағы ортақ мағынасы адамның организмнің, оның мүшелері мен функцияларының бірдейлік қоршаған орта шартында оптимальды өмір қызметін қамтамасыз етуші. Организмнің структуралық және функционалдық нормасы - оның жалпы денсаулықты қамтамасыз ететін тұрақты-резистенттілігі, жұмысқа қабілеттілігі, адаптацияға қабілеттілігі және ұзақ өмір сүруді белсенді сақтауы.
Қарттық жас - қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі.
Қазіргі кезде қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Ғалымдардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық стурктура өзгерісі есебінен реактивті клеткалардың біртіндеп өзгеруі деп қарайды. Басқалардың ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, мінез-құлықтың, физиологияның, биологияның төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруімен және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлықпен организмнің есейгендегі өзгеруі.
Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық эволюцияның бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.
Қартаюдың себебіне ең көп ескі анық ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің еңбегінде жазылған Аристотельдің ойынша қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілген жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысып, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Бірінші бөлім - жастық, екінші бөлім - кемелдену, үшінші - қартаю.
Тұрғындардың демографиялық қартаюы жылдам өсіп келеді. Егде жастағы адамдардың әлеуметтік мәселесін шешу олардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, темпераментін, мінез-құлқын жинақтауын, осы жастағы адамдардың жеке қасиеттерін барынша назар аудара зерттеу қажеттілігін анықтайды.
Тұрғындардың осы категориясының көптеген әлеуметтік мәселелерін түрлі ғылымдарың зерттеу нысаны болып табылады. Бұл мәселені әртүрлі тарихи кезеңде философтар мен педагогтер, әлеуметтанушылар мен саяси қайраткерлер өз заманында қозғап отырды.
Қарт адамдардың ең белсенді қорғаушысы Рим саяси қайраткері және философы Марк Тулий Цицирон (106 - 43 б. э. д. ) болды, ол «Үлкен катон немесе қартық туралы» 44 жылы диалог жазды. Цицирон адам үшін өмірдің бүкіл қоғам үшін аса құнды деп қарттық жасты шебер қорғай білді және мадақтады. Цицирон тілімен айтқанда, ақылды адам үшін өмірдің осы кезеңі ең бағалысы болып саналады, өйткені осы кезеңде адам ақыл ойын эмоция мен құндылыққа жеңілдірмейді. Сондай-ақ, қарт адам өмірлік тәжірибе сияқты байлыққа ие болады.
Марк Цициронның қорытындысы бойынша, адам үлкен биіктіктерді мінез күші мен сауатты ойды меңгере отырып, ақыл-ой арқылы игереді. Оның пікірінше, осы жағынан алғанда қарттар жастардан басым түседі.
Тарихшы-философтар қарт адам жастық шаққа қарағанда аса құнды, асыл текті кезең деп санады, осы себепке байланысты қарттық әлсіздікті тәкаппарлықпен көтере білу керек деп білді.
Сонымен қарттар өздерін қоғам үшін пайдалы деп есептеуді атап өтті, адам өмірі бірқатар мынадай факторларға бағаланады және анықталады деді: саяси, экономикалық және мәдени даму, материалдық өзара қатынас, жергілікті және ұлттық дәстүрлер.
Белгілі бір тарихи дәуірлерде қарттық өлім алдындағы өткел ретінде қабылданды, өлімнің жақындай бастауы оны өзінен алыстату тілегін тудырды.
А. Шопенгауэрдің «Жас ерекшелігі туралы» философиясында осы туралы қызықты ой қортындылары орын алған. Миф қаһармандары мінездерімен өмір кезеңдерін салыстыра отырып, Шопенгауэр әр кезеңге өз есімін қояды. Алғашқы онжылдықта Меркурий билік етеді: адам өмір бойлап жеңіл және жылдам жүреді. Бұл білім алу, ойын, дүниемен танысу жылдары. Өмірдің 20 жасында махаббат құдайы Венераға бағынады. 30 жасқа қарай күшке, ерлікке ие Марс өмірді ауыстырады. Адам 40 жасында пайдалы қабағынады, Цецера патшалығы күшіне сенеді, 50 жасында адам биліктен ләззат алады, ол тәжірибе мен білімге бай болады. 60 жасында өмірдің Сатурн кезеңі басталады. Құнарлық оты сөнеді, жан тұрақты қалыпқа көшеді. Егер кейбір тін кемшіліктері болмаса, адам тыныштық пен бақытты қарттықты бағалайды. Сондай-ақ, басқаша бір көзқарас табады.
Мәселен, Шекспир қарттықты қуанышсыз кезең деп біледі. Оның ойынша қарттық әлсіздік, тісі жоқтық, көзің нашар көруі, нашар естуі, балалыққа берілуі, алжуы, бір сөзбен айтқанда үмітсіздік деп бағалайды.
Гете, Л. Толстой қарттықты өмірден толық сусындаған, ерік күшіне ие, ақыл-ой қабілетін ие деп суреттейді. Ақындар жырлаған көптеген көркем шығармаларда қарттық күш-қуатты ретінде суреттеледі. Егер адам осы кезеңде күш-қуатты бола білсе, әрине, қарттық қуаныш сыйлайды деп түсінеді.
Қарттық, әрине, бірден келіп бастамайды, бұл - ұзақ процесс. Қарттықты орта жастан бөліп тұратын әмбебеп шекараны анықтау қиын. Жеке адамдар мен жеке топтардың қартаюы бір уақытта жүрмейді: біреулерде ол ерте басталса, біреулерде кеш басталады. Сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы соңғы жылдары жас кезеңдеріне деген көзқарасы өзгеруде.
Көп жағдайларда, бұрын немесе қазірде зерттеушілер қарттықтың хронолоиялық қалпына, белгілі бір өмір кезеңіндегі әлеуметтік және экономикалық статусымен байланыстырады. Түрлі жас ерешкелігі классификацяларын әртүрлі ғалымдар көзқарасымен салыстыру арқылы Б. Ц. Урланис осы кезеңдер шекараны былай суреттейді.
Мәселен, ХІХ ғасырдағы француз физиологы және гигиенисті П. Флуранс қарттықтың екі кезеңін бөліп көретеді: алғашқы (70-85) және екінші (85-тен кейінгі) . Неміс физиологы М. Ребнер қарттықтың басталуын 50 жас деп белгіледі, оның пікірінше, 70 жас «құрметті қарттық» деп аталады. Өткен ғасырдағы ағылшын дәрігері және статисті У. Фар былай жеп жорамалдады: 40-60 жас - интеллектілік жас, еңбекті бағалау кезеңі; 80-100 жас - соңғы кезең әрі құрметті қарттық. Сонымен, Фар қарттықтың басталуын 60 жас деп есептеді. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы орыс статисті және демографы А. Раслевский 45-60 жаста «гүлденген» қарттық деп атады, ал 60-75 жаста «солған» жас дедеі, 75-100 және одан жоғары ұзақ жасдеп белгіледі.
Белгілі кеңес геронтологы академик Э. Ф. Френкель 70 жаста қарттықтың басталуы деп атады. Басқа бір кеңес геронтологы академик А. В. Нагорның қарттықты белгілейтін нақты бір жасты атаудан бас тартты. Ол қарттық 60-70 жастан басталады деді.
1962 жылы Ленинградта өткен қарттық пен қартаю кезеңдерінің класификациясы және номенклатурасы бойынша симпозиумде қарт адамдарды мынадай кезеңдерге бөлді: 60-74 жастағылар - егде, 75-89 жастағылар - қарттар, 90 және одан жоғарылар - ұзақ өмір сүрушілер. Қазіргі уақытта Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша қарт жас - 75 жас болып саналады, ал 60-75 жастағылар - қарттар. Белгілі бір тарихи жағдайдағы тұрғындардың сапасының жүйелі шамасы болып оның жас құрылымы қызмет ете алады. Адамдардың ең табиғи қасиет - өмір сүру ұзақтығы, олардың әлеуметтік қасиеттері және байланыстарымен бірлікте болады.
Жас ерекшелігі құрамның оның басқа сапасы жақтарынан сипаттауы үшін осы кезеңде өмір сүріп жатқан түрлі ұрпақтар жиынтығын қарастыру керек. Осы ұрпақтардың әрқайсысы белгілі бір әлеуметтік санаға ие. Олар былай құралады: біріншіден, өткен өмір қорытындысы, сол ұрпақтың жеке өмір тәжірибесінің сомасы; екіншіден, осы ұрпақ қоғам өмірінде қандай нақты тарихи оқиғаларды бастан кешіргеніне байланысты.
Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы санасының азаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айырысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның геронтологияда психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, ал олардың өзіндік санасы мен ішкі дүниесі аз зерттелген.
Жас өскен сайын адам өзін-өзі бағалуы да өзгеріп отырады. Қарт адамдар өзінің сырқты бейнесіне аз назар аударады, бірақ ішкі және тән қалпына, өзін-өзі сезінуіне жете мән береді. Олар өздерінің зейін қабілетін жастарға қарағанда дұрыс бағалай біледі. Қарт адам басқалардың қылығына дұрыс баға береді. Кейбір қарт адамдар басқа біреулердің адамгершіліктін тыс қылықтарына жауапкершілік мінез танытады. Кейбір қарт адамдар кең дүниетанымға ие бола отырып, жасы келген сайын жұмсақ бола бастайды. Олар өздері бұрын өмір сүрген жағдайдан басқаша өмір сүру принципіне жол береді. Әсіресе, өздерінің немерелеріне жасына байланысты өзіне деген жалпы сенім де азая түседі, мұның өзі психо-физиологиялық (жадының, дене күшінің, сыртқы диапазонының тарылуы) өзгерістермен байланысты болады. Бұл адамдардың жеке ерекшеліктерімен қызмет саласына да байланысты.
Қарт адамдар олардың қоғамдағы өмір жолын кезеңдестіру және соған байланысты жас ерекшелігі стереотиптерін есепке алады. Алайда, өздерін көбі «кәріміз» деп есептемейді, көпшілігі өздерін «орта жастағылармыз» деп есептейді. Өздерін кәрі деп санау көбінесе ауру адамдарда я болмаса соңғы жылдары жағдайы нашарлаған адамдарда кездеседі.
Барлық жалпы алғанда қарт адамдар қоғамдық санада қабылданған кәрілік стереотипін мойындайды. Адамның өзіндік «мені» қарттықтың стереотпті образының жағымсыз қасиеттерін ендірмейді. Қарт адамдардың уақытша перспективасы өзгеріп отырады. Қарт адамдар өзінің жеке, ішкі мәселелерімен қалып қоймайды. Әлем тағдыры оларды жастарға қарағанда көбірек ойландырады. Өткенге көз салу аса қарт адамдарға тән, басқалары болашақ туралы әңгімелейді және ойлайды. Жас ұлғаюына байланысты уақытша перспектива да қысқара түседі. Балалар санасы сияқты қарт адамдарда да жақын болашақ алыс болашаққа үстем орын алады. Жеке өмір перспективаларыда қысқара түседі. Қарт адамдар мен жастардың уақыт образын салыстыру, біржағынан алғанда өмірдің тез өтуін көрсетсе, екінші жағынан алғанда, түрлі оқиғалардың аз болуымен сипатталады. Көп жағдайда олар өткен өмірлерін еске алады.
Балалар санасы сияқты қарт адамдарда да жақын болашақ алыс болашаққа үстем орына алады. Жеке өмір персективалары да қысқара түседі. Қарт адамдар мен жастардың уақыт образын салыстыру, бір жағынан алғанда өмірдің тез өтуін көрсетсе, екінші жағынан алғанда, түрлі оқиғалардың аз болуымен сипатталады. Көп жағдайда олар өткен өмірлерін еске алады.
Алғашқылар үлкен оптимизмге, болашаққа сенімді. Көп жағдайда қарт адамдар өмірдің осы кезеңін қайраткерлікті кезең деп біледі. Олар өмірге сеніммен қарсы, көбіне тығыз уақиға ортасында жүргенді қалайды. Қоғамға, қоршаған ортаға пайдалы болғысы келеді.
В. В. Вересаев жасөспірім шағында қартаюдан қатты қорқатын, кейінен мұның бәрі бекер екендігін, тәжірибе арқылы жиналған ақылдылық оның орнын толтырғандығын жазды. Жасөспірім шағындағы қорқынышымды еске аламын, жан-дүниемді аса бөтен қиналыс билеп алған, тәнімді қорқыныш асыра салады, өзімді-өзім түсінбеймін, өмір ағысына қосылып кетудің өзі қиын, ал қазір жанымның қақпағы ашылғандай, оны жаралау оңай емес. Қолымда сенімді компас бардай. Рухани көздерім ашылғандай, жанымды өмірге деген нақтылық, сүйіспеншілік билейді.
Адамның қартаюы жанымды (мәселен, үлкен білім жинақтау, жоғары біліктілікке ие болу) және жағымсыз (денсаулық пен күштің нашарлауы, ойлаудың стереотиптілігі) қасиеттерге ие. Өмірде осы кең қасиетте орын алады. Адам өмірінің соңғы кезеңіне орын алған өзгерістер ең алдымен, психолитикалық, жеке мінез-құлық,, қызмет құрылымына байланысты болады. Қазіргі кезде егде адамдар өз алдын жеке қауымды құрайды. Оның құрамына қоғамның түрлі әлеуметтік таптарындағы кілдер енеді. Алайда, зейнеткерлікке, еңбек қызметінен болса да, олар белгілі бір әлеуметтік құрылымна тиісті болудан қалады. әрбір қарт адам өзінің жеке қасиет дағдысы мен қажеттілігіне ие индивидиум. Қарт адамдар мәдени білім деңгейі, өмір салты, интеллектілік қабілет, психо-физиологиялық конституциясы, өмір және кәсіби дәрежесін ерекшеленеді. Олар қарымқатынастың, мінез-құлықтың, эмоциялық қасиеттерге ие.
Жас ерекшелігі, денсаулық, өмір салты тұрғысынан алып қарағанда, егде жастағы адамдарды жеке қоғамдық топқа бөлуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz