Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы



ЖОСПАР

I. Кіріспе

а) Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы

II. Негізгі бөлім
б) КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты
в) Ел Ағасының ақжарқын бейнесі

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993 ) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасныда өмірге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Москваның Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, руднигтің бас инженері және оның директоры болып істейді. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942-52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Д.Қонаев 1955-60 және 1962-64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-62 және 1964-1986 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді.
Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП ның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ПРезидиумының мүшесі болды. Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Алпысыншы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбестанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді. 1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді. Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22 сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Ұлт көсемі, есімі әлемге әйгілі қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев көзі тірі болса бүгінде тоқсанның биігіне көтерілер еді.
9-12 қаңтар аралығында А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Д. А. Қонаевтың 95 жылдығына орай «Ғұмырдария» деп аталатын көрме-шолу ұйымдастырылды.
ХХ ғ. Қазақстан тарихынан ерекше орын алатын ірі тұлға, мемлекетіміздің көрнекті қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақ КСР Ғылым Академиясын, республикамыздың ғылымын дамытуға көп еңбек сіңірді.
100 ден аса ірі-ірі еңбектердің авторы. Өзінің өткен өмір жолын «Өтті дәурен осылай» деп аталатын естелік-эссесінде баяндап берді. Соңынан «Ақиқаттан аттауға болмайды» деп өзгерген еңбегінде Теміртау тарихы, Семей полигоны, Арал мәселесі, Желтоқсан оқиғасына өз көзқарасын, сондай-ақ тілге, дінге, ділге қатысты көкейтесті мәселелердің жауабын алға тартады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I. Кіріспе
а) Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
II. Негізгі бөлім
б) КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты
в) Ел Ағасының  ақжарқын бейнесі
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993 ) - аса көрнекті мемлекет және
қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым
академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері
мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасныда
өмірге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол
комитеті оны Москваның Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді.
Институтты ойдағыдай бітіріп, тау кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев
Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда
бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, руднигтің бас инженері және оның
директоры болып істейді. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол
тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. Алтайполиметалл
комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын
мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Ленингор кен басқармасының
директоры қызметтерін атқарады. 1942-52 жылдары Қазақ КСР Министрлер
Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде
Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым
академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі
саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек
сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі
салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге
асырылады. Д.Қонаев 1955-60 және 1962-64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің төрағасы, 1960-62 және 1964-1986 жылдары Қазақстан коммунистік
партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның
экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін
және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді.
Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП ның
19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және
партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956
жылдан бастап СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол
СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде
мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі ПРезидиумының мүшесі болды. Д.Қонаев өз заманының ұлы
саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі,
қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын,
ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі
деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем
саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен
шығарған жоқ. Алпысыншы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен
Өзбестанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы
соның айқын бір дәлелі еді. 1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы
болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп
отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын
білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты. Дінмұхамед
Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт
ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып,
халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін
көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан
ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру
қажет екенін терең сезініп, қолдай білді. Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың
адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22 сінде, 82
жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Ұлт көсемі, есімі әлемге әйгілі қоғам қайраткері Дінмұхамед  Ахметұлы 
Қонаев  көзі тірі болса  бүгінде тоқсанның биігіне көтерілер еді.
9-12 қаңтар аралығында  А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада  Д. А.
Қонаевтың 95 жылдығына орай Ғұмырдария деп аталатын  көрме-шолу
ұйымдастырылды.
ХХ ғ. Қазақстан тарихынан  ерекше орын алатын ірі тұлға, 
мемлекетіміздің көрнекті қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақ КСР
Ғылым Академиясын,  республикамыздың  ғылымын дамытуға көп еңбек сіңірді.
100 ден аса ірі-ірі еңбектердің авторы. Өзінің өткен өмір жолын Өтті
дәурен осылай деп аталатын естелік-эссесінде  баяндап берді.  Соңынан 
Ақиқаттан аттауға болмайды  деп өзгерген   еңбегінде  Теміртау тарихы,
 Семей полигоны, Арал мәселесі, Желтоқсан оқиғасына өз көзқарасын,    
 сондай-ақ тілге, дінге, ділге қатысты көкейтесті мәселелердің  жауабын
алға тартады. 
Кен орындарын ашық әдіспен қазу теориясы мен практикасының аса маңызды
мәселелерін көтерген,  сондай-ақ,  мемлекеттік құрлысты өзгерту  жөнінде
өзекті  пікірлермен бөліскен.
80-ші жылдардың басында ғылым мен білімді ұштастыруды басты мәселе етіп
қойған.
Қонаевтің еліне, халқына деген сүйіспеншілігі ұшан теңіз.  Көрмеден
орын алған   Д.А. Қонаевтың Таңдамалы сөздері мен мақалалары,  Өтті
дәурен осылай, Ақиқаттан аттауға болмайды, Елу жыл ел ағасы, Жүз
тұңғыш,   Елтұтқа,  Тарихи тұлғалар  басылымдарынан оқырмандар қоғам
қайраткерінің өмірі мен қызметі  туралы тың мәліметтер ала-алады.
Ел Ағасының  ақжарқын бейнесі мен атқарған ұлы істері қазақ халқының
жадында мәңгі сақталмақ.
Димаш Ахметұлы тіршілігінде атына кір шалдырмаған кісі. Пенделіктен
биік болған, боқ дүниеге бой алдырмаған. Көзі тірісінде: Елу жылдай ел
басқардым. Жылына бір әттеген-айдан жібергенде елу қателік кетеді екен.
Бұл бір кісіге аз ауыртпалық емес. Сондықтан бұ жалғаннан пәк болып өту
періштеге ғана жарасқан. Оның өзінде де періштеде бес мін бар дейді рас
болса дейтін еді жарықтық.
Мен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевпен 1988 жылы үй тұтқыны болып отырған
тұста жақынырақ таныстым. Табыстырған – Нұрағам, Нұрғиса Тілендиев еді. Өте
қарапайым, байсалды кісі екен. Ақжарқындығын да аңғардым. Ойындағысын көңіл
елегінен өткізіп барып, екшеп айтатынын байқадым. Қолы ашық, дастарқаны
кең. Жатсынбайды. Жатырқатпайды. Іші- баурыңа кіріп сөйлегенде бұрыннан
білетіндей еркін сезінесің. Жайлап жай-жапсарыңды сұрағанда қалай ашыла
сөйлегеніңді сезбей де қаласың. Димекең шығарып салып тұрып: Хабарласып,
амандығымызды біліп тұр, егер сұхбаттасу ойыңда болса, сұрақтарыңды жұптай
бер. Жеңгең басын көтерсе, бәріңнің басыңды қосам, сонда шешініп те,
шешіліп те сөйлесеміз деп телефонын берген. 108 сұрақ әзірледім. Ұзақ
әңгімелестік. Ізін суытпай қағазға түсірдім. Оның 36 сұрағына жауап 1989
жылы Қазақ әдебиеті газетінің айқара беттеріне – екі бірдей нөмерінде
Ақиқат айтылмай қалмайды деген тақырыппен жарияланды. Геннадий Колбиннің
қылышынан қан тамып тұрған кез. Қайтсем Желтоқсан оқиғасын
ұйымдастырушыларды табамын? деп екі көзі қанталап, аласұрып жүрген. Оның
үстіне Димекеңнен ілік іздеп, шәт-шәлекейі шығып, ұрынарға қара таппай
жанталасып тұрған. Ол тұста бас редактор Төлен Әбдіков демалыста жүрді де,
оның орынбасары Оралхан Бөкей тәуекелге басып жариялап жіберді. Төбеден жай
түскендей болды.
Димекең жарықтық 108 сұрақтың қалғанына қол қойып беріп жатып: Өзің таяқ
жемейтін күні жарияларсың деген еді. Қазір әр сұрақтың астарындағы жауап
мұрағат материалдарымен толықтырылып, сүзгіден өту үстінде. Күнді
көлегейлей алмайсың деген роман-диалог ықшамдалып келеді. Димаш
Ахметұлының көзі тірісінде ұйымдастырылған халықаралық қор тәуелсіз
еліміздің экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан нығаюына барынша
атсалысып, абыройын аласартпай келе жатқан қоғамдық ұйым. Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлының Жолдауының саяси мәнін ашып, ел арасында кеңінен
түсіндірілу ісін өзінің жергілікті ұйымдары арқылы жүргізуі – бұл сайып
келгенде, аса жауапты да ардақты жұмыс. Республиканың барлық облыстарында
бұл жүйелі жүргізілді. Соған бас-көз болу – қоғамдық өмірге белсене
араласудың белгісі деп білемін. Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы өз
қаражатымен Шымкент қаласының қақ ортасынан Димекеңнің үш қабатты мұражай
үйін ашып, бюстін орнатты. Жамбыл облысы, Талас ауданының халқы Ақкөл
кентінен Димекеңе зәулім ескерткіш орнатса, Алматы облысы, Талғар ауданының
Гүлдала ауылы Димекеңнің бюстін тұрғызып, гүлзар жасады. С.Әзімов ол
кісінің өмірі туралы ең жақын туыстарының лебізінен тұратын екі сериялы
фильм түсірді. Көрнекті қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев пен белгілі
журналист Мәдрид Рысбеков – үшеуміз Дара тұлға деп аталатын екі бөлімді
деректі фильм түсіру үстіндеміз. Елу жыл ел ағасы деп аталатын естеліктер
жинағы мен полковник ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СОКП Орталық Комитетінің мүшесі
Ғылыми жұмыстың тақырыбы
Әлемге елін танытқан ердің өмір жолы
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ
Дінмұхамед Қонаев жайлы жыр
Димаш атаның бойындағы қасиеттер
Дінмұхамед Қонаев қоғам қайраткері
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының өмірбаяны (1912 - 1993 жж)
ДАҚонаев ірі мемлекет қайраткері туралы ақпарат
Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат
Пәндер