Нормативтік актілерді жіктеу туралы жалпы түсінік



КІРІСПЕ

І.НОРМАТИВТІК АКТІЛЕРДІ ЖІКТЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

ІІ.КОДИФИКАЦИЯ, КОНСОЛИДАЦИЯ МЕН ИНКОРПОРАЦИЯ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ЖҮЙЕГЕ КЕЛТІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ.

ІІІ. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет-ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп, баскарып отырды. Қоғамның басқа салаларындағы қатынастарды әлеуметтік нормалардың басқа түрлері (мораль, әдет-ғұрып, дәстүр, діни т.б.) реттеп, басқарып отырды. Кейін нормативтік актілер сол салалардағы қатынастарды бірте-бірте өзі реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды реттеп, басқарудың басым түріне айналып отыр.
Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл аткарады.
Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1). Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың занды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2). Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.
3). Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар "акті" - деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
4). Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық мүдде-мақсаттарының өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер емірге субъективтік өзгерістерді қалыптастырады:
- мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
- мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді дамытады;
- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл (өзгертулер мен толықтырулармен). Алматы, 2012.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы, 2011.
3. Алексеев С. С. Теория права М. БЕК, 2008
4. Хропанюк В. Н. Теория государства и права М, 2005, 2006
5. Хутыз М. Х. Сергейко П. Н. Энциклопедия права М., 2005.
6. Бейсенова А., Біржанова Қ., ҚР мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: “Жеті жарғы” 2007.
7. Сапаргалиев Г.С. Основные государства и права Казахстана.
Алматы, 2004.
8. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: “Жеті – Жарғы” Алматы., 2006.
9. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысща және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: “Жеті –Жарғы” 2006.
10. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: “Жеті – Жарғы” 2007.
11. Сапаргалиев Г.С. Мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы. Алматы, “Жеті – Жарғы, 2007.
12. Табанов А.С. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы, “Жеті – Жарғы, 2003.
13. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2005.
14. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.
15. Тихомиров Ю. А. Курс сравнительного правоведение. Москва 1996.
16. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды: Болашақ- Баспа, 2002.
17. Алексеев С.С. Как готовить закон. – М.: Известия, 1992. 14 декабря
18. Бабаев В.К. Общая теория права. - Н-н. 1993.
19. Братко А.Г., Лазарев В.В. Источники права: общая теория права и государства: учебник. - М.: юридическая литература, 1994.
20. Венгеров А.Б. Теория государства и права. – М.: Юриспруденция, 2000.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

І. НОРМАТИВТІК АКТІЛЕРДІ ЖІКТЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

ІІ. КОДИФИКАЦИЯ, КОНСОЛИДАЦИЯ МЕН ИНКОРПОРАЦИЯ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ЖҮЙЕГЕ КЕЛТІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ.

ІІІ. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет-ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп, баскарып отырды. Қоғамның басқа салаларындағы қатынастарды әлеуметтік нормалардың басқа түрлері (мораль, әдет-ғұрып, дәстүр, діни т.б.) реттеп, басқарып отырды. Кейін нормативтік актілер сол салалардағы қатынастарды бірте-бірте өзі реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды реттеп, басқарудың басым түріне айналып отыр.
Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл аткарады.
Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1). Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың занды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2). Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.
3). Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар "акті" - деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
4). Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық мүдде-мақсаттарының өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер емірге субъективтік өзгерістерді қалыптастырады:
- мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
- мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді дамытады;
- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;

І. НОРМАТИВТІК АКТІЛЕРДІ ЖІКТЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Нормативтік актілерді жүйеге келтірудің мақсаты құқықтық материалдарды тәртіпке келтіріп, оларды белгілі бір бөлімдер мен тарауларға орналастыру, яғни саралау болып табылады. Қажет болған нормативтік актілерді іздестіріп табу ісін жеңілдету үшін бұлай етіп орналастыру ыңғайлы және ол заңдылық талаптарын орындау шарты қызметін атқарады.Бұл аспект бұрынғысына қарағанда осы іс нормативтік актілерді сырттай жүйеге келтіру, құқықтық нормаларды терең ішкі мазмұндары бойынша бірыңғай мазмұндас етіп орналастыру болып,есептеледі.Және ол құқықтағы кездесіп қалуы мүмкін кемшіліктері, қарама-қайшылықтарды болдырмау жолын қарастыру болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілерді бір жүйеге келтіруге заң шығарушылар, құқық қолданушылар және барлық азаматтар да мұқтаж.
Нормативтік құқықтық актілерді бір жүйеге келтірудің қазіргі уаөытша үш түрі белгілі. Олар инкорпорация , кодификация және консолидация. Нормативтік-құқықтық актілерді бұлайша бөлу құқықтық материалдарды тәртіпке келтіру үдерістерінің түрліше болып келедіктерімен байланысты және соларға негізделеді.
Кондификация актілерді сырттай, сондай-ақ іштей өндеуді де қамтиды. Кодификациялаудағы өңдеу ісінің барысында нормативтік актілерді жүйеге келтірумен қатар, олардың мазмұнына да әжептеуір өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, ескірген принциптер мен нормалар өзгертіледі, жойылады. Олардың орнына жаңалары жасалынады. Бұл істі тек мемлекеттің заң шығарушы органдары ғана жүзеге асырады. Және бұл іс құқық шығармашылығы ісінің бір түрі болып табылады.
Кондификация нәтижесі жаңа заң актісін шығару, ол осы мәселе бойынша бұрыннан күші бар нормативтік актіні алмастырады. Сөйтіп ол кондификациялық акті деп аталады. Оған жататындар кодекстер жарғылар, жарлықтар. Кондификация жалпы және арнайы деп екіге жіктеледі. Кондификацияның белгілі бір түрлеріне жарғылар, жөн-жоба тәртіп ретінде регламент қағидалар жатады.Олар арнайы жасалған кодификацияның нәтижесі болып табылады.
Инкорпорация нормативтік актілерді белгілі бір тақырыптарды қамтитын нышандарына қарай жүйелейді. Сондықтан да бұл саралау пәндік және қарай немесе ол қарапайым түрде жүйеге келтіру болып табылады.
Сонда, жүйелеудің қарапайым және көп тараған түрі құқықтық актілерді инкорпорациялау болып табылады.
Инкорпорацияның нәтижесінде нормативтік актілер қоғамдық қатынастардың белгілі бір салаларына реттеудегі белгілі нышандары бойынша біріктіріледі. (Мысалы, зейнеткерлік саласын немесе тұрғын үймен қамтамасыз ету саласын ) .
Инкорпорация өзі реттейтін осы пәніне жататын барлық заңды түгелдей қамтуы мүмкін. Ол ең басты инкорпорация деп аталады. Ол инкорпорацияның тек бір бөлігіне ғана қатысты болуы мүмкін - онда ол дербес инкорпорациялау болады. Инкорпорация ресми-бейресми де болады. Ресми инкорпорация реми органдар жүзеге асырады. Мұндай инкорпорациялар бар нормативтік құқықтық актілерді өңделген, тәртіптік ретке келтірілген күшінде жариялаудың және қайта жариялаудың тәсілі ғана болып табылады. Ресми инкорпорациялау Қазақстан Республикасы Президентінің жеке, Үкімет актілерінің жинағы жатады.
Бейресми инкорпорациялауды заңдарды жүзеге асыратын өздерінің дербес бастамасымен жекелеген ұйымдар мен дара тұлғалар, лауазым иелері жүзеге асады. Ол нормативтік актілерді жариялаудың тәсілі болып табылмайды. Бейресми инкорпорациялауға Жекешелендіру туралы нормативтік актілер Еңбек заңдары және т.б. жатады.
Консолидация кодификация мен инкорпорациялаудың аралығында орын алады. Мұнда консолидациялау әдісі үдерісінде бірнеше нормативтік актілерді бір ірі құрамаға біріктіреді. Бұрынғы актілердегі құқық нормалары мұнда бір ізгілікпен дәйекті, қисынды маңызы сақтала отырып, қайталауларды болдырмай және қайшылықтарға жол бермей орналастырады. Мұнда кейбір баптардың жаңаша жазылуы мүмкін. Алайда консолидация қоғамдық қатынастарды реттеуге елеулі өзгерістер енгізбейді. Сондықтан өзінде консолидацияның кодификациясы ұқсас келетін кейбір сипаттары бола тұрсада, бұл жағынан ол инкорпороцияға жақынырақ ие болып келеді.
Консолидацияның нәтижесінде заңдардың жинақтары жасалынады. Әдетте олар бейресми сипатта болады. Мұнда құқық нормалары, өздерінің іс-әрекет түрлерінің біріне жататындығын білдіретін нышан белгілермен салыстырғаннан соң барып жинаққа біріктіріледі (табиғатты қорғау, күрделі құрылыс құралдарымен жұмыс істеу және т.с.с).Жекелеген нормативтік актілер түгелдейімен де, сондай- ақ үзінділер түрінде де консолидациялау актілерін әдетте мемлекеттік немесе қоғамдық салаларда қызмет істетейтіндер заң жөніндегі құралдар ретінде пайдаланды.
Құқықты жүзеге асырушылар мен оны қолданушылар үшін заңдардың жүйелі болғаны әрқашан да қажет-ақ, ол атқарылып орындалып жатқан істер көлемін ұлғайып көбейген кездерінде әсіресе керек болады. Олай болатын себебі, құқықтық ақпарат мағұлматтарының қисынды түрде бірізділікпен дәйекті, ішкі мазмұнының келісімді құрылуы қажет болған құқықтық норманы дер кезінде табуды қамтамасыз етеді.
Заң халықтың қалың бұқара топтарының түсінуіне оңай болуы тиіс. Олар өздерінің құқықтары мен бостандықтары жөнінде, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның өздеріне қойып отырған талаптарын да түпкі деректердің білуі тиіс. Тек қана тиісті түрде бір жүйеге келтірілген заң ғана халықтың құқықтық деңгейдегі қажетті мәдениетке жетуіне, ал құқық қолданушылардың кәсіби-заңгерлік мәдениетке жетулеріне жағдай жасайды, мүмкіндік береді. Заңдарды жүйелеу ісі ғылыми приматтарды іздестіру және оларды белсенді түрде қолдану құқықтық ақпарат материалдармен жұмыс істейтіндерден іскерлікпен дағдыны қажет етеді. Өйткені ақпарат мағұлматтары ондаған миллион белгі-таңбалардан тұрады. Ақпарат мағлұматтары іздестіруде қажет болған нормативтік - құқықтық актіне тауып алу ісін дәстүрлі жүйелер негізінде орындаудың келмеске кететін күні алыс емес. Ахуалдың жақсаруы үшін нормативтік құқықтық құжаттар саласын механикаландыру- автоматтандыру, оған қоса ақпараттық - іздестіру жүйесін жаңа техникалық негізде ұйымдастыру өзекті мәселеге айналдыру қажет. Мұндай ақпараттық мағұлматтарымен айналысатын қызметкерлердің жеке компьютерлері болған мерзім жетті.
Нормативтік актілер әр түрлі органдармен, түрлі уақытта, кеңістік шегінде және түрлі негіздер бойынша қабылданады. Бұндай жағдай заңдар мен заңға бағынышты актілердің өзара қайшылықта болуына әкеп соғады. Сондықтан қоғамдық қатынастардың тәртіпте болуы үшін алдымен нормативтік актілердің өзі ретке, тиісті жүйеге келтірілуі керек. Ендеше, жүйелеу - нормативтік актілерді тәртіпке, белгілі бір жүйеге келтіру. Ол заңдардың тиімді қолданылуын қамтамасыз ету, ескірген және тиімсіз құқық нормаларын жою, құқықтық дауларды шешу, кемшіліктерді болдырмауүшін қажет.
Нормативтік құқықтық актілердің туынды түріне: қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін регламент, қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық актының ерекше түрі - ереже, қандай да бір қызмет түрін ұйым­дастыру мен оны жүзеге асыру тәртібін белгілейтін норма­тивтік құқықтық актының түрі - қағида жатады.
Заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нұс­қаулық - нормативтік құқықтық актының негізгі бір тү­рі. Сонымен қатар, ҚР заңдарында туынды түрдегі нор­мативтік құқықтық актілердің өзге де нысаны көзделуі мүмкін.
Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық акті негіз­гі түрдегі нормативтік құқықтық акті арқылы қабыл­данады не бекітіледі, сондай-ақ, онымен біртұтас. Туын­ды түрдегі норма­тивтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер саты­сын­да алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықта­лады. Орталық атқарушы органдар мен ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сон­дай-ақ, жергілікті бюджеттерден қаржыландыры­латын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабыл­дайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер норматив­тік құқықтық актілер болып табылмайды.
Жүйелеудің мынандай түрлері бар:
Инкорпорация - мазмұнын өзгертпестен нормативтік актілерді олардың әрқайсысы өзінің дербес заңдық мәнін сақтап қалатындай етіп, жинаққа біріктіру жолымен жүйелеу нысаны. Инкорпорацияның қағидалары: хронологиялық (олардың қабылдану уақыты бойынша) , мәтіндік (белгілі бір мәтіні бойынша) және т.б. Инкорпорация - жүйелеудің ең қарапайы түрі. Ол ресми және ресми емес болып бөлінеді. Ресми инкорпорацияға Қ.Р- дағы заңдар жинағын, ал ресми емеске білім беру мақсатында шығарылатын құқықтың салалары бойынша нормативтік материалдардың жинағын жатқызуға болады. Құқтық істерді қарау процесінде ресми емес инкорпорация лық материялдарға сілтеме жасауға болмайды. Мысалы сотта.
Консолидация - мазмұнын өзгертпестен нормативтік актілерді біріңғай актіге біріктіру жолымен жүйелеу нысаны (алайда әрбір акт өзінің дербес құқықтық мәнін жоғалтады). Бұнда нормативтік актілер олардың белгілі бір қызметке қатыстылық белгісі бойынша біріктіріледі (табиғатты қорғау, білім беру және т.б.). Консолидацияның ерекшелігі - онда инкорпорация мен кодификацияның белгілері табылады және ол кодификация мүмкіндігі болмаған жағдайда аралық кезең ретінде қолданылады.
Кодификация - мазмұнын өзгерте отырып нормативтік актілерді бірыңғай логикалық біртұтас актіге біріктіру жолымен жүйелеу нысаны. Кодификаци процесінде ескірген құқықтық материалдар, нормалардағы қайшылықтар жойылып, жаңа ережелер туындайды, олардың үйлесімділігі , логикалық тәртібі қамтамасыз етіледі. Сондықтан кодификация - құқық шығармашылық әдісі, барынша күрделі және жүйелеудің қиын түрі.
Заңдарды кодификациялау жалпылай (заңдардың елеулі бөлігі қайта өңделеді), салалық (белгілі бір сала заңдарының нормалары қайта өңделеді), арнайы (қандай да бір құқықтық институттың нормалары қайта өңделеді) болуы мүмкін. Кодификация құқық нормаларын мазмұны бойынша және олардың жаңа заңдағы (кодекс, заңдар жинағы және т.б.) жүйеленген, ғылыми негізделген мазмұнын қайта өңдейді.
Кодификацияның белгілері:бірінші, онымен тек арнайы органдар айналысады, екінші, оның нәтижесінде жаңа нормативтік акт пайда болады - кодекс, үшіншіден, кодификацияланған акт белгілі бір салада әрекет ететін басқа барлық актілердің ішіндегі негізгісі болып табылады.

ІІ.КОДИФИКАЦИЯ МЕН ИНКОРПОРАЦИЯ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ЖҮЙЕГЕ КЕЛТІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ.

Заңдарды жүйелеудің келесі түрі-кодификациялау (сұрыптау),өзінің кең ұғымында заңдарды жетілдірудің және тәртіпке келтірудің үлгілі әрі мейлінше тиімді нысанын білдіреді.
Кодификация-бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің нәтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Кодификация процесінде ескірген материалдар мен нормалардағы қарама-қайшылықтар жойылады, жаңа жүріс-тұрыс ережелері қалыптасады, олардың өзара келісуі мен логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дәстүрлі қалыптасқан түрі болып кодекс табылады, ол-бір сипатты қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын жан-жақты реттеуге мүмкіндік беретін ірі акт. Кодификациялық актілердің құрылымы күрделі. Оның баптары мол болып, бөліктерге, тарауларға бөлінеді, олардың кейбіреулерінде кіріспе бөлімі бар. Әдетте, кодификациялық актіде заңдар институттарын, салаларын қалыпты негіздеріне айқындап, қоғамдық өмірдің ең басты мәселелерін реттейтін қалыптары қамтылады;
1) ондай акт қоғамдық қатынастардың ауқымды және кең сфераларын (мүлік,еңбек, неке және отбасы қатынастарын, қылмыскерлермен күресу т.б.) реттейді;
2) заңдарды жетілдіру түйіні бола отырып, ол бір-бірімен қабысқан тұжырымдардың ықшамдалған жиынтық актісін білдіреді; ол жиі айтарлықтай тұрақты қоғамдық қатынастардың бірыңғай қағидаттары негізінде реттелген,өмір тәжірибесінде пісіп-жетілдірілген тұтас құқықтық құжат;
3) кодификациялық актілердің өте тұрақтылық, өзеріске ұшырамайтын,ұзақ кезеңдерге есептелінген құқық қалыптарының берік құрылымын қамтамасыз етеді. Кодификациялық актінің тиімділігі заңгерлердің қоғамдық қатынастардың даму объективтік тенденциясын, оның реттегіш динамикасын есепке алуларынан байқалынады;
4) кодификацияның пәні заңдар жүйесінің салаларға, институттарға бөлінуіне қарай анықталынады. Кодификация құқықтық қалыптық актілердің жүйесін, олардың заңдық бірлігін және үйлесімділігін нығайтады. Сөйтіп,кодификациялық акті басқа қалыптық актілерден жоғары тұрады және олардың жүйесін басқарады;
5) ол сонымен қатар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге белгілі бір, кейде айтарлықтай елеулі өзгерістер және тек ерекше ережелер де енгізеді, қолданылып жүрген заңдардың сапалы өңделген қорытындысына айналады;
6) кодификациялық акті өзінің көлемі жағынан өте маңызды, күрделі құрылымдардан тұрады, оның ішкі құрылымы белгілі бір жүйеге сай келеді.
Жүйелеудің келесі түрі-консолидация (топтастыру), яғни қалыпты актілердің көптігін бір ірілендірілген актіге біріктіру. Жаңа іріленген акт оған енген қалыпты актілерді ауыстырады, өйткені, құқық шығарушы орган оны жаңадан қабылдап отыр және өзінің ресми деректері: атауы, қабылдаған күні, нөмірі әрі лауазымды адамның қолы бар. Былайша айтқанда, топтастыру мемлекеттік органдардың құқық шығару қызметінің бір түрін білдіреді. Соған қарамастан, бұл құқық шығарудың өзгеше тәсілі. Оның басты ерекшелігі-топтастыру кезінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің мазмұны өзгермейді. Бұрын қабылданған актілердің қалыпты нұсқаулары жаңа актіге өзгеріссіз біріктіріледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықты түсіндіру мәні
Мемлекет қызметінің жіктелуі
Құқықты түсіндірудің түрлері
Құқықты түсіндірудің маңызы
Құқықты түсіндіру мазмұны
Жер құқығының қайнар көздері
Құқық шығармашылығы туралы
Заңды тұлғалар төлейтін салықтардың түрлері
Нормативтік - құқықтық акт
Құқық жүйесі түсінігі және мәні
Пәндер