Оқушылардың креативтік құзыреттіліктерін сыныптан тыс дамыту



КІРІСПЕ 3

І. КРЕАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК. ОҚУШЫЛАРДЫ СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА ДАМЫТУ . КРЕАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК НЕГІЗІ
6
1.1 Құзыреттілік мәні мен мазмұны 6
1.2 Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың креативтілігін дамытудың теориялық моделі 12
ІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ КРЕАТИВТІ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
16
2.1 Креативтік құзыреттілік әдістері 22
2.2 Оқушылардың креативті құзыреттіліктерін дамыту нәтижесі 24

ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34
Біздің ғасырда қоғамымыздың сапасы өзгерісін байқауға болады. Мемлекеттің даму деңгейі оның табиғи қорларының байлығымен ғана анықталмайды. Мемлекеттің дамуына елдің зиятты және әлеуетті шығармашылығы жоғары адамдар үлес қосады. Осыған орай, Қазақстан
Республикасындағы білім берудің стратегиялық жүйесі бойынша, елімізде жоғары білікті, білімді, бәсекелес шығармашыл адамдардың қатарын көбейту алға қойылған.
Тұлғаның шығармашылық дамуының педагогикалық-психологиялық қағидаларын арнайы қарастырғандар: А.З. Запорожец, Д.Б. Эльконин, М.И. Лисина, А.А. Венгер, В.В. Давыдов, Н.Н. Поддъековтар және т.б. А.М. Матюшкин көптеген зерттеушілердің жұмыстарын негізге ала отырып (Н.С. Лейтес, Б.М. Теплов, В.А. Крутецкий, Е.И. Игнатьев, Э.А. Голубаева, В.М. Русалов, А.В. Запорожец, т.б.), шығармашылық дарындылық тұжырымдамасын өңдеген. Шығармашылық дарындылық құрылымына бөлінеді:
- танымдық мотивацияның басымдылық ролі;
- зерттеуші шығармашылық белсенділік;
- сонылы, стандарты емес шешімнің мүмкіндігі;
- болжау мүмкіндігі;
- жоғары эстетикалық, адамгершілік, зияттылықты бағалауды қамтамасыз ететін жаңа эталондарды құру.
А.М. Матюшкин дарындылықтың психологиялық құралы адамның шығармашылығы мен шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық бірліктерімен сәйкес келеді деген. Бірқатар ғалымдар тұлғаның шығармашылық әлеуеті адамның шығармашылық өзін-өзі дамуына өзін-өзі көрсетуге деген қажеттілікті қамтамасыз ететін тұлғаның табиғи және әлеуметтік күшінің біріктірілген біртұтастылығы деп қарастырылады.
Шығармашылық әлеуеттің құрылымдық-мазмұндық жоспары зияттылық қабілетті, креативтілік, тұлғалық қасиеттердің кешенін көрсетеді. Сонымен қатар адамның өз мүмкіншілігін толық жүзеге асыруға көңіл аударады. Барлық зерттеушілер шығармашылық әлеуеттің дамуының кең мағыналылығына назар аударып, кәсіптік әрекетке негіз болатын нақты қабілеттермен, білім, білік жүйелерімен, мұғалімнің шығармашылық әрекетке дайындылығымен, жалпы және кәсіби мәдениетімен байланыстырылады.
1. Ү. Б. Жексенбаева. “Балалардың дарындылығын диагностикалау” Әдістемелік құрал. Алматы –2005 жыл.
2. Ү. Б. Жексенбаева “Оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу” Әдістемелік құрал. Алматы-2005 жыл.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008
4. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005
5. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»
6. (ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008
7. Селевко Г.К. Опыт системного анализа современных педагогических систем // Школьные технологии – 1996 - №6 - с. 3-43
8. С. Қарапаев. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы./ Бастауыш мектеп, №1, 2006, -24-бет.
9. И. Бикирова. Шығармашылық-нәтижелі оқыту негізі./Бастауыш мектеп, №5, 2006,-8-бет.
10. Қ. Нағымжанова, Н.Нұрғазиева. Сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту./Қазақстан мектебі,№6,2006,-5-8бет.
11. Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту./ Алматы: Рауан, 1994.-80бет
12. Ильин В.И. Творчество. Креативность. Одаренность – М., 2012
13. Бурлачук Л.Ф. Психодиагностика личности. – Киев, 1989.
14. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-справочник по психодиагностике. – М., 1999.
15. Гильбух Ю.З. Психодиагностика в школе – М., Знание, 1989.
16. Гуревич К.М. Современная психологическая диагностика: пути развития // Вопросы психологии. – 1982, №1.
17. Общая психодиагностика /Под ред. Бодалева А.А., Столина В.В, - М., 1987.
18. Д.В.Чернилевский Креативная педагогика и психология, М.Академический проект, 2004. 560-б.
19. Богоявленская Д.Б. Психология творческих способностей. - М.: Академия, 2002. - 320 с.
20. Гнатко Н.М. Проблема креативности и явление подражания. – М., 1994.
21. Гилфорд Дж. Три стороны интеллекта // Психология мышления / Под ред. А.М. Матюшкина. – М., 1965. – С.433-456.
22. Юнг К.Г. Психологические типы. Психология индивидуальных различий. – М., 1952.
23. Морозов А.В. Креативная педагогика и психология. – М., 2001.
24. Асылов Ұ.Ә. Педагогика және психология: қазақ тілі терминдерінің салалы ғылыми түсіндірме сөздігі. – Алматы: Мектеп, 2002. – 45-46 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың креативтік құзыреттіліктерін сыныптан тыс дамыту

КІРІСПЕ
3

І. КРЕАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК. ОҚУШЫЛАРДЫ СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА ДАМЫТУ - КРЕАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК НЕГІЗІ

6
1.1 Құзыреттілік мәні мен мазмұны
6
1.2 Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың креативтілігін дамытудың теориялық моделі
12
ІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ КРЕАТИВТІ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

16
2.1 Креативтік құзыреттілік әдістері
22
2.2 Оқушылардың креативті құзыреттіліктерін дамыту нәтижесі
24

ҚОРЫТЫНДЫ
31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
34

КІРІСПЕ

Біздің ғасырда қоғамымыздың сапасы өзгерісін байқауға болады. Мемлекеттің даму деңгейі оның табиғи қорларының байлығымен ғана анықталмайды. Мемлекеттің дамуына елдің зиятты және әлеуетті шығармашылығы жоғары адамдар үлес қосады. Осыған орай, Қазақстан
Республикасындағы білім берудің стратегиялық жүйесі бойынша, елімізде жоғары білікті, білімді, бәсекелес шығармашыл адамдардың қатарын көбейту алға қойылған.
Тұлғаның шығармашылық дамуының педагогикалық-психологиялық қағидаларын арнайы қарастырғандар: А.З. Запорожец, Д.Б. Эльконин, М.И. Лисина, А.А. Венгер, В.В. Давыдов, Н.Н. Поддъековтар және т.б. А.М. Матюшкин көптеген зерттеушілердің жұмыстарын негізге ала отырып (Н.С. Лейтес, Б.М. Теплов, В.А. Крутецкий, Е.И. Игнатьев, Э.А. Голубаева, В.М. Русалов, А.В. Запорожец, т.б.), шығармашылық дарындылық тұжырымдамасын өңдеген. Шығармашылық дарындылық құрылымына бөлінеді:
- танымдық мотивацияның басымдылық ролі;
- зерттеуші шығармашылық белсенділік;
- сонылы, стандарты емес шешімнің мүмкіндігі;
- болжау мүмкіндігі;
- жоғары эстетикалық, адамгершілік, зияттылықты бағалауды қамтамасыз ететін жаңа эталондарды құру.
А.М. Матюшкин дарындылықтың психологиялық құралы адамның шығармашылығы мен шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық бірліктерімен сәйкес келеді деген. Бірқатар ғалымдар тұлғаның шығармашылық әлеуеті адамның шығармашылық өзін-өзі дамуына өзін-өзі көрсетуге деген қажеттілікті қамтамасыз ететін тұлғаның табиғи және әлеуметтік күшінің біріктірілген біртұтастылығы деп қарастырылады.
Шығармашылық әлеуеттің құрылымдық-мазмұндық жоспары зияттылық қабілетті, креативтілік, тұлғалық қасиеттердің кешенін көрсетеді. Сонымен қатар адамның өз мүмкіншілігін толық жүзеге асыруға көңіл аударады. Барлық зерттеушілер шығармашылық әлеуеттің дамуының кең мағыналылығына назар аударып, кәсіптік әрекетке негіз болатын нақты қабілеттермен, білім, білік жүйелерімен, мұғалімнің шығармашылық әрекетке дайындылығымен, жалпы және кәсіби мәдениетімен байланыстырылады.
Шетел зерттеулері шығармашылық дарындылықты түсіндіру үшін креативтілік түсінігіне негізделеді. Е.П. Торренс бойынша креативтілік - бұл әлеуметтік емес, өнімді ойлауға деген қабілет пен жеке бастық сипатпен базаланатын жалпы зият. Е.П. Торренс креативтілік процесті сипаттау арқылы анықтайды, нәтижесінде адам проблемаларға, білімдегі проблемаларға сезімталдық танытады. Ақпараттың жоқтығын немесе олардың бірліктерінің дисгормониясы кезінде адамда қысымды сезінушілік күшейеді. Проблеманы шығармашылық жолмен шешуде адам жалпы қабылдаған, қарапайым проблемаларды шешуден қарағанда көптеген болжамдар құрып, өз күдіктерін шешудің жолдарды қарастырады. Е. Торренс үш сипатты бөлген: адекваттылық, кідіріске қарсылық немесе ойлаудың абстрактілігі.
Зерттеу логикасынан ағымдай келе креативтіліктің міндетті жағдайына мыналар жатады:
а) шығармашылық тұлға;
в) шығармашылық процесс;
б) шығармашылық орталар.
Педагогикалық қабілет негізінде қарым-қатынастық және дидактикалық креативтілік жатады. Педагогикалық қабілеттер интуицияны дамытатын педагогикалық шығармашылық қабілетіне ықпал етеді.
Педагогикалық жаңашылдықтар басқа аймақтағы аналогиялық процестерден айырмашылығы инновацияның объект пен іс-әрекет пәні дамушы үздіксіз мен тұлғаның қайталанбастығы. Сол тұлғаның даму процесінің іске асуында кез-келген педагогикалық жаңашылдықтар ұсынылады.
Педагогтың инновациялық іс-әрекетін жеке бастық категория, шығармашылық іс-әрекет қорытындысы ретінде сипаттауға болады.
Креативтілікті зиятты және әлеуметтік деп бөлуге болады. Зиятты креативтілік талдау мен жинақтаудан тұратын когнитивті аймақты біріктіреді. Талдау мен жинақтауды қабілеттер жат зияттың құрушысы болып табылады. Әлеуметтік креативтілік кәсіби креативтілікті, педагогикалық креативтілікті біріктіреді. Педагогикалық креатитивтілік қарым-қатынасты және дидактикалықтан құрылады. Қарым-қатынасты креативтілік диалог пен суырып салмалыққа жүгінеді. Дидактикалық креативтілік зиятты құндылықтарға қабылдағыштықты, жаңашылдыққа қабілеттілікпен бірге зияттылық құндылықтарға қабылдағыштық жатады.
Сол себепті креативті білім беру және тәрбиелеу процесінде тұлғалық категория ретінде креативтілікті дамыту мүмкіндігін зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқушылардың сыныптан тыс креативтік құзыреттіліктерін дамыту жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Креативтілік құзіреттілік ұғымына түсінік беру;
oo Шығармашыл тұлға қалыптастыру жолдары;
oo Креативтік ойлау әдістерін ұсыну;
oo Оқушыларды сыныптан тыс креативтік шығармашылыққа баулу;
Зерттеу нысаны: мектептегі оқу - тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың креативтік
құзыреттілігін қалыптастыру процесі
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. КРЕАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК. ОҚУШЫЛАРДЫ СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА ДАМЫТУ - КРЕАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК НЕГІЗІ
1.1 Құзыреттілік мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту деп атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр.
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.
Осындай ұрпақ тәрбиелеуде қазақ тілін оқытудың мақсаты:
* Қазақ тілінде сөйлей (ойын жеткізе) алатын тұлға - тілдік тұлға;
* Қазақ тілінде дітін орындата алатын тұлға - коммуникативтік тұлға;
* Қазақ тілінде ойлайтын, қазақ мәдениетін меңгерген тұлға - тілдік-мәдени тұлға тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.
Құзыреттілік ұғымы білім, білік және дағды (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылырдың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек құзырет және құзыреттілік ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Б.Тұрғанбаева: Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады.
К.Құдайбергенова: Тұлға құзырлылығын қалыптастыру жолдары:
- білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады;
- тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметік-психологиялық сипаты көрінеді, - деп тұжырымдайды.
Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игеруге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді.
Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:
* түйінді құзыреттер;
* жалпыланған пәндік біліктіліктер;
* қолданбалы пәндік біліктіліктер;
* өмірлік дағдылар;
Бұл төрт бағыттың бәрі біздің мектептер үшін өте қажет. Бұлардың әрқайсысын орындау мектеп түлектерінің құзыреттіліктерін, олардың мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа дайындығын арттыруға себептесетін болады.
Құзырлылық, құзыр ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы төмендегідей ажыратылады:
А) білімнен айырмасы - қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады.
Ә) дағдыдан айырмасы - оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет.
Б) біліктіліктен айырмасы - дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес, керісінше бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.
Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер - ақпараттық құралдар.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады. Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен анықталады.
Болжау
Ұйымдастыру
Бақылау
Реттеу
Үйлестіру
Сәйкестендіру
Белсенділігін арттыру
Зерттеу
Оқыту формасында оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік құзыреттілік - қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың нақты нысаналарының қажетті және жеткілікті саны және олармен жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс.
Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің мұғалімінің міндеті - жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру - негізгі міндет. Құзырлылық - оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс:
- бағдарламалық-мотивациялық;
- ізденушілік-зерттеушілік;
- тәжірибелік;
- рефлексиялық- бағалаушылық;
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда шығармашылық тапсырмалар атауы педагогикада белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады.
Шығармашылықты,
- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,
- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы арқылы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты.
Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.
Оқушыларды келесі жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулуға болады деп есептеймін:
:: сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу;
:: жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;
:: нақыл сөздердің мәнін ашу;
:: мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жазу;
:: жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;
:: өз сыныптастарының (т.б.) портретін суреттеу, мінездеме беру;
:: автордың идеясын өз идеясымен өрбітіп жазу;
:: өлең құрастыру;
:: жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;
:: еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;
:: ұжым болып ертегі құрастыру;
:: ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту;
:: ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;
:: оқыған кітаптары бойынша ойтолғау жазу;
:: қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;
:: баспасөз материалдары бойынша пікір айту;
:: өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;
:: ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;
:: іс қағаздары үлгілерін жаздыру;
:: тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;
:: оқиғаға қатысты өз ойларын айту;
:: автордың көзқарасы туралы айта білу;
:: көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.
Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп оқушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды - тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі - сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді деген сөзбен ойымды аяқтағым келеді.

1.2 Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың креативтілігін дамытудың теориялық моделі
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері,елімізде көптеген өзгерістер болып жатыр.Білім мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды.Оның дәләлі - Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Онда Елбасы:Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш - жігерімізді салуымыз керек-деген.
Оқу материалдарын оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай сұрыптап ұсыну, сабақтың типі мен түрін оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау,мақсаттарды және күтілетін нәтижені анықтау, оқу біліктілігін жетілдіру.Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Ғылыми әдебиеттерде құзіреттілік дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім,білік,дағды,іскерлік,әрекет тәсілі) жиынтығы.
Құзыреттілік терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының негізгі мақсаттарының бірі жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылықты дамыта отырып, жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр. Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік негізінен бастауыш сынып оқушыларын оқыту үрдісінде қалыптасады.
Сталиндік репрессия құрбандары, ақындар, қоғам қайраткерлері Жүсіпек Аймауытов Баланы тілге жаттықтырудың мағынасы: баланы сөйлеуге, басқалардың сөзін ұғуға, өз бетімен жазуға, оқуға төселдіру. Бірақ бұл мағынасыз әдеттендіру, құрғақ төселдіру емес, тілге жаттығумен бірге адам ойлауға да жаттығады [5 томдық шығ. ж. А., Ғылым, 1998, 30-б.] деп нақтыласа, Мағжан Жұмабаев Педагогика еңбегінде Тіл адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді. Адам тілі арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады [А., Рауан 102 б.] деп жазады.
Тұлғаның тірек құзырлылықтарының бірі ретінде танылып отырған коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру оның тілдік білімін тереңдетумен қатар сөйлеу біліктілігін де жетілдіреді.
Құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор.
Коммуникативтік құзыреттілік (латынның соmpetere -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) - оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:
:: Сұрақ - жауап (мұғалім мен оқушылар)
:: Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
:: Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
:: Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады.
Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың
· Қатысым және жазылым қарым - қатынасын қалыптастыруға
· сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге
· жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.
Ғалым Ф.Ш. Оразбаева коммуникация термині туралы былай тұжырымдайды: коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдік әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді.
Осыдан барып, комуникабельді -тез тіл табысады, түсінуге бейім, комуникабельдік-түсінушілік т.б. деген сөздер пайда бола бастады.
Ғалым коммуникация сөзін қатысым деп танып, қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаңадан тілдік қатынас, тілдік қарым-қатынас, тілдесім, жазылым және т.б.терминдерді енгізді. [Тілдік қатынас, оқулық, Алматы 1, 39 бет.]
Бастауыш сынып оқушылары коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткізілді.
Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл- оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы деп санаймын.
Диалог-екі жақты құбылыс. Қарым-қатынаста көзделетін мақсатқа орай диалогтың өзіндік әртүрлі ерекшіліктері болады:

:: күнделікті тұрмысқа байланыстылығы;
:: ресми қарым-қатынасқа құрылуы;
:: ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі;
:: эмоционалды-экспрессивтілігі, әсерлілігі;
:: сөйлемдердің ықшамдалуы;
:: сөйлейтін сөздің алдын-ала жоспарланбауы;
:: ауыз-екі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы.

Оқу бағдарламасында коммуникативтік құзырет деңгейіндегі диалогқа қойылатын талаптар тұрғысынан белгіленгені:

:: сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін, ойын жалғастыра алу;
:: экология, тарих, өз қаласы, мәдениет тақырыптары, белгілі адамдар туралы сөйлесе алу;
:: айтылған әңгіме, оқылған мәтін, кітап, өнер, кино туралы өз ойын білдіру;

Диалог репликалардан құралады, оның бәрі - сөйлеуге уәж жасайтыны, екіншісі-жауап ретіндегі реакция-реплика. Диалогта ой ауысып отыратыны белгілі, сондықтан әңгімелесушілер - бір-бірімен ақпарат ауысып отырады. Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресатты әңгімелесуге шақырады (сұрайды, бұйырады, келіседі, келіспейді, өтінеді т.б.)
Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогта кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына баса мән беріледі.
Күнделікті сабақта жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолданамыз. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырамын. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады.
Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамын. Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін.
Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес бастауыш сынып оқушыларының еркін түрде тілдік қарым-қатынастарын дамытуда рөлдік ойынның алатын орны ерекше деп есептеймін.
Ролдік ойын кезіндегі оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда сөздік қорларының да орны ерекше.
Оқушылардың диалогтік ортасын құруда кесте мазмұнының да алатын орны ерекше. Кестедегі түйін сөздердің көмегімен оқушы сұрақ қою арқылы диалогтік ортаға енеді. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады.
Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.
Сонымен, қорыта айтқанда, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында жоғарғы дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, біліктілік, дағдыларды дұрыс қолдана алуына жағдай жасау- біздің ұстаздық міндетіміз.
Демек, бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тәрбиелеп шығару арқылы коммуникативтік құзіреттіліктерін арттырудың тиімді жолында атқарар еңбектері әлі де алда деп есептеймін.
ІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ КРЕАТИВТІ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды талапты ұрпағы. Олай болса дарынды балалардың қабілеттерін дамыту үшін, алдымен олардың дара ерекшеліктерін танып білуіміз қажет. Осы орайда мені: Дарынды балалардың ерекшеліктері қандай?, Олармен қандай қатынаста болу керек? деген сұрақтар толғандырды.
Көптеген ғылыми зерттеулерге қарағанда, дарынды балалар жинақталған білімін, тәжірибесін кең пайдалана біледі, хабарларды жүйелеп бөліп, талдайды. Кейбір балаларда математикалық қабілет басым, көпшілігінде оқу қабілеті басым келеді. Дарынды балалар өте зейінді, өзіне қызықты мәселені шешуге талпынып, табандылық көрсетеді. Өмір тәжірибесінің аздығына қарамастан әлі келмейтін мәселелерді шешуге тырысады. Сол себептен нәтежиесіз ісіне көңіл аудармай, оларды түсініп, әрекетіне басшылық жасау керек. Бұлақ көрсең-көзін аш дегендей, дарынды баланың бойындағы қабілетін, қасиеттерін аша білу- әрбір ұстаздың міндеті.
Оқушы - ізденуші тұлға. Сократ: Біреуді бір нәрсеге иландырғың келсе, құр сөзбен уағыздама, одан да бірге әрекеттен. Дені сау бала өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат заңы, саясат заңы білімін онсыз да біледі. Енді оны ғылымға түсірту - мұғалімнің жұмысы,- деп ұстаздың негізгі бақылаушылық рөлін белгілеп береді. Осыған байланысты мұғалім оқушыны неге, қандай мәселеге жетелеу керектігін біліп, өздігінен қорытынды шығара білуге нұсқаушы, бағыттаушы, бейімдеуші болуы керек. Оқушының жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде мұғалімдердің басшылығымен жүзеге асады. Осындай мәселелерді ескере отырып, өзім сабақ беретін сыныптардың ішінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын, соған талпынысы бар оқушыларды дамыту қажеттігі туралы ой туындады.
Сол мақсатпен оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мазмұны төмендегідей:

Осы диаграммаға қарап отырып, оқушылардың шығармашылықпен, яғни ғылыми зерттеу жұмыстарымен айланысуға ниет білдірулері мені ойландырды. Осыған орай алдыма мынадай мақсат қойдым: оқытудың жобалау әдісін қолдана отырып, сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың пәнді үйренуге деген ішкі ниетіне, көңіл-күйіне, тұлғалық қасиеттерінің көрінуіне, шығармашылық және зерттеушілік жұмыстарының жандануына ықпал ету және құзіреттілігін қалыптастыру. Осы мақсатпен мектеп психологымен бірлесе отырып, осы сыныптардағы дарынды балаларды анықтау тәжірибесін жүргіздік. ТЖР методикасы бойынша оқушылардың ойлау қабілетін дұрыс бағыттау үшін алдымен 4 жаттығу есептері, сонан соң 12 негізгі есептер берілді. Тәжірибе нәтижесінде 2 оқушының рефлекстік деңгейдегі теориялық ойлауының қалыптасқандығы, 3 оқушының жоспарланған деңгейдегі теориялық ойлауының қалыптасқандығы, 5 оқушының теориялық ойлау деңгейінің аналитикалық екендігі, 8 оқушының эмпирикалық ойлау даму деңгейінің қалыптасқандығын көрсетті.
Сондағы зерттеу мәселесі: дарынды оқушылардың өзіндік шығармашылығын дамыту, ғылыми ізденіске жетелеу болды.
Сондықтан алдыма төмендегідей міндеттер қойдым:
Дарынды оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне, ізденіп білім алуына ықпал ету;
Оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыру арқылы шығармашылық тұлға қалыптастыру;
Оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру.
Оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру- мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,-деп көрсетеді С.В.Селевко.
Педагог жұмысы тұтас психологияны жүзеге асырумен ғана емес, оқытудың технологиялық әдістері мен тәсілдерін меңгеруден де тұрады. Оқытудың технологиялық соны әдістерінің бірі-жобалау әдісі десек, оны сабақта қалай қолдануға болады?
Мысалы:
Математикалық есептерді зерттеп, зерделеу.
Берілген тақырып бойынша есепті шешіп, оны шешудің басқа да тәсілдерін анықтау. Есептің шешу жолын талдап, оның тиімді-тиімсіздігіне қорытынды жасау.
Есепті шешудің алгоритмін жазу.
Математиканың қандай да бір саласын өткенде, жинақ, кітапшалар, әдістемелік құрал т.б. дайындатқызуға болады.
Көпжақ, айналу денелерінің математикалық моделін жасау.
Әртүрлі тақырыпта рефераттар дайындау.
Бұл әдістерді жүзеге асыруда төмендегі принциптер басшылыққа алынады:
Оқытушы тұлғасы оқыту процесінде басты элемент ретінде қарастырылады, осыған қарамастан оның оқушыға өзіне-өзінің позициясы өзгереді. Оқытушы пәндік ақпаратты жеткізуші емес, дәстүрмен қағиданы сақтаушы, оқушының тұлғалық дамуы мен қалыптасуына көмекші. Оқушыға әсер ету, басқару сипаты өзгереді. Авторитарлы билік позициясы, үлкендік және күшті құқысы жоғалады. Орнына серіктестік позициясы, демократиялық қарым-қатынас орнайды. Сонымен қатар, оқушының да нәтежиеге деген бағдары өзгереді, баға алудан белсенді қарым-қатынасқа бағдарланады.
Білім функциясы жағынан оның ұйымдастыру тәсілі мен меңгеру өзгеріске ұшырайды. Білім біздің қоғамымызда үшінші орындағы әлеуметтік күш орнынан адамға қазіргі өркениет пен мәдениеттен орын алуға, қазіргі ақпаратты қоғамды жүйелі, пәнаралық жалпылық мәнге ие етеді.
Бірінші кезекте оқытудың әр түрлері арқылы тұлғаны дамыту, жеке дара емес, топтық формада өзара әсер ету, тұлғалық қарым-қатынас пен ұжымдық субьектіден жеке даралықты өсіру, бірлескен шығармашылық байланыс орнату.
Әрине, ғылыми жұмысқа жаңадан кіріскен жас зерттеушілерде іздену методологиялық құрылғысын құру, тәжірибелік деректерді таңдау, ғылыми жұмысты қорғау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Ғылыми зерттеу жұмыстарының орындалуы тұлғалық, интеллектуалдық, психологиялық күш жігердің жұмсалуымен сипатталады. Ізденушіден көп мөлшерде назар аударым, ой-сана шоғыры, ғылыми зерттеу методологиясы мен технологиясын білу, ғылыми білімді пайдалана білу ғана емес, белгілі мөлшерде оларды тудыру да талап етіледі. Мұндай мүмкіндіктер жас зерттеушінің құзіреттілік мазмұнын құрайды.
Жас зерттеушінің құзіреттілігінің құрылуы кез-келген теоретикалық, методологиялық және технологиялық өзара бағыттарымен іске асады. Ғылыми жұмыстың сәтті дайындалуы көптеген әсерлерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды сыныптан тыс креативтік шығармашылыққа баулу
Медиатехнологиялар арқылы оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту тәжірибесі
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Экономикалық білім беру
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Биология сабағында және сабақтан тыс кезде экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Пәндер