Сатып алушы мен сатушының құқықтары мен міндеттері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: І. САТЫП АЛУ - САТУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3: 5
КІРІСПЕ:
  1. Сатып алу сату шартының ұғымы жəне элементтерi
3: 5
КІРІСПЕ:
  1. Сатып алусату шартының объектiсi
3: 9
КІРІСПЕ: 1. 3 Бөлшектеп сатып алусату шарты
3: 13
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ІІ. САТУШЫНЫҢ ЖӘНЕ САТЫП АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3: 18
КІРІСПЕ: 2. 1 Сатып алушылардың құқықтары және оларды қорғау
3: 30
КІРІСПЕ: 2. 2 Сатушының (дайындаушының, орындаушының) құқықтары мен міндеттері
3: 32
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ІІІ. САТЫП АЛУ САТУ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК
3:

38

КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 41
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 43

КІРІСПЕ

Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы «Сатып алушы мен сатушының құқықтары мен міндеттері» болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. Өйткені қазір «сатып алу-сату» күрт өсіп отыр. Курстық жұмысты жазу мақсатым осы шарт түрінің ұғымын, оның мәні мен маңызын ашып көрсету болып табылады.

Тағыда бір еркеше айтатын мәселе Азаматтық кодекстің 25-тарауға «Сатып алу-сату шартына» біздің елімізде әлі де ғылыми зертеулер жүргізілмеген. Ғылыми-әдебиетке шолу жасайтын болсақ, жалпы «азаматтық құқық» мәселелеріне бұрынғы Одақ бойынша көңіл бөлген авторлардың ішінде ерекше айтарлық Басина Ю. Г., Суханов Е. А, Богатых Е, Сулейменов М. К., Диденко А. Г., Иоффе О. С. Гаврилов Э. П., Волнин И., және басқалар.

Сатып алушы мен сатушы құқықтары мен міндеттері бойынша өз ұстанымдарын барынша толық және нақты мынадай В. В. Витринский, А. П. Сергеев секілді ғалымдар жазған. Олар сатып алу -сату шарты туралы жалпы ережелерді, сондай-ақ оны жасау шарттары және сатып алу -сату шартының бөлік түрлерін жан-жақты қарастырған.

Ал біздің Республикамызда Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999ж. Жайлин Ғ. А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 ж; Темiрғалиева Р. А. Шарттар жинағы: Сатып алу- сату. Айырбас, сыйға тарту, жалдау. . / ҚР жаңа Азаматтық кодексiнiң ерекше бөлiмi негiзiнде құраст. ; Құраст. Р. А. Темiргалиева. - Алматы: ЖШС "Аян Әдет", 2000. - 128 бет. жылғы еңбектер баршылық.

Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты- Азаматтық кодекстің -бабы «Сатып алушы мен сатушы құқықтары мен міндеттері шартын» қолданудың тиімділігін күшейтуге бағыталған ғылыми тұжырымдар беру.

Осы басты мақсатқа байланысты зертеу барысында мынандай міндеттер тұрды:

• Азаматтық кодекстің -бабы «Сатып алу -сату шартының»- түсінігін ашу, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтау;

• «Сатып алу -сату шартының» субъектілері мен объектілеріне тоқталу;

• «Сатып алу -сату шартының» түрлерін анықтау;

• «Сатып алушы мен сатушының міндеттерін анықтау;

Сатып алушы мен сатушының жауапкершіліктерін айқындау;

Аталған міндеттерді орындау барысында Қазақстан Республикасының нормативтиік құқықтар мен актілеріне сүйенеді. Атап айтсақ - Қазақстан Республикасының Конституциясы 30. 08. 1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07. 10. 98ж. ) Алматы: Жеті-Жарғы. ; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 27 желтоқсан 1994 ж. (жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1 шілде 1999 ж., Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж. Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2 шілде 2003 ж.

Сонымен бірге Нормативтік актілер («Жылжымайтын мүлікті және онымен келісім құқығын мемлекеттік тіркеу туралы», «ҚР электрлік және жылу энергиясының тарифтін мемлекеттік реттеу туралы», «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы), азаматтық, коммерциялық, міндеттемелік, келісім-шарттық, жекешелендіру және халықаралық жеке құқық бойынша ғылыми - құқықтық әдебиеттер қолданылды.

Зертудің обектісі - «Сатып алушы мен сатушы құқықтары мен міндеттері» түрлері мен оның құрылымы.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдын, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы мен әдіснамалық негізі, қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

І. САТЫП АЛУ - САТУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. 1 Сатып алусату шартының ұғымы жəне элементтерi

Сатып алусату шарты бұл - мүлiктi ақылы берудi қамтамасыз ететiн шарттардың бiр түрi. Əрекет етушi азаматтыққұқықтық нормалар оның бiрнеше түрiн реттейдi, олардың əрқайсысының ерекшелiгi, олар қолданылатын салалардың ерекшелiгiне байланысты. Қазiргi кезде оның түрлi қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кəсiпкерлер, жеке жəне мемлекеттiк кəсiпкерлер арасындағы дəстүрлi тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттiң мұқтажы үшiн тауар сатып алу да қамтамасыз етiледi. Əрбiр шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тəртiбiмен жəне өзге қырларымен ерекшеленедi. Тауар жеткiзiлiмi шартында жəне сатып алусату шартының өзге де түрлерiнде, егер бiз оларды сатып алусату шартының жалпы ережелерiмен салыстыратын болсақ ерекшелiктер байқалады. Дегенмен, ол өзiнiң алуан түрлiлiгiне қарамастан, азаматтыққұқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерiнiң бiрi болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелерi ұзақ даму жолынан өткен жəне олардың тек өмiрге сəйкес келетiндерi ғана сұрыпталған.

Сатып алусату шартына сатып алушы жағына мүлiктi меншiкке беру шартқа сияқты көзқарас дəстүрлi болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3шi тармағына сəйкес зат үшiншi тұлға меншiгiне берiлу мүмкiншiлiгi жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының жəне республикалардың Азаматтық заңдары негiздерiнiң 1991 жылы күшiне енгiзiлуiне байланысты аталған шарт мүлiктi сатып алушы тарабының меншiгiне, толық шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына беретiн болып қарастырылады.

Мұндай шешiмдi екi тұрғыда қарастыруға болады.

Бiрiншiден, мемлекеттiк кəсiпорын, мекеме қатысуымен сатып алусату шартын онда мемлекет аталған субъектiлердiң мүлiктi оның меншiгiне алуға келiсiмiн берген шарт ретiнде бағалауға болады, осымен бiрге мемлекет аталған субъектiлерде тиiстi заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкiн. Екiншiден, аталған заттық құқықтар мемлекеттiк меншiкке негiзделетiн заңды тұлғалар меншiк иелерi ретiнде мүлiктi сатып ала алуы үшiн көлемi бойынша жеткiлiктi екенiн болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкiншiлiктер меншiк иесiнен басқа өзге де заттық құқықтар иелерiнде, мысалы, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.

Осы екi көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгенiне қарамастан оларды одан əрi негiздеу мемлекеттiк жəне оның құрған заңды тұлғаларының қарымқатынастарының тəжiрибелiк мəселелерiн шешуге мүмкiншiлiк бере алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 406бабына сəйкес: “Сатып алу шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға жəне ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттi”. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкiндiк бередi. Оған азаматтар жəне заңды тұлғалардан басқа мемлекет жəне субъект ретiнде əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер қатыса алады.

Мемлекеттiк кəсiпорын, қазыналық кəсiпорын, мемлекеттiк мекеме сатып алушы болған уақытта мүлiк тиiсiнше олардың шаруашылық жүргiзуiне, жедел басқаруына өтедi. Сонымен қатар, меншiк құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кəсiпорын болып келгенiне байланысты мемлекетте немесе əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiкте пайда болады. Бұл мемлекеттiк меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғалар тек шартты бөлiнiп шығарылады деген пiкiрге əкелуi мүмкiн. Бiрақ бұл (заңды тұлға құру) мүлiктi бiрнеше мақсатта оқшаулау үшiн маңызды. Кейде осы жеке меншiкке негiзделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлiкке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық. Атап өтiлгендей, сатып алусату шарты мүлiктi беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткiзiлiмi, келiсiмшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазiр сатып алусату шартының түр түрлерi болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алусату шарты, кəсiпорынды сату шарты қарастырылған. Бiздiң заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексiнiң екiншi бөлiмiнде бекiтiлген қозғалмайтын мүлiктi сатып алусату туралы жалпы нормалар жоқ. Бiздiң ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюiне байланысты бiздiң азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негiзiнен қандай да болсын сатып алусату шартына ерекше бөлiмде 25 тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.

Сатып алусату шартын меншiкке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретiн шарт ретiнде бағалау (себебi тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншiк құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлiктi құқықтарды сату ерекшелiгiн ескерудi талап етедi.

Бағалы қағаздарды жəне валюталық құндылықтарды сатып алусатуда, егер заңнама оларды сатып алусату үшiн арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бiрге бөлшектеп сатып алусатуға, тауар жеткiзiлiмiне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен бiз жалпы ережелер мəнiн төмендетпеуiмiз керек, өйткенi осылардың көмегiмен көптеген даулы жағдайлар шешiледi.

Шарттың өзiн сипаттауға көшейiк. Сатып алусату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екi жақ барлық елеулi жағдайлар бойынша келiсiмге келген сəттен бастап аяқталған (сатып алусату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бiр уақытпен сəйкес келуi (жасалған сəтiнде орындалатын шарттың болуы) бұл ереженi өзгертпейдi.

Сатып алусату шарты - ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етедi. Бiрқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепетеңi болып келмейдi, бiрақ шартта кiрiптарлықпен жасалған мəмiле көрiнiс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөнiндегi мiндеттi нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мiнезiн (тепетең айырбас ретiндегi) ескеру кəмелетке толмаған немесе əрекетке қабiлетсiз тұлғалардың құқықтарын қорғау негiзiнде болуы тиiс. Сонымен бiрге, бұл мемлекеттiк мүлiктiк мүдделердi неше түрлi алаяқтықтардан қорғау үшiн де қажет.

Кейде сатып алусату шарттарын жасағанда ақылылық ережесiнен ауытқу да болуы мүмкiн (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар) . Аталған мəмiлелер өзiнiң заңдық табиғаты бойынша шартты мəмiлелер бола алады. Мысалы, егер сауда кəсiпорны мыңыншы сатып алушыға iрi жеңiлдiк жасаймын деп жарияласа (мəмiле осы жөнiндегi шартпен жасалса) .

Бiр бiрiне қарсы бағытталған екi тараптың субъективтiк құқықтары мен мiндеттерi сатып алусату шартын өзара шарт ретiнде сипаттауға мүмкiндiк бередi. Əңгiме шарттың мəнiн құратын құқықтары мен мiндеттерi туралы болады. Құқықтар мен мiндеттердiң көмекшi мөлшерi екi жақтықтан ауытқу болуы да мүмкiн.

Сатып алусату мүлiк иесiнiң (басқа құқық иеленушiнiң) өзгеруiне (ауысуына) əкеледi. Көрсетiлген белгiлер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлiк жалдау (аренда), мердiгерлiк, сыйға тарту жəне басқа да шарттардан елеулi түрде ерекшеленетiнi туралы қорытынды жасауға мүмкiншiлiк бередi. Дегенмен, сатып алусату шарты туралы нормалар жалпы мəндi де иемденедi. Мысалы, олар мердiгерлiк қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердiгер оның сатушы рөлiнде болады.

Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберiнде сатып алусату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкiн. Басқа да құқықтық қатынастарда сияқты, сатып алусату шартының элементтерi болып бiздiң көзқарасымыз бойынша да субъект, объект жəне мазмұн болып табылады. Шарттар элементiнде “оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулi шарттар да, мерзiмi, нысаны мен мазмұны, яғни екi жақтың құқықтары мен мiндеттерi жатады”2 деген И. В. Елисеев жəне басқа да авторлардың пiкiрiне өзiмiздiң келiспеушiлiгiмiздi бiлдiремiз. Мұндай көзқарас азаматтық құқықтың неғұрлым тұрақты теориялық ережесiне терiс ықпал етедi, түсiнiктiң шынайы мəнiн жоғалтуға əкеледi.

Сатып алусату қатынасын 3 мəнде белгiлеуге болады.

Бiрiншiден, бұл - сатып алусатудың экономикалық қатынасы.

Екiншiден, бұл - адамдардың ой елегiнен өткен жəне құқық нормаларымен бекiтiлген субъективтiк идеологиялық қатынас. Ең соңында, сатып алусату шарты бұл - азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тəуелсiз тұрмыс етiп айырбастық материалдық қатынас ретiнде аталған құқықтық реттеудiң арқасында (көмегiмен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан - құқықтық қатынас нысаны.

Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгiлi бiр əрекетiн азаматтыққұқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен мiндеттерiн бекiтуге мүмкiндiк беретiн заң техникасының тəсiлдерi болып келедi.

Сатып алусату шартының нысаны оның бағасына, субъектiлерiне жəне заңдық, шарттық талаптарға сəйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 152 бабында бекiтiлген мəмiле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келедi.

Жүз айлық есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға, сонымен бiрге кəсiпкерлiк қызметтi қалыптастыру барысында жасалатын мəмiлелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы” заң күшi бар Жарлығына сəйкес, жылжымайтын мүлiктi сатып алусату шарттары мемлекеттiк тiркеуге жатады. Азаматтық кодекстiң 494бабы кəсiпорынның сатып алусату шартының бiр құжатты құру жолымен, екi жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актiсiн, бухгалтерлiк балансты, кəсiпорынның құны мен құрамы туралы тəуелсiз аудитор қорытындысының мiндеттi тiркелуiн қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлiктi сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттiк тiркеуге жатады жəне мемлекеттiк тiркеу кезеңiнен жасалған деп есептеледi.

Сатып алусату шартының субъектiлерi ретiнде азаматтық құқық субъектiлерi, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер, мемлекет əрекет ете алады. Сатып алусатудың қандай шарты жасалатынына қарап кəсiпкерлiк немесе кəсiпкерлiк емес, бөлшек сатып алусату шарты немесе мемлекеттiк кəсiпорындар мүлкiн жекешелендiру, олардың қатысушылар құрамы да өзгередi. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелiгi сатып алусату шарттарының жекелеген түрлерi бойынша төменде қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтемiз. Арнайы құқықтық қабiлеттi иемденетiн заңды тұлғалар сатып алусату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабiлеттiлiк шеңберiнде қатыса алады, яғни бұл жерде əңгiме қандай да бiр оның жалпы шеңберi туралы жүрмейдi, құқықтық қабiлеттiлiк көлемi əрбiр жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргiзу құқығында мүлкi бар мемлекеттiк кəсiпорын, оның негiзгi құралдарына жататын мүлiктi, сонымен бiрге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының “Мемлекеттiк мүлiк ережелерi бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне кейбiр қосымшалар мен өзгерiстер енгiзу туралы” Заңының редакциясындағы Азаматтық кодекстiң 200бабының 2шi тармағы. Егер мемлекеттiк келiсiмшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттiң құқық қабiлеттiлiгi шектелмеген, бiрақ, олармен жасалатын шарттардың мiнезi, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық жəне басқа да функциялармен (қызметтермен) анықталады.

Жеке тұлғалардың сатып алусату шарттарын жасасу мүмкiншiлiгiне олардың құқықəрекет қабiлеттiктерiнiң көлемi əсер етедi. Мысалы, əрекет қабiлеттiлiгi шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мəмiлелердi жасай алады, ал басқа мəмiлелердi жасауға олар өзiнiң қамқоршысының келiсiмi болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 27бап, Iтармақ) . Егер жүйелi түрде жүзеге асырылатын саудасаттық қызметi туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кəсiпкер мəртебесiне иемденген соң ғана оны жүргiзе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргiзiлуi мүмкiн. Негiзiнен: “Құқықтық қатынас субъектiлерi болып, жеке басымен жəне мүлкiмен оқшауланған, құқықтарға ие болатын жəне мiндеттердi көтеретiн тұлғалар табылады” Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердiң азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серiктестiктердiң) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтiрiлген анықтаманың дұрыстығына əсерiн тигiзбейдi.

1. 2 Сатып алусату шартының объектiсi

Құқықтық қатынастың объектiсiн материалды (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтыққұқықтық шарттар үшiн де жарамды болып табылады. Сатып алусату шарты өзiнiң ерекше нысанасына (затына), заңды жəне идеологиялық объектiлерiне иемденедi. Қазiргi жағдайда олардың əрқайсысының мəнi бiрдей. Дегенмен, қазiргi өндiрiстiң өсуi, тауарлардың алуан түрлiлiгi жəне оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюi, сатып алынатын тауардың сатып алусату затына талаптардың жоғарылауына əкеледi, əсiресе, егер тауар кейбiр ерекше мақсаттарға арналса. Келiсiмшарт нормаларында олардың барынша анық бекiтiлмеуi жаңылысуға немесе сатып алусату затындағы қателiкке əкелуi мүмкiн. Бөлшектеп сатып алусату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнiмнiң сапасы, қауiпсiздiгi бойынша талаптарды бекiте отырып, тұтынушы жағдайын барынша “күшейтуге” əрекет етедi.

Заттар сатып алусату шарты нысанасының барынша кең тараған түрi болып табылады. Кезкелген зат тектiк немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын жəне жылжымайтын тауар болуы мүмкiн.

Тектiк заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуi қажет екенiн айта аламыз, сөйтiп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестiрiледi жəне осындай түрiнде сатып алусату шартының нысанасы бола алады. Егер əңгiме жекеленбеген тектiк тауарды сату жөнiнде болса, онда сатып алусату шартының нысанасы болып зат емес, мүлiктiк құқық келедi. Осындай жағдай сатып алусату шартының нысанасы “болашақ заттар” болып келгенде де орын алады.

Тауар əлi өндiрiлмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа елдерiнiң сауда құқығы жүйесiндегi бұған қатысты үш түрлi көзқарас бар: бiрiншiден, кезкелген жағдайда сатушы шартта көрсетiлген нысананы табыс етудi қамтамасыз етуге мiндеттi (ол табиғатта бар болғанмен теңестiрiледi), егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дəлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады; екiншi көзқарас бойынша, егер тауар сатушының əрекетiне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына иемденбесе, шарт “нысананың болмауы” салдарынан тоқтатылады, ең соңында, егер сатып алушы өзiне белгiлi себептермен тауардың қалай болса да жеткiзiлгенiне үмiттенетiн болса, онда шарт нысанасы тауар емес “сатып алушының үмiтi” болып табылады1

Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуiнiң негiзгi мəнiн көрсету үшiн келтiрiлiп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт орындалмауының, сатып алусату шарттары тиiстi орындалмауының тəуекелi үлесуiне, екi жақтың құқықтары мен мiндеттерiне əсер етедi. Нысана ерекшелiгi сонымен бiрге сатып алусатуды жүзеге асыру тəртiбiне де əсер етедi, мысалы, шетелдiк сатып алусату Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” Заңына жəне оның орындалуы үшiн қабылданған заңға тəуелдi нормативтiк актiлерге сəйкес жүргiзiлетiн болады.

Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногы туралы”; “Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мəмiлелердi тiркеу туралы” Заңдармен, сонымен бiрге, заңға тəуелдi нормативтiк актiлермен реттеледi. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алусату жекелеген заң актiлерi бекiткен ережелердi сақтаумен жүргiзiледi, мысалы, Қазақстан Республикасының “Қарудың жекелеген түрлерiнiң айналымы үшiн мемлекеттiк бақылау туралы” Заңымен ж. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Сатып алу - сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеті шарт ережелеріне сай тауарды сатып алушыға беру
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері. Сатып алу-сату шартының пәні
Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
САТЫП АЛУ САТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Сатып алу-сату шартын
Шарт жасасу тәртібі
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz