Сөздердің тіркесу тәсілдерінің байланысу формалары


Сөздердің тіркесу тәсілдерінің байланысу формалары
Мазмұны
Кіріспе
І. СӨЗ ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСІ
1. 1 Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу
1. 2 Сөз тіркесінің сипаттамасы
1. 3 Сөз тіркестерінің құрамы мен құрылысы
ІІ. СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ
2. 1 Қиыса байланысқан сөз тіркестері
2. 2 Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
2. 3 Матаса байланысқан сөз тіркестері
2. 4 Қабыса байланысқан сөз тіркестері
2. 5 Жанаса байланысқан сөз тіркестері
ІІІ. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ФОРМАЛАРЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕРМЕН ОҚЫТУ
3. 1 Сөз тіркестерін оқытудың тиімді жолдары
Пайдаланған әдебикеттер
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс біріншіден тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ» (Ахмет Байтұрсынов) . Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл - оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: « Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады»
Демек, айтылғандардан шығатын қорытынды, тіл - адам қоғамның рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым - қатынас құралы Тіл негіздерін бастауыш мектепте бір- бірімен тығыз байланыста, тіл білімнің қайнар көзін сөйлесім құралы ретінде оқытудың маңызы ерекше. Осындай оқыту процесі арқылы балалар өз сөздерін еркін құрастырып, өз ойын анық, дәл жеткізеді. Соңдықтан, сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы біз оқушылардың сөз бен сөйлем туралы білімдерін дамытамыз. Біздің ойымызша сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне ұқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсуі қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Қазақ тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматиканын, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Осы тұрғыдан тақырып өзекті.
Сөз тіркесіне, сейлемге материалдық негіз болатын - сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен қатар, грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, түлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады. Ал сөздің сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі, . кейде сөйлем қызметтерінде жүмсалуы синтаксисте қаралады. Сөз, негізінде, дараланған үғымды, лексика. грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ кұрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым. қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем кұраудың материалы деп білеміз.
Ол үшін сөздер өз ара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өз ара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
Сөздердің өз ара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сездердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді.
Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» деген категорияға жатпайды. Лексика. грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне. бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі. Өз ара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, оның мынадай белгілеріне қарау керек:
1) сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;
2) ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады.
Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру, сөз тіркестерінің түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, олардың сөйлеу тілін дамыту арқылы тілдік қабілеттерін жетілдіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. оқушыларға тілдік ұғымдарды түсіндірудің оңтайлы жолдарын анықтау;
2. сөз тіркестерінің байланысу формаларын түсіндіру;
3. шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
3. оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдарын айқындау;
4. сөз тіркестерінің түрлерін ажырата білуге үйрету;
5. сөз тіркестерін оқытудың тиімді әдістерін ұсыну;
Зерттеудің болжамы: егер оқыту барысында сөз тіркесін оқытуда берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Зерттеудің әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу, талдау-жинақтау.
Зерттеудің нысаны: 7 «Б» сыныбы
Пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Алматы қаласы №138 орта мектеп
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. СӨЗ ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСІ
1. 1 Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу
Сөз тіркесінің жалпы мәселелермен бірге оның жеке тілге, яғни қазіргі қазақ тіліне тікелей қатысты мәселелерін жан-жақты зерттеу қажет. Бұл - оның байланысу формасы мен байланысу тәсілі, түрлері, кейбір сөз таптарының тіркесу қабілеті т. б. мәселелерді жеке-жеке қарауды талап етеді. Біз төменде сол мәселелердің әрқайсысына арнай тоқталамыз.
Тілдің басқа салалары сияқты, оның синтаксистік құрылысы да даму барысында өзгеріске түсіп отырады. Синтаксистік құрылыстағы өзгерістер қоғам өміріндегі сондай құбылыстармен тығыз байланысты болып келетіні тіл білімінде әр кез айтылып жүрген жайт. Ал, синтаксистік құрылымының үлкен бір саласы - сөз тіркестері құрамындағы болуға мүмкін өзгерістер жайлы Н. Ю. Шведова: «Изменения в системе словосочетаний происходят значительно быстрее, чем в системе предложения» деп атап атйтады. . Осы пікірді қазақ тілі материалы бойынша Т. Қордабаев, С. Исаев, т. б. көптеген авторлар қолдайды.
Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық ерекшеліктерінен, яғни, байланысу формасынан, байланысу амалдары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді. Сөз тіркесінің байланысу формалары мен тәсілдеріндегі өзгерістер, шындап келгенде, морфологиялық, яғни әрбір сөз тобы құрамында кейін пайда болған құбылыстармен тығыз байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесіндегі өзгерістер, түптеп келгенде, әрбір сөз табының тарихи дамуымен тығыз байланысып жатады.
Синтаксистегі өзгешіліктердің морфологиялық өзгерістерімен тығыз байланыстылығы туралы айта келіп Б. Серебренников пен Н. Гаджиева «туыс тілдерде тарихи морфологиялық тарихи синтаксис болмайды» деп, біріншіден, басқа тілдермен салыстыру дәрежесін, екіншіден, бір фактіні бір тілдің бұрынғы күйі мен қазіргі күйі тұрғысынан салыстыруды ұсынады.
Қазақ тілі ыңғайында мына тәрізді тарихи өзгерістерді айтуға болар еді. Кейбір қосымшалар бір байланысу формасындағы сөз екінші байланысу формасына ауыстырып жібереді. Мысалы, -шы қосымшасы Жүреді қашанғы өлмей адам («Топ жарған») деген мысалдағы қашан сөзі барыс жалғауында өлмей сөзімен өзара меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құраған. Дегенмен, оған -ша қосымшасының жалғауы енді оны қабыса байланысқан сөз тіркесіне айналдырған.
-Ғы, -гі жұрнағының кейде арнайы байланысу формасындағы сөздерді өзгертетіндігі туралы А. М. Шербак дұрыс айтады.
а) Жатыс - жолдағы, ертеңгі т. б.
б) әр түрлі формадан кейін
Сол сияқты автор -сыз, -сіз жұрнақтары бір сөз тобындағы сөзді екінші сөз табына, яғни су зат есімі сусыз болып енді сын есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерін жасайтындығын көреміз. Кейбір шылаулы тіркес туралы проф. К. Мусаев Қазан революқиясына дейін үшін шылаулы ілік жалғаулы есімдікті керек ететіндігі міндетті болғандығын айта келіп, қазіргі кезде мен үшін яғни ілік жалғауынсыз да айтылуын сөз етеді. Мұның өзі кейде шылаулы тіркестер қазіргі кезде көбіне атау мен іліктен басқа септіктерге тән делінетін қағидаға аз уақыттың ішінде өзіндік өзгерістің болғандығын дәлелдейді.
А. М. Шербак орта ғасырлық Түркі тілдерінде ілік септіктің табыс септігімен алмасып жұмсалатын көрсетеді. Мұның өзі біздің еліміздегі матасу ретінде жұмсалатын ондай тіркестерді ол тілдерде меңгеру арқылы берілетіндігін де айқындайды.
Профессор М. Томанов ерсілі-қарсылы, азды-көпті т. б. -ды қосымшасы ескі дәуірде септік жалғауы ретінде қолданылған дейді. Бұрын меңгеріле байланысқан сөздердегі қосымша жалғаулық қызметінен ажырып, қазіргі кезде өлі формаға айналуынан, енді олар, тек қабыса байланысу ертінде қалыптасқандығын көруге болады. Осы іспеттес өзгерісті септік жалғауы ретінде жұмсаған -тағ, -тег, -тек қосымшасының -дай, -дей түбіріне айысу арқылы қалыптасқан сөз тіркестерін де көруге болады.
«Аффикс -сіз, -сіз не присоединяется к прилагательным и числительным.
Изредка рассматриваемый аффикс приобретает дополнительный әлемент -ін, -ін являющийся омертвевшим аффиксом орудиного падежа. А: сенсізің, без тебя; ТН: күлсізін, без рабов. А. Шербак қабыса байланысатын -сіз, -сіз жұрнақты сөздердің септік жалғауын қабылдап, бір уақыттарды меңгеріле байланыста болғандығын мезгейді, бірақ қазіргі тілімізде ондай құбылыс (жіктеу есімдіктері -сіз жұрнағын қабылдап, содан соң септелуі кездеспейді. Бұдан бірде қабыса, бірде меңгеріле байланысатын формалардың тарылу процесін көруге болар еді.
Көптеген зерттеушілер үстеулерді жасалуына қарай есімді және етістікті деп екіге бөліп қарайды да, сонын ішінде үстеулердің сөйлем құрамында жұмсалу барысында септік жалғауларының көнеленуі қалыптасқандығын көрсетеді:
барыс септікті - бірге
жатыс септікті - қайда, анда
шығыс септікті - қайдан
құралдық септікті - кундузун. Бұл фактіден морфологиялық және фонетикалық өзгерістер нәтижесінде бұрын меңгеріле байланысқан сөздерден енді басқа байланысу формасына ауысу процесін көруге болар еді.
Т. Қордабаев жарыссөз, мейраммен құттықтау, жалынды сәлем т. б. жаңа сөз тіркестері туралы айта келіп, жарыс және сөз екеуі де бұрыннан бар екендігін, сондықтанда сөз жарыстыру, сөз таластыр тәрізді сөз құрағанмен, жарыс сөз түрінде айтылмағандығын көрсетеді. Ал қазіргі тілімізде жарыс және сөз өзара қатынасы жағынан да, мағыналық жағынан да басқа-басқа зат есімдер болса да, енді анықтауыш қатынастағы есімді сөз тіркестерінің қалыпты формасына түскен. Якут тілінде септігінің жалпы болмауы, түптеп келгенде, матасу, байланысу формасының жоқтығы, өзбек, татар тілдерде көмектес септектің мәні оны белән шылауы арқылы берілуі (трамвай белән килдим) синтетикалық тәсілдің орнына аналитикалық тәсілдің орнығып қалғандылығын көрсетеді.
Бұл айтылғандардан мынаны аңғаруға болады.
1. а) Септік жалғауындағы өзгерістер түптеп келгенде, меңгеру,
матасу тәрізді байланыс формаларындағы өзгерістерге алып келеді.
б) Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер бір байланыс формасының
тәсілдері ішінде болады.
в) Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер кейде жұрнақтармен байланысты болып келеді. Солап арқылы бір байланыс формасы екінші тілге ауысып отырады.
2. Жұрнақтардың да не көнеленуі немесе жаңа мән алуы да сөз тіркесі құрамының дамуына әсер етеді.
Сөз тіркестерінің негізі - сөз таптары. Сөз таптарының бір-бІрімен сөз тіркесінің құрауының басты тірегі тіркесімділік.
Сөздердің тіркесімділігі тілдің сөз байлығымен, оның дамуы дәрежесімен тығыз байланысты. Тіл құрамындағы сөздердің мағыналық, грамматикалық жағынан дамуы, жазба әдеби тіл құрамындағы дифференқия - барлығы да оның синтаксистік құрылысына әсер етпей қоймайды. Сөздердің жеке грамматикалық топтары құрамындағы болған семантикалық және грамматикалық өзгерістер, айналып келгенде, сөз тіркестерінің жеке құрылымдық жаңа түрлерінің қалыптасуына алып келеді. Осы тұрғыдан қарастырсақ, тіліміздегі қазіргі есімді, етістікті және ортақ бағыңқы сөз тіркестері іштей бірнеше топқа жіктелуінің өзі синтаксистік құрылыстың басынан өткен өзгерістердің жеке сөздер тобының тіркесімділік қабілетінің, олардың өз ішіндегі семантикалық дифференқияның нәтижесі болып табылады. Тіпті сөз тіркесінің басыңқы сынарында үстеулердің жұмсалуы, соның нәтижесінде үстеулі сөз тіркесі деп аталатын топтың қалыптасуы кейінгі кездің әсіресе тіл құрамында жеке сөздер тобының тіркесімділік қабілетінің артуының нәтижесі А. Г. Гуломов, М. А. Асқаровалар сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті және үстеулі (жуде тез, оғыздан тез, уклон тез) деп тіпті сөз тіркестерінің басыңқы сынары ретінде үстеуді де негізге алады. Осы тәрізді пікірді қазақ тілі материалының негізінде К. Ахановта қолдайды. Осы сияқты басыңқы сыңардағы өзгешіліктер олардың бағыныңқы сыңарлары құрамындағы ерекшеліктерге негіз болғанына сөз жоқ . Егер бүгінгі тіл фактілерін Х-ХVІ, XIX ғ. Нұсқалары фактілерімен салыстыра зерттесе, мұндай өзгерістердің мол болғандығын байқауға болар еді. Әрине, әзір біздің қолымызда ондай зерттеулер нәтижесі жоқ. Сөз тікестері құрамындағы болған өзгерістердің кейбіреуін бүгінгі тіліміздің фактілерін салыстыру жолымен де айқындауға болар еді. Осы тұррғыдан қазақ тілі оқулықтарында беріліп жүрген ережелері мен тілдің бүгінгі фактілеріне көз жүгіртсек, мынадай жай көзге түседі. Қазіргі тіліміздегі сөздердің грамматикалық топтары соларға жататын сөздердің саны, аумақ-көлемін мен олардың тіркесу қабілетін, соның аясын ескермейді, немесе қамти алмайтындығы байқалады. Мысалы: А. Ысқақов «Сын есім заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-түсін) және басқа сол сияқты сыр - сипаттарын білдіретін лексика грамматикалық сөз табын айтамыз» -деген тұжырым айтады. Осындай дереже басқа да ғылыми әрі практикалық еңбектерде де орын алған. Солайына солай. Бірақ бұл сияқты ереже бойынша сын есімдер тек зат есімдермен тіресіп келіп, анықтауыш қана болуы тиіс. Бірақ сол еңбектің өзінде сын есімдер зат есімдермен тіркесіп анықтауыш, етістіктермен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқара алатындықтары айтылады.
Дұрысы сын есімдер жайлы ереже мен оның синтаксистік қызметі жайлы айтылған тұжырымы арасындағы қайшылық олардың тіркесімділік қабілетінің артуфактісін ескермеуден туса керек. Өйткені сөздердің грамматикалық кластары жайлы көзқарас қазіргі жазба әдеби тілдің енді ғана бой көрсете бастаған кезінде қалыптасқан. Алайда әдеби тілдің кейінгі даму барысында әр түрлі объективті себептермен жеке сөзь топтарының тіркесімділік қабілеті молайғаны белгілі. Солардың бірі - сын есімдер. Бұл жерде мынандай заңдылық бар: бір сөз табының қызметінің артуы, біріншіден, ең алдымен олардың дамуына мағыналық жағынан негізделсе, соның салдары есебінде тіркесетін сөздерінің аясы молаяды. Сын емісдердің заттану процесі де олардың тіркесу қабілетінің кеңеюіне алып келеді, ал соңғы құбылыс олар негіз болған сөз тіркестерінің мағыналық топтарының көбеюіне себеп болды. Міне, сын есім аясындағы бір ғана өзгешелік тек сөз тіркесі құрамына емес сөйлем мүшесі, олардың орын тәртібі сияқты синтаксистің басқа да салаларына өзгеріс алып келді. Мұндай құбылыс тек сын есімдерден ғана емес, басқада сөз таптарыннан, атап айтқанда, сын есім, үстеу, көмекші сөздерден, тіпті зат есім, етістіктерден де анық байқалады.
Б. И. Борковский тарихи синтаксис туралы айта келіп « . . . тарихи синтаксистің бірі - синатксистік жүйенің бұрынғы, күні өткен құбылыстарға не жататынын, жаңа, прогресшіл құбылысқа не жататынын анықтау» - деп ажазады. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің бұрынғы сынары мен қазіргі сыңарының арасындағы кейбір айырмашылқтар, жеке формалардың ескіріп, жаңа формалардың пайда болып дамуы енгізінде қалыптасқан. Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер сөз тіркестерінің байланысу формасы, тәсілі, құрлысы және олардың құрылымдық Тұрлерінің құрамдарынан да байқалады. Онда әрбір жаңалықтарыдың өзі екі жағдайда, біріншіден, бір сөз табының екінші бір сөз табымен тіркесі тұрғысынан, екіншіден, бір сөз табының тіркес құрау аясы кеңейіп, басқа сөз таптарымен тіркес құрау дәрежесінің молаюы арқылы көрінеді.
Бұл арада бір сөз тіркесіндегі ондай заңдылықтарды сол екі бағытта яғни, ішкі және екі сыртқы өзгеріс деп бөле отырып беруді жөн көрдік.
Әрбір сөзді жан-жақты тану да оның лексикалық, морфологиялық және синтаксистік қасиеттері негізгі белгі болумен қатар, оның синтаксистік қызметі, оның ішінде де тіркесу қабілеті, оын басқа сөздерден (немесе оның сөз табынан) ерекшеленетін белгілердің бірі болып қаралуға тиіс. Дұрысында әрбір сөздің синтаксистік қызметі көбіне сөйлем мүшесі ретінде функқиялық белгісі болса, белгілі бір сөздің басқа сөздермен тіркесу қабілетін оның синтаксистік белгілерінің басты түрі деп қаралуға тиіс. Кез келген екі сөз қалай болса солай тіркесе бермейтіні белгелі. Сөздердің сондай негізгі, басты белгілері болатынына төмендегі фактілерді келтіруге болады.
Сын есім, сан есім мен етістіктің есімше түрі зат есіммен тіркесіп қана қоймайды, олардың тіркесу аясы кеңейгені тарихи фактілер көрсетеді. Сондай фактінің бірі үнемі есімдермен ғана тіркесуге қабілетті сын есім, сан есімдер енді етістікпен де тіркесе алатын дәрежеге ие болуы. Соның нәтижесінде, сөз тіркестері құрамында сын есім, сан есімдердің етістікпен тіркесі өз алдына сала болып қалыптасты. Мұның өзі, біріншіден, сөз тіркесі құрамында жаңа пікірлердің қалыптасуына алып келсе, екіншіден, пысықтауыш деп аталатын сөйлем мүшесінің құрылымында жаңа түрдің қалыптасуына алып келеді.
Сын есімдердің етістікпен тіркесінің қалыптасуы туралы Түркология және қазақ тіл білімінде әр түрлі пікірлер айтылып келе жатыр. XIX ғасырда-ақ А. Казем-Бек «Сын есімдердің саны олардан кейін қандай да бір етістік қолданғанда немесе қолданған сияқты болғанда үстеуге айналады» - деп жазғаны мәлім. Осы көзқарас біздің заманымызда Н. И. Ашмарин. А. Н. Боровков, Ф. Г. Исхаков еңбектерінде де қолдау тапты. Бұл жерде сөздің синтаксистік қызметі, екінші сөзбен тіркес құрау қабілетінің үлғаюы, оның морфологиялық мәні деп қаралғандығы айқын.
Н. К. Дмитриев «Яхшы бала яхшы уный» деген мысалды талдай келіп, көптеген зерттеушілердің бірінші «яхшы» -ны сын есім (өйткені еліктеулердің салдары), екіншіден «яхшы» -ны үстеу (өйткені заттың алдында тұрғандығынан) дей келіп, «ал башқұрттың яхшысы мен яхшы бір-бірінен айырмасы жоқ, сондықтан, оны ешбір ойланбай-ақ сын есімге жатқызуға болды» - деп дұрыс көрсетті. Сол сияқты қазақ тілі негізінде проф. М. Балақаев «Негізгі және туынды сын есімдер етістікке қатысты болып пысықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олар бұрынғы лексикалық мағынасын өзгертіп үстеуге айналмайды» - деп, мұндай құбылыс енді олардың тіркесу аясының кеңеюінің нәтижесі деп тұжырымдайды.
Осы пікірді Н. А. Баскаков, И. А. Батманов, А. Искақов, Г. Ф. Зейналов, С. Кеңесбаев сол сияқты казақ тілінде сын есімді арнай зерттеген Ғ. Мұсабаев, Ж. Шәкенов т. б. ғалымдардың да қолдайтынын көруге болады. Тілдік фактілер мынаны дәлелдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz