Халық педагогикасындағы дене тәлім – тәрбиесінің негізгі қағидалары және соның ішіндегі дене тәрбиесінің маңызы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ДЕНЕ ТӘЛІМ . ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің негізгі қағидалары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Дене тәрбиесі және оның ұлттық дәрежедегі маңызы ... ... ... ... ... ... .12

II. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1. Ұлттық ойындардың сипаттамасы және олардың дене тәрбиесіндегі алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Ұлттық ойындардың халық педагогикасындағы тәрбиелік маңызы ... ... 20
2.3 Дене шынықтыру сабағы арқылы ұлттық ойындардың оқушыларға тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Тақырыптың өзектілігі.Халық педагогикасындағы ұлттық тәрбие үрдісі – халықтың қоршаған ортадағы құбылыстар жөніндегі эмпирикалық білімдер арқылы жүзеге асырылады. Демек, тәрбие жұмысын ұйымдастыру адам әрекетінің белгілі бір мақсатты көздеген ісі ғана емес, ол қоғамның эволюциялық даму барысында қалыптасқан білім, таным жетістіктерін ұрпақ санасына жүйелі түрде сіңіру қажеттілігін қалыптастырады.
Қазақи сана өз ғұмырнамасында әлемдік тәжірибе жинақтаған, мойындаған озық тәжірибелер кеңістігіне, сондақ-ақ жалпыадамзаттық құндылықтар арнасына жеке үлесін қосып отырды. Ол көріністердің халық тұрмысында нақты қажеттілікке жаралуы тәлім-тәрбие құралының негізгі қағидаларына байланысты болмақ.
Халықтың ғасырлар бойы жинақталған тәлімдік-танымдық әрекеті ұлттық тәрбие түрлерін қалыптастырады. Тәрбие түрлері мен ата таным ерекшеліктерінің әлемдік классикалық педагогикағылымдары атап көрсеткен тәрбие теориясы мен білім тарихына байланысты педагогикалық технология тәжірибелер қағидаларымен ұштасқаны – халық педагогикасының қоғамдық құбылыс екенін байқатады.
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене тәрбиесі мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
3. Тәрбиелік міндеттер – мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Курстық жұмыстың көкейкестілігі.Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені халық педагогикасы және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2010ж).
2. Аханов А.А. Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары. //Валеология дене тәрбиесі және спорт. –Алматы: 2004,- №4, -Б.12-15.
3. Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Рауан, 1991. -175б.
4. Төтенаев Б. Қазақ ұлттық ойындары. Монография. - Алматы: 1978.
5. Нұржекеев Б. Қазақтың кейбір ұлттық ойындары. -Алматы: 1971.- 58 б.
6. А. Асарбаев. Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш мектеп тәрбие жұмыстарына пайдалану. Алматы-1993ж.
7. Е.Сағындықұлы. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы1992ж.
8. Спорттағы қазіргі заманғы педагогикалық зерттеу әдістері. //Оқу-әдістемелік құрал. – Кентау, 2007. – 55 б.
9. Дене тәрбиесі ерекшеліктері. //Қазақстан мектебі. № 10. – Алматы, 2004. – Б. 33-34.
10. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.
11. М.И.Адамбеков., М.Ш.Тұяқбаева, Е.Қ. Уанбаев// Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі (Әдістемелік ұсыныстар ,2012 ж.) Алматы, 2012

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ДЕНЕ ТӘЛІМ - ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің негізгі қағидалары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Дене тәрбиесі және оның ұлттық дәрежедегі маңызы ... ... ... ... ... ... .12

II. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1. Ұлттық ойындардың сипаттамасы және олардың дене тәрбиесіндегі алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .15
2.2. Ұлттық ойындардың халық педагогикасындағы тәрбиелік маңызы ... ... 20
2.3 Дене шынықтыру сабағы арқылы ұлттық ойындардың оқушыларға тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..31

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Халық педагогикасындағы ұлттық тәрбие үрдісі - халықтың қоршаған ортадағы құбылыстар жөніндегі эмпирикалық білімдер арқылы жүзеге асырылады. Демек, тәрбие жұмысын ұйымдастыру адам әрекетінің белгілі бір мақсатты көздеген ісі ғана емес, ол қоғамның эволюциялық даму барысында қалыптасқан білім, таным жетістіктерін ұрпақ санасына жүйелі түрде сіңіру қажеттілігін қалыптастырады.
Қазақи сана өз ғұмырнамасында әлемдік тәжірибе жинақтаған, мойындаған озық тәжірибелер кеңістігіне, сондақ-ақ жалпыадамзаттық құндылықтар арнасына жеке үлесін қосып отырды. Ол көріністердің халық тұрмысында нақты қажеттілікке жаралуы тәлім-тәрбие құралының негізгі қағидаларына байланысты болмақ.
Халықтың ғасырлар бойы жинақталған тәлімдік-танымдық әрекеті ұлттық тәрбие түрлерін қалыптастырады. Тәрбие түрлері мен ата таным ерекшеліктерінің әлемдік классикалық педагогикағылымдары атап көрсеткен тәрбие теориясы мен білім тарихына байланысты педагогикалық технология тәжірибелер қағидаларымен ұштасқаны - халық педагогикасының қоғамдық құбылыс екенін байқатады.
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене тәрбиесі мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
3. Тәрбиелік міндеттер - мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені халық педагогикасы және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады.
Мақсаты. Халық педагогикасы тәжірибесі негізіндегі дене тәрбиесінің негізгі қағидаттарын ,оның маңызы мен алатын орнын айқындау.
Міндеттері.
1. Дене тәрбиесінің халық педагогикасының құрамдас бөлігі ретіндегі орнын айқындау.
2. Халық педагогикасы тәжірибесі негізіндегі дене тәрбиесінің негізгі қағидаттарына сипат беру.
3. Ұлттық ойындардың халық педагогикасындағы тәрбиелік маңызын ашу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, және пайдаланылған әдебиеттерден құралған.

I. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ДЕНЕ ТӘЛІМ - ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
1.1. Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидалары мен түрлері

Өскелең ұрпағын еңбекшіл болуға баулуды мақсат еткен халық тағылымы - шынайы этнотәлімдік қағида. Еңбек әрекетінің адамзат өркениетінің эволюциялық даму заңдылықтарының бірден-бір қозғаушы күші болғаны белгілі. Қазақ қауымының мал шаруашылығының дамуы мен қалыптасуына әлемдік деңгейде ерекше үлес қосуымен бірге, мал атаулысын төрт түлік - қазына деп санап, оны ән мен жырға, батырлық эпостаға қоса білуі - шын мәнісінде табиғат пен адам арасындағы тылсым гармониялық байланыстың үлгісін көрсетіп отыр.
Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т.б.) Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым. Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі -- адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады. Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары: 1.дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек. 2.дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек. З.дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті. 4.Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.
Дене тәрбиесі,спорт ілімі мен әдістемесі жеке пән бола отырып жекелей ұғымдары бар. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста, мақсаттары оқу жүйесін жүйелеу, ағзаны шынықтыру, қоғамға дене сапалары жан-жақты тұлға дайындау.
Дене тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға, еңбек ету мен әскери қызметті атқаруға даярлауға бағытталған қоғам мен жалпы мәдениетінің бір бөлігі.
Қызметі дене дамуын оңтайландыру, білімдік, ақыл-ой және қызметтің өзге де түрлерімен өзара бірге әрекет ету, таңдап алған мамандықты меңгеруге себепкер болу, тәрбиелік, жалпы мәдени, эстетикалық, адамгершілікті, әлеуметтік-экономикалық салауатты өмір салтын қалыптастыратын дене дайындығы.
Дене шынықтыру- дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы.
Қызметі қозғалыс қажеттілігін канағаттандыру, фукнкционалды рахаттану, бос уақытты оңтайды пайдалану. қызметі төмендеген дене мүшелерін қалыпқа келтіру, жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өсксн орта, спорт түрі.
Дене дамуы - ағзаның табиғи морфофункционалдық ерекшеліктерін өзгерту жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өскен орта, спорт түрі.
Қызметі жеке тұлғаның даму ерекшелігі, айырмашылығы және әсер етуші факторлардың нәтижесінде дене мүшелерінің өзеріске ұшырау қалпы.
Дене тәрбиесінің мәдениеті-жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Қоғамдағы адамдардың дене сапасының жан-жақты дайындығы мен өмірде әртүрлі жағдайда еңбек ету бағытында жасалатын күрделі жұмыстың бір түрі.
Дене тәрбиесінің барлық сабақтар бағытына қарай мынадай міндеттерді жүзеге асыруы тиіс. Олар: тәрбие, білім, сауықтыру.
а) Білім беру міндетінің мақсаты - оқушылардың білімін шыңдай түсу. Жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату. Оларды өмірде қолдана алуға үйрету.
б) Сауықтыру міндеттерінің мақсаты - дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде ағзаға сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау.
в) Тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты - сабақ жүргізу жүйесінде оқушының адамгершілік қасиеттерін арттыру.
Дене тәрбиесі сабағында төмендегідей міндеттер жүзеге асырылуы керек.
Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Әдістемелік ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын қозғалыс жолдарын анықтайды Снарядтарды жинау жолдарын көрсетеді. Қимыл-қозғалыс дайындығын мұғалім мектеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйренетін жаттығуды қайталап өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет. Теориялық жәнс сөйлеу дайындығы мұғалім өтілетін сабақты жақсы білумен қатар-шешен сөйлей алуы да керек. (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау команда беру, таңдау жасау т.б.) Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. (керек құрал жабдықтарды дайындау және спорттық снарядтарды табу т.б.).
Дене тәрбиесі мен еңбек байланысының мақсаты.
Жеткіншектерді енбекке тәбиелеу дене тәрбиесі мақсаттарының бірі болып табылады. Дене тәрбиесі еңбекке ерікті түрде тәрбиелеудің негізін қалайды. Денені шынықтыру тұрақты дағды тәртібін, ерік-жігерді, қалыптасқан мінез-құлықты талап етеді. Еріншектікке жол бермейді. Өйткені, күнде таңертеңгі гимнастикалық, спорттық жаттығулармен айналысатын оқушының еңбекке деген ынтасы оянады. Еңбекке деген адамгершілік көзқарастарын қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнінің мүмкіндіктері ете көп. Мысалы, Өзің үшін, өз мақсатың үшін еңбек еткенің жаксы. Ал өзгелер үшін еңбск етуге калай қарайсың? деген сұрақты қоя отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізудің тәрбиелік маңызына назар аудару
Дене тәрбиесіндегі эстетикалық білімнің мақсаты.
Дене тәрбиесі сабағындағы эстетикалық тәрбиенің маңызы өте зор. Адамның жан дүниесі қандай сұлу, таза болса, дене мүшесі де сондай сымбатты болуы керек. Бұл ретте окушыларға берілген тапсырманы мәнерлеп түсіндіру, әдеп сақтауға үйрету, музыкалық сүйемелдеу кезінде әуенге сай үйлесімді қимылдауға дағдыландыру игі нәтижеге жеткізеді. Мысалы, әдетте жаттығу барысында жаксы, дұрыс емес деген сөздер жиі айтылады. Ал Жарайсың, міне қандай әдемі! деген жылы лебізді сирек естисің. Окушылардың қозғалыс қимылдарын орындау техникасына назар сала отырып, оның ынта-ықыласын сол жаттығулардың таза әрі үйлесімді, сұлу орындалуына аудара білген жөн. Жан сұлулығы мен тән сұлулығын кимыл-жаттығу кезіндегі іс-қимылдың әсемдігіне ұштастыруды басты мақсат етіп алу қажет. Ұстамдылық, қандай жағдайда да өз еркін билей алу, өзгелердің жүйкесіне кері әсер етпеу, кашанда көмекке дайын тұру, бәсекелесіне құрметпен карау, төзімділік сияқты ізгі касиеттер эстетикалық тәрбиелеудің нәтижесінде жүзеге асатын адамгершілік сипаттар болып табылады.
Спорт ілімі мен дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі қатар жургізіліп. сабақ құрылымы әртүрлі болғанымен қолданылатын жаттығу, ойын, жарыс түрлері бірдей болып келеді. Дене тәрбиесі пәнінде сабақ құрылымы 45 минуттан тұрса, спорт сабақтарында 90 минуттан тұрады. Құрылымы жағынан ұксас пәндер мектепке дейінгі дене тәрбиесі, мектеп дене тәрбиесі, орта жонс жоғарғы оқу орын дене тәрбиесі пәндерімен тығыз байланысты. Білім мен тәрбие беру мақсатында спорт медицина, спорт физиологиясы, спорт психологиясы, спорт педагогикасымен тығыз байланысты.
Дене дайындығы түрлері. Қоғамдағы адамзаттың тұлғасын шынықтыруда дене дайындығы 3-ке бөлінеді. Олар: 1.Жалпы дене дайындығы-негізгі бағыты денсаулықты күшейтіп мүмкіндігінше дағдылы қозғалыстарға ие болып, алдағы уақытта арнайы дайындыққа негіз болатын керекті қозғалыс сапаларын дамьпу. Қызметі дене жаттығулары, табиғаттың сыртқы күштері, гигиеналық факторларды пайдалана отырып, мектептегі және бұқаралық дене тәрбиесінің жұмысын үлкен табыстарға жеткізу.
2. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы-бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарының жиынтығы. Қызметі кәсіби-дене, әсксеи-қолданбалы, кәсіби еңбектің өнімділігін арттыру, экономикалық, білімдік-колданбалы дене жаттығуларымен айналысу жұмысын ұйымдастыру.
З. Спорттық дайындық - адамның өзі таңдап алған спорттың бір түрінен жоғарғы көрсеткіштеріне жетуіне бағытталады. Денедегі іш-құрылыс жұмысының қабілетін жоғарлату адамдардың спорттық дайыңдығын арттыру. Қьзметі мамандандырылған еңбекті арттыру жаттығу түрлерін игеру өте жоғарғы дәрежелі нәтижеге жету, спорттық дайындығын арттарып дағдыландыру.
Біздің болашағымыз жастар деп биік мінберлерден үнемі айтылып жатады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа арнаған жолдауларында Жастарды ұлттық патриотизм мен шығармашылық жағынан жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру, ұлттық мінез - құлыққа, биік талғампаздыққа, тектілікке, білімділікке, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп тәрбиелеуіміз керек-деген болатын.Осы орайда алға қойылған бұл міндеттерді жүзеге асыруда дене тәрбиесі мен спорт ерекше роль атқарады. Қазақстан Республикасының Дене тәрбиесі және спорт туралы Заңында : Дене тәрбиесі-дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген , моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабылетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс - деген анықтама берілген. Жан-жақты дамыған тұлғаның қоғамдағы құбылыстарға көзқарасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы, еңбекке ынтасы оның қоғамдағы орнын анықтауға септігін тигізеді.Олардың физикалық, психологиялық қабылеттері дене тәрбиесімен, спортпен айналысу барысында дамып, қалыптасады. Кәсіптік мектептердегі дене тәрбиесі жан-жақты дамыған жастарды тәрбиелейтін құрал ретінде қарастырылады, оларды еңбексүйгіштікке, Отан қорғауға даярлайды, олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді, алдарына қойған мақсаттарын орындап шыға алатын қоғамның белсенді мүшелерін тәрбиелейді. Кәсіптік мектептерде оқитын жастардың дене тәрбиесі сабақтарында немесе спорттық жарыстар кезіндегі ұжымдасып әрекет етуінің тәрбиелік мәні өте зор. Бұл ұжымды құрметтеу, қастерлеу қасиеттерінің даму,қалыптасу кезеңі - деп білеміз. Өз күшін қоғам мүддесіне сарқа жұмсауға, қоғам алдындағы парызын сезінуге, өз міндеттерін мүлткісіз орындауға деген құлшыныс әуелгі кезеңде ұжымда ғана қалыптасады. Ұжымнан қуат алған жас тұлға өздігінен қоғамдық белсенділік танытып, басқа адамдармен бірге жұмыс істеуді үйренеді, өзара көмекке даяр тұруға, алға қойған мақсаттарға ұжыммен бірге жетуге жұмыстанады. Өзіне талап қоя білу, өзгені сыйлау сияқты қасиеттер осы кезеңде дамиды. Дене тәрбиесі мен спортта жетістіктерге жету үшін жүйелі түрде шұғылдану, дене тәрбиесіне, спортқа деген ынта-жігер, қоғамдық пайдалы мақсаттарға ұмтылыс қажет. Дене тәрбиесі мен спортпен жүйелі түрде айналысу мінез-құлықтың оң өзгеріске ұшырауына айтарлықтай септігін тигізеді.Бір спорттың түрімен ұдайы айналысқан жасөспірім адамның жеке күн режимі қалыптасады, ол өз уақытын тиімді пайдалануды үйренеді.Спорттық жарыстарға қатынаса жүріп, аға буын майталман спортшыларға қарап бой түзейді.Еңбексіз еш нәтижеге қол жеткізуге болмайтынын түсінеді. Ұйымшылдық, ынтымақтастық, темірдей тәртіп, кішіпейілділік,үлкенге құрмет, кішіге көмек қолын созу, өзара сыйластық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Спорттық жаттығулардың қиындығына төселе келе, өзіне деген сенімділік пайда болады, қарсыласын сыйлауды, жеңілісті мойындай білуді, жеңіске масаттанбауды үйренеді.Спорт жастарды төзімділікке, батылдыққа,ептілікке тәрбиелейді.Спортпен саналы түрде айналысатын жастар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінеді.Олар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, өз пікірлерін ашық айта алады,өзгенің пікірін тыңдай біледі.Үлкен жетістіктерге жетіп, түрлі деңгейдегі жарыстарға шығып жүрген спортшылар ел таниды,өзге халықтардың салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен танысады, елімізді өзгелерге таныстырады.Сонымен қатар, жасөспірімдерге спорттық жаттығулармен бей-берекетсіз айналыса беруге болмайтынын білген жөн.Жаттығуларды шамадан тыс орындау , зорығуға (утомление) ұрындырады.Спортпен шұғылдану барысында тәжірибелі маманның көмегіне жүгінген абзал.Спортпен өз бетінше айналысқан кезде қалыптасқан қате қимылдарды (стереотип) жою, кейіннен өте қиын болады және бұл қимылдар көптеген келеңсіздіктерге ұрындыруы мүмкін. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық спорт түрлерінің маңызы өте жоғары. Қазіргі жастарға Шекпен киіп, өгіз мінген бабаларымыздың өр рухы жетіспей жатқанын мойындауымызға тура келеді.
Бір мысал; Қажымұқан атамыз жалғыз жүріп, спорт арқылы , қазақ деген халықтың ұрпағы екенін күллі әлемге таныта алды. Қазақ жастары ежелден жамбы атып, көкпар тартып, аударыспақ ойнап, жаяу жарысып қай кездеде ел шетін жаудан қорғауға дайын болған. Ұлттық спорт түрлері, батылдық, тапқырлық, күштілік, ептілік,төзімділік, шапшаңдық тәрізді физикалық қасиеттермен жастарды шыңдауға толық мүмкіндік береді.Ұлттық рухпен қуаттанған жан-жақты дамыған тұлға ол болашақ-еңбек адамы, болашақ-жауынгер. Дене тәрбиесі сабақтарында жастардың физикалық дайындығын дамытумен қатар, олардың ой-өрісін ұлғайту, ішкі мәдениетін қалыптастыру жұмыстары да жүргізілуі керек.Бұл мақсатта пәнаралық байланысты сақтай отырып, тест өткізген тиімді болар еді. Даңқты спорт ардагерлері; Ғ.Қосанов, Ә.Тұяқов, Ә. Нұрмағанбетов, Ә.Айқанов, А. Бұғыбаев, Ж.Үшкемпіров, Ш.Серіков, Д.Тұрлыханов т.т., ағаларымыздың спорттағы ерліктерін, қазіргі кезде әлем аренасында олжа салып жүрген спортшыларымыздың жеңісті жолдары жайлы қызықты өңгімелеп беру, жастардың дене тәрбиесіне , спортқа құлшынысын арттырары анық
Жастардың шынығудың табиғи факторларын білуі, дене тәрбиесі сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптарды білуі және орындауы, жалпы жаттығуларды өз беттерінше орындай білуге үйрету аса маңызды қажеттілік деп таныған жөн. Балалық шақта спорттың кез келген түрімен беталды құла айналыса беруге болмайды. Қазақстан Республикасы білім және денсаулық министрлігі, дене тәрбиесі және спорт комитеті бекіткен спорт түрлері бойынша, спорт мектептеріне балалар мен жасөспірімдерді қабылдауға жас ерекшеліктеріне сай шектеулер қойылған. Спортты серік етем-деген жасөспірімдер мұны біліп жүруі керек. Дене тәрбиесі мен спорттық үйірмелер арқылы тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатына бағытталған тәрбиелік шаралар , нәтижесінде тиімділігін іс жүзінде айқындап береді.
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды. Қазіргі кезде ұлттық тәрбиенің көздері - фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары элементтерін бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, денешынықтыру сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика сабағында ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән-күй сабақтарында түрлі әуендермен, дүниетану сабағында табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестететін, денешынықтыру сабақтарында ұлттық ойындармен, ал еңбекке баулуда түрлі ою-өрнектермен және т.б. танысады.
Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың: Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек, - дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы, оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы - отбасында, екінші - мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе екені баршамызға аян.
Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды. Яғни елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету - басты міндетіміз [5].
Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: Адамға біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы, - деген екен. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ та, түгесу мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері бала кезден, бұла кезіңнен бастау алмаса, кейін өте қиынға соғатыны - дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.

1.2. Дене тәрбиесі және оның ұлттық дәрежедегі маңызы
Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінін мақсаты -- салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.
- денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;
- табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;
- дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу;
- табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)
- ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
- гитиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процесінде салауатты өмір салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып, барлық мектептерде психологтар, медицина қызметкерлері баланың денсаулығын,психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде.Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және, енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.
Дене тәрбиесі -- валеология ғылымдарының бір саласы. Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римде және басқа да елдерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы -- адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф.Рабле, М.Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, білім мен бірге қарау керек екенін насихаттаған.
Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана жас баланы тәрбие қылғанда күшінің көбін баланың дене тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Жан дұрыс тәрбие қылынса болады, дененің қанша керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене - жанның кабы. Қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене - жанның кұралы. Құрал мықты болса иесі де мықты. Сау жан сау денеде ғана болады деген адамзат дүниесінің ескі мәтелі - шын дұрыс мәтел.
Қазақ халқының дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тәрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық деректер дәлелдейді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында б.з.б. 4 - 3 ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қаласынан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді. Түрік қағандығы дәуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда әнші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерін көрсетушілер бас қосып отырған. 7 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады.
"Бәйге жарысы"
Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерін, әр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп келген. Әр рудың, әр жүздің, әрбір хан мен бай-манаптың, болыс-бектің өз балуаны, өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Олар бәйге-жарыстарда ірі рулардың намысын қорғаған
"Күрес"
Қазақша күрес.
Қазақ халқының өте ертеден қалыптасқан спорт ойындарының бірі - қазақша күрес. Қазақша күрес көшпелі халықтың тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Қазақша күрестің басқа халықтардың ұлттық куресімен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Қазақша күрестің аталары болып табылатын - Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді алыптардың жолын жалғайтын талай-талай саңлақтарымыз өсіп келеді. Тек соларға дұрыс жөн сілтей білуіміз керек. Ұлттық өнердің шынайы қамқоршылары болса онда ол міндетті түрде өмірден өз орнын табар еді. Әлемдік аренаға шықпайтын спорт түрінің бәрін іске жарамайды деп, ешкім біле бермейді деп жылы жауып қоюға болмайды. Қазақша күреске мектептегі дене тәрбиесі сабағында көп көңіл бөлу керек. Ұлттық спорт түріне кішкентайынан баулыған жөн. Өзіндік аса бір ерекшелігі бар, қашанда көпшіліктің көңілінен шығатын ұлттық өнердің бірі-қазақша күресте халықтың бойындағы қасиетін көрсететін үлгісі бар десек, онда неге осының белгілі бір жүйеге келтірілген киімін жасамаймыз. Үстіне киетін киманоға ұлттық оюларымызды, аяқтарына мәсіні пайдалануға әбден болады. Қазақша күрестің кейбір ерекшеліктерін айта кетсек, балуанның аяқтары ғана еркімен қозғалып жұмыс істейді. Аяқтарына қандай айла-тәсіл қолданса да еркі өзінде. Тебуге болмайды, жеңіске жету үшін астыңғы балуанның жауырыны жерге тигізіптұрғанда, үстінен аттап кету міндеттелген. Қазақша күресте қолданатын айла-тәсілдердің негізгі түрлері:
- иықтан асыра лақтыру әдісі. Лақтырған палуан құламай орнында қалады;
- әдіс қолданған палуан өзі құлап барып қарсыласын астына түсіру;
- қарсыласын жамбасқа салып жығу;
- іштен шалып жығу;
-сырттан шалып жығу;
Күресте қолдануға болмайтын айла-тәсілдер қолды белбеуден босатып жіберуге болмайды, қарсыласын ұрып не болмаса итеруге, тамақтан, саусақтан, құлақтан ұстауға болмайды. Белбеуден басқа киімнен ұстауға, уақыт белгіленбейді. Белдесу барысында тең түсу, ия болмаса ұпай санымен ұту деген болмаған. Белдесудің уақыты шектелмегендіктен міндетті түрде қарсыластың біреуі жеңіске жетеді.
Қазақтың ұлттық ойындарының кез-келгенін қазіргі заманға сай етіп, жаңаша үйретуге болады. Қазақтың ұлттық ойындарын балаға жеткізудің бірі - сабақта қолданылатын көрнекі құралдар. Әдемі көркемделген, ұлттық нақышта өрнектелген, ұлттық ою-өрнегімізді пайдаланып салынған плакаттар болса балаға тез жетеді деп ойлаймын. Көзге түсетін жерлерге ойын ережелерін іліп қойса ол да пайдасын тигізері сөзсіз. Ұлттық ойындарды бейнелеген кітапшалар көптеп шығарылса нұр үстіне нұр болары еді. Бізде насихаттау жағы нашар болып жатады, соны жабыла қолға алсақ. Қазақтың ұлттық ойындары пайдаланылған ашық сабақтарды бейнетаспа арқылы көрсетсек, балалар қызыға қарап танысар еді. Әрбір мектеп өздерінің сабақ жоспарларына ұлттық ойынды кіргізіп, 3-4 ойын түрін әр сабақта үйреніп отырса біздің балаларға жасаған азғантай пайдамыз сол болар еді.
Аударыспақ ойыны басқаша болып та ойнала береді. Бөрене бревно үстінде ішіне тығыздалып мақта салынған қаппен оқушылар бір-бірін жерге түсіру керек. Бұл ойынды командамен де, жеке де ойнауға болады. Мектепте жарыс түрінде өткізуге болатын қазақтың ұлттық ойын түрлері-қазақша күрес, тоғыз құмалақ, дойбы, асық ойыны, оның да әр түрлері, арқан тарту, бестас, аударыспақ, гир көтеру тағы да сол сияқты көптеген ойын түрлерін табуға болады. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмыстарына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынады. Ұлттық ойындарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысында пайдалану - мұғалімнен шеберлікті, сабырлылықты, білімділікті, нәтижесін көруге деген құштарлықты қажет етеді.

II. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
2.1. Ұлттық ойындардың сипаттамасы және олардың дене тәрбиесіндегі алатын орны.

Халық педагогикасында "Бірінші байлық-денсаулық"деген ұғым өзекті орын алған. "Дені саудың жаны сау", "Ас адамның арқауы" деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың , яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.
Ұлт ойындары қоғамның өзгеруімен байланысты әлеуметтік - экономикалық жағдайдың негізінде дамып, жаңарып, жетіліп отырған. Мәселен Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрлыста: аң аулау, таяқ жүгірту, садақ ату, қақпатас, қара тас ойындары пайда болса, бертін келесі дәуірде қайталау-жаттығу нәтижесінде бұл ойындар аң аулау, буркіт салу, құс салу, садақ тарту, жамбы ату, қақпан - тұзақ құру т.б. спорттық ойындардың аттары өзгеріп мазмұны байый түскен.
Тұрмыс - салт, тарихи - әлеуметтік жағдайға байланысты қазақ халқының дене тәрбиесіне лайықтаған дәстүрлері көп. Атқа отырғызу, күрес, жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату сияқты шынықтыру дәстүрлерімен қатар, халық өз ұрпағын батырлық және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулиды, адалдыққа тәрбиелейді.
Атқа мінгізу рәсімі 3-5 жастағы баланың сүндет тойымен үштастырылып, зор парасатпен салтанатты түрде өткізілген. Үш жасар балаға арнайы ат үйретіліп, оған баланы отырғызу үшін арнеайы ер - тұрмандар даярланған.
Казіргі кезде, әсіресе мал шаруашылығының қызметкерлері бұл дләстүрді жалғастырып жүр. Әуелі балдырған әкесінің көмегімен ат аялдатады, желдіреді, шабады, сөйтіп ол бес жасқа дейін ат мінуге толық үйренеді де, бес жастан әрі қарай балдырған "тізгінді өз қолына алады". Кейін ол ат шаптыруға, аламан бәйгеге қатысуға бейім болып өседі.
Қазақша күрестің өз ерекшелігі бар. бала күрес, балуан күрес, айқасып күресу, белдесіп күресу, жата беріс тастау, аяқпен шалу т.б. күрес тәсілдік ережелермсен қалыптасқан. Бұл - баланы, балуанды шынықтырудың ең қажетті құралы. Ат жарыстың бірнеше түрі бар: тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, ат жарыс, алман жарыс. Ат жарыста ат айдаушы мен ат бегінің атқаратын ісі жауапты. "Ат шаппайды, бап шабады" депи халық бапкердің еңбегін жоғары бағалайды. Ат сынаушы саяткердің ат жарыста алатын орны үлкен. Кейбір саяткер аттың қанша шақырым талмай шабатынын дәл тауып айтады. Ат жарыста ат айдаушының да тәжірибесі мол болуға тиіс. Аттың өкпесін тепкілей, қамшылай беру - әбестік, әрі үлкен айып. Қазақтың халық педагикасында ойында көп орын алады. Халық болашық ұрпағын шыныққан, ойлы, сергек етіп тәрбиелеу үшін ойынның алуан түрін ойлап шығарған. олардың спорттық ойындар, миды шынықтыратын, яғни ой жүйесін дамытатын ойындар, еңбекке, өнерге баулитын ойындар деп бірнеше топқа бөлуге болады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп, солардың ішінен көкпар,ғ аударыспақ, алтыбақан, тоғыз құмалақ, ақсерек - көксерек, қавшпа доп, қақпа доп сияқты ойындарды атап көрсетуге болады.
Ойын-өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығы іскерлігі дамиды.
Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Дене тәрбиесі немесе спорт сабақтарында балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн. Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Жан-жақты дамыған денсаулығы мықты дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден-ақ халық дәстүрі.
Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі ойлауды қажет ететін ойындарғажатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды. Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері, мысалы: Айгөлек, Қанталапай, Арқаласпақ, Тақия тастамақ, Түйілген орамал, Арқан тартыс, Аударыспақ, Асық ойын, Хан, Бес тас, Тартыс т.с.с. ойындар- балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл-ойының жаттықтырушысы.
Дене қимылының төмендеуі балаларға өте қауіпті. Ондай жағдайда бала бойында иммунитеті едәуір төмендейді. Баланың дене белсенділігінің төмендеуі сымбатының бұзылуына, омыртқаның қисаюына әкеп соқтырады. \
Балалардың сәби шағынан бастап, дене бітімінің дұрыс жетілуіне мән беріп, дәстүрлі жаттығулар мен қимыл ойын түрлерін қолдана білгені дұрыс.
Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.
Көкпар - шынықтыру тәрбиесінің ұлттық мәйегінің бірі. Көкпардың мара көкпар, дода көкпар т.б. түрлері бар. Мәреден сөреге дейін алдырмай барып, мәреге көкпарды қайтіп әкелген жігіт жеңіске жетеді. Ал дода көкпарда кімнің аты күшті, өзі балуан әрі батыр болса, көкпардан доданы үзіп алып шығып, белгіленген мәресіне қарай алып қашады да, діттеген жеріне жеткізеді.
Аударыспақ - ер азаматтың атқа шауып, күш сынасудағы артықшылығын көрсететін халықтық ойын.
Найзаласу, жамбы ату - ер жігіттің күш - қуатынарттырып, ептілігі мен мергендігін қалыптастырады. Әсіресе, ат үстінде найзаласу жарысы асқан шеберлік пен балуандылықты қажет етеді. Әділ қазылар алқасы мен төрешгілер ұлттық шынықтыру жарыстарының ережелерін қатаңсақтауды талап етеді.
Қыз қуу - жігіттің жігерлігін, батылдығын, атбегілік өнері мен еңбегін сынайтын дәстүрлік ойын. Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіттің батылдығы мен күші, ептілігі мыналып, сыннан мүдірмей өткен жігітке "енді қызды қуып жетсең, қалыңдығың болады" деген талап қойылған. Сол тталапты да мүлтіксіз орындау үшін жігіт атын сайлап, атпен шабу өнерін жетілдіре түскен. Осы кезде қыз қуу жарыстың бір түріне айналды. Жарыс ұзындығы 500 - 800 м, енді 30 - 40 м, тегіс жерде өткізіледі. Мәре мен сөре бір жерде болады. Айналып қайтатын жерге жалау қадалады. Қыз жігіттен 10 метр жерде озып тұрады. Төрешінің белгісі бойынша жарыс басталып, жігіт айналып қайтатын жерге дейін қызды қуып жетсе, оны ат үстінде құшақтап сүйеді, бұл - жігіттің жеңгені. Ал жігіт қызды қуып жете алмаса, қайыра қайтқанда қыз сөреге дейін жігітті және оның атын қамшының астына алады, бұл - қыздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы
Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіне ықпалы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрылымы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрамы
Қазақта Баланы жастан
Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін еңбектің маңызы түрлері ұйымдастыру жолдары
Пәндер