Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы



Кіріспе
1. Эволюциялық ілімнің дамуы, Дарвинге дейінгі кезең
2. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
3. Дарвиннің өзгергіштік формалары, заңдылықтары және себептері жайлы көзқарастары.
4. Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу Дарвиннің эволюциялық теориясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды деген көзқарас танытты. Бірақ, көптеген діни көзқарастарды жақтаушылардың басым болуы, бұл жаңа бағыттың жеңуіне үлкен қиыншылық келтірді. Органикалық дүниенің өзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына ғылыми дәлелдемелердің аздығы да бөгеу болды.
Тірі табиғат эволюциясының ғылыми концепциясын жүз сексен жыл бұрын ағылшын биологы Чарльз Дарвин құрды. 1859 ж. Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы» деген негізгі кітабы жарыққа шығуымен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты ғылыми негізге ие болды. Бұл теория атақты ғалымның атымен «дарвинизм» деп аталды. Қазіргі уақытта «дарвинизм» деген сөз, «эволюциялық теория», «ілім» деген атаумен ауыстырылды.
«Эволюция» (лат. evolutio-даму) деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде «эволюция» термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да кеңінен қолданылады.
Эволюцияның жеке дамудан (онтогенезден) айырмашылығы, ол алдын ала жоспарланып қойылмаған. Даму процесі дегеніміз – бір жағдайдан екінші жағдайға өту, тек қана жаңа қасиеттеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар ежелгі тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуымен сипатталады. Тірі ағзалардың және түрлердің эволюциялық қайта құрылымдары күрделенуге бағытталған, бұл әрекет ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе отырып жүреді. Эволюцияны, материяның ерекше даму формасы деп қарастырғанда оның үш қасиетін атауға болады:
1. Биологиялық эволюция – қайтымсыз әрекет;
2. Эволюция дегеніміз – биологиялық пайдалы белгілердің пайда болуы;
3. Эволюция ұрпақтар жалғастығына негізделген, яғни жаңа пайдалы
белгілердің бұрынғы ағзаға үйлесімді енуі.
Органикалық эволюция дегеніміз – үздіксіз және қайтымсыз ұзақ уақыт дамитын тарихи әрекет, яғни тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайларына бейімделу жолымен біртіндеп макромолекулалықтан жоғарғы сатыға көтерілуі мен биосфераға дейінгі күрделенуі. Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциясы негізінен үш кезеңнен тұрады
1. Қазақ энциклопедиясы, 10 том
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
3. Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3
4. 2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961
5. Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959
6. И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969 Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлигі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Филология факультеті

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Жоспары:
Кіріспе
1. Эволюциялық ілімнің дамуы, Дарвинге дейінгі кезең
2. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
3. Дарвиннің өзгергіштік формалары, заңдылықтары және себептері жайлы көзқарастары.
4. Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу Дарвиннің эволюциялық теориясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

XVII ғасырдың ортасында кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды деген көзқарас танытты. Бірақ, көптеген діни көзқарастарды жақтаушылардың басым болуы, бұл жаңа бағыттың жеңуіне үлкен қиыншылық келтірді. Органикалық дүниенің өзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына ғылыми дәлелдемелердің аздығы да бөгеу болды.
Тірі табиғат эволюциясының ғылыми концепциясын жүз сексен жыл бұрын ағылшын биологы Чарльз Дарвин құрды. 1859 ж. Дарвиннің Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы деген негізгі кітабы жарыққа шығуымен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты ғылыми негізге ие болды. Бұл теория атақты ғалымның атымен дарвинизм деп аталды. Қазіргі уақытта дарвинизм деген сөз, эволюциялық теория, ілім деген атаумен ауыстырылды.
Эволюция (лат. evolutio-даму) деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде эволюция термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да кеңінен қолданылады.
Эволюцияның жеке дамудан (онтогенезден) айырмашылығы, ол алдын ала жоспарланып қойылмаған. Даму процесі дегеніміз - бір жағдайдан екінші жағдайға өту, тек қана жаңа қасиеттеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар ежелгі тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуымен сипатталады. Тірі ағзалардың және түрлердің эволюциялық қайта құрылымдары күрделенуге бағытталған, бұл әрекет ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе отырып жүреді. Эволюцияны, материяның ерекше даму формасы деп қарастырғанда оның үш қасиетін атауға болады:
1. Биологиялық эволюция - қайтымсыз әрекет;
2. Эволюция дегеніміз - биологиялық пайдалы белгілердің пайда болуы;
3. Эволюция ұрпақтар жалғастығына негізделген, яғни жаңа пайдалы
белгілердің бұрынғы ағзаға үйлесімді енуі.
Органикалық эволюция дегеніміз - үздіксіз және қайтымсыз ұзақ уақыт дамитын тарихи әрекет, яғни тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайларына бейімделу жолымен біртіндеп макромолекулалықтан жоғарғы сатыға көтерілуі мен биосфераға дейінгі күрделенуі. Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциясы негізінен үш кезеңнен тұрады:

1. Тіршіліктің пайда болу;
2. Тірі ағзалардың нақты топтарының және биосфераның бүтіндей дамуы;
3. Адамның ерекше биоәлеуметтік жүйе ретінде пайда болуы.
Эволюциялық ілім - тірі материяның тарихи даму теориясын оқытатын пән. Эволюциялық ілім басқа биология пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Жалпы эволюция ілімі курсын үш модуль бойынша оқып білім аламыз:
Эволюциялық идеялардың даму тарихы мен қалыптасуы.
Микроэволюция әрекетінің жүру жағдайы.
Макроэволюция.

1. Эволюциялық ілімнің дамуы, Дарвинге дейінгі кезең
Эволюциялық ілім - тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор. Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы -- адам баласын саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді. Тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашкы идеялар Үндістанның, Кытайдың, Месопотамияның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат козғалыста, өзгерісте болады, сондай-ақ біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, ал қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген. Біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын Кытайда мүйізді ірі қаранын, жылқының, балықтың түрлі тұқымдарын және әсемдік өсімдіктерді шығаруға бағытталған арнайы сұрыптау жұмыстары жүргізілген. Ертедегі философтар тірі ағзалар эволюция әрекетінде бір түрден екінші түрге айналады деген пікірде болған. Солардың бірі Гераклит барлық тірі ағзалар, тіпті адам да ең алғашкы материядан табиғи жолмен дамып жетілді дейді. Жануарлар мен өсімдіктер арасында өтпелі формалардың бар екені жайлы болжауды алғашқы ұсынушылардың бірі Аристотель болды. Сол кездегі осындай материалистік бағыттағы ой-пікірге қарсы табиғатта карапайымнан күрделіге дейінгі дамудын бар екенін жоққа шығаруға тырысқан метафизикалық көзқарас та қалыптаса бастады. Алайда, VI -- XIV ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде жаратылыстану ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Одан кейінгі дәуірлеу кезенінен бастап антик табиғат зерттеушілері -- Аристотель, Платон мен Теофрастың шығармалары кең колдау тауып, қайтадан оқыла бастады. Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы XV ғасырдың басына жаратылыстану ғылымдары -- астрономия, геология, ботаника және зоологияның дамуына себеп болды. Әйгілі ағылшын философы Ф. Бэкон (1561 -- 1626) иңдукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады. Бұл үндеу табиғат зерттеушілердің арасында кен колдау тауып, соның нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалыктар ашыла бастады. Мысалы, 1543 жылы А. Везалий адам денесінің кұрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, 1628 жылы У. Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады. Микроскоптың ашылуына байланысты өсімдік жасушасының кұрылысы (Р. Гук, 1665), ұсак ағзалар дүниесі, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысы (А. Левенгук, 1683) жан-жақты зерттелді. XVI -- XVII ғасырлар аралығы биологияның даму саласында сипаттау кезеңі болып есептеледі. Осы қарсанда биологияның барлық салаларында тірі ағзалардың түрлері жайлы сан алуан деректі материалдар, жинактамалар көбейе бастады. Тірі табиғаттын өлшем бірлігін түр деп тауып, ағылшын ботанигі Джон Рей (1628 -- 1705) оған ең алғаш анықтама берді. Биология саласында XVII гасырдың соңы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы аралықта қалыптасқан эволюциялық көзқарастар. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор енбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707 -- 1778) болды. Ол түрдің табиғи жан-жактылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр -- кұрылысы жағынан ұксас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді. Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (биноминальдық номенклатура) тәжірибеге енгізіп, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығынын саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің кұрылысына қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүтқоректілер, құстар, сұмпайылар, балықтар, бунақденелілер және кұрттарды жатқызды. Ең соңғы құрттар класына Линней қарапайымдыларды, тікентерілілерді, тіпті дөңгелекауыздыларды да енгізді. Линнейдің құрастырған жүйесі жасанды деп аталады, өйткені бұл жүйе түрлер арасыңдағы туыстықты емес, ұқсастықты ғана көрсететін жүйе болды. Линней табиғат туралы метафизикалық көзқараста бола отырып (түр өзгермейді деп есептегенімен) адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дәл тауып, оны адам тәрізді маймылдармен қатар бір отрядқа орналастырды. Тірі табиғатты жүйелеуде жіберген бірқатар кемшіліктеріне қарамастан Линней енбектері орасан зор бағаланады. Ол өзіне дейінгі ғалымдардың барлығынан да өзгеше, жануарлар мен өсімдіктердің ерекше жүйесін ұсынып, түрлердің шығу тегін анықтауға, жүйелеудін одан әрі дұрыс дамуына жол ашты. Түрлерді қосарынан латынша атауды енгізді; 8000-ға жуық өсімдіктер мен 4500-ге жуық жануарларды сипаттап, 1000-ға жуық биологиялық терминдер ұсынды. Өмірінің соңғы кезінде Линней түрлердің тұрақты еместігін мойындады. 1749 жылы Ж. Бюффон Табиғи тарих атты көп томдыкенбегінде бейорганикалық заттардан тірі ағзалар (алдымен өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам) пайда болды дей отырып,түрдің өзгергіштігі жайлы ілімді қолдады.
2. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы

Органикалық дүниенің эволюциясы жөніндегі дұрыс ой-пікірлер Д. Дидроның, Ч. Дарвиннің атасы Эразм Дарвиннің, И. Канттың еңбектерінде де жазылған. Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы. Ресейде табиғат туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М.В.Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерістерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт-Петербург академигі К.Ф.Вольф алғашкылардың бірі болып, ұрықтың дамуы жөніңде дұрыс пікір ұсынды. А.Н.Радищев табиғатты біртұтас деп тауып, ондағы даму қарапайымнан күрделі құрылысты ағзаларға қарай жүреді деген пікірде болды. Зоолог К. Ф. Рулье түрлердің тұрақтылығы жайлы метафизикалық көзқарасты қатты сынап, ағзалардың қай кайсысы болса да айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді. Аса кұнды эволюциялық идеяны А. И. Герценнің еңбектерінен де кездестіруге болады. Ол құрылысы мен физиологиялық ерекшеліктері жақын ағзалар арасында міндетті түрде туыстық байланыстар бар, яғни олардың шығу тегі бір деп жазды. Ж. Б. Ламарктың эволюциялық ілімі алғашқы эволюциялық теория XIX ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы француз ғалымы Ж. Б. Ламарк өзінің 1809 жылы басылып шыққан Зоология философиясы атты еңбегінде түрлердің тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді. Ламарктың жүйесінде жануарлар реті бір жасушалы қарапайым жәндік кірпікшелі кебісшеден басталып, сүткоректілермен аякталған. Мұнда барлық жануарларды 6 сатыға, 14 класқа жіктеу арқылы орналастырған. Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында жануарлар кұрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарылауын (градация) көруге болады. Ламарктың пікірі бойынша органикалық формалардың қарапайым құрылыстан күрделі кұрылысқа карай біртіндеп жоғарылауы тарихи дамудың нәтижесі. Бәрінен бұрын эволюция іліміне төңкеріс енгізген Чарльз Роберт Дарвин болатын. Ол 1809 жылы 12 февральда Шрюсбериде дүниеге келді. Атасы Эразм Дарвин атақты ғалым, дәрігер және ақын болған адам. Оның қаламынан "Табиғат храмы" атты тамаша поэма шыққан. Дарвиннің әкесі де дәрігер. Дарвин өзінің өмірбаянында әкесі менің білуімше өте ақылды, бақылаушылық қабілеті күшті және кісіге өте мейрімді адам еді деп жазады. 1818 жылы Чарльз Шрюзберидегі мектепке барады, бұл классикалық мектеп болса да, одан мен ештеңе үйренгенім жоқ деп жазады. Ол 1826 жылы октябрьде ол Эдинбург университетінің дәрігерлік факультетіне түседі. Екі жылдан кейін әкесінің ұйғаруымен Кембридж унивеситетінің дін хадистері факультетіне ауысады. Бірақ, Дарвинді діни ілім емес жаратылыс тарихы жайындағы әр түрлі кітаптар қызықтырды. Оның жаратылыс зерттеушілік ықыласының осы кезде қалыптасуы басталады. Бұл жөнінде университет профессорларынан жас ғылымға ерекше ықпал еткен ботаник Дж Генслоу мен геолог А Сджевик болатын. Осылардың басшылығы мен Дарвин табиғат жағдайында геологияны зерттеп экскурсияларға шығады. Гумбольдтің жас күнделігін оқуы оны саяхаттарға әуестендіреді. 1831 жылы Дарвин университетті бітіреді сол жылы професор Генслаудың ұсынысымен "Бигль" ("Исшіл ит") кемесіне натуралист есебінде қабылданып жер шарын айналу саяхатына аттанады. Дарвин "Бигл" кемесімен 1831 жылы 27 декабрьде Девонпорттан сапарға шығады. Экспедицияның негізгі міндеті толық теңіз карталарын жасау үшін Оңтүстік Американың шығыс және батыс жағалауларын және соған таяу аралдарды картаға түсіру болатын. Бұдан басқа "Бигль" экспедициясының алдына қойылған екінші міндет- Жер шеңберіне хронометрлік өлшеулер жасау еді. Осыған байланысты жер шарын айналып шығу саяхаты жасалды. 1835 жылы 5 сентябрьде "Бигль" Оңтүстік Амереканың батыс жағалауынан Галапагос архепелогына қарай жол тартады. Джемс аралында өсетін өсімдіктердің 38 галапагостік түрлерімен 30 түрі тек осы аралда ғана кездеседі, сольбеморлда да осылай, ондағы 26 галапогостік өсімдіктердің 22-сі осы аралдың эндемиктері. Бірсыпыра аралдардың өзеніне тән таспақа, қуақы және тау шымшықтардың түрлері кездеседі. Галапагос аралдарынан "Бигль Австралия жағалуына жол тартып, оның оңтүстік жағын аралап шығады. 1836 жылы 1 сәуірде Суматрадан 600 шақырым қашықтықта жатқан Үнді мұхитындағы Килинг және Кокос аралдары көкжиектен көрнеді. Осы топ аралдарға Дарвин ерекше зейін бөледі, себебі олардың барлығы дерлік маржандардан құралған және ерте кезде су астындағы рифтер түрінде болған. Дарвин осы аралдардың тіршілігін зерттейді, кеиінірек осы зерттеуінің нәтижесінде маржан аралдарының шығу тегі және дамуы жайында тұңғыш теория құрады, ондағы рифтердің барлық түрлері біртіндеп жүйелі дамудан пайда болған деп қарап, оларды өзара байланыстырады. Сонымен мұхит аралдарының фаунасы мен флорасының ерекшеліктері осы кездегі маржандардың тіршілігіндегі ерекшеліктерді және тропиктік өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерінің таралу жолдарын зерттеу арқылы шешілді. Органикалық табиғат ұдайы өзгеріп отырады, өзгерісті пайда ететін күшті факторлардың бірі организмдердің өздері деп Дарвинге қортынды жасатқан Әулие Елена аралына жүргізген зертеулері болатын. Материктен алшақ, Атлант мұхитының ортасында жатқан бұл аралдың фаунасы мен флорасы өзіне ерекше сипатта. Өсімдіктердегі бұл өзгерістер құрлық фаунасына, әсіресе моллюскалар мен насиком фаунасына көп өзгеріс енгізді. 1859 жылы 24 ноябрьде Дарвиннің `Табиғатты сұрыптау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюциялық идеяның туылуы
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Дарвиннің эволюциясы
Ч. Дарвин теориясы
Организмдердің орта жағдайларындағы морфологиялық – экологиялық адаптациялары
Эволюциялық биология
Эволюция ілімінің дарвиннен кейінгі дамуы
Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі
Эволюциялық ілімнің дамуы, Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Дарвинизм және эволюциялық биологияның қалыптасуы
Пәндер